Қоғам
Сіздерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз! 15.04.2025
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!Сіздерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз: 2025 жылғы 4 сәуір, сағат 15:00@akimatoskemen Instagram парақшасында.Эфир тақырыбы: «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі»Эфир барысында мамандар түсіндіреді:АӘК-ке кімдер үміткер бола алады?Қандай құжаттар қажет?Өтінішті қайда және қалай тапсыру керек?Көп қойылатын сұрақтарға жауаптар беріледі.Сіз тікелей эфирде өз сұрағыңызды қойып, нақты жауап ала аласыз.Пайдалы ақпараттан қапы қалмаңыз – эфирге қосылыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/969644?lang=kk
Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қылмыстық-атқару жүйесі саласында көп жылдық тәжірибесі бар заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мейрам Аюбаевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында қамауда ұсталатындардың, тергеу изоляторларындағы тұлғалардың, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтардың құқықтарының сақталу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы пробация жүйесін дамыту және қылмыстық-атқару жүйесінде адам құқықтарын қамтамасыз етудегі ғылыми тәсілдерге ерекше назар аударылды.Мейрам Ақатұлы Аюбаев — қылмыстық-атқару жүйесінде профилактикалық функцияларды іске асыру және азаматтарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналған 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде бірнеше монографияның авторы. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары жанындағы жұмыс топтарына жетекшілік етіп, 2014 жылғы ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің, «Пробация туралы» ҚР Заңының және қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге белсенді түрде қатысқан.Кездесу қорытындысында Мейрам Аюбаев Уәкіл институты жүргізіп жатқан, сотталғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған зерттеулерге ғылыми қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және осы бағыттағы заңнаманы дамыту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін атап өтті.Омбудсмен Артур Ластаев профессор Мейрам Аюбаевқа ғылыми қызметі үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/972285?lang=kk
087 "аудандық (облыстық маңызы бар қалаларға) кредит беру"бюджеттік бағдарламасын жариялау туралы 15.04.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысының 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 21-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қарауға қатысуыңызды сұраймыз.087"аудандық (облыстық маңызы бар қалаларға) кредит беру""Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "ММ 087" кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге аудандық (облыстық маңызы бар қалаларға) бюджеттерге кредит беру " бюджеттік бағдарламасының жобасын/бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайдыЖоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3671&budgetId=3837924Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/969630?lang=kk
көктемгі кезеңдегі өрт қауіпсіздігі. 15.04.2025
Федоров ауылдық округі тұрғындарының өртке қарсы қауіпсіздік техникасын сақтауы және елді мекендерде қоқысты жағуға тыйым салу туралы тұрғындарға жеткізу мақсатында адамдар көп жиналатын орындарда жадынамалар орналастырылды.Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабына сәйкес қалдықтарды жинау немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау мыналарға әкеп соғады:Жеке тұлғалар үшін-жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3Лауазымды тұлғалар үшін-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін — екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін-үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл. 3Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.#өртке қарсы қауіпсіздік #Ұзынкөл ауданыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/969626?lang=kk
114 "төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасын жариялау туралы 15.04.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы No 167-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қарауға қатысуыңызды сұраймыз.114 "Төмен тұрған бюджеттерге дамуға арналған нысаналы трансферттер""Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "ММ 114"төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының жобасын/бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есепті жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайдыЖоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3671&budgetId=3838051Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/969615?lang=kk
113"төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасын жариялау туралы 15.04.2025
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы No 167-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қарауға қатысуыңызды сұраймыз.113 "Төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер""Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ бюджеттік бағдарлама жобасын/113 "төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"бюджеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы есепті жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3671&budgetId=3837936Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-energetika-kommunal/press/news/details/969613?lang=kk
Дезинфекция және дератизация бойынша санитариялық ережелерді түсіндіру 15.04.2025
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәжіліс залында, «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ - 68 бұйрығына жолаушы тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету мекеме қызметкерлеріне жылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында мамандар жаңа санитариялық қағидалар мен талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, жолаушы тасымалдау кезінде дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Жолаушылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау, көліктер мен станцияларда тазалықты сақтау, инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар мен профилактикалық жұмыстар туралы айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/969611?lang=kk
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы санитариялық қызметке еңбегі сіңген құрметті маман - Қалтай Серікбайқызы Балмаханованы зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтайды 15.04.2025
Қалтай Серікбайқызы Балмаханова халықтың денсаулығы мен саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында аурулардың алдын алу арқылы адамдарға өз пайдасын тигізуді армандап, жас кезінен осы мамандықты таңдаған еді. 1980 жылы мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «санитария, гигиена және эпидемиология» факультетіне оқуға түсіп, 1986 жылы бітірді. Институтты бітіргеннен кейін 1986-1989 жылдары ОКАА жұмыс істеді. 1989 жылы Қарағанды қаласы Ленин ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық нұсқаушы, эпидемиолог көмекшісі, эпидемиолог дәрігер болып жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап 2002 жылдың наурыз айына дейін Қарағанды қаласының Өңірлік СЭС жұмыс істеді. 2003-2011 жылдар аралығында Қарағанды қаласы Октябрь ауданы санитариялық қызмет басқармасының коммуналдық бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2011 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасына оралып, осы күнге дейін эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Санитариялық қызметтегі жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына қосқан зор үлесі үшін Қ.С.Балмаханова: - 2006 жылы Октябрь ауданы әкімінің, 2010 жылы Октябрь ауданының санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бастығының, 2020 жылы Қарағанды қаласы әкімінің, 2021 жылы Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, 2024 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталған.Жұмыс барысында халық арасында туберкулез, күйдіргі, құтырма сияқты т.б. аса қауіпті аурулардың таралуының алдын алуға үлес қосты.Құрметті Қалтай Серікбайқызы! Халықтың саламаттылығы мен денсаулығын қамтамасыз ету саласын қамтамасыз етуге деген адалдығыңыз, халықтың денсаулығына қатысты басқа да өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысқаныңыз, жоғары жауапкершілігіңіз және кәсіби біліктіліктілігіңіз үшін үшін сізге алғыс айтамыз. Сіз өз ісіңіздің нағыз маманы ретінде әріптестер ғана емес, басқа да жұмыс барысында іскерлік қарым-қатынаста болған мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің мамандары арасында құрметке бөлендіңіз.Зейнеткерлік демалысыңыз құтты болсын! Жасыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/969610?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АУДАНЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ "3 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ-ДЕ ТҮСІНДІРУ СҰХБАТЫН ӨТКІЗДІ 15.04.2025
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АУДАНЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ "3 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ-ДЕ ТҮСІНДІРУ СҰХБАТЫН ӨТКІЗДІ"Парентеральды гепатиттің алдын алу, оның берілу жолдары, арнаулы әлеуметтік мекемелерде парентеральды берілу механизмі бар вирустық гепатит жағдайларын эпидемиологиялық тергеу алгоритмі” тақырыбы қаралды.Әңгімелесу барысында жабық ұжымдарда В және С гепатитінің алдын алу шаралары туралы ұсыныстар берілді. Шараға 14 медициналық қызметкер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/969604?lang=kk
Тиісті санитариялық ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша басқарма өкілдерінің, аумақтық білім бөлімдері мен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті 15.04.2025
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Облыстық білім басқармасымен бірлесіп Басқарма өкілдерінің, аумақтық білім беру басқармалары және мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.Семинар-кеңестің қатысушыларына Департаменттің білім және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіріп, тиісті Санитариялық ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.Департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Венера Галимова вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы, мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ) эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру туралы сұрақтар талқыланды.Сондай-ақ семинар-кеңесте Департамент пен облыстық білім басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес МДҰ жұқпалы және паразиттік аурулардың енуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру екі айлық мониторингінің нәтижелері қаралды, жиналғандардың назары мектепалды даярлық топтарындағы ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау мәселесіне аударылды, жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды МДҰ-на қабылдау бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/969595?lang=kk
Бүгін (19.03.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті. 15.04.2025
✔️Бүгін (19.03.2025 ж.) Бостандық ауданы әкімі Санжар Алинның жеке қабылдауы өтті.Қабылдауда коммуналдық және әлеуметтік мәселелер, ауданды абаттандыру мәселелері көтерілді. Оларға бөлім басшылары түсіндірмелер мен ағымдағы жауаптар берді.Жеке қабылдау апта сайын әр сәрсенбі күні, сағат 10:00-де өтеді. Жеке қабылдауға жазылу - 275-43-80 нөмірі бойынша жүргізіледі._Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/969588?lang=kk
Құрметті тұрғындар! 15.04.2025
Ударник а. су құбыры желілеріндегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 20 қазанда сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1088839?lang=kk
Құрметті Бастөбе ауылдық округінің тұрғындары! 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы« 29» тамыздағы №270 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары» бекітілген Сыйақы мөлшері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты. Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен көп емес. Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде, соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда жүзеге асырылады. Сыйақы алу үшін келесі құжаттар қажет: жәрдем 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылға көрсеткені (бұдан әрі – өтініш); үшін көтермелеуге өтініш 2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы; 3) көрсетілген адамның ұлттық валютадағы ағымдағы банктік шотының бар болуы және нөмірі туралы екінші деңгейдегі банктен анықтама. Осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болатын адамға; 2) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адамға; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адамға қолданылмайды. Байланыс телефоны: біріңғай СаII-орталығы 1424 немесе т.60-98-13, т. 24-70-13Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-bastobe/press/news/details/969547?lang=kk
Өрнек ауылында көктемгі дала жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Өрнек ауылында егілген тал дарақтарын қалпына келтіру, көшеттеу жұмыстары жүргзілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-ornek/press/news/details/969544?lang=kk
«Global Olive Corporation» Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асыруда 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Global Olive Corporation» компаниясының президенті Георгий Сванидзе мен Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін талқылады.Жоба 2023 жылы «QVM Technology» ЖШС, «Ordabasy Group» және «Ервира» қазақстандық компаниялары «Olive Georgia» грузин компаниясымен бірлесіп Түркістан, Маңғыстау және Жетісу облыстарында зәйтүн көшеттерін тәжірибелік отырғызуды бастаған кезде қолға алынған. 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, олардың тіршілік ету деңгейі 99,7% құрады. Алғашқы өнім бес жылдан кейін алынады деп күтілуде.2024 жылдың көктемінде жоба кеңейтіліп, Испания мен Түркиядан қосымша зәйтүн көшеттері отырғызылды. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанда зәйтүн алқабының аумағы 100 гектарға жетеді деп жоспарлануда.Министр жобаның маңыздылығын атап өтті, бұл 2025 жылдың ақпан айында Қазақстан мен Грузияның Премьер-Министрлері арасында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болып табылады.«Министрлік алдында өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті тұр, және зәйтүн саласын дамыту агроөнеркәсіп кешені үшін стратегиялық маңызға ие. Біз осы жобаны жүзеге асыруда барлық қажетті жағдайларды жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Георгий Сванидзе зәйтүн өсіру жобасы елдің ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай әсер ететініне сенім білдірді.«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы зәйтүн саласын дамыту. Жалпы алғанда, біз көшеттердің санын миллионға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, жас агрономдарды технологияларға үйретуге, өз мамандарымызды тартуға дайынбыз. Жоба аясында зәйтүн майын өндіретін зауыт және көшеттер өсіру питомнигін салу жоспарлануда», — деді «Global Olive Corporation» президенті.Грузин компаниясының Қазақстандағы серіктесі — ТОО «QVM Technology» өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруда барынша жәрдемдесетінін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін мерзімдер мен шараларды айқындайтын Жол картасы әзірленеді.Жобаның құны 20 миллион долларды құрайтынын атап өтсек. Келешекте бұл жоба жылына 150 мың тонна зәйтүн өнімін алу мүмкіндігін береді, оның ішінен шамамен 30 мың тонна зәйтүн майы өндірілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/969531?lang=kk
«Ешкім іштен батыр болып тумайды: ӘДЕБИЕТТЕГІ СТАЛИНГАД ШАЙҚАСЫ» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме 15.04.2025
Ф. М. Достоевскийдің әдеби мемориалдық музейінде «Ешкім іштен батыр болып тумайды: ӘДЕБИЕТТЕГІ СТАЛИНГАД ШАЙҚАСЫ» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрмеКөрмеде В.И. Даль атындағы орыс әдебиеті тарихының мемлекеттік музейінің материалдары ұсынылған, көрме-жетекшісі Дяченко А. А.Экспозиция Ұлы Отан соғысының маңызды, бетбұрыс кезеңіне - Сталинград маңындағы Кеңес әскерлерінің жеңісіне арналған. Бұл шайқас ХХ ғасыр тарихындағы ең үлкен және қанды шайқастардың біріне айналды. Әлемдік тарихты өзгерткен шайқас әдебиетте көрініс тапқаны таңқаларлық жағдай емес. Сталинград шайқасында фашистерді жеңуге осы қаланы "Қарумен" қорғаған жазушылар да өз үлестерін қосты-олардың ішінде сапер батальоны командирінің орынбасары Виктор Некрасов, миномет командирі Юрий Бондарев және оны "қаламмен" қорғағандар — соғыс тілшілері Василий Гроссман, Константин Симонов, Евгений Долматовский, Александр Яшин олардың барлығы тек куәгерлер ғана емес, сонымен қатар Сталинград шайқасының "шежірешілері" болды. Олардың репортаждары мен жазбалары уақыт өте келе әңгімелерге, пьесаларға, повестерге, романдарға тіпті эпостарға айналды. Бұл жазушылар мен олардың шығармаларының тағдыры әртүрлі жолдармен дамыды. Бірақ қалам шеберлерінің әрқайсысы шын жүректен болғанын және олардың әрқайсысының өз Сталинградына ие болғанын мойындауға болады. Көрме экспозициясында жеңіске жақындаған, қаза тапқан немесе бүкіл соғыстан өткен адамдар туралы, сондай-ақ тылдағы ауыртпалықтарды батыл көтеріп, майдан үшін, жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасағандар туралы материалдар жинақталған. Көрменің экспозициясында музей қорынан барлығы 50-ден астам экспонат ұсынылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/969526?lang=kk
Индикаторлар бойынша түсіндіру жұмыстары 15.04.2025
📝Ағымдағы жылдың 2-4 сәуір аралығында облысымызда ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдері террористтік әрекеттен зардап шеккен балалармен жұмысты жүргізетін индикаторларды жасақтауда және олардың толтырылуы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізіп, тестілеу жұмыстарын жүргізуде.Аталған жиынға облыстық білім, дін істері, денсаулық сақтау басқармалары, облыстық әдістемелік психологиялық орталығы өкілдерінің және жоғарда аталған балалармен тікелей жұмыстанатын педагогтары мен педагог-психологтары қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/969524?lang=kk
Жылу беру маусымы 7 сәуір күні аяқталады 15.04.2025
Қызылорда қаласында жылу беру маусымы 7 сәуір күні аяқталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай баяндады.- Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10⁰ С және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл ол 7 сәуірге жоспарланып отыр, - деді Ғалымжан Бақтығалиұлы.Қаланың жылу жүйелеріне жоғарғы қысымды сынақтар 7 сәуір-7 мамыр аралығында жүргізіледі.- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-дағы жылу көздерінің негізгі қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеуде. Яғни КОГТЭС-тегі №1,2,3 газотурбиналық қондырғы мен су қазандығы, ЖЭО-ның №6 бу қазандығы, турбогенератор №3, Оңтүстік қазандығы бойынша №3,6,7 бу қазандықтары, мөлтек аудандарда орналасқан 20 дана Автономды блок модульді қазандықтың 17-сі жұмыстарын атқаруда. Кәсіпорын тарапынан барлық қала тұрғындарына жылу энергиясы сапалы әрі тұрақты беріліп келеді, - деді «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев.Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 199, 05 шақырымды құрайды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1 646 нысан қосылған. Биыл 6 жоба бойынша 8,7 шақырымды құрайтын магистралды және квартаралық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/969523?lang=kk
Уылдырық шашу кезінде балық аулау 15.04.2025
Қазақстанда уылдырық шашу, балық және басқа да су жануарларын өсіру кезеңінде Есіл бассейнінің су айдындарында аулауға (аулауға, жинауға және дайындауға) тыйым салынды:Шортан, аққайран, көксерке - 15 сәуірден 15 мамырға дейін;Сазан (тұқы) - 20 мамырдан 20 маусымға дейін;Гаммарус - 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін;Артемия жылауығы - 1 наурыздан 15 маусымға дейін;Өзеншаяндары - 1 маусымнан 15 шілдеге дейін.Сондай-ақ, Есіл, Нұра, Селета өзендерінде және олардың барлық салалары мен су қоймаларында Солтүстік Қазақстан облысы шегінде - 20 сәуірден 20 мамырға дейін балық аулауға тыйым салынды.Резервтік қордың су айдындарында әуесқойлық балық аулау кезінде қармақтарды, иіргіштерді, жертөлелерді пайдалануға жолдамасыз рұқсат беріледі, тек бір балықшыға бес килограмнан артық аулауға тыйым салынады.Жалға алынған су айдындарында балық аулауға жалға алушы берген су айдынының жолдамасы (рұқсаты) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. «Өрмекші», «орамал» және т. б. сияқты балық аулау құралдарын әуесқой балық аулаудың барлық түрлерінде қолдануға тыйым салынады, табиғатты қорғау заңнамасын бұзады.Су қоймаларында болған кезде мұзда да, жүзу құралдарын қолданған кезде де қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды қалдырмаңыз, отпен жұмыс істегенде және от жағу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыз.«Соколов орман шаруашылығы» КММ аңшылық жүргізушісі С. БрюховАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/969516?lang=kk
Алғашқы жұмыс орны” іске асырылуына мониторинг 15.04.2025
🔸Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні мансап орталығының маманы Құдайбергенов Адал “Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы” шеңберінде Үштөбе қаласында “Алғашқы жұмыс орны” жобасында жұмыс жасап жатқан қатысушыларының жұмыстарына мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында мансап орталығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңестер берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/969475?lang=kk
