Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мақсатында 19.05.2025
 Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және қолайлы іскерлік климат қалыптастыру мәселелерін талқылады. Форумның мақсаты - бизнесті дамыту, инвестиция тарту, стратегиялық жобаларды іске асыру сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүддесін қамтамасыз етудің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша ашық және құрылымды диалог құру болды.Кездесу өңірдің кәсіпкерлік саласын дамытуға серпін беретін маңызды іс-шара болды. Мемлекет басшысы Төртінші ұлттық құрылтайда атап өткендей, мемлекет бизнесті қолдады және қолдайтын болады, бұл жерде күмән болмауы керек. Бизнес, өз кезегінде, Үкіметтің қолдауына ие болу және тұтастай алғанда тиісті жеңілдік алу үшін жауапты және ең бастысы заңға бағынатын болуы тиіс.Кездесуге орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері, кәсіпорын жетекшілері мен инвесторлар қатысты.Осындай кездесулер бизнесті қолдау бойынша нақты құралдарды әзірлеу үшін тиімді алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/995300?lang=kk
«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» облыстық онлайн-семинар 19.05.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14 мамырда мектеп директорлары мен директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.Семинардың мақсаты: Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.Семинар барысында ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Кайсенов кентінің орта мектебі» КММ –лерінің мектеп директорлары мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/995263?lang=kk
Кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 19.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды.Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/995230?lang=kk
Малайзиядағы қазақ дипломаттары Екінші дүниежүзілік соғыс батырларын еске алды 19.05.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Куала-Лумпурдағы кеңес жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара Бейбітшілік пен бостандық үшін өз өмірін қиған сарбаздардың ерлігіне терең құрмет рухында өтті.Салтанатты іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елшілері мен дипломаттары қатысты. Фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқандарға алғыс пен ризашылық сөздері айтылды.Соғыс жылдарында Қазақстан Майданға 1,2 миллионнан астам ұл-қызын жіберді, бұл сол кездегі Қазақ КСР-нің барлық халқының 20% құрады. Қазақстанда әскерді қару-жарақпен, техникамен және азық-түлікпен қамтамасыз ететін 200-ден астам эвакуацияланған зауыттар мен фабрикалар орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/995175?lang=kk
Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар 19.05.2025
Қазақстанда жастар арасында нашақорлық мәселесі барған сайын өткір бола түсуде, ал есірткінің таралу ауқымы мен халықты оған тәуелді ету деңгейі қауіпті сипатқа ие болуда.Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу болып қала береді.Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық проблемасының өзектілігін ескере отырып, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция майоры Сағатбек Қуатбекұлы Малтугеловпен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында «Есірткі қылмысы үшін құқықтық салдарлар» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.Сағатбек Қуатбекұлы өз бөлімшесінің басым міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы, есірткі қылмыстары үшін қандай жаңалықтар күшіне енгені туралы, оны алғаш рет жасаған есірткі салушылар үшін жазаны жеңілдету жағына қарай заңды қайта қарау туралы айтып, біздің облыста жиі кездесетін есірткі құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің баптарын түсіндіруге тоқталды. есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік неше жастан басталатынын, және біздің облыста 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қалай өтетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/995123?lang=kk
Халықпен кездесуі 19.05.2025
2025 жылғы 28 мамырда  Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Ломоносов ауылдық округінің  тұрғындармен  кездесуі  өткізіледі.Өткізілетін орны: Касқат ауылы, мектеп ғимараты, сағат 12:00          Тұрғындармен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-27 нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995054?lang=kk
БАӘ спорт министрлігінің өкілдерімен кездесу 19.05.2025
Спорттық дипломатия аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Спорт министрлігі, Шахмат федерациясы және Ұлттық Олимпиада Комитетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында мәдени-спорттық байланыстарды нығайту мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/995030?lang=kk
Су объектілеріндегі қауіпсіздік шаралары 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/995033?lang=kk
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясының сапары 19.05.2025
Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының ІІМ делегациясы 13-15 мамыр аралығында Дубай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік полиция саммитіне қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/995014?lang=kk
Қорғаншылар мен қамқоршылар eGov.kz порталы арқылы өздерінің қамқорлығындағы азаматтардың мүлкіне билік етуге және әлеуметтік төлемдерге рұқсат ала алады 19.05.2025
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін: eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамсыздандыру» - «Отбасыларға көмек» бөліміне өтіңіз;«Мүлікке билік етуге рұқсат беру, зейнетақыны, жәрдемақыны, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның есебінен алынған әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» қызметін таңдап, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;қажетті өрістерді толтырыңыз;тапсырма түрлерінің бірін таңдап, қажетті алаңдарды толтырыңыз;өтінішке қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен қол қойыңыз.Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/995396?lang=kk
Оқушылар арасында робототехника бойынша "Robotek Grand Tournament"халықаралық чемпионатына қатысу 19.05.2025
2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласында оқушылар арасында робототехника бойынша "Robotek Grand Tournament"халықаралық чемпионаты өтті. Осакаров ауданынан 2 команда қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша "Робо Баскетбол" санатында І орынды Кенжебаев Диас, Сансызбаев Аслан (жаттықтырушы - Темірбай С.Т.) оқушыларынан құралған "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Dragon" командасы иеленді.Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/994970?lang=kk
Жазда су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994930?lang=kk
Таныс емес және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз 19.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/994945?lang=kk
ҚР ҚМ МКК кері байланысты күшейтуде: кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін «қызыл түйме» жүйесі енгізілді 19.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатылды — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады. Толығырақhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/989996 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996734?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы» 19.05.2025
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын-алу» №4 ҮҮБ жобаларын орындау бойынша Нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылғы 28 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды жоспарлап отыр.Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 28 мамыр күні Өскемен қаласы Пермитин көшесі 27 үй мекен-жайы бойынша осы шараға қатысуыңызды сұраймыз.Сұрақтарыңыз болса 8/7232/70-10-48 телефон номеріне хабарласыңыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/994891?lang=kk
"Аналар күні" - Бейімбет Майлин ауданындағы мерекелік шара. 19.05.2025
Аналар күні-әлемнің көптеген елдерінде ана болуды құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін Алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке. Қазақстан Республикасында бұл мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы құрған, оны өткізу қоғамның назарын отбасылардың жағдайына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестерге аударады, сондай-ақ азаматтардың әртүрлі өмірлік жағдайларда отбасыларға көрсетілетін қолдау шаралары туралы хабардар болуын арттырады.Отбасы мен ана болудың маңыздылығын арттыру, әйел–анаға қоғамдық тануды және жоғары құрмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 13 мамырында Бейімбет Майлин ауданында "Әлемнің жарығы"атты аналар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні Мәдениет үйі залының қабырғалары жылу мен Мейірімділіктен жарқырап тұрғандай болды. Әр қонақ өзімен бірге қуаныш, үміт және, әрине, махаббат әкелді. Гүлдердің хош иісі ауада қалықтап, жайлылық пен отбасылық жылулық атмосферасын жасады.Балалары ауданның қоғамдық өмірінде жетістіктерге жеткен аналарды марапаттау ерекше және жарқын сәт болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: "ішкі саясат бөлімі" ММ "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "РДК" ММ бірлесіп сөз сөйледі.Е. Өмірзақова " мейірімділік пен шынайылық рухына толы мерекелік бағдарлама дайындады.Іс-шара жағымды дәм қалдырды және өте жылы, мейірімді болып шықты, қатысушылардың барлығына шынайы эмоциялар сыйлады. Әр адам ризашылық сезімімен және мейірімділік пен мейірімділік ғажайыптар жасай алатындығына сенімділікпен үйге кетті. Аналарыңа қамқор бол, өйткені олар сендерге өмір сыйлады және есімі анам болатын ең қымбат адам сияқты жанқиярлықпен сүю қабілетін сыйлады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/994906?lang=kk
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай аудандық семинар өтті 19.05.2025
13 мамырда Самара ауданында ата-аналар арасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бастауыш ауылдық округіне қарасты Абай атындағы орта мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы – балалардың интеллектуалдық дамуының кепілі» тақырыбында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/994875?lang=kk
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батыры Айбат Амановты еске алуға арналған турнир өтті 19.05.2025
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұлан жауынгері Айбат Амановты еске алуға арналған үш күндік бокс турнирі өз мәресіне жетті. Айбат 2022 жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын.Турнирге Жаңаарқа, Шет аудандары мен Ақадыр кентінен келген жүзге жуық жас спортшы қатысты. Бес салмақ дәрежесінде 60-тан астам медаль жиынтығы сарапқа салынды.Спортшыларды марапаттау рәсіміне батырдың ата-анасы, ардагерлер, “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, аудан әкімдігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Айбат Амановтың отбасы тағайындаған арнайы сыйлық 63 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен Еламан Хайнилзаятовқа бұйырды. Биылғы турнирде алғаш рет қыз боксшылар да марапатқа ие болды.– Айбат Аманов сынды қаһармандар – тек ауданымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. Турнирдің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткізілуінің де ерекше мәні бар. Жастар осындай ержүрек ұлдардан үлгі алуы керек. Бұл турнир балаларға тек жағымды әсер ғана емес, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе сыйлады. Алдағы уақытта дәстүрлі турнирге айналатынына сенемін, – деді “Amanat” партиясының аудандық филиалының төрағасы Амангелді Түсіпов.Турнирге жүзге жуық жас спортшы қатысты. Бес салмақ дәрежесінде 60-тан астам медаль жиынтығы сарапқа салынды.– Бұл турнир үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бұған дейін арнайы сыйлық тек ұлдарға берілетін. Биыл қыздар да жоғары деңгейде өнер көрсеткен соң, оларды да ынталандыруды жөн көрдік. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан басшылығына алғысымыз шексіз. Бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылып, болашақта республикалық деңгейге шығатынына сенемін, – деді жауынгердің анасы Гүлназ Әлкенқызы.Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қатардағы жауынгерлер Мадияр Қайсарұлы (5547 әскери бөлімі, Қызылорда қ.) мен Айбат Аманов (5514 әскери бөлімі,Талдықорған қ.) өз өмірлерін құрбан етіп, қарулас жолдастарын қорғап қалды.Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін олар (қаза тапқаннан кейін) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен III дәрежелі “Айбын” орденімен, сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төсбелгісімен марапатталды.Қаһармандардың есімдері өз әскери бөлімдерінің жеке құрам тізіміне мәңгілікке енгізілді. Олардың құрметіне ескерткіш тақталар, билбордтар, стендтер мен мұражай экспозициялары орнатылған. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/994880?lang=kk
Сербия өкілдері Астана-2025 Халықаралық форумына қатысады 19.05.2025
Белград, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты ресми Астана мен Белград арасындағы белсенді диалогты қолдау аясында серб тарапының ірі өңірлік саяси-экономикалық форумға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, министрді Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауданың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары (2024 жылғы 19-20 қараша) барысында атап өтілген тауар айналымын арттыру және әртараптандыру туралы келісімдерді жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды.Я.Лазаревич Астанада өтетін форумға қатысатынын растады. Сонымен бірге, серб министрі өз ведомствосының Қазақстан компанияларымен сауда байланыстарын дамыту және жеңілдету бойынша жұмысты жалғастыруға дайын және мүдделі екенін білдірді.Бұған қоса, серб тарапы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының алдағы 4-ші отырысының күн тәртібін сапалы әзірлеу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/994836?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Солтүстік Македонияда Кеңес жауынгерлерін құрметпен еске алды 19.05.2025
Скопье, 8 мамыр 2025 – Қазақстанның Скопьедегі Елшілігі Ұлы Отан соғысындағы кеңес жауынгерлерінің жеңісіне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Еске алу шарасына қоғамдық ұйымдар, Солтүстік Македония үкіметінің, Скопье мэриясының өкілдері, сондай-ақ дипломаттар қатысты.Мемориалдық стела Скопьеде 2020 жылы орнатылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/994849?lang=kk