Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған азамат сотталды 15.04.2025
Өткен жылы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, ,балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.Аталған азамат бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сот үкімі заңды күшіне енген.Түркістан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/972649?lang=kk
VI жастар спорт ойындары: баскетболдан 8 команда іріктелді 15.04.2025
Түркістан қаласында баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындары өтіп жатыр.Бүгін жарыстың плей-офф кезеңіне шыққан 8 команда белгілі болды. Назарыңызға жүлдеге таласатын баскетболшылды ұсынамыз:А тобы: Атырау облысы, Шымкент қаласы В тобы: Астана қаласы, Павлодар облысы С тобы: Түркістан облысы, Жетісу облысы D тобы: Ақмола облысы, Алматы қаласыЕнді осы өңірдің ойыншылары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.Ширек финал матчтары:Атырау облысы - Алматы қаласы Астана қаласы - Жетісу облысы Түркістан облысы - Павлодар облысы Шымкент - Ақмола облысыБіздің анықтама: Төрт жылда бір өтетін жастар спорт ойындарына 18 жасқа дейінгі баскетболшылар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/972640?lang=kk
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитеті Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті  ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесіне үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).ҚАЖД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:- Департамент бойынша - категория C-SVО-7;- Бағынысты бөлімше /мекеме/ - категория C-SGU-12;- Бағынысты пробация қызметі - категория C-SVR-7;2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ТжКЖБ қызмет өткеруді ұйымдастыру бөлімшесімен хабарласуға болады,каб. №311,308, анықтама телефондары 8(7172)90-18-67, 87075343889, 87021920409 электрондық мекенжайлар a.zhanamanova@mvd.gov.kz,.Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді. Тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесі     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/972629?lang=kk
Заң мен тәртіп: Мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру 15.04.2025
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесу өткізді.Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетудегі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудағы маңызды қадам болды.Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар түсіндірілді.Сондай-ақ, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметіне қатысты келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/972612?lang=kk
Құрметті Абай ауданының тұрғындары! 15.04.2025
Құрметті Абай ауданының тұрғындары!Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабы бойынша Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау📌1. Ұй маңында немесе көше бойындағы2. Аула ішіндегі және қорадан шыққан қоқысты өртеу.📌жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға- екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін. (1-АЕК 3932 теңге) 78640 теңге құрайтынын Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/972608?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерінің алдын алу және оны болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді 15.04.2025
🔸2025 жылдың 4 сәуірінде Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Ақжайық Килтбаева аудандық мансап орталығы қызметкерлерімен кездесіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерінің алдын алу және оны болдырмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.🔸Жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін қызметтік жағдайды пайдалануға, лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар, ақшалай сыйақы, және өзге де сыйлықтар қабылдау фактілеріне жол бермеуге және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және заңнамада белгіленген тәртіппен оны анықтап алу бойынша шаралар қабылдауға, әділдік танытуға, пара алуға байланысты пікірлерге және (немесе) әрекеттерге не парақорлыққа делдал болуға жол бермеуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/972604?lang=kk
2025 жылдың 31 наурызында Қырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Сокологоровка ауылының тұрғындарымен порталда электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді eGov.kz және eGov мобильді қосымшасында.mobile. 15.04.2025
2025 жылдың 31 наурызында Қырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Сокологоровка ауылының тұрғындарымен порталда электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді eGov.kz және eGov мобильді қосымшасында.mobile. Қызметтер түсіндірілді: ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, кредиттер , шағын қарыздар алудан ерікті түрде бас тарту, емханаға тіркелу. Барлығы 4 адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-kyrymbet/press/news/details/972595?lang=kk
2018 ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 12,3 МЛРД. ДОЛЛАР ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТЫЛДЫ 15.04.2025
ҚР ИДМ Инвестиция комитеті үздік 10  инвестор елдің тізімін жасады. Алғашқы үштікке Нидерланды, АҚШ және Швейцария кіріп отыр.Сіздердің назарларыңызға барлық тізімді ұсынамыз:Нидерланды - 81,8 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 29,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 3,8 млрд. долл.;АҚШ - 33,7 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 12,2%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 2,8 млрд. долл.;Швейцария  - 21,9 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 7,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 1,3 млрд. долл.;Қытай -  16,4 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 5,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 776,3 млн. долл.;Франция - 14,6 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 5,3%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 431,6 млн. долл.;Ұлыбритания - 13,0 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 4,7%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 292,9 млн. долл.;Ресей Федерациясы - 12,6 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 4,5%-н құрайды, биыл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 821,0 млн. долл.;Виргин аралдары - 10,1 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 1,6%-н құрайды,  биыл 1-ші жартыжылдықта 85,7 млн. долл.;Бельгия - 7,0 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 2,5%-н құрайды,  биыл 1-ші жартыжылдықта - 797,5 млн. долл.;Жапония - 5,9 млрд. долл., жалпы инвестиция ағынының 2,1%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта - 187,5 млн. долл..    Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22761?lang=kk
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА 15.04.2025
Әкімдікте аудан прокуроры Ақберген Мүлкемановтың төрағалығымен қылмыстық ахуалдың жай-күйі, құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде бұрын сотты болғандар, кәмелетке толмағандармен профилактикалық шаралардың тиімділігі бойынша мекемеаралық мәжіліс болып өтті.Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан прокурорының орынбасары Саяхат Нұрбеков, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Темірлан Жұмалбеков, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев баяндама жасады.Баяндамада «Қауіпсіз- Байзақ» іс-шаралар жоспары негізінде бірқатар жұмыстар атқарылғаны атап өтілді. Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейтіп, «Қоғам сақшысы» жобасы аясында оы жылдың 3 айында құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында, аудан аумағында 56 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қоғамда орын алып жатқан интернет алаяқтық мәселесі де көтерілді. Аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков өңірде құқық бұзушылықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алып, әрбір берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындау керектігін баса айтты. Жиын соңында қатысушыларға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық және қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.Ақпараттық медиа орталығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/972582?lang=kk
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің 2025 жылдың 1 тоқсанына Мемлекеттік қызмет көрсету және қайтару бойынша талдауы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 2025 жылғы 1 тоқсанына Мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 15 түрі бойынша 3526 қызмет көрсетілді, оның ішінде 3249 қызмет тағайындалды:жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 497;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау-572;3.мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау - 138;асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау-60;арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау-37;бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындау – 964;анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға жәрдемақы тағайындау, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған қорғаншыға (қамқоршыға) - 43;1-топтағы мүгедектерге күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау – 41;9 .көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе   бұрын "Батыр ана" атағын алған, ордендермен марапатталған I және II дәрежелі "Ана даңқы" - 12;көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау-175;жерлеуге біржолғы төлем тағайындау – 339;арнаулы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы-74;СИЯП зардап шеккендерге тағайындау -1;нақты енгізілген сомалар арасындағы айырмашылықты төлеу міндетті зейнетақы жарналары, міндетті инфляция деңгейін ескере отырып, кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы жинақтарының сомасы-296.           Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелері бойынша растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болмауына байланысты тағайындаудан бас тартылды – 277, оның ішінде:көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау-5;нақты енгізілген сомалар арасындағы айырмашылықты төлеу инфляция деңгейін және зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – 270;жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау-1;мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау-1. Мемлекеттік қызметтер 3249 көрсетілді:1) Халыққа қызмет көрсету бөлімдері (ХҚКО)-1752;2) ГБДФЛ - 745;3) Kaspi.kz - 244;4) Halyk - 47;5) по ИС АП- 5;6) МСЭ - 62;7) ПЭП - 28;8) ЦКС - 0;9) БЦК – 0;10) СДУ – 12;11) ЕСУТД – 58;12) МРЦСВ- 296 (госгарантия). Зейнетақы және жәрдемақы бойынша қайта есептеуге және қайта бастауға 2868 іс, қайтыс болуына, кетуіне және басқа да себептерге байланысты төлемдерді тоқтатуға, тоқтата тұруға 1244 іс қайта қаралды және бекітілді.                                                                               Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/972579?lang=kk
Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қатысуымен «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.Спектакль адалдық, әділдік және адалдық құндылықтарын насихаттауға арналған. Қойылым барысында көрермендерге сыбайлас жемқорлықтың деструктивті әсерін, оның салдарын және осы құбылыспен күресудің маңыздылығын ашып көрсететін шынайы өмірлік жағдаяттар көркем түрде көрсетілді. Қойылым соңында ашық пікірталас өтіп, қатысушылар өз ойларымен, әсерлерімен бөлісті.Іс-шараға студенттер, колледж оқытушылары және мемлекеттік қызметкерлер қатысты, барлығы 250 адам қатысты.Шара Қарағанды қаласы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП#ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/972569?lang=kk
Достық ауылында Наурыз мерекесі аталып өтті 15.04.2025
⚜️Достық ауылында Наурыз мерекесі атылып өтті. Осыған орай «Теміржолшылар» саябағында «Армысың-әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті.⚜️Көктемнің шуақты күндерінен үміт күттіретін Ұлыстың ұлы күнінде ауыл әкімі Е.Енсебаев ауыл тұрғындары мен қонақтарын әз Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, алғыс хаттар табысталып, әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық тіледі.⚜️Ауылымыздың тұрғындары мен қонақтарына әр мекеменің басшылары киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық тағамдары мен «Наурыз көже» тарту етіп, ақ дастархан жайылды.⚜️Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен түрлі көрініс көрсетіп, халық назарына паш етті.⚜️Спорттық ұлттық ойындар ойнатылып, алғыс хат, жүлделерімен табысталды.⚜️Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қашанда іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Мереке соңы Достық ауылының жастар өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/972556?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАПОНИЯНЫҢ АВТОЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Қазақстанның жол қызметкерлерімен кездесуді «TOKIO ROPE ALMATY» компаниясы өткізді. Қардан қорғау қоршауларды пайдалануда Қазақстанның климаттық жағдайы ескерілген.Жұмыс сапары барысында Қоғам өкілдері «Цучиура Tokyo Rope» тростық қоршаулар дайындайтын зауытқа барды, сондай-ақ Токио және Джобан қаласындағы автобандарды көрді. Онда Жапон компаниясының технологиялары мен өнімдерін пайдалана отырып, қарды көлік өтетін бөліктің жағасына жинамай автожол арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қоршаулардың конструктивті ерекшеліктері көрсетілді.Қазақстанда тростық қоршауларды қолдану үшін техникалық шарттарға сәйкестігі талап етіледі. Тростарды қолдана отырып барьерлік қоршауларды пайдалану Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының жол қозғалысы қауіпсіздігі зертханасының сынақтары барысында берілген нормативтермен реттеледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауа-райы үшін қардан қорғау қоршауларын әзірлеу туралы келіссөзге қол жеткізілді.Сонымен бірге, Қоғам өкілдері Токио қаласында «Техно-ярмарка 2018» жол өнімдерінің көрмесіне қатысты, онда жолды абаттандыру, қар жинау және басқа да жол техникалары көрсетілген. Көрмеге жол құрылысы үшін өнімдер шығаратын халықаралық компаниялар қатысты.Жұмыс сапарының соңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ TOKYO ROPE INTERNATIONAL INC компаниясымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев жол қауіпсіздігін арттыру және қауіпті учаскелер санын азайту Қоғам қызметінің басты міндеті екенін және жапондық әріптестері ұсынған қардан қорғау қоршауларын пайдалану мәселені шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Анықтама үшін: Компания TOKYO ROPE MFG.CO.LTD компаниясы 130 мың жылдан аса нарықта жұмыс істейді. Компанияның өнімі құрылыстың әртүрлі салаларында қолданылып жүр. Айта кететін жайт, Токyо Rope компаниясының тросстары Семей және Босфор борты (Түркия) қалаларында көпір салған кезде қолданылған және бүкіл әлем бойынша құрылыста кеңінен қолданылып жүр. Тростар коррозиядан қорғау үшін аллюминий және мырыш қоспасынан жасалған өте берікболат және құймадан жасалады. Сондай-ақ Алматы қаласы зауытында Медеу және Шымбұлақтағы тіке көлбеулерді бекіту үшін габиондар мен торлар шығарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22723?lang=kk
ӨКІЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ "ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БАРДЫ 15.04.2025
Әскери қызметшілермен өткізген кездесуде заңдылықты және құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу барысында, заңдар мен нормативтік актілердің әскери қызметшілердің күнделікті қызметіне және олардың міндеттеріне тікелей әсер ететінін түсіндірілді.Өкіл қоғамдық ұйым басшысына бірлескен өзара іс-қимылға даярлығын білдіріп, сарбаздардың құқықтарын қорғау бойынша түрлі іс-шараларға бірлесе мұрындық болуға шақырды.Сонымен қатар, өкіл Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Ұлттық орталық, ұлттық орталықтың зерттеулері туралы мағлұмат беріп өтті. Адамның іргелі құқықтары, оларды қорғау тетігі және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесудің мақсаты — заңдылықты сақтау маңыздылығын дұрыс түсініп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/972551?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ИНДУСТРИЯЛЫҚ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ, АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ 15.04.2025
Телекөпір аясында Қазақстан Президенті «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мен Қарағанды облысының катодты мыс өндіретін «Алмалы»  кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын «Sary-Arka Copper Processing» кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.Машина жасау және құрылыс индустриясы саласында Қазақстан президенті Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» темір жол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн-режимде іске қосты. Ол теміржол доңғалақтары өндірісін жылына 75 мыңнан 200 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын «Asia Trafo» зауытын, Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын «Гежуба Шиелі Цемент» Қазақстан-Қытай инвестицялық жобасын іске қосты.Мемлекет басшысы телекөпір аясында сондай-ақ, Алматыдағы қуаты жылына 550 мың тонна қоқыс өңдейтін «Green Recycle» ЖШС кешенін және  Петропавлдағы қажетті халық тұтынатын тауарлар мен полимерлерді толық циклда қайта өңдейтін «Радуга» ЖШС металл пластикалық бұйымдар зауытын іске қосты.Телекөпір барысында «KEGOC» АҚ 500 килоВольттық «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» желісін іске қосты, сондай-ақ Ақтөбе облысында қуаты 300 млн. м3 болатын Қожсай кен орнында «Gas Processing Company» ЖШС ілеспе мұнай газын қайта өңдеу жобасы жұмыс істей бастады.«Баламалы энергетика» саласында «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС Жамбыл облысында қуаты 100 МВт болатын Қазақстан-Британ бірлескен жобасы - «Бурное» күн электр станциясын пайдалануға берді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы "KТ Редкометальная компания" ЖШС бірлескен кәсіпорны жел энергетикасының бірінші кезеңі іске қосылды (43,6 МВт) (1-кезең).Телекөпір барысында аграрлық сектор бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған «Карат» ЖШС (Атырау облысы) автоматтандырылған диірмені, қуаты жылына 50 000 тонна ет өндіретін соңғы жылдары аграрлық саладағы ірі жобалардың бірі Макинск (Ақмола облысы) құс фабрикасының бірінші кезеңі, сондай-ақ, Арқалық қаласындағы ет өңдейтін «Торғай Ет» ЖШС кешені пайдалануға берілді.    Бұдан бөлек, тамақ өнеркәсібі саласында Mareven Food Holdings трансұлттық холдингі Алматы облысында ұнды терең өңдейтін және тамақ өнімдерін дайындайтын зауыт салды. Түркістан облысында түйе мен бие сүтін өңдейтін «Golden Camel Group LTD» ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Онда құрғақ сүт, балалар тағамы және энергетикалық сусындар әзірленеді.Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев«5 әлеуметтік бастаманың» бірі ретінде Астананы газдандыру жобасындағы Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзақтығы 1061 км болатын және жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар «Сарыарқа» газ магистралінің 1-ші кезеңін іске қосуға пәрмен берді.Сондай-ақ, Президент онлайн режимде республика тарихындағы алғашқы концессиялық жоба – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысының барысын бақылады. Онда 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Президент Батыс Қазақстан облысындағы елімізді Ресеймен және Шығыс Еуропамен байланыстыратын Орал-Тасқала автожолы учаскесінде автокөлік қозғалысын ашты.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың арқасында Шығыс Қазақстан облысының Озерка ауылы мен Жамбыл облысына қарасты Өрнек ауылының тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізді. Цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы ең ірі дата-орталық, Қостанайда еліміздегі ең цифрлы диірмен кешені - «Бест Костанай» ЖШС іске қосылды. Астанада модем, коммутатор және автоматты цифрлы телефон станциясын өндіретін «DigitalSystemServis» ЖШС зауыты құрылды. Алматыда прибор жасау және радиоэлектроника инновациялық «Kaz Tech Innovations» ЖШС зауыты іске қосылды.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жүк әуе тасымалы саласында e-Freight және «Қазпошта» компаниясының фулфилмент-орталық қағазсыз құжат айналым ақпараттық жүйесінің жұмысын, «ҚазТрансОйлдың» мұнай тасымалдауды басқару digital-жүйесін іске қосты.Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары барлығы 6,6 трлн. теңгеден астам соманың  1 148 жобасы іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Соның ішінде индустрияландырудың бірінші бесжылдығында (2010 – 2014 жылдар) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңгенің 770 жобасы іске қосылып, 76 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22713?lang=kk
«Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында 15.04.2025
ағымдағы жылдың 7 сәуірі «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ауыл тұрғындарына абаттандыру ережелері жазылған парақшалар таратылды. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға, елдегі және әрбір елді мекендегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұлттық экологиялық акция.Акция аясында қалалардағы, ауылдардағы және табиғи аумақтардағы қоқыстарды тазарту мақсатында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар саябақтарды, алаңдарды, өзен-көл жағаларын, ормандарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазартуда. Мемлекеттік және жекеменшік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Акция мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге, мемлекеттік қызметкерлерден бизнес өкілдеріне дейін қоғамның барлық қабаттарының белсенді қатысуына арналған.Сіздерді «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-novopavlov/press/news/details/972540?lang=kk
Алаяқтықтың алдын алу 15.04.2025
Учаскелік полиция инспекторы Момбеков С.Ш. Шідерті ауылында интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-shiderti/press/news/details/972528?lang=kk
Талдықорғандық кадеттер Үштөбеде Кемел Тоқаевтың рухани мұрасымен танысты 15.04.2025
Қаратал ауданында «Жас сақшы» кадет сыныптарының оқушыларына арналған ауқымды патриоттық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен тарихи сана қалыптастыру, ұлттық қаһармандарға деген құрметті арттыру. Полиция қызметкерлерінің бастамасымен №14 және №18 мектептердің кадеттері жазушы, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың туған жері – Қаратал ауданына танымдық сапарға шықты.Сапар барысында алғашқы аялдама Кемел Тоқаевтың есімі берілген орта мектеп болды. Мұнда кадеттер жазушының өмір жолымен, еңбек қызметімен және қазақ әдебиетіне, әсіресе детектив жанрына қосқан үлесімен танысты. Сонымен қатар, оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері туралы мағлұмат беріліп, ел тарихының маңызды беттерімен тереңірек танысуға мүмкіндік туды.Мектеп ауласында Каратал ауданының ақсақалдарымен кездесу өтті. Олардың арасында Кемел Тоқаевты көзі көрген жандар да болды. Ақ баталарын алған кадеттер мен полиция қызметкерлері аға буынға деген құрмет пен жерлестерінің өнегесін есте сақтауға ниеттерін білдіріп мектеп ауласында ағаштар отырғызды.Келесі кезекте кадеттер Каратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне барды. Мұражай экспозицияларын аралау барысында оқушылар Кемел Тоқаевтың еңбектерінің маңызын және өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын тереңірек түсінді. Экскурсия соңында олар жазушы мен батырлар рухына арналған өлеңдер оқып, тағзым етті.Күннің ең әсерлі сәті – ақсақалдармен бірге дастархан басында өткен кездесуге ұласты. Бір үстел басына жиналған бірнеше буын өкілдері Кемел Тоқаев туралы естеліктерімен, аңыз-әңгімелерімен бөлісіп, рухани сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» деген нақылмен өткен кеш ұлттық дәстүрдің құндылығын айқындай түсті.Мұндай шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның рухани іргесін бекітуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/972500?lang=kk
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін кеңейту үшін мүмкін болатын қадамдарды анықтады.Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы бойынша оң динамиканы атап өтті. 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға артық. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.«Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті министр.Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді белсендендіруге қызығушылық білдірді.«Біз Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ұмтыламыз. Өнім жеткізілімдерін кеңейту, астық импортын арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру — бұл біздің ел үшін басым міндеттер», — деп мәлімдеді Али Акбар Джоукар.Айдарбек Сапаров барлық ұсынылған бастамаларды қолдауға дайын екендігін растады.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы жұмыс тобы аясында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972480?lang=kk
⚡️ «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік саладағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Агенттік уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді белгілеу бойынша профилактикалық, алдын алу, сондай-ақ жедел іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.Мәселен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Ол электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.Айыпталушы сотқа тартылды.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп      #ЗАҢменТӘРТІП  _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/972456?lang=kk