Қоғам
СӘИЖ кезең-кезеңімен іске қосу жалғасуда 16.07.2025
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 2025 жылғы 25-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болды: Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алу туралы салықтық өтініші;Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші;Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініші;Қосылған құн салығының асып түскен сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық өтініші. СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады. СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз. Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген нысандары ескі СТК және СӘИЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1056804?lang=kk
Киіз үйдегі дәріс: Жамбыл облысында "Есірткісіз болашақ!" тақырыбында акция өтті 16.07.2025
Меркі ауданының "Жұлдыз" жазғы балалар лагерінде "Есірткісіз болашақ!" ұранымен есірткіге қарсы акция өтті. Шараны Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.Спорт, өнер және пайдалы білімді қамтыған мазмұнды бағдарлама ондаған баланы біріктірді. Лагерь алаңында ұлдар мен қыздар арасында волейбол матчы, сондай-ақ ұлдар арасында футбол турнирі өтті. Сонымен қатар өзен жағасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.Акцияның білім беру бөлігі киіз үйдегі дәріспен жалғасты. Мұнда балалар салауатты өмір салтын таңдау, есірткінің зияны туралы маңызды тақырыптарды талқылап, мамандарға сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Балалар қазақтың дәстүрлерімен танысып, домбыра тартып, өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1035548
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті 16.07.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Мәжіліс депутаттарымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында депутаттар Агенттіктің қызметімен және атом электр станциясын салу жобасының қазіргі барысымен танысты.Агенттік төрағасы А.М. Сәтқалиев кіріспе сөзінде атом энергетикасын дамыту ел экономикасының тұрақты өсуінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.«АЭС салу – бұл жай ғана энергетикалық нысан тұрғызу емес. Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, ғылымды, білім беруді, машина жасау мен экономиканың өзге де салаларын дамытуға серпін беретін ядролық кластердің іске қосылуы», – деді А.М. Сәтқалиев.Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, бірінші атом электр станциясын салу жоспарлары, нормативтік-құқықтық реттеу, кадр даярлау және тиісті инфрақұрылымды дамыту мәселелері айтылды.Сұрақ-жауап сессиясында екінші атом электр станциясын салу перспективасы, еліміздің атом саласын дамыту, өндірісті жергіліктендіру және отандық кәсіпорындардың атом электр станциялары қажеттілігі үшін қатысуы, сондай-ақ Агенттіктің заң жобалау бастамалары талқыланды.Депутаттар Агенттіктің барлық жобалары мен бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл заңнамалық қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау шеңберінде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1030139
2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 16.07.2025
2025 жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы – ел дамуының стратегиялық бағытына сай жасалған маңызды шешім.Жұмысшы мамандықтар – еліміздің экономикалық іргетасын қалайтын, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымды алға сүйрейтін басты күш. Құрылыс, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сынды маңызды салалардың өркендеуі – осы саладағы кәсіби мамандардың сапалы еңбегінің нәтижесі.Бүгінгі күні заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді өндіріске енгізу – жұмысшы мамандықтардың жаңа деңгейге көтерілуін талап етеді. Бұл бастаманы әрбір азамат қолдап, оның табысты жүзеге асуына өз үлесін қоса алады.Жұмысшы мамандықтарын насихаттау – еліміздің тұрақты әрі жарқын болашағына бастар жол. Бұл – жастарға кәсіби бағдар беру, олардың болашаққа сенімін арттыру және еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру жолындағы нақты қадам.Жұмысшы мамандықтарын дамыту – тек экономиканы ғана емес, тұтас қоғамды өркендететін, болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік беретін игі бастама.#Жұмысшымамандықтаржылы#Годрабочихпрофессий
Салық төлеушінің кеңсесінде ұсынуға болады: 150.00, 240.00, 500.00, 851.00, 880.00, 920.00 16.07.2025
Құрметті салық төлеушілер! Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 16-шілдеден бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН);Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00 СЕН);Роялти бойынша, өндіру бонусы бойынша, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметін қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша (декларация) (500.00 СЕН);Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдердің сомалар есебі (851.00 СЕН);Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (880.00 СЕН);Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 СЕН); СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылғанСұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1035480?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметі мен бюджеттік бағдарламаларының паспорттары 16.07.2025
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі электрондық үкімет порталының "Ашық бюджеттер" бөлімінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2026 - 2028 жылдарға арналған қызметі мен бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын жариялады.2026 - 2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 211 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921718&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 001 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921736&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 003 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921746&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 061 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921897&govAgencyId=7508531 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2026 - 2028 жылдарға арналған 090 бюджеттік бағдарламасының паспортымен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға боладыhttps://budget.egov.kz/material/material?id=3921900&govAgencyId=7508531 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035484?lang=kk
Ақмола облысында Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогына парашютшілер жарысы өтуде 16.07.2025
«Жоламан-солтүстік» әуеайлағында ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогына арналған парашют спортынан алғашқы ашық чемпионат өтіп жатыр. 18 команда құрамында 50-ден аса парашютші қанат типті арнайы мақсаттағы парашют жүйелерімен "қону дәлдігі" пәні бойынша сынға түсіп жатыр. Олардың ішінде Арнайы операциялар күштерінің, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының парашюттік және авиациялық спорт түрлері федерацияларының спортшылары бар.– Жарыстар өз өмірін әскери қызметпен және көк аспанмен байланыстырғандардың басын қосты. Парашютпен секіру барынша дәлдікті, батылдықты, тәртіпті және мінсіз жаттығуды қажет етеді. Жарыс тек шеберліктің сынағы ғана емес, тәжірибе алмасу, достық пен өзара сыйластықты нығайту алаңына айналатынына сенімдімін, – деп атап өтті Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары подполковник Саят Исанов.Ми-17 тікұшағынан 1200 метр биіктіктен секіру жаттығулары орындалады. Нәтижелер жеке және топтық есеп негізінде бағаланады.Қатысушылардың басты міндеті спортшылардан кәсібиліктің, машықтың және тактикалық үйлесімділіктің жоғары деңгейін талап ететін шектеулі алаңға барынша дәл қонуды көрсету болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1035473?lang=kk
Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыруды күшейтуде 16.07.2025
Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыруды күшейтудеТехникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру, және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1035432?lang=kk
Көрнекті адам Нина Амировна Каюпова, қазақстандық медицина аңызы қайтыс болды 16.07.2025
Қазақ медицинасындағы аңыз тұлға, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының негізін қалаушылардың бірі — Нина Амировна Каюпованың өмірден озғаны туралы қайғылы хабарды зор өкінішпен қабылдадық. Керемет дәрігер, ғалым, ұстаз және қоғам қайраткері болған Нина Амировна қазіргі Қазақстан акушерлік-гинекологиялық қызметінің бастауында тұрды. Ол бүгінде ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған перинаталдық орталыққа айналған Алтай ауданының босану үйінің дамуына үлкен үлес қосты. Нина Амировна акушерлік пен гинекология саласында мол мұра қалдырды. Оның еңбегі мен адамгершілігі оны таныған және қадірлеген жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.Ұлы адамға мәңгілік тағзым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1035302?lang=kk
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды 16.07.2025
Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1129866?lang=kk
Қазақстанда «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» акциясы басталды 16.07.2025
Құрметті павлодарлықтар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Halyk Bank және Amian мобильді қосымшасымен бірлесіп, «Чекті талап ет – Halyk Bank-тен сыйлық ұтып ал!» атты республикалық акцияны іске қосады. Бұл бастама қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды танымал етуге, фискалдық тәртіпті арттыруға және тұтынушылардың саналы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған. Акция өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1 маусымнан 30 қарашаға дейін.Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Қатысу шарттары:Halyk Bank картасы немесе Halyk QR-коды арқылы Halyk POS-терминалдарда сауда жасаңыз;Фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасына жүктеңіз;Amian профиліңізде ЖСН көрсетілгеніне және төлем картасы өз атыңызға рәсімделгеніне көз жеткізіңіз – бұл ұтыс ойынына дұрыс қатысу үшін маңызды. Сыйлықтар:Ай сайын – еліміз бойынша 30 жеңімпаз анықталады.Әр жеңімпаз Halyk Bank-тегі бонус шотына 100 000 бонус алады.Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайты арқылы кездейсоқ түрде анықталып, әр айдың 15-іне дейін @halykbank.kz ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланады.Amian қосымшасы – чектерді сақтау мүмкіндігін беретін цифрлық көмекші.Қосымша App Store және Play Market платформаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді. Маңызды:Фискалдық чекті талап ету – бұл тек сыйлық ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына ықпал ету және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы.Әрбір чекті – сыйлыққа және қаржылық мәдениетке жасалған қадамға айналдырыңыз! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1035274?lang=kk
Астанада сынақ зертханасы лифтілерді тексеру кезінде заң талаптарын бұзды – 132 бұзушылық анықталды 16.07.2025
Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Казлифтконсалтинг» ЖШС сынақ зертханасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабының 1-бөлігі, 2-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша 132 іс қозғалды.Анықталған фактілерге сәйкес, зертхана Кеден одағының КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау жұмыстарын аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштер бойынша жүргізген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 14-бабының 5-тармағына қайшы келеді. Аталған тармаққа сәйкес, аккредиттеу субъектілері жұмыстарды тек аккредиттеу саласы шеңберінде орындауға және тиісті нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті.«Сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманың сақталуы – әсіресе лифт сияқты техникалық күрделі объектілердің қауіпсіздігі сөз болғанда – ерекше маңызды. Біз нарықтың барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының белгіленген заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз, бұл қауіптерді азайтуға және жабдықтардың сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.Сынақ зертханасына екі миллион үш жүз мың екі жүз жиырма теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1035278?lang=kk
О пресечении незаконного провоза табачных изделий 16.07.2025
2025 жылдың 11 шілдеде Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті (466 мың қорап темекі).Темекі бұйымдарын Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкте жасырып әкелуге әрекеттенген.Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады.Ұсталған жүк әрі қарай қараe үшін тиісті органға берілді. ҰҚК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1035215?lang=kk
«Жетісу» кеден бекеті «Qoldau» бірлескен акциясын ұйымдастырды 16.07.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» кеден бекеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Qoldau» бірлескен акциясын ұйымдастырды.Іс-шараға 117 сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдері қатысты.Іс-шара өзекті және басым тақырыптарды екіжақты талқылаудың жанданған атмосферасында өтті, кедендік қатынастардың проблемалық мәселелері қойылды.Мұндай кездесулердің маңыздылығын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, салық және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын кеден өкілдері атап өтті.«Qoldau» акциясын өткізудің маңыздылығы – әкімшілендіруді жақсарту мақсатында түсіндірулердің толық көлемін ұсыну – мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Кеңес алу, сұрақтар қою, мәселелерді талқылауға қатысу, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу – әрбір Қазақстан азаматының құқығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1035189?lang=kk
Телефондар мен SIM-карталар жасырылған жүк түзеу мекемесінің кіреберісінде әшкереленді 16.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеді.Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде орын алды. «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері - Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі Ерболат Тойлыбай мен Ерназ Әскербеков «ГАЗель» маркалы жүк көлігін тексеру үшін тоқтатқан.Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.Оқиға туралы ақпарат жедел түрде кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1035197?lang=kk
Мемлекеттік кірістер Комитетінің электронды қызметтері-оңай және ыңғайлы 16.07.2025
Мемлекеттік кірістер Комитетінің электронды қызметтері-оңай және ыңғайлыТауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау мемлекеттік қызметіне электронды түрде өтініш берудің артықшылықтарыТауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім (ТЖАШ) қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметке электронды түрде өтініш беру — сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында күннен-күнге сұранысқа ие болуда. Мұндай өтініш беру тәсілінің негізгі артықшылықтары мыналар:1. Уақыт үнемдеуӨтініш берушіге кеден органдарына жеке барудың қажеті жоқ — барлық әрекеттерді электронды сервистер арқылы қашықтан орындауға болады, бұл процесті едәуір жылдамдатады.2. Қолайлылық және қолжетімділікЭлектронды форматта өтінішті тәуліктің кез келген уақытында, интернет бар кез келген жерден беруге болады. Бұл жұмыс кестесі тығыз компаниялар үшін өте ыңғайлы.3. Ашықтық және қадағалау мүмкіндігіЭлектронды жүйелер арқылы өтініштің қаралу мәртебесін бақылап отыруға және қажетті хабарламаларды уақтылы алуға болады.4. Қағазбастылықты азайтуҚағаз құжат айналымының көлемі азайып, құжаттарды сақтау мен оларға қол жеткізу жеңілдейді.5. Дәлдік пен дұрыстықты арттыруЭлектронды өтініш формаларында көмекші нұсқаулықтар мен автоматты тексерулер болады, бұл өтініш толтыру кезінде қателіктердің алдын алуға көмектеседі.Осылайша, ТЖАШ қызметіне электронды түрде өтініш беру — кеден органдарымен заманауи әрі тиімді өзара іс-қимылдың маңызды қадамы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1035106?lang=kk
Пусан - Алматы бағыты бойынша алғашқы тікелей рейс оңтүстіккореялық Eastar Jet әуе компаниясымен сәтті орындалды 16.07.2025
Пусан, Корея Республикасы - 2025 жылғы 15 шілде күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 18:55-те, Пусан қаласындағы Кимхэ халықаралық әуежайынан Пусан - Алматы (PUS–ALA) бағыты бойынша тарихи алғашқы тікелей әуе рейсі сәтті орындалды. Ұшуды 2007 жылғы 26 қазанда құрылған Оңтүстік Кореяның Eastar Jet әуе компаниясы Boeing 737 ұшағымен жүзеге асырды (рейс нөмірі ZE935).Алғашқы рейсті қарсы алу рәсіміне Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, Корея Республикасындағы Қазақстанның Құрметті консулы, Eastar Jet әуе компаниясының басшылығы мен Кимхэ әуежайының әкімшілігі қатысты.Аталған тікелей рейстің ұзақтығы 7 сағатты құрайды. Алғашқы рейске 120 жолаушы тіркеліп, бұл әуе кемесінің шамамен 75% толуын көрсетті. Жолаушылар қатарында Корея Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және басқа елдердің азаматтары болды. Негізінен, бұл туристер, студенттер, зейнет жасындағы адамдар мен Қазақстан арқылы транзиттік бағытта саяхаттап жүрген шетел азаматтары.Сонымен қатар, Бас консулдық тарапынан әуежай аумағында орналасқан көші-қон қызметінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, Қазақстан азаматтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайда өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында байланыс деректерімен алмасу жүзеге асырылды.Жолаушыларды ұшаққа отырғызу барысында Бас консул және Құрметті консул ұшақ экипажын жылы шыраймен қарсы алып, ұшу тобына алғыс білдіріп, жолаушыларға сәтті әрі қауіпсіз сапар тіледі.Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Пусан - Алматы бағытының жоғары әлеуетін көрсеткенін атап өтіп, бұл бағыт бойынша тұрақты рейстер орнату және Корея мен Қазақстан арасындағы басқа қалаларға да тікелей рейстер ашу мәселесінде үлкен қызығушылық танытып отыр.Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Бас консулдығы екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын және корей тарапымен өзара тиімді әрі сындарлы ынтымақтастық орнатуға әрдайым ашық. Пусан, Республика Корея - 15 июля 2025 года в 18:55 по местному времени из Международного аэропорта Гимхе (г. Пусан) был успешно выполнен исторический первый прямой авиарейс по маршруту Пусан - Алматы (PUS–ALA). Перелёт осуществлялся на воздушном судне Boeing 737 южнокорейской авиакомпании Eastar Jet (основана 26 октября 2007 года), под номером рейса ZE935.На открытии рейса присутствовали представители Генерального консульства Республики Казахстан в городе Пусан, Почётный консул Республики Казахстан в Республике, а также представители авиакомпании Eastar Jet и администрация аэропорта.Продолжительность прямого рейса составляет 7 часов. Согласно предварительным данным, на первый рейс было зарегистрировано 120 пассажиров, что составляет около 75% загрузки воздушного судна. Среди пассажиров преимущественно граждане Республики Корея, Республики Казахстан, Российской Федерации и других стран. Основную часть составляют туристы, студенты, лица пожилого возраста, а также иностранные граждане, совершающие транзит через Казахстан.В рамках запуска рейса представители Генерального консульства провели рабочую встречу с представителями миграционной службы, расположенной в аэропорту Гимхе, и организовали обмен контактами для оперативного взаимодействия по вопросам, касающимся граждан Республики Казахстан.Во время процедуры посадки Генеральный консул и Почётный консул тепло поприветствовали экипаж воздушного судна, выразили благодарность командиру и кабинному персоналу, а также пожелали всем пассажирам успешного и безопасного полёта.Генеральное консульство Республики Казахстан выражает уверенность, что успешный запуск рейса Пусан - Алматы продемонстрировал высокий потенциал данного направления. В перспективе рассчитываем на расширение географии прямых рейсов между Республикой Корея и Республикой Казахстан, включая новые города.Посольство и Генеральное консульство Республики Казахстан в Республике Корея готовы оказывать всестороннюю поддержку в развитии двустороннего авиасообщения и всегда открыты для конструктивного и взаимовыгодного сотрудничества с корейскими партнёрами. Busan, Republic of Korea - On July 15, 2025, at 18:55 local time, the historic first direct flight on the Busan - Almaty route (PUS–ALA) successfully departed from Gimhae International Airport (Busan). The flight was operated by the South Korean airline Eastar Jet (founded on October 26, 2007) aboard a Boeing 737 aircraft, under flight number ZE935.The launch event was attended by representatives of the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan, the Honorary Consul of Kazakhstan in the Republic of Korea, as well as representatives of Eastar Jet and Gimhae International Airport administration.The direct flight has a duration of approximately 7 hours. According to preliminary data, 120 passengers were registered for the inaugural flight, accounting for about 75% of the aircraft’s capacity. Among the passengers were citizens of the Republic of Korea, the Republic of Kazakhstan, the Russian Federation, and other countries. The majority included tourists, students, elderly individuals, as well as foreign nationals in transit through Kazakhstan.As part of the launch event, representatives of the Consulate General held a working meeting with officials from the immigration service located at Gimhae International Airport, during which contact information was exchanged to facilitate prompt cooperation on matters concerning citizens of the Republic of Kazakhstan.During the boarding process, the Consul General and the Honorary Consul warmly greeted the flight crew, expressed appreciation to the captain and cabin staff, and extended wishes for a safe and successful journey to all passengers.The Consulate General of the Republic of Kazakhstan expresses confidence that the successful launch of the Busan - Almaty route has demonstrated the high potential of this direction. In the future, the Consulate hopes to see an expansion in the geography of direct flights between the Republic of Korea and the Republic of Kazakhstan, including to new cities.The Embassy and the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in the Republic of Korea stand ready to provide comprehensive support for the development of bilateral air connectivity and remain open to constructive and mutually beneficial cooperation with Korean partners. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1035103?lang=kk
«Көк береттілер» жауынгерлік үйлесімді іс-қимыл кезеңіне кірісті 16.07.2025
Қонаев гарнизонындағы 32363 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік оқудың кезекті кезеңінде бөлімшелерді даярлауды бастады. Бұған дейін десантшы жауынгерлер өздерінің әскери мамандықтары бойынша курстан өтіп, лауазымдық міндеттерін, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Бақылау сабақтары олардың білім деңгейін және тапсырмаларды одан әрі орындауға дайындығын растады.Жауынгерлік үйлесімділік кезеңінің басты мақсаты – тактикалық машықтарды, далалық дағдыларды және ұрыстағы өзара іс-қимылды жетілдіру. Атысты басқаруға, динамикалық жағдайда әрекет етуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылады.– Жауынгерлердің машығын шыңдау үшін оқу-жаттығу полигонында құрлықта да, әуе нысандарында да қарудың барлық түрлерінен атыс жүргізуге мүмкіндік беретін жағдай жасалған. Қол гранаталарын лақтыру дағдылары да пысықталуда. Қараңғыда нысаналарды түнде көру құрылғылары қолданылады, – деді батальон командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары капитан Асқат Мұратов.Офицерлер мен сержанттар басқару дағдыларын, сондай-ақ ұрыста моральдық-психологиялық қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіреді. Сабақтар атыс, тактикалық, арнайы және басқа да жауынгерлік дайындық пәндерін қамтиды. Полигондарда жауынгерлік атыс соңғы кезеңде өтеді, олар түнгі уақытта да жүргізілетін болады.Іс-шаралар жеке құрамның шабуылда және қорғаныста жауынгерлік міндеттерді үйлесімді және тиімді орындауға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1035104?lang=kk
«Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ 16.07.2025
1. Жалпы ережелер1.1. «Отбасы бақытының құпиясы» бейнероликтер байқауының мақсаты: отбысылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасылық институтты нығайту.1.2. Бейнероликтер байқауы «Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізіледі.1.3. Байқау «Күміс той», «Алтын той», «Гаухар той» байқаулардың «Еңбек династиялары» байқаулардың жеңімпаздары арасында өткізіледі.1.4. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және соңғы кезеңнен. 1.5. Бейнероликтің ұзақтығы 1 (бір) минуттан аспауы керек, мемлекеттік/орыс тілдеріне қабылданады. 2. Іріктеу кезеңі 2.1. Қатысушылар тиісті нысандағы өтінімдерді (1-қосымшаны қараңыз), Неке туралы құжат, Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс және бейнероликті 2025 жылдың 20 шілдеден 22 тамыз аралығында Zhanar_kab.vko@mail.ru электрондық адреске ұсынады. 3. Соңғы кезең3.1. Конкурстың соңғы кезеңі 2025 жылдың 25-27 тамызында өткізіледі. 3.2.Ұйымдастыру комитет 3 үздік бейнероликті таңдайды. Байқаудың қорытындысы әлеуметтік желілерде жарияланады. 4. Марапаттау 4.1. Байқау жеңімпаздарына жүлделер мен дипломдар табыс етіледі. 4.2. Марапаттау рәсіміне конкурстың барлық финалистері қатысады. 5. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы5.1. Ұйымдастыру комитеті байқаудың екі кезеңін жоспарлауға және үйлестіруге жауапты. 5.2. Байқаудың бес адамнан тұратын қазылар алқасы видеороликтерді бағалау үшін қалыптастырылады. 6. Қорытынды ережелер6.1. Кез келген даулы мәселелерді Ұйымдастыру комитеті шешеді. 1-қосымша. Қатысушылардың ТАӘ, Мекен жайыБайланыс телефоны Неке туралы құжат Қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс Байланыс үшін тел.нөмір: 8777-519-39-96 Жанар КабидуллиновнаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1035095?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония делегациясының басшысымен ЕКПА-да кездесті 16.07.2025
Скопье, 2025 жылғы 8 шілде – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония делегациясының басшысымен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА), парламент депутаты Мария Петрушевскамен кездесті.Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, Қазақстан-Македония ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында Елшіліктің бастамалары туралы хабардар етті.Дипломат депутатты македон өкілді делегациясының Қазақстанға сапарлары жайында және ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына қатысуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, осы іс-шара шеңберінде президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гордана Силяновска-Давкованың мазмұнды кездесуі туралы айтып берді.ЕКПА шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылға, Астана мен Скопье арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.М.Петрушевска ҚР-ның Солтүстік Македониядағы Елшілігінің ресми ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты байланыстарды тереңдетуге қосымша серпін беретінін және барлық деңгейдегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Парламент депутаты Қазақстанның қазіргі дамуын жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1035076?lang=kk