Қоғам
Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы 14.04.2025
2019 жылдың 14 ақпаны күні Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.Аламан бәйгеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы сөз алып, шешен-бидің өнегелі өмірі мен тағылымды ой-пікірін көпке үлгі етіп, қатысушы ақындарға шабыт тіледі.Жыр додасына республикаға танымал Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Сыр елінен Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар қатысып, бақ сынады.Аламан бәйгені екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың өнерін бағалау үшін, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы және айтыскер ақын Кенжебай Жүсіповтер қазылық етті.Қазылар алқасының шешімімен аламан айтыстың Бас жүлдесін жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншілесе, I орын – Алматы қаласынан Рүстем Қайыртайұлы, II орын – Шымкент қаласынан Біржан Байтуов, III орын – Тараз қаласынан Аруна Керімбек және Павлодар қаласынан Аспанбек Шұғатаевтарға бұйырды. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар жүлдесі» номинациясымен Орал қаласынан келген жас ақын Райымбек Өтепов марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34966?lang=kk
Жылды қорытындылау және алдағы мақсаттар 14.04.2025
Үстіміздегі жылдың 8 ақпаны күні Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Е.Абдрахмановтың қатысуымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында басқарманың 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2019 жылғы міндеттері талқыланды. Алқа мүшелерімен басқарманың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, бекітуге ұсынылды. Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, алқа төрағасы М.Әбуова, облыстағы музейлер мен архивтердің жұмысы және оларды қосу жолымен оңтайландыру барысы туралы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б.Бекмамбет мен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Н.Қуанышева және Сырдария, Қармақшы аудандарындағы мәдениет саласы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2019 жылға міндеттері туралы тиісті аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары баяндама жасады. Алқа отырысында сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті:- Қазақстан Композиторлар және Журналистер Одағының мүшесі, күйші-композитор, өнер зерттеуші Нұржанов Балтабай Сәрсенбайұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен; - Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Ыханова Құттықыз Шайыққызы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен; - Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары Цой Татьяна Дмитриевна мен Салиева Оразкүл Иярқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен;Сондай-ақ, Сыр өңірінің рухани-мәдени саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін саланың 15 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, 27 қызметкер облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және 31 қызметкер Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34965?lang=kk
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні 14.04.2025
2019 жылдың 21 қарашасында Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» халыққа жақынырақ болу идеясын қолдау мақсатында, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні аясында қала әкімі Қ.Ахметов азаматтарды қабылдады. Барлығы 107 адам жазылды, олардың 95 келді. Жазылған адамдардың көптігіне байланысты, халыққа теледидардан түрлі әлеуметтік роликтерді көріп отыратын ыңғайлы күту залын, сол ғимараттың екінші қабатындағы асханада бауырсақпен ыстық шай мен кофені ұйымдастырдық.Қабылдау барысында түрлі мәселелер қаралды, онда барлық қалалық қызметтердің бірінші басшылары қатысып отырды. Азаматтарға түсіндірулер, заңгерлік кеңестер берілді. Шешімі үшін қосымша уақыт қажет болатын мәселелер бойынша тиісті қызметтерге тапсырма берілді. Азаматтар дені жер, көше жарығы, жол құрылысы, жолаушылар тасымалы, тұрғын үй мәселесін көтерді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34958?lang=kk
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министріне қандай сұрақтар қойылды? 14.04.2025
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "еститін мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылған Азаматтарды бірыңғай ұлттық қабылдау күнінде экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі толғандыратын қазақстандықтарды қабылдады.Азаматтар қойған сауалдардың ішінде мұнай тұнбаларын жою, су қоймаларын тазалау, қорықшылық қызмет жəне басқа да мəселелер бар."Барлық сұрақтарға түсіндірулер беріліп, кейбіреулері бойынша салалық комитеттерге неғұрлым кеңірек жұмыс істеуді тапсырдым. Өңірлердегі қабылдауларды экологиялық департаменттер басшылары жүргізді. Азаматтарды қабылдау тəжірибесі біздің ведомство үшін дəстүрге айналып, еститін мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі болмақ",-деп жазды М. Мырзағалиев твиттерде азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша.Мəселен, Балтабеков Арманды Қазақстанның су қоймаларын биологиялық тазарту бойынша министрліктің қандай іс-шаралар жүргізіп жатқаны қызықтырады. Министр су қоймаларын тазарту қызметі ағымдағы жылы Су ресурстары комитетіне берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта су қоймаларындағы төменгі шөгінділерді тазалау іс-шаралары жоспарын құру жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өңірлеріндегі қабылдауларды экология департаменттерінің басшылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/34954?lang=kk
Қызылордада кәсіпкерлер саны артып келеді 14.04.2025
Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси мәлімдеді. «Биыл аймақта жастарды қолдау мақсатында мемлекеттен гранттар беру конкурсын өткізу үшін жиырма бір миллион теңге қаржыландыруға берілді. Конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субьектілері өтінім түсіп, оның 84-і қаржылай қолдау тапты. Соның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлерге тиесілі»,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.Сондай-ақ, бүгін «Байқоңыр Star-UP 3» бизнес-идеялар конкурсы өтеді. Шарада аймақ жастары өз бизнес жоспарларын ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34879?lang=kk
Қызылордада «Fly Arystan» әуе компаниясының тұрақты рейсі ашылды 14.04.2025
«Fly Arystan» әуе компаниясы 2020 жылдан бастап «Алматы–Қызылорда-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытында тұрақты рейсін енгізді. Билет құны 5 999 теңгеден басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. «Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, келер 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясының рейстері ашылады», – делінген хабарламада. Айта кетейік, рейс жиелігі аптасына 7 рет. Билеттер қаңтар айынан бастап сатылымда болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34878?lang=kk
Шекарашылар қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жолын кесті 14.04.2025
Кеше Петропавл шекара жасағының «Жаңа жол» өткізу пунктінің шекара наряды РФ-дан ҚР-ға «Тойота LC-200» автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылған қару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар «Remington 870 express» қаруы - 1 дана, 366 калибрлі «TG-2» қаруы - 1 дана, 12 калибрдің оқ-дәрілері – 49 дана, 366 калибрдің оқ-дәрілері – 62 дана, магазин – 2 дана, 10х22 калибрлі «Grandpayer Т-10» травматикалық тапаншасы – 1дана, тапаншаның оқ-дәрілері – 18 дана, магазин – 2 дана. Ұсталған азамат табылған заттарымен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға «Ауди» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болды. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.Қорғас шекаралық бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы туған екі ҚР азамат ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін «MONT» маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкеріне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34852?lang=kk
Шекарашылар Бекіре балық аулағандарды құрықтады 14.04.2025
Кеше Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау пунктінде ҚР-дан РФ-ға «Лада» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1964 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында Бекіре балық алып бара жатқанын анықтады.Ұсталған азамат Бөрілі аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.Кеше Жағалау күзеті Ақтау теңіз әскери бөлімінің шекаралық корабльдері Каспий теңізінен «Байда» типтес екі шағын жүзу құралын анықтап, қолға түсірді. Ұсталған жүзу құралдарынан жалпы салмағы 564 кг құрайтын 116 дана тірі Бекіре балығы, 13 000 дана балық аулайтын қармағы бар ұзындығы 26 м калада тәркіленді. Ұсталған тірі бекірелер теңізге жіберілді. Сөйтіп теңіз шекарашылары 142 410 000 теңге сомасындағы шығынның алдын алды.Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34851?lang=kk
Шекарашылар тағы да ірі көлемдегі киік мүйізін шекара арқылы алып өтудің жолын кесті 14.04.2025
2019 жылғы 13 қарашада Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау пунктінде ҚР-дан РФ-ға «Рено» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жалпы салмағы 29 кг жаңа кесілген 128 дана Киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 242 400 000 теңгені құрайды.Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34850?lang=kk
Шекарашылар киіктің мүйізін, қалта телефондар мен копютер тюнерлерін алып өтпек болғандарды құрықтады 14.04.2025
219 жылғы 10 қарашада Орал шекара жасағының «Сырым автомобильдік» шекаралық бақылау пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша ҚР-дан РФ-ға «Крайслер» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1972 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг-ға ажуық жаңа кесілген 348 дана Киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгены құрайды.Қорғас шекара жасағында «ШЫХО» шекаралық бақылау пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу 20 дана компютердің тюнерін алып өтпек болған 1993 жылғы туған және 148 дана ұялы телефон алып өтпек болған 1991 жылғы туған ҚР азаматтары ұсталды. «Алтынкөл» кедендік бекетінің бас маманына тапсырылды.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34847?lang=kk
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы А. Ашуев Мәскеуде Қазақстанның бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдірудегі жетістіктерін таныстырды 14.04.2025
Ресей Федерациясының астанасында 2019 жылғы 23-25 қазан аралығында PEMPAL Қазынашылық қауымдастығының көшбасшылық тобының, PEMPAL Хатшылығының және Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Орта Азия және Орталық және Шығыс Еуропа 9 елінің, оның ішінде Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Черногория өкілдерінің қатысуымен "мемлекеттік сектордағы Бухгалтерлік есеп және есептілік" тақырыбында халықаралық семинар өтті. Аталған іс-шарада делегацияның жалпы саны 70-тен астам адамды құрады.Мәскеу қаласындағы мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі КС тақырыптық тобының кездесуінің негізгі мақсаты Ресей Федерациясының тәжірибесі негізінде қатысушылардың мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептілік реформаларын іске асыруға байланысты қиындықтарды түсінуі болып табылады. Кездесу сондай-ақ қатысушыларға қатысушы елдердегі мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктің соңғы реформаларын талқылауға және шоттар жоспарын құруға қатысты білім өнімімен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы А. Ашуев және Комитеттің республикалық бюджет бойынша есептілік басқармасының басшысы Г. Садуақасова қатысты.Семинар барысында қазақстандық делегация Ресей Қаржы министрлігі мен Федералды қазынашылық министрлігінің Мемлекеттік басқару секторындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріндегі соңғы жетістіктерін, сондай-ақ бюджеттік есепті жүргізудің жаңа моделінің құралы ретінде "электрондық бюджет" ақпараттық жүйесін пайдалануды зерделеді.Семинарға қатысушылар "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі негізінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік секторда есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті енгізу саласындағы Қазақстанның жоғары жетістіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/34845?lang=kk
Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 кг Елік етін және 40-тан астам оқ-дәрілерді шекара асырмақ болғандарды құрықтады 14.04.2025
Шекарашылар өткен тәулікте қазақстан-ресей шекарасындағы:- Ақтөбе шекара жасағының «Жайсан» өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара малдың терісін (бағалау құны 3 млн теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолын кесті. Ұсталғандар 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтары. Ақтөбе облыстық МКД тапсырылды.- Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» және Павлодар шекара жасағының «Қосақ» өткізу пункттеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.- Петропавл шекара жасағының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге «УАЗ» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып аудандық полиция бөліміне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34844?lang=kk
«Саура» демалыс орнындағы туристік шатырлы лагерь 14.04.2025
Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орынына, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының оқушыларына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды.Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, 2 күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын өткізіп және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен бірге әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафета» танымдық ойындарына қатысып, теңіз жағасында ұлу қабыршақтарынан естелікке қол таңба қалдырды. Шаттығы мол шуақты күн аясындағы шатырлы лагерімізге барлығы 60 адам қамтылды. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы тазалықты,өмір қауіпсіздігін сақтауды және біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын, осындай шаралардың жиі болуын және жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34843?lang=kk
«Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинар өткізілді 14.04.2025
Орталық ағымдағы жылдың 13-14 маусым күндері аралығында Білім басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлескен «Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік, өлкетану және экологиялық жұмыстарды жетілдіру туралы» №108нқ бұйрығына сәйкес, Түпқараған аудандық білім жүйесін дамыту орталығында «Мектептегі туристік-өлкетану бағытындағы жұмыстардың тәжірибесі» тақырыбында 2 күндік жүрмелі семинар өткізді.Қатысушыларымызға Түпқараған ауданының А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің туристік-өлкетану бағытындағы мамандары семинар бағдарламасына сәйкес, туристік жұмыстарды теориялық бағыт негізінде түсіндіріп және Шүйелі жеріне жаяу жорықта туристік қашықтық жұмыстарымен (аспалы өткел, параллельді өткел,маятник), далалық экспедициялық жұмыстарды ұйымдастырды. Туристер «Квест» ойындарына қатысып, кешкі алау барысында бард әндерін орындады.Жорыққа барлығы 25 адам қамтылды және сыннан сүрінбей өткен туристерімізге , сертификаттар табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34842?lang=kk
"Нұр Отан "саяси кеңесінің отырысы» 14.04.2025
2016 жылдың 14 қазанында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен "Нұротан" Саяси кеңесінің отырысы өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу қорытындылары қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын"іске асыру аясында жасалған және алдағы жоспарлар туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34838?lang=kk
"Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу"» 14.04.2025
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының базасында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесіп "аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу"тақырыбында дөңгелек үстел-отырысы өткізілді.Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының кіріс бөлігін қалыптастыру, салықтық әкімшілендіру, мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру тапсырысы бойынша, сандық білім беру инфрақұрылымын құру, Бірыңғай бюджеттік сыныптама бойынша (мектептерді ұстау) мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34835?lang=kk
Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу 14.04.2025
"100 нақты қадам Ұлт Жоспарының" 97 қадамын орындау үшін Үкіметте бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыруға қатысты жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заң жобасы қол қою сатысында. Осы жоба шеңберінде 2018 жылдан бастап дербес бюджетті енгізу және коммуналдық меншікті аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейіне халық саны 2 мың адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерде беру болжанып отыр.Осыған байланысты, бюджеттік жоспарлау, кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша ауыл әкімдері аппараттарының мамандарын даярлау мақсатында Ақмола облысы бойынша Бас прокуратураның экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының, статистика және арнайы есепке алу басқармасының, Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлерінен тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Заң жобасын түсіндіру мақсатында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бойынша осы топтың шығуының желілік кестесі әзірленді.Бурабай, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында семинар-кеңестер өткізілді.Семинар-кеңестер барысында "жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру", "бюджетті қарау, бекіту", "штаттық сан және МӘМ органдарын жарақтандыру мәселелері", "әкімшілік есепке алуды жүргізу (Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәліметтерді Деректер базасына енгізу тәртібі)", "ауылдың бекітілген бюджетін орындау"тақырыптары түсіндірілді.Семинар-кеңеске аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, мамандары, бухгалтерлері, бөлім басшылары белсенді қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34834?lang=kk
Мемлекеттік қызметші күнімен 14.04.2025
Мемлекеттiк қызметшi мерекесiне және мемлекеттiк органдарының 20-жылдығына орай экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында салтанатты iс-шара жүргiзiлдi.Мемлекеттiк қызметтегi үздiк еңбегi және оны дамытуға қосқан үлесi үшiн ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Департаментi атынан бас мамандар Л.Д. Есенгельдинаға, А.О. Қазыбаеваға Алғыс хат берiлдi.Инвестициялық саясат бөлiмiнiң басшысы А.Қ.Нұрмағамбетова Ақмола облысы әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталды.Басқарма басшысы Алғыс хатымен басқарманың бас мамандар — Казжанова Д.Т., Нуржанов Р.М., Дюсембеков И.А., Бораншина Ж.С.марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34759?lang=kk
Мектепке жол 14.04.2025
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық науқан шеңберiнде Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының қызметкерлерi № 12 орта мектеп бiрiншi класстың оқушысы Жұлдыз Құмароваға мектеп формасы, кеңсе және басқа тауарлары түрiнде материалдық көмек көрсетiлдi.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34757?lang=kk
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні 14.04.2025
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қараша күні Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Кербұлақ ауданының әкімі М.С.Бигелдиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.Қабылдауға алдын ала жазылу 8/72840/ 31-0-08, 31-6-74 телефондары бойынша жүргізіледі.Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерінің әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.Азаматтарды қабылдау төмендегі мекен-жайларда өткізіледі:1.Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 10-үй, аудандық әкімдіктің ғимараты.2.Сарыөзек ауылы, Вожакин көшесі, 2-үй, Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.3.Сарыбастау ауылы Абай көшесі, 1-үй, Сарыбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.4. Қарашоқы ауылы, Құлжабай би көшесі, 39-үй, Қарашоқы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.5. Жоламан ауылы, Жоламан көшесі, 4-үй, Жоламан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.6. Қарағаш ауылы, Абай көшесі, 1-үй, Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.7. Қызылжар ауылы, Алтынсарин көшесі, 27-үй, Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.8. Қаспан ауылы, Әуезов көшесі, 2-үй, Қаспан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.9. Шанханай ауылы, Шоқан көшесі, 45а-үй, Шанханай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.10. Алтынемел ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 1а-үй, Алтынемел ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.11. Басши ауылы, Асқарбек көшесі, 27а-үй, Басши ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.12. Жайнақ батыр ауылы, Балпық би көшесі, 49-үй, Жайнақ батыр ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.13. Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі, 161-үй, Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.14. Талдыбұлақ ауылы, Әуезов көшесі, 1-үй, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.15. Шұбар ауылы, Абай көшесі, 49-үй, Шұбар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.16. Көксу ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 2-үй, Көксу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35798?lang=kk