Қоғам
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді 15.04.2025
Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 150-ден астам тексеру жүргізді2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, 14,5 млн теңгеден астам сомаға 46 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 6, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 21, мемлекеттік мекемелер – 22, балабақшалар – 4, мектептер – 13, колледждер, лицейлер – 5, ауруханалар, емханалар – 10, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 1, санаторийлер – 3, ДК – 10, кафе, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 10, дүкендер – 12, сауда үйлері – 5, полиция пункті – 1, стоматология – 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 6, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 4, пошта қызметі бөлімшесі – 1, спорт мектептері – 3, нотариус – 1 және өзге де 14 объекті қамтылды.Мәселен, Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша медициналық орталыққа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша, барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.«Мен қаламыздағы әлеуметтік және мәдени іс-шаралардан қалмай, ұдайы қатысуға тырысамын. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар үшін көптеген қоғамдық орындарда қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Сөзімнің бір дәлелі ретінде қаламыздағы 9-шағын ауданында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығын айтуға болады. Ғимаратқа кіре берісте арнайы лифт бар, ал оның ауласында мүгедектігі бар адамдардың автокөліктеріне арналған арнайы тұрақтар бар. Сондай-ақ, Жезқазған қаласында орналасқан «Sамади март» сауда орталығында және С.Қожамқұлов атындағы театрда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ғимараттарға кедергісіз кіруіне жағдай жасалған», – деп атап өтті бірінші топтағы мүгедектігі бар Жезқазған қаласының тұрғыны Арман Сәметов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/966689?lang=kk
«Өзгеріс көшбасшылары» жобасына 30 қатысушы іріктелді 15.04.2025
Өткен жылы «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жобасына қатысу үшін 64 өтінім түссе, биыл үміткерлер саны артып, 82-ге жетті.Түскен өтінімдерді іріктеу үшін комиссия отырысы өтіп, кәсібилігі мен белсенділігі арқылы ерекшеленген жас мамандар арасынан 30 қатысушы анықталды.Жастардың қабілеттерін шыңдай отырып, қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік беруді көздейтін жоба 2024 жылы басталып, қатысушылар білікті спикерлерден жаңа дағдыларды меңгерген болатын.Жоба биыл да жалғасын тауып, бірқатар жастың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер бермек.Айта кетейік, «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі - Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/966684?lang=kk
6 наурызда аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында волейбол, бес асық, мылтық атудан мекемеаралық жарыс өтті. 15.04.2025
Әйелдер мерекесіне арналды6 наурызда аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында волейбол, бес асық, мылтық атудан мекемеаралық жарыс өтті.Айтулы мерекелік сайысты аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Оралбай Берікұлы ойын ережелерімен таныстырып өтті. Командалар екі топқа бөлініп, аталмыш кешен залы мен Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт залында ойнады.Волейбол ойыны 8 команда арасында тартысты өрбіді. Жарысқа қатысушы ойыншылардың жеңіске деген жігері жоғары болды.Шебер ойын өрнегін көрсеткен командалар финалға шықты. Бірінші орынға таласқан Мұхит атындағы орта мектептің қыздары мен Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешені командасының ойындары көрермендер көңілінен шықты.Жарыс қорытындысында Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы озық шығып, жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орынды Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы иеленсе, ІІІ орын аудан әкімдігі қыздарының командасына бұйырды.Жарыс жеңімпазы Мұхит атындағы орта мектептің командасы 50 мың теңге, Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің командасы 30 мың теңге, аудан әкімдігінің командасы 20 мың теңге қаржылай сыйлықтар және медальдармен, арнайы кубоктармен марапатталды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен мәдениет бөлімінің командасы марапатталып 10 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.Жекелеген ойыншылар арасында көзге түскен Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешені командасының мүшесі Ирина Шабдарова «Үздік қорғаушы», аудан әкімдігі командасынан Жанаргүл Сафи «Үздік ардагер ойыншы», Мұхит орта мектебі командасынан үздік ойынымен танылған Айту Мәулетова «Үздік ойыншы», мәдениет бөлімінің командасынан шебер ойын өрнегін көрсеткен Нұргүл Нұрбекқызы «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болды. Аталымдар иелері диплом және 2000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.Бес асық ойынында шебер ойын өрнегін көрсеткен аудан әкімдігі атынан шыққан Мейрамгүл Кенжеғалиева І орын иемденіп жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназияның атынан қатысқан Ұлмекен Сайынова иеленсе, ІІІ орынға мәдениет бөлімінен қатысқан Ақбота Владимирова тұрақтады.Мылтық ату сайысы бойынша І орынды Шөптікөл мектебінен қатысқан Малика Ертілеуова еншілесе, ІІ орынды аудандық аурухана атынан шыққан Айзада Сапарғалиқызы иемденді. ІІІ орынға аудандық полиция бөлімінен қатысқан Әсем Оңғарова тұрақтады.Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жеңіске жеткен командалар мен аталымдар иелерін құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді.І,ІІ,ІІІ орындарды иеленген командаларға өз ұжымдары атынан да сыйлықтар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/966675?lang=kk
Энергетика вице-министрі А. Ж. Жамауов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Түркістан, 2025 жылғы 31 наурыз - Өңір тұрғындарымен кездесуде Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов өңірдің отын-энергетикалық кешенінің жұмысын қорытындылап, оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.Кездесу барысында аймақты энерго ресурстармен қамтамасыз ету, инфрақұрылымның сенімділігін арттыру, сондай-ақ өсіп келе жатқан сұранысты ескере отырып, газбен жабдықтауды дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, электр желілерін жаңғырту және облыстың энергетикалық әлеуетін нығайту басты назарда болды. Өңірдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында қайта өңдеу секторына инвестициялар тарту жөніндегі бастамалар қаралды.Әлібек Жамауов отын-энергетика кешеніне қатысты мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.“Біз өңір энергетикасының тұрақты дамуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық өсімді ынталандыруға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту – біздің басты мақсатымыз, сондықтан біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз,” – деді Әлібек Жамауов.Ол сондай-ақ туындайтын проблемаларды жедел шешуге көмектесетін халықпен белсенді диалогтың маңыздылығын атап өтті.Вице-министр тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтарға қабылдау өткізді.Кентау ЖЭО-дағы 8 қазандықтың 6-уын жаңғырту аяқталып, биылғы жылыту маусымында жылумен қамтамасыз ету тұрақты болды, халық тарапынан шағым түспеген.Қабылдауға келген Кентау қаласының тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.Кездесу барысында алдағы уақытта жұмыс өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жақсартуға, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру үшін жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/966657?lang=kk
Қызылордада қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды 15.04.2025
Қызылорда қаласының №2 соты 2023 жылдың желтоқсанында күш қолдану арқылы өз көлігінде облыс орталығының тұрғынын қала сыртына алып шығып, оған өлтіру қатерін төндірумен 1 миллион теңге талап еткен қылмыстық топтың 4 мүшесіне қатысты Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлімінің 1) және 2) тармақтарымен айыптау үкімін шығарды.Облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың барлық мүшелері мен орналасқан жерлері анықталып, оларды ұстау шаралары қабылданды.Барлық ұсталған тұлғалар бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ұстау кезінде қылмыстық топтың бір мүшесінен атыс қаруы мен оған оқ-дәрілер табылып, алынды.Сотпен 3 айыпталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру, ал қылмыстық топтың бір мүшесіне шынайы өкінуіне байланысты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.#Заң_мен_Тәртіп#ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/966652?lang=kk
Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына 15.04.2025
Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 11 сәуірде сағат 14.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Жамбыл көшесі, 15, 1-қабат) өтеді. Сол күні тұрақты комиссия отырысы сағат 9.00-де өтеді.Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:1. 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.Жанат Жоламанұлы Жоламанов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.2. 2024 жылғы арналған Ақжар ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Дәутбек Қорғауұлы Ниязбеков – Ақжар ауылдық округінің әкімі.3. 2024 жылға арналған Тұғыл ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Қанат Шеризатұлы Свенов – Тұғыл ауылдық округінің әкімі.4. 2024 жылға арналған Қабанбай ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Сәкен Әнуарбекұлы Малгаждаров – Қабанбай ауылдық округінің әкімі.5. 2024 жылға арналған Қарасу ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Шалқар Оралбекұлы Муслимов – Қарасу ауылдық округінің әкімі.6. 2024 жылға арналған Маңырақ ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Әбілхайыр Қабдешұлы Қожахметов – Маңырақ ауылдық округінің әкімі.7. 2024 жылға арналған Жаңаауыл ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Сәуле Көкекқызы Сахиолдина – Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі.8. 2024 жылға арналған Жетіарал ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы;Серік Жәнібекұлы Қажиекперов – Жетіарал ауылдық округінің әкімі.9. 2024 жылға арналған Құйған ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.Бекбол Бақытбекұлы Дайранов – Құйған ауылдық округінің әкімі.10. Тарбағатай ауданы бойынша тұрғын-үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.Құрманғазы Құмарбекұлы Слямжанов – Тарбағатай ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.11. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарбағатай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.Өмірхан Әйкенұлы Қанағатов – Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы.12. Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалды техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.Гүлнар Базарханқызы Тұрсынханова – Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.13. «Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Ермек Төлеуханұлы Құрманғалиев – Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы.14. Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 ақпандағы санды №32 санды шығыспен жолданған ұсынысы және Тарбағатай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, депутаттық өкілеттілігі, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі » тұрақты комиссия отырысының 2025 жылғы 26 ақпандағы №2 қабылдаған қаулысы негізінде, «Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты С.Демесиновтың мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдану туралы.Өмірхан Әйкенұлы Қанағатов – Тарбағатай аудандық мәслихатының төрағасы. Тарбағатай аудандықмәслихатының төрағасы Ө.Қанағатов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/966618?lang=kk
КЕЗЕКТІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 15.04.2025
🔹️Бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі штабтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Саян Сапарұлының төрағалығымен штаб отырысы өтті.🔸️Бүгінгі таңда Ойыл ауданының аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтті.🔹️Жиында жазғы маусымдағы далалық өрт жағдайларына жол бермеу бойынша дайындық іс-шаралары пысықталды.Жиын барысында Саян Сапарұлы мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне коммуналдық қызметтердің үздіксіз қамтамасыз етілуін ескертіп, су тасқының алдын алу және су тасқыны кезіндегі жедел жүргізілуі қажет жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/966615?lang=kk
Тоқтап қалған және өндірістік жүктемесі төмен кәсіпорындардың жұмысын жандандыру жөніндегі прокуратураның қызметі 15.04.2025
Өндірістік объектілердің тұрақты жұмысы экономиканың дамуы мен өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін негіз болып табылады.Олардың қызметі салық аударымдардың тұрақты түсуін қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын құруға (халықты жұмыспен қамтуға), жалпы ішкі өнімнің өсуіне және экономиканың басқа да маңызды бағыттарына ықпал етеді.Осыған байланысты Бас прокуратура өндірістік жүктемесі төмен кәсіпорындарды жандандыру, отандық өндірісті арттыру және импортқа тәуелділікті төмендету бойынша жұмысты бастады.Мысалы, «Qarmet Tubular Products Aktau» АҚ өндірістік жүктемесі төмен құбыр зауытының қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды (19% - ға жұмыс істеген).Отандық өндірушінің болуына қарамастан, квазимемлекеттік сектор компаниялары өнімсіз делдалдар арқылы шетелдік құбырларды жоғары бағамен сатып алды.Үкіметке енгізілген прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік органдар ұлттық компаниялармен бірлесіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде зауыт өнімін пайдалану мәселесін қарады.Бұл 8 млрд теңгеге жаңа келісімшарттар жасасуға және қызметкерлер санының 14%-ға өсуіне ықпал етті.Кәсіпорын толық қуатына жетті, оның пайдасы 2,5 есе өсті.Қазір басқа да тоқтап қалған және өндірістік жүктемесі төмен кәсіпорындардың проблемалық мәселелері пысықталуда.Бұл жұмыс импортты алмастыруға, пайдаланылмаған ресурстарды экономикалық айналымға тартуға және отандық өндірістің өсуіне жағдай жасауға бағытталған.Прокурорлар сатып алудағы шектеулерге, шикізат тапшылығына, өткізу нарықтарының болмауына және басқа да кедергілерге тап болған бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/966609?lang=kk
«AGF Trophy» халықаралық турнирі: Қазақстанның еншісінде – алтын мен күміс 15.04.2025
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан «AGF Trophy» халықаралық турнирінің финалында Ақмарал Ерекешева сәтті өнер көрсетті.Спортшымыз доп жаттығуында 25.350 ұпай жинап, Грузия мен Әзірбайжан өкілдерін артта қалдырып, алтын медаль иеленді. Шеңбер жаттығуында 25.000 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/966577?lang=kk
Саян Хамитжанов Туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды.Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/966567?lang=kk
Астана қаласында Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды 15.04.2025
Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.Мәулен Әшімбаев елордада аталған спорт орталығын салу әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыруға және мүгедектігі бар азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін жағдай жасауға үлкен көңіл бөліп келеді.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір азаматтың дамуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасалған әділетті қоғам құрудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Жаңа Инклюзивті спорт орталығы мүгедектігі бар спортшылардың алаңсыз жаттығу жасауына, халықаралық жарыстарға дайындалуына және жаңа биіктерді бағындыруына жол ашатын орынға айналады деп сенеміз. Мұнда бочча, баскетбол, арбамен ойнайтын футбол, голбол, отырып ойнайтын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады. Бұл қадам спортшыларымызға халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуға мүмкіндік береді»,– деді Мәулен Әшімбаев.@senate_kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/966566?lang=kk
Эпид паротит 15.04.2025
Эпид паротит Маңғыстау облысында 2025 жылдың 2 айында эпидемиялық паротит ауруының 13 жағдайы тіркелді. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткiшi – 1,60, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда (2 жағдай, көрсеткіші – 0,25) ауру деңгейі 11 жағдайға өсіп отыр. Тіркелген эпидемиялық паротит ауруының 38,5% (5 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі болды. Ересектер арасында 8 жағдай, оның ішінде 20 – 29 жас - 4 жағдай (30,8%), 30-39 жас - 4 жағдай (30,8%) жағдай тіркелді.Контингент бойынша: ұйымдасқан топ - 3 жағдай (23,1 %), мектеп оқушысы - 3 жағдай (23,1 %), мұғалім-1 (7,7%), жұмыссыздар - 1 (7,7 %), басқалар- 5 (38,4%). Эпидемиялық паротит (шошқа мойын)– негізінен құлақ маңы сілекей бездерінің қабынуынан болатын вирусты жұқпалы ауру.Вирус науқастың ауыз қуысында, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаттарында, қақырығында, сілекейінде жиналып, науқас түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде ауаға таралады. Ауа-тамшы жолымен сау адамның тыныс жолдарына өтеді де, қанға еніп, қан арқылы сілекей, жыныс және ұйқы бездерін зақымдайды.Клиникалық белгілер пайда болғанға дейін 1-2 күн бұрын науқас инфекциялық интоксикацияның белгілерін сезінеді. Бас ауруы, қалтырау, әлсіздік, бұлшықет ауруы, тәбеттің төмендеуі. Вирустың сілекей безінің жасушаларына енуі оның қабынуына әкеледі, бұл сыртқы жағынан мойын мен құлақ аймағының тән ісінуімен көрінеді. Ісік шайнау кезінде және сөйлесу кезінде күшейетін ауырсынумен, сондай-ақ сілекей шығару функциясының нашарлауына байланысты ауыздың құрғауымен бірге жүреді. Ісіну бірнеше күн бойы сақталады, содан кейін біртіндеп азаяды және жоғалады. Аурудың жалпы ұзақтығы екі, сирек үш аптаға созылады.Ауырғаннан кейін науқаста тұрақты иммунитет қалыптасады. Вакцинациядан бас тартқан адамдарда; осы кезеңдерде иммунитеттің жалпы төмендеуіне байланысты көктем мен күзде; жиі суық тию кезінде; антибиотиктермен немесе гормоналды препараттармен ұзақ емделетін науқастарда; созылмалы аурулары бар адамдарда; теңгерімсіз, тұрақты емес немесе жеткіліксіз тамақтану кезінде; жеке гигиена мен карантиндік сақтық шаралары сақталмаған жағдайда, әсіресе науқаспен байланыс кезінде инфекцияны жұқтыру қаупі артады.Паротитті уақытылы емдемеу көптеген асқынуларды тудыруы мүмкін, мысалы: серозды, паротитті менингит; аналық бездердің қабынуы, олардың атрофиясы, бедеулік; паротит энцефалиті; саңыраулық; қант диабеті, артрит; миокардит, құрысулық синдром; жүйке жүйесінің зақымдануы; ақыл-ой дамуының артта қалуы.Паротитті емдеу процесінде дәрігерлердің негізгі міндеті-асқынулардың дамуын болдырмау. Науқасқа жағдайға байланысты 10 күн немесе одан да көп уақыт бойы қатаң төсек демалысы көрсетіледі. Статистика көрсеткендей, төсек демалысы сақталмаған жағдайда, орхиттің даму жағдайлары медициналық ұсыныстарды орындайтындарға қарағанда үш есе жиі байқалады. Асқынбаған жағдайларда науқас үйде қалады, ауруханаға жатқызу ауыр асқыну пайда болған кезде немесе инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін қажет. Науқасқа тиісті күтімді қамтамасыз ету маңызды, соның ішінде: интоксикацияны азайту үшін мол жылы сусын; шайнауды қажет етпейтін сұйық немесе жартылай сұйық тағам; тістерді үнемі тазалап, ауыз қуысын қайнаған сумен немесе әлсіз сода ерітіндісімен шаю; ісікке арналған құрғақ жылыту компресстерін қолдану. Асқынулар дамыған кезде дәрігер көрсетілімдерге сәйкес тиісті емдеуді тағайындайды.Эпидемиялық паротиттен қорғанудың ең тиімді әдісі - вакцинация болып табылады. Эпидемиялық паротитке қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Паротитке қарсы вакцинациялау үшін қызамық және қызылша компоненттерімен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.Халыққа арналған ұсыныстар:- ата-аналарға өз баласының эпидемиялық паротитке қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда - паротитке қарсы екпені алу.- катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері болған кезде дәрігерге қаралу, эпидемиялық паротит ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау. Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті, инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы -Гулшат Шорбасова. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/966548?lang=kk
Байзақ ауданы, Сеңкібай ауылындағы білім беру мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізілді 15.04.2025
Әлеуметтік желіде жарияланған сыни ақпараттарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында волонтерлар, құрылыс басқармасы, мердігер мекеме және ауыл әкімдігінің қатысуымен мектепке қоғамдық бақылау жүргізілді.Қоғамдық бақылау барысында Байзақ ауданы, Сеңкібай ауылындағы орта мектептің асхана, спортзал, қыздар, ұлдар киім ауыстыратын бөлмелердің, әжетханалардың қабырғаларында сызаттар пайда болып, кейбір қабырғалары өз деңгейінен төмен түскені және құлаған жерлер бар екені анықталды.Осыған орай, құрылысы басқармасына аталған кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігі туралы бойынша тиісті хат жолданды.Құрылыс басқармасының жауап хатына сәйкес, мердігер мекеме тарапынан анықталған кемшіліктерді, балалардың қауіпсіздігіне байланысты жаздық демалыста толықтай қалпына келтіру туралы кепілдік берілгені жеткізілді. Аталған мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар бақылауына алынды.Қазіргі таңда апаттық аумақтар толықтай жабылып, қалпына келтіру мерізіміне дейін балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/966540?lang=kk
Солдатты шығарып салу – олардың ерлігін ұмытпау 15.04.2025
Қостанай облысында Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімінің сарбаздарын салтанатты түрде шығарып салды. Олар су тасқынына қарсы күресте көмекке келген келді.Бұл 50 әскери қызметші Қарасу ауданының елді мекендері мен тасқын су арасында сенімді қалқан болды. Олар су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстарды бекітіп, аулаларды қардан тазалады, құм салынған қаптарды дайындап, бөгеттер тұрғызды. Сарбаздар талмай еңбек етіп, өз міндеттерін бар жан-тәнімен орындады.Іс-шара барысында облыс әкімінің атынан оның орынбасары Берік Таңжарықов әскери қызметшілерге олардың еңбегі мен адалдығы үшін ризашылық белгісі ретінде естелік сыйлықтар табыс етті.Өңірдің ТЖД басшысы Дамир Ермағамбетов олардың тасқынға қарсы іс-шараларға қосқан үлесі баға жетпес екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/966516?lang=kk
Талапкер ауылындағы есептік кездесулер 15.04.2025
Талапкер ауылында есептік кездесу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-amangeldi/press/news/details/966497?lang=kk
«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірлеу туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын (бұдан әрі – Заң жобалары) әзірледі.Заң жобалары Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 6-бағыты 2-тармағының 2) тармақшасын орындау шеңберінде әзірленді. Оған сәйкес жергілікті рейтингтік агенттіктерді құру үшін тиісті жағдайлар жасау және оларды реттеу мен қадағалаудың оңтайлы режимін айқындау көзделген.Заң жобалары «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің құқықтық жағдайы мен қағидаттарын белгілеуге бағытталған.Сондай-ақ, Заң жобаларында мүдделер қақтығысын басқару, ақпаратты жария ету және кредиттік рейтингтік агенттіктерді корпоративтік басқару жөніндегі талаптарды белгілеу, сондай-ақ олардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын органның өкілеттіктерін айқындау көзделеді.Заң жобаларының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады. Сыртқы коммуникациялар басқармасы+7 (727) 237 10 89press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/966495?lang=kk
Қарағанды облысында АӨК-де 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда 15.04.2025
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығында 36,4 млрд теңгеге 24 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл қаражат мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған. Биыл өндіріс көлемін 5%-ға арттыру жоспарланған. Аграрийлер суармалы жерлердің ауданын кеңейтіп, асыл тұқымды мал шаруашылығына көңіл бөлуде.Саланың дамуы туралы толығырақ аппарат кеңесінде айтылды.– Ауыл шаруашылығын дамыту – өңір экономикасын әртараптандырудың негізгі факторларының бірі. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Осының барлығы өңірдің экономикалық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңы 104,9 мың гектарға ұлғайып, шамамен 1,2 млн гектарды құрайтынын баяндады. Егістік алқаптарын қайта бөлу жүргізілуде: бидай егістігін қысқарту есебінен майлы және жемшөптік дақылдарды өсіру ұлғайтылуда. Сондай-ақ, көбірек картоп пен көкөніс егу жоспарланып отыр.Қазір егіс науқанына дайындық белсенді жүріп жатыр. Аграршылар тұқым, тыңайтқыш, отын сатып алып, техниканы жөндеуді аяқтауда. Арзандатылған дизель отынын жеткізу басталды.Басқарма басшысы инвестициялық белсенділік туралы да айтып берді. Жоспарланған жобалардың басым бөлігі өсімдік шаруашылығында – 11, мал шаруашылығында – 6, қайта өңдеу саласында – 7.Аудан әкімдері ауыл шаруашылығындағы жаңа жобалар туралы хабарлады.Мысалы, Нұра ауданында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытумен қатар балық өсіру бағыты пайда болады. Ахмет ауылында форель шаруашылығы жобасы жүзеге асырылуда.Бұқар жырау ауданында сүт өнімдерін өндіретін цех, сондай-ақ ет комбинаты бар бордақылау алаңын салу жоспарлануда.Ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру жалғасады. Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарында пилоттық тәртіпте «Бір ауыл – бір өнім» қағидаты бойынша кооперативтер құру жоспарлануда.– Біздің облыста ауыл шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы - өз әлеуетімізді дұрыс және тиімді пайдалану. Осы мақсатта көзделген барлық бағдарламалар біздің өңірде толығымен іске асырылуы тиіс, – деп қорытындылады Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/966494?lang=kk
Алаяқ ақмолалыққа автокөлікті ресейлік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеуге уәде берді, бірақ басқа біреудің көлігін қайта сату арқылы ақшамен қашып кетті 15.04.2025
Целиноград ауданының полиция бөліміне Ақмол ауылының 35 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді.Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылғы 22 желтоқсанда оның танысы автокөлікті ресейлік есептен қазақстандық есепке қайта ресімдеумен көмек көрсетуге уәде берген. Көмек көрсету сылтауымен қаскүнем ер адамды көлікті айдап келуге және оған 1 миллион 200 мың теңге сомасында ақшалай қаражат беруге көндірді. Алайда, көлік пен ақшаны алғаннан кейін, күдікті басқа біреудің көлігін сатып, байланысқа шығуды тоқтатты.Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің, Сәтбаев қаласының 36 жастағы тұрғынының орналасқан жері анықталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады: көлік құралдары мен ақшаны бөгде адамдарға қайта ресімдеу немесе басқа да заң қызметтерін көрсету уәделерімен бермеңіз.Осындай қызметтерді ұсынатын адамдардың құжаттары мен өкілеттіктерін тексеріңіз, жазбаша келісім жасамай мәміле жасауға көнбеңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/966454?lang=kk
2025 жылдың 1 тоқсан үшін Красноармейск ауылдық округінде жер телімдерін тұлғалардың тізімі 15.04.2025
А.Ә.Т. жер учаскесін алған тұлғаныңҰсыну негізіНысаналы мақсатыКөлеміОрналасқан орныҚұқық түрі"Қостанай жолдары" ЖШС11.02.2025 ж., № 8-ө өкіміҚостанай облысы Денисов ауданы 0-28 км "Денисовка-Тавриченка-Аршалы-Комаровка" Республикалық маңызы бар Р-63 автомобиль жолын орташа жөндеу» объектісі бойынша кірме жолымен жолөқұрылыс материалдарын және жол техникасының тұрағын сақтау үшін3,0 гектар бөлінетін жер учаскесіне, оның ішінде жайылымдар – 2,9600 гектар, басқалар – 0,0400 гектарҚостанай облысы, Денисов ауданы, Красноармейск ауылдық округі, Красноармейск ауылы2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығыНиколай Гавриилович Цвяк06.03.2025 ж., № 13-ө өкіміөзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін0,1579 гектарҚостанай облысы, Денисов ауданы, Красноармейск ауылдық округі, Фрунзенское ауылы, Комсомольская көшесі, 28 үйжеке меншік құқығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-krasnoarmeisk/press/news/details/966442?lang=kk
2025 жылғы 27 Наурызда «21 ғасырдағы қарақшылар: жастарды қаржылық қылмыстық схемаларға тартудың негізгі тәуекелдері» cеминарына қатысу қорытындысы бойынша сертификат иегерлерінің тізімі 15.04.2025
БаллыФИО10 / 10Боранова Айнұр Рақымжанқызы10 / 10Елькин Данил Александрович10 / 10Лукоянов Павел Николаевич10 / 10Негманова Жанель Муратовна10 / 10Ермуханов Расул Русланович10 / 10Марат Ұлықбек Алиханұлы10 / 10Айткул Айзере10 / 10Ахметова Алина Серкбаевна10 / 10Такиев Артур Мухматович10 / 10Понамарёв Владислав Викторович10 / 10Рахимов Ерасыл Равильұлы10 / 10Равшанбекова Рухшона Улугбековна10 / 10Ерконыров Диас Максутович10 / 10Айтжан Нұрай10 / 10Утенияз Дана Самратқызы10 / 10Сайлауов Мирас Кайратович10 / 10Вершинина Анастасия Юрьевна10 / 10Жумашева Жауқазын Нұралықызы10 / 10Лукьянова Юлия Игоревна10 / 10Жаңаберген Назерке10 / 10Имангельдин Олжас Серикжанович10 / 10Булатов Ерасыл Досанулы10 / 10Абитаева Диана Жанатовна10 / 10Есмухаметов Рахат Райханович10 / 10Талғатова Әсем Талғатқызы10 / 10Anel Omirzakova10 / 10Жаныбекқызы Балғын10 / 10Анес Жулдыз Ғабдымұратқызы10 / 10Есенова Жанерке Улановна10 / 10Поластов Владислав10 / 10А А А10 / 10Жоламанова Эльнура Арыстановна10 / 10Мельникова Дарья Ильинична10 / 10Дюсенбаева Диана10 / 10Бақтияр Ақжелең Ғалымжанқызы10 / 10Разманов Ринат Андреевич10 / 10Тұрлыбек Аружан10 / 10Илиясова Тогжан Саруаровна10 / 10Жақсылық Камила Даулетқызы10 / 10Ахметова Аида10 / 10Турыскалиева Анель Ерболкызы10 / 10Молжигитова Айнур Фархатовна10 / 10Хващевская Виктория Дмитриевна10 / 10Решетько Ксения10 / 10Ақпеисова Зарина10 / 10Кадырбекова Дильназ Сериковна10 / 10Әлиқызы Аяулым10 / 10Жуматай Мақсат10 / 10Жумагулов Ермек Маратович10 / 10Айтмаганбет Мади Русланулы10 / 10Зинабдинова Нәйлә Серікқызы10 / 10Тлемисов Арлан Сержанулы10 / 10Kulzhabayeva Dalilla10 / 10Каиргельдинова Мадина10 / 10Асанхан Махаббат10 / 10Боташ Ақерке Әділқызы10 / 10Мураталиева Аселай10 / 10Марат Музарт10 / 10Ташмукамедова Мадина10 / 10Темірхан Асема Бахытханқызы10 / 10Жаңаберген Назерке Мәдиқызы10 / 10Дьяченко Алина Владиславовна10 / 10Қайржанқызы Асел10 / 10Каусов Асхад Кубашевич10 / 10Рахимжан Диас10 / 10Құрманалы Гүлфайруз Қуантқанқызы9 / 10Zhanabek Rauan Ruslanuly9 / 10Tugelbayev Galymzhan Askerbekovich9 / 10Туржанов Даниал Темирханович9 / 10Saduakas Ulan Zhenisuly9 / 10Дулат Али9 / 10Амангелды Дильназ Мейрамқызы9 / 10Жаксиликов Медеу9 / 10Кекилбаев Мансур Айдарулы9 / 10Хан Владислав Витальевич9 / 10Тажиев Дамир Сабитулы9 / 10Рахметова Улдана Рахатовна9 / 10Ozganbay Beksultan9 / 10Алнағанбет Нурай9 / 10Калым Мухаммедали Ерганатович9 / 10Жолтаев Темірлан Алтайұлы9 / 10Шахманов Азат Ертаргынович9 / 10Тулегенов Темірлан Дауренұлы9 / 10Курбаналиева Рахия Абуовна9 / 10Медетбекұлы Әділжан9 / 10Абдушукурова Асель Фархадқызы9 / 10Балахович Александр Семенович9 / 10Бертай Маржан Ертайқызы9 / 10Амиржанова Дарина Марсовна9 / 10Самат Даниал Ержанұлы9 / 10Сағындық Мақсат Маратұлы9 / 10Латанова Зарина9 / 10Тілеубергенов Мансұр Даниярұлы9 / 10Есентаева Меруерт Нышанбековна9 / 10Бейсенов Рустемдастан Адильевич9 / 10Кусаинова Сабина9 / 10Рахимжан Диас9 / 10Құрманалы Гүлфайруз Қуантқанқызы9 / 10Мадияр Мұхамбет Арманұлы9 / 10Сауленова Жания Аскаровна9 / 10Муротбоев Мухан Мухторулы9 / 10Нуриденова Анеля Жанатовна9 / 10Қайсахмет Ғазиза9 / 10Таукенов Даулет Амангелдиевич9 / 10Шыныбаев Алишер Ескендирович9 / 10Ежова Алина Александровна9 / 10Аманалиев Мади Муратович9 / 10Ахмадия Аяжан Муратқызы9 / 10Нұрашева Сымбат Бекболатқызы9 / 10Рыбарчук Виктория Васильевна9 / 10Қайырбекова Диляра Оралқызы9 / 10Джунусова Айгерим Нурлановна9 / 10Каирденова Айым Амангельдиновна9 / 10Қапасов Асанәлі Ержанұлы9 / 10Куралбаев Алмас9 / 10Лысечко Милана Артемовна9 / 10Атей Диляра Жанаткызы9 / 10Әуезхан Нұрсәт Қайратқызы9 / 10Нурлыбек Қарақат Нурлыбекқызы9 / 10Жүсіпбек Айсана Ақылбайқызы9 / 10Мерзихан Данель Махамбетқызы9 / 10Алиева Жанел Ғалымжанқызы9 / 10Ныгатаев Баыржан Маратұлы9 / 10Баймагамбетова Алия Даулетовна9 / 10Айжан9 / 10Жеңісбек Айжарық9 / 10Муканова Салтанат9 / 10Айжан9 / 10Сәлімгерей Қарақат8 / 10Бизинский Тимур Азаматович8 / 10Садикова Гулнура Хасановна8 / 10Альт Роман Викторович8 / 10Анайбеков Динмухаммед Ержанович8 / 10Кульмагамбетов Арлан Кайратович8 / 10Ешполатова Мавлуда Вахиджановна8 / 10Дюсекина Алина Амановна8 / 10Болат Олжас Нұрбекұлы8 / 10Абылхайырова Айжан Жиенбаевна8 / 10Оспанов Имангали Максутович8 / 10Бижан Ерсултан8 / 10Такишева Сымбат8 / 10Али Айнур Нуржанкызы8 / 10Мубарак Айғаным Айдосқызы8 / 10Байракова Айгерим Рысбеккызы8 / 10Каримова Фатима Хурсанбековна8 / 10Кенжебекова Камила Ердосовна8 / 10Уразымбетова Кулшат Манатовна8 / 10Рахимжан Диас7 / 10Смолина Валерия Вячеславовна7 / 10Бимагамбетова Булдершин Куандыковна7 / 10Ibraeva Gulbanu7 / 10Негизбаева Гайни7 / 10Шалгынбаев Аманбек Адамбекович7 / 10Трубицкий Антон Витальевич7 / 10Сембаева Диляра7 / 10Надобенко Софья Александровна7 / 10Абжаппарова Гулназ7 / 10Кудайбергенов Адиль Кайратович7 / 10Курмангали Данияр Елдосулы7 / 10Сатпанбетова Амина Жанаткызы7 / 10Амитов Аңсар Асқарұлы7 / 10Кыздарбекова Ника ТимуровнаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/966415?lang=kk
