Enbekshi QazaQ

Қоғам

"БЖЗҚ" АҚ-дағыашықесіккүні:зейнетақыжүйесіндегіқұқықтаржәнеалаяқтықтан қорғану жолдарытуралыайтамыз 09.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақыжүйесіндегіқұқықтарыңыз: алаяқтардыңқұрбаныболмаужолдары" тақырыбында өткізілетін"Ашықесіккүні"онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз. Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac5a974ec1de4cbfc571c8aba010ccd2бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін  2512 663 5277және event-кеңестің паролін 1234 енгізу қажет.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1014084?lang=kk
Қостанай облысында «жасыл» алюминий өндіру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру мәселесі талқылануда 09.06.2025
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қытайдың East Hope Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаның перспективалары талқыланды. Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.Жоба аясында Қостанай облысында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, циркулярлы экономика қағидаттарына негізделген толық циклді алюминий өндіретін индустриялық парк салу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру 2025–2029 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өңірге тартылатын инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды.Бірінші кезеңде:жылына 6 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы;глинозем өндірісін іске қосу;барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымды салу жоспарланып отыр.Қостанай облысы сумен, газбен, электр энергиясымен қамту желілеріне, сондай-ақ теміржол мен автокөлік жолына жақын орналасқан 800 гектар жер телімін ұсынуда. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Облыс әкімінің ұстанымы:«Қостанай облысында алюминий өндіру жобасын іске асыру — стратегиялық маңызды қадам. Бізде барлық қажетті алғышарттар бар: табиғи ресурстар, инфрақұрылым, логистика және барлық деңгейде қолдау бар. Біз өндірістік кешенді толық орналастыруға және инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Құмар Ақсақалов.Аталған жоба Мемлекет басшысы алға қойған – әртараптандырылған, технологиялық және экологиялық тұрғыдан орнықты экономиканы қалыптастыру жөніндегі негізгі міндеттерге толық сәйкес келеді. Оның іске асырылуы Қостанай облысы мен бүкіл солтүстік өңірдің өнеркәсіптік дамуына қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014041?lang=kk
Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды 09.06.2025
Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды! 2025 жылдың 6 маусымы күні Бәйтерек ауданына қарасты Қаражар ауылында жаңадан бой көтерген медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Ауыл тұрғындары көптен күткен бұл әлеуметтік нысан – медицина саласын жетілдіру, алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауыл халқына қолжетімді қызмет ұсыну жолындағы үлкен қадам.Жаңа медициналық пункт заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған;Білікті медицина қызметкерлері қызмет көрсетуге дайын;Ауыл ішіндегі тұрғындарға жақын әрі қолайлы орналасқан;Алғашқы көмек, профилактикалық тексерулер және тұрақты ем-дом шаралары жүргізілетін болады.Ашылу салтанатына аудан басшылығы, медицина саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа нысанның ауыл дамуына қосар үлесі ерекше атап өтілді.Бұл – ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі. Ауыл тұрғындарының игілігіне арналған нысан бәрімізге ортақ қуаныш!«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, осындай игі істер жалғасын таба берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1014022?lang=kk
"ЖАСЫЛ ЕЛ" ЖАСАҚТАРЫ. 09.06.2025
Бастаушы ауылдық округіндегі «Жасыл ел» жасағы қызу жұмысқа кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1013979?lang=kk
"Жасыл ел" 09.06.2025
Мариногор ауылдық округінде жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» жастар тәжірибесінде жұмыс жасауда. Олар гүлзарларды аршып, суаруда, сонымен қатар балалар ойын алаңын да сырлап қойған. Жұмыс әлі де жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1013998?lang=kk
2025 жылдың маусым айына арналған салық күнтізбесі 09.06.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.Назар аударыңыз16-маусымға дейін:400.00 және 421.00 нысандары 2025 жылдың ақпанына арналған-акциздер бойынша декларация және салық салумен байланысты құрлымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп.20-маусымға дейін:328.00 форма үшін тауарларды әкелу жіне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш20-маусымға дейін төлеу:- Акциз- ЕАЭО-дан импорт бойынша корпоративтік табыс салығы25-маусымға дейін төлеу:ЖТС, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары әлеуметтік төлемдер;Бірыңғай жалақы төлем;КТС бойынша аванстық төлемдер;Төлем көзіндегі КТССыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1013954?lang=kk
Қарағанды облысының әкімі жас теннисшілерді құттықтап, марапаттады 09.06.2025
Қарағандыда үстел теннисінен 11 және одан кіші жастағы спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам жас спортшы қатысты. Олар медаль үшін алты күн бойы күресті. Қаншама эмоция болды десеңізші! Себебі, бұл өз сезімдерін жасыруды білмейтін, ол жоғалған жағдайда көз жасын ұстауды әлі үйренбеген балалар…Сөз жоқ, мықтылар жеңді. Қарағандылық спортшыларға келетін болсақ, қыздар үздік нәтиже көрсетті. Командалық есепте біздің құрама бірінші орынды иеленді! Стадник Злата, Тілегенова Жансая, Қосубаева Адия, Балтабай Жасмин және Колячкина Милана Қазақстан чемпиондары атанды. Командалық жарыста екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Қызылорда және Ақтөбе облыстары иеленді.Сонымен қатар, Стадник пен Тлегенова жұбы «күміс» медаль жеңіп алды, ал Злата аралас дуэтте екінші болды. Жарайсыңдар қыздар!Қарағанды облысының ұлдар құрамасы командалық есепте «қола»  медаль жеңіп алды, бұл да жақсы нәтиже.Осы жетістіктермен  облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев біздің спортшыларымызды ғана емес, Чемпионаттың барлық жүлдегерлерін де жеке құттықтап, марапаттады. «Біз чемпионаттың Қарағандыда, еліміздегі ең үздік теннис орталығында жоғары деңгейде өткенін мақтан тұтамыз. Оның қатысушыларының арасында болашақ әлем чемпиондары бар екеніне сенімдімін», - деді аймақ басшысы. Айтпақшы, Қарағанды облысында үстел теннисімен 13 мыңнан астам тұрғын айналысады, оның төрт мыңға жуығы ауылдық жерлерде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1013957?lang=kk
Алға! 09.06.2025
5-7 маусым аралығында Бұқар жырау ауданының Құрылыс ауылында көкпар, бәйге, аударыспақ, асық ату, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және теңге ілу сияқты  ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Онда біздің аймағымыздың қалалары мен аудандарынан қатысқан 400-ден астам өкіл жеңіс үшін күресті.Біріншіліктің салтанатты ашылуы мен марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы, Қарағанды өңірінің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Нүркен Қобжановтың қатысуымен өтті. Спортшылар мен қонақтарды ДШжСБ  басшысы Серік Сәпиев  қарсы алды. - Бұл жарыс-маусымның ашылуы. Шілдеде Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді, тамызда тағы бір іс-шара бар. Ал, қыркүйек айында біз маусымның жабылуын ауқымды түрде өткіземіз,-деп түсіндірді,  Қауымдастықтың вице-президенті Нұржан Шайхин, - Барлық жарыстар Қарағанды маңындағы Құрылыс ауылында ұйымдастырылады. Себебі, бұл орын қатысушылар үшін де, көрермен ретінде жарыстарға қатысқысы келетіндер үшін де ыңғайлы. Турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін ақшалай сыйлықтар қарастырылғанын атап өткім келеді. Сондықтан хабарландыруларды қадағалаңыздар және біздің ұлттық спорт мерекелерімізге келіңіздер!Маусымның ашылуында тек қатысушылар ғана емес, жанкүйерлер де көп болды. Сондықтан бастау сәтті болды.Көкпардан 2008-2010 ж. т. жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтіп, оның нәтижесі мынадай болды:1 орын-Қарқаралы ауданы;2 орын-Шет ауданы;3 орын-Нұра және Ақтоғай аудандары.Үздік ойыншылардан құрама құрылып, тамыз айында Алматы облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1013961?lang=kk
«Заң мен тәртіп басты назарда: Өскеменде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту шаралары талқыланды» 09.06.2025
Өскеменде «Заң және тәртіп: өзара іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту басымдықтары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Денис Шакенов қатысты.Кеңес жұмысына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыс прокуроры Алмат Байшұлақов, құқық қорғау органдарының басшылары, ЖОО ректорлары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Отырыста сөз сөйлеген Денис Шакенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті мемлекеттік және жеке құрылымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тек сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес жүргізумен шектелмей, қоғамда оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.«Біз жазалау шараларынан қарағанда жүйелі профилактикаға басымдылық береміз, оның негізінде қоғамдық сананың өзгеруі, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген түрін қабылдамауы жатыр. Алдын алу шараларына зор мән берілуде», — деп атап өтті Денис Шакенов.Отырыс барысында ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», «Бизнеске жол» жобалары сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы туралы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің қызметі туралы айтты.Өз сөзінің соңында Денис Шакенов сыбайлас жемқорлықты жою ісінде азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті бұдан былай да заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі, дәйекті және кешенді жұмыс жүргізеді. Біз жемқорылыққа қарсы сауаттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп, жұртшылықпен әріптестікті кеңейтуді және практикалық бастамаларды іске асыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті ол.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1013913?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінің 200-ден аса түлегі магистр дипломын алды 09.06.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері мамандарының оқуды аяқтауына байланысты салтанатты шара өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, оқытушылар, магистранттар, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов әскери басшылардың жаңа буынын құттықтай отырып, бұл оқиғаның елдің Қарулы күштері мен қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Ол жоғары білікті әскери кадр даярлау жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосатын профессорлық-оқытушылар құрамына, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне моральдық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол жаңа заманға сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін өзекті білімнің маңыздылығын атап өтті.- Қарулы күштерді болып жатқан өзгерістерге бейімдеу, басқару жүйесін жаңғырту және Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа технологияларды енгізу бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді ескере отырып, әскерлердің қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады. Университетте әскери құрылыстың, елдің қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерінің кең спектрі бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ол. ҰҚШҰ елдері Қарулы күштерінің түлектеріне арнаған сөзінде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов  алған білімдері оларға өздерінің қарулы күштерінің міндеттерін лайықты шешуге және біздің достас мемлекеттеріміздің әскери қауіпсіздігін нығайту ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. - Университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға бізге іс жүзінде пайдалы болатын іргелі, әрі мамандандырылған білім үшін алғыс білдіреміз. Барлық магистранттарға оларды қызметте табысты қолдануын тілеймін, - деп бөлісті "Қарулы күштер Бас штабының академиясы" факультетінің түлегі полковник Айбол Жүсіпов. Биыл мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен 217 түлекке магистр дәрежесі берілді. Оның ішінде Ұлттық ұланның 19,  ҰҚК Шекара қызметінің 12,  Төтенше жағдайлар министрлігінің 6 әскери қызметшісі бар. Сонымен бірге  Қырғызстан Қарулы күштерінің 5 және Тәжікстан Қарулы Күштерінің 11 өкілі оқуды аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша оларға ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі дәрежесі берілді. Оқудың барлық кезеңінде емтихандарды және қорытынды аттестаттауды "өте жақсы" бағасына тапсырған магистранттарға төсбелгі берілді. Олардың аты-жөні оқу орнының Құрмет тақтасына енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1013898?lang=kk
CarGoRuqsat тұрақты жұмыс істейді: Ресей Федерациясымен шекарадағы ағымдағы жағдайды түсіндіру 09.06.2025
Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте қазақстан-ресей шекарасындағы, атап айтқанда, «Жайсан» автомобиль өткізу пунктіндегі кезек белсенді талқылануда. Кейбір басылымдар жүк көліктерінің жиналуын cargoruqsat электронды кезек жүйесінің жұмысымен қате байланыстырды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кептелістің негізгі себебі 2025 жылғы 13 мамырда басталған "Жайсан" өткізу пунктінің алдындағы «Самара – Шымкент» республикалық тасжолы учаскесіндегі уақытша жол жұмыстары болып табылатынын, бұл жұмыстың аяқталуы шамамен 2025 жылғы 7 маусымға жоспарланғанын хабарлайды. Жөндеу шеңберінде көлік қозғалысы уақытша бағдаршам мен құрылыс шлагбаумын қолданумен шектеледі, бұл жолдың өткізу мүмкіндігін төмендетеді.Ресей тарапынан «Сагарчин» өткізу пунктінде тек екі жолақ жұмыс істейді, ал Қазақстан тарапынан "Жайсан" өткізу пунктінде төрт жолақ жұмыс істейді. Бұл өткізу мүмкіндігінің теңгерімсіздігін тудырады және кезектің пайда болуына ықпал етеді.Qoldau.kz цифрлық платформа базасында жұмыс істейтін CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі мемлекеттік шекараны цифрландырудың тиімді құралы болып табылады. 2023 жылы үшінші елдермен шекарада енгізілгеннен бері өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігі 61%-ға ұлғайды. ЕАЭО елдерімен шекарада жүйе арқылы 230 мыңнан астам жүк автомашинасы өтті.CARGORUQSAT ЭКЖ тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын алдын ала брондау мүмкіндігін, брондаудың ашық және тең шарттарын, берешектердің болуы немесе құжаттарды ресімдеу қажеттілігі туралы автоматты хабарламаны, сондай-ақ қажет болған жағдайда жеке тариф бойынша жеделдетіп өтуді ұсынады.Жалпы, ЭКЖ көлік ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді, шекарадан өту процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, адам факторының ықпалын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, осыған байланысты жиналып қалудың себебі болып табылмайды.Ағымдағы жағдайды ескере отырып, тасымалдаушыларға ұсынылады:- шекарадан өту уақытын алдын ала брондау және таңдалған уақытта өткізу пунктіне келу;- жол жағдайы және жүру жолындағы ықтимал шектеулер туралы ақпаратты уақтылы қадағалау;- өткізу пунктінде кептелісті болдырмау мақсатында Комитет тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды CarGoRuqsat жүйесінде электрондық кезекті брондауға және келу күнін қатаң сақтауға шақырады;- әлеуметтік желілердегі тәртіпті бұзуды көздейтін арандатушылыққа және жалған ақпаратқа сенбеу, сондай-ақ бағдарлама- боттарды және жүйені айналып өтудің өзге де схемаларын пайдаланудан бас тарту – мұндай әрекеттер бақыланады және жолы кесіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013867?lang=kk
Дипломдық жұмыстарды қорғау 09.06.2025
2025 жылдың 9 маусымында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында және жастар арасында құқықтық мәдениет пен құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде дипломдық жұмыстарды қорғауда мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ретінде қатысты.Дипломдық жұмыстарды қорғау барысында құқықтық жүйені дамытуға және заңнаманы іс жүзінде қолдануға байланысты өзекті тақырыптар қарастырылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1013883?lang=kk
Миролюбовка ауылдық округінің ауылдарында суармалы суды іске қосу 09.06.2025
Миролюбовка ауылдық округінің әкімдігі Миролюбовка және Раздольное ауылдарында сенбіліктер ұйымдастырды, олардың барысында жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін бөгет орнату жұмыстары жүргізілді. Бастама жазғы кезеңде тұрғындардың үй учаскелерін үздіксіз суаруды қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті тұрғындар іс-шараға белсенді қатысты, бірлескен күш-жігермен су беруді тиімді реттеуге және су ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бөгет орнатылды. Әкімдік сенбілікке қатысқан барлық бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралар Ауылда өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында одан әрі жалғасатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1013895?lang=kk
Ливандағы Армян шіркеулерінің рухани көсемімен кездесу 09.06.2025
9 маусымда Бейрутта Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы Ливандағы Армян шіркеулерінің рухани көсемі Арам Біріншімен кездесті. Сұхбат барысында қазіргі адамзат өркениетінде діннің алып отырған рөлі, сан алуан сенім-нанымдардың арасындағы түсіністік орнатудың маңызы бойынша пікір алмасылды. Ливан ғана емес, дүние жүзіндегі армяндарының көрнекті қайраткері болып табылатын Арам Бірінші бүгінгі күнде түрлі аймақтық түйткілдерді реттеуде Қазақстанның жылдан жылға өсіп келе жатқан салмағын атап өтті. Осы ретте ол тиісті игі бастамалардың қатарында Астанада өтетін Әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне қызығушылық танытты.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1013834?lang=kk
Ерейментау ауданында ірі агроөнеркәсіптік жоба іске асырылмақ 09.06.2025
Ерейментау ауданында ауқымды инвестициялық жоба – «BIG FARM» ЖШС-нің мал шаруашылығы кешенінің құрылысы қолға алынуда. Жалпы көлемі 32 мың гектардан астам аумақты қамтитын бұл агроөнеркәсіптік жоба сүт-тауар фермасын, бордақылау алаңын, ет және сүт өңдеу зауытын, сондай-ақ заманауи суару жүйесін іске қосуды көздейді. Бірінші кезеңде 2 000 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы салынып, кейіннен оның қуаттылығы 5 000 басқа дейін ұлғайтылмақ. Бұған қоса, 10 000 басқа арналған бордақылау кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтар іске қосылады. Жоба аясында 250 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Жобаны шетелдік инвесторлар қолдап отыр. Өңірге шетелдік серіктестер делегациясының сапары аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ауыл шаруашылығын дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыруды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1013767?lang=kk
Аналитикалық анықтама 09.06.2025
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша Ақтау қаласы                                                                                  2025 жыл «  »                                                  Кіріспе бөлімі Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындау себептері мен жағдайларын анықтау және азайту белгіленген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүргізіледі. Бұл заң сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға және зерделеуге бағытталған. Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізуге міндетті. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданады. Мақсат – мемлекеттік органдарда ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтарды болдырмауға бағытталған ұсыныстарды енгізу, сондай–ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау. Осы мақсатта, 2023 жылғы 16 қаңтарда бекітілген №21 Агенттік төрағасының бұйрығына және басқа да әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі талдау жүргізілді. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы 2025 жылғы 3 сәуірдегі №154 бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 7 сәуірде Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға жауапты жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамында: Бокаева Галия –Департаменттің заң басқармасының басшысы, Құдайберген Райхан – Ұйымдастыру–қаржы басқармасының басшысы, Утегенов Ертуган Кенесович – аудит басқармасының басшысы, Джақанқызы Мадина – өндірістік емес жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы, Сейлов Магжан – камералдық мониторинг басқармасының басшысы, Смирнов А. – жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Мырзалиев А. – берешекпен жұмыс басқарма басшысы Оспанов С. – пост кедендік бақылау басқармасының басшысы, Омаров Б. –дәрменсіз борышкелермен жұмыс  басқармасы, Шамуратов С. – кедендік әкішілендіру басқармасы басшысы, Салиев Нурберген – тарифтік реттеу басқармасыСыртқы және ішкі факторлар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Талдау кезеңі: 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы маусымға дейін.                                            Сипаттамалық бөлімСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережесі және өзге де нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды. Көлік салығын төлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы мүмкін. Бұл тәуекелдер салық төлеуші мен уәкілетті орган өкілінің арасындағы тікелей байланыс кезінде пайда болуы ықтимал. Атап айтқанда, кейбір тұлғалар салық мөлшерін азайту, төлем мерзімін кейінге шегеру немесе басқа да артықшылықтарға заңсыз жолмен қол жеткізу мақсатында жемқорлық әрекеттерге бара алады. Мұндай жағдайлар мемлекеттік органның ашықтығы мен әділдігіне күмән тудырып, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне кері әсер етеді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік бюджеттің толық орындалуына кедергі келтіріп, жалпы әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы болады. Аталған тәуекелдерді жою үшін көлік салығын төлеу процесін толық цифрландыру қажет. Барлық рәсімдер онлайн платформа арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл адам факторын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтар үшін ыңғайлы әрі әділ жүйе қалыптастырады. Автоматтандырылған жүйе жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мынадай бағыттар бойынша зерделенді: Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу; Деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін; Мөлдірліктің болмауы — автоматтандырылған бақылаудың болмауы процесті ашық емес және сыртқы араласуға осал етеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша тұрақты негізде қабылданып жатқан шаралар; Этикалық нормаларды сақтау, қызметтік тәртіп, ұжымдағы моральдық климат. Қазіргі уақытта көлік салығы кейбір жағдайларда қолмен жүргізілетін тізілімдер негізінде есептеледі, бұл салық органдарының немесе басқа уәкілетті құрылымдардың лауазымды тұлғаларымен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл келесі тәуекелдермен қатар жүреді: Біркелкі ережелердің болмауы; Жекелеген көлік құралдарын салық базасынан әдейі алып тастау мүмкіндігі;Есептеудің дұрыстығын жедел тексеру мүмкіндігінің болмауы; Талдау мен кейінгі бақылау жүргізу кезінде қиындықтар. Осы орайда жемқорлық тәуекелдерін талдау үшін өткізілді – Салықты есепке алу мен есептеу кезінде қолмен жүргізілетін тетіктерді қолдану келесі әлеуетті жемқорлық тәуекелдерін тудырады: Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу; Деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін; Мөлдірліктің болмауы — автоматтандырылған бақылаудың болмауы процесті ашық емес және сыртқы араласуға осал етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою бойынша ұсынымдар: Біріншіден Автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу; Салық базасын қалыптастыру кезінде ақпаратты қолмен енгізуді болдырмау, Тіркелген көлік құралдары туралы ақпаратты салықтық есептеулермен автоматты түрде салыстыруды қамтамасыз ету; Есептеулердің дұрыстығын бақылау модулін енгізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою мақсатында: Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; Электрондық ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану; Қызмет көрсету кезінде тұлғалық байланысты болдырмау; Құжат айналымының ашықтығын қамтамасыз ету;Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау.                                                                      Жұмыс тобының мүшелері:Бокаева Галия ХайырлаевнаҚұдайберген  Райхан Утегенов Ертуган КенесовичОспанов Сериккали Буркитович Сейлов Магжан МугаевичРакашова Джанаргуль ЕламановнаСмирнов Андрей ЮрьевичМырзалиев Амал МырзалиевичОмаров Бахтияр СагындыковичДжаканқызы  МадинаШамуратов Султан ИсаевичСалиев Нурберген АйтбаевичАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013707?lang=kk
Қр су ресурстары және ирригация вице-министрі жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды 09.06.2025
  Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмен болуына байланысты суды үнемдеп, егісті әртараптандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аталған мәселеге байланысты Қазалы ауданында Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров келіп, аудандағы шаруашылық жетекшілері және су бөлімшелері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті.Вице-министрі Нұрлан Жанұзақұлы жұмыс сапары барысында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов және тиісті сала басшыларымен бірге Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабы мен аудандағы күріш егумен айналысатын шаруашылық «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің егіс алқабына барды.Аудан әкімі вице-министрге биыл Қазалы ауданы бойынша 18245 жерге ауылшаруашылығы дақылдары, оның ішінде күріш дақылын 6436 гектар жерге орналастыру жоспарланғанын айтты. Алайда Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты суды үнемдеу мақсатында күріш белгіленген жоспардан 800 гектарға кем, яғни 5636 гектарға орналастырылғанын жеткізді.Нұрлан Жанұзақұлы алдағы уақытта Сырдария өзеніндегі су деңгейі төмендеген жағдайда жоғары магистралды каналдардан арнайы насостар арқылы төменгі каналдарға су жіберу мақсатында тиісті жұмыстар жасалатындығын айтты. Сонымен қатар тиісті сала басшылары мен шаруашылық басшыларына мүмкіндігінше суды тиімді пайдаланып, тиісті өнімді алуға бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді.Айта кетейік, бүгінде жалпы аудан бойынша күріш егумен 9 шаруашылық айналысады. Қазіргі таңда барлық шаруашылық бойынша егілген 5636 гектар күріш дақылының барлығы толықтай суға бастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1013712?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар мен іс-шаралар жоспары 09.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар мен іс-шаралар жоспары №Сыбайлас жемқорлық тәуекелі  сипаттамасыІшкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері негізіндегі ұсыныстарОрындалуын растау нысаныУәкілетті мемлекеттік органның  позициясы Орындау мерзімі1Салық сомасын әдейі кем есептеу арқылы салық төлеушіге жеңілдік жасау және оның орнына жеке пайда табу;Салық төлеушілердің дербес шоттарына заңсыз түзетулер енгізу; Тәуекелдерді уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, өзгерістерді тіркеу және мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жүргізу.ҚР ҚМ МКК-не ұсыныс бойынша хат жолдауҰсыныс Салық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу шеңберінде қаралады.1 жыл ішінде2Көлік салығын төлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы;Салық төлеушіге артықшылық беру мақсатында ішкі ақпаратты беру;Ішкі процестер мен шешімдерді жариялау, қоғаммен байланыс орнату арқылы қызметкерлердің әрекеттеріне қоғамдық бақылауды арттыру.ҚР ҚМ МКК-не ұсыныс бойынша хат жолдау Ұсыныс Салық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу шеңберінде қаралады.1 жыл ішінде                                                                  АРБ басшы м.а.                                                                                                                                       А. Онгаров  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013720?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні 09.06.2025
2025 жылғы 11 маусымда (10:00 (Webex), 12:00 (Webex), 14:00 (Webex), 16:00 (Webex) "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта "Ашық есік күнін" өткізеді.Іс-шараның тақырыбы: "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары".Ақпаратты неліктен тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алу маңызды? Қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болады? Ақылы кеңес беру қызметін ұсынатын үшінші тараптардан қандай қауіптер туындауы мүмкін? – БЖЗҚ қызметкерлері осы және басқа да сұрақтарға жауап береді, зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары, Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді.Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac5a974ec1de4cbfc571c8aba010ccd2Event-кеңестің нөмірі: 2512 663 5277Event-кеңестің паролі: 1234           "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын), БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1013681?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті Көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабарлайды 09.06.2025
💠ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметкеқатысушыларды көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы хабарлайды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мынадай төлемдер төленуге тиісКедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды (ҚР Үкіметінің 05.04.18 ж. № 171 Қаулысымен бекітілген).💠Әкелу үшін төленетін кедендік алымдар – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес айқындалады. Салық мөлшерлемесі қозғалтқыштың шығарылған жылына, көлеміне және түріне байланысты және 0% - дан 18% - ға дейін өзгеруі немесе өлшем бірлігіне байланысты белгіленген мөлшерде белгіленуі мүмкін (ЕЭК Кеңесінің 14.09.21 г № 80 шешімі).Акциз–жеңіл автомобильдерге және негізінен адамдарды тасымалдауға арналған, қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден асатын өзге де моторлы көлік құралдарына қатысты төленеді, акциз ставкасы 1 куб см үшін 100 теңгені құрайды (Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағы).Қосылған құн салығы (ҚҚС) – салық салынатын импорттың 12% (ҚР Салық кодексі).Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және көлік құралдарын әкелу кезінде міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге шақырады.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Сіз аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына хабарласа аласыз немесе https комитетінің ресми сайтына кіре аласыз:/ kgd.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013557?lang=kk