Қоғам
Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты 15.07.2025
Тяньцзинь, 2025 жылғы 15 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.Отырыс барысында қазіргі халықаралық жағдайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси үйлестіруін тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу өтіп, ағымдағы жылғы қыркүйекте Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық барысы талқыланды.Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы орнықты даму мүддесі үшін Ұйымның өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру және ШЫҰ кеңістігін бейбітшілік пен өркендеу өңіріне айналдыру әлеуетіне сенім білдірді. «ШЫҰ – тең құқықты ынтымақтастықтың бірегей моделіне негізделген көпжақты институт ретінде өз беделі мен тиімділігін нығайта береді деп сенемін», – деді М.Нұртілеу.Қазақстан Сыртқы істер министрі 2024 жылғы шілдеде өткен Астана саммитінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруда Қытай тарапы жүргізіп жатқан жүйелі жұмысты жоғары бағалады. Ол Ұйым қызметін жетілдіру және оның институционалдық дамуын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.Сапар аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволар басшыларының Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірлескен кездесуі өтті.Кездесу барысында сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделген диалогты дамыту мен практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділік расталды. Қатысушылар өңірлік тұрақтылықты, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде көпжақты серіктестікті тереңдетуге басымдықты қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1035070?lang=kk
Көпбалалы ананы "Күміс алқа" наградасымен марапаттау 15.07.2025
Алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Бақбақты ауылының тұрғыны Шонбаева Мөлдір “Күміс алқа” наградасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1165965?lang=kk
Мәжіліс депутаты №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты 15.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен келіп, С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.Мәжіліс депутатын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов күтіп алып, ең алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы туралы ақпарат берді. Топ құрамында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары А.Есназар мен М.Бакуов болды.Мәжіліс депутаты С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебін күрделі жөндеу сапалы әрі уақытылы жүргізілуі керек екенін айтып, мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесті. «Н-Строй сервис» серіктестігінің өкілдері күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасында басталғанын айтып, қазан айында толық аяқтау жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған, ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектебін жөндеу жұмысы халықтың талап-тілегінен туындаған жұмыс екенін айтып, сапасына мән беру керектігін ескертті. Жалпы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 309,1 млн теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1034999?lang=kk
Санитарлық тазалық және бюджет игеру мәселелері қаралды 15.07.2025
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.Мәжіліс барысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен аудан бюджетінің игерілу барысы қаралды. Қаржы игеру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы басты назарға алынды.Сонымен қатар, аудан аумағындағы санитарлық тазалық, демалыс орындары мен тарихи-мәдени ескерткіштердегі қауіпсіздік және тәртіп мәселелері де сөз болды. Жауапты бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.Мәжілісте суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен тұрғын үй мәселелері де көтерілді. Аудан аумағында суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен тұрғын үйлермен қамту бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.Жиын соңында аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер мен бағыттар бойынша тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1035001?lang=kk
Мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарымен кездесті 15.07.2025
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жасаған жұмыс сапары барысында С.Сейфуллин ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен, жастармен кездесті.Кездесуге аудан әкімі Берік Сәрменбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаттары Алмас Есназар мен Марат Бакуов қатысты.Кездесу барысында Мәжіліс депутаты сегізінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған жұмыстар туралы айтты.– Біз «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында Мәжілістегі сегізінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған жұмысты қорытындыладық. Қабылданған заңдардың саны мен шешілген мәселелердің ауқымы жағынан алып қарайтын болсақ, бұл саяси тұрғыда мазмұнды кезең болды. Қабылданған бастамалар негізгі салаларды қамтыды: экономика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, цифрлық инфрақұрылым және азаматтардың құқықтары. Біз сайлаушылардың ұсыныс-пікірін алдағы уақытта да ескеріп, нақты жұмыстар атқаратын боламыз. Енді, міне Сыр еліне депутаттық қызмет сапарымен келдік. Өңірді аралап, өндірістік жобалармен танысып, экономикалық әлеуметтік саладағы қалыптасқан жағдайды өз көзімізбен көріп, сайлаушылармен кездесеміз. Біз ең алдымен халыққа берген сайлауалды уәдемізді орындауымыз керек. Жол картаға түскен әрбір іс-шараның уақытылы, сапалы жүзеге асуы қатаң бақылауда, – деді Мұрат Ергешбаев.Кездесу барысында ауыл ардагерлері мен тұрғындар пікір білдіріп, атқарылған жұмыстарды оң бағалап, Мәжіліс депутатының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл ардагерлерінің ұсынысымен қазақы үрдіске сәйкес М.Ергешбаев кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1035014?lang=kk
ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитеті Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңын құптады 15.07.2025
Париж, 2025 жылғы 16 шілде – Қазақстан 2025 ж. 6–16 шілде аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі бас пәтерінде өткен Дүниежүзілік мұра комитетінің 47-сессиясына осы үкіметаралық органның мүшесі ретінде белсенді түрде қатысты. Сессия барысында оған тарап болып табылатын мемлекеттердің Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы 1972 жылғы Конвенция ережелерін орындауы талқыланды.47-сессия Болгарияның төрағалығымен өтті. Осы орайда оның ашылу салтанатында Болгарияның Мәдениет министрі Мариан Бачев пен ЮНЕСКО Бас директоры Одре Азуле сөз сөйледі.Бұл беделді үкіметаралық ұйымның басшысы өз сөзінде: «Бейбіт өмір сүру үшін біз мәдени және табиғи мұрамызды қорғауымыз, келер ұрпаққа аманаттап тапсырыуымз және оның мәнін ұдайы ұғынып тұруымыз қажет» – деп атап өтті.«1978 жылдан бері Дүниежүзілік мұра тізімі 1200-ден астам нысанмен толықты. Олар 4,8 миллион шаршы шақырымнан асатын аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда бұл Конвенцияға 196 мемлекет қосылды – бұл оның әмбебаптығын және барынша кеңінен мойындалғанын көрсетеді», – деді ол.Отандық делегацияның құрамына Түркістан облысы әкімінің Бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Төрағасы Данияр Тұргамбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі, «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директорының м. а. Олжас Шериязданов, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Жанар Шайменова, ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаттары және мәдени және табиғи мұра саласындағы тәжірибелі мамандар кірді.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов делегация атынан сөйлеген сөзінде: «ЮНЕСКО-ның осындай ықпалы зор органына мүше болу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Екінші сессия қатарынан еліміз адамзат үшін ерекше маңызды мәдени және табиғи мұраны қорғауға белсене атсалысуда», – деді.Сессия қорытындысымен Комитет Дүниежүзілік мұра тізіміне 26 жаңа нысанды енгізіп, 248 тіркелген нысанның сақталу жағдайы бойынша есептерді қарастырды. Олардың ішінде Қазақстанға тиесілі 4 нысан қамтылды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Батыс Тянь-Шань, Тұран шөлдері және Жібек жолының Чанъань–Тянь-Шань дәлізінің бағдарлар желісі.Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ахуалы жөніндегі есепті қарастыру қорытындысы аясында Комитет Қазақстан Республикасының «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының қабылдануын ресми түрде құптады. Комитет шешімінде аталған заңда мәдени мұраны қорғау, туризмді орнықты сипатта қадалағалау және қала дамуындағы қағидалар қамтылғаны, кесененің күзет аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын объектілер салуға жол берілмейтіні бөлек атап өтілген.Қазақстан делегациясы өз баяндамасында осы заң актісінде 1972 жылғы Конвенцияға бірнеше рет сілтеме жасалғанын және Түркістан қаласының дамуы осы халықаралық құжаттағы еліміздің міндеттемелеріне сәйкес жүргізуге дайындық бар екенін атап өтті.Осыған орай А.Абдрахманов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңның Дүниежүзілік мұра комитеті тарапынан оң бағалануы біздің мемлекеттік органдарға оны жүйелі әрі нақты орындау арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты жаһандық маңызы бар нысанды ЮНЕСКО-мен тығыз ынтымақтастықта және 1972 жылғы Конвенция талаптарына сәйкес қорғауүшін қосымша жауапкершілік жүктейді», – деп мәлімдеді.Сессия барысында Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша сөз алып, Дүниежүзілік мұра комитетінің 47-сессиясының 15 шешімінің тең авторы болды.Сессия жұмысына 1972 жылғы Конвенцияға қатысушы 150 мемлекеттен жиналған шамамен 1 500 делегат қатысты.Дүниежүзілік мұра комитетінің қазіргі құрамындағы 21 мемлекет: Аргентина, Бельгия, Болгария, Вьетнам, Грекия, Жапония, Замбия, Италия, Кения, Корея Республикасы, Қазақстан, Қатар, Ливан, Мексика, Руанда, Сенегал, Сент-Винсент және Гренадиндер, Түркия, Украина, Үндістан және Ямайка. Айта кетейік, Қазақстан осы беделді органның құрамында бұған дейін 2013–2017 жылдары кірген болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1035016?lang=kk
Қазақстан ерікті ұлттық шолуларды әзірлеу аясында өткен үшжақты веб-семинарға қатысты 15.07.2025
2025 жылғы шілде айында Бутан, Қазақстан және Малайзия мемлекеттерінің қатысуымен 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға арналған үшжақты веб-семинар өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) қолдауымен ұйымдастырылды.Веб-семинар барысында тараптар ОДМ-ды ұлттық деңгейде жүзеге асырудағы озық тәжірибелермен бөлісіп, ерікті ұлттық шолуларды (VNR) дайындау үдерісіндегі өз жетістіктері мен сын-тегеуріндері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан Республикасының атынан Ұлттық экономика министрлігінің ОДМ үйлестіру басқармасының басшысы Гүлзира Ерболова сөз сөйлеп, еліміздің 2030 Күн тәртібін ілгерілету жолындағы алғашқы нәтижелері, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының қабылдануы және ОДМ-ның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялануы жөнінде ақпарат ұсынды.Сондай-ақ веб-семинар аясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ОДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуының дайындық барысы туралы баяндама жасады. Ол азаматтық қоғам мен түрлі салалар өкілдерінің кеңінен тартылуының маңыздылығын айтып, VNR-дың ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз етудегі тәуелсіз зерттеулердің рөлін ерекше атап өтті.Малайзия тарапы ОДМ-ды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілін таныстырып, стратегиялық жоспарлау, мониторинг және орнықты даму бағытындағы жүйелік реформалар тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1035018?lang=kk
2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті 15.07.2025
2025 жылдың 30 маусымында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Меңдіқара ауданы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қостанай облысының Полиция департаменті Меңдіқара ауданының полиция бөлімінің, сондай - ақ «Меңдіқара ауданында медициналық қызметтерді көрсету сапасы мен қол жетімділігі туралы» аудандық аурухананың бас дәрігерінің есептері тыңдалған болатын.Қоғамдық кеңестің мүшелері белгілеп айтқандай, бұл алдын алулық іс - шараларының арқасында аймақта қылмыс өткен жылда қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық санаттары бойынша төмендеген. Құқық бұзушылықтарды алдын алу мен ескерту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Учаскі», «Есептегі», «Тұрмыс», «Браконьер», «Түнгі қаладағы балалар» және басқалар жедел - алдын алулық іс - шаралар өткізілуде.Жалпы қылмыс құрылымында басым көпшілігінің үлкен алаңдаушылығын тудыратын алаяқтық пен бөтен мүлікті ұрлау құрайды. Алаяқты алдын алу бойынша өткізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, біздің ауданымыздың тұрғындары әлде де алаяқтық схемаларға түсуде. Сол бұрынғыдай малдың ұрлануы болуда, оның бірден бір себебі - жануарларды қараусыз қалдыру.Өткен жыл бойынша аудан аумағында адамдардың қайтыс болуына әкелген 14 жол - көлік оқиғасы тіркелген. Алкогольді масаңдық жағдайында көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерге шараларды қатайтуына қарамастан осындай фактілердің болуы бар.Жалпы алғанда Қоғамдық кеңестің мүшелері полиция бөлімінің жұмысын оң жағынан бағалады.Аудандық аурухананың бас дәрігері А.М. Бүркітбаева - аудандық аурухананың істерінің жағдайы, басымдықтары мен мәселелері туралы жалпы ақпарат ұсынды.Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 100 медициналық қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер мен 76 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді. 2025 жылдың 1 қаңтарына медициналық қызметкерлердің қажеттілігі 4 дәрігерді құрады. Осы жылы ауруханаға терапевт, хирург пен функционалдық диагностика дәрігері келуі керек. Ауданның емдеу мекемелерінде бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Осында қашықтықтан кеңес алуға, дәрігердің қабылдауына жазылуға, үйге дәрігерді шақыруға, медициналық ұйымдарды, мамандарды, дәрі - дәрмектер және тағы басқаны іздеуге болады.Ағымдағы жылда ауыр сырқаттан кейін емделушілерді оңалту үшін екі кереуетті ашу жоспарлануда, оларға оңалту мен күтім қажет болады.Қоғамдық кеңестің мүшелері медициналық мекемелердің жұмысы бойынша, ММСҚ жұмысы, дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету, дәрігерлердің және емделушілердің өзара қарым - қатынасы бойынша бірқатар ескертулер айтты.Қарастырылған мәселелер бойынша ұсыныстар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1034877?lang=kk
🛤 Теміржол қателікті кешірмейді: көлік полицейлерінің кеңесі 15.07.2025
🛤 Теміржол қателікті кешірмейді: көлік полицейлерінің кеңесі🚆 Теміржол маңы — ойын алаңы емес. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеу — адам өміріне қауіп төндіреді.⚠️ Жолды тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіңіз. Алдымен жан-жағыңызды бақылап, пойыздың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сәтте құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болыңыз.🚫 Ешқашан вагондардың астынан өтпеңіз және автотіркеме арқылы өрмелеп шықпаңыз!✅ Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де сақтай аласыз!#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034878?lang=kk
2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары 15.07.2025
Ұлттық қор – балаларға: 2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69 756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037786?lang=kk
KazAID пен JICA ынтымақтастықтың келешегін талқылады 15.07.2025
KazAID пен JICA ынтымақтастықтың келешегін талқылады2025 жылғы 14 шілде, Астана қаласы – KazAID кеңсесінде KazAID Басқарма Төрағасы Аркен Арынстанов пен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Тұрақты өкілі Котаро Нишигата арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар өз қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, халықаралық даму саласындағы ықпалдастықтың болашақ форматтарын талқылады.Тараптар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, KazAID пен JICA арасындағы серіктестікті нығайту жолдарын белгіледі.Бұл кездесу Қазақстан мен Жапония арасындағы ресми даму көмегі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1034932?lang=kk
Қостанайда мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің қызметін көрсету мәселелері талқыланды 15.07.2025
Қостанай қаласында “Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы” ММ және “Жұмыспен қамту бөлімі” ММ ұйымдастыруымен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында жеке көмекшінің қызметін көрсету, әсіресе санаторлық-курорттық емделу кезінде сүйемелдеу мәселелері кеңінен қаралды. Қатысушылар жеке көмекші қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты өз пікірлерін білдірді. Іс-шарада 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген Жеке көмекші қызметтерін ұсыну қағидалары, сондай-ақ 2025 жылғы 28 ақпандағы №63 бұйрықпен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Көбірек назар аударылған тақырыптардың бірі – емдеу кезінде жеке көмекшінің қызметіне ақы төлеу тәртібі мен бұл қызметтің рәсімделу жолдары болды. Осындай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік қолдауға деген сенімін нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1034941?lang=kk
Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге) 15.07.2025
Жастар саясаты және еріктілік (2025 жылғы 1 шілдеге)* Елімізде 5,7 млн жас бар.* Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін "Наурыз" және "Отау" жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, оларға 219,8 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында 5,4 мың жас азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді* "Отбасы банк" АҚ жұмыс істейтін жастар үшін жеңілдікті мөлшерлемесі бар "Наурыз жұмыскер" жаңа өнімін әзірледі.* Еліміздің 18 өңірінде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді.* Жастарды жұмысқа орналастыру үшін:* Астанада "Jol Tap" бағдарламасы жүзеге асырылуда.* Алматыда, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – "Jumys Tap".* 2025 жылы 2025-2027 жылдарға арналған жалпы бюджеті 720 млн теңгені құрайтын алты бағыт бойынша (оның ішінде тәуелділіктің алдын алу және құқықтық/қаржылық сауаттылықты арттыру) гранттық жобалар басталды.* Өңірлерде стартаптарды қолдайтын және даму институттары ("Даму" КДҚ, "ауыл аманаты" жобасы және т.б.) арқылы шағын несиелер беретін жастар бастамалары орталықтары жұмыс істейді.* Еріктілердің Ұлттық фронт-офисі және 20 өңірлік офис жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында басым бағыттар бойынша 2 мыңнан астам волонтерлік іс-шаралар** өткізілді.---Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік* 2025-2030 жылдарға арналған Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы қабылданды.* Жергілікті қоғамдастықтардың (ақсақалдар, Құрметті ауыл тұрғындары, ШҚ басшылары) құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы нығайтылуда.* 370 елді мекенде алкогольден толық бас тартылды, бұл осы ауылдардағы қылмысты болдырмауға мүмкіндік берді.* Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді: байланыс операторларымен бірлесіп, ауыстырылатын нөмірлерден халықаралық қоңыраулар үшін техникалық кедергілер енгізілді. 2022 жылдан бастап 67 млн-нан астам қоңырау бұғатталды, 74 SIM-бокс және 89 мың sim-карта анықталды.Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.* Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары әзірленуде.* Мамандандырылған бөлімшелер енгізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034874?lang=kk
Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына дайындық: қарағандылық боксшылар жаңа жеңістерге ұмтылуда 15.07.2025
Қарағандыда боксшыларды әлем біріншіліктеріндегі жетістіктерімен құттықтады. Шахтинск спортшысы Сабыржан Аққалықов Әлем кубогының чемпионы атанды және Қазақстанның ең әлеуетті былғары қолғап шеберлерінің бірі мәртебесін растады. Аида Әбікеева осы турнирде қола жүлдеге ие болды. Милана Сафронова сегіз жылдан кейін профи-рингке оралды: Түркияда ол екі дүркін әлем чемпионымен күресіп, турнир иесін жеңді.– Қарағанды боксының жеңістері біздің өңірде спортты одан әрі дәріптеп, жаңа шыңдарға жетелейді. World Boxing аясында Астанада өткен бокстан Әлем кубогының кезеңі Қазақстан құрамасы үшін оңай болмады. Оған 30 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Нәтижесінде ел құрамасы 16 медаль жеңіп алды, оның сегізі алтын, және жалпы есепте көш бастады. Біз бұл нәтижеге өз боксшыларымыздың үлес қосқанына қуаныштымыз, – деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев.Баспасөз конференциясында Астанада өтетін турнир қыркүйек айында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына маңызды дайындық болғанын атап өтті. Қысқа демалыстан кейін қайтадан қажырлы жұмыс басталады – босаңсуға болмайды.Спортшылар өз әсерлерімен бөлісіп, тәлімгерлер мен жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.Сабыржан Аққалықовқа 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде тең келген жоқ. Финалдық жекпе-жекте ол болгариялық боксшы Рами Киванды сенімді түрде жеңіп шықты: басынан бастап басым түсіп, жекпе-жектің соңына дейін басымдықты сақтап қалды. Бұл турнир оның қарқынды спорттық мансабындағы маңызды сатыға айналды. Сабыржан Аққалықов 11 жасынан бастап бокспен айналысады. Чемпионды Александр Насибуллин жаттықтырады.– Біз Шахтинск қаласының тумасымыз. Жаттықтырушыма алғысымды білдіремін: ол әрқашан жанымда, қолдайды және ынталандырады. Біз жертөледе жаттығуды бастап, чемпион атағына дейін көтерілдік! – дейді Сабыржан Аққалықов. – Бұл турнирге тыңғылықты дайындалып, жеңіске жетуді көздедім. Менің салмағымда тоғыз қатысушы болды, үш жекпе-жек өткіздік, финалда болгар спортшысымен кездестім – ол Париж Олимпиадасының қатысушысы. Қарсыласым мықты, техникалық дайындығы жақсы болды. Жаттықтырушыммен жекпе-жек алдында тактика әзірлеп, жеңіске жеттік. Әрине, отанымызда өнер көрсету оңай, жанкүйерлердің қолдауы жауынгерлік рухты көтереді. Мінберден анам менің жекпе-жегімді көрді, ол жартылай финал мен финалға келді. Келесі жарыстар – Ливерпулдағы әлем чемпионаты. Дайындаламыз. 21 шілдеде Алматыда жиын басталады.Аида Әбікеева жеті жастан бастап спортта. Әуелі футболмен айналысқан, кейін ата-анасы қызын бокс секциясына алып келген. Қазір барлық күшін спорттық мансапқа бағыттап отыр.Астанада өткен Әлем кубогында қарағандылық 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Түркияның атақты спортшысы, Олимпиада чемпионы Бусеназ Сюрменелиден жеңіліп қалды.Қола жүлдегер өз нәтижесіне көңілі толмайтынын мойындады.– Бірінші орынға ұмтылдым. Менің ойымша, күш жетпеді. Қателермен жұмыс жасаймыз. Қазір бастысы алдағы әлем чемпионатына жақсы дайындалу. Алдағы үш жылда «физикамен» жұмыс жасаймын және Олимпиадаға дайын боламын, – деді Аида Әбікеева.34 жастағы спортшы Милана Сафронова да жаңа жеңістерге ұмтылады. Боксшының айтуынша, жанкүйерлердің қолдауы жауынгерлік рухты қуаттайды.– Бүкіл Қазақстан саған қарайтынын сезінгенде, бұл ерекше күш береді. Өз еліңнің намысын қорғап отырғаныңды сезінесің. Сол кезде ешқандай толқулар, эмоциялар туралы ойламайсың, бар күшіңді жұмсауға тырысасың, – деп бөлісті Милана Сафронова.https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1032191?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1034848?lang=kk
🔰Суды үнемдеу – болашаққа қамқорлық! 15.07.2025
Әр тамшының қадірін біл! Краннан ағып тұрған суды уақтылы жап! Тіс жуғанда немесе ыдыс жуған кезде суды бекер ағызба! Суды қайта пайдалан – гүл суаруға, еден жууға! Су құбырларындағы ақауларды уақытында жөнде!Таза су – бәрімізге ортақ байлық. Бүгін үнемдесек, ертең ұрпақ алғыс айтады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1034852?lang=kk
Ақтөбе облысының прокуратурасы 2025 жылдың 6 айын қорытындылады 15.07.2025
Облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа отырысы өтіп, онда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы жұмыс нәтижелері қаралды.Жиынды ашқан облыс прокуроры Қазақстан Республикасының Президенті мен Бас Прокурорының тапсырмаларын тиімді әрі жедел орындаудың маңыздылығын атап өтті.Қалалық және аудандық прокурорлардың, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшыларының есептері тыңдалып, қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру жұмыстарының негізгі нәтижелері талқыланды.Азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыспен күрес және әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алудың негізгі іргетасы ретінде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.Есепті кезеңде қабылданған шаралардың нәтижесінде аса ауыр қылмыстарды – 52%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстарды – 8%-ға, онша ауыр емес қылмыстарды – 4%-ға төмендетуге қол жеткіздік.Прокуратураның үйлестіруімен 2 жасырын есірткі зертханасы әшкереленіп, 76 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың назары халықтың осал топтарының, балалардың құқықтарын қорғау, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалу заңдылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бизнесті қорғау және инвесторларды қолдау, мемлекеттік сатып алулар, салық, жер қатынастары және басқа да мәселелер болды.Жыл басынан бері 600-ге жуық заң бұзушылықтар анықталып, 6 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 516 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.3 млрд теңге бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді, 620 млн теңге өндірілсе, оның 538 млн теңгесі мемлекет кірісіне.Құрылыстар салу және тұрғын үйді жекешелендіру салаларындағы жымқыруларды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар бойынша 21 сотқа дейінгі тергеу басталды.Бұдан бөлек, прокурорлармен үлескерлерді алдаған 6 тұлғаның сотталуына қол жеткізді.Сотпен үлескерлердің мүддесіне қатысты 4 азаматтық талап-арыз қанағаттандырылып, мәмілелердің жарамсыз деп танылуы және жер учаскелерінің тұрғын үй кооперативтеріне берілуі қамтамасыз етілді.Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша әкімдікпен жұмыстар жүргізілуде.Прокурорлық қадағалау актілерімен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 30 мыңнан астам адамның көмектер алуына қол жеткізіп, сондай-ақ прокуратура бастамасымен жетім балаларға 45 пәтерлер берілді.Ағымдағы жылы 27 инвестордың құқықтары қорғалып, 17 кәсіпорын үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді.Прокуратура 110 инвестициялық жобаларды (аймақтық және ұлттық деңгейдегі) сүйемелдеуде. Кәсіпкерлер пайдасына 11 кейстер шешімін тапты.Алқа қорытындысы бойынша облыс прокурорымен алаяқтық, есірткі және балалар қылмыстарының алдын алуды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әрбір елді мекенде халыққа көмек көрсету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1034839?lang=kk
Мәдениетті дамыту – өңірдің рухани болашағына салынған инвестиция 15.07.2025
Қостанай облысы әкімдігінде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен мемлекеттік мәдениет саясатын жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиында мәдени игіліктердің қолжетімділігі, инфрақұрылымды дамыту, халық шығармашылығын қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды.Басты басымдық – инфрақұрылымды дамытуСоңғы үш жылда облыста мәдениет саласына бөлінетін қаражат 71%-ға өсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 18,5 млрд теңгені құрайтын болады. Қаражаттың негізгі бөлігі мәдениет нысандарын салуға, қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған, әсіресе ауылдық елді мекендерде.Атап айтқанда, соңғы жылдары Үлкен Чураков, Арқа, Пригородное және Ершов ауылдарында жаңа Мәдениет үйлері салынды. Биыл Ұзынкөл ауданына қарасты Троебрат ауылында демалыс орталығының құрылысы аяқталады. Арқалық пен Аманқарағайда күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.Тарихи-мәдени мұраны сақтау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, облыстық тарихи-өлкетану музейі қалпына келтірілуде, ал Міржақып Дулатов пен Шақшақ Жәнібек музейлерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Кітапханаларды жаңғырту және жаңа мәдени кеңістіктер құруҚазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес, Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхана қазіргі заманғы креативті орталық ретінде қайта форматталады. Мұнда креативті ойлау, цифрлық мәдениет пен болашақ дағдыларын дамытуға арналған алаң құрылатын болады, әсіресе жастарға арналған.— Қазіргі заманғы кітапхана – бұл тек кітап сақтау орны емес, бұл өсуге, шығармашылыққа және өзін-өзі дамытуға арналған кеңістік, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Сонымен қатар, Қостанай қаласындағы бұрынғы ХҚКО ғимараты заманауи өнер галереясына айналмақ. Облыс әкімінің айтуынша, бұл — өнерге қызығушылықты арттырып, жергілікті суретшілерге қолдау көрсететін маңызды қадам. Жаңа галереяда республикалық және халықаралық деңгейдегі жылжымалы көрмелер ұйымдастырылады.— Қазіргі таңда музей қорында 4 мыңнан астам сурет сақтаулы, бірақ оларды көпшілікке көрсетуге кеңістік жетіспейді. Жаңа галерея осы мәселені шешеді, — деді өңір басшысы.Халық театрлары және ауылдық жерлердегі шығармашылықты қолдауОблыс әкімінің бастамасымен өңірдің 16 ауданында халық театрлары құрылды. Бұл – шығармашылықты дамытуға ғана емес, қоғамдағы байланыстарды нығайтуға және дәстүрді сақтауға бағытталған маңызды қадам.«Карнавал» – жеке ғимаратқа лайық брендОблыстық «Карнавал» би ансамблі өңірдің бетке ұстар шығармашылық ұжымына айналды. Ұжымның әрі қарай дамуы үшін жеке ғимарат қажет. Осыған байланысты облыс әкімі мәдениет және экономика басқармаларына тиісті нысанды сатып алу мәселесін қарастыруды тапсырды.Міржақып Дулатовтың 140 жылдығы – ұлттық деңгейдегі оқиғаБиыл Қостанай облысында ұлттың ұлы перзенті, ағартушы, ақын және жазушы Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Құмар Ақсақалов барлық іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстық басқармалар мен Жанкелдин ауданына дайындықты сапалы әрі уақытылы жүргізу жүктелді.Мәдениеттің миссиясы – сақтау және келер ұрпаққа табыстау— Мәдениет – бұл жай ғана мекеме немесе ғимарат емес. Бұл – ұлттық өзіндік сананың, қоғамдық диалог пен бірліктің негізі. Ол жаңа буынды тәрбиелеуге, креативті ойлауды дамытуға және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, — деді Құмар Ақсақалов.Облыс әкімінің айтуынша, мәдени саясатты дамыту – тек рухани байлық емес, сонымен қатар экономикалық өсу факторы: ол туристер мен инвестицияларды тартады, инновацияларды ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1036426?lang=kk
Жасыл Ел - 2025 Еңбек жасақтары 15.07.2025
«Жасыл ел – 2025» жобасы басталды!14 шілде күні округімізде «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы жұмыс бастау алды.Биылғы жылы қатарымызға 3 жас сарбаз қабылданды.Ауыл әкімі Нұрмолдин Р. Қ. балалармен кездесу өткізіп:✅ Жұмыс жоспарымен таныстырды✅ Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргіздіТаныстырудан кейін жас сарбаздар бірден іске кірісті!Алғашқы акция – «Таза жағалау» табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-novohairuzovka/press/news/details/1034761?lang=kk
БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр 15.07.2025
БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келсе де, сауалдар азаяр емес. Жарналардың қандай түрлері бар? Жұмыс беруші оларды қалай, ең бастысы, қаншалықты аударып жатыр? Зейнетақы қалай тағайындалады? Тізе берсек шегі жоқ. Ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл сұрақтардың жауабын БЖЗҚ кеңсесіне барып, кәсіби мамандармен тікелей жүздесе отырып ала алады. Ал шалғай ауыл-аймақтардағы отандастырымыздың сұранысын қалай қанағаттандыруға болады? Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылжымалы “Мобильді кеңсені” іске қосты. “Мобильді кеңсе” деген не?Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Мобильді кеңсе” жобасын 2018 жылы қолға алды. Бұл – көлікке орналастырылған шағын кеңсе.БЖЗҚ мамандары ноутбук, жоғары жылдамдықтыинтернет, принтер, Қор базасы сияқты түрлі қажет құрылғымен жабдықталған шағын автобуспен елдімекендерді аралап, тұрғындарға арнайы қызмет көрсетеді.Қандай қызметтер ұсынылады?“Мобильді кеңсенің” облыс, аудан орталықтарында орын тепкенБЖЗҚ-ның кәдімгі бөлімшелерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Дәл сол кеңселерде көрсетілетін қызметтердің барлығын ұсынады: - Зейнетақы, инвестиция портфеліне қатысты кеңестер береді;- Жеке кабинет арқылы электрондыққызметалуғакөмектеседі;- Жеке деректердіөңдепнемесеөзгерту мүмкіндігі бар;- Қажетқұжаттарды, анықтамаларды шығарып алу жәнебасқа да қызмет түрлері көрсетіледі. “Мобильді кеңсе" қызметіалыс аудандар мен Қорбөлімшесіжоқаймақ тұрғындары, әсіресе, қалағабаруғауақыттаппайжүрген немесе мүмкіндігі шектеуліадамдар, интернеті жоқ немесе оны қолданудақиындық көретін адамдарүшін өте ыңғайлы. Қайауыл-аймаққабарады?“Мобильдікеңсенің"әрсапарыалдын ала жоспарланады. Қайкүні, қайауылғабаратыныжергіліктіәкімдікпенкелісіліп, тұрғындарғаалдын ала хабарланады. Кеңсетаңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейінжұмыс істейді. Бұлауылтұрғындарынаыңғайлы болса, БЖЗҚ мамандары үшінәрадамментікелейбайланысорнатудыңтаптырмасжолы.“Мобильді кеңсе" еліміздің 13 өңірінде жұмыс істейді: Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.“Мобильді кеңсе” жобасы қаншалық тиімді?“Мобильді кеңсе” жобасы іске қосылған 6 жылдан астам уақыт ішінде БЖЗҚ мамандары 5100 елдімекенге барып, 616 000 адамға қызмет көрсетіп үлгерді. Қор қызметіне, зейнетақы жүйесіне қатысты 213 000 ақпараттық таныстырылым өткізілді. Оған 5,3 миллион адам қатысты. 2024 жылда Костанай облыстағы 89 елді мекенде 42768 мың адам БЖЗҚ-ныңжылжымалы таныстырылымдарына қатысты.“Мобильді кеңсе” жобасы – жай ғана жүйе емес, “БЖЗҚ” АҚ миссиясының бір бөлігі. Осылайша Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін ашық, сапалы әрі қолжетімді зейнетақы жүйесін қалыптастыруға тырысамыз. Қай жерде тұратыныңызға қарамастан, өзіңізге қажет қызметті кәсіби түрде алғаныңызды қалаймыз”, – дейді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мамандары. Айта кету керек, зейнетақыға қатысты кеңес, көкейіңізде жүрген сұраққа жауап алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың немесе “Мобильді кеңсе” көлігін күтудің қажеті жоқ. Қор мамандарына қашықтан да хабарласуға мүмкіндік бар. Ол үшін мына әдістердің бірін қолдануға болады: - 1418 нөмірі — Қазақстан бойынша тегін байланыс желісі;-enpf.kzсайты арқылы электронды өтініш жазу;- WhatsApp, Telegram, Facebook, Viber, ВКонтакте мессенджерлері арқылы;- Онлайн чат (enpf.kz);- YouTube, Instagram, Facebook, X (Twitter), ВКонтакте, Одноклассники арқылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1042218?lang=kk
Тек әріптес емес, тәлімгер, үлгі және үлкен жүрегі бар адам 15.07.2025
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ең құрметті қызметкерлерінің бірі Галина Анатольевна Черниговская өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметте аяқтайды.Галина Анатольевна өзінің еңбек жолын 1983 жылы банк саласында бастады, онда қаржы саласында терең білім алды. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметте одан әрі жұмыс істеу үшін берік іргетасқа айналды. 2000 жылдардың басында ол Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетке келді, ол кейіннен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кірді.Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу ерекше тәсілді қажет етеді, онда кәсіпорындардың, адамдардың және бүкіл өндірістік жүйелердің тағдыры жиі қойылады. Галина Анатольевна қызмет еткен жылдарында оңалту және банкроттық рәсімдеріне байланысты жүздеген істерді қарауға қатысты. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және егжей-тегжейге ерекше назар аударуы ең қиын жағдайларда оңтайлы шешімдерді табуға мүмкіндік берді.Әріптестер Галина Анатольевнаны үлкен ішкі мәдениеті мен қатаңдықтың, сонымен бірге әділеттілік пен адамгершіліктің адамы ретінде атап өтеді. Ол әрқашан тәжірибемен бөлісуге, жас қызметкерлерге тәлімгерлік етуге, қиын жағдайларда – кәсіби және жеке жағдайларда көмектесуге дайын болды. Ол әрдайым кәсіби шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге диалог жүргізудің, күрделі тілді қарапайым тілмен түсіндірудің, ұстамды қайырымдылықпен шиеленісті босатудың сирек шеберлігімен ерекшеленді. Галина Анатольевна – жай ғана әріптес емес, тәлімгер, үлгі және үлкен жүрегі бар адам.Галина Анатольевна Черниговская зейнетке шығуда, бірақ оның мемлекеттік кірістер жүйесіндегі ізі әріптестерінің естеліктерінде, істерінде, салық төлеушілердің алғыстарында ұзақ уақыт бойы қалады.ДепартаментұжымыГалинаАнатольевнағақызметкеадалдығы, мамандыққа адалдығы үшін шын жүректеналғыс білдіреді жәнезорденсаулық,жаңаашылуларменәркүнненқуаныш тілейді!Лайықтыдемалысүйлесімділікке,сүйіктіістергежәнежақындарыныңназарынатолыболсын! Құрметпен, Павлодар облысы бойынша МКД ұжымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1034643?lang=kk