Қоғам
Назар аударыңыз 15.04.2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/971175?lang=kk
Таза Қазақстан 15.04.2025
Құрметті жерлестер!Ауа райының жылынуына және санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет деп санаймын.Ең алдымен, мұндай іс-шараларға қатысу тек қана ерікті түрде жүзеге асырылатынын атап өтемін.Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болып табылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына тек өз еркімен ғана қатысуы қажет. Мұндай жұмыстарға мәжбүрлеудің кез келген түріне жол берілмейді.Әрбір азаматтың демалуға және жеке уақытына толық құқығы бар, бұл құқық мүлтіксіз сақталуы тиіс.Сенбілік, өз кезегінде, өз өңірінің тазалығы мен дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі болып табылады.Біздің ортақ мақсатымыз “Таза Қазақстан” бастамасының міндеттері мен қағидаттарына негізделеді. Себебі, бұл бір реттік науқан емес, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт болып табылады.Барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей отырып, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз.Барша тұрғындарды осы игі іске жеке атсалысуға шақырамын.Құрметпен,Нұрымбет СақтағановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1192488?lang=kk
Облысымыздың шәкірттері жеңіспен оралды 15.04.2025
⚡Қарағанды қаласында 27-29 наурыз аралығында өткен «Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне» Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі-интернаты оқушылары қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен және әлемнің түрлі елдерінен командалар қатысқан бұл жаңа идеялар полигонында 3D прототипирование санаты бойынша Қабиболла Дәурен мен Ғалымжан Жасмина жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл- толассыз еңбек пен қажырлылықтың жемісі. 👏Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін жүлдегер оқушылар мен «Техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Махимов Әділхан Мерекеұлын шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/965601?lang=kk
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! 15.04.2025
️ ️ ⚜️Сіздерді қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!🔹️Бұл мейрам – мейірім мен кешірімнің, ізгілік пен бірліктің, қуаныш пен жақсылықтың мерекесі. Рамазан айында жасаған құлшылықтарыңыз, ізгі амалдарыңыз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Алла тағала әрбір үйге құт-береке, ырыс-несібе, амандық пен шаттық нәсіп етсін!🔹️Бауырмалдық пен сыйластық арта берсін, әр отбасының шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Тілеген дұға-тілектеріңіз орындалып, жүректеріңіз ізгілікке толы болсын!Ораза айт құтты болсын!Ойыл ауданының әкімі;А.ҚазыбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/965585?lang=kk
«НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру10.04.2025«НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС «№4 өндірістік базаны кеңейту, құю цехының ғимараты» қоршаған ортаның жай күйіне ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізу туралы хабарлайды.Жоба бастамашысы: «НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 48, БИН 010740001502, тел: 8-712-295-0001Нысанның орналасқан жері: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті.Әсер ету аймағы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті.Алаңның географиялық координаттары:[46.374522, 53.471871][46.374522, 53.474189][46.373290, 53.473610][46.373423, 53.471550]Тындаулар өтеді: 16.05.2025 сағат 15.00, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы, Қарашүнгіл көшесі 4 (ауылдық Мәдениет үйі), онлайн қосылу: https://us04web.zoom.us/j/8613431471?pwd=UXZ5SzU0a0hHRUJZSU5YR3F3UjlQUT09&omn=78756375793Идентификатор конференции: 861 343 1471Код доступа: 123456zoomҚоршаған ортаның жай күйіне ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын әзірлеуші: «ABC Engineering» ЖШС, abc_engineering@inbox.ru; 8 705 576-46-87.Құжаттама порталда орналасқан https://ecoportal.kz/ және интернет-ресурс https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=ruЕскертулер мен ұсыныстар қабылданады: «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Атырау қаласы, Әйтеке би 77; atr.priroda@atyrau.gov.kz Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/973281?lang=kk
Шемонаиха ауданында ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын жою бойынша жаттығулар өтті 15.04.2025
Шемонаиха ауданында ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын жою бойынша жаттығулар өттіАңыз бойынша, шаруашылықтардың бірінде қой өлімі тіркелген. Зертханалық зерттеулер ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың оба вирусының — аса қауіпті және тез таралатын аурудың болуын растады.Оқу-жаттығуға ветеринарлық мамандар, аумақтық инспекциялар, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты. Инфекцияның өршуі кезіндегі іс-шаралар: диагностика, ошақты оқшаулау, қолайсыз пункттің шекараларын белгілеу, қауіпті аймақта дезинфекция және алдын алу.Қорытындысы бойынша ветеринариялық қызметтің жедел әрекет етуге және басқа құрылымдармен тиімді өзара іс қимыл жасауға дайындығы расталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-razin/press/news/details/967524?lang=kk
ШҚО су айдындарындағы түнгі рейдтер 15.04.2025
ТЖД құтқарушылары мұздағы рейдтерді тәулік бойы күшейтті, әсіресе түнде. Мұздың еруі кезінде мұндай алдын-алу іс-шаралары қажет. Құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік шаралары мен жұқа мұздың қауіптілігін түсіндіреді."Жыл сайын жұқа мұзға шығу салдарынан ондаған адам қаза табады. Олардың арасында жолды қысқартуды ұнататындар ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі балықшылар да бар. Сүйікті хоббиі үшін олар тәуекелге баруға дайын. Қазір мұзға шығу өте қауіпті, әсіресе ауа температурасы көтерілгенде. Толқуларға ұмтылу қайғылы жағдайға айналуы мүмкін", - деп атап өтті ТЖД.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/965526?lang=kk
Қосшы қалалық мәслихатының депутатын сайлау бойынша №3 бір мандатты аумақтық сайлау округінде дауыс беру басталды 15.04.2025
№742 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Барлығы 1662 сайлаушы тіркелген. Депутаттыққа 3 кандидат тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/965525?lang=kk
Округ әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Жанама ауылдық округінің тұрғындары!Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен бауырмалдықтың, бірлік пен берекенің символы. Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз қабыл болып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!Ораза айт – тек қана мереке емес, адамдардың бір-біріне жақсылық жасап, реніштерін кешіріп, қуаныш пен ізгілік сыйлайтын ерекше күн. Осы ұлық мейрамда әр отбасыға молшылық, амандық, денсаулық тілеймін!Айт мүбәрак болсын! Жанама ауылдық округінің әкімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/965523?lang=kk
Облыс әкімі Асайын Байхановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!Бүгін өңіріміздің барша мұсылман қауымы мәртебесі биік, ұлық мейрам Ораза айт күнін қарсы алады. Баршаңызды Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Қасиетті Рамазан айында облысымызда бірқатар қайырымдылық шаралары өтті. Аталған шараларға жұдырықтай жұмылған барша жұртшылыққа ерекше алғысымды білдіремін. Әрбір жасалған жақсылық сауаптан жазылсын!Берекенің бастауы болған бұл күн жақындарыңызбен қауышуға, ақ тілек пен жылы сөз айтуға себеп болсын.Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!Ораза Айт мейрамы құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/965522?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты.Мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы орны ерекше. Президенттерге 1972-1991 жылдары мұнда әйелдер мен ерлер арасында өткен жарыстарда барлық қашықтық бойынша 247 рет рекорд орнатылғаны жөнінде айтылды. «Медеу» әлі күнге Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының санатына кіреді. 2024-2025 жылғы маусымда мұз айдынына 460 мың адам келген.Мемлекеттер басшыларына «Медеуді» орнықты туризм моделі бар әлемдік деңгейдегі орталыққа айналдыруды көздейтін жаңа даму жобасы таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанып, Азия ойындарында жүлделі орыннан көрінген болатын. Жуырда өткен Қазақстан спартакиадасында спортшы айқын жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта бейресми әлем рекордын жаңартты (9,31 секунд).Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мәнерлеп сырғанау шеберлерінің өнерін тамашалады.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/965508?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты 15.04.2025
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген.Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/965505?lang=kk
Облыс орталығында өрт сөндірілді 15.04.2025
Өскемен қаласында, Промышленная көшесінде ағаштан жасалынған шаруашылық құрылысы өртенді. Құтқарушылар келген сәттеөрт құрылысты қатты шарпыған болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерімен жалын 165 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Өрт аймағынан өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.Шаруашылық құрылыстарында өрт қауіпті материалдарды жинауға жол бермеу керек.Өрт болған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/965485?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.Екі күндік семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасын талқылау, оларды насихаттау, ұлттық стандарттар мен заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ адал еңбек иелерін марапаттау рәсімін біріздендіру.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда геральдика мәселесіне бірнеше мәрте тоқталып өткен болатын. Мәселен, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өңірлік нышандарды жүйелеу мәселесін көтерсе, таяуда Бурабайда өткен жиында ведомстволық марапаттарды ретке келтіруді тапсырды.Жиын барысында өңірлік нышандарды заң талаптарына сәйкес бекіту және оларды біріздендіру, мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/965473?lang=kk
Еңбек адамы: Цой Зинаида Владимировна – өз ісіне адал гидротехник 15.04.2025
Цой Зинаида Владимировна 26 жылын су шаруашылығына арнап, Жетісу облысындағы ирригациялық жүйелердің дамуына елеулі үлес қосып келеді.Саладағы еңбек жолын 1998 жылы «Қараталирригация» мекемесінде қойма меңгерушісі болып бастады. 2024 жылдан Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалына қарасты «Күшік-Кәлпе» магистральді каналында инженер-гидротехник қызметін атқаруда.Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өз ісіне деген шынайы махаббатының арқасында ол тек жоғары білікті маман ғана емес, өз саласының нағыз шебері ретінде танылды.Кәсіби тәжірибесі өзінен кейінгі жас мамандарға үлгі болып, әрдайым сапалы жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы Жетісу облысының «Құрмет грамотасымен» және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Зинаида Владимировнаға үлкен жетістіктер мен мол табыс тілейміз! Әрбір күн жаңа мүмкіндіктер, қуанышты сәттер сыйлайсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965471?lang=kk
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ... 15.04.2025
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты.Атырау облысы әкімі орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа Атырау білім басқармасы, Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Атырау облысы Полиция департаменті, Сыбайлас жемқоррлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы, Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатынасты. Отырыста Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасын жақсарту жөнінде және сотталғандарға әлеуметтік және басқа да көмек бойынша проблемалық мәселелер пысықталған болатын. Осы сұрақ бойынша Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменінің бастығы А.Ізтілеуовтің жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Бұл жердегі көтерілген проблемалардың бірі – ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру. Отырыс барысында осы бағытта жұмысты жолға қою үшін пробация қызметінің есебіндегі жұмыссыз жүрген сотталғандарға арналған жәрменкелер ұйымдастырылып, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, әрі квота пайызын көтеру жайлы тапсырма берілді. Омбудсменнің Өкілі А.Абдолов осы мәселенің өзектілігін алға тартып, жалпы мемлекеттік органдармен бірлескен арнайы жиын өткізу қажеттілігін ұсынды.Сонымен бірге, комиссия күн тәртібімен жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелесу, бұзақылықтардың алдын-алу бағытындағы атқарылған шаралар, өңірдегі құрылысы ұзаққа созылған объектілер және оларға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі туралы мәселелерді талқылады. Жиын соңында қарастырылған сұрақтар бойынша тисті шешімдер қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/965460?lang=kk
Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысының «Қазсушар» филиалы Жоғарғы-Тобыл, Қаратомар және Амангелді су қоймаларында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлімдеді.Қазіргі таңда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Жоғарғы-Тобыл су қоймасы мен Албарбөгет бөгетін ауқымды реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.20 наурыздан Жоғарғы-Тобыл қоймасына тасқын суы келіп түсе бастады. Бүгінде 42 млн текше метр су жиналды. Су қоймасы 76%-ға толы.Қаратомар су қоймасына 39 млн текше метр су келіп түсті. Нысан 57%-ға толы. Суару маусымы басталар алдында шаруалардың сұранысына сай секундына 6-8 текше метр көлемінде су жіберу жоспарланып отыр.«Бүгінде Албарбөгет бөгеті маңындағы Қабырға өзенінің су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы «Қазсушар» филиалының нысандарындағы жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда», – деді филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965440?lang=kk
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 2-ші дәрежелі ескерту № 43 28.03.2025ж. 15.04.2025
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы2-ші дәрежелі ескерту № 43 28.03.2025ж.28 наурыздың сағат 20.00-ден 29 наурыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965370?lang=kk
Тұрақты комиссия ақпараты 15.04.2025
Қорғалжын аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың экономикалық сала жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды. Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:Қорғалжын ауылында 200 га алаңда жүргізілетін масалар, москиттер, соқырлар, мошкалармен күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстары туралы.Ақпарат беруші Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Н. ДуанбековҚорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы.Ақпарат беруші Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы А. Джакупов Бірінші сұрақ бойынша Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Дуанбеков Нұрсұлтан Қайыркелдіұлы ақпарат берді. Шыбын-шіркейді залалсыздандырумен айналысатын мекеме өкілдері өз жұмыстарымен таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Джакупов Азамат Қайроллаұлы баяндама жасады. Депутаттардың ауылдық округтер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Отырысты комиссия төрағасы зулханов Аблайхан Валиханұлы жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/965365?lang=kk
«Priority Oil&Gas» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру28.03.2025 «Priority Oil&Gas» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2025 жылдың 28 сәуірінде сағат 11.00 - де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, Мәдениет үйі, Қамыскөл көшесі, 79-ғимарат, акт залында «Пустынное кен орнында № Р-4Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-5Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-6Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-7Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-8Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба» ҚОҚ бөлімдеріне қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/ , сондай-ақ ЖАО Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=kk танысуға болады.Барлық ескертулер және (немесе) ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ ga.arystanova@atyrau.gov.kz поштасына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қабылданады.Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме:https://us06web.zoom.us/j/84369157885?pwd=3w1ytjW9VPXZGLlXBa1BMWDaR1iXHk.1Конференцияның идентификаторы: 843 6915 7885, Кіру коды: 908279Қосымша ақпаратты мына эл. мекенжай бойынша алуға болады: derbessolutionsllp@gmail.com және +77012885920 телефон номері.Жоба тапсырушы: «Priority Oil&Gas» ЖШС-і, 060010, г.Атырау, Құлманов көшесі 105, БИН 230440005120, Директорі ЧЖАН БИЦИН , +77015220930. Жобаны әзірлеуші: «Дербес Солюшенс» ЖШС-і, 060011 Атырау қ., Құлманов к. 154, БСН 090140008064, телефон +77015257379. Директорі Конисов А.Б.Пустынное учаскесінің координаттары - широта - 46°28'34", долгота - 53°10'6", широта - 46°29'31", долгота - 53°10'16", широта - 46°30'20", долгота - 53°11'54", широта - 46°30'24", долгота - 53°12'58" Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/965344?lang=kk
