Қоғам
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу 15.04.2025
Қамқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы No 427 бұйрығына сәйкес «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетеді.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыда қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе "Электрондық үкімет" порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:1) "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);6) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 19 (он тоғыз) жұмыс күні.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананының, әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/963826?lang=kk
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУІ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ 15.04.2025
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУІ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ2025 жылғы 27 наурыз күні қалалық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы өтті. Сессия отырысына қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті. Сессияның күн тәртібіне «Қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуі және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері туралы», «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы, «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абубакирова, қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев хабарлама жасады.Сессия барысында медицина мәселесі бойынша мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, депутаттар М.Есжанов,М.Әбдіқалықов, А.Төлегенова, Р.Ысқақова, Н.Тұрғанбаев тарапынан мәселелер көтерілді. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау құрылымдары мен барлық стационарлар тұрғындарға тиісті кепілдендірілген медициналық қызметті көрсетуде. Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен өңірдегі барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 дана санитарлық автокөліктер алынып, оның 72 данасы қалада орналасқан медициналық ұйымдарға берілген. Осылайша, елді мекендерде санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі түбегейлі шешімін тапты. 2025 жылы денсаулық сақтау ұйымдарына материалдық техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 7,8 млрд. теңге бөлініп, оның 5,4 млрд. теңгесіне қалада орналасқан медициналық ұйымдарға медициналық техника сатып алу жоспарлануда. Дегенмен, Қызылорда қаласы аумағындағы қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуде интернет жылдамдығын жақсарту, емдеу орындарының тарлық етуі, медициналық құрылғылардың жетіспеушілігі, тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуін жақсарту мақсатында пәрменді шаралар қабылдау қажет етеді.«Қызылорда қаласы аумағындағы қалалық емханалар мен ауылдық елді мекендердегі емдеу ұйымдарының халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсетуі және тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету» мәселесін зерделеп, кезекті сессияға әзірлеу мақсатында қалалық мәслихатпен құрылған уақытша комиссия тиісті жұмыстар атқарды және қалалық мәслихат депутаттары өз сайлау округтеріндегі медицина мекемелерін 4 бағытта аралап, емханалар жұмысымен танысып, тұрғындардың және медицина мекеме басшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Сессия барысында уақытша комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаты Р.Ысқақова хабарлама жасап, медицина саласының жетістіктері мен өзекті мәселелерін жан-жақты зерделей келе қалалық мәслихат тарапынан ұсыныстар берді. Атап айтқанда: КБИ тұрғын үй ауданындағы Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағынан емхана филиалын ашу;- №6 емханаға қарасты «Бәйтерек» мөлтек ауданы тұрғындарының сұранысы бойынша сол аумақта емхана филиалы құрылысын жүргізу; - №1 емхана ғимаратының тарлық етуін ескере отырып, алдағы уақытта емхана жанынан қосымша құрылыс салу және автотұрақ салуды қарастыру; - №4 және №5 емханаларға жаңа ғимарат салу мүмкіндіктерін қарастыру; - Қызылжарма ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияны кеңейту немесе қосымша ғимарат салу; -№6 емханаға қарасты шет аймақтарда орналасқан филиал ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;- денсаулық сақтау саласын цифрландыру мен ондағы жұмыстарды оңтайландыру, қала және елді-мекендердегі емдеу мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету сапалы ұйымдастыру, интернет әлсіздігі әсерінен жүйе қатып қалған жағдайда баламалы әдістер қарастыру; - мемлекеттік емханаларды кеңсе тауарларымен жеткілікті қамтамасыз ету; - дәрігерге алдын-ала тіркелу жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында емханалар қосымша ұялы байланыс желісін қосу мүмкіндіктері қарастыру; - Есепте тұрған науқастарды тегін кепілдірілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, оның ішінде жүйенің қатып қалуы кезінде қосымша баламалы әдістерін қарастыру ұсынылды.Сессия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев, қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Абубакирова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облыстық филиалының директоры Ж.Абдусаметов, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Ғ.Байменова, қалаға қарасты мемлекеттік және жеке емханаларының бас дәрігерлері, құқық қорғау органдары, қалалық дербес бөлімдер мен құрылымдық мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысты. Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/963821?lang=kk
А. Ертаев Алматыдағы ҮЕҰ-мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бейресми кездесу өткізді.Кездесуде арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау, инватакси қызметтерін ұсыну, мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.Сондай-ақ, 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.Сонымен қатар, Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясатта жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/963817?lang=kk
ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты 15.04.2025
Қазақстандық шаруалар үшін ауыл шаруашылығы техникасын тиімді шарттармен лизингке сатып алудың тағы бір мүмкіндігі туды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндіріс техникасы мен көлік құралдарын сатып алу үшін «Қазақстанда жасалған» жеңілдетілген бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады.2024 жылы «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы бойынша шаруалар 10,5 млрд теңге сомасына 336 бірлік техника сатып алды. Әсіресе, тракторлар мен комбайндарға сұраныс көп түскен. Жалпы алғанда, бағдарлама іске қосылғаннан бастап агробизнесмендер а/ш техникасының екі мыңнан астам бірлігін сатып алған.2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының шарттарын өзгеріссіз қалдырып отыр.Отандық өндірісті қолдау мақсатында фермерлерге отандық өндірілген/құрастырылған а/ш техникасы мен көлік құралдары мынадай жеңілдетілген шарттар бойынша қолжетімді: қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін (басқа бағдарламаларда 7 жыл), жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемесі - 6%, аванс - 15% бастап. Сондай-ақ, бірінші лизингтік төлемді субсидиялар есебінен төлеуге болады.Ағымдағы жылы «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы да қолданыста екенін атап кетеміз. Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5% мөлшерлемемен, 7 жылдан аспайтын мерзімге, бірінші лизингтік төлемді 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен сатып ала алады. Бұл бағдарламаға 200 млрд теңге бөлінген. «Қазақстанда жасалған» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша telegram-бот арқылы жүзеге асырылады. Өтінім берген соң клиент 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына тапсыруы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/963811?lang=kk
Шымкентте қорытынды шығарылды: тұтынушыларға 266 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды 15.04.2025
Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (СТҚҚД) 2024 жылғы жұмысының нәтижелері жөнінде брифинг өткізді. Ведомство басшысының орынбасары Оспан Абиев шаһар әкімі Ғабит Сыздықбековке есеп беріп, түскен өтініштер саны 5882-ге жеткенін атап өтті. Абиевтің айтуынша, әр шағым – сапасы төмен тауарды сатып алу немесе тауар туралы жеткілікті ақпараттың болмауы сияқты тұтынушы құқықтарының бұзылу жағдайы.Шағым көп болған сайын нәтиже де жоғарыӨткен жылы Департаменттің қолдауымен тұтынушыларға 266,4 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Әлі де қаралып жатқан істер бар, ал мамандар әрбір өтінішті назардан тыс қалдырмау үшін белсенді еңбек етуде.Шымкент қалалық СТҚҚД маманының пікірі: «Біз азаматтардың өз құқықтарын жиі білетінін және көмек сұраудан қорықпайтынын байқап отырмыз. Шағымдармен жұмыс тек қаржыны қайтарып беруден тұрмайды, сондай-ақ кәсіпкерлердің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.»Брифинг барысында Оспан Абиев қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықтың ерекше маңыздылығын атап өтті. Аталған ұйымдар тұтынушыларға өтінішті дұрыс жазуға қолдау көрсетіп қана қоймай, оларды өндірушілер мен сатушылар алдында да қорғайды. Сонымен қатар, осы ұйымдардың жұмысы үшін арнайы грант бөлу ұсынысы талқыланды – бұл халықтың тұтынушылық құқықтарды қорғау саласындағы сауатын арттыруға бағытталған қадам болмақ.Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдардың негізгі міндеті екенін еске салады. Мұнда әрбір шағым мұқият қаралып, оперативті түрде шешуге тырысады. Егер сіз тауар сатып алуда немесе қызмет алуда қандай да бір қиындыққа тап болсаңыз, келесі мекенжайға жүгініңіз:Шымкент қалалық СТҚҚД байланыс деректері:- Қауырт желі: +7 (7252) 53-07-04- Мекенжайы: Шымкент қ., Түркістан көшесі, 2АДепартамент мамандарының айтуынша, халықтың құзыреттілігі мен белсенділігін арттыру – сатушылар мен өндірушілердің теріс әрекеттеріне тосқауыл қояды. Ал қоғамдық бірлестіктерге грант бөлу тұтынушылар құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/press/news/details/963810?lang=kk
Импорттаушылардың назарына! 15.04.2025
Тауарлардың импортын жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығымен бекітілген сатып алған тауарлардың құның айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төмеен деңгейін қолдану қағидаларына сәйкес, яғни тауарлардың белгілі бір топтарының импорты белгіленген ең төменгі баға деңгейінен (БТД) төмен емес бағалар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкіндігін ескеру қажет.Егер импорттаушы мәлімдеген тауардың құны БТД-нің белгіленген мөлшерінен төмен болса, онда ҚҚС есептеу БТД-де көзделген құннан жүзеге асырылады.Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен, 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тауардың әрбір түріне БТД есептейді және жариялайды.БТД жыл сайын 1 (бірінші) қантардан 31 (отыз бірінші) наурызға дейін, 1 (бірінші) сәуірден 30 (отызыншы) маусымға дейін, 1 (бірінші) шілдеден 30 (отызыншы) қыркүйекке дейін және 1 (бірінші) қазаннан 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін қолданылады. Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі р/с №Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды*Тауардың атауы12312207 10 000 0спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті22208 20 120 0сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac)32208 60 110 0сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ42208 90 990 0сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті50407 21 000 0құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus)61101 00 150жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны71001 19 000 0қатты бидай, өзгелері81001 99 000 0бидай, өзгелері91512 19 900 2өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада102102 10 310 0белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ112102 10 390 0белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері Ескертпе: *Ең төмен бағалар деңгейін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/press/news/details/963798?lang=kk
Құрметті жітіқаралықтар! 15.04.2025
Құрметті жітіқаралықтар!2025 жылғы 28 наурызда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарға арналған «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізіледі.Қабылдауды адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері жүргізеді.Өткізілетін орны: аудандық әкімдік ғимараты, 6 ш.а., 65 үй.Сіздерді қатысуға, қызықтыратын сұрақтарыңызды қоюға және тегін заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-milyutin/press/news/details/963799?lang=kk
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ 15.04.2025
✔️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жетекшілік ететін салаларының жұмысы сараланып, тапсырмалардың орындалуы тексерілді.✔️Мәжіліс барысында шаруалар көтеріп жүрген өзекті мәселелердің заң аясында шешімін тапқандары зерделеніп, бақылаудан алынса, мамандармен аудандарда өткен кездесу барысында түскен жаңа ұсыныстар мен өтініштер тапсырма-жоспарға енгізіліп, қадағалауға алынды.✔️Облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнесті дамыту үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы әлі де өз деңгейінде емес екенін айтып, жауаптыларға ескерту жасады.✔️Күн тәртібіндегі кезекті мәселе – жаңадан құрылатын индустриалды аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттардың рәсімделу сатысы қаралып, ұсынылатын инвестициялық жобалар зерделенді. Сондай-ақ «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесінің есебі тыңдалды.✔️Аса қауіпті зиянды жәндіктерге (Марокко шегірткесі) қарсы жүргізілетін іс-шаралардың атқарылу барысы да талқыға түсіп, аудандарға жүргізілген бақылау нәтижесімен бірқатар қосымша тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/963793?lang=kk
Ұлыстың ұлы күні әзі Наурыз мейрамы 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні әзі Наурыз мейрамыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-akyn-sara/press/news/details/963786?lang=kk
79 адам тыйым салынған заттарды колонияға беруге әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады. 15.04.2025
Сотталғандардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелерге жеткізуге әрекет жасауды жалғастыруда. Мұндай iс-әрекеттер бас бостандығынан айыру орындарындағы қауiпсiздiкке елеулi қатер төндiредi және колониялардағы тәртiптi бұзады.2025 жылдың алғашқы үш айында жеткізу әрекеттерінің нәтижесінде:* 136 ұялы телефон бірлігі,* 7,623 кг есірткі заттары,* 40,61 литр алкоголь,* 393.590 теңге ақша қаражаты.ҚАЖ қызметкерлері іргелес аумақтарды қарауды және патрульдеуді белсенді жүргізуде. Осы кезеңде тыйым салынған заттарды беруге әрекеттенген 79 азамат ұсталды. Олардың ішінде 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 11 адамға қатысты есірткі құралдарын заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.Бұдан басқа, Атырау қаласының колониясына тыйым салынған заттарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланумен екі оқыс оқиға тіркелді. Бұл ҚАЖ мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан жаңа технологиялардың дамып келе жатқан қатерін көрсетеді. Полиция департаменті және Ұлттық ұланмен бірлесе жұмыс істеудің арқасында іргелес жатқан аумақтарды патрульдеу барысында колонияларға тыйым салынған заттарды өткізуге тырысып жүрген 26 құқық бұзушыны ұстау мүмкін болды.Өздерінің заңсыз әрекеттерін іске асыру үшін сотталғандар жиі таныстарын, туыстарын, сондай-ақ қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттарды тартады. Жақында ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған затты Астана қаласының пенитенциарлық мекемелерінің біріне жеткізуге тырысты. Жұбайымен ұзақ кездесуге келген әйел 200 грамм есірткі затын мүше қапқа буып-түйіп, іш киіміне жасырған. Әйелдің денесінде жасырылған орамды алу үшін медицина қызметкерінің көмегі қажет болды. Күдікті заттың нақты құрамы мен сипатын анықтау үшін дереу сараптамаға жіберілді. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды қадам жаппай бейнебақылауды енгізу болды. Бұл жаңалық қызметкерлер жұмысының бақылау деңгейі мен тиімділігін едәуір арттыра отырып, колонияларда болып жатқан оқиғаларды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен тыйым салынған заттарды лақтыру сияқты заңсыз әрекеттерді жедел анықтау, сондай-ақ басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмау мүмкін болады. Бейнебақылау камералары мекемелердің аумағында ғана емес, сондай-ақ колонияларға іргелес аймақтарды қоса алғанда, бұзушылықтар болуы мүмкін орындарда орнатылған. Бұл шешім қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейіне ықпал етеді және қауіп-қатерлерге дереу ден қоюға мүмкіндік береді.Күдікті әрекеттер анықталған жағдайда қызметкерлер жедел шаралар қабылдап, тәртіп бұзуды алдын алып, кінәлілерді жауапкершілікке тарта алады.Жаппай бейнебақылау құқық бұзушылықтарды тергеу және ықтимал тосын оқиғаларды болдырмау үшін дәлелдемелерді жинауға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/963783?lang=kk
Қостанай облысының Полиция департаменті Наурыз мерекесін атап өтті 15.04.2025
Қостанай облысының Полиция департаментінде дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған жарқын және әсем мереке ұйымдастырылды.Ауа-райының бұлтты болуына қарамастан, полиция қызметкерлері әріптестері мен қонақтары үшін нағыз мереке ұйымдастырды, бұл департамент өміріндегі айтулы оқиға болды.Наурыз қарсаңында "Наурыз думан - 2025" байқауы ұйымдастырылып, оған түрлі этно-ауылдардың атынан қатысқан жеті команда бақ сынады. Байқау салт-дәстүрдің, мәдениеттің және ұйымшылдықтың нағыз мерекесі болды, оның аясында қызметкерлер өздерінің шығармашылығы мен ұлттық әдет-ғұрыптарын көрсетті.Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин өзінің құттықтау сөзінде барлығын мерекемен құттықтап, зор денсаулық, амандық тіледі.Әр түрлі этностардың атынан шыққан командалар өздерінің ұлттық әндерін, билерін орындаудағы таланттарын көрсетіп қана қоймай, қазылар алқасының мүшелеріне өз халықтарының дәстүрлі тағамдарын ұсынды.Мәзірде өзбек палауы мен тандырдан жасалған самса, татардың чак-чак тағамы, орыс тұшпарасы мен құймағы, украиндардан шыққан торай еті, қазақтың бешбармағы, әзірбайжан ұлттық тағамдары және т.б. болды.Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі номинацияларға ие болды:* "Наурыз арулары" - қазақ ұлтының командасы* "Өнерлі жігіттер" - қырғыздар командасы* "Үздік ұлттық костюм" – әзірбайжандар командасы* "Үздік ұлттық тағам" - өзбектер командасы* "Өнегелі дәстүр" – татарлар командасы* "Ең ұйымшыл команда" – орыстар командасы* "Креативті команда" – украиндар командасыЖүлделі орындар да анықталды. Өзіндік ерекшелігі, ауызбіршіліктері, декорациялары мен костюмдері, сондай-ақ ұлттық тағамдар ескерілді.Үшінші орынды өзбектер командасы иеленді. Оған Қостанай қаласы Полиция басқармасының, ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының және ПД Екінші арнайы бөлімінің қызметкерлері қатысты.Екінші орын Тергеу басқармасының, ПД Әкімшілік полиция басқармасының және ПД Құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерінен тұратын орыстар командасына бұйырды.Байқаудың жеңімпаздары украиндықтар болды. Олардың командасында Жылдам қимылдау арнайы жасағы, Тылдық жабдықтау басқармасының және ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері болды.Ұйымдастырушылар іс-шара тимбилдинг форматында өткенін атап өтті, өйткені барлық қатысушылар өз қойылымдарын ынтамен дайындады, бұл достық байланыстарды нығайтуға және әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді.Наурыз Қостанай облысының Полиция департаментінде жұмыс істейтін халықтардың мәдени алмасуының, құрметінің және танылуының жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/963774?lang=kk
Құқықтық сараптама орталығының лауазымды тұлғалары ұсталды, 2 миллиард теңге сомасына мүлікке тыйым салынды 15.04.2025
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті елорда прокуратурасының үйлестіруімен Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеді.2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінді.Алайда, 2023–2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын үш есеге арттырған.Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.Мүлікті тәркілеу мақсатында келесі жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды.Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды.Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-astana/press/news/details/963753?lang=kk
2025 жылғы 1 тоқсан ішіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг 15.04.2025
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқармаларымен қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті (бұдан әрі – СЭМ) жүзеге асырады.2025 жылдың 1 тоқсанында СЭМ жүргізу барысында орталықтандырылған су құбырларынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 284 су сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштерге 70 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.СЭМ барысында микробиологиялық көрсеткіштерге II санаттағы су айдындарынан 8 сынама санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, микробиологиялық көрсеткіштерге 70 су сынамасы зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.Қала бойынша атмосфералық ауаның сапасын бақылауға 82 бақылау нүктелері анықталған. СЭМ барысында қала аумағынан атмосфералық ауаның 5595 сынамасы алынды, оның ішінде шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) жоғары болған сынамалар анықталмады.Елді мекендерде, рекреация аймақтарында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында, санитариялық-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштерге 42 топырақ сынамасы зерттелді, зерттеу нәтижелері бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмегені анықталмады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-shymkent/press/news/details/963726?lang=kk
Астанада зейнеткерлер «Happy Life KZ» қаржылық пирамидасының құрбанына айналған 15.04.2025
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Happy Life KZ» қаржылық пирамиданың әрекетін тоқтатты.Күдікті 2016 жылдан 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспаларды сатамын деген желеумен салымшыларды тартып, оларға әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін табыс уәде еткені анықталды.Салым сомасы маркетингтік стратегияға байланысты 7 500-ден 2 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырған.Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 286 миллион теңгеден асқан.Нәтижесінде күдікті қаржылық пирамидаға 35 адамды тартқан.Барлық зардап шеккендер – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер екенін атап өту керек, олар өз жинақтарының басқа салымшылар арасында ақша бөлу схемасының бір бөлігіне айналатынын сезбеген.Қаржылық тергеу жүргізу барысында күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа элиталық тұрғын үй кешенінен 36 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғаны анықталды.Соттың санкциясымен аталған пәтерге тыйым салынды.Сот күдіктіге «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-astana/press/news/details/963719?lang=kk
Интернет желісінде кәмелетке толмағандардың порнографиясы анықталды 15.04.2025
Түркістан облысының прокуратурасы «Telegram» әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты.Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.Осылайша, тексеру барысында «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген.Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды.14.03.2025ж. облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды.Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-б. және 312-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.Түркістан облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/963708?lang=kk
«Кезектен тыс ХXVII сессияға ХАБАРЛАМА» 15.04.2025
Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс ХXVII сессиясы 2025 жылдың 01 сәуірінде сағат 11.00- де онлайн трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтедіСессия күн тәртібінде: 2025 жылғы 30 наурыздағы сайлау қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының шығып қалған депутатының орнына депутатты тіркеу туралы қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы. (баяндаушы: қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сәрсембеков).Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/963689?lang=kk
Аптаның бос жұмыс орындары 15.04.2025
Толық ақпаратты Сарыағаш аудандық мансап орталығынан алуға болады.Мекен-жайы: Сарыағаш қаласы Исмайлов көшесі 67АБайланыс номері: 8 (72537) 2 -3 3- 74Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/963669?lang=kk
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы. 15.04.2025
1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл игі шара көпбалалы, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларының арман-тілектерін орындауға арналған. Демеушілік көрсетемін деген мейірімді жан баланың тілек хатында жазылған қажеттілігін өтеуге ат салысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/963649?lang=kk
Атырауда жастарға арналған білім мен дағдыларды дамыту курстары өткізілуде 15.04.2025
Өңірде Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған тегін оқыту курстары жүзеге асуда.Соның бірі, IT және AI бағытындағы курста - ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі білім мен дағдыларды үйренуге мүмкіндік беріледі.Оқыту дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, сағат 10:00 мен 11:30 аралығында өтеді. ІТ бағытындағы курсқа тіркелу үшiн +7(778) 488-18-95 нөмеріне хабарласыңыз.Сондай-ақ, сенімді сөйлеу әдістерін меңгеріп, көпшілік алдында еркін сөйлеу мен сһздік қорды байыту, дауыс ырғағын басқару техникаларын үйрететін «Ораторлық өнер» курсы да өткізілуде.Курс сейсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері, 17:00-18:30 аралығында өтеді. Тіркелу үшiн +7(776) 054-80-62 нөмеріне байланыса аласыз!📍Мекен-жайы: Нұрсая ы/а, Р.Ғабдиев 42Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/963627?lang=kk
Евней Бөкетовтың 100 жылдығына орай Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті 15.04.2025
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РҚМ филиалы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Іс-шара химия-металлургия мектебінің негізін қалаушының, көрнекті ғалым-химик және металлург, талантты жазушы, аудармашы және әдебиеттанушы Евней Бөкетов туғанына 100 жыл толуына арналған. Оның өмірі мен қызметі ғылым мен әдебиет синтезінің жарқын мысалы болды, ол қиындықтарға толы, сонымен бірге жетістіктерге толы болды.Ғалым-химиктің маңызды әзірлемелерінің бірі марганец және темір кендерін кешенді пайдалану тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа серпін берген мыс электролитінен мышьяк алу болды. Оның элементар фосфорды бөлу әдісі Бөкетов-Баешев әдісі ретінде белгілі болды және өндіріс процестерін едәуір жеңілдетті.Салтанатты Ғылыми кеңестің отырысына Евней Бөкетовтың шәкірттері, туыстары мен әріптестері қатысты. Бұл оқиға оның ғылымға қосқан үлесі туралы жылы сөздер мен естеліктер алаңына айналды.Оқушылар мен әріптестер Евней Арстанұлы идеялары оларды өз зерттеулеріне қалай шабыттандырғаны туралы естеліктерімен бөлісті. «Ол ғылым әлеміндегі нағыз шамшырақ болды», – атап өтті Кеңес мүшелері. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/963626?lang=kk
