Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Білім саласындағы мүмкіндіктер: мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа кезең 15.04.2025
Соңғы бірнеше жылда облысымыздың білім саласында оқыту сапасын арттыруға және педагогтер мен оқушылар үшін жағдайларды жақсартуға бағытталған маңызды шаралар жүзеге асырылды. 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын жыл сайын 25%-ға көтеру бастамасы іске қосылды, ал осы шараның нәтижелері қазірдің өзінде байқалып отыр. Жалақыны жыл сайын 25%-ға көтеру, сондай-ақ біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдердің енгізілуі арқасында, 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты. Бұл қадам мұғалімдер мамандығының маңыздылығын мойындау және білім саласының қызметкерлеріне нақты қолдау көрсету болды.Ақмола облысында мұғалімдердің еңбекақыларына ғана емес, білім алушылардың жағдайына да үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, 2025 жылға арналған бюджетте бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге айтарлықтай қаражат бөлінген. 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 57 124 оқушы үшін 7,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 180 оқу күніне 1 оқушыға 725 теңгеден келеді. Ал 5-11 сынып оқушыларына «Жалпы білім беру» қоры арқылы 1 697 382,0 мың теңге қарастырылған, бұл әр оқушыға күніне 850 теңге. Бұл шара оқушыларды қажетті тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.Сонымен қатар, мектептерді жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес облыста 20 мектептің күрделі жөндеуі жоспарланған. Мектептерді жаңғырту барысында оқыту құралдары мен заманауи жабдықтар сатып алынып, мектеп жиһаздары жаңартылуда, сондай-ақ мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған. Оқытудың сапасын арттыру және қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту мақсатында жыл сайын жаңа модификациядағы арнайы пән кабинеттерін сатып алу жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыс мектептерінде 1200-ден астам жаңа модификациядағы кабинеттер бар, ал «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында биыл тағы 50 кабинет сатып алу жоспарланған.Цифрландыру да білім беру процесінің маңызды бөлігіне айналуда. Оқулықтардың цифрлық форматқа көшуіне байланысты оларды мектептерге сатып алу ісі қайта басып шығарудың кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда, бұл оқушылардың оқу материалдарына қолжетімділігін арттырып, оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға септігін тигізеді.Сөзсіз, соңғы жылдары білім беру жүйесін жаңғырту бойынша маңызды қадамдар жасалып жатыр. Білім саласы – қоғамның алтын қазығы, өркениетке жол ашатын шамшырақ. Өмірдің барлық саласында табысты болу үшін білімнің берік іргетасы қажет. Оқушылардың жан-жақты дамуы мен мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуі білім саласының жарқын болашағына негіз қалайды. Бұл – өзекті және тұрақты даму жолы, еліміздің ертеңін қалыптастыратын күш.Ақмола облысы әкімінің орынбасарыД.Е.АйтбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/965179?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТ: КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ 15.04.2025
Аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған мәселелерін шешуге ат салысу, заңға сәйкес түсіндірме беру мақсатында 2025 жылдың 27 наурызында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлескен «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен азаматтарды арыз-өтініштері бойынша оффлайн форматта қоғамдық қабылдауы өтті. Азаматтарды ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы қабылдады. Қоғамдық қабылдауда мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы азаматтар тарапынан қойылған Департаменттің құзырына қатысты сауалдарға кеңінен тоқталып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарында көзделген заңдылықтарына сәйкес түсіндірмелер берді. https://www.facebook.com/share/p/1N7jyRFoUR/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965171?lang=kk
КЕНТАУ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 15.04.2025
ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 27 наурыз күні Кентау қаласында жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен «Жұмысшы кәсіптер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты баяндама жасады. Кездесу соңында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты жеке сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.   https://www.facebook.com/share/p/16DRMQyRw8/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965168?lang=kk
Қытай Коммунистік партиясының өкілі Алматы мәслихатына ресми сапармен келді 15.04.2025
Қытай Коммунистік партиясының өкілі Алматы қалалық мәслихатына ресми сапармен келдіБүгін Алматы қалалық мәслихатына Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчао ресми сапармен келді.Кездесу барысында мәслихат төрағасы Меиржан Отыншиев мырза қонаққа Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның Қазақстанның ең ірі қаржы, бизнес және мәдени орталығы ретіндегі рөлі туралы баяндады. Сондай-ақ, Алматы мәслихатының қызметі, оның қаланы дамытудағы өкілеттіктері мен рөлі таныстырылды.Депутаттар мәслихаттың құрылымы мен жұмыс бағыттары туралы айтып, VIII шақырылымда 42 депутаттың қызмет атқаратынын, олардың қатарында түрлі саяси партия өкілдері мен тәуелсіз кандидаттар бар екенін атап өтті. Кездесу барысында қалалық басқару, тұрақты даму, цифрландыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.Екі ел арасындағы серіктестікті дамыту аясында Алматы мен Қытайдың жетекші қалалары арасындағы іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда 2024 жылы Алматы қалалық мәслихаты делегациясының Сиань мен Бейжіңге сапары, сондай-ақ биыл ақпан айында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Қытайға жасаған сапары айтылды. Бұл сапар барысында инвестициялық жобалар, цифрлық технологиялар және инфрақұрылымдық шешімдер саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/965156?lang=kk
2025 ЖЫЛЫ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР ОРЫН АЛДЫ 15.04.2025
ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының сұранысы бойынша 2025 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттарды жариялайды. Мақсаты: облыста әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру, әлеуметтік шиеленістің алдын алу және халықты дер кезінде ақпараттандыру.                   https://www.facebook.com/share/p/1BiZxW21Gs/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965155?lang=kk
Бүгін ұлттық мәдениет ұлықталды, дәстүр дәріптелді 15.04.2025
Ғасырлар бойы қалыптасқан болмыс, дәуірлерді жаңғыртқан құндылық қазақ дүниетанымынан әлі алшақтай қойған жоқ. Керісінше уақыт алға озған сайын көмескі дәстүрлер түрленіп, бүгінгі буынмен қайта қауышуда. Орталық алаңда «Салт-дәстүрім берекем» қойылым-концертімен бастау алған бүгінгі шаралар сол дәстүрлерді тағы бір мәрте жаңғырта түсті.«Дәстүрімнің балқаймағы – Әжелер!» атты әжелер ансамбльінің аудандық байқауы бүгінгі күннің мән-маңызын айшықтай түскендей. Себебі игі дәстүрді жас буынға насихаттаушы, ескінің үнін жеткізуші сол қазыналы қариялар.Қаз-қатар тігілген киіз үйлерде әрі қарай «Дәстүрдің озығы – бесік құда», «Ұрын бару», «Босаға майлау», «Аушадияр», «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке», «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» және «Ұлттық құндылық тәрбиенің түпқазығы» мен «Беташар», «Тұсау кесер» салт-дәстүрлерінің қойылымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Сондай-ақ «Ауылымның бір күні» театрландырылған қойылымымен қатар ұлттық спорт түрі «Арқан тарту» және «Ләңгі тебу» ойындарынан сайыс, кондитерлік және тұрмыстық тұтыну өнімдерінің көрмесі мен еліміздің ежелгі тұрмысынан сыр шертетін мұражай көрмесі келушілерді мәдени және рухани сусындатты.Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған мәдениетін жаңғыртуға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған бұл күннің қорытындысы Аманөткел, Мергенсай, Сазды ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйі өнерпаздарының «Көктем құшағындағы Наурыз» атты мерекелік театрландырылған концертімен түйінделді.Наурызнама онкүндігі аясында өтіп жатқан шаралар легі ертең де жалғасын табады. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай орталық алаңда түрлі шаралармен қатар Бөген, Қосжар, Аралқұм, Сапақ ауылдық округтеріндегі білім беру ұйымдары мен ауылдық клуб үйінің қызметкерлерінің қатысуымен кешкілік сағат 20:00 де «Берекелі Наурыз» атты мерекелік концерті өтетін болады.Аудан әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/965144?lang=kk
КАЗТРАНСОЙЛ АҚ 15.04.2025
 Жарияланған күні Жобаның атауы28.03.2025"Прорва" ЖЗҚ."Медпункт" блок-модульдік ғимаратының құрылысы ХаттамаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/965138?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ,СІЗ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУҒА ЖОЛ БЕРІЛЕТІН ЖАС МӨЛШЕРІ 15.04.2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ СІЗ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ? ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУҒА ЖОЛ БЕРІЛЕТІН ЖАС МӨЛШЕРІАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965134?lang=kk
Биыл Жетісу облысында құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын жаңа зауыттар жұмыс істей бастайды 15.04.2025
Талдықорғанда автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар өндірісі қолға алынады, сол сияқты өнеркәсіп аккумуляторларын шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Қала кәсіпорындарын аралауы кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы және басқа да нысандардың құрылысы мен іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аралау барысында алдымен «Қайнар-АКБ» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын жаңа зауытта болды. Қазіргі кезде кәсіпорында жабдықтарды монтаждау жүргізілуде, мұнан кейін іске қосу жұмыстары басталады. Кәсіпорынды биылғы ІІ тоқсанының ортасында іске қосу жоспарланса, ал толық қуатына келесі жылы шығады деп межеленіп отыр.Кәсіпорынның бас директоры Ербол Әжмағамбетовтың айтуынша, бірінші кезең іске қосылғаннан кейін зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың өнеркәсіптік аккумулятор шығаруға жетеді. Қазір 150 тұрақты жұмыс орны құрылған, келешекте жұмыс орындарының санын 300-ге дейін ұлғайтпақ. Бүгінгі күні 10 млрд. теңге инвестиция тартылды және кәсіпкер мұнымен шектеліп қалмайтынын айтады. Кәсіпорын экспортқа бағдарланған. Сондықтан өнімдер тек отандық нарыққа ғана емес, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғыз, Әзірбайжан, Ресейге де жеткізілмекші. Толық қуатына шыққан кезде зауытта жылына 200 мыңнан астам өнеркәсіп аккумуляторы өндіріледі.Жақын арада облыс орталығында тағы бір жаңа зауыт жұмысын бастайды. Бұл - «Талдықорған» индустриялық аймағының аумағында автоклавты қатайтатын газбетон блоктарын шығаратын кәсіпорын. Өндірістік қуаты – жылына 150 мың м3. Мамырдың аяғы мен маусымның басында іске қосылады деп жоспарланған.- Қараусыз қалған ғимаратты өз жеке қаражатымызға сатып алып, тиісті реконструкция жүргіздік, қазір қажетті жабдықтар орнатылуда. Өңірде кірпіштің осы түрлерін өндіретін кәсіпорын жоқ. Біз жергілікті шикізатты қолданамыз. Негізінен дайын өнімді облыс аумағында сатамыз деп жоспарлап отырмыз. Зауыт ғимаратынан басқа кеңсеміз, қызметкерлерге арналған асханасы бар жатақханамыз бар. Қазір 30 адам жұмыс істейді. Зауыт іске қосылғаннан кейін жұмыс орындарының саны 70-ке дейін ұлғайтамыз. Жалақыға келсек, кәсіпорында жұмысшылар айына 300-350 мың теңге, ал бас энергетик 1 млн.теңгеге дейін жалақы алады. Жалпы,бұл жобаға өз қаражатымыздан шамамен 3 млрд. теңге инвестиция салдық. Болашақта мемлекет тарапынан қолдау болса, құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар мен эмульсия шығаратын зауыт ашу жоспары бар. Өнім түрлері нарық талаптарына байланысты болады, - деді өндірісті дамытудың жоспарларымен таныстырған «Стальбетон» ЖШС коммерциялық директоры Динара Орынбасар.Облыс әкімі атап өткендей, мемлекет тарапынан тиісті көмек ретінде зауыт ғимаратына дейін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу мәселесінде қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының бірін, соның ішінде жеңілдетілген несиелеуді пайдалану мүмкіндігі бар.Бейбіт Исабаев кәсіпорындарды аралау барысында электр қуаты 84 МВт және жылу қуаты 59 Гкал/сағ болатын «Басқуат» қазандығы базасында бу-газ станциясын салу жобасының іске асырылуымен танысты. Бұл стратегиялық маңызды жоба Талдықорған қаласы тұрақты өсіп келе жатқандықтан, қаладағы жылу мен электр энергияларын толықтыруға бағытталған. Мысалы, биылдың өзінде қалада көпқабатты 27 үй салынады.«Басқуат Энергопром» ЖШС бас директоры Арман Отарбаевтың айтуынша, жоба бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең 35 МВт электр қуатына және 26 Гкал/сағ жылу қуатына есептелген. Бұл ретте ІІ кезеңді 2027 жылдың қаңтар айының басында аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ газбен жабдықтауға және «Басқуат» қазандығының жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар берілді. Жылу трассасын төсеу жұмыстары бір айдан кейін басталып, қараша айының басында аяқталады.– Біздің басты міндетіміз - жылу мен электр энергиясын толықтыра отырып, «Басқуат» қазандығының жүктемесін азайту. Сөйтіп облыс орталығындағы жылумен жабдықтау жүйесінің беріктігін қамтамасыз етеміз. Жоба біздің компанияның жеке инвестициясы есебінен жүргізіліп жатыр, - деді А.Отарбаев.Айта кетейік, бүгінгі таңда жобаның І кезеңі аясында жоспарланған жұмыстардың 65% орындалған.Жалпы Жетісу облысында 565 өнеркәсіп орны жұмыс істейді, оның 14-і ірі, 11-і орта кәсіпорын. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында 54,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 120,9%.  Бұл ретте өңір өнеркәсібі көлеміндегі өңдеу кәсіпорындарының үлесі 68,2% құрайды, оның ішінде тамақ, сусындар өндірісі, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/965125?lang=kk
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде? 15.04.2025
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы - цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Білім беру сапасы педагогикалық қауымдастықтың кәсібилік деңгейімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан мұғалімдерді тұрақты түрде қолдау, олардың мәртебесін, материалдық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өту керек. 2020 жылдан бастап педагогтердің жалақысы 2 есеге артты, ал біліктілік санаттары бар мұғалімдерге ол үшін лауазымдық жалақысының 35%-дан 50%-ға дейін үстемеақы төленеді. Бүгінде орта білім беру жүйесінде жұмыс істейтін 400 мың педагогтің 300 мыңға жуығына осындай үстемеақылар төленіп келеді.Ауыл мұғалімдерін қолдауға ерекше назар аударылуда, олардың жалақысы қалалардағы әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25%-ға жоғары. Бұл өңірлерге білікті кадрларды тартуға ықпал етеді.2023 жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту енгізілді. 1,7 миллион оқушыны қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттерден 192 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ тамақтану сапасын арттыру мақсатында асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды, күнделікті бақылау енгізілді.Сонымен қатар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген.2025 жылдан бастап жекеменшік мектептердің оқушылары үшін де әлеуметтік қолдау шараларын енгізу көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-oblysy-ulytau/press/news/details/965309?lang=kk
«TAZALIKE» ЖОБАСЫ «Таза кәсіп – таза аймақ» акциясы өтті 15.04.2025
Қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған «TazaLike» жобасын еліміздің әр аймағы қолдап, жұрт болып жұмыла кірісіп жатыр. Тұрғындардан бастап, іргелі кәсіпорын қызметкерлеріне дейін төңірегін көркейтіп, мекендерін көгалдандыру ісіне көңіл бөлінуде. Осы жоба аясында, бүгін Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан «Алель Агро» АҚ-ның құрама жем шығару зауытында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Таза кәсіп – таза аймақ» шарасы болып өтті.Шараға аталған зауыттың қызметкерлері біркісідей атсалысып, кәсіпорынның айналасын күл-қоқыстан тазалады. Нәтижесінде, көлемі екі тоннаны құрайтын қоқыс шығарылды.Ақпараттық медиа орталығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/965093?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ 15.04.2025
✔️Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті. Сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі де талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын дамыту жұмыстары жандануда. Мемлекет тарапынан жастардың білім алуына гранттар беріліп, қолдаулар көрсетіліп жатыр. Биыл да арнаулы оқу орындары мен колледждерге 15 500 мемлекеттік тапсырыс беру жоспарланған. Соның ішінде жұмысшы мамандықтарының саны 9500-ге дейін ұлғаяды. Ауылдар мен қалалардағы мектеп бітіруші түлектерге, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, гранттармен қамту керек. Білім басқармасының талдауы негізінде биыл 11-сыныпты бітіретін 4 мыңнан астам оқушы ҰБТ-ға қатыспайды. Осы оқушылар NEET санатына енбеуі үшін колледждерге түсіру керек. Жауапты басқарма, «Жастар ресурстық орталықтары», аудан, қала әкімдері осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Аймақта мықты, көшбасшы колледждер бар. Олардың бірқатарындағы жатақханалар бос тұр. Ауыл жастарын тартыңыздар. Тегін оқысын әрі стипендиясын алып, мамандыққа ие болсын. Көпшілігі мұндай мүмкіндіктерді білмейді. Халыққа ақпарат беру керек. Бөлінген гранттарға сай тиісті ұсыныстар беріңіздер. Бұл мүмкіндікті пайдаланған жөн. Әр колледждің көрсеткіші талданып, тиімсіз жұмыс істеген директорларға қатысты тиісті шешімдер қабылданады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.✔️Облыста 50 колледж жұмыс істейді (28 мемлекеттік, 22 жекеменшік). Басым бөлігі – көпсалалы колледждер. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 530 (оның ішінде 32 383 мемлекеттік тапсырыс) студент білім алуда. Өңірде еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтар 30 колледжде даярланады. Онда 16553 студент білім алуда. Биыл 450 орын гранты мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында қарастырылған. Яғни, жастарды кәсіпорындарға 100% жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар.✔️Облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Ашылатын 130 мыңнан астамы жаңа жұмыс орындарының 60% жұмысшы мамандықтарға арналған.✔️2025 жылы өңірдегі 520 мектепті 75 809 оқушы (9 сынып – 44982, 11 сынып – 30827) бітіреді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, салалық басқармалар мен мүдделі ұйымдар ұсынатын еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қалыптастырылады.✔️Айта кетейік, Түркістан облысында 14 -35 жас аралығындағы жастар саны – 663260. NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 2024 жылы 12 мемлекеттік бағдарламаны қамтитын жол картасы әзірленген. Осыған байланысты 39119 жас жұмыспен, оқу гранттарымен және жеңілдетілген несиелерімен қамтылды. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес NEET санатындағы жастардың көрсеткіші 10,4%-ды құраса (62 497 жас), 2024 жылдың IV тоқсанында 5,5%-ды (33668 жас) құрап, төмендеген. Жастарды жұмыспен, біліммен қамту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/965196?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ✔️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады.✔️Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды.✔️Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.✔️Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Кесенені қорғау мемлекеттің қатаң бақылауында тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі--------------------ТУРКЕСТАН: СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ МЕЖДУНАРОДНОЙ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ✔️Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов встретился с представителями международной экспертной группы ЮНЕСКО по охране историко-культурного наследия. Эксперты во главе с известным археологом Дмитрием Воякиным обсудили ряд ключевых вопросов.✔️В ходе встречи были рассмотрены пути реализации проекта по благоустройству территории музея-заповедника «Азрет Султан» и оценке влияния проекта археологического парка на мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави, находящийся под охраной ЮНЕСКО. Также была озвучена необходимость согласования запланированных работ с Комитетом Всемирного наследия ЮНЕСКО.✔️Сейчас эксперты проводят по этому вопросу научно-исследовательскую работу. Зулфухар Сансызбаевич поблагодарил международных специалистов за проделанную работу и сотрудничество и подчеркнул, что Казахстан строго соблюдает международные обязательства по сохранению культурного наследия и ведет системную работу в этом направлении.✔️ Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави внесен в список всемирного наследия ЮНЕСКО. Охрана мавзолея находится под строгим контролем государства.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/965070?lang=kk
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДАР ТАПШЫ? 15.04.2025
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДАР ТАПШЫ?Қонаевта Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Керуен» іс-шарасы ұйымдастырылды.Шара барысында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Онда халыққа 20 мекеме 350-ге жуық ваканттық орын ұсынды. Мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиевтің сөзінше, қазіргі таңда Қонаев қаласында іс жүргізуші, экономист, есепші, IT мамандары, зауыттарда оператор мамандары тапшы.«Жыл соңына дейін қалада уақытша жұмыс орындарымен 956 адамды, ал тұрақты жұмыспен 980 адамды қамту жоспарлануда. Бұдан бөлек, биыл «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Қоғамдық жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары да жалғасын табады. Бүгінде 457 адам жұмыссыз ретінде тіркелген», – деді Ернұр Абдалиев.Сонымен қатар көпсалалы колледждің мұғалімдері жоғары сынып оқушыларына техникалық мамандықтар жайлы ақпараттар беріп, шеберлік сағаттарын өткізді. Қазір колледжде тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі, токарлық іс, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тағам өндірісінің технологиясы, есептеу техникасы және ақпараттық желілер сынды 7 мамандық оқытылады. Білім алушылардың саны – 462. Былтырғы түлектердің 76%-ы жұмысқа орналасқан.Ал семинардың ашылуына қала әкімі Асхат Бердіханов қатысып, Жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына тоқталды. Семинарда HR мамандары жастарға ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Ал «Отбасы банк» АҚ өкілдері «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы жайында ақпарат берАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/965065?lang=kk
СТУДЕНТТЕР ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДЕ 15.04.2025
Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінде студенттер іс-тәжірибеден өтуде. Бөлім мамандары болашақ мамандарға департамент жұмысының қыр-сырын үйретіп, таныстыру жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/965062?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫҚазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан – игіліктің бастауы» атты игі іс-шара өтті. Бірегей бастамаға өңір журналистері жұмыла атсалысып, Әсел Бимырзаеваның «Армандар орындалады» жобасы аясында өткен қайырымдылық кешіне үлес қосты. «Ұлы дала елі» орталығында өткен кеште журналистер 10 балаға сыйлықтар табыстап, бүлдіршіндер таңдаған түрлі керек-жарақтар мен ойыншықтарды үлестірді.Одан соң, «Алатау медиа» орталығында өңірге белгілі журналистердің қатысуымен семинар өтті. Танымдық семинарда қазіргі қазақ журналистикасының даму бағыттары талқыланып, қатысушылар кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Жиын соңында Қазақстан Журналистер одағының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табысталды.Салтанатты рәсімдер соңы Түркістан қаласындағы «Голден холл» мейманханасында ұйымдастырылған ауызашармен қорытындыланды. Басқосуға жиналған журналистер қасиетті айдың рухани құндылықтарын ұлықтап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі___ТУРКЕСТАНСКИЕ ЖУРНАЛИСТЫ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ В БЛАГОТВОРИТЕЛЬНОМ МЕРОПРИЯТИИВ честь священного месяца Рамазан Туркестанским областным филиалом Союза журналистов Казахстана было проведено благотворительное мероприятие "Рамазан - начало добра". В уникальной инициативе приняли участие журналисты региона и внесли свой вклад в благотворительный вечер в рамках проекта Асель Бимырзаевой "Мечты сбываются". На вечере в центре "Ұлы дала елі" журналисты вручили подарки 10 детям, раздали различные аксессуары и игрушки, которые выбрали малыши.Затем в центре "Алатау медиа" прошел семинар с участием журналистов, известных региону. На познавательном семинаре были обсуждены направления развития современной казахской журналистики, участники поделились профессиональным опытом. В завершение встречи новым членам Союза журналистов Казахстана были вручены удостоверения и нагрудные знаки.Торжественные церемонии завершились ауызашаром, организованным в ресторане "Голден холл" в городе Туркестан. Собравшиеся на совещании журналисты возвысили духовные ценности священного месяца и выразили друг другу наилучшие пожелания.Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/965058?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ✔️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Арыс қосалқы тарту бекетінде кеңес өткізді. Оған Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері қатысты. Жиында іске қосылатын инвестициялық жобаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, жоғарғы кернеулі желіге қосылу талаптары мен тәуекелдері талқыланды.⤵️Нұрбол Тұрашбеков әкімдік тарапынан қажетті шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.📌– Желіні жалғау барысында ешқандай қолайсыздық туындамауы тиіс. Қажеттілігіне қарай қосалқы электр станцияларының қызметіне жүгінеміз. Әсіресе, өндірістер зардап шекпеуі қажет. Осы мақсатта ортақ келісімге келіп, елге тиімді шешім қабылдауымыз шарт, – деді облыс әкімінің орынбасары.✔️Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері басшылық құраммен мәселенің шешу жолдарын саралап, барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі_____ТУРКЕСТАН: РАССМОТРЕЛИ ПУТИ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ИНВЕСТПРОЕКТОВ КАЧЕСТВЕННОЙ ЭЛЕКТРОСЕТЬЮ✔️Заместитель акима Туркестанской области Нурбол Турашбеков с рабочим визитом посетил город Арыс и провел совещание на Арысском вспомогательном тяговом посту Шымкентской дистанции электроснабжения. В нем приняли участие аким города Арыс Кайсар Мангараев, региональные представители АО «KEGOC» по управлению электрическими сетями, сотрудники АО «Қазақстан темір жолы».⤵️На совещании были обсуждены вопросы обеспечения электроэнергией запускаемых инвестиционных проектов, требования и риски подключения к сети высокого напряжения. ️ ️ Нурбол Турашбеков отметил, что акиматом будут организованы необходимые мероприятия.📌- Никаких неудобств при подключении электросетей возникнуть не должно. При необходимости обратимся к услугам вспомогательных электростанций. Производства не должны пострадать. Мы должны прийти к общему соглашению в этом вопросе и принять оптимальное решение», - сказал заместитель акима области.✔️Региональные представители KEGOC и «ҚТЖ» сообщили, что проанализируют пути решения проблемы с руководящим составом и рассмотрят все возможности.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/965046?lang=kk
Көлдер жүйесі тұрақты бақылауда 15.04.2025
Қамыстыбас көлдер жүйесіндегі ахуал қазіргі таңда тұрақты бақылауда. Бұл бағыттағы ахуал бойынша аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Қамыстыбас көлінде болып, су деңгейінің көтерілуіне байланысты жағдайды бағамдады. Бүгінде Аққұмшық жағжайына көлден келер айтарлықтай қауіп жоқ. Аудан әкімі десе де жағдайды бақылауда ұстап, жауаптыларға сәт сайын ахуалды баяндап тұруды тапсырды.Қазіргі таңда Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Аудан әкімі «Ақшатау-Қамыстыбас» көлдер жүйесін суландыру мақсатында салынған «Аспай» суағытқысының және Бұрмақұлақ арнасының жағдайын да бақылады. Аталған аймақтарда дария суы қалыпты деңгейде. Дария бойындағы жағдайды көрген соң аудан басшысы жауапты мамандарға сол маңдағы каналдардың шлюз ағытқылары ашып-жабылуы қиындық тудырмас үшін қажетті жұмыстар жасауды жүктеді.Сондай-ақ, алдағы уақытта дариядан су көп мөлшерде келген жағдайда бөгеттерді жарып өту қаупін болдырмас үшін алдын алу шараларын үйлестіруді жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/965044?lang=kk
Петропавлда учаскелік инспекторлар «Кирпичный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жариялаған Профилактика жылы аясында Петропавл қалалық полиция басқармасының №12 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары «Кирпичный» шағынауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Шараға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері мен «Коммунхоз Петропавл» ЖШС қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар кезбе иттер мәселесіне алаңдаушылық білдірді — бұл өтініш ветеринарлық станцияға жолданды. Полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік барын еске салды, ал коммуналдық қызмет өкілі қоқыс шығару тек келісімшарт жасалған жағдайда жүргізілетінін түсіндірді.Киберқылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды: кездесуге қатысушыларға интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін кеңестер жазылған жадынамалар таратылды.Мұндай кездесулер полицейлерге азаматтардың сұраныстарына жедел әрекет етуге және жергілікті мәселелерді шешуге көмектеседі. Учаскелік инспекторлардың жұмысы жан-жақты – құқықтық бақылаудан бастап мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге дейінгі кешенді тәсілді талап етеді.Халықпен кездесулер Петропавл қаласындағы 14 учаскелік полиция пунктінің аумағында тұрақты түрде өткізіледі. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға және ынтымақтастыққа шақырады – тек бірлесе әрекет ету арқылы әр шағынауданда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/965038?lang=kk
Полицейлер тұрғындарға күзет құрылымдарының қызметін пайдалануға кеңес береді 15.04.2025
СҚО полиция департаменті құрамындағы күзет қызметін бақылау бөлімінің мәліметі бойынша жеке күзет құрылымдарының қорғауындағы үйлер мен пәтерлерде заңсыз кіру арқылы бір де бір ұрлық тіркелмеген.Пәтер ұрлығына жүргізілген талдауға сәйкес, қылмыстың осы түрінің жасалуына ықпал ететін негізгі себептер – дабылдың болмауы және кіреберіс есіктердің осал құлыптармен жабдықталуы. Бүгінде облыста орталықтандырылған бақылау пультіне 870 тұрғын үй қосылған. Бірқатар күзет ұйымдары бұл қызметтің уақытша түрін ұсынуға дайын, мысалы, азаматтардың еңбек демалысы кезінде.Полицейлердің айтуынша, «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес жеке күзет ұйымдары азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/965034?lang=kk