Қоғам
Алаяқтықтың алдын алу 15.04.2025
Учаскелік полиция инспекторы Момбеков С.Ш. Шідерті ауылында интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-shiderti/press/news/details/972528?lang=kk
Талдықорғандық кадеттер Үштөбеде Кемел Тоқаевтың рухани мұрасымен танысты 15.04.2025
Қаратал ауданында «Жас сақшы» кадет сыныптарының оқушыларына арналған ауқымды патриоттық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен тарихи сана қалыптастыру, ұлттық қаһармандарға деген құрметті арттыру. Полиция қызметкерлерінің бастамасымен №14 және №18 мектептердің кадеттері жазушы, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың туған жері – Қаратал ауданына танымдық сапарға шықты.Сапар барысында алғашқы аялдама Кемел Тоқаевтың есімі берілген орта мектеп болды. Мұнда кадеттер жазушының өмір жолымен, еңбек қызметімен және қазақ әдебиетіне, әсіресе детектив жанрына қосқан үлесімен танысты. Сонымен қатар, оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері туралы мағлұмат беріліп, ел тарихының маңызды беттерімен тереңірек танысуға мүмкіндік туды.Мектеп ауласында Каратал ауданының ақсақалдарымен кездесу өтті. Олардың арасында Кемел Тоқаевты көзі көрген жандар да болды. Ақ баталарын алған кадеттер мен полиция қызметкерлері аға буынға деген құрмет пен жерлестерінің өнегесін есте сақтауға ниеттерін білдіріп мектеп ауласында ағаштар отырғызды.Келесі кезекте кадеттер Каратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне барды. Мұражай экспозицияларын аралау барысында оқушылар Кемел Тоқаевтың еңбектерінің маңызын және өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын тереңірек түсінді. Экскурсия соңында олар жазушы мен батырлар рухына арналған өлеңдер оқып, тағзым етті.Күннің ең әсерлі сәті – ақсақалдармен бірге дастархан басында өткен кездесуге ұласты. Бір үстел басына жиналған бірнеше буын өкілдері Кемел Тоқаев туралы естеліктерімен, аңыз-әңгімелерімен бөлісіп, рухани сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті. «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» деген нақылмен өткен кеш ұлттық дәстүрдің құндылығын айқындай түсті.Мұндай шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның рухани іргесін бекітуде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/972500?lang=kk
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін кеңейту үшін мүмкін болатын қадамдарды анықтады.Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы бойынша оң динамиканы атап өтті. 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға артық. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.«Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті министр.Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді белсендендіруге қызығушылық білдірді.«Біз Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ұмтыламыз. Өнім жеткізілімдерін кеңейту, астық импортын арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру — бұл біздің ел үшін басым міндеттер», — деп мәлімдеді Али Акбар Джоукар.Айдарбек Сапаров барлық ұсынылған бастамаларды қолдауға дайын екендігін растады.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы жұмыс тобы аясында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/972480?lang=kk
⚡️ «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік саладағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Агенттік уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді белгілеу бойынша профилактикалық, алдын алу, сондай-ақ жедел іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.Мәселен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Ол электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.Айыпталушы сотқа тартылды.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/972456?lang=kk
Агенттік және Әзірбайжан Орталық Банкі қаржы нарығын реттеу мәселелерін талқылады 15.04.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған Агенттік делегациясы Баку қаласына жұмыс сапары барысында Әзірбайжан Орталық Банкінің Төрағасы Талех Кязымовпен кездесу өткізді.Тараптар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы нарықтарын реттеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты, сондай-ақ қаржы секторын дамыту жөніндегі стратегиялық бағыттар мен негізгі бастамаларды талқылады.Қазақстандық делегация өз кезегінде тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесін ұсынып, оның банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етудегі басты рөлін атап өтті. Тұсаукесер барысында реттеушінің назарын барынша маңызды тәуекелдерге аударуға және қадағалау ресурстарын тиімді бөлуге мүмкіндік беретін қадағалау практикасындағы тәуекелдерді бағалау және басқару тәсілдері егжей-тегжейлі баяндалды.Қазақстанның банк заңнамасындағы қаржы институттарының орнықтылығын арттыруға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылды. Реттеушілік есептілікті жинау және талдау үшін электрондық платформаларды енгізуді, қашықтан қадағалау құралдарын дамытуды және талдамалық жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалануды қоса алғанда, қадағалау жүйесін цифрландыру бойынша Қазақстанда іске асырылып жатқан бастамалар ұсынылды.Тараптар Қазақстан мен Әзірбайжанның қаржы реттеушілері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру форматында талқылады.Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді және Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы уағдаласты. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/972455?lang=kk
2025 жылғы 8 сәуірде Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, су тасқыны кезеңіне орай ауданға бекітілген Руслан Жанатұлы Әміржановпен бірге «Державинск қаласындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту (3-кезек)» нысанында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 15.04.2025
Қазіргі уақытта екінші көтерілімдегі су тазарту станциясында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, құбыр жүйелерін қысыммен сынау жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Державинск қаласына айналма су құбырының құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, нысан маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары да жоспарға сәйкес аяқталатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/972433?lang=kk
Белоусовка кентінің әкімі Анатолий Анатольевич Ташниченко азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді 15.04.2025
🔷Белоусовка кентінің әкімі әр сәрсенбі сайын сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды.🔷Сұрақтарыңызбен, ұсыныстарыңызбен немесе мәселелеріңізбен келіңіз және білікті көмек пен жауап алыңыз.Мекен-жайы: Центральная көшесі, 43.Сізді қабылдауда күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-belousov/press/news/details/972431?lang=kk
Ауыл тұрғындарымен кездесу өтеді 15.04.2025
Тұрғындармен кездесу өтедіМемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2025 жылдың 23 сәуір күні аудан әкімінің Қаракемер, Аса ауылдық округтерінде халықпен кездесулері өтеді.Қаракемер ауылы, ауылдық клуб, сағат 10.00.Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Өнер мектебі, сағат 11.00Кездесу өтетін орны мен мерзімі туралы өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/972428?lang=kk
«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ЖАРНАМА БЕЛГІЛЕРІН АЛЫП ТАСТАУ ЖАЛҒАСУДА 15.04.2025
🔹«Байқоңыр» ауданында бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін сыртқы жарнама белгілерін бөлшектеу жұмыстары жалғасуда.Ағымдағы жылдың басынан аудан бойынша 40-ден аса жарнама белгілері мен баннерлер алынып тасталды. Аталған жұмыс барысы белсенді жалғасуда.Жарқын белгілер мен жарнамалық баннерлер хаос тудырады және қаланың көрнекі келбетін бұзады.✅ Шараның басты мақсаты - сыртқы жарнамаларды ретке келтіру және біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру, сондай-ақ визуалды шуды жою.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/972415?lang=kk
Никотинді, электронды темекі мен вейптерді тұтынудың зияны туралы 15.04.2025
Темекі шегудің зияны туралы көп айтылды, бірақ ғалымдар мен дәрігерлердің бұл тәуелділіктің таралуынан туындаған алаңдаушылығы артып келеді, себебі әлі де болса көптеген адамдар темекі шегуді зиянды деп санамайды.Психологтар мен психотерапевттер темекі шегуді психологиялық тәуелділікке жатқызады. Темекіні жиі қолданған кезде никотинге төзімділік пайда болады, ол әр темекі шегу кезінде артады және ішкі ағзалардың жұмысына, терінің күйіне және жалпы денсаулыққа теріс әсер етеді. Электрондық темекі қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Жасөспірім кезіндегі темекі шегетін вейперлерді бүгінде барлық жерде көруге болады.Жасөспірімдер әдетте дәмдердің әртүрлілігіне байланысты вейптерге қызығушылық танытады. Құлпынай, жалбыз және шоколад иісі бар құрылғылар оларға қауіпті болып көрінбейді. 2023 жылдың шілдесінде Үкімет вейптер, оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді сатуға тыйым салу жоспарын жариялады. Билік мұндай тыйымды балаларды базарларда және тұрғын аудандардағы шағын азық-түлік дүкендерінде еркін сатылатын вейптерді пайдаланудан сақтандыру ретінде жарияланды.2024 жылғы 19 сәуірде Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң қабылданды. Вейптерге тыйым салу туралы Заң 2024 жылдың 20 маусымында күшіне енді. Алайда, сатып алушылар оларды жасырын жұмыс істейтін дүкендерден және мессенджерлер арқылы табады. Құқық қорғау органдары заңсыз сауда фактілерін үнемі анықтап отырады. Мектеп оқушыларының темекі шегуі олардың физикалық және психикалық дамуын бәсеңдетеді, сондықтан мектеп оқушысы темекі шекпеуі тиіс. Мектеп жылдары - бұл физикалық және психикалық өсіп-даму жылдары. Оқу барысында барлық жүктемелерді меңгеру үшін бала ағзасына көп күш қажет. Балалар, жасөспірімдер темекі шегумен неғұрлым ерте танысып, темекі шегуді бастаса, соғұрлым олар оған тезірек үйреніп, болашақта темекі шегуден бас тарту өте қиын болады. Әлеуметтік жарнама және мектептерде тақырыптық сабақтар жүргізу арқылы электронды темекі мен вейптерді қолданудың алдын-алу тиімділігін арттыруға болады. Жасөспірімдердің сана-сезіміне арнайы әңгімелер, темекі шегудің теріс салдарын көрсету, фотокөрмелерге бару және фильмдер көрсету арқылы әсер етуге болады.Бірақ, жасөспірімнің темекі шегуден және басқа да жаман әдеттерден аулақ болуға деген тұрақты талпынысын қалыптастырудағы басты рөлді ата-аналар атқаруы тиіс. Тек отбасында ғана тәрбие процесінде қоғамдағы мораль мен мінез-құлық негіздері, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану қалыптасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/972412?lang=kk
Азаптауға қарсы тұру туралы 15.04.2025
Өздеріңіз білетіндей, азаптау – адам құқықтарының ең жиіркенішті бұзылуларының бірі. Әділеттілік, адамгершілік және жеке адамның қадір- қасиетін құрметтеу принциптеріне сәйкес келмейтін олар құрбандықтарға терең тыртық қалдырады, отбасыларын жояды және құқықтық мемлекеттің негіздерін бұзады. Халықаралық және ұлттық заңдар азаптауға біржақты тыйым салғанымен, қазіргі уақытта жеке фактілер кездеседі.Сондықтан азаптаудың алдын алу тек заңды міндет емес, сонымен қатар қоғамның әрбір мүшесі үшін моральдық императив болып табылады.Неліктен азаптаудың алдын алу соншалықты маңызды?Зардап шеккендердің азабы. Азаптау адам төзгісіз физикалық және психологиялық ауырсынуды тудырады. Олардың салдары өмір бойы болуы мүмкін, соның ішінде жарақаттан кейінгі стресстің бұзылуы, депрессия, мазасыздық және басқа да ауыр денсаулық мәселелері.Адам құқықтарының бұзылуы. Азаптау – адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясында және азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде бекітілген адамның негізгі құқықтарын өрескел бұзу.Құқықтық мемлекеттің жойылуы. Азаптауды қолдану мемлекеттің құқық қорғау және арнайы органдарына деген сенімге нұқсан келтіреді, қорқыныш пен жазасыздық ахуалына ықпал етеді және билікті теріс пайдаланудың алғышарттарын жасайды.Ақпараттың дұрыс еместігі. Азаптау арқылы алынған ақпарат сенімсіз және жазықсыз адамдардың қате үкімдері мен қудалауына әкелуі мүмкін.Азаптауды қалай болдырмауға болады? Азаптаудың алдын алу әр түрлі деңгейдегі бірқатар шараларды қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді:Оларды жасаған адамның мәртебесіне қарамастан, қатаң қылмыстық жауапкершілік.Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адам құқықтары, ұстау рәсімдері және азаптауға тыйым салу мәселелері бойынша оқыту.Азаматтық қоғам ұйымдарының азаптауларының алдын алуға қатысуын арттыру (азаптау жағдайларын мониторингілеу, қатыгездік жағдайларын құжаттау және құрбандарға көмек көрсету).Азаптау мәселесі, оның салдары және оның алдын алу жолдары туралы халықты оқыту және хабардар ету де олармен күресудің нақты механизмі болып табылады.Азаптаудың алдын алу – бұл мемлекет, азаматтық қоғам және әрбір жеке тұлғаның күш-жігерін қажет ететін жалпы міндет. Тек бірлескен күш- жігермен азаптау мен қатыгездіксіз әлем құруға болады.Сіз азамат ретінде не істей аласыз?Сақ болыңыз. Қатыгездік пен азаптау жағдайларына назар аударыңыз және олар туралы құзыретті органдарға хабарлаңыз.Азаптауға қарсы ұйымдарға қолдау көрсетіңіз. Олардың іс-шараларына қатысыңыз және ақпарат таратыңыз.Өз ұстанымыңызды білдіріңіз.Есіңізде болсын, үнсіздік – бұл бірдей қатысу. Біреудің қайғы- қасіретіне бей-жай қарамаңыз.Азаптаудың алдын алу тек заңды міндет емес, бұл әрқайсымыз үшін моральдық императив. Тек бірге біз қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем құра аламыз, онда әр адамның қадір-қасиеті құрметтеледі және қорғалады.Осыған байланысты, прокуратура елдің бүкіл құқық қорғау жүйесінің өзегі және Мемлекет басшысымен азаптау істерін тергеу тапсырылған орган ретінде анықталды (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаптау істерін тергеу прокуратура органдарының айрықша құзыреті болып табылады).Қоғам мен құқықтық тәртіп органдарының қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түріне қарсы іс-қимылда бірігуі азаптауға қарсы іс- қимыл жөніндегі халықаралық стандарттар негізінде қылмыстарды тергеу және құжаттау міндеттерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, жазаның сөзсіздігін және жалпы негізгі демократиялық институттарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/972408?lang=kk
Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1,3 млрд текше метрден артық су келді 15.04.2025
Түркістан облысының Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп.Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аудан тұрғындарымен кездесіп, аймақты сумен қамту бағытындағы атқарылған жұмыс туралы айтып берді.Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.Шілде айында Фурманов каналын тазарту және жөндеу жұмыстары басталады. Министрлік Шу өзенінің суын реттеп, Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.«Біздің министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Ол үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биыл Шу өзенінің суын сауатты бөлу мен реттеудің нәтижесінде Созақ ауданына су әдеттегіден 1 айға ерте келді. Қазірдің өзінде өткен жылдан 300 млн текше метрге артық су жібердік. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Мамыр айына дейін секундына 85 текше метрден су жіберуді жоспарлап отырмыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/972377?lang=kk
АРЫС ҚАЛАСЫНДА 7 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢБЕК ЕТУДЕ 15.04.2025
Сондай-ақ, 17 секторда бригадалар 2 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерінде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Осылайша, негізгі қалпына келтіру жұмыстары 6,5 мың үйде аяқталды. Бұл барлық зардап шеккен Арыстың 90% болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы бұзылған үйлерді, әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілерді салу және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ қаланы қалпына келтіру жөнінде кеңес өткізді. ҚР Үкіметі басшысы қалада қысқа мерзімде ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша қалған жеке үйлерді жөндеу 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Көпқабатты үйлер бойынша қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітуі керек. Сондай-ақ, 20 тамызға дейін барлық әлеуметтік нысандарды тапсыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22536?lang=kk
Farabi Atyrau International School" ЖШС 15.04.2025
Дата публикацииНаименование проекта 09.04.2025«Частная школа» расположенная по адресу: г. Атырау, проспект Әбілқайыр Хан, строение № 51» протоколАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/972365?lang=kk
«Жер сағаты» 15.04.2025
Қамқор жобасы аясында «Жер сағаты» экологиялық акциясы — бұл әлемдегі ең ірі экологиялық бастама болып табылатын іс-шара. Әр жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде өтеді. Оның мақсаты — табиғатқа деген қамқорлықты арттыру, экологиялық проблемаларды шешуге назар аудару, сондай-ақ энергия үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру. Бұл акцияның негізгі идеясы — әлемді қорғауға әрбір адамның үлес қосуының қажеттілігін көрсету және экологиялық мәселелер туралы көпшілікке хабардар ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/972355?lang=kk
Экономика және бюджет, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 15.04.2025
Экономика және бюджет, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.⠀Комиссия мүшелері «2024 жылға арналған бюджеттің төртінші деңгейінің орындалуы және 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы» мәселені қарап, талқылады.Қаланың елді мекендерінің әкімдері сөз сөйлеп, ақпараттарымен бөлісті.⠀Сондай-ақ, «Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін және әлеуметтік дүкендердің жұмысын ұйымдастыру туралы» мәселе қаралды.⠀Бүгінгі таңда қалада 115 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. «Әлеуметтік» дүкен мәртебесін берудің негізгі талабы ретінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сату көзделген, мұндай тауарлардың бағасы жалпы нарықтық бағаның 10-15%-на төмен болуы тиіс.⠀Сонымен қатар, тұрақты негізде 11 базар мен 32 сауда үйін қоса алғанда, ӘМАТ-қа шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшерін сақтай отырып, баға бойынша 3 мың дүкенге мониторинг жүргізіледі.2024 жылы барлығы 52 жәрмеңке өткізілді, онда 3894,6 теңге сомаға өнім сатылған болатын, жалпы бір жәрмеңкеде 16-17 тонна өнім сатылуда.⠀Сондай-ақ әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бүгінгі отырыстағы талқылаудан кейін барлық мәселелер мәслихаттың таяудағы сессиясының қарауына енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/972345?lang=kk
Алматыда жасөспірімдер қылмысының алдын алу және отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша ведомствоаралық кеңес өтті 15.04.2025
Қала прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметінің, білім, қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.Биыл Алматы қаласы бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 58 іс тіркелді, кәмелетке толмағандар 83 қылмыс кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты тағы 70 қылмыс жасалды.Іс-шара барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және сотқа дейінгі тергеу сапасының проблемалық мәселелері талқыланды.Аталған бағыттар бойынша ұсынымдар мен практикалық шешімдер әзірленді.Кеңесте бірлескен алдын алу шараларын іске асырудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы азаматтарды құқықтық ағартудың және «Заң және тәртіп» іргелі қағидатын іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.Қадағалау органы осы бағыттағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылды. Алматы қаласының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/972337?lang=kk
СҚО полицейлері қарақшылық жасаған күдіктіні іздестіруде 15.04.2025
Тайынша ауданының жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен Моңғолия азаматы Самат Бекишті (10.01.1991 жылы туған) іздестіріп жатыр.Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында орын алған. Белгісіз адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Шабуылдаушылар кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңда орналасқан учаскелік полицейдің үйіне жүгіріп барып, көмек сұраған. Қылмысқа қатысы бар үш күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Іздестіріліп жатқан Самат Бекиш қазіргі уақытта өз елінде жасырынып жүруі мүмкін. Егер СҚО тұрғындары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/972277?lang=kk
Министр Ерсайын Нағаспаев халықаралық серіктестермен кездесулер өткізді 15.04.2025
Халықаралық байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту және жетекшілік ететін салаларды технологиялық дамыту аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев шет мемлекеттер мен трансұлттық компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбармен кездесуде өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды дамытуға, технологиялармен алмасуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге екі жақтың да мүдделілігі атап өтілді.«Әріптестік қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыру және экономиканың тұрақты өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін инвестициялар мен бірлескен жобаларды одан әрі тарту үшін қолайлы жағдай жасау маңызды», — атап өтті Ерсайын Нағаспаев.Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымын 3 млрд АҚШ долл. дейін арттыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылады.Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесу барысында тараптар жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кен орындарын игеруде қазақстандық тәжірибені тарту, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен саласындағы бірлескен жобаларға Сьерра-Леоне инвесторларының қатысуы қарастырылды.Жоғары технологиялық жабдықты шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі — американдық General Electric HealthCare компаниясының өкілдерімен кездесу айтулы оқиға болды. Тараптар Қазақстанда медициналық техника өндірісін локализациялау перспективаларын, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін талқылады. Технологиялар трансферті, техникалық қызмет көрсету және мамандарды даярлау мәселелері көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/972359?lang=kk
ҚР Туризм және спорт министрі шетелдік инвестормен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Ұлттық спорт университетінің құрылысын жүргізіп жатқан швейцариялық Mabetex компаниясының басшылығымен маңызды кездесу өткізді. Тараптар жобаның қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының сапасы және университеттің болашақ инфрақұрылымын талқылады.Кездесуден кейін министр білім ордасының құрылыс барысымен және жобаның бірінші және екінші кезеңдерінің жоспарымен танысты. Ербол Мырзабосынов құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтті. Жоспар бойынша университеттің алғашқы кезеңі мамыр айының соңына қарай пайдалануға берілмек.Қазіргі таңда бірінші кезең аясындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мамыр айында көпфункционалды спорт кешені, стадион, жеңіл атлетика манежі, жүзу бассейні, колледж ғимараты және 500 орындық жатақхана қолданысқа беріледі. Бұл – оқу процесін бастауға қажетті негізгі инфрақұрылым.Жоба толық іске қосылған кезде университет спорт саласындағы мамандарды даярлаудың толыққанды жүйесін – колледжден бастап докторантураға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Мұнда бір мезгілде 2000-нан астам студент пен 60-қа жуық магистрант және докторант білім алады.Ербол Мырзабосынов аталған жобаның жүзеге асуы еліміздегі спорттық білім беру жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, халықаралық деңгейдегі кәсіби кадрларды даярлауға жол ашатынын айтты.«Университет инфрақұрылымы тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, көпсалалы спорттық және ғылыми орталық ретінде де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде еліміздегі туризм мен спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972274?lang=kk
