Қоғам
🔰Табиғатты аялау – ортақ міндет. Талас өзені жағасында экологиялық сенбілік өтті 02.06.2025
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен Талас өзені жағасында экологиялық акция – сенбілік ұйымдастырылды.Табиғатты қорғауға бағытталған шараға 300-ге жуық адам белсене қатысып, нәтижесінде өзен жағасынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс шығарылды. Бұл бастама өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.Акцияның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа табиғатты сүюді, оны қорғап-қадірлеуді үйрету. Мұндай игі шаралар жастарға экологиялық тәрбие беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісіне айналады.Табиғатқа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1009945?lang=kk
«Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 02.06.2025
Қазақстанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды.Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаматтарға салық және кеден саласында кеңес берді.«Халық заңгері» құқықтық демократиялық мемлекетіміздің, ортақ үйіміздің дамуына үлес қосып келеді. Мұнда заңның үстемдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау басымдыққа айналуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1009958?lang=kk
«Қиялымдағы демалыс» 02.06.2025
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қиялымдағы демалыс» атты кітапханадағы жазғы лагерь маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға жазушы Оразай Жеңіс қатысты. Ол балаларды мерекемен құттықтап, білімді болу үшін кітапты көп оқыңдар деген тілек білдірді. Мереке барысында балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылды.Балаларды бірнеше ойын аймақтары күтіп тұрды:«Кескіндеме тарихы» – ШҚ өнер музейінің жылжымалы көрмесі,«Шытырман оқиғалы арал» – қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар,«Ашық аспан астындағы оқу залы» – оқу мен қарым-қатынасқа арналған жайлы кеңістік. Түрлі-түсті костюм киген көңілді аниматорлар барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, ән- жырдан шашу шашылды, кітапхананың "Керім-ай" би тобының биші бүлдіршіндері де атсалысты. Оқырмандарға әзірленген кітап көрме күні бойы жалғасын тапты. Сондай-ақ, кітапқұмар балалар үшін «Эмиль балмұздақ фабрикасы» ЖШС балмұздақ таратты. Кітап оқу – қызықты іс! Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына келіп жазда кітап оқыңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1009837?lang=kk
Қазақстан мен Корея тарихи жадыны сақтау және жастар алмасуы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты 02.06.2025
Сеул, 2025 жылғы 31 мамыр – Сеул қаласында Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Корея Республикасының Патриоттар және ардагерлер істері жөніндегі министрі Кан Чжон Э арасында кездесу өтіп, сұхбаттасушылар гуманитарлық диалогтың, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу Корея Республикасының Патриоттар және ардагерлер істері жөніндегі министрлігі ұйымдастырған делегацияны Қазақстанға және бірқатар Еуропа елдеріне (Франция, Бельгия және Нидерланды) тарихи этникалық корейлерге қатысты тарихи орындарға баруға шығарып салу рәсімі аясында өтті. Делегация құрамына тәуелсіздік күрескерлерінің ұрпақтары мен жас көшбасшылар кіретін 30-дан астам қатысушы енді.Іс-шарада сөйлеген сөзінде қазақ дипломаты Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың жоғары қарқынын атап өтіп, екі елді ортақ мәдени құндылықтарға, өзара құрмет пен тарихи байланыстарға негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік біріктіретінін жеткізді. Сондай-ақ, ол этникалық корейлердің Қазақстанның дамуына қосқан елеулі үлесіне назар аударды.Елші тарихи жадыны сақтау саласындағы сындарлы ынтымақтастықты ерекше баса айтты. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы шешіміне сәйкес генерал Хон Бом Доның сүйегі Корея Республикасына құрметпен қайтарылғанын еске салды.Өз кезегінде, Министр Кан Чжон Э бұл жастар сапарының ерекше маңызын атап өтіп, қатысушыларды ата-бабалар ерлігін терең түсінуге шақырды.Жалпы, корей делегациясының алдағы сапары Қазақстан мен Корея халықтарының арасын одан әрі жақындастыруға және жастар алмасуын дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1009846?lang=kk
«Кел, балалар, оқылық» 02.06.2025
1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б. Х. Нарымбетовтың қатысуымен мектеп жасындағы балаларға арналған «Кел, балалар, оқылық» сериясымен шығарылған үш томдық антологияның тұсаукесерін өткізді. Кітап тұсаукесері Мәдениет басқармасы мен Білім басқармасының қолдауымен өтті.Іс шарада Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы Жанұзақ Аязбекұлы, көрнекті ақын, жазушы Ақылбек Шаяхмет, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Әбутәліп Әмірұлы, Серікбай Оспанов, Суслова Александра Ильинична, Жандос Жүсіпбек, Абылай Мауданов және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.Антологияға халқымыздың ұлы тұлғалары — ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, барша қазақты оятқан Міржақып Дулатов сынды Алаш арыстарының өнегелі шығармалары енгізілді. Сонымен қатар бұл жинақ қазіргі таңда әдебиетке жаңа леп әкеліп жүрген жас қаламгерлердің туындыларымен толықты. #ҚазақстанбалаларыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1009870?lang=kk
Көлік және логистика — Қостанай облысының экономикалық дамуының қозғалтқышы 02.06.2025
«Авиация және көлік логистикасын дамыту — елдің аумақтық байланыстылығын қамтамасыз ету мен тең мүмкіндіктерге қол жеткізудің негізі», — деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде.Бүгін Қостанайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды талқылау аясында транзиттік-логистикалық сала мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Басқару, бизнес және қоғам өкілдері өңірдің көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады.Облыс автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша елде бірінші орын алады. 2025 жылы автожол желісін дамытуға 104,7 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылға қарағанда 42%-ға көп. Жоспарға 1 200 км жол және 103 елді мекендегі 382 көшені жөндеу кіреді. Арнайы назар ауылдық елді мекендерге апаратын жолдарға аударылып отыр: үш жыл бұрын 20 учаске жөнделсе, биыл — 80.«Екінші жыл қатарынан Қостанай облысына облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге еліміздің барлық өңірлері арасында ең көп қаржы бөлініп отыр», — деді жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Есенжолов.Республикалық маңызы бар жолдардың — Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Ұзынкөл – Троебратное, Бестөбе – Ақтөбе облысының шекарасы, Арқалық – Ұлытау облысының шекарасы сынды учаскелердің жөнделуі белсенді жүргізілуде. Соңғы учаскенің жөнделуін аяқтағаннан кейін күнделікті көлік ағыны 150-ден 2 500 машинаға дейін артады деп күтілуде.Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий бағытындағы жаңа тасжол жобасының маңызы зор. Бұл жол елдің орталық және батыс өңірлері арасындағы қашықтықты 560 км қысқартып, Қазақстанның халықаралық логистикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Осы жобалардың әсері айқын. Біріншіден — жүктер мен жолаушылардың жылдам әрі ыңғайлы тасымалдануына қолайлы жағдай жасау. Бұл өз кезегінде жол бойындағы барлық өңірлерде экономикалық белсенділікті арттырып, бизнестің дамуына, сауда мен қызмет көрсету саласының өсуіне септігін тигізеді.Сонымен қатар, магистралдың Транскаспий халықаралық тасымалдау бағытына шығуы Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбектердегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл жаһандық экономикалық ахуалдың өзгеруі жағдайында сауда қатынастары мен бағыттарға тез бейімделу үшін өте маңызды.Бизнес өкілдері жол бойындағы сервис пен мультимодальды логистиканың дамуын ерекше атап өтті.«Облысымыз жалпы транзиттік ағынның орталығына айналады. Географиялық орналасуы Қостанайды Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы негізгі транзиттік түйіндердің біріне айналдырады. Осы жобалар костанайлық өндірушілердің өнімдерінің, әсіресе агроөнеркәсіп, машина жасау және қайта өңдеу саласындағы өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етіп отыр», — деді кәсіпкер Валерий Сусаренко.Кәсіпкерлер халықаралық тасымалдау саласындағы оң өзгерістерді де атап өтті. Рұқсатнамалар алу процедурасын жеңілдету рәсімдерді аптамен емес, бір күнде аяқтауға мүмкіндік беріп, бұл әсіресе АӨК пен машина жасау кәсіпорындарының сыртқы нарықтарға шығуын айтарлықтай жеңілдетті. Тасымалдау құнының 30%-ға төмендеуі костанайлық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.Логистикалық процестерді цифрландыру жалғасуда — Рұқсаттар ақпараттық базасы (РАБ) аясында интеграциялық шешімдер енгізіліп, транзитті жеделдетіп, операциялардың ашықтығын арттырады деп күтілуде.Дөңгелек үстел қатысушылары транспорт саласын тұрақты дамытудың негізгі факторы — мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы екеніне бірдей келісті.«Мемлекет басшысының Астана, Арқалық, Торғай, Ырғызды жалғайтын жаңа автомобиль магистралын салу туралы тапсырмасы — еліміздің логистикасын дамытуда маңызды қадам болады. Машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салалары қатарында бұл сала Қостанай өңірінің экономикасын дамытуда төртінші — стратегиялық маңызы бар бағытқа айналады», — дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1009878?lang=kk
Әскер спортшысы Ангелина Лукас Даниэла Асэньхоға қарсы реваншта жеңіске жетті 02.06.2025
Таразда қазақстандық Ангелина Лукас пен чилилік боксшы Даниэла Асэньхоның жекпе-жегі айқын жеңіспен аяқталды. Қарқынды жекпе-жекте Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атынан қатысқан Ангелина Лукас чилилік спортшы Даниэла Асэньходан сенімді реванш алды. Кездесудің алтыншы раундынан кейін Асэньхоның өзі жеңілгенін мойындағанда аяқталды. Бұл жеңіс Ангелина үшін ерекше маңызды болды. Екі жыл бұрын ол Даниэлаға есе жіберген болатын. Бұл жеңіліс Ангелинаның спорттық мансабында жалғыз жеңілісі еді, содан бері ол реваншқа дайындалып, осы уақытқа дейін алдында мақсат қойып жүрді.– Осы уақыт ішінде мен тек реванш алуды ойладым, – деді Лукас жекпе-жектен кейін, – міне, кездесу өтті, бұл жекпе-жектің туып-өскен және жаттығып жүрген қалам Таразда өткеніне қуаныштымын. Жерлестер мен әсіресе, әскери қызметшілердің қолдауы маған қосымша күш берді.Ангелина Лукас Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа және Қазақстан армиясының барлық әскери қызметшілеріне ерекше алғысын білдірді. Тараз гарнизоны бөлімшелерінің әскери қызметшілері, оған қоса «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі салмақ өлшеу рәсімінде де, жекпе-жек алдында өткен дәстүрлі face-to-face кездесуінде де спортшыны қолдап, оған жауынгерлік рух беріп, жеңіс тіледі. Ангелинаны қолдауға «Тараз-Арена» спорт кешеніне ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы басшылығының өкілдері, әскери бөлімдер мен Тараз гарнизонының әскери қызметшілері, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев келді. – Ангелинаның жеңісі – өзі үшін ғана емес, Қазақстан Қарулы күштерінің спорты үшін де, бүкіл ел үшін де үлкен жетістік, – деп атап өтті генерал-майор Е. Ыбыраев Ангелинаны құттықтап. Спортшыны достары, жанкүйерлері мен әріптестері жылы лебізімен құттықтап, оны бірауыздан мықты деп атады. Енді оның мансабында жаңа көкжиектер ашылады, ал бұл жеңіс барлық қазақстандық спортшыны рухтандырудың жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1009739?lang=kk
медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың проблемалық мәселелері бойынша 02.06.2025
2024 жылғы 18 қарашада "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің бастамасымен ZOOM форматында медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың проблемалық мәселелері бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізді сырттай-проактивті куәландыруға арналған 031/е нысандары. Ескертулер назарға алынды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009769?lang=kk
Қазақстанның мемлекеттік басқару мәселелерін AIF алаңында ЭЫДҰ-мен талқылау 02.06.2025
Астана халықаралық форумы (AIF) шеңберінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару директоратының басшысы Эльза Пиличовскимен жұмыс кездесуі өтті.Экономикалық тұрақтылықты арттыру жөніндегі панельдік сессиясының мәселелері мен ЭЫДҰ дайындаған Қазақстанның мемлекеттік басқаруына Қысқаша шолуы талқыланды. Вице-министр инклюзивтікті және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асыру бойынша іс-шаралар туралы айтты.«Адамға бағдарланған» моделін құруға бағытталған Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы басты назарда болды. Негізгі бағыттары –басқару деңгейлері арасындағы ресурстарды және өкілеттіктерді теңгерімдеу үшін орталықсыздандыру, сондай-ақ бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдету үшін бюрократиядан арылту.Тараптар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқаруын жақсарту бойынша ұсыныстарды қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1009714?lang=kk
"Халық заңгері" Республикалық акциясы 02.06.2025
2025 жылғы 30 мамырда Жақсы ауылында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті.Іс-шара аясында азаматтар прокурордың орынбасарынан, адвокаттардан, нотариустан, жеке сот орындаушысынан, сондай-ақ Жақсы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті атқарушы органдарының мамандарынан білікті кеңестер алды.Ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық көмек ала алды. Келіп түскен өтініштердің ең көп саны әлеуметтік жәрдемақы алуға, мұраны ресімдеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларға және жеке кәсіпкерлікті тіркеуге қатысты болды.Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.Акцияның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1009662?lang=kk
Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне техникалық оқыту 02.06.2025
2024 жылдың 29 қараша күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г.Хамиева мен бөлімнің бас маманы К.Ермекова, “ Азаматтарға арналған Үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, практикалық көмек көрсету мақсатында әдістемелік- техникалық оқыту жүргізді.Әдістемелік-техникалық оқыту барысында бас тартулар мен қайта өңдеулер бойынша сұрақтар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009673?lang=kk
Қазақстан «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесіне алғаш рет қатысты 02.06.2025
Джакарта, 2025 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі сән шараларының бірі – «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесіне алғаш рет қатысты. Аталмыш шара 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Джакарта қаласында өтті. Қазақстан атынан құрметті қонақ ретінде белгілі дизайнер Аида Кауменова өз бренді «Aida KaumeNOVA» аясында жаңа топтамасын ұсынды.31 мамырда өткен эксклюзивті көрсетілім сән апталығының жарқын мәдени сәтіне айналды. «Prêt-à-porter de luxe» санатындағы топтама заманауи пішіндер мен күрделі қиылымдарды қазақ этностиліндегі айшықты элементтермен ұштастырды. Қазақ даласының табиғатынан және бай ою-өрнек мұрасынан шабыт алған дизайнер маталар, түстер мен пішіндердің үйлесімі арқылы көркемдік поэзия жасады.Шараға 5 мыңнан астам іскер және шығармашылық қауым өкілдері, сән индустриясының сарапшылары, дипломатиялық миссиялар, БАҚ және кең жұртшылық қатысты. Қазақстандық дизайнердің көрсетілімі үлкен қызығушылық туғызып, ұйымдастырушылар мен кәсіби орта тарапынан жоғары бағаланды.«Мұндай беделді халықаралық алаңда Қазақстанды таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл топтама – халқымның мәдениетіне деген тағзым әрі сән тілі арқылы әлеммен сұхбат», – деді Аида Кауменова.Қазақстандық дизайнерлік мектептің қатысуы «Kazakhstan Fashion Week» негізін қалаушылар Саят Досыбаев пен Алексей Чженнің, сондай-ақ Владимир Помукчинскийдің серіктестік қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанның «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесінде таныстырылуы елдің әлемдік сән аренасындағы мәдени бейнесін нығайтудың маңызды қадамы болды және мемлекеттер арасындағы шығармашылық, мәдени ынтымақтастықтың дамуына үлес қосты.2011 жылдан бері Индонезия сән кәсіпкерлері мен дизайнерлері қауымдастығының (APPMI) бастамасымен өткізілетін «Indonesia Fashion Week» – ұлттық брендтер мен жаңа есімдерді әлемге танытатын өңірдің ең ықпалды алаңдарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1009685?lang=kk
діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша 02.06.2025
2024 жылғы 26 қараша күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне Атырау облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс мониторинг және ақпараттықталдау бөлімінің бас маман/заңгер Е.Ерғалиев және «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының теологы Р.Қалмазұлының қатысуымен өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру бойынша семинар жиналыс өткізілді.Семинар жиналыс барысында қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009690?lang=kk
2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды 02.06.2025
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет еткен сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік гранттар табысталды. Сертификаттарды тапсыру салтанатты жағдайда өтті. Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жауынгерлік оқу үздіктерін құттықтады. Қорғаныс ведомствосы басшысы орынбасарының қолынан 2024 жылдың көктемінде шақырылып, мерзімді әскери қызметтен өткен 22 сарбаз оқу сертификаттарын алды. ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі – мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға, жас мамандарды қолдауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бастама.– Конкурстық іріктеуге Қарулы күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызмет еткен 17500-ден астам сарбаз қатысты. Араларыңызда әскери оқу орындарына түсіп, офицер болуға шешім қабылдағандардың барына қуаныштымын. Бұл армиядағы қызмет жауапкершілік, тәртіп және патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастырғанын білдіреді. Оқуда да, қызмет ету кезеңінде де жоғары нәтиже көрсететіндігіңізге күмәнім жоқ, – деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Министрдің орынбасары Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін түрлі жеңілдіктерді арттыру жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыра беретінін жеткізді. Әділ және ашық іріктеу жүргізу үшін «Sarbaz 2.0» ақпараттық жүйесі құрылды. Онда барлық әскери бөлімдер тіркелген және бүкіл қызмет кезеңінде сарбаздардың үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелер көрсетілген.Енді кешегі сарбаздар ҰБТ тапсырмай, мемлекет есебінен оқудан бөлек, шәкіртақы алуға, тегін жатақханада тұруға және әскери кафедраға конкурссыз қабылдануға құқылы.Ғылым және жоғары білім министрлігінен азаматтық жоғары оқу орындарына 2010 грант, Қорғаныс министрлігінің әскери институттарына 253 орын, Ұлттық ұлан академиясына 36 орын, ҰҚК Шекара қызметі академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді.ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 44813 әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткерген Владислав Внуковский мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің атынан алғыс сөз сөйледі.– Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет ету мен үшін тек батылдық, тәртіп пен төзімділік мектебі ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйренуге баға жетпес уақыт болды. Мен еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын қорғауға қабілетті, қуатты және кәсіби армияның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын.Бүгін қолыма сертификат алып, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсіп, әкемнің жолын қуып, офицер болу туралы шешім қабылдадым, – деді Владислав Внуковский.Іс-шараға әскердегі қызметі арқасында жетекші университеттерге түскен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1009626?lang=kk
«Бұл гаджеттерден жақсы»: ҚАЖ қызметкерлері балаларға ерекше сыйлықтар сыйлады. ҚАЖ қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай акция өткізді 02.06.2025
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балаларды қолдауға бағытталған «Әлемді бірге көрейік» атты іс-шара өткізді.ҚАЖ мекемелерінде 300-ден астам бірегей сыйлықтар дайындалды: Брайльдің тактильді әліпбиі, мамандандырылған шахматтар мен дойбы, грифельдер, ойыншықтар, пижамалар мен тәттілер. Сыйлықтар еліміздің тоғыз өңіріндегі мамандандырылған мектептер мен кітапханаларға жеткізілді, оларға 100-ден астам зағип және нашар көретін балалар ие болды.- Бұл гаджеттерден әлдеқайда жақсы. Мұндай бұйымдарды дүкеннен сатып ала алмайсың және біздің қамқорлықтағы көптеген балалар үшін олар қол жетімді емес. Бірақ енді осындай сыйлықтардың арқасында біздің балалар дойбы мен шахмат ойнай алады. Брайль әліпбиінің көмегімен оқуға үйренеді. Осындай қажетті сыйлықтар үшін рахмет! - деді Өскемен қаласының зағип және нашар көретін мамандандырылған кітапханасының кітапханашысы Қарақат Әбдірасұлова.Акция әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналды, ҚАЖ қызметкерлерінің және тағдырға немқұрайлы қарамайтын барлық ерекше балалардың күш-жігерін біріктіретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1009653?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Azizi Group» басшылығымен кездесу өткізді 02.06.2025
Астана, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу әмірлік «Azizi Group» компаниясының төрағасы Мирваис Азизимен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында министр шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және туризмді дамыту бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, елдің түрлі өңірлерінде қонақ үйлер мен туристік нысандар салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Бұдан бөлек Ауғанстандағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде сауда мен логистиканы кеңейту мақсатында «Azizi Group» компаниясының банктерін («AZIZI Bank» және «Islamic Bank of Afghanistan») пайдалану мүмкіндігін талқылады.«Azizi Group» – жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, қонақ үй бизнесі, инвестиция, капиталды басқару, қайырымдылық және қаржы (Ауғанстанда) салаларында жұмыс істейтін Дубайдағы жетекші девелоперлік компаниялардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1009566?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және өзгерістер» 02.06.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 31 қазаныңда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Департамент басшысы Б. Асаиновтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі офицері- Ж.Е.Байшеркешовтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және өзгерістер» бойынша ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009534?lang=kk
"мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптау мен оңалтудың өзекті мәселелері" 02.06.2025
06 Қараша 2024ж., "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ бастамасымен "№3 қалалық емхана " ШЖҚ КМК базасында Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті" РММ-мен бірлескен семинар-кеңес өткізілді Атырау облысы бойынша "мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптау мен оңалтудың өзекті мәселелері" тақырыбында.ақпараттық анықтама ұсынылды 2024 жылдың 9 айындағы медициналық-әлеуметтік сараптаманың проблемалық мәселелері. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланатын регламенттеуші нормативтік-құқықтық актілердің тиісінше орындалмауын бақылау бойынша ақпарат берді. Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес күндізгі және сырттай-белсенді куәландыруға сапалы және уақтылы жіберу мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Барлық ескертулер ескерілді. ДКК емдеу-профилактикалық мекемелерінің басшылары мен төрағаларына дербес жауапкершілік туралы ескертілді. Ақпаратта көрсетілген барлық ескертулерді пысықтау - негізсіз куәландыруға бағытталған ресми хаттарды ұсыну; мүгедектігі бар және жиі - ұзақ ауыратын контингенттің жеке есебі бойынша база құру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009537?lang=kk
Қызылордада Конституцияның 30 жылдығына арналған көшпелі сараптамалық кездесу өтті 02.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде көшпелі сараптамалық кездесу өтті.Шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева, Бас прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.Конституциялық Соттың судьясы Айгүл Қыдырбаева 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі ережелері туралы жан-жақты айтып берді. Бұл реформа нәтижесінде Конституциялық Сот жаңартылған форматта қайта құрылды. Кездесуде органның жаңа өкілеттіктеріне, азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізу мәселелеріне және Конституциялық Сот шешімдерінің орындалу маңыздылығына ерекше назар аударылды.Диалог барысында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда конституционализм қағидаттарын ілгерілету бойынша ағартушылық қызмет мәселелерін талқылап, пікір алмасты.Айгүл Қыдырбаева Конституциялық Соттың ашықтық пен айқындық принциптеріне негізделген жұмысына тоқталып, азаматтық қоғаммен және ғылыми қауымдастықпен одан әрі диалог жүргізуге дайын екенін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1009545?lang=kk
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 02.06.2025
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009505?lang=kk