Enbekshi QazaQ

Қоғам

Асылбек Тойлыбаевты еске алуға арналған “Аққан жұлдыз” атты кеш өтті 30.05.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында әнші Асылбек Тойлыбаевты еске алуға арналған “Аққан жұлдыз” атты кеш өтті.Кеш барысында өнер иесінің шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, оның орындауындағы танымал әндер шырқалды. Сонымен қатар, “Әлі де саған ғашықпын”, «Сезім сеңгірі”, “Жетісудың қыздары-ай”, “Жан қарындасым”, “Асыл менің жеңешем”, “Сен жаным”, “Сұлу қыздар” сынды әндер орындалды.Асылбек Тойлыбаев 1981 жылы дүниеге келген. Ол Жетісу өңірінің белгілі әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты болды. Талдықорған қаласындағы музыка-өнер мектебінің ұстазы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті ретінде еңбек етті. Өкінішке орай, 2020 жылы 39 жасында өмірден озды.Кешке келген көрермендер мен әріптестері әншінің өнеріне деген құрметтерін білдіріп, оның жарқын бейнесін еске алды. “Аққан жұлдыз” кеші Асылбек Тойлыбаевтың шығармашылығын ұлықтап, оның өнерін болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1008218?lang=kk
ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама 30.05.2025
«Келісілді»ШҚО бойынша МКД басшысы___________Бимагамбетов С.С.«_____»____________2025 жыл ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтамаӨскемен қаласы                                                     «___»________2025 жыл I.Кіріспе бөлім Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) жұмыс тобы ШҚО бойынша МКД басшысының 2025 жылғы 14 наурыздағы №71 бұйрығының негізінде ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшілердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.Үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ШҚО бойынша МКД-да келесі бағытта жүргізілді:ШҚО бойынша МКД-ның жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Бөлімшілердің жұмысында пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа әке соғатын, дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықталады.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 01 мамырдан бастап 2025 жылдың 01 мамырға дейін жүргізілді.Сыбайлас жемқорлықты талдау Жұмыс тобымен жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар (мамандар) қатысқан жоқ.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағытта жүргізілді:1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;2) мүдделер қақтығысын реттеу;3) мемлекеттік қызметтер көрсету;4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.II.Сипаттама бөлігі1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауын жүргізгенде, ШҚО бойынша МКД және оның аймақтық бөлімшелерде персоналды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарына және де басқа заңдарына сонымен қатар нормативтік-құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.2025 жылдың 01 мамырына сәйкес облыстың мемлекеттік кірістер органның жалпы саны 495 бөлігін құрайды (факті 464), соның ішінде Департамент саны 257 бөлік (факті 244), аймақтық мемлекеттік кірістер органның саны 238 бөлік (факті 220).2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін облыстың мемлекеттік кірістер органның 92 адам ауысқан (Департамент 40 адам, аймақ 52 адам), соның ішінде мемлекеттік органның ішінде 19 адам, ауысу 65 адам (соның ішінде 19 адам басқа себептермен), басқа мемлекеттік органға ауысу жұмыстан шығарылған 08 адам.2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін тәртіптік жауапкершілікке 107 лауазымды қызметкер тартылған.2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар  жасалған жоқ.2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметін өту процесстерін анықтау кезінде (бос орындарға конкурстарды жариялау, тәртіптік жазаларды салу, кәсіптікті жоғарлау мен қайтадан даярлау, тәлімгерлік және т.б.) осы процесстер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес екенін көрсетті.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында персоналды басқару бағыты бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.2 Мүдделер қақтығысын реттеу Мемлекеттік қызметте әдепті бақылау сыбайлас жемқорлықты, әдеп бұзушылықтарды алдын-алу және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша маңызды механизмін құрайды.   Әдеп жөніндегі уәкіл институтын іске асыруы әсері осыған әкеліп, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен қызмет тәртібін одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қосымша механизмін құрылуына себеп болды.ШҚО бойынша МКД-да Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары ШҚО бойынша МКД-ның басшысының орынбасарына тағайындалған.Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын, 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін талдау барысында, ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен есеп мерзімінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жұмыс жүргізілгенін анытқатлған.  Тоқсандық есептерді, жазылған өтініштерді талдау кезінде мүдделер қақтығысы  анықталған жоқ.Ереженің 9 тармақшасының 4 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайдыШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында көрсетілген жеке тұлғаларды, заң тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне және Ереженің 9 тармағы 3 тарауына сәйкес ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдауды жүргізеді.ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін 11 жиналыс өткізіліп.ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік кірістер органның 68 қызметкерлерден сауалнама алынды.Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы ашық болып танылды.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.3 Мемлекеттік қызмет көрсетулерШҚО бойынша МКД-мен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін 638 338 мемлекеттік қызмет берілген, соның ішінде 458 626 жеке тұлғаларға, 179 712 заңды тұлғаларға. Мемлекеттік қызмет электронді түрде 634 179 немесе 99,3%, қағаз жүзінде 4 179 немесе 0,7%.Талдау нәтижесінде қағаз жүзінде берілген мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан республикаының заңнамасына сәйкес деп танылды.Мысалы, ШҚО бойынша МКД-мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірі – «алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны беру»Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны алу үшін өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.ШҚО бойынша МКД-мен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша 380 лицензия берілген және алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату бойынша 5 лицензия берілген.Сонымен қатар, осы мерзімде берілген өтініштері сапалық талаптарына сәйкес емес бойынша себептемелі бас тарту болған жоқ.Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша лицензиялар «Электронді үкімет» веб-порталында www.egov.kz e-license қосымшасында беріліп, лицензия беруші мен қызмет алушы арасында тікелей байланысы көзделмеген.ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 4.Рұқсат беру функцияларын іске асыруШҚО бойынша МКД-ның жұмысында рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру1.Тәуекелдің сипаттамасы: Салық кодексінің 100 бабы 3 тармағына сәйкес заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер Салық кодекстің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде тіркеу органға беріледі. Тіркеу органға заңды тұлғамен тарату өтінішін берген кезде, Унификацияланған орталық есеп шот ақпараттық жүйесінде автоматты түрде мәліметтерді беру туралы сұраныс қойылады.Сұраныспен жұмыс істеген кезде, қызметкер келесі себептермен бас тарту туралы қалыптастыру мүмкіншілігі бар: «тарату балансын бермеу», «қолданыстағы банк есеп-шоттарын жабу туралы банктен анықтаманы бермеу», «салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда немесе жоғалту және буліктену туралы түсінікті беру», «салық міндеттемелерді орындамау», «заңды тұлғаны тарату себебімен құжатамалық тексерісті аяқтамау немесе оны жүргізбеу», «Оңайлатылған түрде заңды тұлғаны тараткан кезде камералдық бақылау нәтижесінің негізінде қорытындысын жоқтығы».Алайда, осы талап, яғни: заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде мәліметтерді беру Салық кодексінің 64 бабымен көзделмеген.Сонымен қатар, жұмыс кезінде заңды тұлға бір-ретте қайта ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына және КЕАҚ өтініш берген. Бұл ретте КЕАҚ есептен алып тастау туралы хабарлама жіберген.Содан соң, Ақпараттық жүйелерде, Салық кодексте мәліметтерді беру туралы көзделмегеніне байланысты, құжаттық тексеріс аяқталмағанымен, заңды тұлға қайта ұйымдастырылды.Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салық кождексінің 100 бабына  өзгерістер енгізіп, 3 тармағына: Салық кодексінің 64 бабының негізінде заңды тұлғаның таратқан кезде ақпараттық жүйелерге тиісті толықтырулар енгізілсін.Аяқтау формасы: Салық кодексіне және ақпараттық жүйелерге тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) 2025 жылдың 17 сәуірдегі № КГД-11-1-18/15412-МКК хатына сәйкес Комитетімен осы ұсыныс қабылданып отыр.Осыған орай,  Салық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізу Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделген.2.Тәуекелдің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрдің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген есеп шоттарды жүргізу Қағидаларының 42, 43 тармақтарына сәйкес есеп жүргізу бөлімінің қызметкерімен салық міндеттемелерді, яғни: жанама салықтарды төлеу бойынша Есептеу (кеміту) тізілімін қолды түрде жүргізіледі.Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салықтөлеушілердің жолданған өтініштердің негізінде олардың міндеттемелерін көрсетіп, сонымен қатар, автоматты түрде есеп шоттарға таратуды қарастыру (есептеу (кеміту) тізілімін қолды түрде өзгертуге тыйым салу).Аяқтау формасы: Есептеуге (кемітуге) енгізу тізілімін қолды түрде өзгертуге функциясын алып тастау.Комитеттің 2025 жылдың 17 сәуірдегі № КГД-11-1-18/15412-МКК хатына сәйкес Комитетімен осы ұсыныс қабылданып отыр.     Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына Комитетінде «есептеуге (төлемдерге) байланысты процестерді автоматтандыру жолымен қолмен жүргізілетін есептеулерді (азайтуларды) жүргізуді болдырмау» іс-шарасы енгізілді, оның ішінде сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен ықпалдасу жолымен».3.Тәуекелдің сипаттамасы: Салық кодексінің 71 бабына сәйкес салық органдары лауазымды адамдарының салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.Куәгерлер ретінде салық органдары лауазымды адамының және салық төлеушiнің (салық агентінің) әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем болмайтын кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылуы мүмкін.Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және өзіне қатысты әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.Салықтық зерттеп-қарау жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін  куәгерлердің болмаған жағдайда, салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында фото және (немесе) бейне жазбаларды міндетті түрде қосуға. Лауазымды қызметкерлерімен куәгерлерді тандау міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелін болуына әкеліп соғады, себебі қатысқан тұлғалардың санатын бұзуы (мүдделі қызметкерлер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, салық төлеушінің құралтайшылары т.б.).Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салық кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда, соның ішінде: тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы ақпарат көрсетіледі.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Салық кодексінің 70 бабы 3 тармағына өзгерістерді енгізіп, келесідей  көрсетілсін: салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда, соның ішінде: тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, сонымен қатар, салықтық зерттеп-қарау кезінде жүргізілген салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растайтын ақпарат -фото және (немесе) бейне жазбалар.Аяқтау формасы: Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізу.Комитеттің 2025 жылдың 29 сәуірдегі № КГД-20-1-16/15714-МКК хатына сәйкес жаңа Салық кодексінің жобасында осы толықтыру көзделгенін хабарлайды.Осылайша, жаңа Салық кодексі жобасының 175-бабының 4-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісіне фотографиялық суреттер мен негативтер, бейнежазбалар немесе іс-әрекет жасау кезінде орындалған басқа да материалдар қоса тіркелуі мүмкін.  Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында екенін қосымша хабарлаймыз.6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуШҚО бойынша МКД-ның жұмысында жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануШҚО бойынша МКД-ның жұмысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.9.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (салықтар мен басқа төлемдерді жинау)ШҚО бойынша МКД-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы                                                                       Т. Бейсекенов  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізу бойыншаүлгілік қағидаларына 2-қосымшаБекітемінШҚО бойынша МКД басшысы_____________С.Бимагамбетов«___» _____________2025ж. Сыбайлас жемқорлық тәекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарыШығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті№п/пҰсынымдарІс-шараІс-шараның аяқтау нысаныОрындаушыларІс-шараның орындау мерзімі1Салық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізуЖаңа Салық кодексі щеңберінде көзделгенСалық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізу Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделгенҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсетулер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы2026-2027 жылдары2Ақпараттық жүйелерге өзгерістерді енгізу«Есептеуге (төлемдерге) байланысты процестерді автоматтандыру жолымен қолмен жүргізілетін есептеулерді (азайтуларды) жүргізуді болдырмау» іс-шарасы енгізу кезінде, оның ішінде сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен ықпалдасу жолымен»Ақпараттық жүйелерге өзгерістерді енгізуҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсетулер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы2026-2027 жылдары3Салық кодексіне өзгерістер енгізуЖаңа Салық кодексі щеңберінде көзделгенСалық кодексіне өзгерістер енгізуҚР ҚМ МКК Әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасы 2026-2027 жылдары  ШҚО бойынша МКД АРБ ҚТБ басшысы                                                                                                   Т. БейсекеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1008195?lang=kk
2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1017210?lang=kk
2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1016987?lang=kk
2025 Астана Халықаралық Форумы жаһандық ынтымақтастыққа үндеумен ашылды 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Бүгін Астана Халықаралық Форумы 2025 салтанатты ашылу рәсімімен басталып, екі күн бойы стратегиялық диалог пен шекара аралық ынтымақтастық алаңына айналады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған осы жылғы форум «Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау» тақырыбы аясында әлемдік көшбасшыларды ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылауға біріктірді.Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Тоқаев көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі әлемдегі маңыздылығына ерекше тоқталды: «Соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп ыдырауда. Протекционизм күшеюде. Көпжақты қатынастар әлсіреуде. Осы қалыптасып жатқан бейберекет жағдайда бізге жүктелген міндет айқын: ынтымақтастық бар жерде оны сақтау, бұзылған жерде – қалпына келтіру. Қазақстанның көздеген мақсатты – әр алуандықтағы бірлік» – деді.Форум аясында бірқатар беделді спикерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордана Сильяновска-Давкова, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсе, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дуньюй және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Қазір Жасыл Өсу жөніндегі жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун. Сессияны CNN International тілшісі және жүргізушісі Джулия Чаттерли жүргізді.Қазақстанның даму жолына бағалаған Руанда Президенті Поль Кагаме: «Қазақстанның өркендеуі – елдің көшбасшылығының, табандылығының және халқының көрінісі», – деді.Солтүстік Македония Президенті Гордана Сильяновска-Давкова жаһандық дағдарыстарды шешу жолдары туралы сөз қозғап: «Бүгінгі сын-қатерлерге төтеп беру үшін бізге ұжымдық даналық пен тәжірибені жедел әрі тиімді пайдалану қажет», – деп атап өтті.Ален Берсе демократиялық құндылықтардың жаһандық қауіпсіздік үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп: «Біз бұл жерде қауіпсіздік, энергетика, климат және экономика мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Алайда мойындайық – егер демократия әлсіресе, бұл салаларда тұрақтылық болуы мүмкін емес», – деді.Пан Ги Мун Қазақстанның бастамашы ретіндегі рөлін жоғары бағалап: «Форумның биылғы тақырыбы – бізге қажетті көшбасшылықтың айқын көрінісі. Бұл – ынтымақтастыққа негізделген, болашақты болжай алатын және ортақ жауапкершілікке сүйенетін көшбасшылық», – деді.Цюй Дунъюй Орталық Азия мен Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтіп: «Орталық Азия – геосаяси, экономикалық және климаттық тұрғыдан маңызды аймақ. Қазақстанның жер көлемі 2,8 миллион шаршы шақырымды құрайды. Тиімді басқару, инвестициялар мен жаңа технологиялардың көмегімен Қазақстан бүкіл әлем бойынша 1 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ете алады», – деді.Форум бағдарламасына климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік және қақтығыстарды шешу тақырыптарындағы нақты шешімдерге бағытталған сессиялар енді. Австрияның бұрынғы канцлері Себастьян Курц Financial Times журналисі Тони Барбермен сұхбатында Еуропаның Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын құптап: «Еуропа бұл аймақпен тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігін енді шынайы түсіне бастады», – деп атап өтті.БҰҰ қолдаған пікірталастар форумның маңызды бөлігінің бірі болды. Ұйым стратегиялық серіктес ретінде Форум жұмысына белсенді қатысты. Сессиялар БҰҰ-ның 80 жылдығына арналды және «Болашақ үшін келісім», көші-қон, су қауіпсіздігі сынды басым бағыттар қамтылды. Ерекше назар аударылған сессия – CNN журналисі Макс Фостер мен Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры Эми Э. Поптың көші-қонның орнықты даму мақсаттарындағы рөлі туралы әңгімесі болды.Форумның бірінші күні қорытындылана келе, орта державалардың рөлін арттыру, көпжақтылықтың маңыздылығын қайта жаңғырту және нақты жаһандық шешімдерді жеделдету бағытындағы миссиясын тағы бір мәрте растады. Форумның екінші күні де тұрақты, инклюзивті және өзара байланысқан әлем қалыптастыруға бағытталған серіктестік пен диалогты жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1008150?lang=kk
БҰҰ, энергетика және климат: АIF қатысушылары жаһандық мәселелерді талқылады 30.05.2025
Астана халықаралық форумының алғашқы күні әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам делегат пен 5000 қонақтың басын қосты. Форумды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ол өз сөзін әлемдегі алаңдатарлық саяси жағдайдан бастады: 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында болды. Бұл ретте зорлық-зомбылықтан келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті – бұл дүниежүзілік ЖІӨ-нің шамамен 13,5% құрайды. Заманауи қақтығыстар ұзағырақ және күрделі болып барады. Мұндай қақтығыстардың негізінде тереңде жатқан қайшылықтар жатыр. Ядролық қаруы бар мемлекеттер арасында да шиеленіс артып келеді.Қасым-Жомарт Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек екеніне нық сенетінін айтты. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс.Форумның панельдік сессияларының бірі БҰҰ-ға арналды. Биыл ұйым өзінің 80 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Президенті БҰҰ құрылымдары, әсіресе Қауіпсіздік кеңесі уақыт өте аз өзгергенін атап өтті.«80 жыл бұрын жасалған институционалды құрылым мен қазіргі заман арасында алшақтық көп. Бұл Ұйымға және оның тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіреді. Миллиардтаған адамның тағдырына әсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес», - деп атап өтті Тоқаев.Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, оған әлемнің әр өңірінен өкіл қосу туралы ұстанымды қолдайды.Форумның маңызды тақырыптарының бірі – экология және климат болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Мұндағы жылыну әлемдік орташа деңгейден екі есе жылдам жүріп жатыр.Сөзінің соңында президент форумға қатысушыларға сөз сөйлеп, оларды мазмұнды диалогқа шақырды.Форумның алғашқы күні белгілі саясаткерлер, сарапшылар,  халықаралық компаниялардың басшыларының қатысумен 9 панельдік сессия және 6 жеке кездесу өтті. Панельдік сессияларға қатысушылар Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі; жаһандық нарықтар, жеткізу тізбегі және валюталық жүйелер үшін экономикалық соғыстың ұзақ мерзімді салдары; энергияға жаһандық сұраныс және таза энергетиканы дамыту; ЖИ дамыту; Қазақстанда Алатау қаласының құрылуын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008121?lang=kk
Қазақстан Астана халықаралық форумында көлік әлеуетін таныстырды 30.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстанның Көлік министрлігі еліміздің көлік әлеуеті тұсаукесерін жасады. Іс-шараға түрлі елдердің премьер-министрлері орынбасарлары – Қазақстаннан Серік Жұманғарин, Ресейден Алексей Оверчук, Қырғызстаннан Данияр Амангелдиев, Өзбекстаннан Жәмшид Ходжаев, сондай-ақ Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи қатысты.Қазақстан Еуразияның стратегиялық көлік хабы ретінде Шығыс – Батыс және Солтүстік – Оңтүстік бағыты бойынша жаһандық жеткізу тізбегінің аймақтық байланысы мен орнықтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда елімізде 13 халықаралық көлік дәлізі бар. Оның бесеуі – теміржол, сегізі – автокөлік дәлізі.«Біздің көліктік инфрақұрылым Қытай, Еуропа, Ресей, Каспий жағалауы елдерін, Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азияны байланыстырады. Демек, Қазақстан еуразиялық логистикалық жүйедегі маңызды буын. Қазақстандық желі барлық негізгі халықаралық көлік дәліздерімен түйісетіндіктен, әлемдік нарыққа тұрақты түрде шығуымызды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров. Тұсаукесер барысында ТРАСЕКА, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі, Солтүстік маршрут, сондай-ақ Ауғанстан, Парсы шығанағы, Оңтүстік Азия елдерімен логистикалық байланысты кеңейтуге ықпал ететін Оңтүстік және Орталық Азия сияқты басым бағыттардың дамуына ерекше назар аударылды.«Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту, оның әлеуетті жалғасы – трансауғандық бағыттың маңыздылығы туралы айтылды.«Бұл бағыт Үнді мұхиты порттарына, соның ішінде Гвадар, Карачи мен Мумбайға шығуды қамтамасыз ететін перспективалық дәліз. Оның есептік өткізу қабілеті жылына 15 млн тонна. Біз бұл векторды аймақтық өзара байланысты нығайтуға, сауда айналымын ұлғайту мен жаңа логистикалық тізбекті қалыптастыруға ықпал ететін қолданыстағы маршруттарға стратегиялық қосымша ретінде қарастырамыз», — деді  Мақсат Қалиақпаров. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның қазіргі автожол, теміржол және авиациялық бағытының негізгі параметрлерін, шекара маңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, аймақтың негізгі жүк құраушы нүктелерінде терминалдық инфрақұрылымды дамыту перспективасын талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар келісілген көлік саясатын әзірлеуге және логистикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.https://primeminister.kz/news/kazakstan-astana-khalykaralyk-forumynda-kolik-aleuetin-tanystyrdy-30106 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1008132?lang=kk
Екі қазақстандық әскери қызметші Беларусьте «Ерлік пен шеберлік» белгісімен марапатталды 30.05.2025
«Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағып жүру құқығына арнайы бөлімшелердің күрделі сынақтарға төтеп беретін әскери қызметшілері ғана ие болады. Биыл 87 үміткердің ішінен бұл белгі сынақтың барлық кезеңінен сүрінбей өткен 26 үміткерге табысталды. Олардың қатарында Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің екі әскери қызметшісі де бар. Төсбелгіні тағу құқығына арналған сынақ біздің жігіттер үшін де оңай болған жоқ. Ол тоғыз үміткердің ішінен тек екі әскери қызметші – капитан Сапарбек Дәулеткерей мен 3-сыныпты сержант Аманжол Дүйсенбаевқа табысталды. Ал алты қатысушымыз байқаудың әртүрлі кезеңдерінде сүрінді.4 күндік сынақта үміткерлер теориялық, әуе-десанты дайындығы, адам және жүк парашюті жүйелерін төсеуден тест тапсырды. Дене шынықтыру жаттығуларына 100 метрге жүзу, 100 метрге жүкпен жүгіру және белтемірдегі біріктірілген күштік жаттығулар кірді. Жауынгерлік даярлық нормативтерін орындау топографиялық карталармен, тактикалық медицинамен жұмыс істеуден, РХБ жеке қорғаныс құралдарын қолданудан, байланыс құралдарын дайындаудан, радиограммалар жіберуден және басқа да пәндерден тұрды. Қазақстандық десантшылар үшін ең қиын кезеңдердің бірі азимут бойынша қозғалыс және 30 шақырымдық марш болды. Бейтаныс орманды-батпақты жер қазақстандық рельефтен айтарлықтай ерекшеленді. Бірақ бұл фактор біздің екі үміткерге ең қиын қашықтықты еңсеруге еш кедергі болмады. Марштан кейінгі соңғы сынақта Сапарбек Дәулеткерей мен Аманжол Дүйсенбаев Беларусь Арнайы операциялар күштерінің мықты деген жауынгерлерімен қоян-қолтық ұрысқа түсті. – Мен бұл төсбелгіні тағу құқығына үшінші әрекетімде ғана ие болып отырмын. Өткен жылдан бастап нормативтерді тапсыруға мақсатты түрде дайындалдым.  Бұл өте қиын сынақ. Марштағы қашықтық та оңай болған жоқ.  Әйтсе де, қолбасшымыздың сенімін ақтауға тырысып, қазақстандық десантшылардың не қолынан келетінін көрсеттім, – деді капитан Сапарбек Дәулеткерей.Бұл белгі барлық күш-жігерге тұрарлық па деген сұраққа Дәулеткерей қазіргі заманғы ұрыс қимылдарында әскери қызметшінің жеке дайындығы үлкен маңызға ие деп жауап берді. Асимметриялық ұрыс қимылдарында тіпті жақсы дайындалған жауынгерлері бар шағын бөлімше де үлкенге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екенін көрсетті. – Қазіргі қарулы қақтығыстарда олар санмен емес, қарумен емес, оқумен және шеберлікпен жеңеді. Ал бұл жарыс – өзімізді сынау мүмкіндігі, – деп қорытындылады офицер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008108?lang=kk
Заңсыз акцизделетін өнімдерін анықтау 30.05.2025
Ағымдағы жылдың  желтоқсан айында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 20 тексеру жүргізді, оның барысында ілеспе шот-фактурасыз және талап етілетін лицензиясыз 1 мың  795  литр алкогольдік өнімдердің (арақ, сыра, шарап) заңсыз айналымы тоқтатылды және 1 мың 669   қорап контрафактілік «Oris»  маркалы темекі өнімдері таңбасыз табылды.Жыл басынан бері айналымнан 26  мың 031  литр заңсыз алкогольдік өнімдер, 43 мың 251 қорап контрафактілік темекі өнімдері, 144,2 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Жалпы сомасы 38 млн. 213 мың 700 теңге әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз акцизделетін өнімдер тәркіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1130878?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2025 жылдың 11 маусымы күні "БЖЗҚ" АҚ-да "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбына арналған "Ашық есік күні" өтті. 30.05.2025
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) барлық филиалдарында "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында дәстүрлі "Ашық есік күні" өткізілді.Соңғы уақытта алаяқтар халықты алдаудың жаңа да тың тәсілдерін ойлап табуда. Олар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін және телефон нөмірлерін көбіне INTERNET желісінен табады. Мысалы, тегін хабарландыру сайттары арқылы әлеуметтік желілердегі аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы біліп алады. Осылайша олар өз құрбандарын адастырып, сенімдеріне кіруге тырысады. Өзіңізді және жақындарыңызды осындай алаяқтардан қорғау үшін зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылық, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері туралы білім деңгейіңізді үнемі арттырып отыру қажет.Алаяқтардан қорғану тақырыбына арналған онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап, ақпаратты ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екенін, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Кездесу қонақтарына азаматтарға қатысты жасалған кейбір заңсыз алаяқтық әрекеттер мысал ретінде келтіріліп, осындай жағдайларда қандай іс-қимылдар жасау керек екендігі жөнінде ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етті.Негізгі тақырыпты талқылай отырып, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жеке мәселелер бойынша ақыл-кеңес те беріп үлгерді.Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтары туралы мәліметтерді Қордың кез келген бөлімшесінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта мекенжайына немесе БЖЗҚ сайты (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасы арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) онлайн режимде тегін ала алады.Кез келген кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе қашықтан: Facebook, Telegram, В контакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен, сондай-ақ  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалып, көпарналы тегін байланыс арқылы алуға болады.  Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1008074?lang=kk
Германия Бундесратының Президенті сапары 30.05.2025
2025 жылы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Германия Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингернің Қазақстанға сапары аясында қабылдауға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Соңында дипломат Қазақстан мен Германия арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1008057?lang=kk
Индиго” электрондық порталы арқылы балабақшаға кезекке тұру жүйесі 30.05.2025
 ХАБАРЛАНДЫРУ!Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары!Сіздерге маңызды жаңалық:Бүгіннен бастап “Индиго” электрондық порталы арқылы балабақшаға кезекке тұру жүйесі ресми түрде іске қосылды!🔹 Енді ата-аналар келесі мүмкіндіктерге ие болады:• 🧒 Балабақшаға электронды түрде кезекке тұру• 📄 Құжаттарды онлайн қабылдау• 🕐 Кезек нөмірін бақылау• 📱 Уақытты үнемдеу және қағазбастылықты азайту🔹 Қалай тіркелуге болады?1. https://indigo-beskaragay.e-orda.kz/kz/ сайтына кіріңіз2. Жоғарыда көрсетілген видео нұсқаулық арқылы кезекке тұруға болады.3. «Балабақшаға жолдама» бөлімін таңдап, өтініш беріңіз4. Жүйе сіздің өтінішіңізді тіркеп, кезек нөміріңізді көрсетеді📍 Бұл қызмет Бесқарағай ауданының барлық балабақшаларына қолжетімді.⸻🧸 Сіздің балаңыздың болашағы – бүгіннен басталады!“Индиго” порталы – уақыт талабына сай, ыңғайлы, ашық жүйе!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1008062?lang=kk
Қазақстан мен Халықаралық қаржы корпорациясы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Түркия және Орталық Азия бойынша директоры Вибке Шлоемермен кездесу өткізді.Тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға IFC-дің белсенді қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Корпорацияны арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша тығыз өзара іс-қимылға шақырып, олардың орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі және инвестициялар тартудағы маңызды рөлін атап өтті.Кездесу нәтижесінде сұхбаттастар серіктестікті кеңейтуге өзара мүдделілігін растады және перспективалы бағыттар мен жобалар бойынша ақпарат алмасуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007907?lang=kk
Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық серіктестікті тереңдетуде 30.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға жұмыс сапарымен және Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесу өткізді.Тараптар сауда, инвестиция, логистика және басқа да стратегиялық маңызды бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.М.Нұртілеу Қазақстан Оманның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жан-жақты жүзеге асыруға ерекше мән беретінін атап өтті.Қазақ тарапы Оманның ҚР мен оған көршілес елдері үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасына толық қолдау білдірді. Омандық инвестициялардың Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 253 млн АҚШ долларынан асты.Қолданыстағы көлік бағыттарының мүмкіндіктерін және «Oman Vision 2040» бағдарламасының мақсаттарын ескере отырып, екі елдің логистикалық серіктестігін және өңірлердің өзара байланысын дамытуға ерекше назар аударылды.Кездесу соңында министрлер өзара мүдделі нақты жобаларды ілгерілету бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1010133?lang=kk
EGOV Mobile қосымшасында қазақстандықтар енді кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет ала алады, деп хабарлайды NUR.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасай отырып. 30.05.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық белгілеу туралы мәліметтер eGov Mobile қосымшасының "цифрлық құжаттар" бөлімінде екендігі туралы ақпарат жарияланды."Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, онда барлық тіркелген қорғаншылар мен қамқоршылар, сондай - ақ олардың қамқорлығындағылар тіркеледі", - деп хабарлады ведомстводан.Құжатта келесі мәліметтер бар:ЖСН;ТАӘ;қамқоршы мен қамқоршының туған күні;жергілікті атқарушы орган бұйрығының нөмірі мен күні;"күні жарамды" өрісі.Құжат қызметтерді алу және әртүрлі ұйымдарға жүгіну кезінде ұсынылуы мүмкін.Жақында үй жануарларының цифрлық паспорты қазақстандықтарға EGOV mobile мобильді қосымшасында қолжетімді екендігі хабарланды.Сондай-ақ, елдің әскери жоғары оқу орындарына түсуге өтінімді eGov арқылы онлайн режимінде беру мүмкін болды. Қызмет Мемлекеттік қызметтер Комитетінің, сандар және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/1007830?lang=kk
"Астана-2025" Халықаралық Форумы жаһандық ынтымақтастыққа шақырумен ашылды 30.05.2025
Астана, Қазақстан, 2025 жылғы 29 мамыр – Бүгін "Астана-2025" Халықаралық Форумы (AIF) екі күндік стратегиялық диалог пен трансшекаралық ынтымақтастыққа жол ашқан жоғары деңгейдегі рәсіммен ашылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қамқорлығымен өтіп жатқан биылғы форум "Ақыл-ойды байланыстыру, болашақты қалыптастыру" тақырыбымен өтуде.Президент Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде барған сайын бөлшектеніп бара жатқан әлемде көпжақтылықты қалпына келтірудің өзектілігін атап өтті:"Соғыстан кейінгі жаһандық тәртіп бөлшектеніп жатыр. Протекционизм күшейіп келеді. Көпжақтылық әлсіреуде. Бұл пайда болған тәртіпсіздікте біздің алдымызда тұрған міндет айқын: ынтымақтастықты ол әлі де бар жерде сақтау және оны бұзылған жерде қалпына келтіру... Міне, біз Қазақстанда 'әртүрліліктегі бірлікке' ұмтыламыз."Форумда бірнеше жоғары дәрежелі спикерлер, соның ішінде Руанда Президенті Пол Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска Давкова, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсет, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Ку Донгю және Пан Ги Мун – Жаһандық Жасыл Өсу Институтының төрағасы және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы қатысты. Сессияның модераторы – CNN International жүргізушісі және тілшісі Джулия Чаттерли болды.Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы ой елегінен өткізе отырып, Президент Кагаме:"Қазақстанның өркендеуі – оның көшбасшылығының, өміршеңдігінің және халқының көрінісі", – деді.Президент Силяновска Давкова қазіргі жаһандық дағдарыстарды қалай шешуге болатыны туралы сөз сөйлеп:"Біз ұжымдық даналық пен тәжірибені өз заманымыздың өзекті мәселелерін шешу үшін тезірек және тиімдірек пайдалануымыз керек", – деді.Ален Берсет демократиялық құндылықтарды жаһандық қауіпсіздіктің орталық элементі ретінде атап өтіп:"Біз осында жиналып жатырмыз – қауіпсіздік, энергетика, климат және экономиканы талқылау үшін. Бірақ шынын айтсақ, егер демократия сәтсіздікке ұшыраса, бұл бағыттардың ешқайсысын қамтамасыз ету мүмкін емес", – деді.Сонымен қатар, Пан Ги Мун Қазақстанның ұйымдастырушы ретіндегі рөлін жоғары бағалап:"Биылғы тақырып – бүгінгі таңда бізге қандай көшбасшылық қажет екенін көрсетеді. Ол – бірлескен, көреген және ортақ жауапкершілікке негізделген көшбасшылық", – деп атап өтті.Ку Донгю Орталық Азия мен Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті:"Орталық Азия геосаяси, экономикалық және климаттық тұрғыдан жол айрығында тұр", – деді ол. – "Қазақстанның аумағы 2 800 000 шаршы шақырымды құрайды. Дұрыс басқару, инвестициялар және жаңа технологиялар арқылы Қазақстан бүкіл әлем бойынша 1 миллиард адамды оңай тамақтандыра алады."Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, энергетикалық қауіпсіздік және қақтығыстарды шешу бойынша іс-шараларға бағытталған сессиялар болды. Журналист Тони Барбермен жеке сұхбатында Австрияның бұрынғы канцлері Себастьян Курц Орталық Азияға деген назардың артып келе жатқанын атап өтті:"Еуропа қазір әлемнің осы бөлігімен тереңірек ынтымақтастық қажеттілігін сезінуде."БҰҰ қолдаған пікірталастар форумның басты оқиғасына айналды. Ұйым стратегиялық серіктес ретінде әрекет етті. Сессиялар БҰҰ-ның 80 жылдығына орайластырылып, Болашақ Пактісі, көші-қон және су қауіпсіздігі сияқты басым бағыттар қарастырылды. CNN тілшісі Макс Фостер мен Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Бас директоры Эми Э. Папа арасындағы тұрақты дамудағы көші-қонның рөлі туралы сұхбат ерекше назар аудартты.Форумның алғашқы күні AIF орта державалардың рөлін арттыру, көпжақтылықтың құндылығын нығайту және практикалық жаһандық шешімдерді жеделдету жөніндегі миссиясын растады. Екінші күн тұрақты, инклюзивті және өзара байланысты әлемді қалыптастыруға бағытталған серіктестіктер мен диалогтарды дамытуға арналатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1007716?lang=kk
Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 11,59 трлн теңгеге жетті 30.05.2025
 Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 11,59 трлн теңгеге жетті 2025 жылғы 1 мамырдағы көрсеткіш бойынша 2014 жылдан бастап жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) таза инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге тең. Жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 39,8% жетті.Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинақтарының елеулі бөлігі инвестициялық табыс есебінен құралды. Соңғы 10 жылда зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақ сомасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.Қазақстандағы зейнетақы жинақтары — азаматтардың зейнетке шығу кезеңіндегі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясат пен активтерді әртараптандырудың арқасында еліміздің зейнетақы жүйесі ұзақ мерзімді тұрақты өсім көрсетіп, инфляциялық тәуекелдерден қорғана алатынын паш етті.Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн. Үнемі өзгеріп отыратын экономикалық орта жағдайында міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылып, ҚРҰБ басқаратын, соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 13,35% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция мөлшері – 10,70%. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен сол кезеңдегі зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,03% көрсетті.Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 мамырға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 968,60% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 875,10%. Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1018840?lang=kk
Тағы бір маңызды құжат eGov Mobile да қол жетімді болды 30.05.2025
EGOV Mobile қосымшасында қазақстандықтар енді кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет ала алады, деп хабарлайды <url> NUR.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасай отырып.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық белгілеу туралы мәліметтер eGov Mobile қосымшасының "цифрлық құжаттар" бөлімінде екендігі туралы ақпарат жарияланды."Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, онда барлық тіркелген қорғаншылар мен қамқоршылар, сондай - ақ олардың қамқорлығындағылар тіркеледі", - деп хабарлады ведомстводан.Құжатта келесі мәліметтер бар:ЖСН;ТАӘ;қамқоршы мен қамқоршының туған күні;жергілікті атқарушы орган бұйрығының нөмірі мен күні;"күні жарамды" өрісі.Құжат қызметтерді алу және әртүрлі ұйымдарға жүгіну кезінде ұсынылуы мүмкін.Жақында үй жануарларының цифрлық паспорты қазақстандықтарға EGOV mobile мобильді қосымшасында қолжетімді екендігі хабарланды.Сондай-ақ, елдің әскери жоғары оқу орындарына түсуге өтінімді eGov арқылы онлайн режимінде беру мүмкін болды. Қызмет комитеттің қолдауымен әзірлендіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1007717?lang=kk
«Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік» панельдік сессиясы 30.05.2025
2025 жылдың 29 мамырында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова «Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік» панельдік сессиясына «Астана» халықаралық форумында қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007690?lang=kk
Тағы бір маңызды құжат eGov Mobile да қол жетімді болды. 30.05.2025
Тағы бір маңызды құжат eGov Mobile да қол жетімді болды.EGOV Mobile қосымшасында қазақстандықтар енді кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет ала алады, деп хабарлайды <url> NUR.KZ Еңбек министрлігіне сілтеме жасай отырып. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында кәмелетке толмаған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық белгілеу туралы мәліметтер eGov Mobile қосымшасының "цифрлық құжаттар" бөлімінде екендігі туралы ақпарат жарияланды. "Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, онда барлық тіркелген қорғаншылар мен қамқоршылар, сондай - ақ олардың қамқорлығындағылар тіркеледі", - деп хабарлады ведомстводан.Құжатта келесі мәліметтер бар: ЖСН; ТАӘ; қамқоршы мен қамқоршының туған күні; жергілікті атқарушы орган бұйрығының нөмірі мен күні; "күні жарамды" өрісі. Құжат қызметтерді алу және әртүрлі ұйымдарға жүгіну кезінде ұсынылуы мүмкін. Жақында үй жануарларының цифрлық паспорты қазақстандықтарға EGOV mobile мобильді қосымшасында қолжетімді екендігі хабарланды. Сондай-ақ, елдің әскери жоғары оқу орындарына түсуге өтінімді eGov арқылы онлайн режимінде беру мүмкін болды. Қызмет Мемлекеттік қызметтер Комитетінің, сандар және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1007681?lang=kk