Қоғам
Зейнеткерді ұрып-соққан жасөспірімдер екі айға қамауға алынды 15.04.2025
Теміртау қаласында зейнеткерге қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігінің 3) тармақшасына (тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Күдікті ретінде танылған 9 адамның барлығы, оның ішінде 7 кәмелетке толмағандар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 131-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Теміртау қалалық соты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Бұлтартпау шарасының ең қатаң түрінің таңдалуына қылмыстың ауырлығы негіз болды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтынын атап өту қажет.Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, жан-жақты және объективті тергеу жүргізілуде.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бұл факті бойынша бөлек тергеу жүргізілуде.Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп Қарағанды облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/971417?lang=kk
Павлодар облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық басталды 15.04.2025
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы бұйрығына сәйкес Павлодар облысының аумағында 2025 жылғы 14 сәуірден басталатын өрт қауіпті кезеңі қарсаңында Павлодар облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.Осылайша, көктемгі өрттердің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылау арқылы құрғақ өсімдіктерді жағу жүргізіледі, бұл бақыланбайтын табиғи өрттердің қаупін азайтуға, аумақты құрғақ өсімдіктерден тазартуға, өрт болған жағдайда өрттің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы алқаптарында жалпы ауданы 400 гектардан астам құрайтын құрғақ өсімдіктерді бақылап жаққан 13 әрекеті жүргізілді. Аталмыш өсімдіктерді жағу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз ету және ауа райы жағдайларын алдын ала бағалау үшін қажетті шарттарды сақтай отырып, алдын ала дайындалған учаскеде жүргізіледі.Сонымен қатар, су қоймалары, бау-бақша, орман қоры маңында, сондай-ақ Павлодар өңірінің елді мекендерінің периметрі бойынша жалпы ауданы 119 га құрғақ өсімдіктер шабылды.Автокөлік және темір жол бойындағы (теміржол жолдары, электр беру желілері), елді мекендер мен орман қорының айналасындағы орман белдеулерін топырақ құрғаған кезде қазу жоспарланған, ол топырақ құрғаған кезде жүргізілетін болады.Облыстың қалалары мен аудандарында мобильді топтар құрылып, 91 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылардың 7-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты ықтимал өрттердің алдын алу және өрттің таралу қаупін азайту болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/971413?lang=kk
«Маралды орта мектебі» КММ мектеп директорын тағайындау. 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Маралды орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Буркитбаева Айнур Тажибаевна 2025 жылғы «07» сәуір күнінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс қорытындысы және жасалған еңбек шарты негізінде директор болып тағайындалды. Конкурс қорытындысының нәтижесімен Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев мектеп ұжымын таныстырды. Айнур Тажибаевнаға қызметіне сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/971386?lang=kk
Түркістан облысында өрт қауіпті кезеңінің басталуына орай рейдтік іс-шаралар жүргізілуде 15.04.2025
ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңі аясында жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында қоқыстар және құрғақ шөптерді жағу секілді фактілер орын алуда. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айқындалған құқық бұзушылыққа алып келеді. Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына қоқыстар мен құрғақ шөптерді өртемеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер айтылды.Түркістан облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/971384?lang=kk
Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды «Әділ Қазақстан – барлығы және әрқайсысы үшін. 15.04.2025
Қазір және мәңгі» бағдарламасында ауылда өмір сүру деңгейі, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне басымдық берді.Осы мақсатта 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы ауқымды түрде іске асырылып келеді.Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнесті дамыту олардың жұмыспен қамтылуын және әл-ауқатын арттыру.Екібастұз қаласы бойынша 2023 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 158,5 млн. теңге сомасына 20 кредит берілді. 41 жұмыс орны құрылды.Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында 16 жеке кәсіпкер жаңа іс бастап, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.2024 жылдың мамыр айында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға өтінім беру процесі оңайлатылды. Электрондық ақпараттық жүйе amanatnesie.kz әзірленді. Портал үйден шықпай-ақ өз ісін қашықтықтан ашу үшін жеңілдікті несие алуға өтінім беруге мүмкіндік береді.2024 жылы 156,1 млн. теңге сомасына 11 кредит берілді. Бүгінгі таңда 136,8 млн. теңге сомасына 10 жоба берілді. 31,3 млн. теңге сомасына 4 кредит берілді. 96,2 млн. теңге сомасына 6 жоба қаралуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/971379?lang=kk
Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды 15.04.2025
Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша «Renault» жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады.Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады. Алматы қаласының прокуратурасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/971356?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ «САМАЛ ЖЕЛ» АТТЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.«САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация және АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды, 2,1 млрд АҚШ долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 перспективалық жобаны іске асыру «САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасында қарастырылған.Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21524?lang=kk
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 29 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 " Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.* 15.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледіМедициналық қызметкерлердің мынадай санаттары білімді бағалау және кейс-тестинг кезеңдерінен өтуден босатылады:* 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен Санат мерзімдерімен* мерзімсіз санатты қайта ресімдеу* қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын"Мейірбике ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білім алған техникалық және кәсіптік білімі бар медицина қызметкерлері үшін бұрынғы жұмыс өтілі ескеріле отырып, баламалы біліктілік санатындағы біліктілік деңгейі сақталады.Дәрігерлерге қаржылық жүктемені азайту үшін емтиханды бірінші рет қайта тапсыру кезінде, қанағаттанарлықсыз нәтижемен төлемнен босату туралы шешім қабылданды. Медбикелер үшін Бағалау құны 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін төмендетілді.Медицина қызметкерлері біліктілік деңгейін растау рәсімінен 15.04.2025 жылдан бастап өте алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/971350?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ 15.04.2025
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кездесуге келген тұрғындар бірқатар өзекті мәселені көтерді. Өңір басшысы халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап беріп, талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасатынын, бұл істе жергілікті әкімдік пен тұрғындар да белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.📌– Отырар – өзінің бай тарихымен, көне тартпас құндылықтарымен, даңқты перзенттерімен әлем назарын өзіне аударып, ұлттың рухани алтын қазығына айналған аудан. Ауданда алға қойған жобалар мен жоспарлы жұмыстар нәтижелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Отырар ауданында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 8 елді мекенде құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Ақтөбе және М.Шойманов елді мекендерінде 150 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы, 6 елді мекенде 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданы табиғи газға қосылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Аққұм елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Шытты елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы 85 млн.теңгеге 13 жоба қаржыландырылып, биыл 670 млн. теңгеге 132 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы 19 маманға 7 млн. теңгеге бірреттік жәрдемақы, 4 маманға 31,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Шәуілдір ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.✔️Биыл аудандағы 8 елді мекеннің 23 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыркүйек айында ел игілігіне беріледі деп көзделген. Ал 2 елді мекенде ауыз су құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы пайдалануға берілмек. Ш.Қалдаяқов ауылындағы жабық спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.✔️Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстары мен биылғы жылғы жоспары туралы баяндама жасады.✔️Облыс әкімінің отырарлық тұрғындармен кездесуі жеке қабылдауға ұласты. Өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспаcөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/971308?lang=kk
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Қ.Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар мен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.Бірінші вице-министрдің айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс алаңдарын құру үшін инженерлік желілер тарту қаржысын 100 млрд.теңгеге дейін арттыру қарастырылды және халықтың ипотекасын субсидиялау алынып тасталды.Сонымен қатар, өңірлерде алғашқы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана емес, екінші деңгейдегі банк салымшыларына да кредиттік тұрғын үйді сату қарастырылған.Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің займдары бойынша бастапқы жарна 30%-тен 20%-ке дейін төмендетілді.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін өңірлермен бірлесіп жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды тұрғын үй сертификаттары түрінде ішінара субсидиялау механизмі әзірленді. Тұрғын үй сертификаттарын беру әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде қарастырылады», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.Кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер аясында қаражатты инвестициялау туралы нормалар көзделген. Соның ішінде «Баспана» бағдарламасын жергілікті атқарушы органдардың облигациялары бойынша іске асыру қарастырылған.Сыйақының нарықтық ставкасын жабу үшін әкімдіктер салынған тұрғын үйді Құрылыс құнынан асатын бағамен сатуға құқылы (шамамен өңірлерде 176 мың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 220 мың).Бұл ретте, әкімдіктер бюджет мүмкіндіктерін, қарыз лимиттерін және жобалардың болуын ескере отырып, сатып алуды айқындайтын болады. Елбасының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмасын іске асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары әзірленді.Жыл сайын көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 млрд.теңгеден бөлу көзделіп отыр. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын, ал 2025 жылға дейін 40 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Биылғы жылға 3 130 пәтерлі құрылыс жобаларының тізімі жасалды. Лимит сома бойынша әр өңір үшін әкімдіктер кезегіндегі көп балалы отбасылар санына пропорционалды түрде белгіленген (28 126).Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балалары бар отбасыларды жылдық ставкасы 2% болатын, бастапқы жарнасы 10%-тен басталатын 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен несиелендіру енгізілуде.Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылады.Аталмыш механизмді іске асыру үшін 3 жыл ішінде 150 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 6 мың займ беруді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21469?lang=kk
Меңдіқара ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы 15.04.2025
Ү.ж. 8 сәуір күні сағ. 10:00 – 18:00 аралығында Меңдіқара ауданы Боровской аулында, Меңдіқара аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Меңдіқара-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізеді.Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегіМеңдіқара аудандық жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/971297?lang=kk
Хабарландыру! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы. 15.04.2025
Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМҚК Қазақстан Республикасының 06.10.2020 жылғы №365-VI "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңының 16-бабының 3-тармағына квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерді құру туралы енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 07.04. – 07 05.2025 жыл аралығында, 30 жұмыс күн ішінде Облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-densaulyk/press/news/details/971291?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ✔️Түркістанда етті және майлы қой түрлерінің V халықаралық көрмесі өтті. «Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ингушития, Моңғолия, Молдова елдерінен мал шаруашылығымен айналысатын 200-ге жуық азамат және еліміздің өзге облыстарынан келген шаруалар қатысты.✔️Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, көрменің маңыздылығына тоқталды. Игі істі ұйымдастырушылар мен мал басын асылдандыру бағытында еңбек етіп жатқан шаруаларға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.📌– Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі. Мал шаруашылығында жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Облыста асыл тұқымды қой санының үлесі 13 пайызды құрайды немесе 581,4 мың бас. Асыл тұқымды мәртебесі бар 850 бірлік агроқұрылым жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда мал шаруашылығы саласында санға емес сапаға мән беріле бастады. Мал тұқымын асылдандырып, дәстүрлі шаруашылықтан заманауи мал бағу тәсіліне көшкен, қожалықтардың табысы еселеніп, әлеуеті арта түсуде, – деген облыс әкімінің орынбасары көрші мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты нығайтып, жергілікті шаруалар мол тәжірибе алмасатынына сенім білдірді. Сондай-ақ асыл тұқымды қой шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.✔️Шара аясында етті-майлы қой тұқымының «Ең ауыр салмақты», «Бой биіктігі», «Сыртқы экстерьер» аталымдары бойынша байқаулар өтті. Нәтижесінде 45 номинацияның жеңімпаздары анықталып, қазылар алқасының шешімімен үздік қошқар иелеріне мотоцикл, теледидар, тоңазытқыш және кубоктар табысталды. Жалпы жүлде қоры – 30 000 АҚШ доллары.✔️Көрмеде Гиннесстің рекордтар кітабына енген «Байсары» атты асыл тұқымды қой тұқымы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Бұл тұқым еттілігімен ерекше. «Байсары» тұқымды ең үлкен қошқардың салмағы 231 кг тартқан.✔️Айта кетейік, Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында. Республикадағы ірі қара мал санының 12 пайызы (970,1 мың бас), қойдың 23 пайызы (4 135 мың бас), жылқының 11 пайызы (430,7 мың бас), түйенің 15 пайызы (41 мың бас), өндірілген еттің 12 пайызы (245,8 мың тн), сүттің 13 пайызы (447 мың тн) өңірдің үлесінде. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі____В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОШЛА МЕЖДУНАРОДНАЯ ВЫСТАВКА ЖИВОТНОВОДСТВА✔️В Туркестане прошла V международная выставка мясных и курдючных видов овец. В выставке, прошедшей в Turkistan show arena, приняло участие около 200 граждан России, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Ингушетии, Монголии, Молдовы, а также регионов Казахстана.✔️На церемонии открытия присутствовал заместитель акима области Ертай Алтаев. Он поблагодарил организаторов мероприятия и специалистов по разведению скота и пожелал им удачи.📌“Овцеводство - одно из основных ремесел казахского народа. Особое внимание в животноводстве всегда уделялось лошадям и овцам. Казахский народ выработал свои методы выпаса овец, их размножения и племенного разведения. Доля племенного поголовья овец в нашей области составляет 13 процентов, или свыше 581 тысяч голов. В регионе функционируют 850 агроформирований по разведению племенных овец. В последние 10 лет в животноводстве больше внимания уделяется качеству, а не количеству. Сейчас актуальны вопросы разведения скота, перехода от традиционного к современному способу выпаса животных, увеличения доходов и потенциала хозяйств”, сказал заместитель акима области, выразив надежду на укрепление взаимного сотрудничества с соседними государствами и получение местными крестьянами уникального опыта.✔️Е. Алтаев также отметил необходимость дальнейшего развития племенного овцеводства.✔️В рамках мероприятия прошли конкурсы по номинациям для овец на самый большой вес и высокий рост, а также внешний экстерьер.✔️Победители были определены в 45 номинациях. По решению жюри обладателям лучших овец были вручены мотоцикл, телевизор, холодильник и кубки. Общий призовой фонд составил $30 тысяч.✔️Впервые на выставке была представлена племенная порода овец «Байсары», занесенная в Книгу рекордов Гиннеса. Отличается она крепкой конституцией. Самый крупный баран названной породы весит 231 кг.✔️Отметим, животноводческая отрасль Туркестанской области занимает лидирующие позиции в стране. На наш регион приходятся 12% поголовья крупного рогатого скота в республике (970,1 тыс. голов), 23% овец (4 135 тыс.), 11% лошадей (430,7 тыс.), 15% верблюдов (41 тыс.), а также 12% произведенного мяса (245,8 тыс. тн), 13% молока (447 тыс. тн).✔️В республике 80% экспортируемого мяса КРС и 75% баранины приходится на нашу область.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971261?lang=kk
2025 жылдың 24-25 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан машина жасаушылар форумы өтеді 15.04.2025
Қазақстан машина жасаушылар форумы – бұл мемлекеттік сектор мен бизнес арасында тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін, тәжірибе алмасу, инновацияларды талқылау және саланы дамыту үшін жаңа жолдарды іздеуге керемет мүмкіндіктер беретін ерекше диалог алаңы.Биылғы жылы форум Қазақстанның астанасында 20-дан астам елден 1500-ден астам қатысушыны жинайды деп күтілуде. Олардың қатарында мемлекеттік сектор өкілдері, бизнес, ірі тұтынушылар және жетекші машина жасау өнімдерін өндірушілер бар.Форумда Машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері, саланың дамуындағы шетелдік серіктестердің рөлі, сондай-ақ өнеркәсіпті роботтандыру және цифрландырудағы өзекті тенденциялар, машина жасау саласына кадрлар даярлау мәселелері талқыланады. Негізгі өндірістерді дамытуға, теміржол, ауылшаруашылық, мұнай-газ машина жасауды және автомобиль жасау саласының перспективаларына ерекше назар аударылады. Қазақстандық және шетелдік машина жасаушылар өздерінің өнімдері мен жаңа әзірлемелерін «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2025» халықаралық көрмесінде таныстырады. Көрме форум аясында 2025 жылдың 23-25 сәуір аралығында МВЦ «EXPO» ғимаратында өтеді.Қазақстан машина жасаушылар форумына тіркелу үшін сайтқа кіріңіз: www.smkz.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/971375?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫТүркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, түркістандық талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туған жастар арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Биыл ерекше ұйымдастырылған бокс додасына шет мемлекеттерден Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзребайжан, Қытай, Египет, Сауд Арабиясы, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан 300-ден астам кіл мықты боксшылар келіп, апта бойында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Айтулы сайыста Халықаралық бокс қауымдастығының ережесіне сай ұлдар 13 салмақта жұдырықтасса, қыздар 6 салмақ дәрежесінде рингке көтерілді.Арда туған ұл биыл тірі болғанда 45 жасқа толар еді. Небəрі 20 жасында Сидней төрінде атой салған Бекзат Саттархановтың қайталанбас ерлігін үлгі тұтқан жастар жоғары дайындықпен келіп, ринг төрінде бар өнерлерін көрсетті.Тартысқа толы өткен жарыста Түркістан облысының жұдырықты жігіттері барлық салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып, бар күш-жігерлерін ортаға салды. Жекпе-жекте қола жүлдеге қол жеткізген жерлестеріміз қатарында 71 келіде Абылай Дәулетов, 75 келіде Ихтияр Алиддинов, 86 келіде Төлебай Ерубай, 92 келіде Ярослав Маслеев сынды дарынды боксшылар бар. Ал 63,5 келіде күш сынаған Ерәділ Ұзақбай күміс медальді иеленді. Осындай жетістіктер легін толықтырған түркістандық сайыпқырандар қатарында 67 келіде қарсылас шақ келтірмеген Сұлтан Тұрдалы мен 54 келіде ринг көркін қыздырған Адияр Бахадур сыды таланты өрендер өңір мерейін асқақтатты. Осылайша Түркістан облысының ұлдар құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді.Қыздар арасында Түркістан облысының арулары табысты өнер көрсетті. Жүлде салған жерлестеріміз қатарында 63 келіде қолғап түйістірген Тоғжан Ыстыбай мен 50 келіде Айым Танкибаева қола медаль олжаласа, 57 келіде Лия Абдуллаева мен 60 келіде Нұрай Күнгейбай күміске қол созды. Сондай-ақ жекпе-жекте қарсылас шыдатпаған 66 келідегі дарынды боксшы Айсұлу Мұхит алтыннан алқа тақты. Ол ақтық сында өзбекстандық Аселя Тулегеновадан басым түсті. Қорытындысында түркістандық қыздар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді қанжығалады. Жалпы түркістандық ұл-қыздар 12 медальді иеленіп, облыс қоржынына салды.Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар мен дипломдар және чемпиондарға арналған белбеулермен марапатталды. Айта кетейік, бұл халықаралық бокс додасының жыл сайын ауқымы кеңейіп, талантты боксшылардың тұсауын кесіп, олимп шыңын бағындыруға жол ашуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/971246?lang=kk
8,9,10,11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілігі», «Кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынастың медициналық салдары», «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыптар төңірегінде арнайы кездесу ұйымдастырылып өткізілді. 15.04.2025
Тарбағатай ауданы прокуратурасы, аудандық аурухана, ішкі істер органдарының қатысуымен М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ,«Абай атындағы орта мектебі» КММ, «К.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ базаларында 8,9,10,11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілігі», «Кәмелетке толмағандардың ерте жыныстық қатынастың медициналық салдары», «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыптар төңірегінде арнайы кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында баланың құқықтары туралы қолданыстағы заңнамалар,кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушылар ойларындағы сұрақтармен бөлісіп өзара пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/971209?lang=kk
Қасиетті орындарға барумен ерекше кездесу 15.04.2025
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар Департаментінде әйелдер кеңесінің кезекті отырысы ерекше, көшпелі форматта өтті. Іс-шараға қатысушылар қасиетті орындар – Домалақ ана кесенесі мен Ақмешіт үңгіріне рухани-мәдени сапармен барды.Бұл кездесудің басты мақсаты – әйел қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайту, қазіргі заманғы әйелдердің өміріндегі рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ тарихи және қасиетті орындарға құрмет көрсетуді дамыту.Отырыс соңында әйелдер кеңесі ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайтуда, сондай-ақ рухани және патриоттық тәрбиеде осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/971199?lang=kk
Свердлов ауылдық округі әкімінің есептік кездесулері 15.04.2025
Хабарландыру "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Свердловка ауылдық округінің әкімі Денисов ауданы Свердловка ауылының тұрғындарына жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы хабарлайды, Мекен-жайы: Свердловка ауылы , Өтетін орны - "Колос"ЖШС акт залы-фирма , 2025 жылғы 10 сәуір сағат 11.00-де.Күн тәртібі: 1. Свердлов ауылдық округінің елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру туралы. 2. Жеке секторда мал жаюды ұйымдастыру туралы. 3. Ауылдық округтің ағымдағы мәселелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/971197?lang=kk
Кеңестің кеңейтілген отырысы 15.04.2025
Спикер Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері талқыланды. Іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко да қатысты.Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының II республикалық форумында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан реформаларды іске асыру үшін басым бағыттарды белгіледі. Оларға инвестициялық жағдайлар жасауға мәслихаттардың белсенді қатысуы және бюджет қаражатын пайдалану мониторингі жатады, бұл азаматтардың билікке деген сенімін арттырады.Депутаттар мен сарапшылар қалалар мен ауылдардың әлеуетін арттыру үшін биліктің барлық деңгейлерінің күш-жігерін біріктіруді талқылады. Тақырыптарға аймақтық экономиканы дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік саясат кірді.Сондай-ақ жергілікті билік органдарының өзекті мәселелерін шешу үшін сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/971160?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылғы 7 сәуірде: «Қарағанды облысында 2023-2024 жылдардағы жастар саясаты іс-шараларын іске асырудың тиімділігі» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. 15.04.2025
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2025 жылғы 4 сәуірде сағат 11.00-де «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдерінің қатысуымен «Қарағанды облысында 2023-2024 жылдардағы жастар саясаты іс-шараларын іске асырудың тиімділігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты Қарағанды облысында 2023-2024 жылдардағы жастар саясатын іске асыруға, оның ішінде «Жасыл Ел» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталған мемлекеттің бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылау болды. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрініс тапқан және Қарағанды облысына тән бірқатар шешілмеген проблемалар атап өтілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар облыстың жастар қозғалысының проблемаларын шешу жолдарын талқылай отырып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krgrevcom/press/news/details/971131?lang=kk
