Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарлы отырысы 19.05.2025
2025 жылғы 13 мамырда Александр Макаренконың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті.Комиссия жұмысына Рудный қалалық мәслихатының төрағасы А.К. Искаков және мәслихат депутаттары, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сақтағанов, Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбекова, Горняцк кентінің әкімі З.А. Абилов, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Р.С. Байғабылов, Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.М. Шуинов, «Рудненские Тепловые сети» ЖШС директоры О.Ю. Абылкаиров, «Рудненский водоканал» ЖШС директоры Ғ.А. Жұбикенов, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.Рудный қаласының 2024 жылғы қалалық бюджетінің атқарылуы туралы; Қашар кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы; Горняцк кентінің 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жоспарлы мәселелер, жоспардан тыс мәселелер қатарында  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиялардың, сондай -ақ  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық турының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жеке құрамдарына енгізілетін өзгерістер қаралды.Қала бюджеті 2024 жыл ішінде 6 рет нақтыланды. Бір жыл ішінде бюджетке түсетін түсімдер шамамен 41 миллиард теңгені құрады. 2024 жылғы қалалық бюджет шығындары жоспарға шамамен 51 миллиард немесе 99,3% құрады. Қалалық бюджет шығындарының негізгі үлесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және әлеуметтік салаға тиесілі.Рудный қаласы бюджетінің барлық шығындарының 63,6%-ы облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюларды құрады. 2023 жылмен салыстырғанда облыстық бюджетке аударылған бюджеттік алып қою 2 миллиард теңгеден астамға ұлғайды.Бюджеттің атқарылуы туралы есепті талдау және Тексеру комиссиясы жүргізген аудиторлық іс-шаралар қорытынды жасауға мүмкіндік берді – қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң серпінге ие. 2023 жылмен салыстырғанда өз кірістерінің өсуі 5,4% немесе 1 миллард теңгеден асты. Шығыстар бойынша бюджет 99,5%-ға орындалды. Шығыстар көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті. Шығыстардың негізгі үлесі (79%) ағымдағы шығыстарды, даму бюджетін және экономиканың дамуына әсер ететін өзге де шығыстарды алады. 2023 жылмен салыстырғанда экономиканы дамытуға арналған шығыстардың 47%-ға өсуі байқалады. Игерілмеу үлесі бар, бірақ бұл мердігерлік ұйымдардың міндеттемелерін орындамауына байланысты. Бағалау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін тиісті ұсынымдар әзірленді.Қашар кентінің бюджеті кірістер бойынша 112,2%-ға орындалды. Қашар кентінің кірістер құрылымына сәйкес шамамен 399 миллион теңге түсті, оның 76%-ы трансферттер, ал 20,7% салықтық және салықтық емес түсімдер құрайды. Осылайша, кент бюджеті жоғары тұрған бюджетке байланысты. Шығындар бойынша бюджет 100%-ға орындалды, ал игерілмеу өнім берушілердің шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамауынан туындады.Өз кезегінде, Горняцк кентінің бюджеті кірістер бойынша 102,8%-ға орындалды. Салық түсімдері бойынша жоспарланған 5 кіріс көзінен жоспар 3 кіріс көзі бойынша орындалды. Кент кірістерінің негізгі бөлігін трансферттер түсімдері құрайды – 87,6%, салық төлемдерінің түсімдері – 12,1% құрады. Бюджет шығындары 100%-ға орындалды.Қарастырылған жоспардан тыс мәселелер кадрлық өзгерістерге байланысты ведомствоаралық комиссиялардың жеке құрамдарына енгізілетін өзгерістерге қатысты болды.Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының күн тәртібіне барлық қаралған мәселелерді енгізуге қаулы етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/994827?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «CITIC Construction» компаниясының басшылығымен кездесті 19.05.2025
Астана, 2025 жылғы 13 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық «CITIC Construction» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде «Орталық – Батыс» автожолын салу және жаңарту жобасына компанияның қатысу перспективаларын талқылады. Тиісті меморандумға қол қою ағымдағы жылдың мамыр айында «CITIC Group» басшылығының Қазақстанға сапары барысында күтілуде.Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі, дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу бойынша жобаларға, сондай-ақ мал фермалары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысына инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар сұхбаттастар түсті металдарды игеру және қайта өңдеу бойынша бастамаларды талқылады. Қазақ тарапы компания жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.«CITIC Construction» – халықаралық инфрақұрылымдық және инженерлік жобаларға маманданған «CITIC Group» қытайлық мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы. 2010 жылдан бастап компания Қазақстанда көліктік, энергетикалық, агроөнеркәсіптік және тау-кен өндіру салаларында ауқымды жобаларды іске асыра отырып, белсенді қызмет жүргізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/994804?lang=kk
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде жаңа басшы Хасанов Тимур Төлегенұлы тағайындалды. 19.05.2025
Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде жаңа басшы Хасанов Тимур Төлегенұлы тағайындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/994766?lang=kk
Көктемгі егін науқанының барысы талқыланды 19.05.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда өңірдегі көктемгі дала жұмыстарының және вегетациялық кезеңнің барысы талқыланды. Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәжіліс өткізіп, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес көктемгі дала жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына тоқталды. Ауданда биыл 33 212 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 22 000 гектарға күріш дақылы егілуде. Биыл жалпы көлемі 3500 гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізілуде. Шаруашылық құрылымдары тұқыммен, техникамен және қажетті дизель отынымен толық қамтамасыз етілген. Аудан әкімі көктемгі дала жұмыстары барысында мәселе туындамау қажеттілігін атап өтті. Егін науқанында Сырдария өзеніне жоғарыдан келетін су көлемі төмен екеніне тоқталып, суды аз қажет ететін дақылдар егісін ұлғайтуға баса мән берді. Осы бағытта жұмысты жандандыру бағытында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Сонымен қатар, аудан басшысы мәжілісте суға түсу маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін сақтауға қатысты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/994718?lang=kk
ШҚО прокуратурасы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді жалғастыруда 19.05.2025
         «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері өңірдегі еңбек ұжымдарымен жүйелі түрде кездесулер өткізуде.         Іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың еңбек құқықтарын қорғауға, кәсіпорындардағы еңбек дауларының туындау қаупін анықтауға, сондай-ақ әділеттілік идеологиясын ілгерілету мен нығайтуға бағытталған.         Кезекті кездесу Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ерлан Буланбаевтың қатысуымен өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – 2,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ ұжымымен өткізілді.        Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау, есірткіге қарсы күрес пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар мәселелеріне ерекше назар аударылды.        Жиналғандарға облыс прокуратурасы әзірлеп, жүзеге асырып жатқан «URPAQ» және «STOP наркотик!» жобалары таныстырылды. Бұл жобалар балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және облыс тұрғындарын есірткіге қарсы іс-шараларға кеңінен тартуға бағытталған.        Прокурордың орынбасары Е. Буланбаев қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру үшін азаматтық жауапкершіліктің және халық пен құқық қорғау органдары, мемлекеттік билік институттары арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.#Теңқұқылы#Әдептібол! Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/994685?lang=kk
сыбайлас жемқорлыққа қарсы детектив 19.05.2025
Біздің әрқайсымыз мектеп өмірінде бірнеше рет түрлі тақырыптағыинтеллектуалды ойынға қатысқанбыз.Бүгін де Юбилейный жалпы білім беретін мектеп қабырғасында «Өзойыным» зияткерлік ойыны өтті, оған осы мектептің оқушылары менмұғалімдері қатысты. Бірақ ойын тақырыбы қарапайым емес, сыбайласжемқорлыққа қарсы тақырып болды. Ойын екі кезеңде өтті: - бірінші кезең,барлық қатысушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптасұрақтар алдын ала дайындалды, жай ғана емес, күрделілігін 10-нан 50баллға дейін арттыру; - екінші кезең бұл ептілікке жылдамдыққа жәнекомандада жұмыс істей білуге арналған. Бірақ кез келген ойын сияқтыжеңілген жеңімпаздар бар. Ойынның жеңімпаздары қарсыластарын 20ұпаймен жеңген «Тичеры» командасы (педагогтар командасы) болды.«Антикор» командасы (оқушылар командасы) өте дайын болды делік ол үшінбіз оларға ризашылығымызды білдіреміз. Ойын «Бейімбет Майлин ауданыәкімдігінің аппараты» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша«Үміт – 2050» қоғамдық қорымен іске асырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/994584?lang=kk
Алматы облысында шетелдік инвестициялар есебінен 1 млрд долларлық индустриялық аймақ жобасы жүзеге асуда 19.05.2025
Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ең ауқымды индустриялық жобалардың бірі — «Қайрат» индустриялық аймағының кеңейтілген құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жедел индустрияландыру, өңірлік өндірістік кластерлерді дамыту және тікелей инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылып жатыр.Жоба әлемдегі ең ірі құрылыс корпорацияларының бірі — China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 177 гектар аумақта 20-дан астам жаңа өндіріс орындарын орналастыру жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл «Қайратты» елімізде мұндай көлемдегі қаржы мен кәсіпорынды бір мезгілде тартуға қол жеткізген бірегей индустриялық аймаққа айналдырып отыр.Жобаның басты ерекшелігі — ішкі инженерлік инфрақұрылым толықтай инвесторлар есебінен салынады. Ал сыртқы желілерді тарту облыс әкімдігінің міндетіне жатады. Бұл тәсіл мемлекеттік бюджетті айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.China Construction компаниясының ресми өкілі Чэнь Сяоюнь: «Біз мамыр айында құрылыс жұмыстарына кірістік. Жоба аясында өндірістік нысандар, логистикалық және қоймалық кешендер, саябақтар, павильондар, дата-орталық, әкімшілік ғимараттар мен қонақүйлер салынады. Құрылысты үш жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Инвестиция көлемі 1 миллиард доллардан асады, ал іске 20 компания тартылған», — деді ол.Жобаның негізгі бағыттарының бірі — Geely автоконцернінің қатысуымен машина жасау кластерін құру. Автомобиль компоненттері мен тораптарын жергілікті жерде өндіру жоспарланған. Бұл Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібінің дамуына тың серпін береді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев: «Қайрат» жобасы — Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық мақсаттарға толық сәйкес келеді. Біз заманауи индустриялық платформа қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, экспортты арттырып, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудеміз. 1 миллиард долларлық инвестиция — жүйелі жұмыстың және халықаралық әріптестердің сенімінің нәтижесі», — деп атап өтті.Бүгінде «Қайрат» индустриялық аймағында бірнеше кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр:•ТехноНИКОЛЬ Орталық Азия – жылу оқшаулағыш материалдар өндіреді;•Safa Industrial – құйма өнімдер шығарады;•QazMetProduct – метиз өнімдерін өндіреді;•SUNLONG – тау-кен саласына арналған компоненттер жасайды;•Hong Shun – сұйық шыны шығарады.Жалпы инвестиция көлемі 146,7 млрд теңгеден асып, 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.Индустриялық аймақтың басшысы Ербол Шокаев: «Қайрат» — бұл жай ғана өндірістік алаң емес, толыққанды индустриялық экожүйе. Біз инвесторлар үшін жобаларды жедел іске асыруға барынша қолайлы жағдай жасап отырмыз. Әкімшілік кедергілерді азайтып, жан-жақты қолдау көрсетеміз», — деді.Жоба Алматы облысындағы жалпы көлемі 1786,7 гектарды құрайтын алты индустриялық аймақты дамыту бағдарламасы аясында іске асып жатыр. Сонымен қатар, 96,6 мың гектар аумақта орналасқан «Алатау» арнайы экономикалық аймағын дамыту жалғасуда. Мұнда 3,7 трлн теңге инвестиция тартылып, 34 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/994544?lang=kk
Тбилисиде Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты қабылдау өтті 19.05.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 7 мамыр - Грузияда алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Отан қорғаушы күніне орай салтанатты қабылдау өтті.Іс-шараға Грузияның Қорғаныс министрлігі мен Бас штабыныңө кілдері, Тбилисиде аккредиттелген әскери атташелер, сондай-ақ журналистер мен сарапшылар қатысты.Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин құттықтау сөз сөйлеп, біздің еліміз дәйекті және бейбіт саясат жүргізіп жатқанын атап өтті. «Дегенмен, Қазақстан армиясы мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын сенімді күзетуде. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді», деді өз сөзінде дипломат.Елші сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдауға айрықша мән беретініне тоқталды.М.Мырзалин Қазақстан мен Грузия қарым-қатынастарысаяси,экономикалық, мәдени-гуманитарлық,сондай-ақ әскерижәне қорғаныс  салаларындатабыстыдамып келе жатқанын атап өтті.Қазақстанның Грузиядағы әскери атташесі Қазез Тілеубаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, қазақстандық Қарулы Күштер өз әлеуеті мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін көрсеткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өткен әскери шеру туралы айтып берді.«Өткен 33 жыл ішінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде қазіргі заманғы талаптарға сәйкес әскерлердің жауынгерлік әлеуетін арттыруға бағытталған ұйымдық-құрылымдық сипаттағы бірқатар өзгерістер болды. Геосаяси жағдайды және мемлекетіміздің халықаралық аренадағы ұстанымын ескере отырып, заңнамалық база жетілдірілді, әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері жақсарды», деді атташе өз сөзінде.ГрузияҚарулыКүштері Бас штабы бастығының орынбасары, бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстанды мерекемен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Грузия тарапының осы процеске одан әрі күш салуға дайын екендігін білдірді.Қабылдау барысында бригадалық генерал Ираклий Чичинадзе Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды.Іс-шара аясында фотокөрме ашылып, қазақстандық армия туралы бейнероликтер көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/994554?lang=kk
Астанада ат спортынан ауқымды халықаралық жарыстар өтеді 19.05.2025
30 мамыр - 1 маусым аралығында Астана қ. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіледі.Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын  маршруттар мен  атпен жүруден  өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.Конкур – жылқының және шабандоздың кедергілерден өту қабілетін анықтайтын олимпиадалық спорт түрі. Мақсат – қашықтықты қателіксіз әрі мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде еңсеру.Атпен мәнерлеп жүру – ат спортының жоғары деңгейі, мұнда шабандоз бен ат арнайы аренада дәлдікпен және үйлесімділікпен түрлі қимылдарды орындайды.Астанада Әлем Кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық іс-шара болмақ. Ауқымды деңгейдегі жарыстар қазақстандық спортшыларға өз шеберліктерін арттырып, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп,  халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді.Біздің анықтама:2025 жылға арналған Әлем Кубогы кезеңдерінің Еуразиялық Лигасы сегіз кезеңнен тұрады: Ташкент қ. — 1 (Өзбекстан), Ташкент қ. — 2 (Өзбекстан), Бішкек қ.- 3( Қырғызстан), Астана қ. — 4 (Қазақстан), Тбилиси қ. — 5 (Грузия), 6-шы Тбилиси қ. (Грузия), 7 — Ереван қ. (Армения), 8- Тегеран қ. (Иран). Еуразиялық Әлем Кубогы кезеңдері лигасының «Grand Prix» бас маршрутының қорытындысы бойынша 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына лицензия ойналады.БАҚ аккредиттеу: +7 705 185 6366, +7 777 483 9118Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/994533?lang=kk
КИБЕРАЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ 19.05.2025
       Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” кешенінде “Кибералаяқтық: Алдын алу, Қорғау, Жауапкершілік” тақырыбында форум өтті. Іс-шараны Түркістан облысының Полиция департаменті ұйымдастырды.       Форум аясында цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың түрлері, олардан қорғану жолдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.Форум жұмысына Ішкі істер министрлігі, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, IT саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.       Шараның басты мақсаты – қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың интернеттегі алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейту.       Сонымен қатар, Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы форумда инновациялық IT жобалар мен стартаптарды көпшілік назарына ұсынып, өңірдің цифрлық даму бағытындағы тың бастамаларымен таныстырды.       Цифрлық болашақ – қауіпсіз қоғамнан басталады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/994522?lang=kk
Оқу жылының аяқталуы және жазғы сауықтыру науқанына дайындық: басты назар — балаларды қолдау мен олардың қауіпсіздігі 19.05.2025
Қостанай облысында 2024–2025 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл мектепті 4 752 түлек бітіреді — бұл өткен жылмен салыстырғанда көбірек (4 213). Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға ниетті түлектердің үлесі де артып отыр.Білім басқармасының мәліметінше, биыл түлектердің 80%-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Мұндай көрсеткіш жастардың отандық жоғары оқу орындарында білім алуға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атап өтті:«Әрбір нәтиженің артында — баланың және мұғалімнің еңбегі тұр. Біз бұл еңбекті бағалап қана қоймай, оны қолдауға міндеттіміз».Осыған байланысты өңірде емтихан алдындағы кезеңде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру шаралары қабылданып жатыр. Оқушылардың ынтасын арттыру мен психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылуда.«Бала емтиханға алаңдаумен емес, жанында қолдау көрсететін ересектер бар екенін сезініп, сенімділікпен келуі керек», — деді өңір басшысы.Сонымен қатар, ҰБТ өткізу кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне де баса мән беріліп отыр.«ҰБТ кезіндегі қауіпсіздік пен тәртіп — бұл біздің тікелей жауапкершілігіміз. Мұнда ұсақ-түйек деген болмауы тиіс», — деп толықтырды Құмар Ақсақалов.Қалалар мен аудандар әкімдеріне түлектерді емтихан тапсыру пункттеріне жеткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Білім басқармасымен, денсаулық сақтау саласымен және Полиция департаментімен бірлесе отырып, тестілеу өтетін жерлерде медицина қызметкерлері, психологтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік етеді.Балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы — тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігіКелесі басым бағыт — оқушылардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы өз тапсырмаларында жазғы демалыстың сапасын, қолжетімділігі мен қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына бірнеше рет назар аударған болатын.«Жазғы демалыс — бұл жай ғана каникул емес. Бұл — тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі, баланың дамуы мен күшін қалпына келтіру мүмкіндігі», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.2025 жылы Қостанай облысында сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағдарламаларымен 105 мыңнан астам бала қамтылады — бұл жалпы санның 98,6%-ын құрайды. Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылып, олар үшін тегін және сапалы демалыс ұйымдастырылады.Жаз мезгілінде өңірде 12 загородтық және 773 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Облыс әкімінің тапсырмасымен бұрын пайдаланылмаған нысандарды қалпына келтіру үшін инвесторлар тарту жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Меңдіқара ауданындағы «Солнечный» лагерін аукционға шығару үшін құжаттарды дайындау аяқталуда. Бұл нысанға әлеуетті инвестор ретінде «Аллюр» зауыты қызығушылық танытуда.«Бұрын лагерлер — балалар жазын өткізуге армандайтын орын еді. Біз осы мағынаны қайтарғымыз келеді», — деді өңір басшысы.Жазғы сауықтыру науқаны барысында қауіпсіздік мәселелері әрдайым басты назарда болады. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан бастап, өрт қауіпсіздігі нормаларына, аумақты қорғауға және персоналдың біліктілігіне дейінгі барлық аспектілерді қамтиды.«Жүйе ата-ананың кез келгені баласының қауіпсіз екеніне сенімді болатындай құрылуы тиіс», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында лагерлерде кәсіби бағдар беру жұмысы күшейтіледі. Жазғы демалыс жоспарына өңір кәсіпорындарына, соның ішінде облыс орталығының Индустриялық аймағына экскурсиялар енгізілген.«Бала өз көзімен заманауи өндірістің қалай жұмыс істейтінін көрген кезде, оның бойында қызығушылық пен арман пайда болады. Бұл кез келген дәрістен маңыздырақ», — дейді облыс әкімі.Төтенше жағдайлар қызметімен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен, полициямен және медициналық мекемелермен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілетін болады.Аудан және қала әкімдеріне — демалыс өтетін жерлерде абаттандыру жұмыстарын аяқтап, ойын және спорт алаңдарын орнату тапсырылды.«Біздің ортақ міндетіміз — балалар өзін қауіпсіз сезінетін, пайдалы істерге араласатын жазды ұйымдастыру», — деп қорытындылады Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/994466?lang=kk
Жанна тоқиды, сурет те салады және сылақ жұмысын да жақсы біледі! 19.05.2025
Қарағандыда есту, көру және тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар арасында сегізінші рет облыстық спартакиада өтуде. Біріншілік аясында жеңіл атлетиканың жекелеген түрлері: үстел теннисінен, шағын футболдан, дойбыдан және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Республикалық спартакиадаға  жолдама алу  үшін және  жеңу үшін облысымыздың қалалары мен аудандарынан 180-нен астам ерекше спортшы күресетін болады.Олардың қатарында теміртаулық Жанна Бакенова да бар. Ол жеңіл атлетика түрінен, яғни ядро лақтырудан, арбамен 100 және 200 шақырымға жарысады. Және де мұның бәрі реампутация  отасынан кейін!- Мен спартакиадаға алтыншы рет қатысып отырмын. Ядро лақтырудан жүлдегер болдым, арманым- бірінші болу! Менің мақсатым айқын және кедергілерге жол жоқ, - деп,  ерекше әйел өз ұранын айтты.Жанна жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отыр, сонымен бірге бимен, спортпен айналысады, шығармашылық үйірмеде тоқумен, сурет салумен және мүсін жасаумен айналысады. Сондай-ақ, қазір ол ата-анасынан айырылған және үлкен ағасының қамқорлығында қалған балалардың пәтерін тегін жөндейтін еріктілер ұйымының құрамында.- Мен сылақ сылау, кафель қалау жұмыстарын да істеймін- деді, Жанна. Біз  оған, Спартакиаданың барлық қатысушыларына, сол сияқты өздерінің күштілігімен, ерік-жігерімен және сенімділігімен таң қалдыратын таңғажайып адамдарға шын жүректен жеңіс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/994483?lang=kk
Алматы гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 19.05.2025
78460 әскери бөлімі мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілерді шығарып салу рәсімі өтті.Өткен көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің жүзден астам сарбазы үйлеріне қайтты. Салтанатты жағдайдағы шығарып салу рәсімі, Жауынгерлік тумен қоштасу және командирлердің ізгі тілектері жауынгерлердің есінде қалмақ.  Әскери қызметшілерге Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйледі.– Дәл бір жыл бұрын мен сендердің ант бергендеріңе куә болдым. Қызмет барысында біз достасып, жақын туыстардай болып кеттік. Азаматтық өмірде әрқайсыңа сәттілік тілеймін, – деп атап өтті ол.Үлгілі әскери тәртібі мен жауынгерлік дайындықтағы жақсы көрсеткіштері үшін бірқатар сарбаздарға кезекті әскери атақтар берілді, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар жолданды. – Сендер әскерде тәртіпке бағынып, әскери білімге үйрендіңдер. Сол арқылы Отанды қорғауға дайын саналы адам болып қалыптастыңдар, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов.Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар арасында мотивацияны арттыруға бағытталған «Срочники 2.0» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударып отыр. Соның арқасында сарбаздар грантпен әскери және азаматтық жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы бұл жоба тегін оқытумен қатар жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етуді көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/994465?lang=kk
2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы 19.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2025 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру тәртібі туралы хабарлайды.Талаптар: 1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;Өтінімді қайда беру керек: – қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).Байланыс деректері: 8 (7232) 56-98-43, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/994447?lang=kk
Қазақстанда фармацевтикалық өндірісті жергіліктендірудің перспективалары Малайзияда талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Hovid» малайзиялық фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтеріне барып, оның басшылығымен кездесті.«Hovid» – 80 жылдан астам тарихы бар, Малайзиядағы фармацевтика саласының жетекші компанияларының бірі. Компания 400-ден астам өнім түрін, оның ішінде дженериктерді, рецептсіз сатылатын дәрілерді және биологиялық белсенді қоспаларды шығарады. Компания өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады, бұл оның өнімдерінің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. «Hovid» халықаралық GMP және ISO стандарттарына сәйкес сертификатталған заманауи өндірістік қуаттарға ие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді дамытуда.Кездесу барысында қазақ дипломаттары еліміздің фармацевтика нарығының мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығын таныстырды. Тараптар «Hovid» компаниясы мен Қазақстанның фармацевтикалық және дистрибьюторлық компаниялары арасындағы ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады. Әсіресе өндірісті жергіліктендіру, технологиялар алмасу және өнімді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994419?lang=kk
AI’preneurs 2025: Жасанды интеллект бағытындағы стартаптарды дамытуды көздейтін акселерацияның екінші легі басталды 19.05.2025
 Astana Hub-та жасанды интеллект (AI) саласындағы стартаптарды дамытуға арналған алғашқы қазақстандық акселераторлардың бірі – AI’preneurs бағдарламасының екінші легі басталды. Бағдарлама IT-кәсіпкерлер, инноваторлар мен салалық мамандар арасында қызығушылық тудырды: 2025 жылы Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен 360 өтінім қабылданды.Іріктеу нәтижесінде бағдарламаға 58 қатысушы өтті. Олардың орташа жасы – 33. Қатысушылар қатарында технология мен бизнес саласында тәжірибесі мол мамандар бар. Мұнда практикалық дайындығы мықты кәсіпкерлер, корпоративтік сектор қызметкерлері мен фрилансерлер жиналды. Олардың арасында халықаралық компаниялар мен технологиялық жобаларда жұмыс істегендер де бар.«AI’preneurs – жай ғана акселератор емес, бұл – ертеңгі күннің мәні мен технологиясын жасайтын адамдарға жасалған инвестиция. Бүгінде жасанды интеллект айналасындағы экожүйе тез дамып келеді. Біз, мемлекет ретінде, мықты командалар мен таланттарға даму үшін нақты алаң ұсынуымыз керек. Осы ретте, қатысушылар өз идеяларын нақты AI-өнімдерге айналдыру үшін жан-жақты қолдауға ие болады. Біз оларды деректер жиынтықтары мен есептеу қуаттылығынан бастап, SAFE келісімі аясындағы бастапқы инвестицияларға дейін маңызды ресурстармен қамтамасыз етеміз. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы қойған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай 10 мың AI-маман даярлау, 5 технологиялық "юникорн" шығару және жыл сайынғы IT-қызметтер экспортын $5 миллиард жеткізу көзделді”, – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Бағдарлама оффлайн форматта Астанада өтеді. Басқа қалалар мен елдерден келген қатысушыларға бағдарлама кезеңінде тұрғын үй беріледі. Оқыту мерзімі үш айды қамтып, білім беру іс-шаралары, салалық сарапшылардың жеке кеңестері мен жобалар бойынша белсенді практикалық жұмыс жүргізіледі.Бағдарлама жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған ұлттық бастама аясында жүзеге асырылуда және AI технологияларын қолданатын кәсіпкерлер экожүйесін қалыптастыруға сеп болады.Еске салсақ, AI’preneurs бағдарламасының бірінші легі жоғары қызығушылық пен қатысушылардың әлеуетін нақты көрсетті. Былтыр 250 өтінім ішінен 50 маман іріктеліп, 21 команда құрылды. Соның ішінде 9 команда акселерацияны сәтті аяқтап, Seed Money аясында қаржыландыруға ие болды.AI’preneurs бағдарламасы туралы толық ақпаратты Astana Hub платформасынан табуға болады.Дереккөз : ҚР ЦДИАӨМ ресми интернет-ресурсы https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/994420?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/994667?lang=kk
«Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» облыстық тәжірибелік семинар 19.05.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері үшін Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  №37 көпбейінді  орта мектеп базасында 2025 жылдың13 мамырында «Жеке даму картасы сабақтастықты жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.Семинардың мақсаты - мектепалды даярлық сыныптарынан, балабақшадан мектепке көшу кезінде сабақтастық пен сәтті бейімделуді құру, жас ерекшеліктерін ескере отырып үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету және жеке даму картасын толтыру бойынша  іс – тәжірибелермен  бөлісу.Cеминарда спикерлер мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілерінің мектепке сәтті бейімделуі  және бастауыш буын арасындағы сабақтастық бойынша ашық сабақтар, шебер сыныптар көрсетіп, баланың жеке даму картасын толтыру бойынша  іс- тәжірибелерімен  бөлісті.Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994431?lang=kk
Малайзияда автомобиль өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 19.05.2025
ҚР Малайзиядағы Елшісі Булат Сүгірбаев Малайзияның жетекші автокөлік өндірушісі – «Протон» компаниясы жүзеге асырған «Протон Сити» көпфункционалды қалашығына жұмыс сапарымен барды. Аталған нысанда компанияның бас кеңсесі, өндірістік кешені, сондай-ақ қызметкерлердің өмір сүруіне қажетті әлеуметтік инфрақұрылым орналасқан.Сапар барысында қазақ дипломаттары зауыттың жұмысымен және өнім желісінің кеңейтілуіне байланысты даму жоспарларымен танысты. «Протон» компаниясы өндірілетін барлық автокөлік үлгілерін, соның ішінде алғашқы малайзиялық электр көлігін ұсынды.Кездесу аясында қазақстандық тарап Малайзия компаниясына еліміздің экономикалық әлеуеті мен қолайлы инвестициялық климаты туралы ақпарат берді. Келіссөздер барысында Қазақстан Елшісі мен компания басшылығы «Протон» өнімдерін қазақстандық нарыққа шығару және өндірісті кезең-кезеңімен жергіліктендіру мүмкіндігін талқылады. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдіріп, жұмыс бағытын жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/994400?lang=kk
Грузияда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті 19.05.2025
Тбилиси, 2025 жылғы 1 мамыр - Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Грузияның астанасында «Бір шаңырақтың астында» атты іс шара өтті.Кезінде Қазақстанда тұрған түрлі ұлт өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, елімізде болып жатқан жаңа өзгерістермен бөлісті.Қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен таныстырылды, жалпы оларға Ассамблеяның жұмысы, осы күзде өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің басты бағыттары мен  ұлтаралық және дінаралық келісім бойынша еліміздің бастамалары жөнінде айтып берілді.Елімізде 30 жыл тұрып тарихи отанына оралған Инга Перадзе  туған жерін, қазақ халқын тек үлкен жылылық сезіммен еске алатынын, сағынатынын ерекше сезіммен жеткізіп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысқан әзербайжан, грузин, татар, орыс, түрік өкілдері  Қазақстанда бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүргендеріне тоқталып, қай жерде жүрсе де өздерінің екінші отанын дәріптейтіндерін жеткізді.  Отандастарымыз Жанат Кшаева мен Гүлмира Күренкеева ұлттық ою-өрнектерге арналған шеберлік дәріс өткізіп, олардың қазақ халқының тұрмысы мен өміріндегі мән-мағынасы туралы айтып берді.Іс-шара барысында қатысушыларға әнші Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған Қазақстанның әр алуан табиғаттың, киелі орындары мен мәдениетін көрсететін бейне-клипі көрсетілді. Бұл арқылы көрермендер Ұлы даланың ең көрнекті танымал туристік жерлеріне визуалды саяхат жасай алды.Сондай-ақ Қазақстанға арналған фото-көрме ұйымдастырылып, еліміздің мәдениеті, өнері, туристік саласына арналған арнайы кітаптар мен анықтамалар жиналғандарға табысталды.Достық пен бірлік мерекесі ән мен биге ұласып, қатысушылаға ерекше көңіл-күй сыйлады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/994395?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығына орай: еңбек ардагерлеріне құрмет пен марапат 19.05.2025
Самар ауылдық округінің әкімі М.Дюсупов округ мамандарымен бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагерлерін құттықтады. Айтулы мерекеге байланысты ардагерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.Бұл ардақты жандар — батырлық тарихтың тірі куәгерлері. Біз олардың елге сіңірген еңбегі мен бейбіт өмірге қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы біз тарихи жадымызды сақтап, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ерлік пен елге деген адалдықты дәріптейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/994372?lang=kk