Қоғам
«Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың маусым айының 1 жұлдызында Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата -аналар және БАҚ өкілдері қатысты. Фестиваль барысында қонақтар балалар шығармашылығынан ұйымдастырылған «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады.Фестивальда 150 бала өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысқан бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35091?lang=kk
ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының жеңімпаздары 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 1 маусым аралығында Нұр- Сұлтан қаласында өткен ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының халықаралық кезеңіне облыстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп –интернатынан» «Ым-ишаратпен ән айту» номинациясы бойынша Аманов Айбек, Үкібай Гүлнәр және «№2 арнайы жалпы білім беру мектебінен» «Хореография» номинациясы бойынша Көңілқос Меруерт, Зұлфухар Тұрсынай, Қонысбаева Гүлдана қатысып қайтты.1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Барыс» аренасында өткізілген фестивалдің гала-концертінде «ХІV «Жұлдызай» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жоғары денгейде өнер көрсеткені үшін» дипломдарымен марапатталып, демалыс күндерін жақсы өткізіп, қуанышты көңіл-күймен оралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35090?lang=kk
Туристік шатырлы лагерь 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 03-04 маусым күндері аралығында білім басқармасының 2019 жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйрығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «Ақмыш» демалыс орнында алғаш рет 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Шатырлы лагерьге Мұнайлы ауданының 45оқушысы қатысты.Қатысушылар шатырлы лагерьдің ашылу салтанаты барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай гимнді орындап және «Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау» күніне арналған тазалық жұмыстарын жүргізді. Шатырлы лагерь бағдарламасына сәйкес, оқушыларға экологиялық квест, туристік-спорттық ойындар ұйымдастырылып және кешкі алау жанында бард әндері орындалды.Келесі күні Шерқала, Айрақты, Самал шатқалдарына саяхаттар жасалынып, табиғат көріністерін тамашалады. Шатырлы лагерьге барлығы 56 адам қамтылды. Қатысушылар тарапынан туристік шатырлы лагерьдің жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35087?lang=kk
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні 14.04.2025
Облыс көлемінде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беру ұйымдарында, колледждерде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды.Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата -аналар және БАҚ өкілдері қатысты. Фестиваль барысында қонақтар балалар шығармашылығынан ұйымдастырылған «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады. Фестивалде 150 бала өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысқан бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табыс етілді.«Tree of life» жазғы демалыс базасында 300-ден астам аз қамтылған отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға , облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік шара ұйымдастырылды.Шараға арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің орынбасары Р.Сәкеев балалар мен ата-аналарға облыс әкімі Е.Тоғжановтың құттықтауын жеткізді. «Балбөбек» балалар театрының ұйымдастыруымен түрлі ойындар өткізілді. Балаларға демеушілердің тарапынан сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік дастархан жайылып, ата-аналар мен балалар өз ризашылықтарын білдірді.Сонымен қатар Ақтау-Құрық жолындағы экзотикалық құстар саябағына саяхат, «Мы люди, мы вместе» ҚҚ денсаулық сақтау басқармасы және Форте банк ұжымының бірлескен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен «Папа, мама және мен» атты спорттық жарысы, «Луара» ҚҚ жанындағы инклюзивтік би студиясының қорытынды концерті өткізілді.Аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында, «Ақтау», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрларда «Маугли» , «Алладин», «Аңқау аю» атты (мектепке дейінгі балалар) қойылым тегін кино, мультфильмдер көрсетілді.Жалпы білім беру ұйымдарында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.Оқушылар орталығының ұйымдастыруымен «Ақбота» ойын-сауық орталығында «Бақытты балалық» асфальтқа сурет салу байқауы, аула клубтары үйірмелеріне қатысушылар арасында шахмат, тоғызқұмалақтан жарыс, «Біз спортты таңдаймыз!» атты спорттық шаралар,мектепке дейінгі ұйымдарда «Сиқырлы қылқалам» асфальтқа сурет салу байқауы, бастауыш сыныптар арасында «Толағай»- жанұялық сайысы өткізілді. 1 маусым күні аудандар мен қалаларда балалар шығармашылық фестивалдері, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, флешмобтар, асфальтқа суреттер салу конкурстары т.б бойынша 30-дан астам негізгі іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 30000-нан астам бала қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35083?lang=kk
Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы 14.04.2025
«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Серік Батырұлы Темірғалиев танылды.2019 жылдың 1 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.9 номинация бойынша өткен байқауға қатысу үшін барлығы 76 өтінім келіп түсті Номинациялар бойынша жеңімпаздарды республикалық конкурстық комиссия анықтады, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өткен онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша 3 номинант анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/35052?lang=kk
ҮЕҰ-мен кездесу 14.04.2025
Ағымдағы жылы 13 маусым күні Маңғыстау облысының білім басқармасының 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ-мен кездесу өтті. Аталған кездесуге Маңғыстау облысы білім басқармасының бас маманы О.Мамутова, бөлім басшысы Ш.Байдуллаева, облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасарлары Ж.Жумабаева, А.Мамаева және ҮЕҰ-дың директорлары қатысты. Кездесу барысында жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ директорлары іс-шара жоспарларымен және атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Шара соңында жобалар аясында қарастырылған іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау қажет екендігі айтылып, бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35047?lang=kk
Аудан әкімдігінде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай (ұлттық) күні өтті. 14.04.2025
Жалпы республикалық имидждік акция аясында азаматтарды қабылдау 2019 жылғы 21 қарашада Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында Қарасу ауданы әкімдіктерінде Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтті. Аудан, ауыл және ауылдық округі әкімдерімен 69 адам қабылданды. Өтініштердің ең көп саны жолдардың сапасын жақсарту, сумен жабдықтау, жарықтандыру, жұмысқа орналастыру, Денсаулық сақтау, білім беру және т. б. мәселелер болды. Қабылдау аудан әкімі орынбасарларының, мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, қоғамдық ұйымдар басшыларының қатысуымен, ауыл әкімдері деңгейінде – мектеп және балабақша, мәдениет үйлері директорларының, учаскелік полиция инспекторларының, ветеринарлық дәрігерлердің, пошта өкілдерінің, ФАП немесе медициналық пункт меңгерушілерінің, ірі кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен өткізілді. Қабылдау барысында азаматтар жеке қабылданды, қойылған мәселелерді шешу бойынша толық түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/press/news/details/35045?lang=kk
Анар Жаилғанова және Алексей Комиссаров «Президенттік жастар кадр резервінің» перспективасын талқылады 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова «Россия – страна возможностей» автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Алексей Комиссаровпен кездесу өткізді.Кездесу кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында болашақ басқарушыларды іріктеу бойынша «Россия — страна возможностей» президенттік платформасының флагмандық жобасы — «Лидеры России» байқауы өтуде.Ресейлік жоба үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты - азаматтардың белсенді бөлігі үшін нақты әлеуметтік лифтілер құру.Тараптар Қазақстандағы Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба жоғары технологиялық және өзгермелі ортада жұмыс істеу дағдысы бар жас мамандарды - «Y» буынының өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту арқылы жүйелі жаңартулардың катализаторы болуға тиіс.Болашақ резервшілерге мемлекеттік аппарат жұмысының стилін барынша тиімділік, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен халықпен жұмыс істей білу жағына қарай өзгерту бойынша үміт артылады», - деп атап өтті МҚІА басшысы.Өз кезегінде А. Комиссаров «Лидеры России» байқауының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету шаралары туралы әңгімеледі.Оның айтуынша, байқауға деген сенім бірден пайда бола қойған жоқ, Қазақстандағыдай жобаға қатысушылардың тағдырына қатысты мәселелер өткір тұрды.«Бүгінгі таңда конкурс жеңімпаздарының ішінен 150 адам белгілі бір лауазымдарға тағайындалды. Біз жеңімпаздарға деген қызығушылық жоғары екенін көріп отырмыз... Байқау барынша ашық өтіп жатқанын мақтан тұтамын», - деді ол.«Россия – страна возможностей» автономды коммерциялық емес ұйымының бас директорын кезеңдер, мерзімдер мен іріктелген 300 резервисті одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері ерекше қызықтырды.Кездесуде А. Комиссаров Қазақстанның мемлекеттік қызметін қалыптастыру жүйесі және елдегі кәсіби аппаратты құрудың жетістіктері туралы хабардар болды.Сонымен бірге, МҚІА басшысы алдымыздағы мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері санының 25% - ға қысқаруы туралы айтты.«Мемлекеттік басқарудың жалпы контекстінде барлық қабылданып жатқан шаралар ықшам, бірақ тиімділігі жоғары және кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған», - деп атап өтті А. Жаилғанова.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің мемлекеттік қызметінің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған кәсіби байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және «Россия – страна возможностей» автономды коммерциялық емес ұйымы арасында ынтымақтастық және кәсіби байланыстарды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды.Меморандумда көзделген бірлескен іс-шараларды өткізудің арқасында тараптар арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы кәсіби байланыстардың жаңа деңгейіне қол жеткізіледі деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35044?lang=kk
Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында азаматтарды жеке қабылдау мен ашық есік күні өтеді 14.04.2025
2019 жылдың 26 қарашасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Римма Аждарқызы Салықова Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында азаматтарды жеке қабылдау мен ашық есік күнін өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35040?lang=kk
«Ең үздік гид - экскурсовод» облыстық сайысы 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы оқушылар арасында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, олардың ізденушілік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының белсенділігін арттыру және білім берудің, тәрбиелеудің кеңістігі ретінде мектеп музейі қызметін қалыптастыра отырып, Үздік гид-экскурсоводты анықтау мақсатында «Ең үздік гид экскурсовод» облыстық сайысын өткізді.Сайысқа әр аудан, қаладан барлығы 11 оқушы қатысты. Қатысушылар «Үздік музей таныстырушы» және «Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» номинациялары бойынша өз бақтарын сынады.«Үздік музей таныстырушы» номинациясында оқушылар өздері білім алатын оқу орнындағы музейді бейнеролик арқылы таныстырды. Номинация барысында Түпқараған ауданының қатысушысы Амангелді Нұрай түркітанушы ғалым Ғұбайдұлла Айдаров атындағы мектеп музейін 3 тілде түсіндіру арқылы ерекшеленді.Ал «Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» номинациясында қатысушылар Маңғыстаудың тарихи-мәдени орындарында туризмді дамыту бойынша өз шығармашылығынан дайындалған туындымен (макет, жарнамалық буклеттер) таныстырды.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды.«Үздік музей таныстырушы» номинациясы бойынша:І орын – Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1, «Шахта» орта мектебінің оқушысы Амангелді Нұрай;ІІ орын – Ақтау қаласы С. Қондыбай атындағы №22 орта мектебінің оқушысы Иманғали Анел;II орын – Мұнайлы ауданы, №10 орта мектебінің оқушысы Сейіт Мақсат;ІІІ орын- Бейнеу ауданы, «Атамекен» орта мектебінің оқушысы Парахатов Нұрсұлтан;ІІІ орын- Маңғыстау ауданы, А. Өтепбергенов атындағы орта мектебінің оқушысы Әділжанқызы Гүлназ;«Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» номинациясы бойынша:І орын – Мұнайлы ауданы, №4 орта мектебінің оқушысы Ақмұрат Бекболат;ІІ орын – Бейнеу ауданы, «Атамекен» орта мектебінің оқушысы Кенжебаев Жандос;II орын – Түпқараған ауданы, «Шахта» орта мектебінің оқушысы Төлепова Гүлжазира;ІІІ орын – Маңғыстау ауданы, А. Өтепбергенов атындағы орта мектебінің оқушысы Құлтөреева Гүлімай;ІІІ орын – Ақтау қаласы №3 орта мектебінің оқушысы Утебаева Әсел;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35012?lang=kk
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні - республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10-00-ден Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды. 14.04.2025
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні - республикалық іс-шараның шеңберінде 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 10-00-ден Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдайды.Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев азаматтарды қабылдауды Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113 (ӘКК «Жетісу» ғимараты) мекен-жайында орналасқан Алматы облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында өткізеді.Қабылдауға алдын ала жазылу Құқық қорғау қызметтері орталығында немесе 8 (7282) 41-32-80 телефоны арқылы жүргізіледі.Аудандық бөлімдерде қабылдау орны мен жазылу жолдары жайлы www.alm.prokuror.gov.kz сайтынан біле аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35011?lang=kk
Кербұлақ ауданында Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтеді 14.04.2025
Кербұлақ ауданында Жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясы өтедіАғымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Кербұлақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында "Халық заңгері" кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Кездесуге келген ауданның кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурор қызметкерлерінен, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полиция және көші-қон полициясы қызметкерлерінен, мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін алады. Сонымен қатар, акцияға аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі инспекторы және аудандық бөлім басшылары қатысады. Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында біздің аудан тұрғындары осындай мүмкіндік алады. Акция қатысамын деген тілек білдіруші азаматтарды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35010?lang=kk
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! 14.04.2025
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қараша күні Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Кербұлақ ауданының әкімі М.С.Бигелдиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.Қабылдауға алдын ала жазылу 8/72840/ 31-0-08, 31-6-74 телефондары бойынша жүргізіледі.Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерінің әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.Азаматтарды қабылдау төмендегі мекен-жайларда өткізіледі:1.Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 10-үй, аудандық әкімдіктің ғимараты.2.Сарыөзек ауылы, Вожакин көшесі, 2-үй, Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.3.Сарыбастау ауылы Абай көшесі, 1-үй, Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.4. Қарашоқы ауылы, Құлжабай би көшесі, 39-үй, Қарашоқы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.5. Жоламан ауылы, Жоламан көшесі, 4-үй, Жоламан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.6. Қарағаш ауылы, Абай көшесі, 1-үй, Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.7. Қызылжар ауылы, Алтынсарин көшесі, 27-үй, Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.8. Қаспан ауылы, Әуезов көшесі, 2-үй, Қаспан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.9. Шанханай ауылы, Шоқан көшесі, 45а-үй, Шанханай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.10. Алтынемел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 1а-үй, Алтынемел ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.11. Басши ауылы, Асқарбек көшесі, 27а-үй, Басши ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.12. Жайнақ батыр ауылы, Балпық би көшесі, 49-үй, Жайнақ батыр ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.13. Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі, 161-үй, Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.14. Талдыбұлақ ауылы, Әуезов көшесі, 1-үй, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.15. Шұбар ауылы, Абай көшесі, 49-үй, Шұбар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.16. Көксу ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 2-үй, Көксу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35009?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! 14.04.2025
Сіздерді шын жүректен Рождество мерекесімен құттықтаймын — дәстүрлі түрде қоғамдық және рухани өмірде маңызды орын алатын жарқын мереке. Ол адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын, бір-біріне құрметпен қарауды және жалпы әл-ауқат үшін жауапкершілікті еске салады.Мәсіхтің Рождествосы әр ұрпақтың адамдарын біріктіреді, мәдени және рухани дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтады. Бұл күндері отбасылық құндылықтар, туыстары мен жақындарына назар аудару, қамқорлық пен қатысуды қажет ететіндерді қолдауға дайын болу ерекше маңызға ие.Мәсіхтің туған күнінің мерекелік атмосферасы әр үйді жылулық пен жайлылыққа толтырып, қарым-қатынас қуанышын, жан тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімділікті әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық пен өркендеу, кәсіби қызметте табыс, өз қабілеттеріне сенімділік және туған өлкенің игілігі үшін жемісті жұмыс тілеймін. Жақсы үміттер орындалсын, әр жаңа күн оң өзгерістер әкеледі.Аудан әкімі Қ. МұржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1137635?lang=kk
Кербұлақ ауданының тұрғындарының назарына! 14.04.2025
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 79-тармағын (тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру) орындау үшін, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 3-13 желтоқсанына дейін уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35802?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы 14.04.2025
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына сәйкес, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы №10 мекен-жайында орналасқан Кербұлақ ауданының маслихатының ғимаратында, ағымдағы жылдың 11 қарашасында сағат 16:00 де, Қербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі.Қоғамдық кеңес хатшысы Д. ҚастеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35006?lang=kk
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 14.04.2025
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысан бойынша Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант алу үшін өтінім (веб-бөлікте орналастырылған: www.industry.gov.kz);2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;3) өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;4) басшының қолымен және өтініш берушінің мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;5) бизнес-жоба;6) көрсетілетін қызметті алушының Бағдарлама және (немесе) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқудан өткендігін растайтын құжаттың ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын көшірмесі;7) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;8) көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адамның паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға растаған).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34998?lang=kk
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі 14.04.2025
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіОрналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Электрондық пошта мекенжайы: upiir@industry.gov.kz;Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558;Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.Конкурс нысаны: ашық конкурс.Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. "5" тамыздан бастап 2019 ж. "16" тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "5" тамыз сағат 9.00 (жергілікті уақытпен)Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "16" тамыз сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.industry.gov.kz сайтында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34997?lang=kk
Кербұлақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 14.04.2025
24 маусым 2019 жылы Кербұлақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 198 бос жұмыс орны ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34995?lang=kk
Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 14.04.2025
Хабарландыру!Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (әрі қарай - Басқарма) Кербұлақ ауданы бойынша МКБ басшысының 30.04.2019 ж. №П-20 бұйрығына сәйкес, Басқармада 8/72840/ 31145 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлайды.Сенім телефоны бойынша азаматтардан келіп түскен заң бұзушылық, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жол берген қылмыстарды жасыру туралы хабарлар қабылданады.Сенім телефонына азаматтардан келіп түсетін хабарларды қабылдау жұмыс уақытында сағат 09-00-ден 18-30 мин. дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34994?lang=kk