Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» көрмесінде сүт фермаларына арналған жабдықтар 31.07.2025
Қостанай облысының және оған іргелес өңірлердің аграршылары 2025 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-көрсетілімі — «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» туралы жақсы біледі. Көрменің өткізу алаңдарының бірі – «Восток-1» ЖШС, жақында ғана іске қосылған 1200 басқа арналған заманауи сүт-тауарлы фермасымен кеңінен танымал.Көрме қонақтары мен қатысушылары дала күні аясында осы ферманы аралап, «AGRAL FARM» ЖШС жеткізген жоғары технологиялық жабдықтармен танысу мүмкіндігіне ие болады.«Восток-1» шаруашылығындағы МТФ-ның өндірістік қуаты – жылына 9700 тонна сүт. Мұндағы голштино-фриз тұқымды ірі қара мал Даниядан әкелінген. Фермада AGRAL FARM компаниясының өз өндірісіндегі жабдықтары орнатылған: станоктар, хэдлоктар, автосуаттар, қи шығаруға арналған скреперлер, бұзауларға арналған үйшіктер және тағы басқа. Сондай-ақ, толық технологиялық тізбекті қамтитын сепарация жүйесін орнату жоспарлануда. Бұзау қорасында еденнен сәл биік торлы клеткалар орнатылған, бұл жас төлдің тазалығы мен саулығын қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыстар қазіргі заманғы технологиялық талаптар мен стандарттарға сай орындалған.Айта кету керек, AGRAL FARM ЖШС – сүт бағытындағы тауарлы фермаларға арналған жабдықтар өндірісі мен сату саласында көшбасшылардың бірі. Компания Қазақстан аумағындағы ресми дистрибьютор және «Siloking», «Urban», «Eisele», «KRAIBURG», «Dairymaster» сияқты еуропалық зауыттардың стратегиялық серіктесі болып табылады.AGRAL FARM — мал шаруашылығына арналған жабдықтарды өндіру және сату бағытында жұмыс істейтін компания. Олар фермаларға арналған кең ауқымды жабдықтар шығарады. Атап айтқанда: станоктар, ірі қара малға арналған ветеринариялық бекеттер, бұзауларға арналған жеке үйшіктер, телескопиялық қақпалар мен қоршаулар, диагональді азық торлары, жылжымалы жазғы сауу қондырғылары және тағы басқа. Компания Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істей отырып, еуропалық сападағы жабдықтар ұсынады.«Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» — Қостанай облысы агроөнеркәсіптік кешеніндегі дәстүрлі көрме-көрсетілім шарасы. Мұнда отандық және шетелдік агробизнес өкілдері заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканың мүмкіндіктерін, мал шаруашылығы мен селекциядағы жетістіктерін, сондай-ақ ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық шешімдерді таныстырады. ________________________________________________«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығыРинат Тасбулатов, 8 701 460 91 82e-mail: rinat_tas@mail.ruhttps://expotime.kz https://t.me/jana_dala https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1043233?lang=kk
Қазақстан мен Черногория құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда 30.07.2025
2025 жылғы 25 шілде, Подгорица – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Әділет министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық құқықтық көмек департаментінің Бас директоры Благое Гледовичпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде құқыққолдану мен тәжірибемен алмасу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау және өзара құқықтық көмек көрсету бағытындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің салалық ведомстволары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықты жандандыруға өзара мүдделілік бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1043195?lang=kk
Семей қаласында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті 30.07.2025
29 шілде күні Семей қаласында елді мекендерді кешенді түрде абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов пен Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәдір Ербол жүргізді.Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ урбанистика, сәулет және экология саласындағы сарапшылармен қатар, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков пен Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов қатысты.Кездесудің басты мақсаты – жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың тиімді стратегияларын талқылау, көгалдандыру деңгейін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсарту болды. Қатысушылар абаттандыру саласындағы үздік тәжірибелер мен іске асырылып жатқан бастамалармен бөлісіп, қалалық инфрақұрылымды дамытуда заманауи тәсілдерді енгізудің сын-тегеуріндері мен перспективаларын қарастырды.Кеңесте ерекше назар көгалдандыру мен абаттандыру бойынша кешенді құжаттар – ландшафтық мастер-жоспарларды енгізуге аударылды. Аталған жоспарлар бүгінде елордада табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұл тәжірибені өңірде де кеңінен қолдану ұсынылды.Семинар аясында қатысушылар Семей қаласында жүзеге асырылған бірқатар абаттандыру нысандарын аралап, жобалармен және олардың әлеуметтік әсерімен танысты.ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жайлы, экологиялық әрі заманауи қалалық ортаны дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіруді жалғастырады. Министрлік ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтып, урбанистика саласындағы озық шешімдерді енгізуді жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agz/press/news/details/1043151?lang=kk
Мәулен Әшімбаев Алатау қаласының даму жоспарымен танысты 30.07.2025
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысында Мемлекет басшысының өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысты. Сапар аясында еліміздің оңтүстік-шығысындағы маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласын салу жоспарына баса мән берілді.Палата Спикері қаланың Бас жоспарымен танысып, алдағы уақытта қолға алынатын іргелі жобаларға назар аударды. Алатауда төрт салалық кластерді қамтитын арнайы экономикалық аймақ құрылған. Олар: мәдениет және туризм орталығы, білім және медицина аймағы, іскерлік және қаржы орталығы, сондай-ақ, индустриялық-логистикалық аудан. Жоспарға сәйкес 2050 жылға қарай жаңа қаланың тұрғындары 2 миллионға жетуі мүмкін. Мұнда 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып, жыл сайынғы туристік ағын 4 миллион адамнан аспақ.Мәулен Әшімбаев Алатауды дамыту ауқымды қала салумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының осы тапсырмасын сапалы іске асыру бүкіл өңірдің өркендеуіне оң әсерін тигізеді.«Алатау қаласы былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен құрылды. Бұл – Алматы агломерациясына ғана емес, бүкіл елдің дамуына тың серпін беретін перспективасы зор маңызды бастамалардың бірі. Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде аймақтардың дамуына белсенді ықпал етіп келеді. Сондықтан алдағы уақытта Алатау инновация, инвестиция және талантты жандарды тартатын озық дамыған шаһарға айналуға тиіс деп есептейміз. Осы маңызды жобаның сапалы және уақытылы жүзеге асырылуы үшін бәріміз күш салуымыз қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.Сонымен қатар Сенат Төрағасы Alatau арнайы экономикалық аймағында орналасқан ірі нысандардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, ол үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету және өңірлік сауданы дамыту ісінде маңызды рөл атқаратын «Исткомтранс» көлік-логистикалық орталығына арнайы барды, Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев «FRUIT ART» ЖШС жеміс-жидек комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Серіктестіктің құрамында жыл бойы құлпынай өсіретін жылыжай кешені, сыйымдылығы 15 мың тоннаға жететін жеміс қоймасы және неміс технологиясы бойынша жұмыс істейтін сублимация комбинаты бар. Бұл кәсіпорынға жалпы көлемі 44 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Сенат Төрағасы агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі өркендетудің және осы бағыттағы кәсіпорындарды қолдаудың маңызды екенін айтып, олардың елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тигізетін әсері зор екенін тілге тиек етті. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1043124?lang=kk
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу 30.07.2025
Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады: 1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады; 2) жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар ( 2025 жылы 1020000 теңге).     ЖК ретінде онлайн тіркелу үшін "электрондық үкімет" порталы (Egov) немесе "E-Salyq business"мобильді қосымшасы арқылы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажет.     Сондай-ақ, "электрондық лицензиялау" порталын (E-license) немесе Kaspi, BCC, Halyk, JusanBank, BankRBK, FreedomBank банктерінің мобильді қосымшасын пайдалануға болады.    Тіркеу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.    Маңызды! Тіркеу кезінде болашақ ЖК – нің деректемелері мен параметрлерін, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) және салық салу режимдерінің бірін көрсету қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1043102?lang=kk
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы! 30.07.2025
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы!Еліміздің тірегі — еңбек адамы!Орманшы — табиғаттың қорғаушысы, болашақтың бағбаны.Күн сайын жасыл әлеммен үндесіп, орман тынысын сезіп, табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек ететін маман — ол орманшы. Бұл мамандықты жүрекпен сүйіп, табиғатты шын жақсы көретін жандар таңдайды.🔹 Олар орманды баптайды, ағаш егеді🔹 Өрттің алдын алады🔹 Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін бақылайды🔹 Болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға еңбек етедіОрманшы — табиғат пен адамзат арасындағы алтын көпір.Таза ауа, жасыл орман, экологиялық тепе-теңдік — мұның бәрі осы мамандық иелерінің табанды еңбегінің жемісі.2025 жылы еңбек адамын дәріптей отырып, орманшы мамандығына құрмет білдірейік!Табиғатты қорғау — болашақты сақтау.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025#Орманшы#ЕңбекАдамы
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу 30.07.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 24 001,78 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 23 474,82 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 462,20 млрд теңге.    ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 64,76 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 шілдеге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,71%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,02%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,18%, ҚРҰБ депозиттері – 1,29%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,73%, МҚҰ - 1,20%.2025 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,33%, АҚШ долларымен – 41,66%.Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы шілдеден  бастап 2025 жылғы маусымды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,53 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 12,22%, инфляция мөлшері - 11,80%.2025 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 97,04%, ҚРҰБ депозиттері – 2,62%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,34%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 12,15% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 64,76 млрд теңгеден асады.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 12,24 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,35%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 17,58%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,29%, РЕПО – 13,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,42%, МҚҰ - 6,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,57%. Атап кетейік, портфельдің 66,16% теңгемен, 32,42% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған.   2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,07% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.07.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,84 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,94%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,28%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,62%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,85%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,23%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,44%,   Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 74,82%, АҚШ долларымен 25,18% тең.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,08% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,77 млрд теңге.  Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,67%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,80%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,25%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,43%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,73%, РЕПО – 9,71%,.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,13%, АҚШ долларымен 24,87%.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 12,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.07.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,50 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға 19,62%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 26,33%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,38%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,22%, РЕПО – 2,36%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,10% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,57%, АҚШ долларында – 32,43% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,60% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,41 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 24,38%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,06%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,71%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,90%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 3,55%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,02%, АҚШ долларында – 41,98% инвестицияланды.2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,67% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1043076?lang=kk
Балиде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды 30.07.2025
Денпасар, 2025 жылғы 30 шілде – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов пен әйгілі Бали кәсіпкері Путу Винастра Бали провинциясының астанасы Денпасар қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығын салтанатты түрде ашты.Ресми салтанатқа Қазақстан азаматтары, Индонезияның мемлекеттік органдары, іскер топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.Мемлекеттік әнұрандар орындалып, екі елдің тулары көтерілгеннен кейін Елші Қазақстанның қазіргі уақыттағы дамуы туралы хабарлап, Астана мен Джакартаның екі достас халықтың мүддесі үшін өзара тиімді инвестициялық, сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген елеулі ниетінің жарқын көрінісі болып табылатын ҚР Құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті.Бали провинциясы Туристік кеңсесінің басшысы др. И Вайян Сумараджая екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен өзара туристік алмасудың өсу қарқынын ескере отырып, Қазақстан Үкіметінің бұл сыртқы саяси бастамасын жоғары бағалады.ҚР Құрметті консулы болып тағайындалған Путу Винастра Қазақстан Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігіне жоғары сенім көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы екіжақты байланыстарды дамытуға барынша ықпал етуге дайын екендігіне сендірді.Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстанның қазіргі дамуы, тарихы, мәдениеті және еліміздің бай туристік әлеуеті туралы ақпараттық және музыкалық бейнероликтер көрсетілді.Денпасар қаласындағы ҚР Құрметті консулдығының байланыс деректері: Jalan Trengguli I No 14 Tembau, Kota Denpasar, Bali 80238.Email: hc.kazakhstan@kbadmc.comТелефон: +62 811 3820 0811.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1042838?lang=kk
Инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелері Оман Сұлтандығының Инвестициялық қорының президентімен талқыланды 30.07.2025
2025 жылғы 28 шілдеде, Масқат қаласы - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығы Инвестициялық қорының президенті Әбдүсаләм Әл-Мүршиди мырзамен кездесуі өтті.Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар үстіміздегі жылғы желтоқсан айында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындық мәселесін қарады.Оман тарапы Қазақстан мен Оман арасындағы тиімді экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында бірлескен инвестициялық қор құру мәселесіне қызығушылық танытты.Кездесу соңында Оман Инвестициялық қорының президенті Қазақстанның ірі ұлттық экономикалық жобалар, сондай-ақ келешегі бар өндірістік және ауыл шаруашылығының нысандарына инвестиция тарту мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Қазақстанға сапармен шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1042810?lang=kk
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Курчатов қаласына іс-сапармен келді 30.07.2025
        Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы Курчатов қаласына іс-сапармен келіп, аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссияның жұмыс тобы мүшелерімен кездесті.Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілі, жұмыс тобы мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы, «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1042773?lang=kk
Сhatbot құқықтық кеңесшісі 30.07.2025
Ағымдағы жылдың  1 шілдесінен бастап құқықтық консультациялар алу үшін және азаматтар үшін құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен онлайн режимде құқықтық көмек көрсететін, Сіздің уақытыңызды үнемдейтін және бар мәселені жедел шешетін, https://adilet.zan.kz/rus порталында «Сhatbot құқықтық кеңесшісі» іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1042776?lang=kk
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 30.07.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады   2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.   Қазір қалай? Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл ретте түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріледі.Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделеді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады.   2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай болмақ? ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.Тағы не өзгереді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады.Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BixmYcqHSX0?si=TzwsN484wAgO78elБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1044929?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі Тәжікстан Республикасының Елшісімен кездесті 30.07.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Тәжікстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Зубайдулло Зубайдзодамен кездесті.Тәжікстан Республикасының Елшісі қазақ әріптесіне дипломатиялық миссиясының басталуына орай өзінің жылы лебізін білдіріп, Қазақстан-Кувейт қатынастарын нығайту жөніндегі жауапты міндетті іске асыруда табыс тіледі.Әңгімелесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және достық, өзара құрмет және сындарлы диалог негізінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.Дипломаттар алдағы кезең достық елдер арасындағы қарым-қатынастардағы жаңа бастамалармен және оң динамикамен белгіленетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1042730?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 30.07.2025
2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.  Ол БЖЗҚ-дан Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда,  барлық табыстар, тұрғын үйге/емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босатуды көздейді.   Қазір қалай? Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталатын кіріс түріне жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал жеке табыс салығы төлемдер жүзеге асырылған кезде ұсталады. ЖТС ұстау міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан барлық зейнетақы төлемдері түрлері бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл ретте түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріледі.Тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде ЖТС ұстау да көзделеді. Бұл ретте алушының таңдауына оны ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақы алатын кезге дейін кейінге қалдыру.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады.   2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалай болмақ? ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды. Бірақ мұның Қазақстан Республикасының резиденті болып есептелмейтін азаматтарға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ұсталмайды.  2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталуға тиіс, бірақ зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған жеке табыс салығы бойынша есептелген міндеттемелер де жойылады. Алайда, бұған дейін бюджетке төленген салықтар қайтарылмайды.Тағы не өзгереді?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады.Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.Тақырып бойынша бейнетүсініктеме мына сілтемеде қолжетімді: https://youtu.be/BixmYcqHSX0?si=TzwsN484wAgO78elБЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1042715?lang=kk
Францияның Ұлттық мерекесі 30.07.2025
2025 жылы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Француз Республикасының Ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күніне орай салтанатты қабылдауға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Франция арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Франция арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1042610?lang=kk
Алматы облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады: 15 мәселе көтеріліп, нақты тапсырмалар берілді 30.07.2025
29 шілде күні облыс тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей әкімге жеткізу мүмкіндігіне ие болды.2025 жылғы 29 шілдеде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты мәселелер тыңдалып, жедел шешім қабылдау үшін жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.Жеке қабылдауға келген 11 азамат тарапынан барлығы 15 түрлі сұрақ қойылды. Атап айтқанда, апатты үйлердің жағдайы, әлеуметтік қолдау көрсету, тұрғын үй кешендеріндегі құрылыс ақаулары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелері кеңінен қозғалды.Қабылдау қорытындысы бойынша облыс басшысы тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1042594?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия саяси диалогты нығайтуда 30.07.2025
Джакарта, 2025 жылғы 28 шілде - Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасы Президенті Кеңсесінің Басшысы Анто Мукти Путрантомен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Елші сұхбаттасушыға Қазақстан Президентінің экономикалық тиімді және әділ мемлекет құруға, еліміздегі демократиялық институттар мен құқық қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған жүйелі реформаторлық және жасампаз қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Кездесу барысында қазақ дипломаты екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Индонезия Президенті Прабово Субиантоға жолдаған алдағы уақытта Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге ресми шақыруын табыстады. Анто Мукти Путранто, өз кезегінде, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен дәстүрлі достық сипатын жоғары бағалай отырып, Индонезия тарапының Қазақстанмен түрлі салаларда өзара тиімді әріптестікті үдемелі дамытуды жалғастыруға дайындығын растады. Осыған байланысты, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзара қызығушылық танытатын өзекті мәселелерін және алға қойылған жоспарларды іске асыру жолдарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1042552?lang=kk
Алдын ала шешімді қабылдау бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер 30.07.2025
Алдын ала шешімді қабылдау бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер.«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 – өтініш берушілер үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз: +7 7172 73 55 19 +7 705 956 53 89 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz. Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1042487?lang=kk
«Alatau City Garant» сақтандыру компаниясына жалпы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия қайта ресімделді 30.07.2025
2025 жылғы 28 шілдедегі Агенттік Төрағасы орынбасарының № Б-193 бұйрығына сәйкес, «Alatau City Garant» сақтандыру акционерлік қоғамына «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия белгіленген тәртіппен қайта ресімделді. Лицензияның қайта ресімделуі заңды тұлғаның атауының өзгеруіне байланысты жүргізілді — бұған дейін компания «Jusan Garant» сақтандыру акционерлік қоғамы атауымен қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1042503?lang=kk
ҚР Қорғаныс министрі: "Бастысы – экипаждың жайын анықтау және туыстарына қолдау көрсету" 30.07.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарының барысымен жеке танысты. Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.– Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы кедергі келтіруде. Алайда, 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу-құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.Сол іздеу жүріп жатқан аймақта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурстар жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.– Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз.  Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз, – деді Қорғаныс министрі.Үйсенбай Нұржігіт тікұшақ экипажы командирінің үлкен ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, таңертеңнен кешке дейін ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған іздеу орнында. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.Естеріңізге сала кетсек, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1042481?lang=kk