Қоғам
«Таза қазақстан»: көркейту - көгалдандыру шаралары жалғасуда 14.07.2025
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік өткізілді.Сенбілікке мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды. Тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер, қоғамдық орындар мен алаңдар ретке келтіріліп, арам шөптер мен ретсіз өскен өсімдіктерді жұлу, әктеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тасталған қоқыстар тазаланып, арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.Мұндай жұмыстар тек аудан орталығында ғана емес, ауданымыздың барлық елді мекендерінде сенбілік шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1034344?lang=kk
2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және шылымсыз темекі өнімдерін әкелуге тыйым салынған 14.07.2025
Қазақстан Республикасының аумағына электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған сұйықтықтарды және шылымсыз темекі өнімдерін әкелуге тыйым салынады.Бұл тыйым 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 74-VIII Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес 2024 жылғы 20 маусымнан бастап күшіне енді.Бұзушылықтар үшін жауапкершілік:Аталған өнімдерді әкелгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.- Заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шегін нақтылайтын сандық көрсеткіштер белгіленбеген.- Бір ғана өнімді әкелу де қылмыстық іс қозғауға негіз болуы мүмкін.- Әкелу мақсаты (сату немесе жеке пайдалану) құқықтық баға беруде ескерілмейді.- Заңнаманы білмеу жауапкершіліктен босатпайды.Туристер мен ел қонақтарына маңызды ақпарат!Құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін мемлекеттік шекарадан (соның ішінде кедендік бақылаудан) өтуге дейін электрондық құрылғылар мен вейптерге арналған сұйықтықтарды ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар.Халықаралық тәжірибе (мысалы, АҚШ пен Таиландта) мұндай шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр: алдын ала ақпарат алған туристер тыйым салынған өнімдерді әкелуден өз еркімен бас тартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1034251?lang=kk
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 14.07.2025
✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойдыЗаңның мәтіні баспасөзде жарияланады.✍️Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении измененийи дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования и оказания медицинских услуг»Текст Закона публикуется в печати.t.me/aqorda_resmit.me/aqorda_resmi/25777
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында өрт сөндіру депосы ашылды 14.07.2025
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында ауыл және жақын маңдағы аудандар тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру депосы ашылды.Заманауи модульдік ғимарат жергілікті бюджет есебінен қысқа мерзімде салынды және тәулік бойы жұмыс істеуге қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған: диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және тамақтану бөлмесі. Мұнда арнайы автотұрақ, байланыс пункті, асхана, жуынатын бөлме, басшылық құрамға арналған арнайы кабинеттер, сондай-ақ кезекшілердің демалуына арналған үй-жайлар, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт жабдықтарына күтім жасау бекеттері және құрал-жабдықтарға арналған қойма көзделген. Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.Жаңа ғимараттың символикалық кілті №14 өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Самат Аблаевқа салтанатты түрде табысталды. Басшылар мен қонақтар жаңа өрт бекетін аралап, нысанмен танысып шықты.Өрт сөндіру бекетінің ашылуы Сырым ауданының тұрғындары үшін маңызды қадамдардың бірі деп есептейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1034233?lang=kk
Демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселесі басты назарда 14.07.2025
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен туристік аймақтарға келушілерге қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған қала, аудан әкімдері және сала басшылары қатысты.«Туристік аймақтарда, демалыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – келушілердің өмірі мен денсаулығын қорғап, өңірдің туристік оң имиджін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқару топтары мен алғашқы көмек көрсету пунктері сақадай сай болуы керек. Демалыс орындарын туристер мен демалушыларға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтарымен қамтамасыз етіңіздер. Демалыс орындарында санитарлық-гигеналық талаптардың қатаң сақталуын бақылауға алыңыздар.Аудандардағы туристік нысандар мен демалыс орындары нақты көрсетілген белгілермен, шұғыл жағдайлардың алдын алу үшін байланыс арналарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қауіпсіздік шараларын телеарналарда, әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарда кеңінен ақпараттандырыңыздар», – деді Данияр Еренғалиұлы.Айта кету керек, осы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында туризм саласына 25,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2 есеге артты.Іскерлік туризм бағытында ұйымдастырылған халықаралық және республикалық іс-шаралар нәтижесінде облысқа келуші туристер саны едәуір көбейді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша туристер саны 48 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,2%-ға өсті.Облыс аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі бойында 55 жол бойы сервистік кешені жұмыс істейді.Жазғы демалыс маусымында өңірде 13 шағын және 2 ірі демалыс орны халыққа қызмет көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1034190?lang=kk
10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды 14.07.2025
10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034149?lang=kk
Елімізде «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық басталып кетті 14.07.2025
Елімізде «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық басталып кеттіАстанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуге қажетті барлық жағдай жасалған. Еліміздің кешенді жарыстар ұйымдастыру тәжірибесі мол. Мәселен, Қазақстанда 2011 жылы Қысқы Азия ойындары, 2017 жылы Қысқы Универсиада, ал 2024 жылы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткен. ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, қазір жауапты мамандар «Болашақ ойындары» турниріне қарқынды дайындалып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034153?lang=kk
Жаңақорғанда теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді 14.07.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жаңақорғандықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтап, өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына тоқталды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», - деген болатын.2023-2025 жылдары аймағымыздың 1 232 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерін, 18 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 121 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайыз болмақ.Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады.Қызылорда қаласындағы теміржол асты автожолының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл қаладағы көлік қатынасының жүктемесін біршама төмендетеді.Мамыр айында Арал қаласында 940 метрлік аспалы көпір ел игілігіне табысталды.Жақын күндері Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дәл осындай аспалы көпір құрылысын бастаймыз.Жаңа көпір Жаңақорғанның болашағына жол ашатын, ел игілігіне қызмет ететін алтын көпірге айналсын!Баршаңызға амандық, жасампаз істерімізге толағай табыс тілеймін!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, ел ағасы Нәжмәдин Мұсабаев құттықтау сөз сөйледі.Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Серхожа Ыдырысов батасын берді.Сондай-ақ, аспалы көпірді салған мердігер мекеме қызметкерлері мен ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, Жаңақорған ауданының бюджеті соңғы 2 жылда 12,7 млрд теңгеден 22 млрд теңгеге артты.Үш жылда 200 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ауыз су мәселесі толық шешілді, 4 елді мекеннің су желілері жаңартылып, аудан халқы 100% таза ауыз сумен қамтылды.Бүгінде тұрғындардың 52%-ы «көгілдір отын» тұтынуда. Тағы 8 елді мекенді газдандыруға 7,3 млрд теңге бөлініп, жұмыс биыл аяқталады.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 10 мектептің екеуі Жаңақорғанда салынды. Сонымен бірге 3 жаңа амбулатория және Төменарықта 15 орындық аурухана пайдалануға берілді. Жақында 972 млн теңгеге аудандық ауруханаға қосымша ғимарат салынып, қазан айында қолданысқа беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1034154?lang=kk
Бюджет қаржысының игерілуі тұрақты бақылауда болуы тиіс 14.07.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде бюджет қаржысын игеру, суармалы су тапшылығы, санитарлық тазалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Оған қала және аудан әкімдері, сала басшылары қатысты.«Барлық макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуы, бюджеттің, оның ішінде республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі қажет.Су тапшылығы жағдайында алқаптарды кезектестіріп суару, насостар арқылы қашыртқыдан суару жұмыстарын бақылауда ұстаңыздар.Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағы сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсету сапасын тұрақты бақылаңыздар.Әсіресе, демалыс орындары мен рұқсат етілмеген су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек»,- деді Н.Нәлібаев.Сонымен қатар, аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, санитарлық-тазалық, сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1034173?lang=kk
Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі азаматтарды қабылдайды 14.07.2025
2025 жылғы 17 шілдеде сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі А.А. Светаш Пермитин көшесі, 17 (201 кабинет) мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайды. Тіркелу және қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 26 43 48.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1034107?lang=kk
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік жас химиктері: IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль иеленді 14.07.2025
Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік жас химиктері: IChO-2025 олимпиадасында төрт медаль иелендіОқушылар арасындағы ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар басталды: IChO, IPhO, IMO, IBO, IGeO, IOL, IOІ. Бұл маусымды Қазақстан оқушылары жақсы жаңалықпен бастады. Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды, оның екеуі – алтын медаль, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034145?lang=kk
Why is the income replacement ratio important and its role in the pension system 14.07.2025
Why is the income replacement ratio important and its role in the pension system International organizations highlight the income replacement ratio (IRR) as one of the important indicators of pension adequacy. It reflects the ratio between pension benefits and the employee's wages before retirement, i.e. how much his pension income replaces his labor income.It should be noted that the IRR is a target benchmark, its value is individual for each employee and depends on his labor income and length of service, regularity and completeness of pension contributions to his funded pension account.The concept of further modernization of the pension system of the Republic of Kazakhstan until 2030 provides for maintaining the IRR with total pension benefits at a level of at least 40% of lost earnings (International Labor Organization standard) with at least 35 years of participation in the pension system and a regularity of contributions of 12 times a year.The replacement rate for UAPF contributors who reached retirement age in 2024 and began to receive pension benefits (solidary and basic pension from the state, as well as funded pension from UAPF), in total for all types of pensions amounted to more than 41% of the average salary level.In the future, as is happening in developed countries, the funded pension will make up an increasing part of the total pension. The Kazakhstan funded pension system has not yet completed its full cycle, which is about 40 years - the full period of a person's working life. Therefore, those who retire do not yet have sufficient savings experience. In addition, as is known, in the first years of the implementation of the funded system, low incomes, irregularity and incompleteness of contributions were characterized. Therefore, a higher share of solidarity pension is still maintained, but gradually decreases. In the future, according to actuarial estimates, the replacement rate due to the funded pension for contributors who began their working career in 2024 (at the age of 22) and will retire in 2065 will be 35% or more of their earnings. At the same time, the funded pension will be formed at the expense of compulsory pension contributions of employees (CPC) and employers (ECPC). In addition, citizens will receive a basic pension, the amount of which also depends on the length of service of CPC contributions to the UAPF. Such workers will no longer have the right to a solidarity pension.Currently, the calculation of the average monthly income replacement rate for each contributor is carried out by the UAPF based on information from state information systems, within the limits provided by law. How is IRR calculated for the purposes of using lump sum pension benefit payments (LSPBP) for improving housing conditions and/or medical treatment? It should be noted that persons with pension savings in the UAPF are entitled to lump sum pension benefit payments (LSPBP) if one of the following conditions is met:Pension savings exceed the minimum sufficiency thresholdFuture pension (joint and basic) is not less than 40% of current incomeA pension annuity agreement has been concluded with an insurance company.The legislation defines the algorithm for calculating the IRR as follows:The monthly pension (basic + solidarity on the date of assignment) is divided by the average monthly income of the beneficiary (AMI) for the last 5 years (before retirement). The amount of AMI is calculated based on data on his actual compulsory pension contributions (CPC) for 5 years, adjusted for inflation, and is limited to the average monthly income in the republic.For beneficiaries of long-service pension benefits who are assigned pension benefits in accordance with the Social Code, and retired judges who are paid a monthly lifetime allowance, the replacement rate of the AMI is taken to be 40%.Please note that only the basic and solidarity pensions are taken into account to calculate the IRR, which should provide the pensioner with a lifetime income of at least 40%. Upon reaching this IRR level, the pensioner can use up to 50% of their savings for housing or treatment. If a person has entered into a pension annuity agreement, that is, receives a lifetime pension benefit from an insurance company of at least 70% of the subsistence minimum established for the current financial year, they can use all savings in their pension account in the UAPF for housing or medical treatment. Understanding the meaning of the replacement rate helps citizens plan their financial stability through pension benefits. Every year, the role of funded pensions is becoming increasingly important. It is important that public policy and the pension system develop in the direction of providing adequate pensions for all citizens. UAPF was founded on August 22, 2013 on the basis of GNPF APF JSC. The founder and shareholder of the UAPF is the Government of the Republic of Kazakhstan represented by the State Institution Committee of State Property and Privatization of the Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan. Trust management of UAPF pension assets is carried out by the National Bank of the Republic of Kazakhstan. In accordance with the pension legislation, the UAPF attracts compulsory pension contributions, employer’s compulsory pension contributions, compulsory occupational pension contributions, voluntary pension contributions, as well as carries out enrollment and accounting of voluntary pension contributions formed at the expense of the unclaimed amount of guaranteed compensation for the guaranteed deposit, transferred by the organization carrying out mandatory guarantee of deposits, in accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan "On mandatory guarantee of deposits placed in second-tier banks of the Republic of Kazakhstan", ensures the implementation of pension benefits. The Fund also carries out accounting of target assets and target requirements, accounting and crediting of target savings (TS) to target savings accounts, payments of TS to their recipients in bank accounts, accounting for returns of TS in the manner determined by the Government of the Republic of Kazakhstan within the framework of the National Fund for Children program (More details at www.enpf.kz)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1034070?lang=kk
ИС «Keden» тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру функционалын енгізеді 14.07.2025
ИС «Keden» тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру функционалын енгізеді«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен берлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақ учаскелік және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруін (бұдан әрі – пестицидтерге қорытынды) жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 11 шілдеден бастап пестицидтерге қорытындысына өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 10 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде пестицидтерге қорытындысын алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/60776 – өтініш берушілер үшін. Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз: +7 7172 73 55 19 +7 705 956 53 89 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz. Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1034046?lang=kk
Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы 14.07.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайың фанерінің экспортын автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №51-НҚ бұйрығына сәйкес хабарлайды.2025 жылғы 1 шілдеден бастап 6 (алты) ай мерзімге қайың фанерінің экспортын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 4412 33 000 0) автоматты лицензиялау (байқау) енгізілген.Қайың фанерін экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне «Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №51-НҚ бұйрығына сәйкес ресімделген қайың фанерін экспорттауға рұқсат беру кезінде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1048783?lang=kk
Салық төлеушінің күнтізбесі: мерзімдерін жіберіп алмаңыз 14.07.2025
15 Шілдеде ФНО 400.00, 421.00 және орманды пайдаланғаны үшін төлем мерзімі аяқталады2025 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей акциздерді төлеушілер 2025 жылғы мамырда ұсынуы қажет:акциздер бойынша декларация - 400.00 нысаны;421.00-нысан-салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу.2025 жылғы маусымда салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде ҚҚС төлеушілер ҚҚС бойынша 300.00-тарату декларациясын тапсырады.Сонымен қатар, орман иелері 2025 жылдың 2-тоқсанына орманды пайдалану ақысын төлеуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1034052?lang=kk
Елордалық ұландықтар күдікті заты бар әйелді ұстады 14.07.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері полиция органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін тиімді орындауда.Байқоңыр ауданының көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы Ерлан Қаржауов пен патрульші Нұрасыл Мұсабеков полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті заты бар азаматшаны ұстады.Оқиға Бараев көшесінде орын алған. Әйел өзінің күмәнді іс-әрекетімен әскерилердің назарын аударғандықтан, олар құжат тексеру үшін азаматшаны тоқтатады.Тексеру кезінде күдіктінің қалтасынан жағымсыз иісі бар өсімдік тектес зат пен тамшуын салынған бума табылады. Елордалық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары бірден жедел-тергеу тобын шақырады. Азаматшаның айтуынша, ол бұл буманы көшеден тапқан.Қазіргі уақытта тәркіленген затқа сараптама жүргізіліп жатыр. Талдау қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.Айта кету керек, құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан қалаларының көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу шараларын жүзеге асырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.#ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОКҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1033988?lang=kk
Таза табиғат – ортақ іс: жастар мен тұрғындар «Таза Қазақстан» үшін 14.07.2025
2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің өңірлерінде қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.2025 жылдың 14 шілдесінде Қостанай облысының екі бірдей елді мекенінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде кең көлемді экологиялық шаралар өтті.Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Тобыл өзені жағалауын тазалау бойынша экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл шараға жастар белсенділері, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан құралған 50-ге жуық адам қатысты.Шараның мақсаты — тек жағалауды қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар жастар арасында табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелеу, экологиялық жауапкершілік пен саналы мінез-құлық дағдыларын дамыту. Қарабалық кентінде сенбіліктер өткізу, ағаш отырғызу, көгалдандыру сынды жұмыстар дәстүрге айналған. Бұл игі істерге мектеп оқушылары, студенттер мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысып келеді. Акцияға қатысушылардың айтуынша, қоршаған ортаның тазалығы — қоғам денсаулығының кепілі, әр азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады.— Таза орта — бұл денсаулық пен сергек өмірдің негізі. Табиғатқа деген қамқорлықты өзімізден бастап, өзгелерге үлгі болуымыз керек, — деді шараны ұйымдастырушылар. Сонымен қатар олар аудан тұрғындарын және барша қазақстандықтарды экологиялық бастамалар мен сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды. Өйткені «Таза Қазақстан» – нағыз отансүйгіштіктің көрінісі.Сол күні Арқалық қаласында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық экологиялық акция өтті. Іс-шараға қала тұрғындары, коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер мен «Жасыл ел» сарбаздары қатысты.Акция барысында көпқабатты және жеке үйлердің аулаларын тазалау, ағаш діңдерін әктеу, арамшөптерді шабу сынды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, скверлер, аллеялар, саябақтар мен су қоймаларының жағалаулары тазартылды. Бұл жұмыстардың көп бөлігін «Жасыл ел» жасақтары орындады. Бұл — жастардың қалалық ортаны жақсартуға белсенді үлес қоса алатынын көрсететін жарқын мысал.Қарабалық ауданы мен Арқалық қаласында өткен бұл экологиялық іс-шаралар Қостанай облысы тұрғындарының «Таза Қазақстан» бағдарламасын белсенді түрде қолдайтынын, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға нақты үлес қосып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.— Бүгінгі акциялар – жай ғана қоқыс жинау емес, бұл — қоғамның бірлігі мен болашақ үшін жауапкершілігін білдіретін нақты қадам. Табиғатты тек бірлесіп әрекет еткенде ғана сақтап қала аламыз, — деді қатысушылар.«Таза Қазақстан» бағдарламасы мемлекет, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың күшін біріктіре отырып, экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастырып, өңірлерді табиғатқа жанашырлық арқылы нығайтуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1033977?lang=kk
Ұлттық ұланның 450 сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады 14.07.2025
Қарағанды қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 450-ге жуық жас сарбаз қатысты.Бұл сәт олардың әскери өмірдегі алғашқы қадамы және Отан алдындағы қасиетті борыштарын атқарудың бастауы болды. Әскери ант — әр жауынгер үшін үлкен жауапкершілік пен адалдықтың символы. Салтанатты шарада сарбаздар Қазақстан Республикасы мен оның халқына жанқиярлықпен қызмет етуге дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді.Айтулы рәсімге сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен жақын достары шақырылды.Әскери бөлімнің командирі полковник Мақсат Қырғызбаев пен шақырылған қонақтар әскердегі қызмет — құрметті және маңызды міндет екенін атап өтіп, сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді.– Әскери ант қабылдау сәті әр сарбаздың жүрегінде мәңгі қалады. Отан қорғаушы болу – батылдықты, табандылық пен адалдықты талап ететін асыл миссия, – деді полковник Мақсат Қырғызбаев.Айта кету керек, қатарға жаңадан қосылған жас Отан қорғаушылар енді түзеу мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейтуге қатысатын болады.Іс-шара соңында бөлім командирі ата-аналарымен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Ант қабылдаған сарбаздар жақындарымен уақыт өткізуге босатылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1033940?lang=kk
Көкшетауда дәстүрлі «Бір ауыл — бір өнім» көрмесі өтті 14.07.2025
Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жарқешов, бизнес қауымдастығының, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Көрмеге Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларынан және Атбасар, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Жақсы, Целиноград аудандарынан келген 50-ге жуық қатысушы өз өнімдерін ұсынды.«Бір ауыл — бір өнім» көрмесінде Ақмола облысының өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынды.Концерттік бағдарламада өнер көрсеткендер: республикалық байқаулардың лауреаттары Абылайхан Орманбек, Маржан Қайыргелдіқызы, Бауыржан Нұрымбетов, Бәтима Изинаева, Айдын Хамза.Аталмыш көрменің жүргізушілері «Мәдениет саласының үздігі» Тоқтарбек Қалдырбаев және София Флейшгауэр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1033869?lang=kk
Қазақстан шекарадан өтуді жеделдетіп, жеңілдетіп жатыр 14.07.2025
Транзиттік әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында ҚР ҚМ Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 өткізу пунктін ауқымды жаңғыртудан өткізуде.🔹 2025 жылдың басынан бері 4 жаңартылған пункт іске қосылды:– «Қалжат» пен «Алакөл» (Қытай Халық Республикасы)– «Капланбек» пен «Атамекен» (Өзбекстан)🔹 Жыл соңына дейін мына пункттер жаңартылып бітеді:«Қазығұрт», «Тажен», «Темір баба», «Майқапшағай», «Бақты»Жаңартылған өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай және заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.Бақылау «бір терезе» қағидаты бойынша, артық аялдаусыз, небәрі 30 минутта жүзеге асады.🚛 Негізгі цифрлық шешімдер енгізілді:– CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі– Автокөлік хабтары мен транзиттік-логистикалық орталық– «Кеден» цифрлық платформасы (20 модульдің 13-і жұмыс істеп тұр)📊 Нәтижелер:– Өткізу қабілеті 640 мыңнан 1,4 миллион көлікке дейін артты– Шекарадан өту уақыты 3 есеге қысқардыҚР ҚМ шекаралық сервисті цифрландыру, автоматтандыру және дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.➡️ Бұл — ыңғайлылықты, ашықтықты және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1033809?lang=kk