Қоғам
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті 15.04.2025
Қармақшы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылдың 28 наурыз күні Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында өткізілді.Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.Ақтөбе ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.Қуаңдария ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі.Комиссия соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, комиссия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ә.Ү.Қошалақов қорытындылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/965332?lang=kk
Тұрғындар тілегі – басты назарда 15.04.2025
Тараз қаласы, «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.№43 орта мектепте өткен жиында әуелі округтің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлы жүзеге асырылған жүйелі жұмыстарға кеңінен тоқталды.– Өткен жылы округке қарасты «Арай» алқабындағы 600 орындық, «Бәйтерек» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1200 орындық және 200 орындық жекеменшік «Вангард» инновациялық бастауыш мектебі ел игілігіне берілді. Сондай-ақ Ы.Дүкенұлы, Әшімбаев көшелеріне және Саңырақ батыр көшесінің Ы.Дүкенұлы мен Қыпшақбаев көшелерінің аралығында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Саңырақ батыр көшесі қайта жаңғыртудан, Қыпшақбаев көшесі орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар Абишев көшесі мен бұрылыстарында, Фресно көшесінің бұрылыстарында, Ы.Дүкенұлы, Ашимбаев, Қойгелді, Гоголь, Нұрмағамбетов көшелерінде ағымы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Алатау», «Бәйтерек», «Арай-2» шағын аудандарында аула жолдары толығымен жаңғыртылды. Бұған қоса Айша бибі көшесінің бойындағы оңтүстік дренаж каналы мен Әшімбаев көшесінің бойындағы «Қарасу-2» каналын тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса «Бәйтерек» шағын ауданы, №7, 8 үйлердің ауласында кіші футбол алаңшасы салынды, – деген Мақсат Рахымбекұлы алда тұрған жоба-жоспарларды да баяндады.Оның айтуы бойынша, биыл Жалаңтөс батыр, М.Өзтүрік, С.Юлаев, Студенческая, Елібаев, Кармелюк, Западный көшелері, Жаңабаев өткелі, Менделеев көшесінің 2, 3, 4-бұрылыстары, 2-Элеваторная көшесі, Элеваторный көшесінің 5-бұрылысы, 2, 3 Элеваторный көшелерінің бұрылыстары, Ақмолда батыр басы, көшесінің 1, 2-бұрылыстары, Октябрь көшесінің 1, 2-бұрылысы, Степан Разин көшесінің 1, 2, 3, 4-бұрылыстары, Ташкент көшесінің 5-бұрылысы, Смоленский көшесінің 2-бұрылысы, Комратов көшесінің бұрылысы жарықтандырылады. Бұдан бөлек, Лермонтов, Комратов, Майлықожа, Братский, Смоленский, Қамбаров, Дулати көшелерін орташа жөндеу, Смоленский көшесінің 2-бұрылысы, Ташкент көшесінің 5-бұрылысы, Лермонтов, Байзақ батыр, Абишев, Каллаур Әкім, Домалақ ана, Бәйдібек баба, Дулати көшелерінде және Фресно көшесінің 4-бұрылысында жаяу жүргіншілер жолы салынады.Тұрғындар да өз кезегінде қоқыстарды уақытылы алып шығару, ойын және футбол алаңшаларын орнату, құлағалы тұрған талдарды кесу секілді өзекті мәселелерді көтерді.Жиынды қорытындылаған Ержан Әлімжанұлы тұрғындар тілегі тыңдаусыз қалмайтынын және сол бойынша нақты тапсырмалар жүктелетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965325?lang=kk
Әулиеата тұрғындарының мәселесі тыңдалды 15.04.2025
Тараз қаласы, Әулиеата ауданы әкімінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.№32 орта мектебінде өткен басқосу барысында округтің бас инспекторы Нышанәлі Телеуов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.– Былтыр округ аумағына қатынайтын №11, 17, 28, 44, 55 бағыттардағы автобустар толығымен жаңартылып, 5 жаңа аялдама орнатылды. Сондай-ақ 4 көшеге түнгі жарық шамдары жүргізілсе, «Астана» (12) шағын ауданындағы №20 үйдің ауласындағы кіші футбол алаңшасы ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар Төле би даңғылы, №116 үй жаңаша кейіпке еніп, аталмыш даңғылда орналасқан №98 үйдің тозығы жеткен лифтісі ауыстырылды. Санитарлық-тазалықты қадағалау бойынша да ілкімді істер қолға алынып, құрылыс материалдарын көше бойына және жол жиегіне тастаған, заңсыз жабайы сауда жүргізген тұлғаларға учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 182 жеке тұлғаға хаттамалық ескерту және 19 адамға айыппұл салынды, – деген Нышанәлі Болатұлы биыл жүзеге асырылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.Келесі кезекте тұрғындар тарапынан Махамбет батыр, Ұлбике ақын, Сүлейменов көшесінің 4-ші бұрылысы, Ниетқалиев көшелеріне ағымы жөндеу жұмыстарын жүргізу, Төле би даңғылы, №76, 116 үйлер және Аппасов көшесі, №30 үйдің ауласын абаттандыру, Рахимов көшесі, №47 үйдің ауласына кіші футбол алаңшасын салу, «Астана» шағын ауданы, №8, 10, 14, 21, 23, 37 көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған алаңшаларды жаңарту секілді маңызды мәселелер көтерілді.Жиынды қорытындылаған Медет Сәбитұлы барлық мәселе жіті назарға алынып, сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965318?lang=kk
Қала әкімдігі «Менің Ақтөбем» байқауы жариялады 15.04.2025
🔹Құрметті ақтөбеліктер!♻️Қаламызда «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды.Байқауға ауласын көгалдандырған, абаттандырған кез келген тұрғын қатыса алады.Байқаудың мақсаты - Ақтөбе қаласын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын әрі қарай жақсарту, сондай-ақ қала аудандарында абаттандыру саласындағы оң тәжірибені насихаттау.Байқау жүлдегерлерін марапаттау үшін демеушілік қолдау тартылды. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы»:1-орын – 1 млн. теңге;2-орын – 500 мың теңге;3-орын – 300 мың теңге.2. «Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.3. «Үздік аула сыпырушы»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.4. «Үздік көрікті, абаттандырылған жеке үй»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.5. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік басқарушысы»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.Конкурс екі кезең бойынша өтеді:1) алдын ала (аудандық) кезең 2025 жылдың 1 сәуірі мен 20 шілдесі аралығында өтеді;2) негізгі (қалалық) кезең 2025 жылдың 15-30 тамызы аралығында өтеді.📌Байқауға қатысу үшін 31 наурыздан бастап өзіңіздің мекен жайыңыз бойынша аудан әкімдіктеріне барып өтінім бере аласыз:- Астана ауданының әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б). ☎️ 41-64-65- Алматы ауданының әкімдігі (Сарыжайлау көшесі, 70 Б (ЭКСПО ғимараты). ☎️ 41-62-65Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/968375?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 15.04.2025
2026 жылғы 27 наурызда Үлкен Нарын ауылында, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Үлкен Нарын ауданы ТЖБ-ның аға инженері Теміржанова Жадра Нуралбековна, Ново-Хайрузов, Солоновка, Алтынбель және Ново-Поляков ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданының «НарынКомХозСервис» КМК басшысы Сүлейменов Марат Ахметқалиевич қатысты.Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:🔹 су тасқынының алдын алу және оның салдарын төмендету бойынша қабылданған шаралар;🔹 ауылдық округтер шекаралары көрсеткіштерінің абаттандырылуы және санитарлық жай-күйі;🔹 Үлкен Нарын ауылындағы жылыту маусымының өту барысы және тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасы.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға, ауылдық округтердегі санитарлық жағдайды және абаттандыру жұмыстарын жақсартуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтер бойынша берешегі бар тұлғалармен жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1191783?lang=kk
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Назарымбетов жеке құрам қызметкерлермен жиналыс өткізді. 15.04.2025
Уполномоченный по этике Департамента К. Назарымбетов провел совещание с сотрудниками личного состава. В ходе совещания была проведена разъяснительная работа о соблюдении требований, указанных в законе «О противодействии коррупции». Кроме того, в преддверии праздников поручены соблюдения норм Этического кодекса государственными служащими, недопущении нарушений служебной дисциплины и недопущению фактов коррупции.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/965305?lang=kk
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді 15.04.2025
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас мамандары ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ МЕМТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАР ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РММ-нің ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ филиалы қызметкерлеріне жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде СЕН-270 “Кірістер мен мүлік туралы декларациясын” тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/975353?lang=kk
ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. 15.04.2025
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманов Ербол Мұсаұлы 2025 жылдың наурыз айының 28 күні Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде аудан әкімдігінің ғимаратында тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.Жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме жүргізіліп, жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/965292?lang=kk
«ПАРЫЗ-2025»БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2025» байқауына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.«Парыз» конкурсы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін және қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырып, арттыруға бағытталған.Мәселен, әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарына материалдық немесе медициналық көмек көрсеткен, инфрақұрылымды реттеуге ықпал еткен, жұмыс орындарын құрған, қайырымдылық іс-шараларына атсалысқан, қоршаған ортаны қорғауды насихаттап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар өткізген кәсіпорындарға қатысу ұсынылады.Байқау жыл сайын Мемлекет басшысының қолдауымен республика көлемінде ұйымдастырылып, өңірлік және республикалық яғни екі кезеңнен тұрады. Ең басты ерекшелік - конкурсқа қатысу тегін.Шарт бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаздар 5 номинация бойынша марапатталады. Олар :* «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;* «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;* «Үздік ұжымдық шарт»;* «Экологияға қосқан үлесі үшін»;* «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы»Алдымен облыстық деңгейде мықтылар іріктеліп, І, ІІ және ІІІ орындарға ие болады. Мұнан соң республикаға ұсынылып, жыл соңында Астана қаласында марапттау рәсімі өтеді.Түркістан облысының әлеуметтік саласында белсенділік танытып келе жатқан бизнес өкілдерін байқауға қатысуға шақырамыз!Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде немесе электронды форматта жергілікті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жолдайды. Өтінімдер 15 шілдеге дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/965287?lang=kk
Әз-Наурызды аудан жұрты ерекше қарсы алды 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз биыл Арал ауданында да Наурызнама онкүндігіне сәйкес жоғары деңгейде өтіп жатыр.Әр күні шуақты шарамен көмкеріліп, әр түнінде әуелей ән қалықтаған Арал қаласының орталық алаңында бүгін де ауқымды шара ұйымдастырылды.22 наурыз – Жыл басы күніне сәйкес қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлердің алдында ұлттық рухты оятып, мәдени мұраларды жаңғыртқан түрлі танымдық шаралар өтті. Сонымен қатар бұл күнді ауданға қарасты барлық ауылдағы ағайын да айрықша көңіл-күймен қарсы алып, мерекенің мәнін аша түсті.Тоғыз күн бойы тойланған мерекенің бүгінгі күнінде әр өнер ұжымы дәстүрді ерекше дәріптеп, бабадан қалған құнды жәдігерлерді жаңғырта түсті. Бұл күні сонымен қатар кондитерлік және тұрмыстық тұтыну өнімдерінің көрмесі өтсе, халқымыздың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін мұражай да келушілерге есігін айқара ашты.Наурыз – бұл тек көктемнің келуі ғана емес, сонымен қатар жаңа өмірдің, жаңа үміттің, ізгілік пен ынтымақтың, береке мен бірліктің символы. Осы күні тілегі бір ағайын жылы шыраймен қауышып, жаңа күннің нұрына бөленді. Халқымыздың ұлттық дәмі саналған наурыз көже дайындалып, кең дастарқан басында жүздескен жұрт бір-біріне жақсылық тілесті. Әсем ән қалықтап, домбыраның қос ішегінен күмбірлеп күй төгілді.Күні бойы өткен шаралар мұнымен толастамай, кешке елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен гала концерт өтті. Кешкілік шараға қатысқан аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.– Құрметті аралдықтар, қадірменді жерлестер! 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күнімен баршаңызды құттықтаймын! Тамыры тереңнен тін тартқан бұл мереке – жаңашылдық пен жасампаздықтың, жылылық пен мөлдір мейірімнің жаршысы. Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаhары қайтып, дүние жаңарып, құлпырады. Бабалар дәстүрі жаңарып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елімізді ерен еңбекке, баянды болашаққа үлкен сеніммен жетелейді. Бұл күні мыңжылдықтардан мұра болып келе жатқан бабалар дәстүрі қайта жаңғырып, ұлттық құндылықтар халықтық деңгейде дәріптеліп жатыр. Қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың бастауы – әз-Наурыз мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт, береке-бірлік тілеймін! Әз-Наурыз әр жанұяға жақсылығын сыйлап, лайым бірлігіміз бен берекеміз арта берсін деген тілек білдіремін, – деген аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы Наурызнама онкүндігі аясында өткен шараларға тоқталып, елге ән-жыр арнай келген өнер илеріне Алғыс білдірді.Аудан тұрғындарына ерекеше көңіл-күй сыйлаған ерекше кеште Қазақстанға белгілі әнші, сазгер Лена Әбдіхалықова, «Тұран» тобы, Әлішер мен Арай жұлдызды жұбы және аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.Осылайша Науырызнама онкүндігіне сай өткен Жыл басы күні аудан халқы үшін ерекше естеліктермен, жайдары көңілмен түйінделді.Аудан әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/965276?lang=kk
Түсіндірме жұмыстарын жүргізілді 15.04.2025
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас мамандары "Атамекен" Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы" қызметкерлеріне жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде СЕН-270 "Кірістер мен мүлік туралы декларациясын" тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/975314?lang=kk
Жайлы аялдама кешені орнатылды 15.04.2025
Қала аумағында қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау саласындағы мекемелер тарапынан тұрғындар үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Соның бірі – қайтарымсыз негізінде демеушілікпен жылы аялдама кешені табысталды. Аталмыш аялдама кешені Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан. Орналасу аймағындағы жер телімінің мемлекеттік актісі рәсімделген.Аялдама кешеніне бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар ыңғайлы орындықтармен, қуаттау көзі, жылытқыш және салқындатқыш қондырғылармен қамтамасыз етілген.Қала тұрғындарына жайлылық сыйлауға «Аулиеататранспасс», «Автобусный парк-2020», «Таразтрансмоторс», «Саяхат-99», «СапарТранс-2012», «Smart CityService», «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-тері атсалысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965261?lang=kk
АРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. 15.04.2025
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Пшанов Бауыржан Төлешұлы 2025 жылдың наурыз айының 28 күні Арал ауданы "AMANAT" партиясының ғимаратында аудан тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.Жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамалар аясында түсіндірме жүргізіліп, жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/965259?lang=kk
Марапаттау 15.04.2025
Біздің әріптестеріміз Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған мәжілісте марапаттқа ие болды: Шал ақын ауданының білім бөлімінің басшысы Бұлбұл Ахмадиқызы мен Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы Амангелді Ислямбекұлы. Марапаттарыңыз құтты болсын, еңбектеріңізді осылай адал және тиімді жалғастыруға тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/965258?lang=kk
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті 15.04.2025
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы өтті.Жиынның күн тәртібіне сәйкес әуелі Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай депутаттар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.Келесі кезекте Тараз қаласының ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Азимов, Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дурия Тоғатаева, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Марат Жұманқұлов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс-шарасының орындалу барысы туралы баяндама жасады.Сондай-ақ Тараз қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрайымы Эльмира Абдинованың есебі тыңдалып, «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу мәселелері қаралды.Сессия соңында көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965233?lang=kk
«Қарызсыз Қоғам» ұлттық жоба аясында тегін заңгерлік кеңестер 15.04.2025
Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!Халықтың қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған «Қарыз қоғам» ұлттық жобасы аясында мерзімі өтіп кеткен несиелер мен шағын несиелер (90+ күн) бойынша тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсететін заң қызметі жұмыс істей бастады.Маңызды!Барлық қызметтер ТЕГІН көрсетіледі, неғұрлым тезірек көмек сұрасаңыз, соғұрлым қосымша шығындарсыз мәселеңізді шешу мүмкіндігі артады.«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық курсына тіркелу үшін келесі мекен-жайға хабарласу қажет: «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Калинина көш. 17, Жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліспен 13:00-ден 14:30-ға дейін. Тел: – 8 (72156) 3-59-47 (3-59-72). Whatsap +7 708 146 40 32 – Марина Витальевна; +7 705 670 56 30 - Айгүл Амангелдиевна, +7 707 198 75 79 - Қайыргельды Қайратович,+7 707 990 95 12 – Евгения Павловна. Кеңес алу үшін заң қызметінің байланыстары: +7 701 356 2863 – Тимур Елтабарович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/965222?lang=kk
Түркістан облысында егіс алқабы 896 мың га құрайды 15.04.2025
Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 896 мың гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24 мың гектарға артық.Оның ішінде мақта алқабы 135,3 мың га, дәнді дақылдар - 338 мың га, майлы дақылдар - 72,7 мың га құрайды.Бүгінгі таңда облыста 14 мың га егілді. Көктемгі егіс жұмыстары кезінде 17,5 мың бірлік техника жұмылдырылады (техниканың дайындығы 98% құрайды).Егіс науқанына өңірге 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Литріне арзандатылған дизель отынының құны 251-253 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15% - ға төмен (нарықта 294 тг/л). «Кең дала» бағдарламасы аясында 1141 АШТӨ 8,8 млрд.теңге сомасына қаржыландырылды.Жалпы, биылғы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру 900 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, оның ішінде 200 млрд теңге ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне.Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына қарыз сомасының 85% кепілдік беру жалғасады, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға Үкімет резервінен 48,4 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/965218?lang=kk
Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын орындау мақсатында 28 наурызда қала әкімі Жастар істері жөніндегі кеңестің биылғы бірінші отырысын өткізді. Ағымдағы кезеңде Шахтинск қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жетім балаларға тұрғын үй беру жөніндегі кешенді жоспарды орындау мен Шахтинск қаласының жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг мәселелерін қарастырдық.Жастар істері жөніндегі кеңес тоқсан сайын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында туындайтын проблемаларды шешу, сондай-ақ жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдау және іске асыру мақсатында өткізіледі.Қалада жастармен жан-жақты даму және атаулы жұмыс үшін қолайлы жағдайлар жасалған, білімге, инновацияға, технология мен тәжірибеге бағдарланған «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту және бизнестің жол картасы» сияқты жастар бағдарламалары мен жобаларын табысты іске асыру құрылды.Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/965212?lang=kk
ТОО «ЛДЦ АзияМед» медициналық орталығының ДКК меңгерушісімен, бөлім меңгерушілерімен, эксперт дәрігерімен, жеке мамандармен және жалпы тәжірибелік дәрігерлермен жиналыс өткізілді 15.04.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің №2 МӘС бөлімі мемлекеттік қызмет алу сапасын жақсарту барысында 27.03.2025ж ТОО «ЛДЦ АзияМед» медициналық орталығының ДКК меңгерушісімен, бөлім меңгерушілерімен, эксперт дәрігерімен, жеке мамандармен және жалпы тәжірибелік дәрігерлермен жиналыс өткізді. Жиналыс мақсаты дәрігерлерді «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 4.03.3024ж №62 бұйрығымен толық таныстыру. Сараптамаға негізсіз жолдамалардың санын азайту мақсатында ДКК төрағасына қадағалау жұмыстарына назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/965190?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 15.04.2025
ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы лауазымына Нұрбол Әбдірахманұлы Жүнісбеков тағайындалды.Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары.С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, құқықтану.Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.2012-2018 жылдары Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығының сектор басшысы, инженер-жерге орналастырушысы, Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары.2018-2021 жылдары «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы.2021-2023 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.2023-2025 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.13.01.2025 – 28.02.2025 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымында қызмет атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/965180?lang=kk
