Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Өрт қауіпсіздігі 15.04.2025
20.02.2025жылы Тұйық ауылдық әкімшілік ғимаратында Әкімшілік қызметкерлері және Темірлік орманшылығы мен бірлесе отырып  ауыл тұрғындарына және шаруақожалық төрағаларына өрт қауіпсіздігінің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-tuiyk/press/news/details/996322?lang=kk
Астанада шағын отбасылық жатақханадағы өрт: Тұрғындарға жаңа пәтер беріледі 15.04.2025
Шағын отбасылық жатақханадағы (Бұланты көшесі, 4) өрт салдарынан тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Кешке олар қонақүйлерге көшіріледі. Жатақхана апатты деп танылып, 2025 жылы бұзу бағдарламасына енгізілгендіктен, тұрғындар осы апта ішінде жаңа пәтерлерге көшіріледі. Олар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген, қаражат және қажетті заттар жинаудың қажеті жоқ. Жағдайға бей-жай қарамай, алаңдаушылық білдірген жандарға алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/973360?lang=kk
Жүргізуші куәліктері туралы 15.04.2025
Әлеуметтік желілерде 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.- Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат. Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, - деді ІІМ әкімішілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/973359?lang=kk
Бүгін (09.04.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті. 15.04.2025
✔️Бүгін (09.04.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті.Қабылдауда коммуналдық және әлеуметтік мәселелер, ауданды абаттандыру мәселелері көтерілді. Оларға бөлім басшылары түсіндірмелер мен ағымдағы жауаптар берді.Жеке қабылдау апта сайын әр сәрсенбі күні, сағат 10:00-де өтеді. Жеке қабылдауға жазылу - 275-43-80 нөмірі бойынша жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/973351?lang=kk
Зеренді ауданы әкімінің м.а Ахмедьянов А.М. азаматтарды жеке қабылдау өткізді 15.04.2025
Қабылдау барысында тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, шешу жолдары талқыланды.Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету және мәселелерді тиімді шешу мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/973346?lang=kk
Шығыс Қазақстанда салынып жатқан Гематология орталығына Денсаулық сақтау министрі келді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады.Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды.Өскемен қалалық №2 емханасында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасымен танысып, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралады. Пациенттермен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, алғашқы медициналық буынның маңыздылығын атап өтті.Құрылыс жүріп жатқан Гематологиялық орталыққа барған Ақмарал Әлназарова жобаның бірегейлігі мен ауқымын ерекше атап өтті. Бұл нысан қан ауруларын анықтау мен емдеудің мүмкіндіктерін өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша кеңейтеді. Құрылыс алаңында Денсаулық сақтау министрі мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның негізгі параметрлерін талқылады.– Министрлік өз міндеттемелерін толық орындады: қаржыландыру көлемі қажетті деңгейге жеткізілді, арнайы мемлекеттік қор есебінен қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер компанияның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауы, – деді министр.Жаңа жоғары технологиялы гематологиялық орталық бірнеше корпустан тұрып, түрлі бағытта қызмет көрсететін болады. Нысан іске қосылған соң өңірде ғана емес, республика бойынша медициналық көмектің сапасы едәуір артады.– Бұл орталық өңірдің медициналық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Енді тұрғындар арнайы, жоғары білікті көмекті алу үшін елордаға немесе ірі қалаларға баруға мәжбүр болмайды. Құрылыс барысы – менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973345?lang=kk
ДЕПУТАТТАР КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Талғат Садуов атқарған жұмыстар туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесуге Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихаттың төрағасы Қаблан Елеусізов, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кездесуде депутат Қалыйма Жантөреева Кентау қаласына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.Есепте тұрғындар тұрғын үй аулаларына балалар және спорт алаңдарын орнатуға қаржы бөлу, ішкі көшелерге асфальт төсеу, Байылдыр ауылындағы кейбір көшелердің атауын өзгерту, қаладағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, Қарнақ ауылын газдандыру, қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қоғамдық көлік қызметін субсидиялау және Қосқорған су қоймасын толықтыру мен су төмендету жүйесін салу мәселесін көтерді.Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді. Жалпы, Кентау халқы депутаттардың жұмысын оң бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/973332?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЕСЕБІ 15.04.2025
✅2025 жылғы 8 сәуір күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мырзагалиева Айгуль Абаевна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп кеңесінде 2024 жылы Департаментте атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. ✅Әдеп жөніндегі уәкіліне бекітілген негізгі функцияларға сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқталып, Департаментте өткізілген құқықтық оқыту семинарлары, мемлекеттік қызметшілерді заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстыру, мемлекеттік қызметтегі шектеулерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.✅Сонымен қатар, Департаментте мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, қаланың көрікті жерлерімен танысу жұмыстары, спорттық шаралар өткізілгендігін айтты.✅Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдауға мемлекеттік қызметшілермен қатар, басқа да азаматтар келіп, сауалдарына нақты жауап ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/973329?lang=kk
Успен ауданы күні Павлодар технологиялық колледжінде: мамандыққа қадам және салауатты өмір салты 15.04.2025
Успен ауданы күніне орай Павлодар технологиялық колледжінде мазмұнды әрі жарқын іс-шара өтті.Қонақтар бірнеше локация мен байқауларға қатысты:1. Творог өнімдерін жасау бойынша шеберлік сабағы – қатысушылар сүт өнімдерінің пайдасы мен дайындалу технологиясымен танысты.2. Junior Skills байқауы (аспаз ісі) – мектеп оқушылары «Трайфл» десертін және жылы салат дайындап, аспаздық қабілеттерін көрсетті.3. Спорттық жарыстар – волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және арқан тарту. Бұл белсенділік жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеді.Іс-шара кәсіптік бағдар беруге, дағдыларды дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған тиімді алаңға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/973321?lang=kk
Әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған қоғамдық қабылдау 15.04.2025
Әдеп жөніндегі уәкілдердің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін 2025 жылғы 08 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша Департаментінің орынбасары А.К. Көшербаевтың қатысуымен, мемлекеттік органдар мен халықты әлеуметтік қорғау саласының кәсіпорындар басшыларының қатысуымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған қоғамдық қабылдау өтті.Қабылдауға 13 адам келді, оның ішінде 2 мәселе шешілді, 10 келушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бір сұрақ бақылауға алынды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/973729?lang=kk
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Форум екі елдің басшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуімен басталды.Бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай Халық Республикасының Коммерция вице-министрі Жэнь Хунбин, екі елдің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері баяндама жасады.Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр еуразиялық көлік дәлізін дамыту мен тасымалдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы ынтымақтастық Жоспарына қол қойылды.Бұл жоспарды іске асыру біздің елдеріміздің географиялық орналасуының артықшылықтарын толығымен пайдалануды, ескі және жаңа автожолдар мен теміржолдарды реконструкциялауды, Қытайдан ЕО-ға дейінгі аумақта халықаралық логистикалық орталықтардың және хабтардың заманауи желісін құруды және сауда-саттықты арттыруды қамтамасыз етеді.«5 жылда біз Ляньюньган портын, Қытай шекарасындағы Қорғас құрғақ портын, Каспий теңізіндегі Ақтау портын, Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бендер Аббас портымен байланыстыратын жалпы ұзақтығы 900 шақырым болатын «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол дәлізін, бір бөлігі Қазақстанның аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі сияқты бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануға бердік», - деді министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясындағы жалпы Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру белсенді түрде іске асырылуда. Оған жалпы құны 27 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жоба кіреді. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.ҚР Инвестициялар және даму министрі сәтті іске асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы да айтты.«2017 жылы әлемдегі ең ірі логистикалық компания «COSCO Shipping» Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА-дағы «Құрғақ порттың» 49% үлесін сатып алды. Қостанай облысында JAC автомобильдерін шығару жобасы жүзеге асырылды, Павлодар облысындағы полипропилен ұнтағын өндіру, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында рапс майын өндіру жобалары сәтті жүзеге асты», - деді министр.Қазіргі уақытта Қытай Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция құю жөнінен көшбасшылардың бірі. Соңғы 10 жылда көрші мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларға 15 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қытай компаниялары еліміздегі индустрия саласына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысуда.2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналым 30%-дан асып, 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Айта кету керек, «Бір белдеу – бір жол» Ұлы Жібек Жолын  дамыту идеясын алғаш рет Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтқан болатын.Сонымен қатар, бизнес-форум аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы нақты инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23462?lang=kk
Үлгілі ауылы тұрғындарының жиыны 15.04.2025
Үстіміздегі жылдың 9-шы сәуірі күні Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М.Р. Жүсіпбеков Талшық ауылдық округінің әкімі Ғ.М. Нұрпейісовамен ұйымдастырылған Үлгілі тұрғындарының жиынына қатысты.Жиын барысында ауылды абаттандыру, қара малды жазда бағу, ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету және бір текше метр судың құны бойынша мәселелер талқыланды.Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес түсініктемелер беріліп өтті.Азаматтардың сұрақтары бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-akzhar/press/news/details/973289?lang=kk
ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 700 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
Тексерістер нәтижесінде 700 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану, кеме құжаттарының болмауы және жеке тұлғаның сәйкес құқығынсыз кемені басқару сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.Тексерістерден бөлек, Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің  тұрақтары және демалыс орындары иелерімен шағын көлемді флотты пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық шараларды өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23457?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІСКЕР ТОПТАР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастар өзара достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Сауда айналымы жөнінен Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің алғашқы ондығына кіреді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 27 пайызға өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы инвестициялық ынтымақтастық пен экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізге Түркия 3 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын және бүгінде Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп отырғанын атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі ел кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған «Жаңа синергия» бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде айтты.– Осы бағдарлама аясында құны 800 миллион доллар болатын 23 жоба іске қосылып, 3 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Кеше елдеріміздің бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 келісім-шартқа қол қойды. Бұл – біздің өзара сенім мен ынтымақтастығымыздың жарқын мысалы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық артықшылықтарына және елімізде бизнес жүргізу үшін жасалған қолайлы жағдайларға назар аударды.– Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде Қазақстан 190 елдің арасында 36-орында. Біздің мемлекет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Инвестициялық комитетінің мүшесі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі мен «Қазақ Инвест» компаниясының жұмысы және инвесторлар үшін қарастырылған түрлі жеңілдіктер жөнінде айтты.– Қазақстанда 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақ бар. Олардың жұмысына қатысушылар үшін салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылған. Түрік компанияларын Қазақстанда өз бизнестерін өркендетуге шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті еліміздің көлік-транзит әлеуетінің мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталды.– Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансконтинентальды мультимодальды жүк тасымалын белсенді дамытуда. Еліміз арқылы 5 темір жол және 6 халықаралық автомобиль жолы өтеді. Транскаспий мультимодальды жүк тасымалын дамыту үшін көп жұмыс атқарылуда. Ақтау портын жаңғыртып, оның мүмкіндіктерін кеңейттік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындарын жекешелендіру үдерісіне және агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаларды іске асыруға шетелдік инвесторлардың қатысу мүмкіндігі бар екенін де атап өтті.Сонымен қатар, Қазақстан Президенті түрік бизнесмендерін Назарбаев университеті мен Инновациялық технологиялар паркі базасында құрылған инновациялық кластерлердің жұмысына атсалысып, туристік саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.– «ЭКСПО-2017» көрмесінің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы істей бастады. Бұл орталық Нью-Йорк, Сингапур, Лондон және Дубай қалаларындағы қаржы орталықтарының үздік моделі негізінде жұмыс жүргізеді. Оның құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен бекітілді, жұмыс тілі – ағылшын тілі. Бұл – өңірдегі қызметі ағылшын құқығына негізделген бірден-бір орталық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі артықшылықтары жөнінде айтып, бұл орталықтың жұмысына қатысушылар үшін арнайы салық, валюта, виза және еңбек режімдері енгізілгенін атап өтті.Соңында Қазақстан Президенті екі ел бизнесмендерін бүгінгі жасалып отырған мүмкіндіктің бәрін пайдалана отырып, мемлекетаралық байланыстарды дамыту және нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.Ақпарат көзі: akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23444?lang=kk
Сыр елі – достық мекені 15.04.2025
Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты.Форум аясында делегаттар Сыр өңірінің киелі нысандарының бірі – Қорқыт ата мемориалдық кешеніне арнайы келді. Қармақшы жұртшылығы келген меймандарды ұлттық дәстүрмен, әуезді жыр-термемен, ұлттық тағамдармен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған сайыстар мен қолөнер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар Қорқыт баба мұраларымен танысып, Сыр өңірінің бай тарихи-мәдени әлеуетіне қанықты.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ауданымызда да кең көлемде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аудан аумағындағы білім беру және мәдениет мекемелерінде дөңгелек үстелдер, тақырыптық кездесулер, этно-мәдени көрмелер, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар өткізіліп, қоғамдық келісім мен бірлік идеялары кеңінен насихатталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/973272?lang=kk
«Bauer Group» компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Bauer Group» компаниясының президенті Отто Ройспен кездесті. Кездесу барысында Отто Ройс Қазақстан аумағында ірі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімдеді.Аталған жоба заманауи ауыл шаруашылығы техникасын, соның ішінде су үнемдейтін жабдықтарды жергілікті жерде құрастыру мен өндіруге бағытталады.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл сайынғы суармалы жер көлемін 150 мың гектарға дейін ұлғайту шаралары қабылданып жатыр. Осы мақсатта біз суармалы егіншілікке арналған заманауи технологияларды енгізуге мүдделіміз», — деді Айдарбек Сапаров.Министр сондай-ақ «Bauer Group» сияқты халықаралық компаниялармен ынтымақтастық Қазақстандағы тиімді әрі тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті.Өз кезегінде Отто Ройс жобаның толық дайын екенін айтты.«Біз өңірді нақты анықтаған бойда құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаймыз. Биылдың өзінде бірнеше түрдегі жаңбырлатып суару техникаларын өндіріске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар су тазарту, көңді өңдеу жабдықтарын шығару да жоспарда бар», — деді «Bauer Group» президенті.Айдарбек Сапаров Министрліктің жобаны жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, өндірісті сәтті іске қосу үшін Жол картасын әзірлеуді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/973269?lang=kk
«PrioritуОil&Gas» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру10.04.2025 "PriorituОil&Gas" ЖШС 13.05.2025 жылы сағат 15:00-де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл а. о., Қосшағыл а., Қамыскөл 79, "Қосшағыл" Мәдениет үйі мекенжайы бойынша жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды:* 2025-2028 жылдарға арналған" Пустынное " кен орнының көздерінен атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген шығарындылары нормативтерінің жобасы* 2025-2028 жылдарға арналған "Рriority Oil&Gas" ЖШС шөл кен орны үшін қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы* 2025-2028 жылдарға арналған "Рriority Oil&Gas" ЖШС шөлді кен орны үшін өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы* 2025 - 2028 жыл кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары ("шөл" кен орны) Нысанның әсер ету аумағы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл а.о., Қосшағыл а. Географиялық координаттар: ендік: 46°28 '34", бойлық: 53°10'6"Жоспарланған қызметтің бастамашысы: Атырау қаласында, Б. Құлманов көшесі, 105 мекенжайында орналасқан "PRIORITUOIL&Gas" ЖШС, байланыс телефоны, факс: 8 (7122) 76-66-66 Жобалар туралы қосымша ақпаратты электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы алуға болады: info@priorityoilgaz.kz, және телефон арқылы: 87015220930 Жобаны жасаушылар: "ЭкоТимПроект" ЖШС, Астана қ., Керей Жәнібек Хандар к-сі, 18, e-mail: ectp@mail.ru, тел.: 8 701 738 49 71. "ЭКОПРОГРЕСС" ЖК, Ақтөбе қ., Ақтөбе к-сі, 57 үй, e-mail: ekoprogress@mail.ru, тел: 8 707 801 33 67Ақпараттық жүйедегі сілтеме - https://hearings.ndbecology.gov.kz/, онда сіз қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, содан кейін және жарияланған қоғамдық тыңдау хаттамасымен таныса аласыз Барлық ескертулер немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ "Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ сайтында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=ru және электрондық пошта арқылы ga.arystanova@atyrau.gov.kzБейнеконференция платформасына сілтеме: Zoom конференциясына қосылыңыз https://us05web.zoom.us/j/3060860437?pwd=VGhtTm43dUc4ZmIweFNXNzNCV3ZIZz09&omn=81510006915 Конференция идентификаторы: 306 086 0437 Кіру коды: tU3sE8 Жоба Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/973263?lang=kk
Туристік қызмет көрсетушілермен жанжал: полицейлер бұл істі алаяқтық фактісі бойынша тергеуде 15.04.2025
Туристік қызмет көрсетушілермен жанжал: полицейлер бұл істі алаяқтық фактісі бойынша тергеудеҚостанайда туристік агенттіктердің бірі полицейлердің назарына түсті. Шетелге турларды брондаумен айналысқан компанияға клиенттер жаппай шағымдануда.Қазіргі уақытта полицияға турлар үшін төлеген, бірақ уәде етілген қызметтерді алмаған зардап шеккендерден 53 арыз келіп түсті. Адамдар Египетке, Түркияға, Таиландқа, Вьетнамға және Қытайға сапарларға тапсырыс беріп, турлардың құнын толық немесе ішінара төлеген.Алайда, төлемге қарамастан, турларға тапсырыс берілмей, ақшалары қайтарылмаған.Клиенттер турларды кеңсеге бару арқылы, телефон арқылы да брондап, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төледі. Бірақ ұшу күні олар турларға тапсырыс берілмегенін анықтады.Алдын ала есептеулер бойынша залал шығындары 40 миллион теңгені құрады.Компания айыптауларға ақшаның иемделмегенің және турлар өз құны бойынша сатылғанын, соның салдарынан мәселелер туындады деп жауап берді.Қазіргі танда полицейлер турларды брондауды растайтын қандай да бір құжаттардың жоқтығын анықтады.Екі және одан да көп зардап шеккендерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті-жеке кәсіпкер ұсталды. Тергеу жалғасуда.Полиция зардап шеккендердің барлығынан осындай схема бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973251?lang=kk
Қостанай тұрғыны жалған платформаға 21 млн теңге салып, алаяқтардың құрбаны атанды 15.04.2025
Қостанай тұрғыны жалған платформаға 21 млн теңге салып, алаяқтардың құрбаны атанды21 млн теңге инвестиция салған әйел полиция қызметкерлерінен өзінің алаяқтық схеманың бір бөлігі болғанын білді.Ол 2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін зиянкестерге алданып келген. Оған банктердің бірінің платформасынан тиімді ынтымақтастық ұсынылды, алайда оның бизнесі қаражат алу үшін пайдаланылды.Барлығы 2024 жылдың қазан айында әйел Instagram-да пайдалы инвестициялар туралы хабарландыруды көргеннен басталды. Ол ақша салуды ұсынған «аға кеңесшімен» байланысқа шыққан.Алғашқы 100 АҚШ долларын аударғаннан кейін, әйелден жоқ салықтар мен баждарды төлеу үшін қосымша ақша талап етіле бастады. Алаяқтар оны бірнеше банктегі несиелерді қоса алғанда, соманы көбейтуге көндірген. Депозитте сақталған қаражатқа ол үй сатып алуды жоспарлаған. Жалпы алғанда жәбірленуші 21 миллион теңгеден астам ақша аударды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция әйелдің алаяқтық схемада делдал (дроппер) ретінде қолданылғанын анықтады.Оның бизнесінің банктік деректемелерін алаяқтар қолма-қол ақшаны одан әрі алу үшін пайдаланғаны анықталды.Осы факт бойынша қазіргі уақытта аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізілуде.Қазір таңда полиция күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастыруда.Полиция департаменті азаматтарды интернет арқылы қаржылық операциялар жасауда абай болуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Күдік туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973247?lang=kk
🔶Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетіктері туралы айтты 15.04.2025
🔶Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетіктері туралы айттыҚазақстанда дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады. Процедураларды оңайлату және автоматтандыру жолымен дәрілік заттарды тіркеу барысын реинжинирингтеу препараттардың нарыққа шығу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, дәрілік заттарға баға белгілеудің негізі – референтті елдерден ақпарат алу.«Біз әртүрлі елдердегі шекті шығындар туралы ақпаратты шоғырландыратын халықаралық сайттарға жазылдық. Бұл сайттарды ДДҰ ұсынған, сондықтан бұл ақпараттың дұрыс және оларды пайдалану үшін ұсынымдардың қажет екендігіне күмән жоқ», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, байланысты мемлекеттік органдардың АЖ ақпараты қолданылады.«Баламалы ақпаратты объективті баға белгілеу үшін пайдаланамыз, өйткені баға белгілеудің негізіне тауарды кедендік тазарту, көлік-логистикалық шығындар деректері және т.б. бойынша ақпарат алынады», - деді Ержан Нұрлыбаев.Шекті және үстеме бағаларды қалыптастырудың жаңа тетіктерінде дженериктерге бағаны бастапқы дәрілік зат бағасынан 30%-ға төмендету көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973245?lang=kk