Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдары басшылары Душанбеде кездесу өткізді 18.04.2025
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Пәкістанның бас аудиторы Мұхаммед Аджмал Гондалмен кездесу өткізді. Іс-шара Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі аясында өтті.Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, аудиттің озық әдістері мен практикаларын енгізу, аудит рәсімдерін цифрландыру және басқа да бағыттарды талқылады.Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата мен Бас аудитор кеңсесінің арасында ШЫҰ аясында да, екіжақты форматта да көпжылдық тығыз байланыс орнағанын атап өтті.«2024 жылы біз ауыл шаруашылығы саласында қатарлас аудитті сәтті өткіздік. Осы бағыттағы белсенді жұмыс үшін пәкістандық әріптестерімізге алғыс айтамыз», — деді төраға.Сондай-ақ ол өткен жылы екі елдің аудит органдары АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшелері болып сайланғанын еске салды.«Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығаятынына сенімдімін», — деп аяқтады Әлихан Смайылов.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976729?lang=kk
Нұра ауданындағы білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар 18.04.2025
Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Еркебекова Саягүл Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастырған семинар-кеңесіне қатысты.Семинар барысында Саягүл Еркебекова еңбек қатынастарын реттейтін және білім саласы қызметкерлеріне қосымша кепілдіктер беретін ұжымдық шарттардың маңыздылығы туралы айтып өтті.Қатысушылар мұндай кездесулердің білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ кәсіподақтар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.Осындай іс-шаралар еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді ашық әрі тиімді шешуге және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/976676?lang=kk
Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл: жастар, бірлік және жаңа форматтар 18.04.2025
Қарағандыда облыстық ҚХА кеңесінің кездесуі өтті, онда мерейтойлық жылды мерекелік қана емес, мазмұны жағынан да маңызды ету мәселесі талқыланды. Жастардың рөлі, еріктілік пен ғылыми бастамаларды дамыту басты назарда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ҚХА бүгінде этносаралық келісімнің символы ғана емес, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың нақты құралы екенін атап өтті. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты. Оның қатарында белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапатталған ордендер мен медальдар иегерлері бар.– Жеңістің 80 жылдығы мен ел Конституциясының 30 жылдығымен қатар биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы болмақ. Осы уақыт ішінде ҚХА өзін мемлекет пен қоғам арасындағы ұлттық бірлік пен диалогты нығайтуға ықпал ететін бірегей қоғамдық институт ретінде көрсетті. Қарағанды Ассамблеясы өңірдің дамуында елеулі рөл атқарды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.ҚХА өкілдері жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, бүгінде жастарды тартудың аса маңызды екенін атап өтті. «Жастар Ассамблеясы» толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету және қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Жастар жаңа бастамалардың басты драйвері ретінде қарастырылады. Ермағанбет Бөлекпаев әрбір этномәдени бірлестікте жастар таныстырылуы тиіс екенін атап өтті. Кездесуде ҚХА-ның ғылыми жұмысы да қозғалды. Биыл Қарағандыда Әлімхан Ермековке арналған конференция өтеді. Ассамблея сондай-ақ еріктілер акцияларына белсенді қатысады, қайырымдылық жобаларын қолдайды және ұрпақтар арасында диалог орнатады.– 30 жыл ішінде Ассамблея өзінің бастапқы миссиясының шеңберінен шықты. Бүгінде ол еріктілікпен, қайырымдылықпен, әлеуметтік қолдаумен айналысады. Өткен жылы су тасқыны болған кезде ҚХА бірінші болып көмекке келді. Жақында Достық үйінде ақсақалдар мен жастардың диалогы өтті. Бұл Ассамблея ұлтаралық өзара іс-қимыл үшін тұғырнамаға айналғанын көрсетеді, – деп атап өтті ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Рустам Бузяков. – Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық – оның көп жылдық жұмысының нәтижесі.Кездесу соңында қоғам өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мерейтойлық медальдар табысталды.Теміртаулық грек мәдени орталығының төрайымы Деспина Касапиди былай деді:– Бұрын біз бытыраңқы болғанбыз, ал бүгін бір үлкен отбасындаймыз. Ассамблеяның күші де осында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976649?lang=kk
Назар аударыңыз: автокөлік қарыздарын өндіріп алу шаралары 18.04.2025
🚗 Назар аударыңыз: автокөлік қарыздарын өндіріп алу шараларыЕгер сізде көлік салығы бойынша қарыз болса, оны мүмкіндігінше тезірек төлеуге тұрарлық. Әйтпесе, сіз мәжбүрлеп өндіріп алудың маңызды шараларына тап болуыңыз мүмкін — көлікті алып тастауға дейін.Ах нені білу керек:🔹 Көлік салығы — ҚР-дағы барлық авто иелері үшін міндетті жыл сайынғы төлем.🔹 Азаматтардың жекелеген санаттарынан ғана босатылды (мысалы, 1 және 2 топтағы мүгедектер, ардагерлер және т.б.).🔹 1 АЕК (2025 жылға 3 963 теңге) жоғары берешек кезінде салық төлеушіге өндіріп алу туралы бұйрық жіберіледі.🔹 Егер қарыз 5 жұмыс күні ішінде өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларына беріледі.⚠️ Қандай шараларды қолдануға болады:- Банктік шоттар мен мүлікке тыйым салу- Автокөлікті алып қою- Қазақстаннан шығуға тыйым салу (40 АЕК-тен бастап борыш кезінде)- Жолдарда полиция мен сот орындаушыларының қатысуымен рейдтер📍 Бұл әрекеттердің барлығы заңды және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"ҚР Заңымен реттеледі.🔍 Шығуға тыйым салынғанын мына сілтеме бойынша тексеруге болады:👉 https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors🕒 Мәселені шешуді кешіктірмеңіз — алда жаз, демалыс, сапар. Көліксіз қалмау немесе шектеулерге тап болмау үшін — көлік салығын уақтылы төлеңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/976611?lang=kk
Әлихан Смайылов Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасымен кездесті 18.04.2025
ШЫҰ елдерінің жоғары аудит органдары басшыларының Душанбеде өткен 7-ші кездесуі аясында Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов пен Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасы Джамшед Абдурахмон Каримзода кездесу өткізді.Кездесу барысында Әлихан Смайылов екі ведомство арасындағы нәтижелі ынтымақтастық екі елдің достық, сенім және өзара құрмет қағидаттарына негізделген жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.«Қазақстан мен Тәжікстанның жоғары аудит органдары арасындағы әріптестікті жоғары бағалаймыз», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.Ол өз сөзінде өзара іс-қимыл тек екіжақты деңгейде ғана емес, халықаралық ұйымдар аясында, соның ішінде Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы төрағалық ететін ТМД елдерінің мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында да жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Әлихан Смайылов сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін күшейтуге бағытталған өзгерістерден де хабардар етті. Атап айтқанда, Жоғары аудиторлық палатаға жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу және республикадағы өзге аудит органдарының аудит нәтижелерін қайта қарау құқығы берілді.«Қазіргі уақытта біз өз қызметімізді цифрландыруға, сондай-ақ мемлекеттік аудит әдістері мен практикасын жетілдіруге ден қойып отырмыз. Осыған байланысты Тәжікстанның Есеп палатасымен тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деп атап өтті Жоғары аудиторлық палата төрағасы.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976608?lang=kk
11 сессия 18.04.2025
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Ахметов, аудан бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, республикалық, облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. Сессияда Үлкен Нарын ауданының және ауылдық округтердің 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттерінің атқарылуы туралы, жергілікті мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.        Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы 2024 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің орындалуы туралы есеп берді.Аудан әкімі орынбасарының мәліметіне сәйкес, аудан бюджеті есепті кезеңде өздік кірістер бойынша 180 пайызға, шығыстар бойынша 100 пайызға орындалды.Өткен жылы Үлкен Нарын ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Малонарым, Көктерек ауылындарындағы су құбырларына,  Үлкен Нарын ауылындағы 3 қазандыққа, сондай-ақ жылу желілеріне, Жұлдыз ауылындағы клубқа, мектептер мен балабақшаларға ағымдағы жөндеу жүргізілген. Есепті жылда кірістер түсімінің және шығыстарды қаржыландырудың серпіні аудан бюджетінің нысаналы параметрлерге сәйкес атқарылғанын куәландырады.         Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Ахметов 2024 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетінің атқарылуына қорытынды берді. Ол өз сөзінде Үлкен Нарын ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы жаңа әкімшілік-аумақтық бөліністі қалыптастыру жағдайында өткенін ескеріп, аудан бюджетіне толыққанды талдау жасай келе, қорытынды жасап, ұсынымдар берді.   Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан депутат Жанар Сыдыкова аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқтала келе, бюджеттің атқарылуы жүргізіліп жатқан бюджет және салық саясатына сәйкес орындалғанын атап өтті.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша есеп берген Үлкен Нарын ауданы әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі Аслан Кәсенов ақпарат берді. Баяндамашы көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. 2025 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында арықтарды, дренаждық құрылыстарды, айналма каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауданда ұзындығы 12,2 шақырымды құрайтын 3 айналма канал, 89 су өткізгіш, 37 арық  және 29 көпір бар.2025 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша олардың барлығына  тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауданда 4 су тасқыны қаупі бар учаске анықталып, қауіп барынша азайтылған.Осы мәселе бойынша жарыссөзге шыққан №5 сайлау округінің депутаты Дмитрий Веригин аталған мәселе бойынша ауданда біршама жұмыстардың атқарылғанын атап өтіп, жергілікті атқарушы органның көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарына оң баға берді.  Сонымен қатар, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльвира Акимбетова аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.Күн тәртібіндегі әр түрлі мәселелер бойынша мәслихат төрағасы Жанар Сыдыкова сөйледі. Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын  сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Үлкен Нарын  ауданы бойынша жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы, Үлкен Нарын ауданының құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы,  Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті он бірінші сессиясының жұмысына үзіліс жариялау туралы мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды. 2 нормативтік құқықтық акті қабылданды. 6 ауылдық округтің бюджеттеріне өзгерістер енгізу үшін, он бірінші сессияның жұмысына 14 күнтізбелік күнге үзіліс жарияланды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/976596?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынды 18.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі №155 бірлескен бұйрығымен  Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым  салынды.Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 сәуірде №35958 болып тіркелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/976583?lang=kk
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы 18.04.2025
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.     Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша аудан аумағындағы жолдарды ұстаудың жай-күйі, ауыз су, көше жарығы, абаттандыру мақсаттарында бөлінген қаражаттың игерілуі туралы мәселелер қаралды.Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д. Курманов пен Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Зайнолдинов 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.  Күн тәртібіндегі мәселелер саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулылар  қабылданды.        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/976575?lang=kk
Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды 18.04.2025
Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды Бір топ француз саяхатшылары күні кеше өткен «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне куә болды. Маңғыстау меймандары өңірдің көрікті табиғатын тамашалауға келетін туристерге қолайлы жағдай жасалып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, бастамаға сәттілік тіледі. Туристердің арасындағы француз велосаяхатшысы, кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін Орталық Азия елдерінде – Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын атап өтті. Оның айтуынша, үш жыл бұрын ол Маңғыстау даласын жалғыз өзі велосипедпен жүріп өткен. Сол сапардан алған ерекше әсерін өз отандастарымен бөлісу үшін, бір топ жерлесін Маңғыстауға бастап келгенін айтты. Өңірге алғаш рет келген саяхаттаушылар Бозжыра шатқалының таңғажайып табиғатына, оның қайталанбас тұмса келбетіне ерекше таңданысын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/976544?lang=kk
1,5 млрд теңгеге субсидиялармен алаяқтық: Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі ұсталды 18.04.2025
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған.Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.Тергеу жалғасуда.Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/976518?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданының белсенді әйелдер форумы 18.04.2025
15 сәуірде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында ауданның белсенді әйелдер форумы өтті Бейімбет Майлин. Аталған іс-шараны Филиал ұйымдастырды Бейімбет Майлин ауданының Кәсіпкерлер Палатасыішкі саясат бөлімімен бірлесіп. Бұл іс-шара 3 бөлімнен тұрды: кофе брейк немесе танысу, негізгі бөлігі-біздің ауданнан келген әйелдер өз қолөнерін, өз қолөнерін өз жанының бір бөлігі ретінде таныстырды – ал қорытынды бөлігі - Қостанай қаласынан келген дәріскерлер әйелдермен кәсіпкерлік мәселелері бойынша негізгі тақырыптармен бөлісті және кәсіпкер әйелдерді толғандыратын тақырыптар туралы шын жүректен сөйлесті.Қазақстанның ауылдық әйелдер форумы өз өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өз алаңдаушылықтарын білдіретін көшбасшы әйелдердің пікірлерін біріктіру алаңы болып табылады. Ауыл әйелдері форумының мақсаты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту арқылы ауылдағы тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын қолдау болып табылады. Жалпы, бұл іс-шара өте бай, нәтижелі және әйелдердің жеңіл әрі жайбарақат қарым-қатынасында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/976515?lang=kk
Жақсылыққа жаршы болған - Әз-Наурыз Будапештте атап өтілді 18.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 12 сәуір – Наурыз мерекесі Будапештте ерекше ықыласпен атап өтілді. Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі ұйымдастырған мерекелік салтанат айрықша сипатта болып, шетелде жоғары білім алып жүрген қазақ студенттердің, отандастардың, сондай-ақ қандастарымыздың бастарын қосып, береке дастарқанынан дəм татқызып мәре-сәре болды.Іс-шараны өткізуге Мажар-қазақ мәдени ұйымы, «Барыс мажар-қазақ» қоры мен қазақ студенттер жүргізіп отырған «Qazaq Reading Club» ат салысты.Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын, жаңғыруды білдіретін әз Наурыз  Елшіліктің аумағында, демек Қазақстан жерінде мерекеленді деп айтуға болады. Мерекеге орай көпшілік назарына құрылған халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін қазақ бұрышы ұсынылды.Салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтау сөзбен ашты. Көпшілік алдына шыққан Елші барша қонақтарды осынау ұлық күн – Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.-        Құрметті отандастар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын. Өмірін табиғат - анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған. Бір ай бойы тойланатын Наурыз мерекесі Будапештте өз мәресіне жетті. Осынау шуақты күні баршаңызға мықты денсаулық, молшылық тілеймін, - деп атап өтті.Осыдан соң Наурыз мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі басталып, жиылған жұрт асық ату, ләңгі сияқты түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзара сайысқа түсіп тартысты және ән шырқалып, ұлттық билер орындалды. Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре оқыды. Сонымен бірге, мажар әншілер Тамаш Пальчо қазақтың әнін, ал Анна Вираг мажар әнін орындап, тыңдаған жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл – халықтар достығы мен мәдени үндестіктің айқын көрінісі болды.Іс-шараның мажар қонақтарына халқымыздың бай салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын кеңінен танысып, барша қатысушылар наурыз көжеден бастап, халқымыздың  ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.Баршамызға белгілі, Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ұлыстың ұлы күні жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, мол қуаныш, игілік осы күннен басталуы тиіс. Наурыз тойында ән шырқалып, күй тартылады, жыр айтылады. Сөйтіп, жұрттың көңілін көтереді. Ондайда ұжымдасып, ұйымдасып өнер көрсетудің мәні зор. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам, бұрынғы реніш, өкпе-наразылығы болса, бәрін кешіп, бірін-бірі мейман етеді. Сый-сияпат жасалады. Қазақ халқының бірлігін насихаттайтын мерекеде осы дәстүрден Мажарстандағы қазақтары да жаңылған жоқ. Бұл мереке ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызды, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, халқымыздың тарихын түгендеп, оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіруге тигізер септігі зор, қосар үлесі мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/976508?lang=kk
2024 жылғы 16 қарашадан бастап "КЕДЕН"ақпараттық жүйесі іске қосылды 18.04.2025
       Қазақстан Республикасы Қаржи министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 16 қарашадан бвстап «Кеден» ақпараттіқ жүйесін іске қосты, оған алдын ала ақпарат транзиттік декларация беруге, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификатын, тауарларды және көлік құралдарын тексеру/тексеру бойынша кедендік бақылауды жузеге асыру, тауарларды сақтау құжатын тіркеуге байланысты функционалдар енгізілді.       Енгізілген ақпараттық бағдарлама қазақстандық әзірлеушілер жасаған отандық өнім болып табылады. Сол кездегі қолданыстағы «Астана-1» ақпараттық жүйесінен айырмашылығы, «Кеден» жүйесі қол жетімділігімен, көпфункционалдығымен және қарапайымдыдығы қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Бағдарламаны пайдалану барысында, ол енгізілген күннен бастап, жүйеге жаңа функционалдарды енгізе отырып, оны пысықтау тұрақты негізде өтеді.        Қазіргі уақытта тиімділігін артыру мақсатында ақпараттық жүйеге мынадай жаңартулар енгізілді:көлік нөмерлерінің Автоматты транслитерациясы – кириллицаға енгізілген мәндер енді автоматты түрде латын әліпбиіне айналады;- кепіл шарттарының нөмірлерін түзеу «қамтамасыз ету» модуліне жүйе енді шарт нөмірлерін енгізу кезінде артық олқылықтарды автоматты түрде жояды;транзиттік декларацияларды еңдеу оңтайландырылды – транзиттік декларациялар бойынша мәліметтерді алу және басқа елдерге жіберу процесі жақсарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/976493?lang=kk
Қарағандылық каратешілер Жапонияда өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды 18.04.2025
Жапонияның Тояма қаласында киокушинкай каратеден беделді халықаралық турнир өтті. Қарағанды облысынан 11 жауынгер сайысқа түсті. Нәтиже де жоғары: 16 медаль, оның алтауы алтын.Қазақстандықтардың қарсыластары Жапония, Ресей, Германия және Кореяның мықты спортшылары болды.– Қарағанды мектебі өзін жарқын көрсетті. Біз алты алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже, әсіресе қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогының алдында. Оған қарағандылық бес спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – дейді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.Ол өзі де алтын медаль алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алды. Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екі рет жеңімпаз атанды. Оның күш-қуаты халықаралық турнирде үздік деп танылды.Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976479?lang=kk
Наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылды 18.04.2025
2025 жылғы наурызда 147 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артық. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар. Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%, тағы 14 266 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,2% құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе өскен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/976478?lang=kk
Жеңіс күніне арналған шеруге дайындық: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімдері әзірленуде 18.04.2025
Ұлттық ұланында Жеңіс күніне арналған салтанатты әскери шеруге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Мерекелік шара аясында құқықтық-тәртіп әскерінің тігін шеберханаларында жауынгерлердің әскери киім үлгілері кәсіби деңгейде әзірленуде.Киімдер арнайы сапалы матадан тігіліп, әскери талаптарға сай пішілуде. Бұл киімдер мерекелік шараның сән-салтанатын арттырып қана қоймай, сап түзейтін сарбаздардың сырт келбетіне салмақты реңк береді. Тігін цехы мамандарының айтуынша, әрбір форма үлгісі нақты өлшемдер бойынша, жауынгердің дене бітіміне сай әзірленіп, максималды ыңғайлылық пен жинақылықты қамтамасыз етеді.— Әскери форма – бұл жауынгердің ішкі тәртібін, рухын, мақтаныш сезімін бейнелейтін маңызды бөлік. Сондықтан біз киімнің әрбір тігісіне, матаның сапасына, бөлшектердің үйлесіміне үлкен мән береміз, – дейді тігін цехының шебері қатардағы Гүлнұр Әбен.Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі. Бұл — Ұлттық ұлан  әскери  қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім.Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.Ал қазіргі уақытта республика бойынша Ұлттық ұланда 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші қызмет етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/976468?lang=kk
Әлихан Смайылов ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуінде сөз сөйледі 18.04.2025
Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Душанбеге (Тәжікстан) барды. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі өтуде.Ресми іс-шараға Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Үндістан және ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысады.Кездесудің негізгі тақырыбы – су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру үшін мемлекеттік бақылауды күшейту. Бұл аймақ елдері үшін басым бағыттардың бірі болып отыр.Сонымен қатар күн тәртібінде Қазақстанның Жоғарғы аудиторлық палатасының үйлестіруімен жүргізілген ауыл шаруашылығындағы қатарлас аудиттің нәтижелері, ШЫҰ-ның сыртқы аудит механизмін жетілдіру шаралары және басқа да бірқатар мәселе қаралды.Негізгі тақырыптық сессияда сөйлеген сөзінде Әлихан Смайылов тұтынудың өсуі, тапшылықтың артуы, су қоймаларының ластануы және климаттың өзгеру салдарынан туындайтын су ресурстары мәселелері ШЫҰ елдерінің көпшілігіне ортақ екенін атап өтті.«Қазақстан үшін су ресурстарын тұрақты пайдалану және қорғау мәселелері басымдыққа ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу және республиканың су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша шешуші және жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын баса назарға салады», – деді Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы.Жоғарғы аудиторлық палата Қазақстандағы су ресурстарының жағдайы мен оларды пайдалану тиімділігіне тұрақты түрде аудит жүргізеді. Соңғы уақытта мұндай тексерулер 2018, 2022 және 2023 жылдары өткізіліп, нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірленді.Аудиттердің нәтижесінде Қазақстанда республикалық меншікке жататын су шаруашылығы құрылыстарының паспортизациясы және су қоры жерлерінің инвентаризациясы жүргізілді. Сонымен қатар су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары әзірленді. Басқа да бірқатар шара қабылданды.«Су ресурстарына жүйелі түрде аудит жүргізу проблемаларды уақтылы анықтауға, қаражаттың жұмсалуын ашық етуге және осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Әлихан Смайылов.Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы атап өткендей, түрлі елдерде жүргізілген аудит нәтижелері суды ұтымсыз пайдалану, оның ластануы, су инфрақұрылымын жеткіліксіз қаржыландыру және мемлекеттік бақылаудың жетілмегендігі сияқты мәселелердің өзекті болып қала беретінін көрсетеді.Осыған байланысты Жоғарғы аудиторлық палата мынадай шаралады іске асыру қажет деп санайды:– мемлекеттік бақылауды күшейту, есептілік пен мониторингтің нақты механизмдерін әзірлеу арқылы су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру;– бағдарламалардың қайталануын болдырмай, су шаруашылығы жобаларына арналған бюджет қаражатын пайдалануды оңтайландыру;– мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы суды тазарту және қайта пайдалану бойынша инновациялық технологияларды енгізуді жеделдету;– трансшекаралық су объектілерін қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, су пайдаланудың бірлескен стандарттарын енгізу;– су шаруашылығы ұйымдарының экологиялық және қаржылық аудитін күшейту.Әлихан Смайылов ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары суды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша үкіметтер, халықаралық институттар және іскерлік қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайтынын атап өтті.«Халықаралық өзара іс-қимыл мен тиімді бақылау механизміне негізделген су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілі болашақ ұрпақ үшін су экожүйелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар халықты таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше елдер үшін стратегиялық басымдық», – деп түйіндеді Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы.Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласындағы қатарлас аудиттің қорытындылары туралы Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин баяндама жасады.Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме мен 2025-2027 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары мақұлданды. Ұйым құрамына Беларусь пен Иранның жоғары аудит органдары ресми түрде кірді. Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976441?lang=kk
Аудан әкімі Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті 18.04.2025
Бүгін аудан әкімі Қанат Құлжанов пен ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев Баянды ауылының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев атқарылып жатырған жұмыстарымен және жаңа жобалармен бөлісті.Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар негізінен елді мекендегі тазалық, жарықтандыру және газ мәселелерін көтерді.Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді.Сонымен қатар, аудан әкімі Баянды ауылындағы Су сору бекетіне барып, тұрғындарға ауыз су көлемін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларымен таныстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/976452?lang=kk
Бизнеске қорған болу – қадағалау басымдығы 18.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу процесінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы анықталды.Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органы 30 мемлекеттік шарт бойынша 27 кәсіпкерге 1 млн 400 мың теңгеден астам кепілдік жарнаны қайтармаған.Мысалы, «Қабылан эксперт» ЖШС 5 млн теңгеге келісімшарт жасасу барысында 167 025 теңге кепілдік жарнасын енгізген.Алайда, өз міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, мемлекеттік сатып алу порталында шарттың мәртебесін уақтылы өзгертпеу салдарынан қаржы қайтарылмаған.Ұқсас заң бұзушылықтар Мұғалжар және Ырғыз аудандарында анықталды.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, кәсіпкерлерге 170 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/976448?lang=kk
Ақтөбе облысында 6 мыңға жуық бала тегін спорттық секциялармен қамтылған 18.04.2025
Ақтөбе облысында 6 мыңға жуық бала тегін спорттық секциялармен қамтылғанАқтөбе облысында бүгінде 81 спорт түрі дамытылады: 31 олимпиадалық, 40 олимпиадалық емес, 10 ұлттық. Аталмыш спорт түрлерімен өңірде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда.Облыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасымен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қамтылған. Қазір өңірде 5974 бала спорттың 24 түрі бойынша секцияларға тегін қатысып жүр. 2025 жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 22 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 10 нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде қосымша спорт секцияларының ашылуына және қатысушылар санының артуына септігін тигізбек.Өңірде ауыл спортын дамыту бағытында да нақты қадамдар жасалуда. Атап айтсақ, ауыл спортшыларының шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Бейбарыс» спорт кешені базасында ай сайын 85-100 бала қамтылатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындары өткізіліп келеді.Сонымен қатар биыл балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін бассейндерде жүзуге үйрету курстары ұйымдастырылмақ. Бұл бастама аясында 1000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек жаз мезгілінде спорттық лагерьлер жұмыс істейді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/976437?lang=kk