Қоғам
Қарағандылық каратешілер Жапонияда өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды 18.04.2025
Жапонияның Тояма қаласында киокушинкай каратеден беделді халықаралық турнир өтті. Қарағанды облысынан 11 жауынгер сайысқа түсті. Нәтиже де жоғары: 16 медаль, оның алтауы алтын.Қазақстандықтардың қарсыластары Жапония, Ресей, Германия және Кореяның мықты спортшылары болды.– Қарағанды мектебі өзін жарқын көрсетті. Біз алты алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже, әсіресе қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогының алдында. Оған қарағандылық бес спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – дейді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.Ол өзі де алтын медаль алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алды. Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екі рет жеңімпаз атанды. Оның күш-қуаты халықаралық турнирде үздік деп танылды.Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов ие болды.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976479?lang=kk
Наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылды 18.04.2025
2025 жылғы наурызда 147 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артық. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар. Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%, тағы 14 266 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,2% құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе өскен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/976478?lang=kk
Жеңіс күніне арналған шеруге дайындық: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімдері әзірленуде 18.04.2025
Ұлттық ұланында Жеңіс күніне арналған салтанатты әскери шеруге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Мерекелік шара аясында құқықтық-тәртіп әскерінің тігін шеберханаларында жауынгерлердің әскери киім үлгілері кәсіби деңгейде әзірленуде.Киімдер арнайы сапалы матадан тігіліп, әскери талаптарға сай пішілуде. Бұл киімдер мерекелік шараның сән-салтанатын арттырып қана қоймай, сап түзейтін сарбаздардың сырт келбетіне салмақты реңк береді. Тігін цехы мамандарының айтуынша, әрбір форма үлгісі нақты өлшемдер бойынша, жауынгердің дене бітіміне сай әзірленіп, максималды ыңғайлылық пен жинақылықты қамтамасыз етеді.— Әскери форма – бұл жауынгердің ішкі тәртібін, рухын, мақтаныш сезімін бейнелейтін маңызды бөлік. Сондықтан біз киімнің әрбір тігісіне, матаның сапасына, бөлшектердің үйлесіміне үлкен мән береміз, – дейді тігін цехының шебері қатардағы Гүлнұр Әбен.Киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер көзге айрықша түседі. Бұл — Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің дәстүр мен заманауи келбетті үйлестіре отырып, Жеңіс күнінің рухын асқақтата түсуіне бағытталған шешім.Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскерилер қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның Күш құрылымдарының құрама оркестрінің сапындағы құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 әскери қызметшісі Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.Ал қазіргі уақытта республика бойынша Ұлттық ұланда 30-ға жуық тігін шеберханасы бар. Онда 40-тан астам әскери қызметші қызмет етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/976468?lang=kk
Әлихан Смайылов ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуінде сөз сөйледі 18.04.2025
Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Душанбеге (Тәжікстан) барды. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі өтуде.Ресми іс-шараға Беларусь, Иран, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Үндістан және ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысады.Кездесудің негізгі тақырыбы – су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру үшін мемлекеттік бақылауды күшейту. Бұл аймақ елдері үшін басым бағыттардың бірі болып отыр.Сонымен қатар күн тәртібінде Қазақстанның Жоғарғы аудиторлық палатасының үйлестіруімен жүргізілген ауыл шаруашылығындағы қатарлас аудиттің нәтижелері, ШЫҰ-ның сыртқы аудит механизмін жетілдіру шаралары және басқа да бірқатар мәселе қаралды.Негізгі тақырыптық сессияда сөйлеген сөзінде Әлихан Смайылов тұтынудың өсуі, тапшылықтың артуы, су қоймаларының ластануы және климаттың өзгеру салдарынан туындайтын су ресурстары мәселелері ШЫҰ елдерінің көпшілігіне ортақ екенін атап өтті.«Қазақстан үшін су ресурстарын тұрақты пайдалану және қорғау мәселелері басымдыққа ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу және республиканың су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау бойынша шешуші және жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын баса назарға салады», – деді Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы.Жоғарғы аудиторлық палата Қазақстандағы су ресурстарының жағдайы мен оларды пайдалану тиімділігіне тұрақты түрде аудит жүргізеді. Соңғы уақытта мұндай тексерулер 2018, 2022 және 2023 жылдары өткізіліп, нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірленді.Аудиттердің нәтижесінде Қазақстанда республикалық меншікке жататын су шаруашылығы құрылыстарының паспортизациясы және су қоры жерлерінің инвентаризациясы жүргізілді. Сонымен қатар су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтары әзірленді. Басқа да бірқатар шара қабылданды.«Су ресурстарына жүйелі түрде аудит жүргізу проблемаларды уақтылы анықтауға, қаражаттың жұмсалуын ашық етуге және осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Әлихан Смайылов.Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы атап өткендей, түрлі елдерде жүргізілген аудит нәтижелері суды ұтымсыз пайдалану, оның ластануы, су инфрақұрылымын жеткіліксіз қаржыландыру және мемлекеттік бақылаудың жетілмегендігі сияқты мәселелердің өзекті болып қала беретінін көрсетеді.Осыған байланысты Жоғарғы аудиторлық палата мынадай шаралады іске асыру қажет деп санайды:– мемлекеттік бақылауды күшейту, есептілік пен мониторингтің нақты механизмдерін әзірлеу арқылы су ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру;– бағдарламалардың қайталануын болдырмай, су шаруашылығы жобаларына арналған бюджет қаражатын пайдалануды оңтайландыру;– мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы суды тазарту және қайта пайдалану бойынша инновациялық технологияларды енгізуді жеделдету;– трансшекаралық су объектілерін қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, су пайдаланудың бірлескен стандарттарын енгізу;– су шаруашылығы ұйымдарының экологиялық және қаржылық аудитін күшейту.Әлихан Смайылов ШЫҰ елдерінің жоғарғы аудит органдары суды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша үкіметтер, халықаралық институттар және іскерлік қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдайтынын атап өтті.«Халықаралық өзара іс-қимыл мен тиімді бақылау механизміне негізделген су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілі болашақ ұрпақ үшін су экожүйелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар халықты таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше елдер үшін стратегиялық басымдық», – деп түйіндеді Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағасы.Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы саласындағы қатарлас аудиттің қорытындылары туралы Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин баяндама жасады.Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуінің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме мен 2025-2027 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары мақұлданды. Ұйым құрамына Беларусь пен Иранның жоғары аудит органдары ресми түрде кірді. Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/976441?lang=kk
Аудан әкімі Баянды ауылының тұрғындарымен кездесті 18.04.2025
Бүгін аудан әкімі Қанат Құлжанов пен ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев Баянды ауылының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл әкімі Бектұрлы Ыбраев атқарылып жатырған жұмыстарымен және жаңа жобалармен бөлісті.Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар негізінен елді мекендегі тазалық, жарықтандыру және газ мәселелерін көтерді.Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары қарастырылды. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес берді.Сонымен қатар, аудан әкімі Баянды ауылындағы Су сору бекетіне барып, тұрғындарға ауыз су көлемін арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларымен таныстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/976452?lang=kk
Бизнеске қорған болу – қадағалау басымдығы 18.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу процесінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы анықталды.Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органы 30 мемлекеттік шарт бойынша 27 кәсіпкерге 1 млн 400 мың теңгеден астам кепілдік жарнаны қайтармаған.Мысалы, «Қабылан эксперт» ЖШС 5 млн теңгеге келісімшарт жасасу барысында 167 025 теңге кепілдік жарнасын енгізген.Алайда, өз міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, мемлекеттік сатып алу порталында шарттың мәртебесін уақтылы өзгертпеу салдарынан қаржы қайтарылмаған.Ұқсас заң бұзушылықтар Мұғалжар және Ырғыз аудандарында анықталды.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, кәсіпкерлерге 170 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/976448?lang=kk
Ақтөбе облысында 6 мыңға жуық бала тегін спорттық секциялармен қамтылған 18.04.2025
Ақтөбе облысында 6 мыңға жуық бала тегін спорттық секциялармен қамтылғанАқтөбе облысында бүгінде 81 спорт түрі дамытылады: 31 олимпиадалық, 40 олимпиадалық емес, 10 ұлттық. Аталмыш спорт түрлерімен өңірде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 200 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылдануда.Облыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасымен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қамтылған. Қазір өңірде 5974 бала спорттың 24 түрі бойынша секцияларға тегін қатысып жүр. 2025 жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 22 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 10 нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде қосымша спорт секцияларының ашылуына және қатысушылар санының артуына септігін тигізбек.Өңірде ауыл спортын дамыту бағытында да нақты қадамдар жасалуда. Атап айтсақ, ауыл спортшыларының шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Бейбарыс» спорт кешені базасында ай сайын 85-100 бала қамтылатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындары өткізіліп келеді.Сонымен қатар биыл балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін бассейндерде жүзуге үйрету курстары ұйымдастырылмақ. Бұл бастама аясында 1000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек жаз мезгілінде спорттық лагерьлер жұмыс істейді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/976437?lang=kk
Қостанайда Қазақстандағы кәсіби әйелдер футбол чемпионатының алғашқы маусымы басталды 18.04.2025
14 сәуір күні Қостанайда Қазақстан тарихындағы алғашқы толыққанды кәсіби әйелдер футбол чемпионатының басталуы өтті. Жарысқа ерлер Премьер-лигасының құрамын қайталайтын 14 команда қатысуда. Бұл — әйелдер футболын және жалпы отандық спортты дамытудағы маңызды қадам.Маусымның ашылу ойыны Қостанай стадионында өтті. Әйелдер командасы «Тобыл» Астана қаласының «Жеңіс» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ойын жоғары қарқында өтіп, жанкүйерлердің ыстық қолдауына ие болды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов матчқа қатысып, команданы маусымның сәтті басталуымен құттықтады.– Мұндай маңызды оқиғаның дәл өңірімізде өтуі – біз үшін қуанышты. Бұл — қостанайлық спорт үшін тарихи сәт. «Тобыл» командасының болашағы зор екеніне сенімдімін, – деді өңір басшысы.Массалық және кәсіби спортты дамыту, жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау – облыс жұмысының басым бағыттарының бірі. Әйелдер чемпионаты аясында өтетін ойындар қыз-келіншектерді спортқа тартуға және өңірдегі спорт инфрақұрылымын нығайтуға серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/976436?lang=kk
Жаңартылатын энергия көздері: биыл Ақтөбе облысында екі бірдей жел электр станциясының құрылысы басталады 18.04.2025
Жаңартылатын энергия көздері: биыл Ақтөбе облысында екі бірдей жел электр станциясының құрылысы басталадыӨңірде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бастамалар Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасымен үндесіп, облыстың экологиялық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Ақтөбе облысында алдағы жылдары жалпы қуаты 450 МВт болатын бес бірдей жаңартылатын энергия жобасын іске асыру көзделіп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырумен қатар, экологиялық ахуалын жақсартуға да мүмкіндік береді.2025 жылы аталған жобалардың алғашқыларының бірі ретінде Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жобалар – «Darmen Shuak» ЖШС және «Next Green Energy» ЖШС тарапынан қолға алынбақ. Жел энергиясын пайдалану арқылы өндірілетін электр қуаты өңірдегі халықты, өндірістік кәсіпорындарды сапалы және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қатар облыстың энергетикасын дамыту аясында 2028 жылға қарай 1475 МВт, ал 2030 жылға қарай 1535 МВт көлемінде электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер – өңірдің өндірістік әлеуетінің артуымен қатар, энергетикалық қауіпсіздіктің нығая түсетінін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/976435?lang=kk
Әскери оқу-жаттығулар: Маңғыстау облысындағы ауыл шартты лаңкестерден тазартылды 18.04.2025
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы өтті. Оған 300-ден аса әскери қызметші және 20-дан астам техника тартылды. Іс-шара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлау полкі базасында өтті. Бірінші кезеңде жеке құрам дабылмен көтерілді. Әскери қызметшілер қару-жарақ алып, техника рота лектері құрылатын ауданға жіберілді. Содан кейін батальондық тактикалық топ 50 шақырымдық марш жүріп, оқу-жауынгерлік тапсырманың барлық элементтерін пысықтады.Соңғы кезеңде маневрлер аймағында барлау бөлімшелері заңсыз қаруланған құрама иеленген ғимараттарды басып алу операциясын сәтті өткізді.Операцияға 20-ға жуық қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде танктер, сауытты транспортерлер, артиллериялық зеңбіректер, реактивті дүркіндетіп ату жүйелері және зениттік қондырғылар жұмылдырылды.– Бөлімшелер алғаш рет барлау-атыс және соққы беру кешендерінің, соның ішінде батареяға қарсы кешендердің құрамында тактикалық іс-қимылдың жаңа тәсілдерін пысықтады. Ұшқышсыз басқару құрылғыларымен күресу үшін мобильді тактикалық топтар тартылды. Дағдарыс жағдайында бөлімше командирлерінің өз бетінше шешім қабылдауына ерекше назар аударылды, – деп атап өтті барлау полкінің командирі подполковник Мұрат Әшірбаев. Оқу-жаттығу командирлердің басшылық дағдыларын дамытуға, батальонды жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру кезінде штаб пен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976414?lang=kk
Қазақстан мен Ауғанстан ғылыми дипломатияны нығайту 18.04.2025
Қабыл, 2025 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Еркін Тұқымов Ауғанстанға сапары барысында Ауғанстанның сыртқы істер министрінің м.а. Амир Хан Муттакимен кездесті.Кездесу кезінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы инфрақұрылымды қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде қазақстандық мамандардың тәжірибесін пайдалану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.А.Муттаки экономикалық және сауда байланыстарының қарқынды дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол қазіргі уақытта Ауғанстанның әлем бойынша 41 елшілігі мен консулдығы жұмыс істейтінін, елшілердің Қытай, Өзбекстанға және БАӘ-не тағайындалғанын, сондай-ақ Түркияға елші тағайындау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.Өз кезегінде Е.Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстанға қатысты мәселелерге ерекше назар аударатынын және екі ел арасында тығыз қарым-қатынас пен кеңейтілген сауда-экономикалық байланыстар орнатылғанын атап өтті.Сонымен қатар, ол Қазақстанның бастамасымен Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ Орталығы құрылғанын хабарлады және осы Орталықтың өңірдегі негізгі перспективалық бағыттарын айқындады.Келіссөздер қорытындысында тараптар екі ел арасындағы қарқынды және серпінді ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/976392?lang=kk
Қазақстан мен Ауғанстан ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайтуда 18.04.2025
Қабыл, 2025 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Еркін Тұқұмов Ауғанстанға сапары барысында осы елдің өнеркәсіп және сауда министрінің м.а. Нуриддин Азизимен кездесті. Іс-шараға ҚР Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов та қатысты.Н.Азизи ҚСЗИ делегациясын жылы қабылдап, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол Қазақстан Президенті мен Үкіметіне екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған қолдауы мен ықыласы үшін алғыс білдірді.Сонымен қатар, Қазақстанның аймақтағы маңызды рөлін атап өтіп, Ауғанстанның ҚР-мен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді. Н.Азизи Қазақстанның Ауғанстанға қиын кезеңдерде көрсеткен көмегін еске алып, бұл қолдаудың, соның ішінде халықаралық алаңдардағы өзара әрекеттесу арқылы жалғасатынына үміт білдірді.Е.Тұқұмов өз сөзінде ҚСЗИ өкілдерінің Қабылға бұл сапары Ауғанстанға жасалған алғашқы іссапар екенін атап өтті. Ол ауған тарапына Институттың қызметі мен міндеттері туралы ақпарат беріп, сапардың негізгі мақсаттарының бірі Ауғанстан туралы деректі фильм дайындау үшін материал жинау екенін хабарлады.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты да талқылады.Келіссөздер қорытындысында қатысушылар Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы достық қарым-қатынастарды жоғары бағалап, олардың әрі қарай дамуына айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, елдер арасындағы қарқынды және динамикалық өзара әрекеттестіктің жалғасатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/976387?lang=kk
«Жібек жолы» 17-салық форумы 18.04.2025
Грузия. 2025 жылғы 10-11 сәуір Тбилиси қаласында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов бастаған қазақстандық делегация, Халықаралық салық және инвестициялық орталық пен Грузияның Қаржы министрлігі бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы» 17-ші салық форумына қатысты. Форумның мақсаты – Еуразия елдеріндегі салық саясаты мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылау, салық саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша халықаралық тәжірибе мен озық практикалармен алмасу болды. Форум шеңберінде «Жанама салықтар саясаты мен әкімшілендіру» екінші сессиясында төраға орынбасары Сейілжан Ахметов пен Қашықтан мониторинг басқармасы басшысының орынбасары Еламан Есбенбетов баяндама жасады. Баяндамада қабылданып жатқан салық реформалары, оның ішінде цифрлық шешімдерді қолдану туралы айтылды. Қазақстан Республикасы Еуразия кеңістігіндегі салықтық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқара отырып, «Салықтық Жібек жолы» аясындағы серіктестік байланыстарды нығайтуды жалғастыруда және өңірде тұрақты, әрі ашық салықтық орта қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/976345?lang=kk
Деректерді беруді бекіту тіркеу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті қолдану. 18.04.2025
Деректерді беруді бекіту тіркеу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті қолдану.Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы деректерді беруді тіркеу функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану міндеттемелері туралы хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті түрде қолданыла отырып ақшалай есеп айырысулар жүргізілетіні анықталды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР Салық кодексі) 165-бабының 1-тармағына сәйкес ақшалай есеп айырысулар-бұл тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қолма-қол ақша және (немесе) Төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы қызметтер көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.ҚР Салық кодексінің 166-бабы бойынша міндеттемелер ақшалай есеп айырысуларға, бақылау-кассалық машиналарды қолдануға: Жеке тұлғаларға; жеке сот орындаушыларына, адвокаттар мен медиаторларға; облыста мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттер бере отырып, қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігінде қолданылмайды уәкілетті органның; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің; қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілердің; Екінші деңгейдегі банктердің; діни бірлестіктердің; Ұлттық почта операторының келісімі бойынша, арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда.Қызметі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүрген адамдар ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде үлгілері Мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдаланады.Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/976332?lang=kk
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы 18.04.2025
Құрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі №233 және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 30 шілдедегі № 413 және "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығын танысу үшін орналастырады.Көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара мал бұқалақтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) әкетуге 2025 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімде тыйым салынды.Қосымша: 4 парақта.https://kst.kgd.gov.kz/kk/news/auyl-sharuashylygy-zhanuarlaryn-ketudin-keybir-mseleleri-turaly-12-157740Кедендік бақылау басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1056785?lang=kk
Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap Avenue»ашылуы өтті 18.04.2025
14 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалінің «Kitap Avenue»ашылуы өтті. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде кітапқа деген сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтіп, көптеген елдерде оқу мен кітапқа арналған ұлттық күндер енгізілгенін атап өтті. «Біз ең алдымен жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлтқа айналамыз» — деді. Осыған байланысты Мағжан Жұмабаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында онкүндік аясында түрлі деңгейде іс-шаралар жалғасын табады. Онкүндіктің бірінші күні облыстық кітапханада экскурсия жүргізіліп, арнайы қонақтарын кітапхананың бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, екінші қабаттың залында қазақ халқының аңыздарына арналған Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының суреттер көрмесі, Сәкен сері Жүнісов атындағы конференц залында Жеңістің 80 жылдығына арналған фильм көрсетілді. Іс-шараға Көкшетау қаласының полиция басқармасының қызметкерлері және № 11 мектеп-гимназиясы мен № 2 мектеп—лицейінің оқушылары қатысып, өздеріне мол ақпарат жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/976308?lang=kk
⚡️ «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры сотталды 18.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды.Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/8zmr0VWwHztEig#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/976280?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 18.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.ҚР Жоғары Сот Кеңесінің алаңында Кеңес жанындағы Сот төрелігі Академиясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.Меморандумға қол қою елдің кадрлық әлеуетін дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.Ынтымақтастық бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асырудан бастап тәжірибе алмасуға және бірлескен іс - шараларды өткізуге дейінгі бағыттардың кең ауқымын қамтиды."Қазіргі заманғы сын-қатерлер кәсіби, құзыретті және өзгеріске төзімді кадрларды даярлауға жүйелі көзқарасты талап етеді. Республиканың екі жетекші жоғары оқу орындарының арасында Меморандумға қол қою ашық диалогқа, еліміздің болашағы үшін іс жүзінде өзара іс - қимыл жасауға және күш-жігерді біріктіруге дайын екендігін білдіреді", - деп атап өтті Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д .Малахов өзінің құттықтау сөзінде. Меморандумға ҚР Президенті жанындағы МБА ректоры А. Жолманов және ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушы К. Мусин қол қойды.Салтанатты шараға ҚР ЖСК мүшесі Н. Сисенова, ҚР ЖСК аппараты басшысының орынбасары Л. Құрмантаева, ҚР ЖСК аппаратының сот білімі және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. Қайжақпарова, ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі Академиясының академиялық бағдарламалар мен жобалар Орталығының директоры М. Әбілова, ҚР Президенті жанындағы МБА стратегиялық даму, үйлестіру және әріптестік орталығының директоры қатысты Ж. Тайжанова, ҚР Президенті жанындағы МБА білім беру саясаты орталығының басшысы Г. Жүнісбекова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/976234?lang=kk
«Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы 18.04.2025
Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау (бұдан әрі - КҚКД) халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралдарын және (немесе) темір жол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, әуе және теңіз көлік құралдарын, сондай-ақ тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды қолдану және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші КҚКД шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына КҚКД қағаз тасығышын беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 29-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес КҚКД ұсынады.ШҚО бойынша МКД«Әуежай Өскемен»кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/976220?lang=kk
С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі сайланды 18.04.2025
Дауыс беру нәтижесімен сайлаушылардың басым дауысына ие болған Бекзат Қыдырбаев С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі болып сайланды.Айта кетейік, әкім сайлауы 13 сәуірде өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/976213?lang=kk
