Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі 16.07.2026
Жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігіЖоғары оқу орнын сәтті аяқтаған түлектердің назарына!Егер сіздің оқу үлгеріміңіз жоғары болып, GPA көрсеткішіңіз 3,33-тен жоғары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға мүмкіндігіңіз бар.Аталған мүмкіндік жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.Толық ақпарат алу үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қірістер департаментіне  8-716-2-72-11-87телефоны бойынша хабарласуыңызға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1258244?lang=ru
Алматы қаласы бойынша МКД Кәсіподақ ұйымы: әлеуметтік қолдау, марапаттау және құқықтық бағдарлар 16.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымының кезекті отырысы, сондай-ақ Адам ресурстары басқармасымен бірлескен кеңес өтті.Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі кәсіподақ мүшелеріне арналған туристік және сауықтыру сапарларын ұйымдастыру болды. Жоспарда — Қазақстанның ең көрікті жерлерін аралау:Зәулім Шымбұлақ және Тауқымыз шипажайы;Бірегей Көлсай көлдері мен шипалы Алакөл;Көз тартар Шарын шатқалы;Первомай тоғандары демалыс аймағы.Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні қарсаңында кәсіподақ ұйымы әріптестердің еңбегін елеудің маңыздылығын атап өтті. Ортақ іске қосқан үлесі мен өз кәсібіне адалдығы үшін кәсіподақтың ең белсенді мүшелерін медальдармен марапаттау мәселелері талқыланды. Күн тәртібі бойынша Департаменттің кәсіподақ төрағасының орынбасары Гүлнар Сәкенова мен Департаменттің ревизиялық комиссиясының төрағасы Азамат Бағдатұлы баяндама жасады.Адам ресурстары басқармасымен бірлескен отырыс аясында қатысушылар маңызды құқықтық жаңалықтарды егжей-тегжейлі талқылады. ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңындағы өзгерістер басты назарда болды.Бұл түзетулерді зерделеу кәсіподаққа қызметкерлердің құқықтарын бұдан да тиімдірек қорғауға және құқықтық өзгерістерден үнемі хабардар болып отыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1258230?lang=ru
Сыбайлас жемқорлыққа жол ЖОҚ! 16.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1258222?lang=ru
ҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 69 КӘСІПОРЫН СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІНДЕ 16.07.2026
ҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 69 КӘСІПОРЫН СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІНДЕҚАЛАЛЫҚ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 69 КӘСІПОРЫН СУ БҰРУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІНДЕ «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС өндірістік ағынды суларды су бұру жүйесіне ағызу кезінде техникалық шарттар мен нормативтік талаптарды сақтау қажеттігі туралы өнеркәсіптік кәсіпорындарға хабарламалар жолдауда. Бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, бірқатар кәсіпорындар техникалық құжаттамаларын өзектендірмеген және өндірістік ағынды сулардың сапасына қажетті бақылауды қамтамасыз етпеген. Бұл не үшін маңызды? Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асатын өндірістік ағынды сулар кәріз желілерінің бітелуіне және апаттық жағдайлардың туындауына әкеледі, сорғы жабдықтары мен тазарту құрылыстарының жұмысын бұзады. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 111-бабына сәйкес, су тұтынушылар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті. Еске саламыз: әрбір кәсіпорын ағызылатын ағынды сулардың құрамы мен көлемін бақылауға, жергілікті тазарту құрылыстарын, бақылау құдықтарын және есепке алу құралдарын жарамды күйде ұстауға міндетті. Қалалық кәріз жүйесіне майларды, мұнай өнімдерін, өндірістік қалдықтарды, ет өңдеу кәсіпорындары мен мал сою орындарының қалдықтарын, тазарту құрылыстарының тұнбаларын және басқа да ластаушы заттарды ағызуға қатаң тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 112-бабына сәйкес, заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда сынамалар алу, материалдарды уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау, сондай-ақ ағынды суларды қабылдауды шектеу немесе толық тоқтату сияқты ықпал ету шаралары қолданылады. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС анықталған бұзушылықтарды шұғыл түрде жоюға және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1258201?lang=ru
Қостанай ауданында жаңа өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді 16.07.2026
Қостанай ауданында төтенше жағдайларға ден қою жүйесін күшейтуге бағытталған тағы бір маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Тобыл қаласы маңындағы қарқынды дамып келе жатқан «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының аумағында жаңа №28 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа өрт сөндіру бөлімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және өңірдегі азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Болашақта халық саны 60 мыңнан асатын жаңа тұрғын алаптарына қызмет көрсететін бөлім жақын маңдағы елді мекендер мен әлеуметтік және өндірістік нысандарды қамтиды.Облыстың өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында жаңа арнайы техникалардың кілттері табысталды. Жалпы облыстың бірнеше өрт сөндіру бөліміне заманауи 12 арнайы автокөлік берілді. Оның ішінде жаңадан ашылған №28 өрт сөндіру бөлімі де жаңа техникамен қамтамасыз етілді.Өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғау қызметін дамыту бағытында соңғы жылдары ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жыл ішінде бұл салаға 3 миллиард теңге бөлініп, өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бекеттері жаңғыртылды, ондаған арнайы техника мен қызметтік автокөлік сатып алынды. Биылғы жылы аталған мақсаттарға 1,4 миллиард теңге бағытталды. Сонымен қатар мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын күшейтуге шамамен 8 миллиард теңге инвестиция тартылып, өңірдің орман және өрт қауіпсіздігі қызметтері жаңа техникамен толықтырылды.Жаңа өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуы жақын маңдағы елді мекендерде, әлеуметтік нысандар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жедел жою мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ өрттен келетін экологиялық және экономикалық шығындарды азайтуға, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау деңгейін көтеруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1258194?lang=ru
515 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ӘЛЕМНІҢ 61 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ 16.07.2026
Алматы облысында өндірілген өнімдер әлемнің 61 еліне экспортталады. Өңірдегі 49 кәсіпорын шетел нарығына өнім шығарып, соңғы үш жылда экспорт көлемін 1,1 млрд АҚШ долларына (шамамен 515 млрд теңге) жеткізген.Экспорт географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бүгінде облыс кәсіпорындары өнімдерін тек көрші елдерге емес, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Ирак, Пәкістан, Германия, Польша, Румыния және Болгарияға экспорттайды. Соңғы үш жылда шалғай мемлекеттерге экспорт көлемі 2,1 есе өсіп, 291,7 млн АҚШ долларын құрады.Алматы облысының негізгі сауда серіктестерінің бірі – Өзбекстан. Соңғы үш жылда бұл елге экспорт көлемі 110 млн АҚШ долларынан 203 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Көрші мемлекетке негізінен ұн, сүт және фармацевтикалық өнімдер жеткізіледі.Өңір экспортының 60 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу арқылы өндірілген тауарлар құрайды. Сонымен қатар құрылыс материалдары, химия өнеркәсібі, фармацевтика және темекі өнімдері де сыртқы нарыққа шығарылады.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде ет, құс еті, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері мен сусындарға сұраныс жоғары. Ал көкөніс шырындарын экспорттау бойынша Алматы облысы республикада көш бастап тұр.Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбол Рақымбаевтың айтуынша, өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шаралары өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, жаңа нарықтарға шығуына жол ашып отыр.«Алматы облысы Қазақстанның ірі экспорттық және логистикалық орталықтарының біріне айналып келеді. Бұл нәтижеге азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика және агроөнімдерді қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың өндірістік қуатының артуы ықпал етті. Сонымен қатар өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті де экспорттың дамуына оң серпін беріп отыр. Қытай – Еуропа халықаралық көлік дәлізі, Үлкен Алматы айналма автожолы, заманауи логистикалық хабтар мен қоймалар жергілікті кәсіпорындарға өнімдерін сыртқы нарықтарға жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Соның арқасында облыс кәсіпорындары жаңа нарықтарға шығып, экспорт көлемін ұлғайтып келеді», – деді Айбол Рақымбаев.Өңірдегі кәсіпорындардың жетістіктері экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, Shin-Line компаниясы өткен жылы Қытайға, Сауд Арабиясына және ТМД елдеріне рекордтық көлемде – 15 мың тонна балмұздақ экспорттады. Fruit Art пен LST AGRO кәсіпорындарында өндірілетін қызанақ пен сублимацияланған өнімдердің 90 пайызы Ресейдің ірі сауда желілеріне жөнелтіледі. Ал RG Brands Kazakhstan компаниясы шырын, сусын және шай өнімдерін экспорттау арқылы жыл сайын шамамен 60 млн АҚШ доллары көлемінде табыс табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1258043?lang=ru
Брнода қазақстандық жастармен Конституция және елдің болашағы талқыланды 16.07.2026
Брно, 2026 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің басшылығы мен қызметкерлерінің Оңтүстік Моравия өлкесіндегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуінде консулдық қызметтер, жоғары оқу орындары арасындағы байланыстар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және алдағы парламенттік сайлауға қатысу мәселелері басты назарда болды.Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов шетелде білім алып жүрген қазақстандық студент жастардың отансүйгіштігімен, іргелі білім деңгейінің жоғарылығымен және оқуға деген жауапкершілігімен ерекшеленетінін атап өтті. Сонымен қатар ол жастарға Чехияда өткізілетін қайырымдылық, музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.Жанды пікір алмасу барысында студенттер биотехнология, автомобиль инженериясы, жобаларды басқару, өңірлік даму, қоршаған ортаны қорғау, экономика және гуманитарлық ғылымдар салаларында алып жатқан білімдерін ел игілігіне пайдалану мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Қазақстан мен Чехияның жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті, академиялық ұтқырлықты дамыту және тағылымдамалар ұйымдастыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.Талқылаудың жеке тақырыбы алдағы Құрылтай сайлауы мен бір палаталы парламенттің маңызына, сондай-ақ түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін біріктіріп, ел дамуының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін қоғамдық диалогтың жаңа маңызды алаңы – Халық кеңесіне арналды. Жастар Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының негізгі бағыттары, жаңа Конституцияның басты ережелері, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саяси бағыты және оның бастамасымен құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, мемлекеттік институттар мен қоғамдық құрылымдардың тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар туралы ақпарат алды.Брно қаласында өткен кездесу Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуда студент жастардың, сондай-ақ жалпы білім мен ғылым саласының айрықша рөл атқаратынын тағы бір мәрте көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1257972?lang=ru
«Alatau City Bank» АҚ және «ForteBank» АҚ әмбебап банк лицензиясын беру туралы 16.07.2026
Агенттік Төрағасының Орынбасарының 14 шілдедегі №Б-140 және №Б-141 бұйрықтарына сәйкес келесі банктерге лицензиялар қайта ресімделді:- «Alatau City Bank» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, №1.1.998.132 әмбебап банктік лицензия берді:басқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.- «ForteBank» АҚ келесі қосымша операциялар түрлерін енгізе отырып, № 1.1.965.133 әмбебап банктік лицензия берді:басқа операциялар:банкаралық қарыздар, банкаралық кепілдіктер, банкаралық кепілгерліктер, сондай-ақ өзге де банкаралық операциялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1257950?lang=ru
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 16.07.2026
Формалды негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейтін мемлекеттік қызметтер: Қазақстан заңнаманы жетілдіруде 2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.Реформаның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру және мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшу болды. Алғаш рет заңнамалық деңгейде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделі бекітілді.Заңмен мемлекеттік қызмет көрсетуден формалды негіздер бойынша бас тартуға жол бермеу қағидаты енгізілді. Егер өтініште қателер болса немесе құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса, қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың орнына анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім беріледі.Сонымен қатар, қызмет алушы ұғымының аясы кеңейтілді. Енді құқықтарды қорғау тек өтініш берген азаматтарға ғана емес, мемлекеттік қызметті алуға ниет білдірген тұлғаларға да қолданылады. Осындай жағдайлар үшін техникалық ақаулар туындаған кезде өтінішті қайта тапсырмай-ақ мемлекеттік қызметті алу құқығын сақтауға мүмкіндік беретін «Цифрлық күту парағы» енгізіледі.Тағы бір жаңашылдық – «көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші» ұғымының енгізілуі. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін айқындауға және әрбір кезеңде белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, заңнамада мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бас тартудың барлық негіздерін бір мезгілде көрсету, сондай-ақ жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей оларды көрсету қағидаларын бекіту міндеті белгіленді.Жаңа заңнамалық нормалар мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.Өзгерістердің басым бөлігі 2026 жылғы шілде айынан бастап күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1257922?lang=ru
Формалды негіздер бойынша бас тартуға жол берілмейтін мемлекеттік қызметтер: Қазақстан заңнаманы жетілдіруде 16.07.2026
2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.Реформаның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру және мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының сервистік моделіне көшу болды. Алғаш рет заңнамалық деңгейде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделі бекітілді.Заңмен мемлекеттік қызмет көрсетуден формалды негіздер бойынша бас тартуға жол бермеу қағидаты енгізілді. Егер өтініште қателер болса немесе құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса, қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың орнына анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім беріледі.Сонымен қатар, қызмет алушы ұғымының аясы кеңейтілді. Енді құқықтарды қорғау тек өтініш берген азаматтарға ғана емес, мемлекеттік қызметті алуға ниет білдірген тұлғаларға да қолданылады. Осындай жағдайлар үшін техникалық ақаулар туындаған кезде өтінішті қайта тапсырмай-ақ мемлекеттік қызметті алу құқығын сақтауға мүмкіндік беретін «Цифрлық күту парағы» енгізіледі.Тағы бір жаңашылдық – «көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші» ұғымының енгізілуі. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін айқындауға және әрбір кезеңде белгіленген мерзімдердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, заңнамада мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бас тартудың барлық негіздерін бір мезгілде көрсету, сондай-ақ жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей оларды көрсету қағидаларын бекіту міндеті белгіленді.Жаңа заңнамалық нормалар мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.Өзгерістердің басым бөлігі 2026 жылғы шілде айынан бастап күшіне енеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1257925?lang=ru
«Мөлдір бұлақ» – табиғатқа деген жанашырлық әр азаматтың ісінен басталады! 16.07.2026
11 шілде күні Бейімбет Майлин ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті.Экологиялық акцияға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Мұрасұлы Өтелов қатысып, Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыповпен бірге Әйет ауылындағы бұлақ көзін тазарту жұмыстарына қатысты.Іс-шараға сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері, «Қазсушар» РМК мамандары, бассейндік инспекциялардың өкілдері, еріктілер, студенттер, ақсақалдар және аудан тұрғындары қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бұлақ маңы тазартылып, туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға кезекті үлес қосылды.«Бұл акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, өз өңірлерінде бұлақтарды тазалау мен ағаш отырғызу жұмыстарын өз бастамасымен ұйымдастыратын азаматтардың қатарын көбейтіп келеді», – деп атап өтті Сағи Өтелов.«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – табиғи су көздерін абаттандыру ғана емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау, қоғамды ортақ іске жұмылдыру және табиғатты келер ұрпақ үшін сақтауға бағытталған маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1257926?lang=ru
Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе? 16.07.2026
Сұрақ: Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?Жауабы: Пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайды.Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айырмаға есептеледі.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік объектілері бойынша меншік құқығында бір жылдан астам болған жағдайда салық салудан босату қолданылады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған объектілер бойынша салық салудан босату үшін ең төменгі меншік мерзімі – екі жылдан астам.Егер көрсетілген меншік мерзімі сақталса, пәтерді сату кезінде (заңнамада көзделген өзге де негіздер болмаған жағдайда) жеке табыс салығы туындамайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1257913?lang=ru
Облыста орман өртінің орташа ауданы 2,5 есеге қысқарған 16.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен орман алқаптарындағы өрт қаупі жағдайы жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы орман алқаптарын кеңейтуді және оларды қорғауды жалпыұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындады.Облысымызда орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын орман шаруашылығы мекемелерінде 825 адам жұмыс істесе, бүгінде олардың саны 1 242 адамға жетті.«Соңғы үш жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға шамамен 8 млрд теңге бағытталды. Осы қаражатқа 51 өрт сөндіру автокөлігі, 86 трактор, 36 орман өртін сөндіру кешені және 78 патрульдік техника сатып алынды. Нәтижесінде орман мекемелерінің техникамен қамтылу деңгейі 90%-ке жетті. Оның ішінде өрт сөндіру автокөліктерімен қамтылу көрсеткіші – 100%», – деді облыс әкімі.2025 жылы Әулиекөл ауданында соңғы 30 жылда алғаш рет биіктігі 35 метрлік өртті бақылау мұнарасы салынды. Алдағы үш жылда тағы 20 мұнара орнатылады. 2028 жылдың соңына дейін облыстың орман алқаптары 100% мұнарамен қамтылады.Бүгінде орман алқаптары 70%-ін қамтитын 40 бейнебақылау камерасы бар. 2022 жылы небәрі 8 камера ғана жұмыс істеді.Қабылданған шаралардың нәтижесінде бір орман өртінің орташа ауданы 2,5 есеге қысқарып, 11,4 гектардан 2025 жылы 4,6 гектарға дейін төмендеді. Ал биыл бұл көрсеткіш 1,5 гектарды құрап отыр.Орман өрттерінің орташа ауданының азаюының арқасында бір өрттен келетін орташа материалдық залал да едәуір төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 есеге қысқарып, 849,1 мың теңгеден 73,2 мың теңгеге дейін азайды.Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, өрт қаупінің 4-ші немесе 5-ші деңгейі жарияланған кезде азаматтардың орманға баруына шектеу қойылады, ауыл шаруашылығы және жүк көліктерінің орманға кіруіне, өрт шығу қаупін арттыратын жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1257893?lang=ru
Аппараттық кеңесте бизнес нысандарын абаттандыру және қаланың сәулеттік келбеті мәселелері қаралды 16.07.2026
Бүгін өткен аппараттық кеңесте Қостанай қаласындағы бизнес нысандарын абаттандыру, заңсыз орналастырылған объектілерді жою және қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.Қала әкімдігінің ұстанымы өзгеріссіз: барлық кәсіпкерлік нысандары қолданыстағы заңнама талаптарына және Абаттандыру қағидаларына толық сәйкес келуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінің меншік иелеріне нысандарды белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша 1802 ұсыным берілді. Белгіленген талаптарды жүйелі түрде бұзатын тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатын болады.Кеңес барысында заңсыз орналастырылған нысандарды анықтау және демонтаждау жұмыстарының нәтижелері де айтылды. Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында 26 стационарлық емес сауда павильоны алынып тасталды. Соңғы үш жыл ішінде заңсыз орнатылған 505-тен астам дүңгіршек, павильон және сауда сөресі демонтаждалды. Сонымен қатар рұқсатсыз орналастырылған жарнамалық конструкциялар мен ойын-сауық автоматтарын жою жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.Қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде Қостанайдың бірқатар көшелерінде дизайн-код енгізілген. Алдағы уақытта бизнес нысандарын сыртқы безендіруге қойылатын бірыңғай талаптарды енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1257868?lang=ru
Шомылу маусымы қауіпсіз өтуі тиіс 16.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жазғы маусымда судағы қауіпсіздік мәселесі жөнінде аймақ әкімдігінің отырысы өтті.Бүгінде өңір аумағында шомылуға арналған 23 ресми орын белгіленген. Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – ата-аналардың балаларды тиісті деңгейде бақыламауы, алкогольдік масаң күйде суға түсу және өз мүмкіндігін асыра бағалау. Балалар міндетті түрде ата-анасының немесе ересектердің бақылауымен ғана шомылуы тиіс. Егер кәмелетке толмаған баланың ересектердің қарауынсыз су айдынының маңында жүргені анықталса, оның ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.«Жаз – демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін жауапкершілігі жоғары кезең. Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ата-аналарға байланысты. Облыс аумағында тыйым салатын тағы 217 ескерту белгісін орнату қажет. Біздің міндетіміз – осы белгілерді орнату арқылы тұрғындарды қауіп туралы ескерту. Алайда әр азамат өз өмірі мен қауіпсіздігіне өзі жауапты», – деді аймақ басшысы.Қазіргі уақытта құтқару қызметіне қарасты 35 автокөлік, 21 жүзу құралы, 30 суасты сүңгуір жабдығы, 97 байланыс құралы, 30 бірлік құтқару жабдығы бар. Қостанай қаласы Тобыл өзенінің жағалауындағы су-құтқару станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.«Біздің ортақ негізгі мақсатымыз – табиғат аясындағы қауіпсіз демалыс мәдениетін қалыптастыру және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың санын азайту», – деп атап өтті облыс әкімі.Аймақ басшысы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі органдарға қауіпсіздік талаптары жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1257880?lang=ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары 15.07.2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: заңдылық; адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; жариялылық пен ашықтық; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1257855?lang=ru
"Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы 15.07.2026
Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау (бұдан әрі - КҚКД) халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралдарын және (немесе) темір жол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, әуе және теңіз көлік құралдарын, сондай-ақ тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды қолдану және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші КҚКД шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына КҚКД қағаз тасығышын беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 29-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес КҚКД ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1257819?lang=ru
ТІЖҚ растау және ИСНА АЖ-дағы техникалық мәселелер 15.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүгіністер санын азайту мақсатында салық төлеушілердің назарына келесіні жеткізеді.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - ҚР СК) 21-бабының 16) тармақшасына сәйкес - тауарларға ілеспе жүкқұжат (бұдан әрі - ТІЖҚ) бұл тауарлардың қозғалысын бақылау үшін, оның ішінде салық төлеушіге тауарлардың тиелгенін растайтын тауарға ілеспе құжат.ҚР СК 179-бабының 3-тармағына сәйкес, ТІЖҚ-ны ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу нысандарын, тәртібін және олардың құжат айналымын уәкілетті орган айқындайды.Атап айтқанда - «ТІЖҚ-ны ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың Тізбесін, сондай-ақ ТІЖҚ-ны ресімдеу нысандарын, Қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығымен.Жоғарыда аталған бұйрықтың 16-тармағына сәйкес, ТІЖҚ Салық кодексінің 179-бабына сәйкес жеткізуші (тауарларды импорттау кезінде - алушы) келесі мерзімдерде ұсынылады:ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін;тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына экспорттау кезінде – тауарларды тасымалдау, сату және (немесе) тиеу басталғанға дейін кешіктірмей;ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асырған кезде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде.ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау немесе Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына автомобиль немесе әуе көлігімен тауарларды экспорттау кезінде мемлекеттік кірістер органының қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту фактісі ТІЖҚ-ға тиісті белгі қою арқылы расталады.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағындағы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өту фактісін растау туралы ТІЖҚ-да белгі болмаған жағдайда («Қарақоға», «Қызылжар», «Бидайық» және «Жаңа жол» өткізу пункттері) салық төлеушілерге «WhatsApp» мессенджері арқылы ТІЖҚ-ға белгі қою үшін ақпаратты тауардың шекарадан өткені туралы талонды және ТІЖҚ нөмірін міндетті түрде қоса бере отырып, 8-778-571-88-08 қызметтік нөміріне жіберуді ұсынамыз ,экспорттық бақылау бөлімінің телефоны 8 (7152) 46-21-98.Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 283-1-бабымен ТІЖҚ тіркеу кезіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1257790?lang=ru
Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды 15.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша жиын өтті.Жиында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары, салық түсімдерін ұлғайту, жергілікті бюджет кірістерін арттыру және алдағы кезеңге қойылған міндеттер жан-жақты қаралды.Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап, жоспарлы индикаторлардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.– Аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілді. Бұл қарқынды бәсеңдетпей, әрбір көрсеткіштің ай сайынғы орындалуына тұрақты талдау жүргізіп, нақты болжамдар әзірлеу қажет. Барлық жоспарлы индикаторлардың толық орындалуы қатаң бақылауда болуы тиіс, – деді аудан әкімі.Мәжілісте ауданның өз кірістер жоспарының 108,4 пайызға, ал төртінші деңгейлі бюджет кірістерінің 107,5 пайызға орындалғаны айтылды. Сонымен қатар, кент және ауылдық округтері әкімдеріне аудандық экономика және қаржы бөлімімен бірлесіп барлық салық түсімдерінің жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырып, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1258393?lang=ru
Камералдық бақылау хабарламаларын орындау нәтижелері 15.07.2026
Ағымдағы жылы салық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған алдын алу шаралары шеңберінде салық төлеушінің кабинетіне белгілі бір кезеңдегі мынадай бағыттар бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) "Push-хабарламалар" жіберіледі: – ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеушілерге-сату бойынша ҚҚС сомасын төмендету бойынша (н. 300.00): – ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеушілерге-есепке жатқызылған ҚҚС сомасын асыра бағалау бойынша (н. 300.00): Бұл хабарламаларда сәйкессіздіктерді анықтау алгоритмінің сипаттамасы, сондай-ақ мәліметтерді өз бетінше тексеру бойынша ұсыныстар көзделеді. Салық төлеушілерге мәліметтерді салыстырып тексеру және ықтимал сәйкессіздіктерді жою ұсынылады. Ары қарай автоматтандырылған режимде камералдық бақылаудың анықталған бұзушылықтары туралы хабарламалар қалыптастырылады және салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне жіберіледі. 2025 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша ШҚО бойынша салық төлеушілер камералдық бақылау хабарламалары бойынша жалпы сомасы 2,4 млрд.теңгеге қосымша ҚҚС есептеді, оның ішінде ҚҚС төлем тапсырмасымен 1,9 млрд. теңге төленді. Хабарламаны орындамаған кезде салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер бойынша салықтық тексеру жүргізуге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1257744?lang=ru