Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Дәстүр бойынша ұзақ қыстан кейін елордада жалпы тазалық жұмыстары басталды 15.04.2025
Қазіргі уақытта жолдар, көпірлер, қоршаулар, көше жиһаздары мен жарық бағаналары шаң мен кірден тазартылды.      Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/963610?lang=kk
29 наурыз – жалпықалалық сенбілік 15.04.2025
Тараз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 ақпанындағы №483 қаулысына сәйкес 1 наурыз бен 26 сәуір аралығында қала аумағында санитарлық тазалық жөнінде екі айлық жарияланған болатын.Қала тұрғындары мен тиісті сала өкілдерінен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында, көшелерде талдардан түскен жапырақтарды тазалау, арық жүйелерін тазарту, жиналған күл-қоқысты арнайы автокөлікпен, техникамен шығару жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/963604?lang=kk
Ұ.Сыздықбайұлы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты думанды іс-шара өтті 15.04.2025
Ұ.Сыздықбайұлы ауылында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты думанды іс-шара өтті🗓️22/03/25🟡Бүгін ауылымыздың орталық алаңында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ауыл әкімі Қ.Алдабергенов, аудан әкімдігінің эканомика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы И.Тілікова, аудандық мәслихат депутаты О.Мұқашов және ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бакенов қатысып, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. 🟡Алаңда Алтыбақан құрылып, киіз үй тігіліп, қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу секілді т.б. ойындар ұйымдастырылды. 🟡Концерттік бағадарламада аудан және ауылдың өнерпаздары ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлап, іс-шара барысында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды.⚜️ Іс-шара барысында Ұлттық нақышта ең сәнді киініп келген ауыл тұрғындарын анықтап, сый-сияпат көрсетілді.🟡 Ересектер және жасөспірімдер арасында қол күрес, ләңгі тебу, гір тасын көтеру сияқты спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.⚠️Мерекелік көңіл-күй ауаны кернеп, ауыл тұрғындары наурыз тойын қуанышпен қарсы алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/963580?lang=kk
«Еңбек жолы» республикалық байқауы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізеді. Ағымдағы жылы осы байқауға қатысу үшін Саран қаласы кәсіпорындарының 5 қызметкері өтінім берді. Қалалық байқаудың комиссия отырысының шешімі бойынша байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін үздік 4 қатысушылардың материалдары жіберілді. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында Жунусбеков Куттыбай Айдарович – «QazTehna» ЖШС 4-разрядты механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі. «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы:– Мамаков Владислав Александрович – «Silk Road Electronics» ЖШС электр су жылытқыштарын өндіру шебері;– Егинбаев Темирлан Толегенович – «QazTehna» ЖШС шағын торапты құрастыру цехының шебері;– Пегрусь Руслан Владимирович – «QazTehna» ЖШС механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі.«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінде қаламыздың кәсіпорындар қызметкерлеріне сәттілік пен жеңіс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1032008?lang=kk
Ғани Бейсембаев: Ғасырлық тарихы бар мектептер қазақстандық ағартушылық дәстүрінің сақтаушысы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 100 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп келе жатқан мектептердің педагогикалық ұжымдарымен онлайн форматта кездесіп, сұхбаттасты. Бұл ғасырлық тарихы бар білім ошақтарының басын қосқан алғашқы жиын болды, деп хабарлайды Министрліктің баспасөз қызметі.🏫 Елімізде өз қызметін 19-20 ғасырларда бастап, бүгінгі күнге дейін ағартушылық дәстүрдің сабақтастығын үзбей келе жатқан 97 мектеп, 12 колледж бар.📚 Мәселен, Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгір хан мектебі 184 жылдан бері үздіксіз бала оқытып келеді. 1841 жылы Қазақстан аумағындағы алғашқы бастауыш мектеп болып ашылған бұл қарашаңырақта тұңғыш қазақ ғалымдарының бірі Мұхаммед-Салық Бабажанов, ағартушы Мақаш Бекмұхамбетов, сондай-ақ «Мұғалім» журналының алғашқы редакторы Ғұмар Қараш сияқты тұлғалар білім алған.📖 Қызылорда облысындағы 164 жылдық тарихы бар №16 мектеп-лицей, Ақтөбе облысындағы 162 жылдық тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Атырау облысындағы 144 жылдық тарихы бар Қызылүй орта мектебі — ұлттық білім беру дәстүрінің алтын арқауын жалғастырып келе жатқан білім ордалары. Ақмола облысындағы Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі 129 жылдан бері еліміздің экономикасын нығайтуға үлес қосқан кәсіби мамандар даярлап келеді.✔️ Кездесу барысында министр ұлт руханиятының киелі шаңырағына айналған білім ошақтарының әрқайсысының еліміздің тарихы үшін ғана емес, болашағы үшін де рөлі ерекше екенін атап өтіп, оларды сақтау және жаңғырту бағытында бірқатар тапсырмалар берді.«Қазақ даласында ағартушылықтың қалыптасуы мен дамуы ондаған ғасырлардан бастау алады. Өңірлердің қолдауының арқасында ғасырдан астам тарихы бар мектептер жабылмай, білім шырағын сөндірмей, сабақтастықты сақтап келеді. Біз ғасырлық тарихы бар білім ошақтарының арнайы каталогын жасауды қолға алуымыз керек. Бұл — еліміздің білім тарихының тереңдігін дәлелдейтін маңызды құжат болмақ. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл мектептер де қажеттілігіне қарай толықтай реновациядан өтіп, материалдық-техникалық тұрғыда жаңартылуы тиіс. Сондай-ақ мұнда еңбек етіп жүрген педагогтердің әлеуеті де жіті зерделеніп, оларға жүйелі қолдау көрсетілуі қажет», — деді Ғани Бейсембаев.🔹 Министр жүз жылдан астам уақыт ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан мектептердің тәжірибесін зерттеп, үздіктерін ел көлемінде тарату қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ол ғасырлық мектептерді білім беру ісінің құндылығы ретінде сақтап қалу және дамыту мақсатында 100 жылдық мектептер қауымдастығын құруды, оларды қолдау мен дамытудың стратегиясын әзірлеуді тапсырды.@QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК @Мереке АмангелдіқызыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/964179?lang=kk
2025 жылғы 21 наурызда Белоусовка кентінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті 15.04.2025
🌷2025 жылғы 21 наурызда Белоусовка кентінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.🌷Тұрғындар мен қонақтар көктемді, жаңаруды және бірлікті бейнелейтін осы жарқын мерекені атап өту үшін жиналды.🌷Бағдарламада дәстүрлі рәсімдер, халық билері, музыка, тәттілер және достық кездесулер болды.🌷Қуаныш пен қонақжайлылық атмосферасы бұл күнді ерекше жылумен толтырып, барлығын бірлік пен өркендеу рухында біріктірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-belousov/press/news/details/963549?lang=kk
Басымдық берілетін 60-қа жуық спорт түрі анықталады 15.04.2025
Соңғы жылдары спорт саласына жұмсалатын бюджет қаражатын қайта бөлу тенденциясы байқалып отыр. Мұнда басты назар бұқаралық және жастар спортын қолдауға аударылады. Осы орайда кәсіпқой клубтарды қаржыландырудың максималды деңгейі белгіленбек. Ең негізгі жаңалық – 60-қа жуық басым спорт түрінің анықталуы. Олардың арасында Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паразия ойындарының бағдарламаларына енген спорт түрлері, сонымен бірге, олимпиадалық емес спорт түрлерінен Азия және Паразия ойындарына енген спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері толық қарастырылады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.Оның айтуынша, республикалық және аймақтық аккредиттелген спорт федерацияларының мәртебесін ұлттық акредиттелген спорт федерацияларына өзгерту мәселесі енгізілді.«Спорт федерацияларын аккредиттеуге мынадай қосымша талаптар айқындалады: спорт түрі бойынша Ұлттық федерация құрамындағы жергілікті аккредиттелген федерацияға мүшелік ету; белгілі бір спорт түрі бойынша спорттық дайындықтың ұлттық стандарттарын әзірлеу; Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Олимпиада комитеті мойындайтын халықаралық спорт федерациясының мүшесі болуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс», – деді спикер.Келесі норма – ол «бірінші топтағы мүгедек спортшының сүйемелдеушісі» үғымының енгізілуі. Бұл стандарт мүмкіндігі шектеулі спортшылардың ұлттық және халықаралық жарыстарға дайындық сапасын арттырады және шамамен 1 жарым мың спортшыны қамтиды.Тағы бір жаңашылдық – ол әкімшілік-аумақтық деңгейде басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және 5 жыл сайын оларды ротация жүргізу. Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асырылады. Егер облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінде бір ғана ұйым болса, онда басшыларды ротациялау жақын маңдағы аудандардың, облыс ішіндегі қалалардың басшыларымен бірге жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-aisary/press/news/details/964752?lang=kk
Ұлытау облысында 90 000 га жайылым жер қайтарылды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Ұлытау ауданында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында 90 000 гектар жайылым жер ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды.Серіктестікке учаскені игеру туралы ұйғарым берілді, алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмады. Осыған байланысты департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару жөнінде сотқа жүгінді.Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Ұлытау облысының соты апелляциялық шағымды қабылдамай, шешімді күшінде қалдырды.Шешім заңды күшіне еніп, жер учаскесі мемлекет меншігіне берілді. Пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/963526?lang=kk
Мәжіліс депутаттарына тұтыну заңнамасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Абдуламитұлы Әбенов пен Нұржан Кемерұлы Әшімбетовке "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Заң жобасындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.Парламентшілерге жоғары кәсібилігі, тартылуы және тұтынушылардың мүддесі үшін заңнаманы жетілдіруге сындарлы көзқарасы үшін алғыс хаттар табыс етілді.Жұмыс әлі жүргізіліп жатқан заң жобасы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде өндіріске қабылданды. Парламент Мәжілісінде алғашқы оқылым 2024 жылғы 4 қыркүйекте өтті. Жұмыс тобының жетекшісі болып депутат М. А. Әбенов тағайындалды.Заң жобасы бойынша жұмыс мемлекеттік қызметшілермен, сала сарапшыларымен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыста жүргізілді. Құжатқа тұтынушылардың құқықтарын нығайтуға, бизнестің жауапкершілігін арттыруға және елдегі өркениетті тұтыну нарығын қалыптастыруға бағытталған маңызды ережелер енгізілді.Сауда және интеграция министрлігі депутаттық корпусқа жемісті ынтымақтастығы және тұтынушылық қауіпсіздік пен әділеттілік мәселелерінде азаматтардың мүдделерін қорғауға дайындығы үшін ризашылығын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/press/news/details/963519?lang=kk
Ауыл шаруашылығын дамыту: төрт ауылда су ұңғымалары қазылуда. 15.04.2025
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында:“Ауыл шаруашылығын дамыту – еліміздің тұрақты экономикалық өсуінің кепілі. Су ресурстарының тиімді пайдаланылуы мал шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтереді. Осы бағыттағы жобаларға үкімет тарапынан толық қолдау көрсетілетін болады” – деп атап өткен болатын.⚜️Осы орайда, ауданымызда төрт түлік малды тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 су ұңғымасын қазу жұмыстары жоспарланған.⚜️Бостан ауылдық округінде тереңдігі 55 метр болатын 2 ұңғыма қазылып, сәтті аяқталды. Қазіргі таңда Мұнайшы ауылында қазу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Жетібай және Сенек ауылдарында 4 ұңғыма қазу жоспарлануда.⚜️Жобаның маңыздылығы- ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына тұрақты су көздері қамтамасыз етіледі. Су инфрақұрылымының дамуы мал өнімділігін арттырады. Жергілікті шаруалардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.⚜️Бұл бастама өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін беріп, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына үлес қоспақ.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/963496?lang=kk
МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ Кезекті ХLII сессиясында 15.04.2025
Әкімдіктің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысы, сондай-ақ, кезекті ХLІІ сессиясы өткізіліп, оның жұмысын мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі, салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды. Сессияның күн тәртібінде ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы, «Ауыл - ел бесігі» жобасының шеңберінде әлеуметтік – мәдени және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық обьектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар, аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, басқа әр түрлі мәселелер ретімен күн тәртібіне сай қаралды. Сессияға шығарылған мәселелер алдын ала мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысында кеңінен талқыланғандықтан депутаттар тарапынан сұрақтар туындамады. Соңынан сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ақпараттық медиа орталығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/963493?lang=kk
«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Еңбек жолы» конкурсынын өткізу бойынша  іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2025 жылы өткізу туралы хабарлайды.«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.Конкурсты өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:1) Үздік еңбек әулеті.Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) Өндірістің үздік жас маманы.Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:Конкурсқа қатысушылар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті  (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі жәнет.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Осыған сәйкес, республикалық «Еңбек Жолы» конкурсына  белсенді ат салысуларыңызды сұраймыз.Нақты   ақпарат   пен  кеңесті Ақтөбе қаласы, Маресьев  көшесі,  101 мекен-жайында орналасқан Ақтөбе облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 305 каб., тел.: 56-81-26,  басқарманың веб-сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/950448?lang=ru«Еңбек Жолы» республикалық конкурсына қатысыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/963467?lang=kk
Көлік министрі Марат Қарабаев «Çalık Holding» түрік компаниясының басқарма Төрағасы Ахмет Чалықпен кездесті 15.04.2025
Тараптар Қазақстанның көлік - логистика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Түрік тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар жобаны іске асыруға қызығушылық танытты.Көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев инвесторлар үшін барлық қажет жағдай жасалатынын атап өтті.Екіжақты кездесу соңында түрік тарапы «Çalık Holding» экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын, сондай-ақ ТХКБ әлеуетін арттыру аясында көлік саласындағы жобаларды неғұрлым өзекті деп санайтынын атап өтті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/963461?lang=kk
22 Наурыз мерекесі атап өтілді 15.04.2025
Қарашоқы ауылдық округінде 22 наурыз мерекесі атап өтілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-karashoky/press/news/details/963432?lang=kk
ҚР Ресей Федерациясындағы Елшісі Д.Абаев Қазақстан экономикасының Жеңіске қосқан үлесі туралы айтып өтті 15.04.2025
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев «Ұлы Жеңіс экономикасы» бүкілресейлік ғылыми конференциясына қатысты.Іс-шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ресейдің Ерікті экономикалық қоғамы (ЕЭҚ) ұйымдастырды.Конференцияға жетекші ғалымдар мен сарапшылар, заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік билік органдарының, білім беру және іскерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.Кездесуді аша отырып, ЕЭҚ президенті Сергей Бодрунов қандай соғыс болсын, оның ішінде Ұлы Отан соғысы да - бұл экономикалар мен технологиялар соғысы екенін атап өтті. Оның айтуынша, соғыс кезінде станок басында тұрғандардың, өнімді жеткізетіндердің, адамдарды құтқаратындардың рухтық күші танылады. Бұл тұрғыда, Қазақстан Жеңіске зор үлес қосты, деп жалғастырды ол.Елші өз тарапынан Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі өндірісінің негізгі базасына айналғанын атап өтті. «Қазақстанға 220-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорынның эвакуациялануы өнеркәсіпті дамыту және түсті металдарды өндіру үшін қуатты серпін болды. Экономиканың осы салаларында жұмыс істеу үшін 670 мың адам жұмылдырылды. Осылайша, Қазақстан соғыс кезінде Жеңіс жолында өнеркәсіп орталығына айналды. Экономикалық жетістіктер, адамдардың жанқиярлығы, ғылыми және мәдени өрлеу - осының бәрі ортақ Жеңіске жету үшін зор ықпалын тигізді. Сол күндер туралы естелік біздің халқымызды біріктіріп, сынақтар кезіндегі бірлік күші мен ынтымақтастықты еске салады», – деп атап өтті Д.Абаев.Іс-шара барысында оның қатысушылары экономикалық Жеңістің негізгі факторларын, жұмылдыру экономикасының тәжірибесін және соғыс жылдарындағы ғылыми-өндірістік кешенді басқару тетіктерін, ленд-лиздің экономикалық маңыздылығын, соғыс жылдарындағы ғалым-экономистердің жетістіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша кеңес экономикасы қиын жағдайда әскери қажеттіліктерге тез бейімделе алғаны атап өтілді. Бұл бүкіл ресурстарды жұмылдыра алу мен миллиондаған адамдардың қаһармандығының нәтижесінде болды, олар қиындықтарға қарамастан, Жеңіске жету үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/963428?lang=kk
Спорт саласын реформалау 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер енгізді. Құжаттағы маңызды өзгерістің бірі ретінде вертикальді басқару жүйесінің енгізілуін атап өтуге болады. Енді өңірлік спорт басқармаларының басшылары Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның келісімімен бекітіледі. Бүгінгі таңда 11 облыстың спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/968334?lang=kk
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен «Спорт саласын реформалау» тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысты 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен «Спорт саласын реформалау» тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963420?lang=kk
Заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі – туризм және спорт вице-министрі 15.04.2025
Қазіргі уақытта салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакеті әзірленіп жатыр. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру қарастырылып жатыр.«Бұл бағыттағы тиісті жұмыс басталып кетті. Бұл мәселе Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралып, оң шешімін тапты. Оны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Бұдан бөлек, жаңартылған бірыңғай спорттық стандарттар бойынша бағдарламаларды іске асырғаны үшін жаттықтырушылардың орташа еңбекақысын шамамен 30%-ға артады.@ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963419?lang=kk
Басқарудың вертикальді жүйесі шеңберінде 11 өңірде спорт басқармалары басшыларының кандидатуралары келісілді 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, спорт саласына вертикальды басқару жүйесін енгізу мәселесі қаралуда. Бүгінгі күні республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының жұмыстары да тыңдалды. Нәтижесінде 8 федерацияға жаңа басшылар тағайындалды.«Министрлік жанынан өңірлік спорт басқармасы басшыларын келісу бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия отырысымен 11 өңірдің басқарма басшыларының кандидатуралары тыңдалып, келісілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963417?lang=kk
Туризм және спорт министрлігінің өкілі спорт саласын реформалау туралы айтты 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігі әзірлеген «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң жобасы 2025 жылғы 29 қаңтарда Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданып, Сенаттың қарауына енгізілді. Заң жобасында спорт саласына бірқатар өзгерістер енгізу көзделген. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.«Атап айтқанда, кәсіби ойын спорты клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит бекіту; ҚР азаматтығын алмаған спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу; «спорттың басым түрлері» ұғымын анықтау, сондай-ақ олардың өңірлік тізбесін бекіту; аккредиттелген спорт федерациясына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін шаралар қабылдауды міндеттеу; спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын белгілеу қарастырылған», - деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Сонымен қатар, Заң жобасында «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау көзделген. Сондай-ақ, заңнама жобасына сәйкес 49 заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, 10-нан астам жаңа заңға тәуелді акті дайындалды.@ortcom_kz #CCS Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963416?lang=kk