Қоғам
Абай облысындағы сотталғандар фермерлік шаруашылыққа арналған алғашқы тұрғын модульді әзірледі 16.09.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде қолданбалы өнер және ағаш өңдеу цехында еңбек ететін сотталғандар шаруа қожалықтары қызметкерлері мен құрылыс бригадаларының уақытша тұруына арналған модульдік үйлерді дайындауға кірісті. Мұндай құрылымдар тұрмыста көбіне «тұрмыстық вагон» немесе «құрылыс вагончигі» деп аталады. Алғашқы тұрғын модуль Алматы облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің жеке тапсырысы бойынша дайындалды. Жобаны жүзеге асыруға құрылыс және ағаш өңдеу саласында тәжірибесі мен практикалық дағдылары бар бес сотталған қатысты. Үйшіктің ішінде уақытша тұруға қажетті барлық жағдай қарастырылған: тұрғын бөлме, душ және санитарлық торап бар. Дайындау барысында сапалы құрылыс материалдары қолданылып, сенімділік пен пайдалану қолайлылығы талаптары сақталады. Осындай бір модульді дайындаудың орташа мерзімі шамамен бір айды құрайды. — Өндірістік процеске қатысу бізге тұрақты жұмыспен қамтылып қана қоймай, бостандыққа шыққаннан кейін де қажет болатын кәсіби дағдыларымызды жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұрын құрылыс саласында жұмыс істегенмін, сондықтан бұл іске қызығушылықпен кірістім. Мұнда біз жай ғана тапсырысты орындап қоймай, сұранысқа ие өнім жасап, жауапкершілік пен командалық жұмысқа үйренеміз. Бұл мен үшін кәсіби дағдыларымды сақтап, дамытуға, ал босап шыққаннан кейін тезірек бейімделіп, жұмыс табуға мүмкіндік береді, — деді сотталғандардың бірі. — ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік қызметті дамыту сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің маңызды бөлігі болып табылады. Сотталғандарды еңбекпен қамтудың негізгі мақсаты — олардың уақытын тиімді ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар еңбек дағдыларын, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру. Бүгінде мекемеде сотталғандардың сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, бар тәжірибесін іс жүзінде қолдануына жағдай жасалуда. Осындай модульдік үйлердің өндірісі шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетті әрі нарықта сұранысқа ие бола алатынын көрсетеді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Серик Жангасканов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1292893?lang=ru
Алматы қаласы бойынша МКД кәсіпкерлермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді 16.09.2026
2026 жылғы 16 қыркүйекте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің жергілікті бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті.Кездесуде шағын және орта бизнесті толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды:арнаулы салық режимдерін қолдану;тауарларды импорттау және маркетплейстер арқылы сату кезінде ҚҚС төлеу;өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жұмыс істеу шарттары;жекелеген салаларға салық салу ерекшеліктері.МКД мамандары қатысушыларға жан-жақты кеңес беріп, кәсіпкерлердің жеке сұрақтарына жауап берді.Осындай ашық диалог форматы бизнеске ресми түсіндірмелерді жедел алуға, ал мемлекеттік органдарға нарықтың сұраныстарына уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1292897?lang=ru
Жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды 16.09.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жиында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі, энергия көздері мен жылу желілерін жөндеу, отын қорын қалыптастыру мәселелері қаралды.Аймақта жауапты кезеңге дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, 1 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.Сонымен бірге алдағы жауапты маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.Жалпы 7,6 млрд. теңгеге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.Аймақтағы 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Бүгінде энергетикалық және әлеуметтік нысандардың дайындық паспорты алынып жатыр. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна, тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна керек. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтауды бекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1292885?lang=ru
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздіні барынша жоғары мекемесінде балалар төсек-орын жабдықтарын тігетін тігін цехы ашылды 16.09.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздіні барынша жоғары мекемесінде балалар үйлеріне, интернаттарға және сәбилер үйлеріне арналған балалар төсек-орын жабдықтарын тігетін тігін цехы жұмысын бастады. Бүгінде цехта беске жуық сотталған азамат еңбек етуде. Ал алдағы уақытта қосымша тағы 15-ке жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Өндіріс іске қосылғанына бірнеше күн ғана болғанына қарамастан, тігін цехы балаларға арналған мың дана төсек-орын жиынтығын тігуге ірі тапсырыс алып үлгерді. Оның құрамына жайма, жастық тыс және көрпе тыс кіреді. Алғашқы тапсырыс Алматы қаласындағы балалар үйі-интернатына жөнелтіледі. Сотталғандардың еңбекақысы кесімді түрде төленеді. Орта есеппен бір жұмысшы күніне оннан астам жиынтық дайындайды. Табылған қаражат сот шешімімен тағайындалған талаптарды өтеуге, сондай-ақ отбасыларына көмек көрсетуге бағытталады. Цехтағы жұмыс сотталғандарға тек ресми табыс табуға ғана емес, сонымен қатар сұранысқа ие мамандықты меңгеруге, тәжірибелік дағдылар алуға және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге дайындалуға мүмкіндік береді. Болашақта өндірісті кеңейтіп, әйелдер киімін тігетін желіні іске қосу жоспарлануда. — Тігін цехындағы жұмыс мен үшін ерекше маңызға ие. Дәл осы жерде жұмыс істеп жүргеніме қуаныштымын. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты менің кәмелетке толмаған екі балам қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Әр тапсырысты орындаған сайын, өз балама арнап тігіп жатқандай сезінемін. Сондықтан жұмысқа бар жанымды саламын. Бұл мен үшін балаларға пайдалы болудың әрі олардың алдындағы жауапкершілігімді сезінудің бір мүмкіндігі, — деп бөлісті сотталған азамат. — Өндірістік қызметті дамыту сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етеді. Біздің міндетіміз — сотталғандардың еңбек дағдыларын меңгеріп, мамандық алып, қоғамға қайта оралуына дайындалуына жағдай жасау. Еңбек адамды тәртіпке үйретеді, жауапкершілікті қалыптастырады және өмірлік құндылықтарды қайта қарауға көмектеседі. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Осындай жобалар сотталғандардың пайдалы дағдыларды меңгеруіне, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруына және бостандыққа шыққаннан кейін өмірге сәтті бейімделуіне көмектеседі, — деді мекеме бастығының міндетін атқарушы Айдын Қалелов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1292880?lang=ru
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыбастау ауылдық округіне қарасты елді мекендерде ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары жүргізілді. 16.09.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybastau/press/news/details/1292842?lang=ru
Кітап Оқитын Ұлт 16.09.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1292820?lang=ru
Өткізу пунктеріндегі көліктік бақылауды жүзеге асыру 16.09.2026
ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде, өз құзірет шегінде, Еуразиялық экономикалық одақ кеден шекарасы арқылы көліктік өткізу пунктілерінде көліктік бақылау жүргізу функциялары атқарылады.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 402 бабының 9 тармағына сәйкес, көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.Кеден бекеттің лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылау, қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 230 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 141 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.Аталған қағидаларда, көлік құралына қатысты көліктік бақылау және де іс-жүзіндегі салмақтық және габариттік параметрлерін тексеруді жүзеге асыру кезіндегі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті бекітілген.2026 жылдың 8 айында, ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен 14256 көлік құралдарына қатысты көліктік бақылау жүргізілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөлік құралдарының саны 27% пайызға ұлғайғандығы байқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1292824?lang=ru
Абай облысының әйелдер колониясында жартылай фабрикаттар дайындау бойынша шеберлік сабағы өтті. 16.09.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты әйелдер колониясында жартылай фабрикаттар өндіретін цехта жұмыс істейтін сотталған әйелдер үшін сұранысқа ие өнімдерді дайындау бойынша практикалық шеберлік сабағы өткізілді. Бір ай бойы қатысушылар заманауи дайындау технологияларын меңгеріп, манты, самса, тұшпара, вареник, чебурек, котлет және басқа да жартылай фабрикат түрлерін дайындау мен түюді үйренді.Оқу курсына оннан астам сотталған әйел қатысты. Бағдарлама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға кәсіби оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.Шеберлік сабағын Жаңғызтөбе кентінің жартылай фабрикаттар өндіру саласында практикалық тәжірибесі бар кәсіпкері өткізді. Сабақ барысында ол нарықтағы заманауи үрдістер, тұтынушылардың талғамы мен өнім сапасына қойылатын талаптар туралы айтып, сондай-ақ танымал өнімдерді дайындау технологиясын көрнекі түрде көрсетті.Санитариялық нормаларды сақтау, өнімдерді дайындау технологиясын дұрыс ұстану, дайын өнімді сақтау талаптары, пайдаланылатын ингредиенттердің сапасы және дайын өнімнің эстетикалық безендірілуіне ерекше көңіл бөлінді.Шеберлік сабағына қатысушылар процесті бақылап қана қоймай, ингредиенттерді дайындаудан бастап, өнімдерді түю және безендіруге дейінгі барлық кезеңдерді өздері орындады. Көптеген әйелдер үшін бұл оқу бостандыққа шыққаннан кейін одан әрі жұмысқа орналасуға және қоғамға бейімделуге көмектесетін жаңа кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.— Бүгінде жартылай фабрикаттар қолайлылығы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретініне байланысты халық арасында үлкен сұранысқа ие. Алған білімім шынымен де өзекті және бостандыққа шыққаннан кейін міндетті түрде пайдама жарайды. Сертификаттың арқасында жұмысқа орналасуға немесе тіпті үй жағдайында өнім дайындауға байланысты шағын кәсіп ашуға мүмкіндік аламын, — деп атап өтті сотталған әйел.— Мұндай іс-шаралар сотталғандарды қайта әлеуметтендіру процесінде маңызды рөл атқарады. Практикалық шеберлік сабақтары әйелдерге сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, өз күшіне деген сенімін арттыруға және болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл сотталғандардың қоғамға табысты оралуына және әрі қарай жұмысқа орналасуына бағытталған тәрбие жұмысының маңызды бөлігі, — деді мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.Іс-шара соңында естелікке жалпы фотосуретке түсіп, сотталғандарды кәсіби оқыту бағдарламасы аясында жаңа практикалық сабақтар өткізу туралы келісім жасалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1292813?lang=ru
2026 жылғы қыркүйек айына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлама 16.09.2026
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы қыркүйек айына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына», сондай-ақ «Қостанай облысында тұрғын үй сертификаттарын алушылардың мөлшері мен санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 239 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.Тұрғын үй сертификатының мөлшері бастапқы жарна сомасының 90 пайызын, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 қыркүйектен басталады.Өтінімдер белгіленген тәртіппен электрондық нысанда қабылданады.Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібі, оларды алу шарттары және алушылар санаттарының тізбесі туралы толық ақпаратты «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ-нен алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1292761?lang=ru
Талғар аудандық мәслихатының аппараты «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қосылды! 16.09.2026
Талғар аудандық мәслихатының аппараты «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қосылды!Қазақстанда алғашқы рет бастау алған ауқымды «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына тіркелу ресми түрде басталғаны белгілі. Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Талғар аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері бірауыздан жобаның ресми сайтына (www.reading-nation.kz) тіркеліп, рухани бәсекеге қадам басты.Ұлттық деңгейдегі бұл маңызды жоба елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға, оқырмандар қатарын көбейтуге және заманауи зияткерлік орта қалыптастыруға бағытталған.Мәслихат аппаратының ұжымы мемлекеттік қызметшілерге арналған бағыт бойынша бақ сынап, өз кәсіби біліктіліктері мен дүниетанымдарын кеңейтумен қатар, қоғамға үлгі көрсетуді мақсат етіп отыр.«Зерделі ұлт — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт». Осындай биік мұратты көздеген ұлттық марафонға барлық әріптестерімізді және аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!Кітап оқуды өмір салтына айналдырайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talgar/press/news/details/1292769?lang=ru
2026 ЖЫЛДЫҢ 1-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША КАМЕРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ 16.09.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетпеу алшақтықтарын анықтады.Бұған негіз болған — үш күнтізбелік ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен мобильді аударымдар туралы банк деректері.Еске саламыз, хабарлама алған кезде оны 30 жұмыс күні ішінде (шамамен 45 күнтізбелік күн) орындау қажет:Егер келіссеңіз: қосымша салықтық есептілікті ұсыныңыз және өзіңіз есептеген салық сомаларын дербес төлеңіз.Егер келіспесеңіз: негіздемесі бар түсініктеме ұсыныңыз (бұл да орындау болып саналады).Камералдық бақылаудың мақсаты — салық төлеушіге алшақтықтарды өз бетінше түзетуге мүмкіндік беру.Хабарламаның бар-жоғын тексеру және оны орындау «Салық төлеушінің жеке кабинетінде» қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1295321?lang=ru
Қазақстанда көлеңкелі экономиканың үлесі 15,69%-ға дейін төмендеді 16.09.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында көлеңкелі экономикаға және бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.Қатысушылар көлеңкелі айналымды қысқарту, экономикалық процестерді цифрландыру және кейбір салада бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесін қарады. Зергерлік нарықтағы жағдайға және оны одан әрі заңдастыру жөніндегі ұсыныстарға да назар аударылды.ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, соңғы бес жылда көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында 24 нормативтік құқықтық акт қабылданып, 20 ақпараттық жүйе жаңғыртылған. ЖІӨ-дегі бақыланбайтын экономиканың үлесі 2023 жылғы 17,58%-дан 2025 жылы 15,69%-ға дейін немесе 1,89 пайыздық тармаққа төмендеді.Көлеңкелі айналымды қысқартудың негізгі құралының бірі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау болып қала береді. «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулін, өсімдік шаруашылығындағы қадағалаудың цифрлық жүйесін, ТАІЖ және БАБЖ-ны «KEDEN» жүйесімен интеграциялау секілді ауыл шаруашылығында өнімнің қозғалысын өтпелі бақылау құралдары енгізілуде. Мұнай-газ секторында және энергетикада МӨЗ-де шикізат балансын есепке алу аспаптары орнатылып, ЖЖМ бойынша талдамалық витриналар қалыптастырылады. Резервуарларды есептеу құралдарымен жарақтандыруды қарастыратын түзетулер дайындалған. Саудада шетелдік рұқсат бланкілері цифрландырылып, навигациялық пломбалар қолданылады. Тауарларды таңбалау және каталогтау кеңейтіліп, Digital bazaar жүйесі әзірленуде.Құрылыс саласын цифрландыру жалғасуда. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының есебі жүргізіледі. Биыл Qportal.kz бірыңғай құрылыс порталы мен жасанды интеллект көмегімен жобаларды тексеретін пилоттық жоба іске қосылды. Тағы бір мәселе – өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қызметін заңдастыру. Мемлекеттік кірістер комитеті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 45 интернет-платформа интеграциясын аяқтады. МКК ақпараттық жүйесінде жаңа мәртебеде алғаш рет 774,2 мың экономикалық белсенді азамат тіркелді. Бүгінгі күні барлығы 922,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ресми тіркелсе, оның 94%-ы интернет-платформа арқылы жұмыс істейді. Олар қазірдің өзінде 9,9 млрд теңге әлеуметтік төлем төлеген.Сондай-ақ кеңесте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қаржы мониторингі агенттігінің жұмыс нәтижесі қаралды. Тағы бір бағыт зергерлік нарыққа және бағалы металл айналымын заңдастыруға арналды.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша зергерлік бұйымдардың ішкі нарығының көлемі шамамен $168 млн-ды құрап, 3,4%-ға ұлғайды. Бұл ретте өндіріс 31%-ға $7,2 млн-ға дейін өсті, экспорт $65,4 млн-ды құрады.Нарыққа қатысушылардың бағалауы бойынша, зергерлік бұйымдар айналымының едәуір бөлігі әлі де көлеңкеде. 2025 жылы ломбардтар «Тау-Кен Алтын» ЖШС-ға өңдеуге бір жыл бұрынғы 3,8 тоннаға қарағанда 3,2 тоннаға жуық бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын берген. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, аффинаждық субъектілерге сынықтар мен қалдықтарды міндетті түрде тапсыру, сондай-ақ оларды қабылдау және өткізу қағидасын жетілдіруді пысықтау ұсынылды.Серік Жұманғарин зергерлердің заңды жұмысы үшін жағдай жасау және оларды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.«Зергер – бұл нағыз өнер иесі. Олардың кәсібі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Біздегі ірі зергерлік орталықтарды сақтап, оны заңды салаға барынша жеткізу маңызды. Оның ішінде зергерлердің заңды алтын көзіне қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Жұмыс үшін ашық жағдай жасау саланы заңдастырудың негізгі қадамының бірі болмақ», — деді Серік Жұманғарин.Тағы бір мәселе – зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау. 2024 жылы зергерлік бұйымдарды таңбалауға нарықтың 45 субъектісі ұсынса, 2025 жылы олардың саны 959-ға жетті. Бұл ретте зергерлік бұйыммен жұмыс істейтін салық төлеушілердің жалпы саны 3 520. Осылайша, өткен жылы субъектілердің шамамен 27%-ы міндетті таңбалаудан өтті. Жоғары тәуекел субъектілерін анықтау және тиісті бақылау іс-шарасын, оның ішінде қайта өңделген зергерлік бұйымдарды айналымға қайта енгізу мәселесін КРМК-мен бірлесіп жүргізу ұсынылды.Кеңес соңында Серік Жұманғарин Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді және көлеңкелі схемаларды анықтау жұмысын жалғастыруды тапсырды.Сондай-ақ бағалы металл айналымы мен зергерлік нарықты реттеуді жетілдіру ұсыныстарын пысықтау тапсырылды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1292723?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1293208?lang=ru
Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті 16.09.2026
Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.Отырыста қала жолдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мәселесі қаралды. Осыған байланысты депутаттар бірқатар ескертулер айтты, атап айтқанда, кәріз құдықтарының қақпақтарын жол төсемінің деңгейіне дейін тегістеу, су бұру жүйелерін орнату, жаңбыр кәріздерін уақтылы тазалау, асфальт жабынының тығыздығы мен құрамының сапасына қатысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ жолдардың сапасын зертханалық бақылау мәселесі және аулаларды абаттандыру жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттілігі талқыланды.Сонымен қатар, Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы баяндама жасады. Талдау қорытындысы бойынша өтініштерді бөлім секторлары арасындағы маршруты қайта қаралып, олардың біркелкі бөлінуі қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызметшілердің еңбегін нормалау жөнінде ұсыныстар әзірленді.Депутаттар сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының құрметті атақтарын беруге ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның құрамына, сондай-ақ қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесуді шешіп, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізуді келісіп мақұлдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1292666?lang=ru
Жасанды интеллект әскерге шақырылушыларды әскер түрлері мен тектері бойынша бөлуге көмектеседі 16.09.2026
Қазақстанда әскерге шақыру комиссияларының жұмысына жасанды интеллект (ЖИ) енгізіле бастады. Жаңа цифрлық шешімдер әскерге шақырылушыларды әскер түрлері мен тектері бойынша қызмет өткеруге неғұрлым оңтайлы бағыттау жөнінде ұсынымдар беруге, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жергілікті әскери басқару органдарының (ЖӘБО) қызметіне заманауи технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді.Қоғамдық маңызы мен атқаратын міндеттерінің кең ауқымын ескере отырып, жергілікті әскери басқару органдары Қорғаныс министрлігінің азаматтармен тікелей өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін өзіндік «қабылдау бөлмесі» болып табылады.Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссиялары отырыстарының хаттамаларын электрондық форматта жүргізу енгізілді. Цифрлық формат құжаттарға қашықтан қол жеткізуге, қабылданған шешімдерді жедел бақылауға және олардың заңдылығын тексеруге мүмкіндік береді.Аудандық және облыстық әскерге шақыру комиссияларының цифрлық хаттамаларын қалыптастыру кезінде жасанды интеллект қолданылады. Жүйе әскерге шақырылушының антропометриялық деректері мен білім деңгейі негізінде оны тиісті әскер түрлері мен әскер тектерінде қызмет өткеруге неғұрлым оңтайлы бағыттау жөнінде ұсынымдар қалыптастырады.Бұл құрал барлық деңгейдегі әскерге шақыру комиссияларына қолжетімді және әскерге шақырылушыларды бөлудің объективтілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру орнына тағайындау туралы түпкілікті шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды.Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – азаматтарды денсаулық жағдайына байланысты мерзімді әскери қызметке шақырудан босату рәсімін электрондық форматқа көшіру. Рәсімді автоматтандыру қажетті процестерден өту мерзімін қысқартып, шешім қабылдаудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.Сонымен қатар мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды қызмет өткерудің бүкіл кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босату процесі автоматтандырылды. Бұған дейін тиісті мәліметтер «e-Saqtandyru» цифрлық жүйесіне қолмен енгізілетін.Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтуға, әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға және жергілікті әскери басқару органдары жұмысының жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.Электрондық құралдар сондай-ақ әскерге шақыру процесінің барлық кезеңдерінде жүйелі мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасап, рәсімдердің ашықтығын арттырады және қабылданатын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз етеді.Сонымен бірге рәсімдерді автоматтандыру әскерге шақырылушылардың жинақтау пункттеріне жеке келу қажеттілігін жоймайды. Заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру туралы шешімді тек медициналық куәландыру нәтижелері негізінде әскерге шақыру комиссиясы қабылдайды. Ал медициналық куәландыруды онлайн форматта өткізу мүмкін емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1292588?lang=ru
СУДЫҢ УАҚЫТША ӨШІРІЛУІ 16.09.2026
Құрметті тұрғындар!Көпқабатты салынып жатқан тұрғын үйді Кобланды Батыра көшесі, 65 мекенжайы бойынша суық сумен жабдықтау желілеріне қосуға байланысты, Кобланды Батыра көшесі мен 3-Қостанайская көшесінен 4-Қостанайская көшесі, 16-үйге дейінгі аралықта ауыз су беру уақытша тоқтатылады.Өшіру күні: 16 қыркүйек 2026 жылУақыты: 09:00-ден 21:00-ге дейін.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1292569?lang=ru
«Оқушы ұлт» атты республикалық кітап оқу марафоны 16.09.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1292557?lang=ru
Мобильді аударымдарға салық салына ма? 16.09.2026
Мобильді аударымдарға салық салына ма? салық салына ма? Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1292543?lang=ru
Жұмыс беруші ұстаған ЖТС-ты аудару мерзімі және мерзімді бұзғаны үшін жауапкершілік 16.09.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіреді. Сұрақ. Жұмыс беруші менің жалақымнан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстап қалады. Ұсталған ЖТС-ты жұмыс беруші бюджетке қандай мерзімде аударуға міндетті және белгіленген мерзімді бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген? Түсіндірме. ҚР Салық кодексінің 440-бабына сәйкес төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша ЖТС-ты салық агенті (жұмыс беруші) кірісті есептеген кезде есептейді. ЖТС кіріс төленген күннен кешіктірілмей ұсталады.Салық агенті ұсталған ЖТС-ты өз орналасқан жері бойынша кіріс төленген ай аяқталғаннан кейін жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті (тәжірибеде — жалақы төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей).Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің кірістері бойынша ЖТС тиісті бюджеттерге осы бөлімшелердің орналасқан жері бойынша аударылады. Жауапкершілік. ӘҚБтК-нің 279-бабының 2-бөлігіне сәйкес салық агентінің ұсталған салық сомаларын белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы айыппұлға әкеп соғады:- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 5 АЕК;- орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 10 АЕК;- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 20 АЕК.Салық агенті соманы өз бетінше анықтап, қосымша салық есептілігінде көрсетіп, есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударса, әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1292529?lang=ru
Жас ақындар айтысының шешуші кезеңі Қапал ауылында өтті 16.09.2026
Қапал ауылдық мәдениет үйінде Жетісу облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Біржан мен Сара айтысы – ұлттық өнердің айнасы» атты облыстық жас ақындар айтысының екінші әрі шешуші кезеңі өтті.Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен жас айтыскерлер жұпқа бөлініп, суырыпсалмалық өнерде бақ сынады. Сөз сайысында олардың тапқырлығы, шешендігі, ой ұшқырлығы мен импровизациялық қабілеті сараланып, үздіктері анықталды.Дүбірлі додада бас жүлдені Жаркент қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Болатхан Мейрамбек жеңіп алды.Бірінші орын Талдықорған қаласындағы Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектептің 5-сынып оқушысы Мұхамади Нұрлыға бұйырды. Екінші орынды Ескелді ауданындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Рақымжан Ғалымжан иеленсе, үшінші орынға Талдықорған қаласындағы №30 мектептің 5-сынып оқушысы Айқынқызы Айсері лайық деп танылды.Ұлттық өнерді ұлықтаған байқауда өздерінің шығармашылық қабілеті мен ізденісін танытқан бірқатар жас ақындарға арнайы сыйлықтар табысталып, түрлі номинациялар берілді.Айтысқа қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілеріне Талдықорған – Қапал бағыты бойындағы тарихи-мәдени нысандар таныстырылды. Сондай-ақ Қапал ауылындағы Ақын Сараның мемориалды музейіне экскурсия ұйымдастырылып, қатысушыларға қазақтың айтыс өнерінің көрнекті өкілі Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат берілді.Айтыстың іріктеу кезеңі бұған дейін 10 қыркүйек күні Талдықорған қаласы, облыстық музейде өткен болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1292493?lang=ru
Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті аясында ҚР Әділет министрлігі мен Кореяның Зияткерлік меншік министрлігі зияткерлік меншік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 16.09.2026
Меморандум екі ел арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. Құжат ақпарат пен тәжірибе алмасуды, құзыретті органдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруді, сондай-ақ осы саладағы бірлескен іс-шаралар мен бастамаларды іске асыруды көздейді.Меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам және озық тәжірибелермен алмасу мен заманауи тәсілдерді енгізу үшін қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.Меморандум ережелерін іске асыру екі елдің тиісті мемлекеттік органдары арасындағы институционалдық және кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1292416?lang=ru