Қоғам
Қарағандыда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді 15.04.2025
Қарағандыда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздіҚарағанды қаласындағы №62 жалпы білім беретін мектебінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 9–11 сынып оқушыларына есірткіге қарсы профилактикалық бағытта дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.– Бүгін біз мектеп оқушыларымен кездесіп, оларға есірткінің зияны, оның салдары және құқықтық жауапкершілік туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің кеңінен дамуына байланысты жасөспірімдердің түрлі құқыққа қайшы контенттерге тап болып, тіпті есірткі тасымалдаушы ретінде пайдаланылып кетуі ықтимал. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында осындай түсіндіру шараларын жүйелі түрде өткізіп келеміз, – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрым Садвакасов.Кездесу барысында оқушылар полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауап алды.– Бүгінгі танымдық іс-шара біз үшін өте маңызды. Өйткені есірткімен күрес – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Мен сыныптастарымды және барша жастарды есірткіге қарсы тұруға шақырамын, – деді 9-сынып оқушысы Александра Рогожникова.Шараға сондай-ақ Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Кинология орталығының мамандары да қатысты. Олар қызметтік иттердің есірткі заттарын іздеу және анықтау бағытындағы жаттығуларын көрсетіп, оқушыларға мамандықтың қыр-сырын таныстырды.Айта кету керек, 2023 жылы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз айналымнан 243 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленсе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 284 келіден асты.– Полиция департаментінің бұл бағытта жүргізіп отырған жұмысы өте маңызды деп санаймын. Бүгінгі күні балалардың дұрыс жолды таңдауы, құқыққа қайшы әрекеттерден бойын аулақ ұстауы – ата-ана, ұстаздар және жалпы қоғам алдында тұрған ортақ жауапкершілік. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап осындай іс-шаралар өткізіп, оқушыларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көрсету – болашақта олардың адаспай, өз жолын дұрыс табуына сеп болады деп сенемін, – деді мектеп директоры Бақытгүл Калекина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/971912?lang=kk
Халықтың полициямен байланысын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде «102» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді 15.04.2025
Халықтың полициямен байланысын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде «102» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді.Аталған қосымшаны AppStore және Play Market платформаларында тегін жүктеуге болады.Мобильдік қосымшаның көмегімен мемлекеттің әрбір тұрғыны құқық бұзушылық немесе қылмыс жасалғаны туралы ақпарат жібере алады.Сонымен, мобильді қосымшаның интерфейсінде SOS қызыл батырмаcы бар.Оны басу арқылы оқиға орынан тікелей бейнеқоңырау шалуға болады, бұл ЖБО операторына не болып жатқанын көруге және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тіркеуден өткеннен кейін азаматтар мобильді қосымшада:құқық бұзушылық және қылмыс жасалғаны туралы полицияға жібере алады (жол қозғалыс ережелерін бұзу, отбасылық жанжал, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баламен болған оқиға, бұзақылық әрекет, төбелес, тыныштық режимін бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде шығу және тағы басқалар);оператормен аудио/бейнеқоңыраумен байланысу арқылы қоңырау шалушының автоматты түрде орналасқан жері анықталады. Нәтижесінде оператор не болып жатқанын көре алады және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдай алады.Бүгінгі күнде полицияға 377,3 мыңға жуық қоңыраулар мен хабарламалар келіп түсті.Жүктеу саны 236,7 мыңнан асып түсті (Play Market – 172,5, App Store – 64,2).Сондай-ақ, ұялы телефонды IMEI коды бойынша оның ұрланған немесе жоғалған тізімінде бар-жоғын тексеру мүмкіндігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/971903?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына өзгерістер енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35143 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларына өзгерістер енгізіліп, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035143 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/971885?lang=kk
Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Архат Маратұлы Үмітов тағайындалды 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2025 жылғы 4 сәуірдегі №97 бұйрығымен Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Архат Маратұлы Үмітов тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/971848?lang=kk
12 сәуірде «Таза ойындар» экологиялық сенбілік өтеді 15.04.2025
Құрметті өскемендіктер!12 сәуірде «Таза ойындар» экологиялық сенбілік өтеді.Барлығыңызды бізге қосылуға шақырамыз!Барлық қатысушылар қызықты және пайдалы уақыт өткізеді.Осы посттың астына Таза ойындар сенбілігін өткізетін орынды бірге таңдайық, өз ұсыныстарыңызды комментарийге қалдырыңыздар!Сүйікті қаламыз Өскеменді көркейтуге өз үлесіңізді қосыңыз!Таза ойындарда кездескенше!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/971843?lang=kk
Ұлытау облысында елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар және еріктілердің қатысуымен елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасуда.Қазіргі уақытта 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылуда.Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған.Кеңгір су қоймасын өлекселерден тазарту жұмыстары төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері және арнайы техникаларымен жүргізілуде.Сонымен бірге жергілікті тұрғындар да атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратура органдарының айрықша бақылауында.Осыған байланысты азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.#Заң _мен _ТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/971835?lang=kk
«Еңбек жолы» байқауы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек күніне байланысты «Еңбек жолы» байқауын өткізеді. «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы әкімінің аппараты» ММ «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Өтінімді Чкалова 8 мекен-жайы бойынша мамыр айының 1-ші жұлдызынан маусым айының 10-шы жұлдызына дейін өтінімдерді қабылдаймыз.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;3) Қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы"қамқорлығымен қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар жеңімпаздарды мынадай номинациялар бойынша айқындайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады.Еңбек әулеті – қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (бір немесе екі жұбайы балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіретін бір ұйым қызметкерлерінің тобы. Еңбек жолын бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас қызметкері.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;Байқауға қатысы үшін келесі құжаттар тізімі қажет:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мынадай материалдарды екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресімдейді және ұсынады:1) номинациясын көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) жеке куәліктің көшірмесі;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз);4) конкурсант туралы (жұмыс, отбасы, хобби және т. б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5)еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсыныс хаты.Бар болса (келесі құжаттардың көшірмелері):мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелерібіліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сертификаттар беріледі:- 1 орын үшін-1 000 000 (миллион) теңге;- 2 орын үшін-500 000 (бес жүз мың) теңге;- 3 орын үшін-200 000 (екі жүз мың) теңге. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi/press/news/details/971830?lang=kk
Нашақорлықтың алдын алу – ортақ міндетіміз! 15.04.2025
Құрметті Алдабергенов ауылдық округінің тұрғындары!Бүгінде нашақорлық – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл індет тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіреді.Алдабергенов ауылдық округінің әкімшілігі есірткіге қарсы күрес бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Басты мақсатымыз – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау және есірткі бизнесіне жол бермеу.Есіңізде болсын:Күдікті әрекеттерді байқасаңыз, құқық қорғау органдарына хабар беріңіз.Балаларыңызбен ашық сөйлесіп, олардың кіммен араласатынына мән беріңіз.Салауатты өмір салтын бірге насихаттайық!Бірге күрессек – болашағымызды қорғаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/974767?lang=kk
Целиноград ауданыда «IT-control» мобильді қосымшасын құруға және енгізуге қаражат бөлді 15.04.2025
Целиноград аудандық прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік «IT-control» мобильді қосымшасын құруға және енгізуге қаражат бөлді. Бұл қосымша полицияның және пробацияның бақылауындағы адамдар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Осы қосымшаның көмегімен профилактикалық есепте тұрған барлық адамдарды онлайн режимінде қадағалауға және олардың ықтимал бұзушылықтарына жедел ден қоюға болады. Мысалы, құқық қорғау органдарының талабы бойынша мұндай тұлғалар әр үш сағат сайын олардың орналасқан жерін анықтауға көмектесетін фотосуреттерді жүктеп салуға міндетті болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция мен пробация қызметі оларға жедел ден қойып, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарта алады, тіпті жазаны ауыстыруға дейін. Бұл қосымшаны енгізу қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады. #Заң_және_Тәртіп Ақмола облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/971815?lang=kk
22 наурыз-Наурыз мерекесін ауыл тұрғындары да атап өтті. 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызды ауыл тұрғындары да дүркіретіп атап өтті. Мұнда тойшыл қауым үшін ақшаңқай киіз үйлер бұрыштамалары бой көтеріп, жастар, аға буын өкілдері ауылдары орын тепті. Жиылған жұртшылық назарына қазақтың салт-дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.Биыл Ұлыстың ұлы күнін атап өту мейрамы Целинный ауылы тұрғындарын ауылымызға тигізген ерен еңбектері үшін, ауыл әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен басталды.Көтеріңкі көңіл-күймен ауыл тұрғындары ұйымдастырылған әрбір шараға ат салысуда. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындары түрлі тамаша қойылымдар дайындады. Ал ұлттық құндылықтарға қанығамын дегендер үшін бұрыштама киіз үйлер тігілген. Әр шаңыраққа кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.Наурыз мерекесі тағы бір мәрте барша жұртшылықтың басын қосты. Тойшыл қауым бір-бірін мейраммен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-arkalyk-selinnoe/press/news/details/971795?lang=kk
Елімізде заманауи халықаралық стандарттарға сай қонақүйлерді жіктеу жүйесіне реформа жасау жоспарлануда 15.04.2025
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында елімізде қонақүйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарлануда. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданылып келе жатқан критерийлер қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл оларды қонақүй бизнесіндегі әлемдік үрдістерге сәйкестендіру үшін өзектендіруді талап етеді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971783?lang=kk
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады 15.04.2025
уризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі – облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер беру. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.«Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр»,— деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971777?lang=kk
ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕКСТАН-ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе ұйымдастырды.Өзбек тарапынан Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарды кеңейту, сондай-ақ B2B форматында екіжақты кездесулер өткізу.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың үш негізгі бағыты сауда-саттықтың өсімі, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің басқарма басшысы Өмірбек Баштай өз сөзінде экспортты қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ 2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экспортты қолдау жұмыстарын күшейту мәселесін атап өтті.Бизнес-форумның аясында B2B форматында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. сияқты екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бизнес-форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы таныстырылмдар жасалды.Анықтама:Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 2018 жылы 2,49 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,64 млрд. АҚШ долл., импорт - 0,63 млрд. АҚШ долл.). Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 25,33% жоғары (экспорт – 31,55%, импорт – 14,76%).Экспорттың негізгі бөлігі бидай, ұн, мұнай мен газ.Сонымен бірге Өзбекстан Республикасына экспорттың өсуінің басым бөлігі бидай мен меслинге, портландцемент пен легирленбеген өңделмеген алюминийге (экспорттың жалпы көлемінің 26,5%-ы, экспорттың өсуінің 47%) тиесілі.2018 жылы портландцемент 69,10 млн. долларға экспортталса, Өзбекстанға 69,07 млн. доллардың портландцементі экспортталды.2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өзбекстандықтардың қатысуымен Қазақстанда 2578 заңды тұлға мен филиалдар тіркелген. Олардың 1331-і жұмыс істеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21934?lang=kk
КЕНТАУЛЫҚ ПАЛУАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ 15.04.2025
Қарағанды қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің әр өңірінен жиналған 400-ге жуық спортшы қатысты. Бағын сынаған жарыста Түркістан облысының ұлттық құрамасының намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы Ерасыл Мусан 55 келі салмақта күресіп, күміс медальді қанжығасына байлады.Ерасыл Әмирханұлы 2007 жылы Кентау қаласы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Ол 4 сыныптан бастап грек рим күресімен шұғылданып келеді. Грек рим күресінен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2022 ж Азия біріншілігінде ІІ орын, 2024 жылы Испания елінде өткен халықаралық жарыста І орын, 2024 жылы тамыз айында Иордания елінде өткен Әлем біріншілігінің қатысушсы болған.Кентау қаласындағы № 1 Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған түлегі, жаттықтырушысы Жасулан Аймурзаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971762?lang=kk
Құрметті желі қолданушылары! 15.04.2025
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Кентау қаласы әкімдігінде ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/971751?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІТүркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы бағдарламалық баяндамасын талқылауға арналған «Тұғырлы ел, тұрақты даму: Ұлттық құрылтай идеялары» тақырыбында кездесу өтті. Ең алдымен Президент кеңесшісі «Жаһандық жас ғалымдар» фотокөрмесін және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушы-профессорларының еңбектері енгізілген «Өркен жайған оқу орда» кітап көрмесін тамашалады.Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ғалым саласының қызметкерлері мен білім алушы жастар қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.Алғашқы сөз Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор, доктор Наджи Генчке берілді. Ол түркі елдерінің ынтымақтастығы және симпозиумның маңыздылығы туралы атап өтті.Кездесуде Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Гүлсара Тоққұлова, Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықов баяндама жасады.Жиынды қорытындылаған ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе берілуімен құттықтады. Ғылым мен білімнің ұштасқан ордасында жүздесуіндегі мақсатына тоқталып өтті. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайда көтерілген түйткілді мәселелерге назар аударып, заң мен тәртіп қағидаты туралы ой қозғады. Студенттерге сапалы білім алу, жан-жақты болу керектігін айтып, адамгершілік басты ұстаным болуы тиіс екенін жеткізді. Ұлттың еңсесін көтеріп, халықтың бірлігін нығайтатын бастамалар жүзеге асатынын айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971742?lang=kk
РОМАН СКЛЯР РЕСЕЙДІҢ КӨЛІК МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Тараптар өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көлік және логистикалық инфрақұрылым салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21911?lang=kk
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА СУ АЙДЫНЫНЫҢ ИЕЛЕРІ ЕШКІМГЕ ДЕС БЕРМЕДІ 15.04.2025
✔️2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.✔️Жарысқа еліміздің 11 облысынан ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістан облысының намысын 18 спортшы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша облысымыздың ескекшілері 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде қоржынға 17 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль түсті.✔️Осы чемпионатта байдаркадан әйелдер арасында Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық жасөспірімдер мен спорт мектебінің спортшысы Ольга Шмелева абсолютті чемпион атанды. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықта 7 алтын медаль жеңіп алды.✔️Ерлер арасында жекелей және екілік байдаркада 500 метр қашықтықта Бекарыс Раматулла екі алтын медаль еншіледі. Екілік байдаркада және төрттікте (микс) екі алтын жүлдеге Артем Терещенко қол жеткізді. Әйелдер арасында төрттік байдаркада екі алтын медальға Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова ие болды. Ал екілік каноэде 1000 метр қашықтықта және жекелей каноэде 200 метр қашықтықта екі алтын жүлдені Ульяна Киселева олжалады. Ерлер арасында Полат Туребеков 2 алтын жүлдені қанжығасына байлады.✔️Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында облысымыздан Ольга Шмелева, Бекарыс Раматулла, Артём Терещенко, Полат Туребеков және Ульяна Киселева бақ сынайды.✔️Бейресми командалық есепте Түркістан облысының командасы 1-орынды сенімді түрде жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы екінші, Қарағанды облысының командасы үшінші орынды еншіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/972191?lang=kk
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУІ 15.04.2025
Төртінші сәуірде аудандық Өнер мектебінің мәжіліс залында аудан әкімі А. А. Русланның Мүсірепов жастарымен кездесуі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.А.Сапанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.қ. Ысқақова, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы М. Е. Харипов, Карьер орталығының директоры Н. И. Темірғалиев, Жастар ресурстық орталығының директоры Қ. Қ. Амантаев қатысты.Аудан әкімі Р. А. Анбаев қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын атап өтті. Бұл еңбек адамының беделін арттыру және жұмысшылар үшін жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам болды, әсіресе металлургия, көмір және энергетика салалары, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру салалары сияқты білікті мамандар қажет болатын салаларда.Қоғам дамуының барлық сатыларында жастар белсенді қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан біздің басты міндетіміз - ұлдар мен қыздарға өздерін жүзеге асыруға, мамандық алуға және өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беру.Қазіргі түлектердің бірі болашақ мамандықты таңдауды шешті, біреу мұны істеуі керек. Біреудің мамандығы бар, бірақ бейіні бойынша жұмысқа орналаспаған. Жастарды жұмысқа орналастыру, оларды ауылдық жерлерде бекіту үшін үлкен мемлекеттік қолдау "Дипломмен ауылға!"онда бірқатар мамандықтар кеңейтілді. Бізге аграрлық индустрияны дамытуда табысты ауданда агрономдар, зоотехниктер – селекционерлер, құрылысшылар, жүргізушілер, электриктер, дәрігерлер, мұғалімдер, газ-электр дәнекерлеушілері және басқа да кәсіптердің өкілдері қажет. Шағын және орта бизнес туралы ұмытпаудың қажеті жоқ, бұл мемлекеттің қолдауы бар жақсы орын. Біздің Жаңаесіл теміржол станциясы еліміздегі ең үздік 10 теміржол станциясының қатарына тиелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша кіреді.Руслан Акимжанович қатысып отырған жастарға осы кездесуге қатысқаны және еріктілер қозғалысында белсенді болғаны үшін алғысын білдірді. Ол жастардан идеяларды, ұсыныстарды тыңдауға, жобалармен танысуға және нақты көмек көрсетуге дайын екенін айтты.Аудан әкімі Мүсірепов ұлдар мен қыздарды одан әрі елді мекендерді абаттандыруға бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды.Іс-шарада белсенді жастарды аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады, оларға Новоишим аграрлық – техникалық колледжінің жастар ин жөніндегі инспекторы А.К.Нұрқанова, Салқынкөл мектебінің мұғалімі Н. Н. Тотай, "Нежинка-Ерке" ЖШС тракторшысы А. М. Камарланов, Рузаев мәдениет үйінің әдіскері С. А. Қайратов, а. Жуандықов, педагог марапатталды Новоишимская № 2 ОМ, М. Нұрмағанбетова, № 1 Новоишим ОМ.Жалпы фото шараны аудандық Өнер мектебінде аяқтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-ovp/press/news/details/971727?lang=kk
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі 15.04.2025
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін"еске салады.Тұрғын үйлердегі өрттер көбінесе өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамаудан, жанып жатқан пештерді немесе электр құрылғыларын қараусыз қалдырудан, жылыту жүйелерінің қатып қалған құбырларын жылыту үшін ашық отты қолданудан, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамаудан, отпен абайсызда жұмыс істеуден және балалардың отпен еркелігінен туындайды.Тұрғын үйлердегі өрттер үлкен материалдық шығын әкеледі және кейде адам өліміне әкеледі.Тұрғын үйлерде өрттің алдын алу үшін пәтерлерде, жертөлелерде, шатырларда және тұрмыстық қоймаларда өртке қарсы қатаң режимді сақтау қажет. Көрсетілген Үй-жайлар жанатын материалдардан, қоқыстардан, қағаздан және т. б. тазартылуы тиіс.Шатырлар мен жертөлелерді үнемі құлыптарда ұстау керек. Бұл үй-жайларға тек белгілі бір адамдар тобына кіруге рұқсат етіледі.Жертөлелер мен шатырларда жанғыш және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, темекі шегуге, үрлегіштерді қолдануға немесе ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады.Жертөлелерге, шатырларға немесе тұрмыстық қоймаларға барған кезде жарықтандыру үшін тек электрлік қалта шамдарын қолдануға болатындығын есте ұстаған жөн. Баспалдақ торларының өлшемдерінде шаруашылық қоймаларын ұйымдастыруға, ал өту жолдарын, дәліздер мен шығуларды жәшіктермен, шкафтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға рұқсат етілмейді.Пештерді жағу, тұрмыстық жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өте сақ болу керек. Пештерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып жағуға, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, олардың оттығын кәмелетке толмаған балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады. Жылыту маусымы басталар алдында жылыту аспаптарындағы ақауларды жою қажет.Өрт жарық сымдарының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты болған жағдайлар бар. Сіз оның техникалық тұрғыдан жарамды, нормаланған сақтандырғыштары болуы керек және жалаңаш, учаскелері болмауы керек екенін білуіңіз керек.Үйден шыққан кезде барлық электр құрылғылары өшірілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/971713?lang=kk
