Қоғам
Қала әкімі Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді 15.04.2025
Қала әкімі Алмат Акышов Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында құрылыс, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және жарықтандыру мәселелері көтерілді.Тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің бірі – көше жарығы болды. 2025 жылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жаңа жоба аясында қосылу автоматты тарату қалқандарына көшіріліп, олар заманауи қорғаныс және басқару жүйелерімен жабдықталады.Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғындар жол жөндеу жұмыстарының қажеттілігін атап өтті. Қала басшысы жауапты бөлімдерге жол жабындысының жағдайын талдап, жөндеу қажет учаскелерді анықтап, оларды алдағы жылдардағы жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды. Биылдың өзінде кейбір учаскелерде қиыршықтас төсеу жұмыстары жүргізіледі, ал Нұрғалиев көшесіне асфальт төселеді.Кездесу барысында ауылды абаттандыру және санитарлық жағдайға ерекше назар аударылды. Биыл ауыл тұрғындары үшін екі балалар алаңы салынады, аялдама павильондары орнатылады, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, әкімдік балабақша мен комьюнити орталығының ашылуына ықпал етпек.Осыған байланысты Алмат Акышов ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мен оған қарасты ұйымдарға, соның ішінде «Таза Өскемен» ЖШС-ға тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мен санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Тұрғындар көтерген барлық мәселелер назарға алынады. Ахмирово ауылының тұрғындарымен кездесулер мұнымен шектелмейді, олар тұрақты түрде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965789?lang=kk
Сұңғат Есімханов Риддер қаласындағы ЖЭО-ның жылыту маусымының өту барысымен танысты 15.04.2025
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр. Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысының энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау.Риддер ЖЭО-ны аралау барысында Сұңғат Есімханов жылу көзін жаңғырту жұмыстарының қарқынымен танысты. 1956 жылы пайдалануға берілген станция бүгінде шамамен 50 мың тұрғынды жылумен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жабдықтың тозу деңгейі 46%-ды құрайды. Риддер ЖЭО «қызыл аймақтағы» 19 жылу көзі тізіміне кіреді. Осындай нысандарды жедел жаңғырту міндетін Мемлекет басшысы 2024 жылдың ақпан айында өткен кеңейтілген отырыста Үкіметке жүктеген болатын.Соңғы екі жыл ішінде ЖЭО-ны реконструкциялауға және Риддер қаласының жылу желілерін жөндеуге резервтен 14,3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен барлық жүргізілген инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, станцияның тозу деңгейі 75%-дан 46%-ға дейін төмендеді (2023 жылы – 58%, 2024 жылы – 46%). Дегенмен, ЖЭО әлі де «қызыл аймаққа» кіретін жылу көздерінің қатарында қалып отыр.Энергетика вице-министріне жылу желілерін жөндеу жұмыстары бойынша есеп берілді. Осы кезеңде жылу желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 67%-ға дейін төмендеді (2023 жылы – 79%, 2024 жылы – 67%).2024 жылы станцияны тиімді басқару, сондай-ақ қаржылық және кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Риддер ЖЭО-ның мүліктік кешені «Шығыс Жылу» АҚ-ның балансына беріліп, облыстық меншікке өтті.Облыс әкімдігі 2025 жылға арналған, жылыту маусымының үздіксіз өтуі үшін аса маңызды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын анықтады. Жоспарға сәйкес, №3 және №6 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізу, №5 редукциялық-салқындатқыш қондырғысының технологиялық процестерін автоматтандыру жүйесін енгізу, электр техникалық жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ Риддер қаласындағы 5,9 км жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.Вице-министр жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақытында аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.«Жұмыс қарқынын арттыру қажет. Суық түскен кезде үйлердің жылумен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне жол беруге болмайды. Жөндеу кестесін сақтай отырып, жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға ұмтылу керек. Энергетика министрлігі тарапынан жұмыстардың уақытылы аяқталуына қолдау көрсетуге дайынбыз. Жүргізілген жаңғыртудың сапасы мен әкімдіктің тиімділігінің басты көрсеткіші – жылыту маусымы болатынын ескертемін», – деп атап өтті Сұңғат Есімханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/965787?lang=kk
Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтеді 15.04.2025
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!5 сәуір күні сағат 09:00-де қалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілмек.Тазалық акциясына атсалысып, қаламыздың таза болуына өз үлесіңізді қосыңыз!P. S. Қала аумағында жалпықалалық сенбілік өтуіне байланысты 5 сәуір күні қаламыздағы сауда нысандары мен базарлар сағат 12:00-ден кейін өз жұмыстарын бастайды. Талдықорған қаласы әкімдігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/965778?lang=kk
Су тасқынына дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев және Петропавл су тораптары жөнделді 15.04.2025
Су тасқынына дайындық аясында Сергеев және Петропавл су тораптары жөндеуден өтті. Бұл туралы брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайп Ибатуллин мәлімдеді.Жұмыстардың негізгі бөлігі жағалау нығайту және Сергеев және Петропавл су тораптарының беткейін орнатуға бағытталған. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарында Сергеев су торабы бөгетінің жанында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, 940 текше метр топырақ алынды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің табиғи арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.«19 наурыздан бері Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, мүдделі органдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тюмень облысындағы әріптестерімізбен су қоймаларынан су жіберу және су жинау туралы ақпарат алмасу жүргізілді. Сергеев су қоймасына су тасқыны басталғаннан бері 338,7 млн текше метр су келіп, 222,9 млн текше метр су жіберілді. Петропавл су қоймасына 45,2 млн текше метр су келіп, 46,1 млн текше метр су жіберілді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайп Ибатуллин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965768?lang=kk
Тоғас батыр атындағы орта мектебіне Абай облысының әкімі келді 15.04.2025
Тоғас батыр атындағы орта мектебіне Абай облысының әкімі, Ойшілік ауылының тумасы мектеп түлегі Берік Уәли келді. Абай облысы білім басқармасының басшысының у.м.а Нускенова Асем Хасенқызы да болды. Қарсы алу кезінде биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектер мен Тоғас батыр атындағы орта мектептің 33- ші түлек арасында сабақтастық орнап, мектеп оқушысы Қасымов Заңғар Берік ағасына арнау өлең тарту етті. Ардагер ұстаз Биғазина Айткамал шәкіртіне құттықтау айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі. Іс сапар барысында мектептің жағдайымен, тыныс - тіршілігімен толық таныс болды. Мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстармен директордың у.м.а Гулнара Аскербековна таныстырды. Барлық пән кабинеттерін аралап, мектепте жүріп жатқан домбыра, қазақша күрес, дзюдо, волейбол, тоғыз құмалақ үйірме жұмыстарымен танысты. Үйірме мүшелері, мектеп оқушылары каникул уақытын тиімді пайдаланып жатқандарын көрсетті.Мектеп кітапханасы, ата –аналарды педагогикалық қолдау орталығының атқарылған жұмыстарын да көрді. Облыс басшысы Берік Уәли өзі түлеп ұшқан мектебін әрқашан қолдайтынын айтып жеткізді. Мектеп ұстаздары, оқушылар, ата – аналар атынан жаңа қызметіне толағай табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/965758?lang=kk
Сіздерді халықаралық «Жолдарды күтіп-ұстау: тәжірибелер мен инновациялар» атты семинарға шақырамыз 15.04.2025
Сіздерді халықаралық «Жолдарды күтіп-ұстау: тәжірибелер мен инновациялар» атты семинарға шақырамызӨтетін күні: 9-10 сәуір 2025 жылӨтетін орны: Қазақстан, Астана қаласы, Гейдар Алиев көшесі 14, «Hilton Astana» қонақ үйіТайғақ жолдар, мұз бен қар, қардың қалың жаууы сияқты мәселелер көптеген елдер үшін өзекті бола түсуде. Жолдарды қыс кезінде күтіп-ұстау жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және көлік кептелісін болдырмау үшін өте маңызды.Біз жолдардағы қызмет көрсетудің жаңа әдістері, технологиялары мен стандарттары талқыланатын семинарға мамандар мен сарапшыларды шақырамыз.Семинар аясында төменде көрсетілген негізгі тақырыптар талқыланбақ:- Қалааралық трассалар мен қалалық жолдарды күтіп-ұстау;- Жолдарды күтіп-ұстаудағы жаңа материалдар мен технологиялар;- Жолдарды күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік сатып алу жұмыстары;- Жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының экологиялық әсерін азайту және декарбонизациялау;Семинарға Жапония, Канада, Германия, Австрия, Франция, Италия, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания, Бельгия, Австралия, Оңтүстік Кореядан келген сарапшылар мен мамандарды қатысады.Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығына тиесілі Ұлттық комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ қолдауымен ұйымдастырылады.Жолдарды күтіп-ұстау бойынша әлемдік сарапшылар қауымдастығының бір бөлігі болу мен өз тәжірибеңізді халықаралық аренада көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Тіркеу ашық түрде жүргізілетінін хабарлаймыз.WhatsApp нөмірі бойынша тіркелу +7 701 196 9922 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/965756?lang=kk
БЖЗҚ АҚ 2025 жылғы 1 ақпандағы зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынды 15.04.2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 614,90 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 282,04 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 269,10 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,76 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 ақпанға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,40%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,81%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,29%, ҚРҰБ депозиттері - 3,58%, МҚҰ - 1,28%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,72%.2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 60,23%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 39,76%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 139,91 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер - 0,53 млрд теңге. 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66%, ал инфляция деңгейі 8,90% көрсетті.2025 жылғы 1 ақпандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,48%, РЕПО операциялары – 14,30%, ҚРҰБ депозиттері – 7,22%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,62% болды. Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,76 млрд теңгеден асады.01.02.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,04 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 23,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,20%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 15,59%, РЕПО – 10,76%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,05%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,67%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,96%. Атап кетейік, портфельдің 70,47% теңгемен, 28,18% АҚШ долларымен, 1,36% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,96% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.02.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 21,34%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 18,76%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 15,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 12,49%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,91%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,29%, Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,99%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 80,31%, АҚШ долларымен 19,69% тең.2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,63% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.02.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,64 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 24,49%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,11%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,51%, РЕПО – 12,15%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,22%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,20%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,31%.Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 81,62%, АҚШ долларымен 18,38%. 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.02.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,96 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 28,69% инвестицияланды, РЕПО – 14,56%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,42%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,08%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 7,85%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,15%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,59%, АҚШ долларында – 22,02%, канадалық долларда - 1,38% инвестицияланды.2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,83% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 40,14 млрд теңгеден асты.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,39%, ҚР эмитенттерінің облигациялары – 12,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,39%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,59%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,09%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,42%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,26%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,59%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 63,10%, АҚШ долларында – 36,90% инвестицияланды.2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,23% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/965725?lang=kk
Ветеринариялық іс-шаралар – саулық кепілі 15.04.2025
Эпизоотиялық салауаттылық – ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытудың, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатының сапасын айқындайтын биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды өлшемшарты. Эпизоотиялық салауаттылықты, сондай-ақ жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті. Мал дәрігерлері ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу үшін шаруа-фермер қожалықтарына және азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарына жиі барады.Ветеринариялық іс-шаралар – жануарлардың жұқпалы ауруларының профилактикасын, диагностикасын және емделуін қамтитын эпизоотияға қарсы іс-шаралар, халықты жануарлар ауруларынан қорғау шаралары, ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жануарлардың өнімділігін арттыруға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге бағытталған өзге де шаралар. Ветеринариялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілсе, эпизоотиялық жағдай айтарлықтай жақсарады.Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар: 1) жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуының және азықтан улануының, жануарларды ұстаудың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөптің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық жағынан таза аумақта;2) шектеу шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуының алдын алу және жою мақсатында індет ошағында, ауру таралған пунктте, бақылау аймағында, қорғаныш аймағында жүргізіледі.Аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар (алдын алу, диагностикалау, жою) жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулар бойынша жүргізіледі.Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүргізеді.Жеке және заңды тұлғалар (жануарлардың иелері) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген іс-шараларды міндетті түрде жүзеге асырады, яғни:- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді;- ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қызметтік міндеттерін орындауда көмек көрсетеді. Мал басы барлық ветеринариялық емдеу шараларымен толық қамтылған жағдайда ғана індеттен аман болады, соның нәтижесінде халық жануарлардан алынатын қауіпсіз өнімдерді тұтынады. Облыс аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және облыста қалыпты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында көктемгі профилактикалық ветеринариялық іс-шаралар басталды. Құрметті мал иелері, Сіздерден жануарларды уақтылы профилактикалық вакцинациялауда ветеринарлық мамандарға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Уақытылы өткізілген ветеринариялық іс – шаралар эпизоотиялық салауаттылықтың кепілі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-bolshevik/press/news/details/965716?lang=kk
ҚР Жер кодексінің 43-бабында және 43-1, 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген тәртіппен берілген жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдерімен, сондай-ақ ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес берілген сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) қойылатын жер учаскелері бойынша ақпарат 15.04.2025
№ТАӘСаран қаласы әкімдігі қаулысының нөмірі мен күніжер учаскесінің орналасқан жеріжер учаскесінің алаңы (га)жер учаскесінің нысаналы мақсатыжер пайдалану құқығының түрлері, мерзімдері1«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 18/03 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы, 127, 130 (ӘЖ 6 кВ от ТП-39 ТП-37 қарай, 2 учаске)0,0048 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы2«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 18/04 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы, 127, 130 (ӘЖ 6 кВ от ТП-39 ТП-37 қарай, 2 учаске)0,0046 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы3.Климов В.В.№ 18/05 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, 014 есептік квартал, құрылыс330,0721 гаавтокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясына қызмет көрсету үшінуақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы4. «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ№ 19/01 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Ақтас кенті, №13 ОЖББМ жанында Бейбітшілік көшесі бойында0,0036 гақоқыс алаңдарына қызмет көрсету үшінуақытша өтеусіз ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы5.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/02 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Жәкенов, Зимина көшесі (1 учаске, ТП-8, КВЛ 0,4 кВ 6-фидер)0,0102 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы6.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/03 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Жамбыл көшесі, 81 (ТП-4, КЛ 0,4 кВ 2-фидер)0,0083 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы7.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/04 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Панфилов көшесі (КТП-106/1, ӘЖ 0,4 кВ 2-фидер)0,0201 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы8.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/05 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, 1А ықшам ауданы, 22 (22 үй, ТП-30, КЛ 0,4 кВ 1- фидер)0,0118 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы9.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/06 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Московская көшесі, 3 (ТП-106/2, КЛ 0,4 кВ 4 фидер)0,0100 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы10.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/07 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Московская көшесі, 5 (ТП-106/2, КЛ 0,4 кВ 2- фидер)0,0118 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы11.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/08 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Степная, Луговая, Набережная, Гоголь көшесі (1- учаске, КТП - СМЗ, ВЛ 0,4 кВ 2- фидер)0,0561 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы12.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/09 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Степная, Луговая, Набережная, Гоголь көшесі (2 учаске, КТП-СМЗ, ӘЖ 0,4 кВ 2-фидер)0,0024 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы13.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/10 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Химик ықшам ауданы (КВЛ 10 кВ ТП-46 РУ-10 кВ ұя.5ТП-Химик қарай РУ-10 кВ ұя.2)0,0032 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы14.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/11 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Шахтерская көшесі, 10А, 10Б (ТП-ВГСЧ, ӘЖ 0,4кВ 3-фидер)0,0108 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы15.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/12 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы, (ТП-37, ӘЖ 0, 4кВ 5- фидер)0,0082 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы16.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/13 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, 1А ықшам ауданы, 22 (20 үй, ТП-30, КЛ 0,4 кВ 1- фидер)0,00153 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы17.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 19/14 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, Саранская көшесі, 22 (ТП-ПФЛ, ӘЖ 0,4 к В 3-фидер Емхана ауданында)0,0020 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы18.«Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ№ 19/15 2025 жылғы 13 наурызСаран қаласы, «Маяк» саяжайының жанында3,6489 гадля реконструкции водопроводных сетей 3 очередьуақытша өтеусіз қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы19.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/05 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы (2-учаске, коттедждер, ЦРП-2, ӘЖ 0,4 кВ 14-фидер)0,0008 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы20.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/06 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы (коттедждер, ТП-40, ӘЖ 0,4 кВ 14-фидер)0,0096 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы21.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/07 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы, (1-учаске, коттедждер, ЦРП-2, ӘЖ 0,4 кВ 14-фидер)0,0157 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы22.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/08 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, Мир, Пирогов, Сары-Арқа көшесі (2 учаске,ТП-106/1, ӘЖ 0,4 кВ 3-фидер)0,0342 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы23.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/09 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, Саранская көшесі (ЦРП-1, КВЛ 0,4 кВ 12-фидер)0,0056 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы24.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/10 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, ЦПП Сарань, (1- учаске, КЛ 6 кВ 9-фидер ПС 220110356 кВ Сарань - тір. 1)0,0029 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы25.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 20/11 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, ЦПП Сарань, (КЛ 6 кВ 17-фидер ПС 220/110/35/6 кВ Саран – тір. 1А)0,0175 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы26.ТОО «ASYL IRGE»№ 20/13 2025 жылғы 18 наурызСаран қаласы, Рабочая көшесінде0,7642 гадля строительства мечетиуақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығы27.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 21/06 2025 жылғы 20 наурызСаран қаласы, Коминтерн, Тимирязев көшесі (ТП-19, ӘЖ 0,4 кВ 3-фидер, 2-учаске)0,0072 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы28.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 21/07 2025 жылғы 20 наурызСаран қаласы, 1 А ықшам ауданы, 17 (ТП-32, КЛ 0,4 кВ фидер 8)0,0296 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы29.Болдырева Н.А.№ 22/03 2025 жылғы 27 наурызСаран қаласы, Ушаков көшесі, № 8 үй, № 2 пәтер0,0780 гадля обслуживания жилого домаправа общей долевой собственности30.«Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ№ 22/04 2025 жылғы 27 наурызСаран қаласы, Жамбыл көшесі, 58 (ЦРП-1, КВЛ 0,4 кВ 10-фидер)0,0022 гаэлектр желілеріне қызмет көрсету үшінтұрақты жер пайдалану құқығы31.Исенов А.Ш.Электрондық аукцион нәтижелерінің 18.03.2025 ж. № 405209 ХАТТАМАСЫСАРАН ҚАЛАСЫ, «КАЗЦЕНТРЭЛЕКТРОПРОВОД» ЖШС жанында0,6098 га для строительства складских помещенийуақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/press/news/details/975157?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында @TazaQazBot ыңғайлы телеграм-чат-боты арқылы жергілікті мекеннің және экология мәселелері туралы өтінімдер берудің жаңа сервисін әзірледі.Бұл елдің әрбір қамқор тұрғынына проблемалық жерлерді бірден суретке түсіруге немесе галереядан суреттерді жүктеуге, орналасқан жерін көрсетуге және мәселені егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.Өтінім түріндегі барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жүктейді және орындаушыны тағайындайды.Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы хабарлай алады. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда түсініктеме береді.Кері байланыс ретінде пайдаланушылар орындаушыны тағайындау және жұмысты аяқтау туралы хабарламаларды тікелей Телеграм-ботта алады. Өтінімді орындағаннан кейін олар орындалған жұмыстың сапасын бағалап, барлық өтінімдерін қарай алады.«Таза Қазақстан» сервисі әрбір азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Бірлескен күш-жігердің арқасында біздің кең еліміздің әрбір елді мекені таза әрі экологиялық қауіпсіз болады деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/965691?lang=kk
Қызметкердің құқықтары мен міндеттері 15.04.2025
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары қызметкердің құқықтары мен оның міндеттерінің болуын меңзейді.Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттерін ҚР ЕК 22-бабы көрсетілген. Алдымен, еңбек қатынастарының субъектілері ретінде қызметкердің еңбек міндеттері мен құқықтарын қарастырып алайық.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - ҚР ЕК) сәйкес еңбек қатынастары дегеніміз - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтын қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қатынастар.ҚР еңбек заңнамасында көрсетілгендей, еңбекпен тікелей байланысты қатынастар - еңбекті ұйымдастыру және басқару, жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және арттыру бойынша қалыптасатын қатынастар, сондай-ақ, жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін, әлеуметтік әріптестікті тану, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) ҚР ЕК-де көзделген жағдайларда еңбек жағдайларын белгілеуге қатысуы, еңбек дауларын шешу және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе оған қандай да бір кемсітушілік пен мәжбүрлеусіз еркін түрде еңбекке келісуге құқығы бар, өзінің еңбек ету қабілетіне билік етуге, кәсібі мен қызмет түрін таңдауға құқығы бар.ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкер:осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға;2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқылы; ҚР Еңбек кодексінің 22 - бабының 2-тармағына сәйкес.Қызметкер міндетті:1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;2) еңбек тәртібін сақтауға;3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.Қызметкердің еңбек міндеттері туралы мәселе ішкі еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек шартында толық шешіледі, онда жұмыс уақыты режимі, белгілі бір ұйым қызметінің ерекшелігімен белгіленген белгілі бір ережелерді сақтау жағдайында еңбек функциясының орындалуы анықталады.Еңбек міндеттерін орындамағаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Басқа қызметкерге келтірілген залалды өтеу тәртібі ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағында қызметкердің негізгі құқықтары айқындалған. Негізгілерінің қатарына ҚР Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда еңбек шартын жасау, өзгерту, толықтыру және бұзу құқығы жатады.Еңбек шарты - бұл еңбек қатынастарының пайда болуының негізі, оған сәйкес қызметкердің жалақыға, демалысқа және т. б. сияқты құқықтары жүзеге асырылады.ҚР Конституциясымен бекітілген Еңбек бостандығы (24-бап) қызметкердің ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын еңбек шартын жасасу ғана емес, өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу құқығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-timirazevo/press/news/details/965687?lang=kk
“Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс” 15.04.2025
Қабанбай ауылдық мәдениет үйі №2 “Қуаныш” балабақшасында “Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың теріс құбылысын түсіндіру және алдын алу болды.Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы өз пікірлерін білдіріп, ашық әңгіме жүргізілді. Әр адам сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын талқылап, оны болдырмаудың жолдарын қарастырды. Дөңгелек үстелге қатысып бұл мәселеге назар аударып, келешекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/965667?lang=kk
2025 жылғы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына қосу үшін аккредиттеуден өткізді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін аккредиттеу туралы куәліктер (үш жыл мерзімге):- «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілері, импорттаушылары мен сатушыларының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;- «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің Ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/969221?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстарын әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша жиын 15.04.2025
Таврия ауылында көктемгі дала жұмыстарын әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, Аграрлық кредиттік корпорациясы, «Продкорпорация» және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.Жиын барысында егіс алаңдарын әртараптандыру, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштарды қолдану, жерді суару және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары түсіндірілді.Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің директорының орынбасары айтып, аймақта ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау жайлы баяндады. Жиынға қатысушылар көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу үшін пікір алмасып, ұсыныстар айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/965661?lang=kk
🌿 Мәртөк ауданында екі айлық тазалық науқаны басталды! 15.04.2025
📍 29 наурыз – 31 мамыр аралығында аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгіннен бастап “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық маусымы ресми түрде басталды.🔹 Тазалық жұмыстарының негізгі бағыттары:✅ Республикалық маңызы бар жол бойларын тазалау; ✅ Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру; ✅ Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың маңын абаттандыру; ✅ Аулалар мен көшелерді қоқыстан тазарту, стихиялық қоқыс орындарын жою; ✅ Көгалдандыру жұмыстары: ағаштарды санитарлық кесу, жас көшеттер отырғызу.🌱 Екі айлық аясында аудан тұрғындары мен мекеме ұжымдары бірлесіп сенбіліктерге шықты. Ауылдар мен елді мекендерде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, жол бойындағы, су айдындары мен орман алқаптарының маңындағы тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.Құрметті аудан тұрғындары! Тазалық – жайлылық пен тәртіптің кепілі! Әрбір адамның өз ауласын, көшесін таза ұстауы – ортақ игілікке қосқан үлесі. Сенбіліктерге белсене қатысып, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық!🌍 Ауданның тазалығына үлес қосқан барша жанашыр тұрғындарға алғыс білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/965655?lang=kk
КЕНТАУДА КӨШЕ ЖОЛДАРЫН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары бастау алды.Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс жұмыстары барысын бақылап, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында атқарылуын тиянақтады.Жыл соңына дейін шамамен 4000 ш.м құрайтын бұзылған асфальт жабындылары қайта қалпына келтірілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965653?lang=kk
Қарақия ауданында кең көлемде сенбілік жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
⚜️29 наурыз күні Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елді мекендерде абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше мән берілді.⚜️Құрық ауылында Абай көшесіндегі ғимараттар толықтай әктеліп, мектептер мен балабақшалар аумағында сенбілік жұмыстары өтті. Сонымен қатар, 5 ескі қора-жай бұзылды.⚜️Мұнайшы ауылында саябақтар мен ауыл маңы тазартылып, 8 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен бірге, акция аясында 120 түп туя ағашы отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.⚜️Құланды ауылында 1200 гектардан астам жер тазартылып, 7 текше метр қоқыс жиналды. Саябақтағы барлық ағаштар түптеліп, әктелді.⚜️Жетібай ауылында тарихи қалдықтарды жою жұмыстары жалғасуда. Бостан және Сенек ауылдық округтерінде ағаш түптері қопсытылып, көгалдандыру шаралары жүргізілді.⚜️Жалпы сенбілікке 200-ге жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тазалық саласының мамандары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.⚜️Акция аясында аудан көлемінде 300-ге жуық ағаш отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған қоса, 20-дан астам ескі қора-жай бұзылып, 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.⚜️Қоршаған ортаны қорғау және көркейту бағытында қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/965649?lang=kk
КЕНТАУДА ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ 15.04.2025
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының құрметіне арналған дзюдо күресінен VІІI Республикалық турнир өтуде. Жарыс 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында ұйымдастырылуда.Республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов, Жарылқасын Керімбекұлының спорт саласына жасап келе жатқан еңбегі жайында атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Жарысқа әр өңірден Шымкент, Тараз, Түркістан облысынан жалпы 250-ден астам жас палуандар ала кілемде күш сынаспақ.Жарылқасын Оңалбек 1973-1991 жылдары «Қайрат» ерікті спорт қоғамында дзюдо, самбо күресінен аға жаттықтырушы, Кентау қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық самбо және қазақ күресінен аға жаттықтырушысы, облыстық «Қазақ күресі» федерациясының президенті, Кентау қалалық спорт комитетінің бастығы қызметтерін атқарған.1991-1996 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, 1996-1998 жылдары ректор көмекшісі, 1998-2000 жылдары сырттай оқу факультетінің деканы, 2000-2003 жылдары спорт факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2003 жылдан бері ХҚТУ Кентау институтының директоры. Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы өз еңбек жолында көптеген шәкірттерді баптап-тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз атанған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965633?lang=kk
🔹️Қаратаусай ауылы бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді! 15.04.2025
Қаратаусай ауылының тұрғындары ауыл тазалығын сақтау мақсатында жаппай сенбілікке шықты. Тұрғындар бірлескен күш-жігерімен қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.Атқарылған жұмыстар:✅ Қураған ағаштар кесіліп, жас көшеттер күтіп-бапталды; ✅ Аулалар мен көшелер тазартылып, жиналған қоқыстар тегін шығарылды; ✅ Кәсіпкерлік нысандардың аумақтары ретке келтірілді; ✅ Ауыл ішіндегі және маңындағы стихиялық қоқыс орындары жойылды.🌱 Тұрғындар сенбіліктің маңыздылығын атап өтіп, барша ауылдастарды тазалықты сақтауға шақырды.Бірлескен еңбектің арқасында ауыл көркейіп, әлдеқайда жайлы бола түсті.Туған жеріміздің тазалығы – ортақ жауапкершілік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/965630?lang=kk
Қазақстанда 60-қа жуық басым спорт түрі анықталады 15.04.2025
Қазақстанда 60-қа жуық басым спорт түрі анықталадыСоңғы жылдары бюджет ресурстарын қайта бөлу үрдісі байқалады. Бұқаралық және жастар спортын дамытуға басты назар аударылады. Осыған байланысты кәсіби спорт клубтарын қаржыландырудың шекті деңгейі белгіленеді. Негізгі жаңалықтардың бірі 60-қа жуық басым спорт түрін анықтау болды. Бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін пәндер, сондай-ақ Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/971181?lang=kk
