Enbekshi QazaQ

Қоғам

**Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық: штаб мүшелері Абай ауданындағы негізгі нысандарды аралады** 14.07.2025
Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық мекемелер өкілдерінен арнайы құрылған штаб мүшелері ауданға келді.Аудан әкімі штаб мүшелерімен бірге мерейтой өтетін басты орындардың бірі — Қарауылтөбеге барып, дайындық барысын саралады. Қазақ үйлер қалашығының орналасу тәртібі, олардың сыйымдылығы, қажетті инженерлік инфрақұрылым, атап айтқанда, электр қуатының жеткіліктілігі, санитарлық-гигиеналық нысандар (дәретханалар), сондай-ақ көрермендерге арналған алаңның жай-күйі жан-жақты талқыланды.Осыдан кейін Абай саябағындағы орнатылатын өлкетану музей павильондары, сауда-саттық алаңдары мен автотұрақтардың нақты орны белгіленді. Мұндағы инфрақұрылым талапқа сай болуы үшін жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді.Сонымен қатар, мерейтой кезінде жедел әрекет ететін штаб жұмысының үйлесімді жүруі үшін олардың орналасатын орындары мен қажетті техникалық қамтамасыз етілу мәселесі де қаралды. Сайысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар, еріктілердің жатын орын нысандар да назардан тыс қалмады.Іссапар соңында жұмыс тобы Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі мен Абайдың музей-үйіне барып, аталған нысандардың мерейтойға дайындық барысын көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1033769?lang=kk
Қорғаныс министрі офицердің қызын спорттық гимнастикадағы тарихи жеңісімен құттықтады 14.07.2025
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшінің қызы, гимнаст Ақмарал Ерекешеваны жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтады.Қорғаныс министрі Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық басқармасының аға офицері подполковник Әсет Ерекешевке осындай қыз тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді. Чемпион мен оның ата-анасына салтанатты жағдайда алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.– Тәртіптің не екенін әскери қызметшінің балалары жақсы біледі. Спорттағы тәртіп те армиядағыдай қатаң. Жеңістер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшы көп нәрседен бас тартуға, кестені сақтауға және өз бетімен көп жұмыс істеуге тура келеді. Қарулы күштер офицерінің қызы ел намысын әлемдік аренада қорғағанын мақтан тұтамын. Әр спортшының арманын орындап, Олимпиада чемпионы атансын деп  тілеймін, – деді Қорғаныс министрі Ақмаралға айтқан сөзінде.Ақмарал 4 жасынан бастап көркем гимнастикамен айналысады. Осы уақыт ішінде ол жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы, Якутияда өткен "Азия балалары-2024" чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал жақында Софиядағы 70-тен астам елден 350-ден аса гимнастшы қатысқан жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан өткен әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешева үлкен жетістікке қол жеткізді. Отандасымыз доп пен лента жаттығуларында алтын медаль, оған қоса шеңбермен жаттығуда күміс медаль иеленіп, турнирдің ең титулды қатысушысы атанды.Кездесу соңында жас гимнаст Қорғаныс министріне еңбегін жоғары бағалап, жаңа жетістіктер мен жеңістерге жігер беретін қолдауы үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1033733?lang=kk
«Отандастар қорының» бастамасы – шетелдегі қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» лагері ашылды 13.07.2025
2025 жылғы 9 шілдеде Бурабайдағы IQanat High School of Burabay базасында шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы танымдық этно-лагерінің ресми ашылу салтанаты өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырды.«Jas Qazaq» лагері – шетелдегі қазақ балаларын тарихи Отанымен рухани және мәдени тұрғыда жақындастыратын бірегей жоба. Биылғы маусым – аталмыш жобаның бесінші рет өткізілуі. Бұған дейін 700-ден астам қандас бала қатысқан болса, биылғы лагерьге АҚШ, Түркия, Польша, БАӘ, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай елдерінен келген 150-ге жуық этникалық қазақ балалары келіп отыр.Лагерь 2025 жылғы 7-20 шілде аралығында өтеді. Қатысушылар қазақ тілі, тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарды меңгеріп, киіз үй құру, атқа міну, домбыра тарту сияқты практикалық сабақтар арқылы ұлттық құндылықтарды жан-жақты игереді. Сонымен қатар, еліміздің жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысып, әртүрлі елден келген замандастарымен достық байланыс орнатады.«Бұл – шетелдегі қазақ балалары үшін ерекше әрі маңызды жоба. Олар атамекеніне келіп, ана тілін, мәдениетін, ұлттық болмысын жүрекпен сезінеді. Мұнда балалар тек демалып қоймай, өз тамырын тереңірек танып, рухани байып қайтады», – деді «Отандастар қорының» вице-президенті Алибек Жұрқадам.Сондай-ақ, ол биыл лагерьге 150-ге жуық баланың қатысып жатқанын және алдағы уақытта қатысушылар санын арттыру, жобаны кеңейту жоспары бар екенін атап өтті.«Jas Qazaq» лагері – Қазақстанның шетелдегі этникалық қазақтарға бағытталған мәдени-гуманитарлық қолдау саясатының жарқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1033684?lang=kk
Талапкерлер eGov.kz порталында білім беру гранттарына өтінім бере алады 13.07.2025
13 шілдеден бастап Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады. Талапкерлер өтінімдерді электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы онлайн форматта тапсыра алады. Өтінімдерді қабылдау 13 шілде күні сағат 09:00-де басталып, 20 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады. 2024 жылы конкурсқа қатысу үшін талапкерлер 104 мыңнан астам өтінім берген болатын, оның ішінде 5 мыңнан астамы eGov.kz порталы арқылы жіберілді. Бұл талапкерлердің онлайн форматқа деген қызығушылығының артып келе жатқанының көрсеткіші.Электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру үшін талапкерлер алдын ала бірқатар құжаттарды дайындауы қажет. Өтінімге келесі құжаттардың цифрлық көшірмелері қоса тіркелуі тиіс: білім туралы құжат (аттестат немесе диплом), 3х4 форматындағы фотосурет, сондай-ақ B167 «Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштары ұшуда пайдалану» мамандығына қажет болған жағдайда дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.  Қызмет шеңберінде жекелеген санаттағы студенттер үшін әлеуметтік қолдауға өтінім беру мүмкіндігі де қарастырылған. Мұндай жағдайда тиісті мәртебені растайтын құжаттар – мысалы, ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, мүгедектік туралы анықтамалар, жетім мәртебесін растайтын құжаттар және Қазақстан заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылуы тиіс.Қызметті алу үшін пайдаланушыға келесі қадамдарды орындау қажет:eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Білім беру» – «Жоғары білім» бөлімін таңдау;«Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдау қажет;«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу керек;барлық міндетті жолдарды толтырып, өтінімді қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау;жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысу. Хабарлама көрсетілген мерзімде жіберіледі.Қызмет көрсету нәтижесі – білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік. Құжат электрондық форматта беріледі және 2025 жылғы 10 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.Өтінімдер ағынын біркелкі бөлу және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov.kz порталында күту парағы жаңа функциясы іске қосылды. Бұл жүйе пайдаланушыларды электрондық кезекке тіркеп, өтінім беру қызметін кезекпен ұсынады – парақты жаңартудың қажеті жоқ.Сонымен қатар, SMS-хабарламалар жүйесі де көзделген: өтінім беру кезінде пайдаланушы «Кезектің жақындауы туралы SMS-хабарлама жіберу» жалаушасын белгілей алады. Пайдаланушының кезегі жақындаған кезде 1414 қысқа нөмірінен тіркелген ұялы телефон нөміріне хабарлама жіберіледі. Егер нөмір мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, жүйе оны енгізуді ұсынады.Қызметке сәтті қол жеткізу үшін өтінім бермей тұрып браузер бетін жаппау немесе жаңартпау маңызды.Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылып, жаңғыртылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1036390?lang=kk
Қонаев осы жазда: 860 мыңнан астам турист, абаттанған жағажайлар және жаңа жағалау 13.07.2025
Биыл жазда Қонаев қаласы еліміздің ең танымал туристік бағыттарының біріне айналып отыр.“Шомылу маусымы басталғалы бері қалаға 860 мыңнан астам адам келген. Ал маусым соңына дейін бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетуі мүмкін, – дейді қала әкімі Асхат Бердіханов.Туристердің негізгі легі №5 жағажайға ағылуда. Бұл нысан бюджет пен жеке инвестиция есебінен жаңартылып, бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған. Апта ішіндегі күндері мұнда 2 мыңға жуық адам келсе, демалыс күндері олардың саны 6 мыңға дейін жетеді. Жағажай аумағында 127 қоқыс жәшігі мен 28 санитарлық торап қойылып, 20 жұмысшы тұрақты қызмет етеді. Демалыс күндері ғана бұл аймақтан 2,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылады.Сонымен қатар, биыл №6 және №7 жағажайлар сынақ режимінде ашылып, демалушыларды қабылдай бастады. Бұл учаскелерде:45 қоқыс жәшігі мен 10 контейнер орнатылды,күн сайын 30 тазалық қызметкері еңбек етеді,қауіпсіздікті 10 құтқарушы мен 1 медицина қызметкері қамтамасыз етеді,арнайы техника – КамАЗ және трактор – үздіксіз жұмыс істеп тұр,тазалық пен қызмет көрсету жұмыстарымен 40 жалға алушы айналысады.Демалыс күндері бұл жағажайлардан шамамен 3 тонна қоқыс шығарылады.Қала әкімдігінің дерегінше, бүгінде №5, №6 және №7 жағажайларында жалпы саны 75 санитарлық торап орнатылған. Бұл – жоғары келуші ағынын ескеріп, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін маңызды қадам.Алдағы уақытта барлық 8 қалалық жағажай бірыңғай стандартқа сәйкестендіріліп, жағалау сызығы толықтай жаңартылады. Жаңғыртылатын аумақтың жалпы ұзындығы – 6,1 шақырым. Ол Рауан шағынауданынан бастап, 18-шағынауданға дейінгі аралықты қамтиды. Шомылу маусымы аяқталған соң №6 және №7 жағажайларда құрылыс жұмыстары басталса, №8 жағажай жеке инвестиция есебінен абаттандырылады.Қала аумағында коммуналдық балансқа кірмейтін тағы 140-қа жуық туристік нысан бар. Оларды жүйелеу үшін бірыңғай дизайн-код әзірленуде. Кәсіпкерлермен бірлесе отырып, сервисті, көркемдік безендіру мен инфрақұрылымды дамытуға арналған ортақ стандарттар енгізу көзделіп отыр.2028 жылға дейін Қонаевта жалпы құны 306,4 млрд теңгеге тең 11 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар аясында қонақүйлер, бассейндер, гольф-клуб пен сауда-ойын-сауық орталықтары салынбақ.Қонаев қаласы биылғы жаздың өзінде-ақ елімізде заманауи әрі жайлы жағажайлық демалыстың қандай бола алатынын нақты көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033676?lang=kk
ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ 13.07.2025
Өткен жылы басқарма 386 құрылыс нысанын бақылаудан өткізіп, 312 заңсыз нысанды анықтап, олар туралы ақпарат Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған. Бұл нысандар Геоақпараттықжүйеде белгіленіп, нақты мониторинг жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде – тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру басты мақсатқа айналды.Сонымен қатар, қала аумағында 613 жарнама құрылғысы тіркелген. Олардың 15-20 пайызы ЛЭД мониторлар. Қалғандары скроллер мен өзге түрлер. Осы жарнамалар арқасында 2024 жылы түсім 561,4 млн теңгені құраған. Сондай-ақ,  sauda.e-qazyna.kz порталы арқылы 526 жарнама орны сауда-саттыққа шығарылып, 356-сы сатылды. Бұл – қалалық бюджетке тұрақты кіріс әкеліп, көше кеңістігінің реттелуіне сеп болуда.Өткен жылдың қорытындысымен 1060 жер учаскесіне қатысты 317 нысан бойынша 75 қаулы қабылданып, 214,38 гектар аумақ мемлекет меншігіне қайтарылып, 13 млрд теңге қаржы игерілген. Ірі жобалар қатарында Қонаев даңғылынан 176 жер телімі, С.Бәйтереков көшесін қайта құру – 24 жер телімі, Қаратау ауданы, 223 орамдағы стадион құрылысы – 154 жер телімі. Бұл – қалалық инфрақұрылымды дамытуға, жолдар мен әлеуметтік нысандар құрылысына мүмкіндік беретін шешуші қадам.Басқарма атқарған әр іс – қала келбетінің көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына бағытталған. Ал бұл – нағыз тиімді басқару мен стратегиялық көзқарастың белгісі. Шымкенттің болашағы жарқын боларына сенім бар, ал сол жарқын болашаққа бастар жол дәл бүгінгі жүйелі еңбектен басталады.Қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей ықпал ететін маңызды саланың жүйелі қызметі – Шымкенттің заманауи, қауіпсіз, жайлы әрі көрікті қала ретінде дамуына үлес қосып келеді. Қаланың өсіп-өркендеуі – әрбір тұрғынның ортақ мүддесі. Ал оны жүзеге асыру – ұлттың келешегі үшін маңызды миссия.
ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 13.07.2025
Тұрғын үй құрылысы саласында үлескерлік құрылыс – халықтың баспаналы болуына сеп болатын маңызды механизмдердің бірі. Алайда бұл салада қауіпсіздік пен заңдылық – бірінші орында. Сондықтан үлескерлердің қаражатын тартатын құрылыс компанияларына қатысты қатаң бақылау орнатылған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған – 8 компания (оның ішінде 7 – Шымкентте, 1 – Астанада), қазіргі таңда жергілікті органнан рұқсат алған – 15 құрылыс компаниясы, ал бірыңғай оператордың рұқсатымен – 6 компания жұмыс істеуде екен. Бұл – үлескерлердің құқықтарын қорғау және тұрғын үй нарығындағы сенімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды шара. Қала тұрғындары үшін ең бастысы – салынған үйдің сапалы әрі уақтылы пайдалануға берілуі. Осы бағыттағы бақылау жұмыстарын басқарма жүйелі түрде жүзеге асырды.Қаланың әрбір көшесі, жаңа шағынауданы мен салынған үйі – стратегиялық жоспарлардың нақты жемісі. Ал осындай жоспарлы даму – халықтың өмір сүру сапасының артуына қызмет етеді.Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 1 359 800 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Жыл қорытындысы бойынша 1 366 805 ш.м. тұрғын үйлер қабылданып, жоспар артық орындалған. Бұл көрсеткіш – қаланың қарқынды урбанизация процесінің айқын дәлелі. Жаңа шағынаудандар бой көтеріп, халықтың тұрғын үйге деген сұранысы кезең-кезеңімен қанағаттандырылуда.Басқарма 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Тек қараша айының өзінде ғана 57 196 мемлекеттік қызмет ұсынылған.
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі тай боксынан CISM әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды 13.07.2025
Таиландтың астанасы Бангкокта тай боксынан әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.Әлем біріншілігіне Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгиядан келген 80-нен астам спортшы қатысуда.   ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Жандос Мадехиянов еліміздің атынан барған жалғыз спортшы болды.Қазақстандық жалғыз барса да, жәй жауынгер еместігін дәлелдеді. Тартысты жекпе-жекте Жандос Мадехиянов 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын еншілеп, елге қоламен оралып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1033655?lang=kk
171 балаға тәрбие мен білім алуға заманауи жағдай жасалды 12.07.2025
Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестиция есебінен салынған жаңа үйге көшірілуі жоспарлануда.171 бала заманауи қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына толық сай келетін жаңа үйге қоныстанады. Алматы қаласында орналасқан бұрынғы Балалар үйінің апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласында жаңадан салынған мекемеге көшіру туралы шешім қабылданды.1963 жылы салынған ескі ғимарат 2024 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылып, әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп шешілді. Сараптама барысында тірек конструкцияларында жарықтар, инженерлік жүйелердің толық тозуы және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына сәйкес келмеуі сынды күрделі ақаулар анықталды.– Бұл жерде балалардың өмірі мен қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр. Қателіктің құны – тым жоғары. Ескі ғимарат моральдық әрі физикалық тұрғыда ескірген. 1,8 млрд теңгеге жоспарланған күрделі жөндеу жобасы экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылды. Сондықтан біз салмақты әрі жауапты шешім қабылдадық, – деді Алматы облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова.Қонаев қаласындағы жаңа Балалар үйі жеке инвестордың қаржысы есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге. Нысан қазіргі санитарлық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сай келеді. Мұнда кіші және ересек тәрбиеленушілерге арналған бөлек асханалар, спорт және акт залдары, оқу және ойын бөлмелері, психологиялық көмек кабинеттері мен кең әрі жайлы жатын бөлмелер қарастырылған.Ғимараттың қауіпсіздігі мен функционалдық аймақтарға бөлінуіне ерекше назар аударылған. Нысан өндірістік аймақтардан алыс, белсенді дамып жатқан тұрғын ауданда орналасқан. Жанында тұрғын үйлер мен халықаралық іс-шаралар өтетін мәдени кешен бар.Нысанды аралаған қонақтар оның сапасын жоғары бағалап, Балалар үйін республикалық деңгейдегі үлгілі әлеуметтік мекеме деп атады. Аула аумағы абаттандырылып, ондаған ағаш отырғызылған.– Жаңа Балалар үйі – бұл ең алдымен, әр бала үшін қауіпсіз және қолайлы орта, сондай-ақ тең мүмкіндік беретін мекен, – деді Ақмарал Атенбекова.Көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен мектеп жасына дейінгі және кіші сынып тәрбиеленушілері – 61 бала көшіріледі. Ал мектеп жасындағы балалар тамыз айының соңына дейін жаңа мекенге қоныстанады. Алматы қаласындағы ескі ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Инвестор Еңбекшіқазақ ауданында балаларға арналған шығармашылық орталық салу жобасын жариялады. Жаңа орталық өңірдегі ең ірі мекемелердің бірі болып, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1033639?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 12.07.2025
Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды.Аталған шара - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды.«Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.«ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.Қоғамдық келісім баспасөз қызметі#ҚХА30жыл  #30летАНК  #шымкент  #shymkent
Қазақстан Елшісі БАӘ Президентіне сенім грамоталарын табыстады 12.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 10 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға Сенім грамоталарын табыстады.Салтанатты рәсімнен кейін өткен әңгімелесу барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.Өз кезегінде Қазақстан дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.Сонымен қатар, Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.Кездесу соңында БАӘ Президенті Елшіні аса жауапты дипломатиялық  миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1033596?lang=kk
Ұландықтардың қырағылығының арқасында Оралда бала ата-анасына аман-есен табысталды 12.07.2025
Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің патрульдік жасағы педагогикалық институт маңындағы көшелердің қоғамдық тәртібін қадағалау барысында ересектерсіз жүрген баланы байқап қалған.Сарбаздар дереу баланың қасына барып, мән-жайды анықтауға тырысты. Әңгіме барысында оның адасып кеткені, қайда барарын білмейтіні белгілі болды. Әскерилер кідірместен баланы патрульдік көлікке отырғызып, полиция департаментіне қарай бет алды.- Бала жақындарынан көз жазып, қатты қорқып қалған екен, бірақ тез тіл табыстық. Бастысы - оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ата-анасын тезірек табу еді,  - деді лейтенант Саламат Әнуаров.Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде бала қысқа мерзім ішінде ата-анасына табысталды.Ұлын көрген анасы ерекше қуанып, Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1033579?lang=kk
Вадуцта саяси диалогты күшейтудің жолдары талқыланды 12.07.2025
Цюрих, 2025 ж. 11 мамыр. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және қоса атқарыпЛихтенштейн Князьдігіндегі Елшісі Қайрат Саржанов Князьдіктің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылығымен кездесулер өткізді.Лихтенштейн Ландтагының (парламентінің) төрағасы Манфред Кауфманмен әңгімелесу барысында тараптар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Лихтенштейнде жаңа парламенттік легислатурадың басталуы парламентаралық байланыстарды жандандыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Лихтенштейн Сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер бюросының директоры, Елші Мартин Фрикпен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ресми сапарларды ұйымдастыру және шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша пікір алмасты.Әңгімелесушілер конструктивті әріптестікті дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растап, елдер арасындағы саяси диалогты сапалы жаңа деңгейге көтерудің әлеуетін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1033568?lang=kk
Қазақстан мен Ауғанстан бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жандандыруға уағдаласты 11.07.2025
Кабул, 2025 жылғы 11 шілде – Ауғанстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесу өткізді.Теміржол көлігін, ауыл шаруашылығын, цифрлық инфрақұрылымды, пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту және өзара сауданы арттыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланды.ҚР СІМ басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазақстан химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жанар-жағармай материалдары мен минералдық тыңайтқыштар өнімдерінің жеткізілімін ұлғайту мүмкіндіктеріне ие.Осыған байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қол қойылған «жол картасына» сәйкес екіжақты тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге деген ортақ ұмтылыс расталды.Инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылды. М.Нұртілеу қазақстандық компаниялардың Ауғанстан аумағындағы ірі жобаларға қатысуға қызығушылық білдіретінін жеткізді. Атап айтқанда, пәкістандық порттар бағыты бойынша жүк тасымалдарын қамтамасыз ете алатын «Тургунди-Герат» теміржолын салу мәселесі қарастырылуда. Осыған орай тараптар екі елдің бейінді ведомстволары арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын құптады.Сондай-ақ Қазақстанның ауған халқына азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек жеткізуді жалғастырып, елдегі тұрақтылық пен орнықтылықты қолдау сияқты гуманитарлық көмек көрсетуге қосқан үлесінің маңыздылығы аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар басым салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар деңгейінде тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033543?lang=kk
Польша Сеймінде Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайту жолдары талқыланды 11.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 9 шілде – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Сеймінің вице-спикері Дорота Неджелямен кездесу өткізді.Қазақ дипломат Сейм өкілін екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы хабардар етіп, еліміздің Польшамен жан-жақты серіктестікті тереңдетуге бейілді екенін тағы да растады. Саяси байланыстарды нығайтуда парламентаралық диалогты жандандырудың маңыздылығы аталып өтті. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мақсатында парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру жоспарларын талқылады.Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мен инвестициялық серіктестікті тереңдету мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Польша ірі бизнесінің Қазақстан экономикасындағы белсенді қатысуы атап өтіліп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуеттің бар екендігі айтылды.Кездесу барысында Н. Жалғасбаев ү.ж. маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, Қазақстан Конституциясының отыз жылдығына орай жарияланған амнистия туралы Заң жөнінде поляк тарапын хабардар етті. Бұл қадамның Қазақстанның әділеттілік, гуманизм және заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға ұмтылысын толық айқындайтынын, сондай-ақ ашық әрі құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудағы Парламенттің конструктивті рөлін көрсететінін жеткізді.Сондай-ақ Қазақстанда тұратын поляк диаспорасының екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосып отырған ерекше көпір ретіндегі рөлі мен халықтар арасындағы дәстүрлі достықты сақтауға қосып отырған үлесі жайлы аталып өтті.Өз кезегінде, Д. Неджеля Елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Астананың Польша үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес екенін атап өтті. Вице-спикер Сеймнің сауда-экономикалық және парламенттік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1033532?lang=kk
Афина қаласында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы ынтымақтастық талқыланды 11.07.2025
Афина, 2025 жылғы 11 шілде – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин грек «Polyeco» компаниясының Негізін қалаушысы әрі Президенті Иоаннис Полихроно­пулоспен келіссөздер өткізді.Тараптар Қазақстандағы қалдықтарды басқару және ластанған аумақтарды қалпына келтіру бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады. Елші «жасыл» технологияларды дамыту Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың циркулярлық экономикаға жедел көшу, экологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және қауіпті қалдықтардың бақылауын күшейту жөніндегі стратегиялық міндеттерімен толық үйлесетінін атап өтті.Polyeco Group – өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды кешенді басқару бойынша толық лицензия алған Грециядағы алғашқы компания. Қауіпсіз кәдеге жаратудан бөлек, компания улы қалдықтарды баламалы отынға айналдыру, сұйық шығарындыларды химиялық-физикалық тазарту және бұрын ластанған алаңдарды рекультивациялау сияқты озық шешімдерді енгізеді.Қазақстан Елшісі Афина маңындағы бұрынғы оқ-дәрі зауытына барып, Polyeco компаниясы жарылғыш қалдықтарды залалсыздандыру және аумақты азаматтық мақсатта пайдалану үшін сәтті рекультивациялау технологияларын іс жүзінде көрсетті.Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық перспективаларын бірлесіп пысықтау және Қазақстанның мемлекеттік әрі жеке құрылымдарымен өзара іс-қимыл орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1033534?lang=kk
Курметті «Береке» шагын ауданынын тургындары! 11.07.2025
«Костанай каласы кімдігінін тургын уй-коммуналдык шаруашылык, жолау шылар келігі жэне автомобиль жолдары белімі» мемлекеттік мекемесінінКостанай каласы кімдігінін «Костанай жылу энергетикалык компаниясы»МКК осымен «Береке БМК» казандытынын «КЖЭК» МКК балансынаберілуіне байланысты, сіз біздін косіпорынмен кызмет керсетуге келісім- шарт жасасуыцыз кажет екендігіцізді хабарлайды.Келісім-шарт жасасуга арналган мекен-жайлар:Береке ш/а, 78 «А» уй (казандык гимараты) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Эл-Фараби дангылы, 32 ККО (коммуналдык кызметтер оргалыгы) жумыскундері сагат 9:00-ден 18:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 13:00-ден 14:00-ге дейін.Чехов кешесі, 107 (ЖЭО кіреберіс) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Бородин кешесі, 231 («КЖЭК» МКК) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Абай дангылы, 19 («Костанай-Су» МКК) жумыс кундері сагат 8:00-ден 17:00-ге дейін, тускі узіліс сагат 12:00-ден 13:00-ге дейін.Келісім-шарт жасасу ушін кужаттар тізбесі:Жеке басын куэландыратын кужаттын кешірмесі;Пэтерге кукык белгілейтін кужаттын кешірмесі (мемлекеттік тургын уй корынан сатып алу-сату, Жекешелендіру, сыйга тарту, айырбастау шарты, турчын уйді жалга алу шарты);Пэтерге техникалык телкужаттын кешірмесі (патер жоспары);Азаматтарта арналган укімет КЕАК меншік кукыгын тіркеу туралыхабарлама (аныктама).Аныктама телефоны: 57-70-24, 99-92-23.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1033517?lang=kk
Кәсіпкерлердің назарына. МКД тақырыптық салықтық тексерулер жүргізеді 11.07.2025
Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналардың (БКМ), POS-терминалдардың болуы және оларды қолдану мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізуде.2025 жылдың алғашқы алты айында мамандар 90 тексеру жүргізді, 78 әкімшілік материал жасалды: 64 – БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін және 14 – POS-терминалдардың жоқтығы үшін.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ӘҚБтК) 284 – бабы бойынша 64 кәсіпкерлік субъектісі, ӘҚБтК-нің 195-бабы бойынша 14 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар БКМ міндетті түрде қолданумен жүргізілетінін еске салады.Сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыруда БКМ қолданбағаны, сондай-ақ пайдалану орны бойынша Мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген: ескерту, қайталап бұзылған жағдайда-20-дан 40 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл (ӘҚБтК-нің 284-бабы). БКМ чегін бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 284-бабы).Сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға міндетті дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы – ескерту жасауға әкеп соғады, қайталап бұзылған жағдайда 40-тан 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (бап 195 ӘҚБтК). Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033483?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ III-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 11.07.2025
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы02.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3016.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3030.07.2025 ж., сағат 10.30-11.3013.08.2025 ж., сағат 10.30-11.3027.08.2025 ж., сағат 10.30-11.3010.09.2025 ж., сағат 10.30-11.3024.09.2025 ж., сағат 10.30-11.30 Павлодар қ., генерал Дүйсенов к-сі, 80, Азаматтарды қабылдау орталығы, 1 қабат8 (7182) 32-13-59 Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 4018 (7182) 53-59-00 Рысбек Минаймбекұлы Минаймбеков, Департамент басшысының орынбасарысәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 5028 (7182) 32-07-98 Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1033475?lang=kk
Қазақстан Елшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне сенім грамоталарын табыстады 11.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 10 шілде – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктер Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға сенім грамоталарын табыстады.Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында шейх Мұхаммед бен Заид Қазақстанға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрметі ерекше екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты.Өз кезегінде қазақ дипломаты жылы қабылдағаны үшін оған алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп келе жатқанына тоқталды.Сонымен қатар Абу Даби Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянның ү.ж. мамыр айындағы Астанаға ресми сапары және оның аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың сапалы жүзеге асырылуы, өзара қарым-қатынастарға тың серпін беру маңыздылығы туралы айтты.Кездесу соңында БАӘ Президенті ҚР Елшісін аса жауапты дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1033452?lang=kk