Enbekshi QazaQ

Қоғам

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы Шымкентте іске асырылуда 20.08.2026
Елімізде Үкімет қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Шымкент қаласының жылу, электр, ауыз су және су бұру желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі мақсат – тозған инфрақұрылымды жаңарту, заманауи технологиялар енгізу, энергия ресурстарын автоматтандырылған есепке алу және желілерді қашықтан бақылау мүмкіндігін артты.Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлының айтуынша, қаладағы табиғи монополия субъектілері жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуде.Электр желілері бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2029 жылға дейін болжамды 48 млрд теңге инвестиция салып, 239 шақырым электр желісін жаңғыртуды, 117 трансформаторлық қондырғыны ауыстыруды және 197 мың автоматтандырылған электр энергиясын есепке алу жүйесін (АСКУЭ) енгізуді жоспарлап отыр. Ұлттық жоба аясында 2025 жылы 14 шақырым электр желісі жаңғыртылды. Қазіргі таңда құны 10 млрд теңге болатын жобада 59,2 шақырым желіні қайта құру, 19 трансформаторды ауыстыру және 49 мың АСКУЭ орнату жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігерді анықтау бойынша конкурс рәсімдері жүргізілуде. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейін 56 пайыздан 52 пайызға дейін төмендету көзделген.Жылу желілері бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесі құны 5,8 млрд теңге болатын жоба аясында 6 учаскедегі жалпы ұзындығы 11 шақырым магистральдық жылу желісін жаңғыртады. Мердігер ұйым анықталған. Биыл 318 млн теңгеге 1 шақырымға жуық жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Жоба нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 37 пайыздан 35 пайызға дейін төмендейді.Ал сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС 2029 жылға дейін шамамен 73 млрд теңге көлемінде инвестиция бағыттауды жоспарлап отыр. Оның аясында 44 шақырым ауыз су желісі, 18,2 шақырым су бұру желісі жаңғыртылып, қаладағы 150 мың тұрғынның есептеу құрылғылары қашықтан ақпарат беретін жүйелерге ауыстырылады.Осылайша, ұлттық жоба Шымкенттің инженерлік инфрақұрылымын жаңартып, желілердің тозуын азайтуға, қызмет көрсету сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Шымкентте Спорт күні бұқаралық спорттық жарыстармен аталып өтті 20.08.2026
Спорт күніне орай Шымкент қаласында бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қалалық дене шынықтыру және спорт департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен сайыс 18-19 тамыз күндері екі күнге созылды. Сала мамандары шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тартудан мықтыларды анықтады.Дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық жарыстардың мақсаты – спорт саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және спортпен тұрақты айналысуға жағдай жасау.Екі күндік бәсеке «Металлург» спорт кешенінің спорт залында және қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтті.Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және кубокпен марапатталады. 
Қазақстан жылқы етін халықаралық стандартқа шығаруды көздейді 20.08.2026
19 тамызда Астанада ISO/TC 34/SC 6 «Ет, құс еті, балық, жұмыртқа және олардан жасалған өнімдер» техникалық комитетінің пленарлық отырысы аясында ет өнімдерінің сапасына арналған форум өтті.Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «ҚазСтандарт» РМК ұйымдастырды. Форум жұмысына ISO өкілдері, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, ғылыми ұйымдар мен салалық сарапшылар қатысты.Негізгі тақырыптардың бірі Қазақстанның халықаралық стандарттау жұмысына қатысуын кеңейту болды. Биыл еліміз ISO Кеңесінің сайлауына қатысып, халықаралық техникалық комитеттердегі қазақстандық сарапшылардың санын арттыруды көздеп отыр.Қазақстанның басты бастамасы – жылқы етінен дайындалатын өнімдерге арналған алғашқы халықаралық ISO стандартын әзірлеу туралы ұсыныс болды. Бүгінде бұл өнімдер санатына арналған бірыңғай халықаралық құжат жоқ. Соның салдарынан терминологияға, жіктеуге, таңбалауға және сапаны бағалауға қойылатын талаптарда айырмашылықтар туындап, экспортқа кедергі келтіруі мүмкін.Болашақ стандарттың негізіне ГОСТ 34921–2023 «Ұлттық жылқы етінен жасалған өнімдер. Техникалық шарттар» құжатын алу ұсынылды. Стандарт дәстүрлі өнімдерді – қазы, шұжық, жал, жая, сондай-ақ ысталған және шұжық өнімдерін қамтуы мүмкін.Қазақстан стандарт жобасын әзірлеу үшін халықаралық жұмыс тобын құрып, оған жетекшілік етуге және құжатты өндіруші елдермен одан әрі талқылауға дайын.ҚР СИМ ТРМК төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков Қазақстанның ISO Кеңесі сайлауына қатысуы халықаралық шешімдер қабылдау үдерістеріне белсенді араласуға және отандық экономиканың мүддесіне сай келетін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Форум аясында Қазақстан мен Қытайдың стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері де талқыланды. Оның ішінде бірлескен зерттеулер жүргізу, зертханааралық салыстырулар ұйымдастыру және сынақ жүргізу әдістерін жетілдіру мәселелері қаралды.Форум қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалды: жылқы етінен жасалған өнімдерге арналған ISO стандартын әзірлеу, қазақстандық сарапшылар мен бизнестің халықаралық стандарттау жұмыстарына қатысуын кеңейту, зертханалық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1277178?lang=ru
Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара 20.08.2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде сотталғандар арасында Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді.Іс-шара аясында сотталғандар арасында арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.Жарыс барысында қатысушылар өздерінің дене күшін, төзімділігін, ептілігін және командалық рухын көрсетті.Мұндай спорттық іс-шараларды өткізу сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын, тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың оң бағытта қайта әлеуметтенуіне ықпал етеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1277152?lang=ru
SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026: ғарыш күн тәртібінің төріндегі үш күн 20.08.2026
2026 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Қазақстанда халықаралық SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 форумы өтеді. Ірі халықаралық алаң ғарыш саласының өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес, ғылым және технологиялық қауымдастықты біріктіріп, ғарыш саласының өзекті мәселелерін, жаңа технологиялар мен халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.Форумның негізгі іс-шаралары 7-8 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында өтеді. Бағдарлама аясында жетекші сарапшылардың қатысуымен панельдік сессиялар мен пікірталастар, практикалық воркшоптар, ғарышкерлермен кездесулер, жаңа ғарыштық технологиялар мен шешімдердің таныстырылымдары ұйымдастырылады. Сонымен қатар ғарыш саласындағы негізгі трендтер, даму перспективалары, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жаңа серіктестіктерді дамыту мәселелері талқыланады.Форумның қорытынды күні, 9 қыркүйекте, Байқоңырда өтеді. Қалаған қатысушылар үшін Астанадан Байқоңырға ұшып барып, зымыран ұшырылымын тамашалауға қосымша мүмкіндік қарастырылған.SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ғарыш саласының болашағын айқындайтын перспективалы бастамалар мен нақты жобаларды талқылауға арналған халықаралық алаңға айналады.Өтетін орны мен уақыты:7-8 қыркүйек: Астана қаласы, Nazarbayev University9 қыркүйек: Байқоңыр*Тіркелу және толық ақпарат: spacedays.kz*Байқоңырға ұшу және зымыран ұшырылымын тамашалау мүмкіндігі қалаған қатысушылар үшін қосымша ақылы коммерциялық қызмет ретінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1277157?lang=ru
Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді 20.08.2026
2026 жылдың тамыз айында Орал қалалық пробация  қызметі мен Мансап орталығының бірлесуімен Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында азаматтарға жұмысқа орналасу, мамандық таңдау, кәсіби оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтардың сыртқы келбетіне көңіл бөлініп, шаштарын тегін қию бойынша көмек көрсетілді.Аталған шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, жұмысқа орналасуына ықпал ету және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.Осындай бірлескен әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмір салтына оралуына оң ықпал етеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1277138?lang=ru
“Құқық бұзушылықты алдын алу” жедел профилактикалық шарасы өтткізілді 20.08.2026
2026-жылдың 19 тамыз айында Орал қалалық пробация қызметі мен Абай ПБ ҚҚБ бірлесіп, “Құқық бұзушылықты алдын алу” жедел профилактикалық шарасы өтткізілді.Іс шарасы барысында электрондық бақылау білезігін тағып журген сотталған “А-ның” тұрғылықты жері, электрондық бақылау білезігі қуатқышы бар- жоғы және сотталғаннның тұрғылықты жері бойынша “Цифралық пробация” базасы арқылы тексерілді.Құқық бұзушылықты алдын алу” жедел профилактикалық іс- шарасының мақсаты - қайталанатын құқық бұзушылықтарды алдын алу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1277124?lang=ru
845 МВт новых мощностей планируют ввести в Казахстане в 2027 году 20.08.2026
Энергетика министрлігі елді сенімді әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету, генерациялау қуаттарын ұлғайту және қажетті электр энергиясы резервін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газтурбиналық қондырғыны, «МАЭК» ЖШС-де қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын, «Баскуат Энергопром» ЖШС жобасының бірінші кезеңі аясында жалпы қуаты 34,7 МВт болатын 5 газпоршеньді қондырғыны, сондай-ақ «Kazakhmys Energy» ЖШС-де қуаты 70 МВт бу-газ қондырғысын іске қосу көзделген.Сонымен қатар, жалпы қуаты 570 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында Алматы облысындағы қуаты 100 МВт күн электр станциясы, Қызылорда облысындағы жалпы қуаты 70 МВт болатын үш күн электр станциясы, Ақтөбе облысындағы әрқайсысының қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы, Қызылорда облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы, Түркістан облысындағы қуаты 50 МВт жел электр станциясы және Абай облысындағы жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясы бар.Жаңа қуаттарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт·сағ көлемінде профициті қалыптасады деп күтілуде.Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа энергетикалық қуатты іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, төрт газ электр станциясын іске қосу, қолданыстағы екі электр станциясын кеңейту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысанын іске қосу көзделген.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1277123?lang=ru
Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық заңнамасындағы соңғы жаңалықтарға арналған Ашық есік күні өтті 20.08.2026
Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық заңнамасындағы соңғы жаңалықтарға арналған Ашық есік күні өтті.Іс-шара аясында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, онда мамандар салық салудың өзекті мәселелері бойынша толық түсіндірмелер берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1277086?lang=ru
IT көш бастап тұр: «сарбаз» грантын иеленгендер қандай мамандықты таңдайды? 20.08.2026
Қазақстанда белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген 1 745 азаматқа еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттары берілді. Ең көп сұранысқа ие ақпараттық технологиялар болып отыр. Бұл мамандықты 234 адам, яғни грант иегерлерінің 13,4 пайызы таңдаған. Екінші орында – орман шаруашылығы. 136 адам (7,8%) болашақ мамандығын табиғатты қорғау саласына арнағысы келеді. Үшінші орында 134 адаммен (7,7%) коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар мамандығы тұр. Ал тағы 119 адам (6,8%) ақпараттық қауіпсіздік бағытын таңдаған. Жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті көш бастап тұр. Мұнда 156 грант иегері (8,9%) білім алуға ниет білдірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 144 адам (8,3%) таңдаған. Үшінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бөлісті. Олардың әрқайсысына 134 адамнан (7,7%) түскен.Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің бірі – Әлихан Жамбылов. Ол ақпараттық қауіпсіздік мамандығын таңдаған.– Ақпараттық қауіпсіздік мамандығын саналы түрде таңдадым. Бүгінде цифрлық технологиялар барлық салада қолданылады. Сондықтан ақпаратты қорғау саласы маманына сұраныс жоғары. Әскери қызметті өтегеннен кейін грант алу мүмкіндігі мен үшін үлкен ынталандыру болды. Ендігі міндетім – сапалы білім алып, білікті маман атану, – деді Әлихан Жамбылов.Әскери қызметшілерді іріктеу «Срочники 2.0» цифрлық жобасы аясында жүргізіледі. Мерзімді қызмет барысында әскери қызметшінің цифрлық рейтингі қалыптастырылады. Онда жауынгерлік даярлық нәтижелері, әскери тәртібі және басқа да көрсеткіштері ескеріледі. Рейтинг қорытындысы бойынша ақпараттық жүйе білім беру гранттарын автоматты түрде бөледі. Бұл іріктеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, адами фактордың ықпалын болдырмайды.2024 жылы мерзімді әскери қызметшілерге шәкіртақы төленетін мемлекеттік білім беру гранттарын алу және жатақханадан орын беруде басым құқыққа ие болу мүмкіндігі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар тікелей әскери қызмет барысында өткен іріктеу нәтижелері бойынша жоғары әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие.Білім алуға берілетін жеңілдіктер мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Олар жастардың запасқа шыққаннан кейін білім алып, кәсіби тұрғыдан дамуына қосымша мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1277057?lang=ru
«Даму» қорының мобильді фронт-офистері 2,6 мыңнан астам ауыл кәсіпкеріне консультациялық қолдау көрсетті 20.08.2026
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Президенттің тапсырмасымен іске қосылған шағын бизнесті қолдаудың «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мобильді фронт-офистер жобасын дамытуды жалғастыруда. Мобильді фронт-офистердің жұмысы мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді етіп, шалғайдағы қалалар мен ауылдарда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге облыс орталықтарына бармай-ақ, бизнеске арналған қолданыстағы бағдарламалар бойынша кеңес алуға мүмкіндік беріп отыр.Мобильді фронт-офистер Қазақстанның барлық 17 өңірінде жұмыс істейді (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоспағанда). Жоба іске қосылғаннан бері (2026 жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша), Қор мамандары 2 439 бірегей кәсіпкерлік субъектісіне 2 657 консультация өткізді.Мобильді фронт-офистердің қызметіне ең белсенді жүгінгендердің қатарында - Түркістан облысының кәсіпкерлері. Бұл өңірде 252 консультация өткізілді. Одан кейін Ақтөбе облысы - 222, Солтүстік Қазақстан облысы - 220, Павлодар облысы - 217 және Атырау облысы - 215 консультациядан келеді. Қалған 12 өңірде тағы 1 531 консультация өткізілді. Мобильді фронт-офистің көшпелі тобы 80-ге жуық аудан орталығында болды.Ең көп сұранысқа ие болған консультация бағыттарының қатарында «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі ұсынатын бағдарламалар мен өнімдер болды - осы бағыт бойынша 721 өтініш түсті. Сондай-ақ кәсіпкерлер «Іскер Аймақ» субсидиялау бағдарламасына - 593 өтініш, Бірінші кепілдік қоры аясындағы кепілдік беру құралдарына - 480 өтініш, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдікті кредиттеуге - 329 өтініш, сондай-ақ моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі ішкі сауда субъектілерін қолдау шараларына - 177 өтініш білдірді.Мобильді фронт-офис - кәсіпкерлерге бизнестің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін көшпелі консультациялық орталық. Көшпелі топ құрамына «Даму» қорының мамандары, әкімдіктердің, банктердің, «Атамекен» ҰКП-ның, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның және консалтингтік компаниялардың өкілдері кіреді. Олар кәсіпкерлерге «Бәйтерек» холдингі тобының бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың барлық бағдарламалары, соның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ ұсынатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат береді. Мұндай формат кәсіпкерлерге Холдинг тобының қолданыстағы қаржылық құралдары бойынша бір жерден кешенді кеңес алуға мүмкіндік береді.Бұған дейін мобильді фронт-офистердің негізгі міндеті кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсету болса, қазір Қор жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін сүйемелдеуге кезең-кезеңімен көшіп жатыр. Әрбір кезеңде мамандар кәсіпкерге ең қолайлы қаржыландыру құралын таңдауға көмектесіп, бағдарламаларға қатысу талаптарын түсіндіреді және жобаны қарау барысында қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда қаржыландыруға 4 өтінім қабылданды.Мобильді фронт-офистер желісін дамыту - бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Осы бағытта Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын (БҚСО) іске қосу да жоспарлануда.Пилоттық жоба аясында мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жұмыс істейді. Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері БҚСО қызметтерін стационарлық форматта ғана емес, мобильді фронт-офистердің көшпелі сапарлары кезінде де ала алады.Мобильді фронт-офистердің өзекті жұмыс кестесімен «Даму» қорының www.damu.kz ресми сайтындағы «Мобильді фронт-офис» бөлімінен танысуға болады. Егер қажетті аудан немесе елді-мекен кестеде көрсетілмесе, кәсіпкерлер Online Damu порталы арқылы көшпелі сапар ұйымдастыруға өтінім қалдыра алады. Барлық өтініштер Қордың өңірлік филиалдарында қаралып, кейінгі маршруттарды қалыптастыру кезінде ескеріледі.Қосымша ақпаратты «Даму» қорының 1408 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1277020?lang=ru
Қазақстан Елшілігінде қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті 20.08.2026
2026 жылғы 15 тамыз. ҚР Молдова Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдағы сайлауына арналған іс-шара өтті. Оған қазақстандық диаспора өкілдері мен жоғары оқу орындарда білім алып жүрген студенттер қатысты.Жиналғандарға 2026 ж. 1 шілдеде күшіне енген және еліміздің саяси әрі қоғамдық дамуының келесі кезеңіне жол ашқан жаңа Конституцияның негізгі аспектілері туралы ақпарат берілді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, өкілді институттар мен заң үстемдігін нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық реформаның негізгі ережелері түсіндірілді. Көзделген өзгерістердің мемлекеттің одан әрі дамуындағы рөлі атап өтілді.Қатысушылардың басым бөлігінің жастар екенін ескере отырып, оларды қоғамдық, мәдени және волонтерлік қызметке тартуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Халықаралық жастар күніне және Волонтерлер жылына орайластырылған бастамалар туралы мәлімет ұсынылды.Күн тәртібінде Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні мен Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуы ерекше орын алды. Бұл оқиғалардың Қазақстан және әлемдік қоғамдастық үшін тарихи мәні бар. Студенттер ұлттық мәдени мұраны сақтауға, волонтерлікті дамытуға, сондай-ақ бейбітшілік, ядролық қарусыздану және таратпау идеяларын ілгерілетуге бағытталған жобаларға қосылуға шақырылды.Іс-шара барысында мазмұнды пікір алмасу өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын білдірді және өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.Кездесу соңында диаспора өкілдері мен студенттер а.ж. 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1276993?lang=ru
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Корина Кэлугэрумен кездесті 20.08.2026
Кишинев, 2026 жылғы 18 тамыз. ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Корина Кэлугэрумен кездесу өткізді.А. Айдарбеков әңгімелесушісін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, сондай-ақ а.ж. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы туралы хабардар етті.Елші іскерлік байланыстарды кеңейтуге, өзара сауданы әртараптандыруға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға зор әлеует бар екенін атап өтті. Екі ел компанияларының табысты қызметіне мысал ретінде қазақстандық нарықтағы молдовалық «JLC сүт өнімдері» компаниясының, сондай-ақ Молдовадағы қазақстандық «Rompetrol», «Темір жол жөндеу», «Ақжол құрылыс», «ES Engineering» және «Dolce Pharm» компанияларының жобалары туралы атап өтілді.Қазақстанның халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды. А. Айдарбеков молдовалық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі ұсынысы туралы хабардар етті. Аталған бастама су қауіпсіздігі саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық күш-жігерді үйлестіруге және су ресурстарын тұрақты басқаруды ілгерілетуге бағытталған. Қазіргі таңда өңірде климаттың өзгеруі, соның ішінде Молдовада су тапшылығының артуы жағдайында аталған бастама айрықша маңызға ие болып отыр.Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Қазақстанды жаңа Конституцияның қабылдануымен және Құрылтайдың алдағы сайлауымен құттықтады. Ол Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, сайлаудың табысты өтуіне тілектестік білдірді.К. Кэлугэрю Молдова тарапының Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тұрақты саяси байланыстарды жолға қоюдың және практикалық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге өзара ниеттілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1276999?lang=ru
Жаңарған балабақша – жайлы орта 19.08.2026
Шымкент қаласының Тұран елді мекеніндегі №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-балабақшасы – алпыс жылдан астам тарихы бар білім мен тәрбие ордасы. Бүгінде мұнда 345 балаға арналған 16 топ жұмыс істейді.Мекеме үшін маңызды жаңалықтың бірі – ғимараттың күрделі жөндеуден өтуі. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылған балабақша ғимараты жаңартылып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырылды. Жөндеу жұмыстары нысанның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.Балабақша аумағы абаттандырылып, ойын және спорт алаңдары қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар музыка, психолог, логопед, медицина және әдістемелік кабинеттер жұмыс істейді.Балабақша меңгерушісі Жұмагүл Шегебайқызының айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары балалардың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға жаңа мүмкіндік берді.«Жаңарған орта – бала үшін өте маңызды. Балабақшаның күрделі жөндеуден өтуі ұжымымызға үлкен қуаныш сыйлады. Ендігі мақсатымыз – жасалған жағдайды тиімді пайдаланып, әр бүлдіршінге сапалы тәрбие мен білім беру», – дейді меңгеруші.Алпыс жылдан астам тарихы бар «Ақ көгершіннің» жаңаруы – мекеменің жаңа кезеңге қадам басуы. Ең бастысы, бұл өзгеріс балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына бағытталған.
Қала құрылысы және заманауи сәулет саласындағы ынтымақтастық 19.08.2026
Бразилиa, 2026 жылғы 19 тамыз — Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов пен «Оскар Нимейер» қорының Президенті Жозе Фернандо Апаресидо де Оливейраның кездесуі өтті.Кездесу барысында қала құрылысы, заманауи сәулет мен дизайн, және сәулет-құрылыс салаларындағы мамандарды даярлау бағыттарында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Қор Президенті 2008 жылы Оскар Нимейердің Астана қаласында Мәдениет орталығы ғимаратының жобасын әзірлегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол әйгілі сәулетшінің идеяларының өзектілігін атап өтіп, Нимейердің жобасын жүзеге асыруға бразилиялық тараптың қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Елші Болат Нүсіпов сұхбаттасына Астананың заманауи сәулеттік дамуы, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және институционалдық реформалар туралы баяндады.Кездесу қорытындысы бойынша «Оскар Нимейер» қоры мен қазақстандық әлеуетті серіктестер арасында өзара қызығушылық тудыратын жобалар бойынша диалогты қайта жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Анықтамалық: «Оскар Нимейер» қоры (Fundação Oscar Niemeyer) — көрнекті бразилиялық сәулетші Оскар Нимейердің сәулет және мәдени мұрасын сақтау, қорғау және насихаттау мақсатында 1988 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. Қор сәулетшінің мұрасын сақтау, авторлық құқықтарды басқару, сондай-ақ заманауи сәулет пен қала құрылысына арналған көрмелер, дәрістер және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен айналысады. Қордың бас кеңсесі мен мәдени кешені Рио-де-Жанейро штатының Нитерой қаласында орналасқан.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1276984?lang=ru
Қазақстан мен Нидерланд сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті 19.08.2026
2026 жылғы 19 тамыз, Астана – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Нидерланд әріптесі Том Берендсенмен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға ерекше назар аударды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін және оны одан әрі кеңейту әлеуетін атап өтті. Осы тұрғыда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері және экономиканың басым салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.Халықаралық кеме қатынасы қауіпсіздігіне және қазақ энергия ресурстарын Еуропа нарықтарына тұрақты жеткізу мәселелеріне жеке назар аударылды. Халықаралық көлік және энергетикалық бағыттардың сенімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және түрлі деңгейлердегі тұрақты байланыстарды жалғастыруға деген өзара мүддені растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1277012?lang=ru
АСТАНА БЕЙБІТШІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ 2025: ЖАҺАНДЫҚ РУХАНИ ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 19.08.2026
Бейбітшілікті нығайтуға, орнықты даму мен мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған маңызды құжат2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындысы бойынша қабылданған «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» бейбітшілікті нығайту, орнықты дамуды қамтамасыз ету және мәдениетаралық диалогты ілгерілету бағыттарындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағдарларын айқындайды.Съезге шамамен 60 елден 100-ден астам делегация қатысты. Бұл Қазақстанның діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуға арналған жаһандық алаң ретіндегі рөлін тағы бір мәрте айқындады.Съезді ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде геосаяси шиеленіс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, қақтығыстар өршіп, идеологиялық қайшылықтар тереңдеп келе жатқанын атап өтті. Гибридті соғыстар, текетірестің күшеюі және жаппай қырып-жою қаруынан төнетін қатер жағдайында рухани көшбасшылардың халықаралық қоғамдастық үшін адамгершілік бағдар ретіндегі рөлі арта түседі.Президент Тоқаев Съездің ашық диалог арқылы ортақ мәмілеге келуге мүмкіндік беретін бірегей алаң екенін атап өтті. Оның қорытынды декларациялары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ресми құжаттары ретінде таратылады. Бұл форум жұмысының халықаралық маңызын арттыра түседі.Діни нысандар мен мәдени мұраны қорғауға айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы қасиетті орындарды сақтау адамзат өркениетінің түп негіздерін қорғаумен тең екенін атап өтті.Президент Тоқаев сондай-ақ Съезд аясында бейбітшілік жолындағы жаңа жаһандық қозғалыс құруды, БҰҰ-мен және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді қамтитын бірқатар стратегиялық бастама ұсынды.Декларацияның негізгі басымдықтары«Астана бейбітшілік декларациясы 2025» дінаралық диалогтың қақтығыстардың алдын алу мен өзара сенімді нығайтудағы стратегиялық маңызын тағы бір мәрте айқындады.Декларацияның негізгі басымдықтарына БҰҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету, діни нысандар мен мәдени мұраны қорғау, радикалданудың алдын алуда білім беру мүмкіндігін кеңінен пайдалану, жастар мен әйелдерді мәдениетаралық диалогқа белсенді тарту, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен экстремизмді ақтау үшін дінді теріс пайдалануға жол бермеу жатады.Декларацияда терроризмді қандай да бір дінмен, мәдениетпен немесе өркениетпен байланыстыруға болмайтыны нақты айтылған.Жаңа жаһандық күн тәртібіЦифрлық өзгерістерге ерекше мән берілді. Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде дін көшбасшылары оны қолданудың әмбебап этикалық қағидаттарын әзірлеу қажеттігін қолдады. Президент Тоқаевтың Жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құру туралы ұсынысы технологиялық дамуды адам мүддесіне бағдарлаудағы маңызды қадам болды.Экология мәселелері де күн тәртібінен маңызды орын алды. Қатысушылар рухани көшбасшылардың климаттың өзгеруімен күрестегі рөліне арналған халықаралық құжат әзірлеуді ұсынды. Бұл бастама қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау адамгершілік міндет деген ұстанымға негізделген.Дінаралық дипломатияЖиырма жылдан астам уақыт ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі рухани дипломатияның орныққан халықаралық алаңына айналды. «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» дінаралық бастамалардың өзара түсіністіктің нышаны ғана емес, халықаралық сенімді нығайтудың нақты тетігі де бола алатынын көрсетеді.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IX съезін 2028 жылы Астана қаласында өткізу жоспарланып отыр.Жаһандық бейбітшілік мәдениетін қалыптастыру жолында«Астана бейбітшілік декларациясы 2025» XXI ғасырда діннің алауыздық көзі емес, адамдар мен халықтарды ұйыстыратын күш бола алатынын көрсетеді. Рухани құндылықтарды, халықаралық дипломатияны және технологияға жауапкершілікпен қарауды ұштастыру өзара құрметке, сенімге және адамзат болашағы үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаһандық ынтымақтастықтың жаңа үлгісін қалыптастырады.Қазақстан Съезд және оның аясындағы бастамалар арқылы бейбіт қатар өмір сүруді орнықтыруға, мәдениетаралық диалогты дамытуға, қауіпсіз әрі орнықты әлем құруға бағытталған халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/1276962?lang=ru
Заң мен тәртіп – құқықтық сауаттылықтан басталады 19.08.2026
Шымкенттегі жаңадан ашылған Жапон бағында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-құқықтық акция өтті. Мамандар қала тұрғындары мен жастарға өз құқықтарын қорғау, интернет-алаяқтықтан сақтану және құқық бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін түсіндірді.Іс-шараны Шымкент қаласындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігі, Жастар ресурстық орталығы, әкімдік, прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп ұйымдастырды.Акция барысында тұрғындарға құқықтық ақпараттар таратылып, түрлі жағдайларда әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық берілді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары қаладағы шамамен 40 колледж бен 9 жоғары оқу орнында тұрақты жүргізіледі. Кездесулерге прокуратура, полиция және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қатысады.Жастар ресурстық орталығы өкілінің сөзінше, басты мақсат – жастардың заң талаптарын білуімен қатар, өз құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін меңгеруіне жағдай жасау. Ал жаңа оқу жылында түсіндіру жұмыстары әсіресе қалаға алғаш келген бірінші курс студенттеріне бағытталмақ.Ұйымдастырушылар «Заң және тәртіп» қағидаты тек заң бұзғаны үшін жауапкершілікті емес, әр азаматтың өз құқығын білуін, өзгенің құқығын құрметтеуін және қажет жағдайда тиісті органдарға жүгінуін де көздейтінін атап өтті.
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ-КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ 19.08.2026
Шымкентте тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қаланы абаттандыруға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған «Таза қала» қалалық экологиялық акция-конкурсы басталды. Жоба Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі тарапынан жүзеге асырылуда.2026 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында өтетін акция қаланың барлық бес ауданын қамтиды. Байқау екі кезеңнен – аудандық және қалалық кезеңнен тұрады. Аудандық кезеңде «Үздік аула», «Үздік көше» және «Үздік көпқабатты тұрғын үй» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады. Әр аудандағы әр номинация жеңімпазына 300 мың теңгеден ақшалай сыйақы беріледі.Аудандық кезеңнің үздіктері қалалық кезеңде «Үздік аула сыпырушысы», «Үздік аула», «Үздік көше» және «Үздік көпқабатты тұрғын үй» номинациялары бойынша бақ сынайды. Қалалық кезең жеңімпаздарына I орынға – 500 мың, II орынға – 250 мың, III орынға – 125 мың теңге көлемінде сыйақы қарастырылған.Акцияның басты ерекшелігі – жүлде қаражатының аумақтарды одан әрі абаттандыруға бағытталуы. Жеңімпаздар қаражатты көгалдандыру, гүлзарлар жасау, қоқыс жәшіктерін орнату және басқа да экологиялық бастамаларға жұмсайды. Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы комиссия мен аудандық жұмыс топтары құрылып, атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізіледі.Сонымен қатар, акция аясында тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тақырыптық бейнероликтер мен материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланып, қаладағы LED-экрандарда әлеуметтік жарнамалар көрсетіледі.«Таза қала» акциясы тұрғындарды туған қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға үндейтін қоғамдық бастама ретінде Шымкенттің қолайлы әрі таза қалалық ортасын қалыптастыруға бағытталған.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/JleKebiDlbE?si=DI8eDdnqVwNC40Cg#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 19.08.2026
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және аумақты абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Е. Ерланұлы мәлімдеді.Бүгінде ауданда 262 526 тұрғын тұрады. Мұнда 17 шағын аудан мен 1 елді мекен, 931 көппәтерлі және 16 663 жеке тұрғын үй орналасқан. Аудан аумағы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен толық қамтылған.Ағымдағы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 45 ауланы абаттандыру жоспарланған. Сонымен қатар 36 көшеге жарықшам орнату, 49 көшеде асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 49 көшенің 30-ында асфальт төсеу толық аяқталған. Аулаішілік жолдарды жөндеу бойынша 63 ауладағы ойылған жерлер қалпына келтірілді.Тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аяқжолдар мен ирригациялық жүйелерді жаңарту жұмыстары да атқарылуда. Биыл 9 көшеде аяқжол төсеу аяқталып, 11 көшеде ирригациялық арық жүйесі салынды.Ауданда тұрғын үй қорын жаңғыртуға да басымдық берілуде. 2026 жылы 23 көппәтерлі үй модернизациялау бағдарламасына қамтылып, оның 16-сында жұмыстар толық аяқталды. Сонымен бірге төрт мекенжайда реновация жобасы жүзеге асырылуда.Ауданның көркін арттыру бағытында да бірқатар жоба іске асқан. Биыл бұрынғы «Кең Баба» және «Қиял әлемі» саябақтарының орнына жаңа форматтағы «Жапон саябағы» мен «City Park» демалыс орындары пайдалануға берілді.Сондай-ақ санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп, аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15 сенбілік ұйымдастырылды. Оған 21 мыңға жуық адам қатысып, 200 техника жұмылдырылып, 500 тонна қоқыс шығарылды.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/kHW-_RVB4Zo?si=O4ggJ3rox4OJ5aEC #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ