Enbekshi QazaQ

Қоғам

Мерзімді әскери қызмет: мұны әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс 08.04.2026
Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде  мерзімді әскери қызметтің негізгі аспектілерін түсіндіруді жөн көреді.Шақыру процесі цифрландырылғанШақыру процесі белсенді түрде цифрландырылып жатыр. Шақырту қағаздары SMS-хабарламалар мен eGov порталы арқылы ең кемі үш күн бұрын жіберіледі. Мұндай хабарлама ресми мәртебеге ие, яғни оны алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.Азаматтық денсаулық сақтау мамандары жүргізетін медициналық тексеру әскерге жарамдылық санатын анықтайды. Заңды негіздер болған жағдайда кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы тиісті негіздері жоқ ер азаматтар шақырылатынын айта кеткен жөн.Әскер бізге не береді?Мерзімді әскери қызмет тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеп, кез келген салада қажет командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады.Дене дайындығы мен денсаулықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Тұрақты спорттық жаттығулар, күн тәртібі және теңгерімді тамақтану төзімділікті арттыруға ықпал етеді.Қызмет барысында әскери қызметшілер заманауи технологияларды меңгеріп, байланыс, техника, логистика, медицина және басқа да салаларда қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болып, еңбек нарығында қажетті мамандықтарға ие болады. Сондай-ақ қызмет көшбасшылық қасиеттерді, басқарушылық дағдыларды және шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.Қайда қызмет өтейді?Әскерге шақырылушыларды бөлу денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, психологиялық тұрақтылығына және Қарулы күштердің қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылады.Сарбаздар әскери қызметті Құрлық әскерлерінде, Әуе қорғанысы күштерінде, Әскери-теңіз күштерінде, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде және басқа да әскери құралымдарда өтейді. Олардың қатарында ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері де бар.Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскерлері, Мемлекеттік күзет қызметі және ҰҚК Шекара қызметі сияқты әскери құралымдарға қабылдауға жоғары талаптар қойылады. Үміткерлер тереңдетілген медициналық және психологиялық іріктеуден, сондай-ақ дене дайындығы тексерісінен өтеді.Әскер сарбаздарға әлеуметтік кепілдіктер береді ме?Әскери қызмет кәсіби өсуге мүмкіндік береді. Әскери қызметшілер сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шығады. Ал қызметтен кейін білім гранттарын және жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктерді пайдалана алады, сондай-ақ оларға несие демалыстары беріледі.Қосымша білім беру жеңілдіктері қарастырылған, оның ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ грант алу мүмкіндігі және жатақханадан орын алуға басымдық беріледі. Қазіргі таңда 9 мыңнан астам азаматтиісті білім алу сертификаттарына ие болды.Қызметке қалай дайындалу керек?Дайындық дене және психологиялық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Төзімділікті дамыту, дене формасын сақтау және тәртіпке, ұжымда қызмет етуге дайын болу керек.Көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Мыңдаған қазақстандық жастар үшін әскери қызмет – тұлғалық қалыптасудың және кәсіби бағыт-бағдар алудың маңызды кезеңі екенін есте сақтаған жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1195977?lang=kk
«Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер (08.04.2026ж.) 08.04.2026
2026 жылғы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды (түзетулер 2026 жылдың 19 наурызынан бастап күшіне енді).Көрсетілген Заң «Оңалту және банкроттық туралы» (бұдан әрі – Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң) және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» (бұдан әрі – Азаматтардың банкроттығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулерді көздейді. Заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заңға түзетулер келесіні:- банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеуді қайта қарауды (13-баптың 3-тармағы);- уәкілетті органның өкілеттігін уақытша басқарушыны қызметінен шеттету функциясымен толықтыруды (15-баптың 3) тармақшасы); - кредиторлар жиналысы/комитеті отырысы туралы кредиторларды хабарландыру тәсілдерін кеңейтуді (25-баптың 1-тармағы және 27-баптың                               4-тармағы);  - алдындағы бас тартудан кейін банкрот деп тану туралы өтінішпен қайта жүгіну мерзімін белгілеуді (48-баптың 1-1-тармағы);- салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша кредитордан басқа өзге кредиторлар болмаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануға жол бермеуді (63-бап);- банкроттық рәсімнің мерзімі қайта ұзартылғаннан кейін төлеуге жататын әкімшілік шығыстар бойынша нақтылауды (84-баптың 1-тармағы);- банкроттықты басқарушыларға заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгіну құқығын беруді және сотқа қорытынды есеп пен тарату балансын ұсыну мерзімін анықтауды (89-баптың 1-тармағының                                        5) тармақшасы және 2-тармағы);- банкроттың мүлкін тікелей сату кезінде кредиторлар жиналысының өкілеттілігін анықтауды (99-баптың 6-тармағы) қамтиды. Аталған заңнамалық түзетулерді іске асыру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді талап етпейді. Демек, олар күшіне енген күнінен, яғни 2026 жылдың 19 наурызынан бастап қолданылады.  Азаматтардың банкроттығы туралы заңға түзетулер келесіні:ломбардтардың соттан тыс банкроттық рәсімі кредиторларынан алып тасталуын;жиынтық берешегі 1 600 АЕК аспайтын және міндеттемелерін орындамау мерзімі бес жылдан асатын борышкерге қатысты соттан тыс банкроттық рәсімінің жүргізілу мерзімі 1 (бір) айға  қысқартылатынын көздейді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда және түсіндірме алу үшін Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасына Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров 113 көшесі, 324 кабинетке келіп немесе келесі байланыс нөмірлері арқылы қоңырау шалуға болады - 8 (7282) 241221.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1196033?lang=kk
Қазақстан халықаралық туристік көрмеге қатысты 08.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад қаласындағы Mövenpick Centaurus қонақ үйінде өткен «5th Edition of Pakistan Travel Mart (PTM) 2026» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.Іс-шараға Исламабад қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар, әуекомпаниялар, туроператорлар және Пәкістан мен шетелдің қонақүй желілерін қамтитын туристік сала өкілдерінің кең ауқымды тобы қатысты.Көрме аясында Қазақстан тарапы ұлттық стенд ұйымдастырып, онда буклеттер, брошюралар, кітаптар және елдің туристік әлеуетін көрсететін ақпараттық-презентациялық материалдарды ұсынды. Сонымен қатар, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары, сондай-ақ дәстүрлі символикасы бар кәдесый өнімдері ұсынылды.Қазақстан тарапының қатысуы көрме келушілері мен қатысушылары тарапынан зор қызығушылық тудырды. Туризм саласының өкілдері ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның перспективалық туристік бағыт ретінде жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1196070?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті: көлік салығы бойынша 2 млрд теңгеден астам қаражат төленбей қалды 08.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелеріне көлік құралдарына салынатын салықты төлеу қажеттігін ескертеді.2026 жылдың басында өңір тұрғындарына 2025 жылғы көлік салығы 186 мың автокөлік бойынша есептелді. Жалпы есептелген сома 5,8 млрд теңгені құрады.Бүгінгі күнге дейін 36,6 мың жеке тұлға салықтық міндеттемесін орындамаған. Олардың есебінде 64,0 мың автокөлік бойынша 2 млрд теңгеден астам қарыз бар.2025 жылғы көлік салығын ерікті түрде төлеу мерзімі 2026 жылдың 1 сәуірінде аяқталды. 2 сәуірден бастап әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде.Департамент ескертеді: салықтық міндеттемелерді одан әрі елемеу мәжбүрлеп өндіріп алу шараларына әкеледі. Қарыз сомасы 1 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) асқан жағдайда борышкерге салықтық бұйрық жіберіледі. Бұйрық табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қарыз өтелмесе, материалдар жеке сот орындаушыларына (ЖСО) жолданады.Төлемеушілерге қатысты келесі шаралар қолданылуы мүмкін:- банк шоттары мен мүлкін арестке қою;- мүлікке билік ету құқығын шектеу;- қарыз сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда — Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға уақытша тыйым салу;- сот орындаушысының қызметіне жұмсалған шығындарды өндіріп алу (қарыз сомасының 25%-ына дейін).Нәтижесінде төленуге тиіс сома өсімпұл мен атқару шығындары есебінен едәуір артады.Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелерін қарыздың бар-жоғын тексеріп, салықты мүмкіндігінше тезірек төлеуге шақырады. Есептелген соманы білуге болады:- kgd.gov.kz порталындағы жеке кабинетте («Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметі);- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында;- eGov мобильді қосымшасы арқылы.Салықты уақытылы төлеу — бұл азаматтық борышты орындау ғана емес, қосымша қаржылық шығындар мен шектеулерден құтылудың тиімді жолы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1196078?lang=kk
Орталық спорт клубының төрағасы жекпе-жек түрлерінен шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды 08.04.2026
Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.Біріншілікке еліміздің барлық өңірінен жиналған 20 команданың құрамында мыңға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар М1-ден М9-ға дейінгі жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Әр санатта жеті салмақ дәрежесі бар.Қарулы күштер атынан турнирде ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов лайықты өнер көрсетті.Дзюдо жарыстарында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде М-3 (40-44 жас) санатында алтын медаль жеңіп алды. Арман Әбеуов Ұлытау, Түркістан және Қарағанды облыстарының дзюдошыларыменкездесу өткізіп,иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.Жарыстар 9 сәуірге дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша биыл күзде Босния және Герцеговинада шеберлер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1196112?lang=kk
Мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша жоспар орындалып, инфляция алты айдан бері төмендеуде 08.04.2026
2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің бір мезгілде нығаюы және инфляциялық процестің баяулауы тіркеледі. Бұл көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен туындаған бағаның қысқамерзімдік өсуін экономика 2025 жылдың аяғында – 2026 жылдың қаңтар-ақпанында сіңірген. Қазіргі уақытта инфляцияға әсер етпейді.Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау – 268,7 млрд теңге.2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9% - ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8% - ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.Республикалық бюджет кірісінің негізгі бөлігін құрайтын салықтық түсімдер (98%) 101,6% - ға орындалды: жоспардағы 4 012,8 млрд теңгенің орнына 4 077,6 млрд теңге түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,5%. Бұл ретте 2026 жылғы қаңтар-наурызға 2025 жылғы IV тоқсанға (2026 жылғы 25 ақпанға дейін) ҚҚС төлеу мерзімі келгенін ескеру қажет.  Тиісінше, ҚҚС бойынша салық міндеттемелері 12% ставка бойынша жүргізілді.Өсім өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импортталатын тауарларға КТС (+16,9%), ҚҚС (16% ставка бойынша есептелген) (+24,2%), пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (+35,7%) сияқты ірі салықтар бойынша қамтамасыз етілді.Жергілікті бюджеттердің кірістері 109,3% - ға орындалды: жоспардағы 2 090,6 млрд теңгенің орнына 2 285,5 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 3,1% (+68,8 млрд теңге).Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляцияны төмендетудің тұрақты үрдісі сақталуда. Наурызда инфляция қарқыны қаңтар–ақпандағы 1,0–1,1% салыстырғанда 0,6% - ға дейін баяулады. Төмендеу алтыншы ай қатарынан байқалады: 2025 жылғы қыркүйектегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 11,0%. ҰЭМ болжамы бойынша, 2027 жылдың басында инфляцияның бір мәнді деңгейіне шығу ықтималдығы жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1195944?lang=kk
Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады 08.04.2026
Қазақстан Үкіметі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталар (ЛДСП).Келісім қазақстандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.Өңірді әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер де бекітілген. Сондай-ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1196188?lang=kk
Президент Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1196195?lang=kk
Кеден тізілімдерін орналастыру туралы 08.04.2026
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 485-бабына сәйкес кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдерін жүргізеді.Кеден органының заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуі туралы, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау туралы, тізілімге енгізілген кезде заңды тұлға мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тоқтата тұру, қайта бастау туралы ақпарат тиісті шешім күшіне енген күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.https://kgd.gov.kz порталдың жабылуына байланысты кедендік тізілімдерді орналастыру «Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Қызмет-Салалық құжаттар-Кедендік әкімшілендіру-Тізілімдер» бөлімінде жүзеге асырылады. Сайтқа сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=ru . Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196201?lang=kk
Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру 08.04.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!       "Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" тәртібіне өзгерістер енгізілгенін сіздің назарыңызға жеткіземіз.       Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 15 жаңа шешіміне сәйкес көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі ұзартылды және 3 жылды құрайды. Куәлік бланкісінің нысаны да өзгертілді.      Көрсетілген шешіммен оның нөмірі мен қабылданған күні бойынша Интернет желісінде іздеу арқылы танысу қажет.      Өтініш беру кезінде осы өзгерістерді ескеру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196208?lang=kk
“Алматы облысының білім басқармасы” ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда 08.04.2026
2025 жылғы 17 сәуірде сағат 17.00-де Алматы облысы, Қонаев қаласы,1 ы/а, 45Г мекенжайы бойынша “Алматы облысының білім басқармасы” ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда.  Қосымша ақпарат пен сұрақтар болған жағдайда +7 747 563 3466 нөміріне қоңырау шалыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1196210?lang=kk
«Таза Қазақстан» — тазалық пен тәртіп кепілі 08.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 4 сәуір күні Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын массивінің 1-ші бұрылысынан Ұн зауытына дейінгі аралықта сенбілік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Бесшоқы ауылы тұрғындарының бастамасымен үйлердің ауласы, аула сырты және өрт өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.Іс-шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1196226?lang=kk
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1196235?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамуының негізгі нәтижелері 08.04.2026
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік секторы өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші болып қала беруде, жалпы өңірлік өнімнің шамамен 42%-ын қалыптастырады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір елде 9,6% үлеспен үшінші орынға ие болып, тек Қарағанды және Алматы облыстарынан кейін тұр.Өнеркәсіптің өсуі жалғасуда: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнім өндіру көлемі ағымдағы бағамен 26%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Оның 88%-ы өңдеуші салаға тиесілі (3,0 трлн теңге). Бұл шикізатты терең өңдеуге және қосылған құнды арттыруға бағытталған құрылымдық өзгерістердің жалғасып жатқанын көрсетеді.Өңір өнеркәсібінің негізін металлургия (69%), химия өнеркәсібі (13%), тамақ өнімдерін өндіру (10%) және машина жасау (4%) құрайды.Өткен жылы өңдеуші өнеркәсіпке 99,7 млрд теңге, ал тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласына 87,5 млрд теңге инвестиция салынды.Соңғы үш жылда өңдеуші сектордағы жұмыспен қамту 11%-ға өсіп, 42,3 мыңнан 46,9 мың адамға жетті. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 6%-ға артып, 769 бірлікті құрады. Оның ішінде 716-сы шағын, 30-ы орта және 23-і ірі кәсіпорындар.Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорты соңғы бес жылда 1,4 есеге өсіп, 2,7 млрд АҚШ долларына жетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспорт көлемі 2,4 млрд долларды құрады.Өңірдің негізгі сыртқы сауда серіктестері: Ресей (25%), Қытай (24,3%), Қырғызстан (10,2%), Түркия (7,6%), Өзбекстан (4%) және Мексика (4%).Экспорт құрылымының негізін дәстүрлі түрде металдар мен олардан жасалған бұйымдар құрайды — 64,9%. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдері мен дайын азық-түлік тауарларының үлесі айтарлықтай (14%). Машиналар, жабдықтар, аспаптар мен құрылғылар экспорты 3,7%-ды құрайды.Осылайша, өңір металлургиялық өнімдердің басымдығымен экспортқа бағытталған сипатын сақтай отырып, жеткізілім номенклатурасы мен сыртқы нарық географиясын біртіндеп кеңейтуде.Сонымен қатар саланы цифрландыру күшейіп келеді. Соңғы бес жылда цифрлық технологияларды енгізетін ірі және орта кәсіпорындардың үлесі екі еседен астам өсіп, 2019 жылғы 6,7%-дан                 2024 жылы 13,7%-ға жетті.Еңбек өнімділігі де айтарлықтай өсті: 2018 жылдан бері 2,1 есеге артып, бір қызметкерге шаққанда 69,9 мың АҚШ долларын құрады.Цифрлық трансформацияның көшбасшылары – тау-кен металлургия кешенінің жүйе құраушы кәсіпорындары. Өндірістерде жабдықтар жаңартылып, сандық бағдарламалық басқаруы бар заманауи станоктар, роботтандырылған жүйелер және автоматтандырылған сапа бақылауы енгізілуде. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.Іске асырылған жобалардың қатарында «Казцинк» ЖШС-нің Риддер металлургиялық кешенінде контакт аппаратының құрылысы бар. Жоба аясында жылу алмастырғыштар мен газ құбырларын қоса алғанда негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды.«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да бериллий өндірісіне арналған сандық бағдарламалық басқаруы бар заманауи жабдық сатып алынды. Бұл кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, күрделі геометриялы бұйымдар шығаруды игеруге мүмкіндік берді.«Казцинк» тобында бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құру жобасы жүзеге асырылды. Ол IT-қызметтерді орталықтандыруды, жұмыс орындарын стандарттауды және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуды қамтиды. Бұл ақпараттық қауіпсіздік деңгейін және өндірістік процестерді басқаруды жақсартты.Қазіргі уақытта өңірде бірқатар ірі жаңғырту жобалары іске асырылуда. Олардың қатарында «Востокмашзавод» АҚ-дағы құю өндірісін жаңарту, «Казцинк» кәсіпорындарында газ тазарту жабдықтарын қайта жаңғырту, сондай-ақ заманауи сүзгілеу жүйелерін енгізу бар.«Өскемен арматура зауыты» АҚ-да да елеулі жаңғырту жүргізілді, бұл өндірістік қуаттарды жаңарту арқылы өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.Ағаш өңдеу саласын жаңғырту жалғасуда, оның ішінде Өскемен қаласындағы ағаш-жаңқа тақталарын өндіретін зауытты қайта жаңғырту бар. Сонымен қатар Үлбі металлургиялық зауытында уран өндірісін техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.Импортты алмастыру саясаты да жалғасуда. «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-де бұрын шетелден жеткізілген жаңа өнім түрлерін шығару жолға қойылды.Аталған жобаларды іске асыру еңбек өнімділігін арттыруға, экологиялық жүктемені азайтуға, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/press/news/details/1196243?lang=kk
Облыста жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайды 08.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жылыту маусымының өтуі және аяқталуы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы жылытумаусымын кедергісіз өткізу туралы бірнеше рет тапсырма берді.Біздің облыста жылыту маусымы штаттық режимде өтуде және де аяқталуға жақын. Ірі апаттар тіркелмеді. Бұл, әрине, былтырғы жазда алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі.Жыл сайын жылумен қамтамасыз ету нысандарын және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға айтарлықтай қаражат жұмсалады.Нәтижесінде, облыс бойынша жылу желілеріндегі апаттар 6 есеге азайып, 2022-2023 жылыту маусымындағы 830-дан биыл 134-ке дейін төмендеді.Ел Президенті 2029 жылдың аяғына дейін жылу желілерінің тозуын 42%-ға дейін төмендету міндетін қойды.2022-2025 жылдары біз желілердің тозуын 50%-тен 43%-ке дейін азайттық.«Тағы бір мәселе – тарифке қатысты. Адамдар жылу, су және электр энергиясын тұтынғаны үшін әділ тариф төлеуі тиіс. Бұл жылу, су және электр энергиясын есептейтін, деректерді қашықтан беру функциясы бар заманауи есептеу құралдарын орнату арқылы мүмкін болады. Заманауи есептеу құралдарын қолдану тұтыну көлемін дәл есептеуге, сондай-ақ есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етеді. Автоматты құралдарды қолданысқа енгізу өсіп келеді: 2023 жылы автоматты есептегіш 433 үйде болса, 2025 жылы 1 132 үйге орнатылып, өсім 3 есеге жетті. Есептегіш құралдар тұтынуды реттеу арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тұрғындар көктемнің жылы күндері басталғанда терезелерін ашып, жылу далаға кетіп жатыр. Соған қарамастан, олар жылу үшін толық көлемде төлем жасауды жалғастыруда. Бұл дұрыс емес. Біздің міндетіміз – өз кәсіпорындарымыздың, жергілікті өндірушілердің қатысуымен жылу есептеу тораптарын көбірек орнату. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде облыс аумағында жұмыс істеп тұр», – деді аймақ басшысы.Биылғы жылыту маусымында бір көпқабатты үйдегі үнемділік 890 мың теңгені құрады. Бұл – азаматтарымыздың қалтасында қалатын қаражат. Облыс әкімі есепке алу құралдарын орнату жұмыстарын осы қарқынмен жалғастырып, 100% қамтамасыз ету керектігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196263?lang=kk
ҚР Президентінің Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізуіне қатысты мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1196267?lang=kk
Қазақстан Президентінің Таяу Шығыстағы атысты тоқтату туралы мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1196290?lang=kk
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Таяу Шығыстағы жағдай туралы мәлімдемесі 08.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1196292?lang=kk
Самар ауданында көшелерді жуу науқаны басталды 08.04.2026
Самар ауданында жазғы кезеңде көше-жол желісін күтіп ұстау және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жолдарды, тротуарлар мен көпірлерді жуу жобасы қолға алынды.Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда жолдарды санитарлық тазалау бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған.Жұмыстарды атқару үшін екі техника жұмылдырылған — аралас жол тазалау машинасы және МТЗ-82 тракторы.Апта басынан бері көшелерді жуу жұмыстары Бастаушы, Миролюбовка және Самарское ауылдарында жүргізілді.Жобаны жүзеге асыру жолдардағы және ауадағы шаң деңгейін едәуір төмендетуге, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1196303?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың су тасқыны кезеңінің аяқталуына орай аймақ тұрғындарына жасаған үндеуі 08.04.2026
Құрметті аймақ тұрғындары!         Облысымызда су тасқыны кезеңі аяқталды.Осы ретте барлық уәкілетті органдардың үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Төтенше жағдайлар тіркелмеді.Алдын ала қорғаныс инженерлік құрылыстары жүргізілді:- 92 елді мекенде ұзындығы 54 км болатын 32 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және нығайтылды;          - 38 су өткізу құбыры орнатылды;          - 78 км кәріз жүйесі тазартылды;          - облыс бойынша 1600-ден астам жеке тұрғын үй қардан тазартылды.          Аталған жұмыстарға 3600 адам және 500-ден астам техника күш салды. Өзендерде тәулік бойы гидробекеттер жұмыс істеп, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстады.Осылайша, Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар кезең қалыпты режимде өтті.Мұның барлығы біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі.Осы орайда барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилерге, волонтерлерге және жастарға ерекше алғыс білдіремін.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1196315?lang=kk