Қоғам
Портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы eGov.kz. 15.04.2025
2025 жылғы 26 наурызда Червонный ауылдық округі әкімі аппаратының маманы портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді eGov.kz.Күн тәртібінде мәселелер қаралды:1.Әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару2.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу3.Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеуХалықты қамту-30 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chervonnyi/press/news/details/971115?lang=kk
Тайынша ауданының әкімі Теңдік ауылының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Тайынша ауданының әкімі Б.А. Әлжановпен кездесулер жалғасуда. Осы жолы тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес кездесу Теңдік ауылында өтті. Қызу талқылау барысында тұрғындар халықтың өзекті мәселелері көтерілді. Аудан әкімі барлық мәселелерді ескеріп, нәтижесі бойынша орындаушыларға тиісті тапсырмалар беретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha/press/news/details/971111?lang=kk
Қарағандылық тергеушілер – үздіктер сапында 15.04.2025
Қарағандылық тергеушілер – үздіктер сапындаҚарағанды қаласында тергеу бөлімшелері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, олар мазмұнды әрі қызықты сәттермен ерекшеленді.Аптаның басты шараларының бірі – «Үздік тергеуші» байқауы болды. Байқауға Қарағанды облысының әр өңірінен тәжірибелі тергеушілер қатысып, өз кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылар сот алқасына өз мамандығы жайлы эсселерін ұсынды. Сондай-ақ, процессуалдық құжаттарды әзірлеу барысында заңнаманы білу деңгейі тексеріліп, қатысушылар теориялық білім мен практикалық машықтарын қатар көрсетті. Байқаудың келесі жарқын сәті – мини-футбол турнирі болды. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 12 команда қатысып, жеңіске деген жігер мен ұйымшылдық танытты. Қызықты әрі тартысты өткен турнирде Орталық полиция бөлімінің тергеушілері бірінші орынды иеленіп, Михайлов полиция бөлімін артта қалдырды. Ал Теміртау қалалық полиция басқармасының командасы үшінші орынды еншіледі. Іс-шара аптаның соңында салтанатты жиын және концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қарағанды облысы ПД басшылығы қызметкерлердің қылмыспен күрестегі қажырлы еңбегі мен адалдығын ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 7 қызметкер, ал Қарағанды облысы ПД басшысының өкімімен тағы 10 тергеуші марапатталды. Сонымен қатар, 6 номинация бойынша үздіктер анықталып, олардың қатарында «Үздік тергеуші», «Үздік жетекші» және басқа да аталымдар бойынша марапаттар табысталды. Шара барысында ардагерлер мен үздік қызметкерлердің ата-аналарына да құрмет көрсетіліп, оларға облыстық ПД басшысының атынан алғыс хаттар тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/971101?lang=kk
Қарағанды облысының полициясы — экологиялық тәртіптің күзетінде 15.04.2025
Қарағанды облысының полициясы — экологиялық тәртіптің күзетіндеҚарағанды облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында табиғатты қорғау және аймақты абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастама облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ санитарлық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. 2024 жылдың басынан бері учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру және санитарлық нормаларды бұзған 12 мыңға жуық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп бұзушыларға заңнама талаптарын түсіндірумен қатар, ескерту және айыппұл салу шаралары қолданылуда. Көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде қалалар мен ауылдардан 11 мыңнан астам жүк көлігі қар шығарылды. Бұл жұмыстарға мердігер ұйымдар мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 170 ұйым мен кәсіпорын басшысына жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Қоғамдық тәртіпке бейжай қарағаны үшін 17 ПИК төрағасы мен 7 үйдің жауаптылары үйлер мен оларға іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.Тек соңғы аптаның өзінде 700-ден астам құқықбұзушылық анықталып, нәтижесінде 500 жүк көлігі қар көшелерден шығарылды. Қала сыртындағы тас жолдарда да қар мен қатты қалдықтарды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғаммен бірлесіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/971082?lang=kk
Инвесторлардың қызметіне заңсыз кедергілер жасалды 15.04.2025
Талғар ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 100 млрд теңгеден астам қаржы салған және 1 мың жұмыс орнын ашқан ірі инвесторлардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.Қадағалау органының анықтауынша, Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдары «Evergreen Investment» ЖШС демалыс аймағын салу үшін қажетті рұқсат құжаттарын негізсіз бермеген.Бұл жағдайға прокуратура жедел әрекет етіп, аудан прокурорының актісі бойынша инвесторға қажетті рұқсаттарды алуына қол жеткізді және кінәлі тұлғаны жауапқа тартты. Сонымен қатар, «Маревен Фуд» ЖШС банктік шотына жеке сот орындаушысы тарапынан азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында заңсыз тиым салу фактісі анықталды.Талап арызын өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар бөлек шоттың болғанына қарамастан, сот орындаушысы компанияның барлық қаражатқа ерікті түрде тиым салып, оның қызметін тоқтатты. Прокуратураның наразылығынан кейін тиым салу алынып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды белсенді түрде сүйемелдеп, бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде.Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының прокуратурасы жанындағы фронт-офиске әрбір инвестор мен кәсіпкер көмек пен қолдау алу үшін +7-778-169-77-79 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады. #Заң_мен_ТәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/971076?lang=kk
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс көшпелі отырсы 2025 жылғы 3 сәуір күні Саралжын ауылдық округінің Қарақамыс ауындағы Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. 15.04.2025
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс көшпелі отырсы 2025 жылғы 3 сәуір күні Саралжын ауылдық округінің Қарақамыс ауындағы Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.Комиссия отырсында күн тәртібінде бір мәселе қаралды хабарламашы Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Қабиев 22 наурыз күні болған қылмыстық оқиғаның кәмелетке толмағандардың ерегесінен басталғаны туралы айтып өтті. Комиссия отырысына комисия мүшелері, аудан прокуратурасының прокуроры И.Нұрғалиев, Б.Қаратаев атындағы жалпы білім беретін мектебі мен Б.Аманшин атындағы жалпы білім беретін мектебінің директорларымен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ата-аналар қатысты. Комисся мүшелері тарапынан аталған мәселе жіті талқыланып, ұсыныстар айтылды. Комиссия отырысының соңында Комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.Сондай-ақ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/971075?lang=kk
Сьерра-Леоне Қазақстанмен аграрлық секторда ынтымақтастық орнатуға мүдделі 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сьерра-Леоне Республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Кабба Тимоти Мусамен кездесті. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы экономикалық және аграрлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан бидай экспорттаушы әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді және ұн экспортында алдыңғы орындарда. 2024 жылы уақтылы қабылданған шаралар мен қолайлы ауа райының арқасында біз рекордтық 26,7 миллион тонна астық жинадық, оның ішінде шамамен 20 миллион тоннасы – бидай. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа экспорттық нарықтарды ашу және екіжақты байланыстарды нығайту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Біз Сьерра-Леонемен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді министр.Кабба Тимоти Муса аграрлық сектордың ел үшін маңыздылығын, әсіресе жаһандық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің күшеюі жағдайында ерекше атап өтті.«Біз Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастық біздің аграрлық секторымыздың тиімділігін арттырып, Сьерра-Леонеде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз. Біз Қазақстанның үздік тәжірибелері мен технологияларын қабылдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді ынтымақтасуға дайынбыз», – деді ол.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971069?lang=kk
Психологиялық қолдау және суицидтің алдын алу: негізгі стратегиялар мен тәсілдер 15.04.2025
Төтенше жағдайлар департаментінің басты психологы Галия Елгембаева дағдарыс жағдайларында суицидтің алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында тренинг өткізді.Іс-шара барысында қатысушылар суицидтік қиялдардың негізгі белгілерін, сондай-ақ эмоционалдық дағдарысқа ұшыраған адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау әдістерін үйренді. Белсенді тыңдау және дағдарысқа араласу техникаларына ерекше назар аударылды, бұл суицид әрекеттерінің алдын алуға көмектеседі.Тренинг практикалық жаттығулар мен рөлдік ойындарды қамтыды, бұл қатысушыларға алынған білім мен дағдыларды нақты жағдайларда бекітуге мүмкіндік берді. Мұндай тәсіл төтенше жағдайларда психологиялық көмек көрсетуге дайындығын арттырып, зардап шеккендер арасындағы суицидтік әрекеттердің тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.ИЖ және СК тобыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/971067?lang=kk
Облыстың жас көшбасшылары Ұлыбритания және Түркия елдерінен тағылымдамадан өтеді 15.04.2025
Халықаралық білім тәжірибесінің бір бөлігі болғыңыз келе ме? ҮЕҰ мен әлеуметтік кәсіпорындарды басқарудағы үздік әлемдік тәжірибені үйренгіңіз келе ме? Онда бұл жоба – сіз үшін!Өңірдің жас көшбасшыларына арналған «Atyrau youth fellowship» жобасы аясында 10 жас Ұлыбритания және Түркия елдерінен тағылымдамадан өтеді.Стади-турға қатысу үшін қажетті құжаттар:Өз тәжірибеңіз бен мотивацияңызды сипаттайтын эссе;Резюме;Жобалар портфолиосы.Сілтемеге өтіп, анкета толтыру арқылы қатысуға өтінім беріңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfBTdyC6OyV1g6qGxW1gqrgZ1iWFyjrKfQFiu7rnDzaYxVzdw/viewform?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAaffRj6jkUAgVuUeR946Pmyiret_Fyfm0XQ-KHUOTeMMWf6TjwW99ZuDSik2tg_aem_lp19r1qHRomKJiUeGA1Gtw Өтінімдер сәуір айының 4-і мен 20-сы аралығында қабылданады! Іріктеу нәтижелері 26 сәуірде жарияланады.Қосымша ақпарат бойынша төменде көрсетілген нөмерлерге байланыса аласыз:+7(778) 489-77-04 – Нелли (қазақша)+7 (778) 959-54-17 – Ирина (орысша)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/971066?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ 15.04.2025
Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, көктем мезгілінің басталуына және ауа райының жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталатынын хабарлаймыз.Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасады.Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/971062?lang=kk
Ұзынкөл ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы 15.04.2025
Ү.ж. 7 сәуір күні сағ. 14:30 – 18:00 аралығында Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл аулында, Ұзынкөл аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Ұзынкөл-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізедіІс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҰзынкөл аудандық жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/971037?lang=kk
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ 27 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды.Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған.Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді.Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды.Ваучерлік жүйе артықшылықтары:• Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалардан Тізімді қалыптастырады.• Екіншіден, әділдік. Ата-аналар мемлекеттік ваучер алады және оны тізімге енгізілген кез келген балабақшада қолдана алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшалардың көрсетілетін қызмет сапасын арттыруына серпін болады.• Үшіншіден, сапаны бақылау. Балабақшалардың қызметін бағалауға деген жаңа көзқарас енгізілді. Білім беру сапасын енді ата-аналар бағалайды, бұл субъективтілікті жояды және қызмет сапасын арттырады. Сонымен қатар, жоба нарыққа жаңа қатысушылардың келуіне жол ашады, бұл бәсекелестікті арттырып, сапаны едәуір жақсартады.• Төртіншіден, ашықтық. Қаражат енді балаға байланысты бөлінеді. Жергілікті органдардың әр балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекітуі жойылды. Бала бір балабақшадан екіншісіне ауысқанда, ваучер де бірге ауысады.• Бесіншіден, бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану. Қаржыландыру мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың нақты баруына байланысты жүзеге асырылады, бұрынғыдай тізім бойынша емес.Жаңа жүйенің тиімділігін пилоттық жобаның алдын ала қорытындылары растады. Пилоттық жоба жүзеге асырылған қалаларда кезек айтарлықтай қысқарды, ал кейбір қалаларда (Тараз, Түркістан, Орал) балабақшаға кезекте тұрған барлық балалар орналастырылды.«Өлі жандарды», қайталанған және бірнеше балабақшада тіркелген балаларды алып тастау есебінен жобаны іске асыру басталғалы 27 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.Осы үнемделген қаражаттың 25 млрд теңгесі бұрын кезекте тұрған балаларды орналастыруға, ал 2 млрд теңгесі жаңадан кезекке тұрған, 2 жасқа толған балаларға бағытталды.Кездесу барысында Шымкент және Қарағанды қалаларындағы кезек мәселелері қаралды. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне кәсіпкерлермен жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды, бұл кезекте тұрған балаларды қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/press/news/details/971031?lang=kk
«ProfitЦентр» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-ін лицензиядан айыру туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қонаев қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2025 жылғы 04 сәуірдегі №9 бұйрығына сәйкес «ProfitЦентр» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыруы лицензиядан айыру үшін негіздеме болды.«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес МҚҰ Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, МҚҰ алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады. Байланыс телефондары: +7 (7277) 277-115; +7 (7277) 277-116 (Қонаев қ.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/970989?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы көктемгі егіс жұмыстарына дайындалуда 15.04.2025
Өңірде егіс науқанына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде: ауыл шаруашылығы дақылдарын 612,7 мың гектар алқапқа егу көзделген.Егіс алқаптарының негізгі бөлігін дәнді дақылдар алады — 290,6 мың гектар. Майлы дақылдар 118,9 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 4,2 мың гектарға егіледі. Жем-шөп дақылдары 199 мың гектарды құрайды.2024 жылдың күзіне қарай егіс жұмыстарына дайындық аясында 91,5 мың гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілген. Оның ішінде 83,9 мың гектарға күздік бидай, 6,7 мың гектарға қара бидай және 0,9 мың гектарға тритикале себілген.Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 29,4 мың тонна тұқым қажет. Облыс қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілген, олар зертханалық тексерістен өтіп, егуге жарамды жағдайға келтірілген.Егіс науқанын сәтті жүргізу үшін 8,4 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына 3 136 трактор, 2 097 тұқым сепкіш, 646 культиватор және басқа да арнайы техника тартылатын болады.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін 2 есе арттыру тапсырмасын орындау аясында өңірде ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру жоспарланған. 2025 жылы облыс аграршылары жоғары өнім алу үшін 8 500 тонна тыңайтқыш сатып алады.Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пен олардың өткізілуі барлық жоспарға сай қатаң түрде жүргізілуде. Бұл аграрлық маусымның сәтті басталуына және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970977?lang=kk
Заң мен тәртіп: Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік жоба» байқауы аяқталды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті Елорда университеттерінің студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үздік жоба» конкурсын өткізді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы тиімді бастамаларды анықтауға, қолдауға және насихаттауға бағытталған байқау үлкен табыспен өтті.Іс-шараның мақсаты- сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметінде ашықтық пен есептілікті арттыру үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді ынталандыру болды. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі аспектілерін қамтитын жобаларды ұсынды, мысалы, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелер, құқықтық мәдениетті арттыруға арналған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ электрондық декларациялар мен мониторинг жүйелерін қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың цифрлық шешімдерін енгізу.Байқау аясында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы білімнің жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірге енгізілуі мүмкін нақты, практикалық шешімдерді ұсыну қабілетін көрсетті. Көптеген идеялар мемлекеттік қызметшілер мен бизнестің есептілігін арттыруға қатысты болды, бұл неғұрлым ашық және адал қоғамдық ортаны дамытуға маңызды үлес болды.Байқау қала университеттерінің студенттері үшін маңызды оқиға болды, олардың маңызды әлеуметтік мәселеге белсенді қатысуын ынталандырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәжірибелерді құруға ықпал етті.Қатысушылар салауатты азаматтық қоғамды қалыптастырудың негізі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде белсенді қатысушы болуға бастамашылдық пен ниет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/970976?lang=kk
Қарағанды қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: Барлық деңгейде ашықтық пен адалдық 15.04.2025
Қарағанды қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: Барлық деңгейде ашықтық пен адалдықСыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі мемлекеттік саясаттағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді, өйткені тек адалдық пен ашықтық қана қоғамның тұрақты және әділ дамуын қамтамасыз ете алады. Осы процесте маңызды рөлді мемлекеттік органдар мен азаматтар атқаратындықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді механизмдер құруда белсенді қатысу керек. Қарағанды қаласы, Қазақстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы ретінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халықтың билік органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған осындай жағдайларды жасауға белсене жұмыс істеп жатыр.Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жаңа тәсілдерҚарағанды қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық пен мөлдірлікті арттыруға бағытталған. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерге электронды жүйелер мен «Халыққа қызмет көрсету орталықтарын» енгізу сияқты қадамдар жасалды, бұл «құрылымдық саңылауларды» қысқартуға және мемлекеттік құрылымдар мен қала тұрғындары арасында тікелей байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қадамдар азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетіп, жемқорлыққа жол бермеуге ықпал етуде.Әкімдік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін әкімшілік кедергілермен күреске ерекше көңіл бөледі. Қалалық билік «Ашық Үкімет» жүйесін енгізуде, бұл тұрғындарға мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат алу, сұраныстар жіберу және қоғамдық бақылауға қатысу мүмкіндігін береді.Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді қатысуыДегенмен, сыбайлас жемқорлықпен күресу азаматтық қоғамның белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Қарағандыда қоғамдық бақылау институты дамып келеді, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимылдың түрлі нысандары енгізілуде. Әлеуметтік жобалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жүзеге асыру аясында ашық кездесулер, форумдар мен тренингтер өткізіліп, мамандар мемлекеттік органдардың жұмыс принциптерін түсіндіріп, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдері туралы баяндауда.Қала әкімдігі түрлі қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлік қауымдастықтармен және білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және ашық қоғам құру бағытында бірлескен шаралар өткізуде. Бұл жұмысқа жастарды тарту маңызды, өйткені оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтер енгізілуде.Мемлекеттік қызметкерлердің рөлі және олардың қызметіне бақылауСыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты рөлді мемлекеттік қызметкерлер атқарады, олардың іс-әрекеттері ашық және қоғам алдында есепті болуы тиіс. Қарағандыда мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен құндылықтарды енгізу, сондай-ақ антикоррупциялық шаралар туралы білім беру тренингтері тұрақты түрде өткізіліп келеді.Сонымен қатар, қалада мемлекеттік қызметкерлердің қызметіне бақылау күшейтілген. Ішкі және сыртқы аудит жүйелері, тәуелсіз тексерулер сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын уақытында анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ: Келешекке міндеттерЖеткен жетістіктерге қарамастан, сыбайлас жемқорлықпен күрес – үздіксіз жетілдіруді талап ететін процесс. Қарағандыда электронды қызметтердің ауқымын кеңейту, қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара әрекеттестікті әрі қарай жақсартып, кері байланыс жүйесін дамытып, басқару жүйесін барынша ашық әрі қолжетімді ету қажет.Бүгінгі таңда Қарағанды қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты – бұл тек шаралар жиынтығы ғана емес, қалада әділ әрі ашық өмір сүру үшін ұзақ мерзімді стратегия. Тек билік, бизнес және азаматтар бірлесіп жұмыс істегенде ғана біз сыбайлас жемқорлықты норма емес, тек ерекшелікке айналдырып, әрбір тұрғын заңдылық пен әділеттілік орнаған қоғамда өмір сүретіндігіне сенімді бола аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/970968?lang=kk
Көлеңкелі экономика Қазақстанның дамуына кедергі келтіруде: үкімет жаңа шаралар енгізуде 15.04.2025
Қазақстан елдің инвестициялық тартымдылығына кері әсерін тигізетін, бизнестің дамуын бәсеңдететін және нарықта теңгерімсіздік тудыратын көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шараларын күшейтуді жалғастырады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев айтты, деп хабарлайды BaigeNews.kz .Сагнаевтың айтуынша, негізгі проблемалардың бірі бизнестің салықтық бөлшектенуі болып табылады. Ірі компанияларды жасанды түрде шағын кәсіпорындарға бөлудің бұл тәжірибесі оларға салық жеңілдіктерін сақтауға мүмкіндік береді, бұл нарықтағы бәсекелестік тепе-теңдікті бұзады."Мемлекеттің міндеті - барлық кәсіпкерлерге бірдей жағдай жасау. Бизнестің бытыраңқылығы кейбір компаниялар үшін жасанды артықшылықтар туғызады, бұл бизнес-ортада әділеттіліктің бұзылуына әкеп соғады", - деді Сағнаев.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері Қазақстандағы барлық кәсіпорындардың 98,9%-ын микро және шағын компаниялар құрайтынын, ал орта бизнестің үлесі небәрі 1%-ды, ал ірі кәсіпкерліктің үлесі небәрі 0,1%-ды құрайтынын көрсетеді. Бұл құрылым соңғы бес жылда іс жүзінде өзгеріссіз қалды."Шағын бизнес өсу мен дамудың орнына салық міндеттемелерін барынша азайта отырып, жеңілдіктер аймағында қалуды жөн көреді. Бұл жүйені өзгертуге және бизнесті адал жүргізуге ынталандыруға сигнал", - деп қосты департамент директоры.Қазақстан Президенті стратегиялық мақсат қойды – барлық азаматтар мен компаниялар тең жағдайда жұмыс істейтін «Әділетті Қазақстан» құру. Алайда салықты бөлу схемаларын қолдану бұл принциптерге қайшы келеді.Сағнаев мұндай схемалар жүйеге деген сенімге нұқсан келтіріп, экономиканың дамуына кедергі келтіретінін баса айтты: «Әділетті Қазақстан – әркім өзінің болашағына адал үлесін қосатын, салықтан жалтару үшін бос орындар іздемейтін ел».Ведомство сондай-ақ салықты бөлшектеу тек шығыстарды оңтайландыру тәсілі емес, заңдылық пен заңдылық қағидаттарын бұзатын фискалдық міндеттемелерді орындаудан нақты жалтару екенін еске салады.Мемлекет адал бәсекелестік пен нарықтың барлық қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-ilias-omarov/press/news/details/970956?lang=kk
СҚО ТЖД қызметкерлері су айдындарында мұздың бұзылуы алдында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. 15.04.2025
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және жедел-құтқару жасағы көктем мезгілінде судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар өткізді.Рейдке қатысушылар Есіл өзенінің қауіпті аймақтарында мұздың еруі және су тасқыны кезінде мұзға шығуға тыйым салатын ескерту белгілерін орнатты. Халыққа су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарландырылды.Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар барысында Петропавл қаласының балық аулау дүкендерінде келушілермен су айдындарында қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер жүргізілді, мұзда және су айдындарында мінез-құлық ережелері түсіндіріліп, су айдындарында қауіпсіз болу үшін ұсыныстармен жадынамалар таратылды.Бұл қарапайым ережелерге бағыну өмірді сақтап қалуға және су айдындарында демалысты қауіпсіз етуге көмектеседі.СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/970954?lang=kk
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді енді eGov.kz порталында онлайн беруге болады 15.04.2025
Аудит саласындағы мамандар енді мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін өтінімді eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Жаңа сервис жеке тұлғаларға қолжетімді және сертификаттау үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Ол барлық қажетті құжаттарды онлайн тапсыруға және өтінімнің мәртебесін Жеке кабинеттен қадағалауға мүмкіндік береді.Мемлекеттік аудитор сертификаты – бұл маманның біліктілігін растайтын құжат. Сертификат иесі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың қаржылық есептілігін тексеруге құқылы. Бұл құжат Ұлттық комиссия тарапынан беріледі, арнайы қорғаныс дәрежесіне ие және үміткердің мемлекеттік аудитор ретінде біліктілігін растайды.Мемлекеттік аудитор сертификатын рәсімдеу үшін үміткер eGov.kz порталында өтінім беріп, қажетті құжаттарды тапсыруы, сондай-ақ біліктілігін растай отырып, сұхбаттасудан өтуі қажет.Қызметті пайдалану үшін:eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Бизнеске» – «Лицензиялау және аккредиттеу» – «Құқықты тіркеу (аккредиттеу) және сертификаттау» бөлімін таңдау;«Мемлекеттік аудитор сертификатын беру» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу;өтініш берушінің байланыс нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету;сертификат біліктілігін таңдап, үміткердің шетелдік жоғары оқу орнының түлегі екенін көрсету (болған жағдайда);білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге электрондық көшірмесін тіркеу;жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) тіркеу;еңбек кітапшасының көшірмесін тіркеп, «Өтініш жіберу» түймесін басу;қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау;қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Үміткер өтінімнің қаралу барысын Жеке кабинетінде қадағалай алады. Құжаттарды қарау шамамен 6 ай уақытты алады. Нәтижесінде үміткер сұхбаттасуға рұқсат немесе негізделген бас тарту туралы хабарламаны алады. Бас тарту жағдайында құжаттарды қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.Сұхбаттасуға 10 жұмыс күні қалғанда Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының сайтында сұхбаттасуға жіберілген үміткерлердің тізімі, сондай-ақ сұхбаттасу уақыты мен орны жарияланады. Сонымен қатар, үміткерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.Сұхбаттасудан сәтті өткен жағдайда, үміткер Жеке кабинетінде мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хабарламаны алады, ал сертификат QR-код түрінде электрондық форматта қолжетімді болады.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-kamenev/press/news/details/974755?lang=kk
Қамқоршылық тағайындау қызметі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды 15.04.2025
Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Отбасы» – «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөліміне өту қажет;«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек;өтініш берілетін адамның ЖСН-ін енгізу қажет;өтініш берушінің байланыс нөмірі мен электрондық поштасын көрсетіп, «Келесі» батырмасын басу керек;өтініш берушімен бірге тұратын қамқорлыққа алынатын адамның мекенжайын таңдау қажет;көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген немесе бірге тұратын тұлғаларды қосу керек;өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою қажет;қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Көрсетілген қызметтер тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» – «Жеңілдіктер, жәрдемақы, зейнетақы» бөліміне өту қажет;«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» қызметін таңдап, қажетті өрістерді толтыру керек;тұрғылықты мекенжайды енгізіп, бірге тұратын тұлғаларды көрсету қажет (міндетті емес);өтінішті Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.Өтініш бергеннен кейін, пайдаланушының Жеке кабинетіне тиісті бұйрық немесе дәлелді бас тарту жөнелтіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.Сонымен қатар, өтінішті қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды тапсыру арқылы да беруге болады.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысы аясында іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-usttalovka/press/news/details/970932?lang=kk
