Қоғам
Бас прокуратура Комитеті 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жұмысын қорытындылады 15.07.2025
Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысын өткізді.Алқа жұмысына аумақтық және оларға теңестірілген департаменттердің басшылары, орталық аппарат пен аумақтық органдардың жеке құрамы қатысты.Отырысты аша отырып, Сәбит Нұрлыбай ағымдағы жылы Комитет прокурорларының назары мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ Бас Прокурор қойған басым міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.Кеңес барысында Комитет төрағасы орынбасарларының жетекшілік ететін қызмет бағыттары, сондай-ақ цифрлық жобаларды іске асыру бойынша есептері тыңдалды, қылмыстық қатерлерді болжау және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі басымдықтар талқыланды.Комитет пен оның аумақтық департаменттерінің қадағалау қызметі шеңберінде 489 тексеру, 9 577 мониторинг, 467 талдау жүргізіліп, 24 967 бұзушылық түрлері анықталды, 2 055 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, олар бойынша 7 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.Азаматтарға 2,9 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру», «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру», «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру».Ақпараттық жүйелерді жетілдіру мен дамыту және цифрлық жобаларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдары құқық қорғау қызметін цифрландыру қарқыны айтарлықтай өсті. Тергеліп жатқан Электрондық қылмыстық істердің үлесі 95%, ӘІБТ-ны электрондық форматта пайдалана отырып, әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың 98% құрады. «Бизнес» ТСОБТ жүйесіндегі заңсыз тексерулерден сенімді қорғалған.Прокурорлық сүзгіні іске асыру шеңберінде ӘІБТ және ТСОБТ жүйелерінде прокурорлардың тексерулерді келісу және инвесторларға қатысты әкімшілік іс жүргізулерді қозғау тетігі құрылды.Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласының «Есіл» ауданының Полиция басқармасы мен Ақмола облысының Қосшы қ. Полиция бөлімінің базасында «Цифрлық көмекшінің» пилоттық жобасын сынақтан өткізу іске қосылды.«Цифрлық көмекші» - бұл жай ғана құрал емес, қылмысты ашуда тергеушінің толық көмекшісі. Орнатылған жасанды интеллекттің, үлкен деректердің көмегімен жүйе істер арасындағы байланысты таба алады, болжам жасай алады және тергеу жүргізу үшін ғана емес, сондай-ақ қылмыстың алдын алу үшін де ұсыныстар бере алады.Президент Әкімшілігінің бейінді бөлімінің үйлестіруімен уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен үміттерін неғұрлым дәл айқындауға мүмкіндік беретін «Азаматтардың жолданымдарымен жұмыстың бірыңғай экожүйесін» құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Комитеттің әлеуетін пайдалана отырып, қылмыстық қатерлерді болжау және оларға қарсы іс-қимыл жүйесін қайта қарау шеңберінде қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы пилоттық режимде құрылды.Тұтастай алғанда Орталықтың бастапқы портфелі 5 жобадан - көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі, қайталама құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау, Халықаралық ақпараттық кеңістік мониторингінің Зияткерлік моделі, сондай-ақ «е-Өтініш» жүйесінің деректері негізінде әлеуметтік-сезімтал өтініштерді анықтау және есірткі құқық бұзушылықтарды мониторинг пен анықтау бойынша «Таргетинг-орталық» жобаларынан тұрады.Болжамдық-талдамалық қызметті жетілдіру шеңберінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері үшін нақты алдын алу шараларын әзірлей отырып, өзекті кибер-қатерлерді талдау бойынша басымдық айқындалды.Жұмысты қорытындылай келе Сәбит Нұрлыбай Комитет пен оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарын белгілеп, мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз ету, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ алдағы кезеңге еліміздің жоғары басшылығының тапсырмаларын сапалы орындау және Комитеттің болжамдық-талдамалық қызметін жетілдіру бағытын айқындады.#Заң_мен_Тәртіп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1034633?lang=kk
Шымкенттегі әскери қалашықта спорттық-ойын кешені ашылды 15.07.2025
Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балаларға арналған жаңа спорттық ойын алаңының ашылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш объект Әл-Фараби ауданы әкімдігінің және жобаға демеушілік еткен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынды.Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен салтанатты рәсімге Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Биболатов, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков, кәсіпкерлер мен әскери қалашықтың тұрғындары қатысты.Подполковник С. Биболатов әкімге және кәсіпкерлерге балаларға жасаған қолдау үшін алғысын білдірді.– Осы қаланың тұрғыны және әке ретінде барша отбасыны осындай қуанышпен құттықтаймын. Балаларымызды назардан тыс қалдырмай, олардың дамуына үлес қосқандарыңызға көп рахмет. Ынтымақтастығымыз нығайып, дамитынына сенімдімін, – деді ол.Өз кезегінде Әл-Фараби ауданының әкімі М. Мықтыбеков те осы жобаны іске асыруға қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.Алаң шартты түрде бірнеше аймаққа бөлінген: бір бөлігі – бүлдіршіндер үшін қауіпсіз ойын алаңы болса, екіншісі – үлкен балаларға арналған – спорттық тренажерлер және шағын футбол жаттығуларына арналған жабық алаң. Қойылған шатырлы сәкілер мен орындықтар қалашықтың тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1034589?lang=kk
Сауда 8,4%-ға өсіп,тауар айналымы 31 трлн теңгеден асты 15.07.2025
2025 жылдың 15 шілдесінде өткен Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы сауда саласындағы нәтижелер туралы баяндады. Алты айдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 8,4%-ға өсіп, жоспарланған көрсеткіштерден (8%) артты, ал жалпы тауар айналымы 31,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде көтерме сауда 9,2%-ға өсіп, 21,2 трлн теңгеге жетті, ал бөлшек сауда 6,6%-ға өсіп, 10,2 трлн теңгені құрады.Өсім негізінен көтерме сауданың 45%-дан астамын құрайтын тоғыз негізгі тауар тобы есебінен қамтамасыз етілді. Олардың қатарында мұнай мен мұнай өнімдері, газ, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, фармацевтикалық өнімдер, машина жасау, астық және темекі өнімдері бар. Аталған тауарларды жыл соңына дейін өткізудің болжамды көлемі 26,4 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте ішкі өндіріс үлесін арттыру арқылы осы көлемді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.«Жартыжылдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірлері оң динамика көрсетті. Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер – Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстары. Бұл өңірлердің үлесіне жалпы тауар айналымының 72%-ы тиесілі», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Сауда өсімі бойынша көшбасшы өңірлер: Түркістан облысы (+69,3%), Ақмола облысы (+45,4%) және Павлодар облысы (+22,3%).Министрлік сауда саласын үш негізгі бағыт бойынша жүйелі түрде дамытып жатыр. Бірінші бағыт – сауданың заманауи форматтарын дамыту. Ынталандыру тетіктері енгізіліп, заңнамаға өзгерістер енгізілді. Биыл ішкі сауда субъектілерін қолдауға 5,2 млрд теңге қарастырылған. Негізгі капиталға инвестиция тарту белсенді түрде жалғасуда, жоспар – 1 220 млрд теңге. Сауда саласында жалпы сомасы 168,4 млрд теңге болатын 33 нысаннан тұратын Ұлттық инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Сонымен қатар бөлшек сауда нарықтарын жаңғырту аяқталуға жақын.Екінші бағыт – электрондық сауданы дамыту. Жарты жылда e-commerce нарығының көлемі 10%-дан астам өсіп, бөлшек сегментте 1,5 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 1,3 трлн теңгесі Kaspi.kz, Hayk market, Forte, Jusan, Ozon және Wildberries сияқты алты ірі маркетплейс арқылы қамтамасыз етілді. Екінші жартыжылдықта драйверлер ретінде төрт dark store орталығының іске қосылуы, екі фулфилмент-орталықтың құрылысының аяқталуы және Қазпоштаның мультимодальды логистикалық орталықтар желісін іске асыру басталуы көзделіп отыр.Сонымен қатар Kaspi мен Қазпоштаның серіктестігі аясында Қазақстан–Қытай бағыты бойынша B2B форматындағы электрондық платформа іске қосылады деп жоспарлануда.Үшінші бағыт – көлеңкелі сауданы азайту. Министрлік тауарларды каталогтау және қадағалау бойынша шараларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Ұлттық тауарлар классификаторы (ОКТРУ) енгізілуде, таңбаланатын тауар позицияларының тізімі кеңеюде. Қаржы министрлігімен және «Қазақтелеком» АҚ-пен бірлесіп НКТ мен ЭКТ ұлттық каталогтарының интеграциясы аяқталуға жақын. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, нарықтардағы тауар айналымын цифрландыру мен ақша ағынының ашықтығын арттыруға бағытталған «Digital Bazar» жобасы іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1034558?lang=kk
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар 15.07.2025
Отандық кәсіпорындарды қолдау және өңірлік инвестштабтар: Олжас Бектенов экономикалық өсімді одан әрі қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар бердіҮкімет отырысында Премьер-министр экономика өсімінің оң динамикасын сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді.Негізгі капиталға салынатын инвестициялар мен тікелей шетелдік инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету керектігі атап өтілді.Осыған байланысты өңірлік инвестициялық штабтардың алаңын белсенді пайдалану міндеті қойылды. Жоғары технологиялық өнім шығару саласында экспортқа бағдарланған жобаларға баса назар аудару тапсырылды. Салалық ведомстволарға өңдеуші өнеркәсіп секторын дамуын қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді.«Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі үшін ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ете отырып, отандық кәсіпорындардың өндірістік жүктемесін арттыру керек. Мүдделі мемлекеттік органдар өңдеуге арналған шикізатты әкелу мәселелерін жан-жақты пысықтауға тиіс. Сонымен қатар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда тиісті инженерлік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету қажет. Осы бағытта халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын неғұрлым белсенді тарту керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
📢 Құрметті салық төлеушілер! 🏠 2024 жылғы мүлік салығы бойынша хабарламалар жіберіле бастады. 15.07.2025
📢 Құрметті салық төлеушілер!🏠 2024 жылғы мүлік салығы бойынша хабарламалар жіберіле бастады.🗓 Төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазанға дейін.Уақытылы төлеңіз – өсімпұлсыз!💳 Салықты төлеу жолдары:✅ e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы✅ Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары✅ egov.kz порталы және т.б.⚠️ Ескерту:2025 жылғы 2 қазаннан бастап төленбеген салық бойынша📩 берешек туралы хабарлама жіберіледі және📈 әрбір кешіктірілген күнге өсімпұл есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1034524?lang=kk
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай амнистия бойынша алғашқы әйел бостандыққа шықты 15.07.2025
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында алғашқы сотталған әйел бостандыққа шықты. Ол ҚР қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша сотталған 43 жастағы азаматша.«Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты амнистия туралы» Заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 23 маусымда қол қойған болатын. Бұл құжат кейбір санаттағы сотталғандарға жаза мерзімін қысқарту немесе толықтай босату түрінде жеңілдіктер беруді көздейді.Аталған әйел 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Жаңа заң аясында оның жаза мерзімі 7 айға қысқартылып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Мекеме қақпасында оны қызы қарсы алды.Қазіргі таңда өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 1700-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Болжам бойынша, олардың шамамен 250-і, оның ішінде 50-ден астамы әйелдер, амнистияға ілінуі мүмкін.«Әр іс жеке тәртіппен қаралады. Негізінен алғаш рет сотталған, қоғамға қауіп төндірмейтін, сондай-ақ әлеуметтік осал топқа жататын әйелдерге басымдық беріледі», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.Аталған амнистия Заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген гуманизм қағидаттарының көрінісі. Бұл құжат сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасап, жаңа өмірді бастауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1034527?lang=kk
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады: 15 шілдеден іріктеу басталады 15.07.2025
Талапкерлерге Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты есігін айқара ашады.Құжаттарды қабылдау 15–31 шілде аралығында, ал қабылдау емтихандары 1–20 тамыз аралығында өткізіледі. Оларға кәсіби-психологиялық іріктеу, соңғы медициналық тексеру, дене шынықтыру скринингі және мандат комиссиясы кіреді. Биылдан бастап «Электрондық үкімет» (e-Gov) порталындағы жеке кабинет арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Бұл процесті неғұрлым қолжетімді және ыңғайлы етеді.Болашақ офицерлерді даярлаудың оқу бағдарламалары командалық және техникалық бағыттардан инженерлік бағыттарға дейінгі негізгі әскери мамандықтарды қамтиды.Әскери оқу орындарының курсанттары төрт жыл мерзімге мемлекеттік білім беру бағдарламалары бойынша оқып, тегін тұрғылықты жермен, ақшалай үлеспен, тамақпен, заттай мүлікпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.Әскери жоғары оқу орнына түсу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгінуі, арнайы тексеруден өтуі, сондай-ақ ҰБТ нәтижелерін ұсынуы қажет.Бірінші курсқа қабылданған курсанттар арасында жақын және алыс шетелдердің әскери жоғары оқу орындарында оқуға іріктеу жүргізіледі. Шетелде оқығысы келетіндер оқу тілін білу тестінен және ҰБТ нәтижелерінің рейтингісінен өтеді.Әскери оқу орындарында оқуға, дене шынықтыруға және кәсіби тұрғыда өсуге барлық жағдай жасалған. Оқуды аяқтаған түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі, «бакалавр» академиялық дәрежесі бар мемлекеттік білім ордасында оқу – сұранысқа ие мамандықты алу ғана емес, сонымен қатар жұмысқа орналасу кепілдігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және алғашқы жылдардан бастап тұрақты қызмет ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1034482?lang=kk
🔰«Keden» АЖ асыл тастар мен бағалы металдарға мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын пайдалануға енгізуде 15.07.2025
💠 «Keden» ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің Индустрия комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін асыл тастар, зергерлік және басқа да бұйымдар мен асыл металдардан және асыл тастардан жасалған бұйымдар бойынша мемлекеттік бақылау актісін, сондай-ақ Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін өңделмеген табиғи алмастар бойынша мемлекеттік бақылау актісін беру функционалын іске қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1034495?lang=kk
💠Қазақстан Республикасына вейптер мен электронды темекілерді әкелуге тыйым салынады🚭 15.07.2025
💠Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасына вайп пен электрондық темекіні әкелуге қатаң тыйым салынатынын хабарлайды.💠ҚР ҚК-нің 301-1 бабының 2 бөлігі бойынша ВЕЙПТЕРДІ әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтарды әкелу, өндіру - екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей бас бостандықтарынан айырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1034502?lang=kk
✅Құрметті салық, төлеушілер! 15.07.2025
✅Құрметті салық, төлеушілер!Мемлекеттік кірістер комитеті салық, әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), онын ішінде СӘАЖ салық, төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдык бақылау хабарламаларын (бұдан әрі-хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы текСӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну женіндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады(https://cabinet.kgd.gov.kz) CEH СӘАЖ CTK-ғa толык ауысканға дейін.СӘИЖ салықтөлеушінің, кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұскаулығы СӘИЖ салықтелеуші кабинетінің Қолдау - Көмек - Анықтамалық, ақпарат бөлімінде орналастырылган.Сұрактарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:1. жана СТК-де тіркеу бойынша 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;2. СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СЭИЖ СТК-нің Қолдау - Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1034504?lang=kk
🔰ИС «Keden» тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру функционалын енгізеді 15.07.2025
🔰ИС «Keden» тіркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат беру функционалын енгізеді💠«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен берлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақ учаскелік және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруін (бұдан әрі – пестицидтерге қорытынды) жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 11 шілдеден бастап пестицидтерге қорытындысына өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 10 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде пестицидтерге қорытындысын алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.💠Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/60776 – өтініш берушілер үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз: +7 7172 73 55 19 +7 705 956 53 89 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz. Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1034512?lang=kk
Түркістанда алғаш рет самбодан Ұлттық ұлан чемпионаты өтіп жатыр 15.07.2025
Түркістан қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан біріншілігі басталды. Чемпионатқа құқықтық тәртіп әскерінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін сарбаздары мен офицерлері қатысып жатыр.Жарыс Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтуде. Ашылу салтанаты қызмет барысында қаза тапқан жауынгерлер бір минут үнсіздікпен еске алынды.Қонақтар қатарында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Сапар, Түркістан гарнизонының бастығы Талғат Мажимбеков және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбдісадық Халилаев болды. Олар жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.Сондай-ақ 2016 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Досбол Сапардың ата-анасы да сөз сөйлеп, ұлдарын ұмытпай, есімін құрметпен еске алып отырған Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығына алғыстарын білдірді.Ашылу рәсімінен кейін боз кілемге шыққан 70-ке жуық спортшы алғашқы белдесулерін өткізді. Жарысқа қатысушылар 7 командаға бөлініп, әр салмақ дәрежесінде жекпе-жекке түсті.Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Сәтжан Әбішевтің айтуынша, чемпионатқа Қазақстан мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де қатысып жатыр. Оның мәліметінше, Түркістанда алғаш рет ұйымдастырылған бұл дода алдағы уақытта басқа өңірлерде де жалғасын табады. Сонымен қатар, жарыста жеңіске жеткендер шілде айының соңында өтетін Ішкі істер министрінің кубогіне жолдама алады.Айта кетейік, чемпионат үш күнге созылады. Ұландықтар 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Финалдық белдесулер 16 шілде күні өтеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1034468?lang=kk
Неліктен жалақыны ресми түрде алу «конверттегі» жалақыдан тиімдірек? 15.07.2025
Қазақстанда әлі күнге дейін еңбек қатынастары ресми түрде рәсімделмей, жалақының бір бөлігі немесе толық көлемі «конвертпен» берілетін жағдайлар жиі кездеседі. Жұмыскерлер көп жағдайда бұл тәсілге келісіп жатады, алайда оның тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдарын толық түсіне бермейді. Ресми жалақыдан бас тарту – бұл әлеуметтік қорғаудан, болашақ зейнетақы жинақтарынан және күтпеген өмірлік жағдайларда мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігінен бас тарту деген сөз.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ресми жұмысқа орналасу – жай ғана формалдылық емес, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін негізгі тетік екенін ескертеді.Тәжірибеде «конверттегі» жалақының екі негізгі түрі бар:жалақының бір бөлігі ресми түрде төленеді, қалғаны – қолма-қол беріледі;қызметкер мүлде ресми түрде тіркелмей, бүкіл жалақыны бейресми түрде алады.Жұмыс берушілер мұндай жүйенің тиімділігін алға тартады: яғни салық пен әлеуметтік төлемдер төленбегендіктен, жұмыскердің қолына көбірек ақша тиеді деген пікір таралған. Алайда бұл – қате түсінік: мұндай тәсіл тек жұмыс берушіге тиімді, ең алдымен жұмыскердің өзіне зиян келтіреді. Зейнетақы және денсаулық мәселелеріРесми еңбек қатынастары:зейнетақы жинақтарының қалыптасуын;ипотека, автонесиелер және басқа да несиелерге азырақ пайызбен қол жеткізуді;еңбекке жарамсыздық парағы мен демалыс ақысының төленуін;еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда жәрдемақы алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Ресми жұмыс істемейтін адам зейнетақы аударымдарын ай сайын жинақтай алмайды, бұл зейнет жасына жеткенде қаржылық қауіпсіздік деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, бұл мерзімдегі еңбек өтілі есепке алынбайды, нәтижесінде бұл мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.Сондай-ақ тұрақты аударымдар болмаған жағдайда несие алу қиындайды – банктер несиеден бас тартуы мүмкін немесе жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынуы ықтимал.Еңбекке жарамсыздық жағдайында берілетін жәрдемақының мөлшері ресми табысқа, сақтандыру өтіліне және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне байланысты болады. Ал бейресми жұмыс істейтін азамат мұндай төлемдерден айырылуы мүмкін. Сондай-ақ еңбек демалысы үшін төлем де төленбейді. Әлеуметтік қолдаудан айырылу тәуекелдеріРесми еңбекке орналасу келесі әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді:жұмыстан босату немесе қысқарту кезінде өтемақы төлеу;жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар;декреттік төлемдер;міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы тегін медициналық қызметтер.Жұмыс беруші жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударады. Бұл төлемдер азаматтарға жұмыстан айырылған жағдайда, декреттік демалысқа шыққанда немесе басқа да қиын жағдайларда мемлекеттік қолдауға ие болуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, МӘМС жүйесіне қатысу тек тұрақты аударымдар арқылы ғана мүмкін болады. Бұл азаматтарға бекітілген тізім бойынша тегін медициналық көмекті пайдалануға жол ашады.Ресми табыс алмайтын әйелдерге жүктілік пен босану, бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар ең төменгі мөлшерде ғана төленуі мүмкін. Әрбір азамат өзіне тиесілі жалақыдан барлық міндетті төлемдердің (зейнетақы жарналары, әлеуметтік төлемдер, жеке табыс салығы, МӘМС және т.б.) толық көлемде аударылғанын «eGov.kz» электрондық үкімет порталы, «enpf.kz» БЖЗҚ жеке кабинеті, «kgd.gov.kz» сайтындағы салық төлеушінің кабинеті немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1034473?lang=kk
Аудан әкімі білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты 15.07.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар білім беру мекемелерін аралады.Алдымен аудан әкімі №1 «Аққайың» санаториялық бөбекжай-бақшасындағы атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын назарға алып, мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытындағы жұмыстардың барысын пысықтады.Сонымен қатар, №121 және №27 орта мектептерінің ауласында қазіргі таңда балаларға арналған ойын алаңын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі аталған алаңның қауіпсіздігіне мән беріп, сапалы құрылыс материалдарын қолдануды және жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Сапар соңында Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ауласындағы тас төсеуіштер төсеу жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалап, жасалынып жатқан жұмыс сапасына байланысты тапсырмалар берді.Аудан басшысы барлық нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылуы тиіс екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1034423?lang=kk
🔰Жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс келесі мүлікті өткізген кезде туындайды 15.07.2025
🔰Жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс келесі мүлікті өткізген кезде туындайды:1. Жылжымайтын мүлік (тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар, жеке тұрғын үй) меншік құқығы тіркелгеннен кейін 1 жылдан аз уақыт өткен соң сатылды.2. Жылжымайтын мүлік объектілері бар жер учаскелері (жеке тұрғын үй құрылысына, саяжайларға, жеке қосалқы шаруашылыққа, гараждарға арналған нысаналы мақсатта) — егер меншігінде бір жылдан кем болса.3. Егер меншігінде бір жылдан кем болса, нысаналы мақсаты бірдей, құрылыстары жоқ жер учаскелері.4. Басқа нысаналы мақсаты бар жер учаскелері.5. Инвестициялық алтын.6. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер, егер олар бір жылдан аз уақыт меншікте болса.7. Егер Эмитент ҚР-да тіркелген болса, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1034435?lang=kk
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті 15.07.2025
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өстіҚазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1034510?lang=kk
Облыстың медициналық инфрақұрылымын дамыту 15.07.2025
Медициналық инфрақұрылымОблыс халқының денсаулығын сақтау мақсатында өңірде 27 стационарлық медициналық мекеме жұмыс істейді. Олардың қатарына 16 аудандық, 9 қалалық және 2 ауылдық аурухана кіреді. Бұдан бөлек, қызмет көрсетіп тұрған мекемелер қатарында:* Облыстық фтизиопульмонология орталығы,* Психикалық денсаулық орталығы,* Жедел медициналық жәрдем станциясы,* АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы,* Қан орталығы,* 6 емхана,* 40 дәрігерлік амбулатория,* 73 фельдшерлік-акушерлік пункт,* 286 медициналық пункт,* 1 бастапқы акушерлік-гинекологиялық көмек бөлімі,* 1 арнайы медициналық жабдықтау базасы,* 2 медициналық колледж,* 2 сәбилер үйі,* 1 оңалту орталығы бар.Жаңа нысандар мен жаңғырту2023–2024 жылдары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынды. Оның ішінде:* 5 дәрігерлік амбулатория,* 19 фельдшерлік-акушерлік пункт,* 1 медициналық пункт бар.Атап айтқанда, Қостанай ауданының Московское ауылында ашылған амбулатория УДЗ кабинетімен, оңалту бөлмесімен және заманауи диагностикалық құрылғылармен (СМАД, Холтер, ЭКГ және т.б.) жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерді өз елді мекенінде алуға мүмкіндік беріп отыр.2024 жылы жекеменшік инвестиция есебінен «ECO CITY KZ» ЖШС Тобыл қаласында бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсетуге қабілетті, заманауи медициналық тәсілдермен жабдықталған емхана салып берді.2025 жылы Қостанай қаласында жекеменшік қаражат есебінен салынып жатқан №6 емхана пайдалануға беріледі.Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу2022–2025 жылдары аралығында облыстағы 20 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Жұмыстардың жалпы құны — 5,7 млрд теңге.* «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин ауданы, Елизаветинка ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт 52,6 млн теңгеге жөнделді.* Сонымен қатар 12 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізу үшін 18,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.2023 жылы жөндеу жұмыстары мына нысандарда жүргізілді:* Арқалық қаласындағы психикалық денсаулық орталығының бөлімшесі — 426,5 млн тг* Федоров аудандық ауруханасы — 328,7 млн тг* Амангелді ауданы, Қарасу ауылындағы ФАП — 38,5 млн тг* Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының үш қабатты ғимараты — 520,5 млн тг2024 жылы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында:* Меңдіқара ауданы, Қызыл Пресня ауылындағы ФАП — 36,7 млн тг* Меңдіқара ауданы, Степановка ауылындағы ФАП — 35,7 млн тг* Қарабалық ауданы, Новотроицк кентіндегі ФАП — 40,9 млн тг2025 жылы:* Облыстық фтизиопульмонология орталығының терапевтік корпусының 3–5 қабаттары — 294,7 млн тг* Жітіқара ауданы, Забеловка ауылындағы ФАП — 93,4 млн тгСонымен қатар:* 2024 жылдан бері Қостанай облыстық ауруханасының №1 перзентханасы — 1 033,5 млн тг* Сарыкөл аудандық ауруханасы — 1 705,2 млн тг сомасына күрделі жөндеуден өтуде.2022 жылы Аманқарағай орман өртінен зардап шеккен Аулиекөл ауданында:* Аулиекөл ауылында инсульт орталығы ашылды. Жобаға Булат Өтемұратов Қоры 1,1 млрд тг инвестиция құйды.* Аманқарағай ауылында «NAK Development» ЖШС демеушілігімен ФАП салынды — 125 млн тг.* Узункөл ауданы, Новопокровка ауылында да демеушілер есебінен ФАП бой көтерді — 40 млн тг.Бұл медициналық нысандар Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының балансына берілді.Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Арқалық аймақтық ауруханасының перзентханасын күрделі жөндеудің 3 жылдық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жалпы құны — 1,2 млрд тг:* 2023 ж. — 442,8 млн тг* 2024 ж. — 279,8 млн тг* 2025 ж. — 469,0 млн тгДенсаулық сақтау нысандарын ағымдағы жөндеу2022–2024 жылдары 2,1 млрд теңгеге 87 нысан ағымдағы жөндеуден өтті.2025 жылы 883,2 млн теңге сомасына 21 медициналық нысанды жөндеу жоспарланып отыр.Жүйелі жұмыс пен кешенді тәсілдің арқасында облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы бола түсуде. Қала мен шалғайдағы ауыл тұрғындарына бірдей жағдай жасалып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесі заман талабына сай жаңартылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1034405?lang=kk
Қазақстан мен Ислам даму банкі инфрақұрылымдық жобалар бойынша ниеттер туралы хаттамаға қол қойды 15.07.2025
Джидда қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Нұрлан Байбазаровтың Ислам даму банкінің (ИДБ) президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассермен екіжақты кездесуі өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін талқылады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесудің негізгі қорытындысы осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Ислам даму банкінен $1,1 млрд-қа дейінгі сомаға қаржыландыру тарту туралы уағдаластық болды.Қол жеткізілген уағдаластықтарға қосымша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды. Құжат тараптардың арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту шеңберінде исламдық қаржыландыру құралдарын қолдана отырып, жобаларды қаржыландыру тетіктерін тәжірибе жүзінде пысықтауға өзара дайындығын көрсетеді.Аталған ынтымақтастықты жүзеге асыру елдің инфрақұрылымдық дамуына қуатты серпін береді, 1,6 трлн теңгеден астам инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді және 16 мыңнан астам жұмыс орнын ашады деп күтілуде, бұл өз кезегінде Қазақстанның жедел индустрияландырылуына және экономикалық әртараптандырылуына ықпал ететін болады. Бұл бастама 2024 жылғы 25 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл туралы негіздемелік бағдарламалық келісімде айқындалған бағытты жалғастырады. Осы келісім аясында тараптар жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру ниетін растады. Жүзеге асырудың бірінші кезеңі климатқа тұрақты су ресурстарын дамыту жобасы болды, ол үшін Ислам даму банкі өз тарихындағы ең ірі қарыз — $1,15 млрд сомасына несие берді. Қаражат жалпы ұзындығы 3 618 шақырым болатын 8 су қоймасын салуға және реконструкциялауға, сондай-ақ 115 суару каналын жаңғыртуға бағытталған. Жоба елдің су және экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін негіз қалыптастырады.Кездесу барысында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымының қатысуымен исламдық инвестицияларды тарту мәселелерін қоса алғанда, исламдық қаржыландыру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1034382?lang=kk
Қазақстан мен Әмірліктердің сот жүйелеріндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 14.07.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 14 шілде – ҚР БАӘ-дегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Жоғарғы Сотының төрағасы Мұхаммед Хамад әл-Бадимен кездесті. Қазақстан дипломаты елімізде сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды реформалар жүргізіліп жатқанын, қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін атап өтіп, аталған игі істер азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін арттыруды көздейтінін айттыӨз кезегінде Мұхаммед Хамад әл-Бади сот жүйесі саласы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытып, осы маңызды салада жүргізіліп жатқан реформалардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.Сонымен қатар тараптар азаматтардың құқығын сот арқылы қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесуде Қазақстан Елшісі ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Э.Азимованың ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ү.ж. 12 қыркүйегінде «Құқық арқылы – бейбітшілік пен болашаққа» тақырыбында өтетін форумға шақыру хатын табыстады.БАӘ Жоғарғы Соты 1971 жылы 2 желтоқсанда құрылған. Оның құрамына Президент тағайындаған төраға мен 32 судья кіреді. Бұл құрылым елдегі ең жоғарғы сот ретінде төменгі соттардан алынған істерді, сондай-ақ федералды билік үшін ерекше маңызы бар істерді қарайды. Жоғарғы соттың шешімдері БАӘ-дегі барлық соттар мен органдар үшін түпкілікті болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1034373?lang=kk
Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 14.07.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Қабылдауға онлайн қосылып, өзінің ұсынысын жеткізген тұрғындар да болды. Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.Жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.Қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты басшыларға мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish.kz базасы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1034332?lang=kk