Enbekshi QazaQ

Қоғам

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібін жетілдіру туралы 21.05.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр.Осы тетікті іске асыру ЕЗЖ бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының алдын алып, зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді  тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.  Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997069?lang=kk
Агенттік өкілдері Катардағы IOSCO-ның 50-ші жыл сайынғы отырысына қатысты 20.05.2025
2025 жылғы 12 – 15 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымының (IOSCO) 50-ші жыл сайынғы отырысы, сондай-ақ капитал нарығын дамытудың, шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі мәселелеріне және исламдық қаржының рөліне арналған Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасы (QFMA) ұйымдастырған Конференция өтті.Іс-шараға ұлттық реттеуші органдар, қор биржалары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, банктер, инвестициялық компаниялар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қаржы институттарын ұсынатын 130 юрисдикциядан 500-ден астам қатысушы жиналды.Жыл сайынғы отырыс қаржы нарықтарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу үшін маңызды халықаралық платформа болып табылады. Талқылауға инвесторлардың құқықтарын қорғау, капитал нарықтарын орнықты дамыту және олардың тұрақтылығын сақтау мәселелері ұсынылды.Технологиялық өзгерістердің қаржы нарықтарына әсеріне, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту мен қадағалаудағы жасанды интеллекттің рөліне, сондай-ақ қаржылық технологияларды, цифрлық активтерді және криптовалюталарды дамытуға ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында Агенттік өкілдері IOSCO-ға қатысушы елдердің қаржы реттеушілерімен, оның ішінде Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасымен (QFMA) кездесулер өткізді. Екіжақты кездесулер барысында цифрлық активтер нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді және бағалы қағаздар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары қаралды.Іс-шара қаржы институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы жаһандық және жергілікті капитал нарықтарын реттеу тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997014?lang=kk
«Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын» 20.05.2025
Шырайлы Шығыста А.С. Пушкин кітапханасы ұлт арасындағы мәдени байланысты, рухани үндестікті нығайтуға бағытталған тағы бір тағылымды шараны табысты ұйымдастырды.«Çorï Avaz: Sözi mäñgilik aqın» атты әдеби кеш өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, рухы мен сөзі мәңгілік ақын — Чори Аваз шығармашылығына арналды.15 мамыр күні кітапханада өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, сөзі мәңгілікке айналған ақын — Чори Аваздың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке арнайы  Өзбекстаннан келген ақынның жары, қаламгер Зебо Омонова ханым қатысты. Ақынның жарымен бірге, сонау Өзбекстаннан келген Келдиёр Хужайеров («Fаvvora» киностудиясының жетекшісі, ақын жайлы деректі фильм авторы), Сирожиддин Рауф («Шығыс жұлдызы» журналының бас редакторы), Гүли Нигор Авазова (Зульфия атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақынның қызы), немересі Мехри Нигор құрметті қонақ ретінде кітапхана төрінен орын алды.Кеш барысында Гүли Нигор Авазова әкесі туралы тебірене естелік айтып, жүрекжарды жырын оқыса, Мехри Нигор атасының өлеңінен үзінді оқып, көрерменді толқытты. Ақын жайлы жылы естеліктерімен бөліскен Келдиёр Хужайеров пен Сироджиддин Рауф мырза  ақынның шығармашылығына арналған бірнеше өлеңін оқып берді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері Чори Аваз өлеңдерінің қазақша аудармасын мәнерлеп оқыды.Зебо Омонова ханым Чори Аваздың өмірі мен шығармашылығы, отбасындағы бейнесі, оқырманмен байланысын сақтау жолындағы еңбектері туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.Шара соңында  ақын, драматург, Өскемен қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Ақтай сөз сөйлеп, Чори ақынның өлеңін қазақшаға тәржімалап оқып берді. Кітапхана ұжымы алыстан келген қонақтарға шапан жауып, сый-сияпат ұсынды. Кеш қонақтары да өздерімен алып келген кітаптарын кітапхана қорына табыстады.Бұл кеш – ұлт пен ұлтты табыстырған, жүректерді жырмен жалғаған әдеби кездесуге айналды. Шарадан кейін қатысушылар естелік суретке түсіп, ақын рухына тағзым етті. Сөз – ұмытылмас, жыр – өшпес. Ақын Чори Аваздың мәңгілік сөзі халық жүрегінде өмір сүруін жалғастыра бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/996959?lang=kk
«Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулламен кездесу 20.05.2025
14 мамырда «Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулла мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы бірлескен бастамалар талқыланды.Анықтама: Majid Al Futtaim - БАӘ-дегі ең ірі жеке компаниялардың бірі. Құрамында 30-дан астам сауда орталықтары, соның ішінде Mall of the Emirates, сондай-ақ Carrefour супермаркеттер желісі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/996970?lang=kk
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақтарды қалай алуға болады? 20.05.2025
Зейнетақы және мақсатты жинақтар (соның ішінде «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында) – БЖЗҚ-да атына шот ашылған адамның меншігі болып саналады және мұра ретінде беріледі. Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары (МЗЖ/МКЗЖ/ЕЗЖ) есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауы тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.Егер жерлеу төлемінен кейін шотта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз сома қалса, ол да жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі.Маңызды: мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған. Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет. 2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.Куәлік алынғаннАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996937?lang=kk
Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы? 20.05.2025
БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) зейнетақы жинақтарын аударуға құқығы бар тұлғалар:Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда;Әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);2)45 жасқа толған азаматтар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996943?lang=kk
«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы 20.05.2025
   Мемлекет алдындағы өтелмеген қарыздар деңгейін төмендету мақсатында, ағымдағы жылдың 12 мен 21 мамыры аралығында өңір аумағында «Борышкер» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.   Қостанай облысы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу органдары: полиция, салық қызметтері, прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары қатысуымен берешектерді мәжбүрлеп өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.   Бірлескен рейдтік іс-шаралар әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін мемлекет кірісіне өндіруге бағытталған. Міндеттемелерін орындаудан жалтарған борышкерлердің мүлкі, автокөлік ұсталып, заңнамада көзделген тәртіппен тәркіленеді. Мұндай шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жүргізіліп, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/996949?lang=kk
Оларды телефоннан да басқа нәрсе қызықтырады екен… 20.05.2025
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында облыстық V жазғы ауылдық жасөспірімдер ойындары өтуде. Оларға Қарағанды өңірінің жеті ауданынан 700-ге жуық жасөспірім қатысады. Жарыс бағдарламасына: волейбол, шағын футбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық, дзюдо, қазақ күресі және стритбол енгізілген. Ойындардың ашылуы: 15 мамыр күні  «Сарыарқа» стадионында өтті.- Мен бұл жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. Маған қатысқан ұнайды. Өте керемет! Себебі бұл спорт, бәсекелестік және қандай бір өзгешелік. - Бәрін жеңгіміз келеді-деп, бөлісті Абай ауданынан қатысып отырған оныншы сынып оқушысы-волейболшы Арина Махамбетова.Айтпақшы, өткен жылы жастар ойындарын Абай қаласы өткізді. Сол кезде жалпы командалық есепте Шет ауданы жеңіске жетті. Екінші орынды Абай, үшінші орынды Бұқар жырау иеленді. Бірақ, ауылдық округтерден келген жасөспірімдер арасындағы бұл біріншілікке жауыр болса да   «Ең бастысы-жеңіс емес, қатысу» деген тіркес өте орынды келеді. Бұл ойындардағы ұлдар мен қыздар үшін нәтиже ғана емес, процесс өте маңызды екені анық. Шынында да, бізді олардың ауқымды спорттық іс-шараға белсенді қатысулары, телефоннан да басқа нәрсенің қызықтыратыны қуантады… Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/996904?lang=kk
Қазақстанның бітімгерлік қызметін нығайту: Қорғаныс министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен келіссөздер жүргізді 20.05.2025
БҰҰ-ның Берлиндегі Министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Жан-Пьер Лакруа және Атул Харемен бітімгерлік қызметі шеңберінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен БҰҰ Хатшылығы арасындағы өзара іс-әрекетті нығайту перспективалары жөнінде екіжақты келіссөздер өтті.Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы біртіндеп дамып келе жатқанын және іс жүзінде нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және басқа да жарақтарымен әскери бақылаушыларды жіберуден бастап ұлттық контингентті дербес орналастыруға дейінгі бітімгерлікті дамытудың толық циклынан өтті.Келіссөздер алаңында Қазақстан Республикасының Парламенті қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның он бітімгерлік миссиясына қатысуын мақұлдады, оған ұлттық контингенттен, әскери бақылаушылардан және штаб офицерлерінен басқа Қарулы күштер де мамандандырылған бөлімшелерді жіберуге дайын екендігі атап өтілді.Бұдан өзге нығайып келе жатқан Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы – Орталық Азиядағы бірегей оқу мекемесінің БҰҰ-ның бітімгерлік дайындық шеңберінде сертификатталған курстарын өткізетін мүмкіндіктері талқыланды.Қорғаныс министрі оған қоса, Қазақстанның Қарулы күштері БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі бағыты бойынша ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-әрекеттің басқа да перспективалық бағыттарын қарауға дайын екенін айтты.Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығына Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/996912?lang=kk
Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық талқыланды 20.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилия климаттық институтының Президенті Питер фон Болен-Халбахпен кездесті.Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климатты қорғау саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады.Питер фон Болен-Халбах өз кезегінде, Елшіні Бразилиядағы Санта-Катарина, Параиба, Парана және Мато Гроссо-ду-Сул штаттарымен бірге COP-30 климаттық конференциясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы Климат институтының қызметімен таныстырды, сондай-ақ оны ү.ж. 20 мамырда Бразилиа қаласында өтетін «MARCHA-2025» Ұлттық конгресс муниципалитеттері аясындағы «Route to COP30» атты панельді сессиясының құрметті қонағы және спикері болуға шақырды.Анықтамалық: «Instituto Climatico von Bohlen und Halbach» Бразилия климаттық институты 2024 ж. қыркүйекте құрылып, тұрақты және тиімді климатты қорғау мақсатына жету үшін саясат, өнеркәсіп және жетекші климаттық көмек пен қорғау ұйымдары арасындағы жетекші буын болып саналады. Институттың мақсаты - экономикалық мүдделер мен тиімді климатты қорғау және CO2 азайту арасындағы теңгерімді зерттеу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/996881?lang=kk
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды 20.05.2025
Алматы қаласы Алмалы ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ие болған көпбалалы аналарды құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты — қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отбасы институтын нығайту ісінде әйел-аналардың маңызды рөлін атап өту.Салтанатты кеш барысында аналарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі, төзімі мен махаббатына деген алғыс білдірілді.Марапатталған аналар қатарында:• Естай Алмагүл• Мусабекова Алия• Мусаева Рахат• Мырзабаева Әсел• Найденова Юлия• Санжурова АйшаОлардың әрқайсысы – алты баланың анасы, қоғамның лайықты өкілдері. Олар өмір жолымен отбасылық бірліктің, жауапкершілік пен болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.Аналардың қоғам дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен жанкешті еңбегі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/996885?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ алаңында балаларды мәжбүрлі еңбекке тартуды және балаларды жалдауды болдырмауға шақырды 20.05.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 13 мамыр - Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының төрағасы Ф.Янгтың және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) басшысы Ж.Унгбоның қатысуымен өткен «Лайықты балалық шақ: балалар еңбегінің барлық түрлерін, соның ішінде қарулы қақтығыстарда балаларды күштеп тарту мен пайдалануды жою» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалогқа қатысты.Өз мәлімдемесінде Қ.Омаров Қазақстанның балалар еңбегін және балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалануды жоюға деген мызғымас адалдығын растады. Ол Қазақстанның негізгі халықаралық құжаттарды, соның ішінде ХЕҰ-ның Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы және Балалар еңбегінің ең нашар түрлері туралы конвенцияларын ратификациялағанын атап өтті, сондай-ақ ұлттық іс-қимыл жоспарларын іске асыруды қоса алғанда, осы саладағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тетіктерін нығайту бойынша елдің тұрақты күш-жігерін атап өтті.Ол сапалы білім балаларды қанауға қарсы күрестің ең тиімді құралы болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қордың бір бөлігін әрбір баланың 18 жасқа толғанда білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға қолжетімді шоттарына бағыттайтын «Ұлттық қор – балаларға» сияқты ауқымды бастамалармен шыққанын еске салды. Бұл шара «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесімен қатар барлығына сапалы білім алуға кепілдік беруге арналған. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың осал топтарындағы балалар үшін инклюзивті білім беруді кеңейту бойынша күш-жігер жұмсалуда.Сонымен қатар, қарулы қақтығыстарда балаларды үнемі тарту мен пайдалануға терең алаңдаушылық білдіре отырып, Қазақстан өз азаматтарын, әсіресе әйелдер мен балаларды қақтығыс аймақтарынан репатриациялау және реинтеграциялау бойынша белсенді қадамдар жасады, олардың білім алуына, оңалтылуына және әлеуметтік интеграциясына ерекше назар аударады. Сондай-ақ Қазақстан Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің әрбір бала, әсіресе қақтығыстардан зардап шеккен балалар үшін, бейбітшілік пен төзімділік үшін сапалы білімнің маңыздылығы туралы қарарын бастамашылық етті.Қазақстан өкілі әрбір балаға қауіпсіз, салауатты және бақуатты балалық шақты, оқуға, дамуға және бейбіт әрі өркендеген болашаққа үлес қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш-жігерді жандандыруға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/996895?lang=kk
Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары! 20.05.2025
Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары !🔷«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды✅Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады. Барлық мәліметті төменде көрсетілген нөмірлер алуға болады.Құжаттар қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіледі.Байланыс телефоны:Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;Қызылсай ауылы: 26-222, 26485;Теңге ауылы: 49301, 49307;Рахат ауылы: 28363, 28040;Кендірлі ауылы: 56006, 56001 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.Конкурсты өткізудің мақсаттары:1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім1. Отбасы құрамы:Р\с №Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)Туыстық дәрежесіТуған күні (күні, айы, жылы)Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымыТұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны2. Отбасылық өмір тәжірибесі3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар,  отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып,  еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс  хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан  аспайды)8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик9. Өзге де құжаттар         Қолы __________         Күні __________  *Өтінім мекенжайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады. Байланыс телефондары:Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;Бейнеу ауданы: 8(72932)21680;Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/996862?lang=kk
MONOFEST I Халықаралық моноспектаклдар театр фестивалінің ашылуы 20.05.2025
2025 жылы 13 мамырда облыстық орыс драма театрында «MONOFEST» І Халықаралық театр фестивалінің ашылуы өтті. Фестиваль 13-18 мамыр аралығында жалғасады.Фестивальдің мақсаты –  көрермендер қауымын әлемдік театр моноөнері саласындағы үздік жетістіктермен таныстыру, Қазақстанда осы жанрды дамыту және қазақстандық театрдың халықаралық мәдени контекске неғұрлым белсенді кірігуіне ықпал ету. Театр кәсіптерінің өкілдері арасында шығармашылық байланыстар орнату және нығайту, фестивальге қатысушы театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.Барлығы 8 елден 9 қатысушы қатысады: Чехия, Германия, Израиль, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Монтенегро.Фестивальдің сарапшылар кеңесінің құрамына танымал еуропалық театрлар: Нина Мазур, Сания Кабдиева, Ментор Зимберай енген.Фестивальдің салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркетбайұлы Атамұратов, фестивальдің директоры Юрий Иванович Ивлев, сондай-ақ сараптамалық кеңестің төрайымы Мазур Нина Зиновьевна құттықтау сөздерін айтты.Ашылу салтанаты «ЧЕЛОВЕЧЕСКИЙ ГОЛОС» (Ж. Кокто) атты фестивальдің алғашқы қойылымымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/996866?lang=kk
Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды 20.05.2025
✔Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.Байқау екі кезеңде өтеді:Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/996868?lang=kk
📣Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды 20.05.2025
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.Байқау екі кезеңде өтеді:1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Толық ақпарат: 8(7142) 57-51-93Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/996874?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-мен балалар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайтады 20.05.2025
Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Қазақ дипломаты балалардың құқықтарын қорғау саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге қолдау көрсетіп келе жатқан белсенді жұмысы үшін ЮНИСЕФ өкіліне алғыс білдірді.Р. Де Доминичис ЮНИСЕФ Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, цифрлық қауіпсіздікке, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелеріне және орнықты даму саласындағы ұлттық басымдықтарға жауап беретін әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.Кездесу соңында, тараптар биыл наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен қолдау тапқан Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының әлеуетін пайдалана отырып, балаларды қорғау саласындағы күш-жігерді үйлестіру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/996848?lang=kk
Еліміздің делегациясы ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты 20.05.2025
ҚР Қаржы министрі, Қазақстанның атынан Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) басқарушы болып отырған Мәди Такиев бастаған еліміздің делегациясы 13-15 мамыр күндері Лондонда өткен ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы мен бизнес-форумына қатысты.Дәстүрге айналған жиында Басқарушылар кеңесі ЕҚДБ-ның 2024 жылғы қызметіне байланысты, сондай-ақ Африка елдеріне «көмек алушы мемлекеттер» мәртебесін беру бойынша жылдық есептерді мақұлдап бекітті. Сонымен бірге ЕҚДБ-ның 2026-2030 жылдарға арналған қаржыландыру бағдарламасы бойынша стратегиялық құжаты қабылданды.Бұған қоса Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев бірқатар екіжақты кездесу өткізді.Атап айтқанда, ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен болған кездесуде тараптар аталған банктің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басымдыққа ие бағыттарын талқылады.Лондон қор биржасы басшысының орынбасары Чарли Уокермен келіссөздер барысында еурооблигациялар шығару шеңберінде қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Standart Chartered UK банкінің бас атқарушы директоры Саиф Маликпен кездесуде қаржылық әріптестікті, оның ішінде банктің еліміздегі жұмысын дамыту жолдары пысықталды. Бұдан бөлек Мысырдың (Египеттің) жоспарлау, экономика және халықаралық ынтымақтастық министрі Рания Әл-Машатпен келіссөздер кезінде климаттық бастамаларды қаржыландыру тетіктері және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту тетіктері қаралды.Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/996854?lang=kk
Сербияда Қазақстанның жаңа Құрметті консулы тағайындалды 20.05.2025
Белград, 2025 жылғы 15 мамыр - Сербия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Мәди Атамқұловтың қатысуымен белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович ханымға Ябланички және Пчинья округтеріндегі ҚР Құрметті консулының экзекватурасы мен патентін тапсыру рәсімі өтті.Кездесу барысында Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич ханым құрметті консул қызметіне кірісу тек консулдық қатынастарды ғана емес, жалпы екіжақты қатынастарды жақсартуға қосымша серпін беретінін атап өтіп, К.Стоянович ханымға екі достас халықтың игілігі жолындағы қызметіне жетістіктер тіледі.Өз кезегінде К.Стоянович ханым қазақ-серб қарым-қатынастарын дамытуға, елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бар күшін салатынына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/996858?lang=kk
«Power International Holding» Қазақстандағы инвестициялық қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев «Power International Holding» (PIH) компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Амер Махасенмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар энергетика, телекоммуникация, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және тау-кен металлургиясы салаларындағы PIH компаниясының қазіргі жобалары мен болашақ жоспарларын талқылады.Холдингтің инвестициялық қатысуын Қазақстанда кеңейтуге ниетті екенін басқарушы директор растады және бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Атап айтқанда, компания IT-стартаптардың халықаралық технопаркі – «Astana Hub» негізінде заңды тұлға тіркеп, цифрлық шешімдер мен қызметтерді іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Денсаулық сақтау саласында PIH-тың медициналық инфрақұрылым бойынша халықаралық тәжірибесін қолдана отырып, медициналық мекемелерді салу және басқаруға қатысу мәселесі талқылануда. Сондай-ақ компанияның халықаралық нарықтардағы табысты тәжірибесін ескере отырып, тау-кен металлургия секторында жер қойнауын пайдалану нарығына шығу перспективалары зерттелуде.Кездесу барысында PIH пен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы компанияның өзекті жобаларын қамтитын Инвестициялық келісімді дайындау мәселесі қаралды.Министрдің орынбасары катарлық инвестициялардың ел экономикасының орнықты дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, «Power International Holding» жобалары экономикамыздың негізгі бағыттарын қамтиды. Газ өңдеу инфрақұрылымы энергетикалық қауіпсіздікке, телекоммуникация – цифрландыруға ықпал етеді. Денсаулық сақтау, IT және тау-кен салаларындағы бастамалар – технологияларды трансферттеуге және өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан бұл жобалардың сәтті іске асуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» – деді ол.Өз кезегінде, Е. Елекеев «Kazakh Invest» компаниясы PIH жобаларын барлық кезеңдерде – құжаттама дайындаудан бастап мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру және әкімшілік рәсімдерді жеделдетуге дейінгі аралықта толық сүйемелдейтінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара тиімді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниеттерін растады.PIH Қазақстанда бірқатар стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, Қашаған кен орнында жылдық қуаттылығы 1 және 2,5 млрд текше метр болатын екі газ өңдеу зауытының құрылысы, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісінің, КС-14 компрессорлық станциясының және «КС-14 – Ақтөбе – Қостанай» магистралінің құрылысына қатысу. Сонымен қатар 2023 жылы PIH Tele2 және Altel компанияларындағы 100% үлесті сатып алып, телекоммуникациялық қызметтер нарығына шықты.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/998855?lang=kk