Қоғам
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды 14.04.2025
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». Мектепті өткізудегі мақсат – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің, блогерлердің және журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкілдерінің олармен кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшін Қор сайты және басқа да ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестер беріледі.Аталмыш шара осымен төртінші жыл өткізіліп жатыр. Бұған дейін ол негізінен Алматы қаласында өткізіліп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33594?lang=kk
Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
ПРЕТОРИЯ, 2019 жылғы 15 қазан – Африка ұлттық конгресінің екінші төрағасы Сефако Макгато атындағы президенттік қонақтарды қабылдау үйінде Қазақстанның Елшісі Қанат Тумыштың Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапозаға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Оның аясында Елші Қ. Тумыш ОАР басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі және жылы лебіздерін жеткізіп, әсіресе осы елдің бұл айдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сәтті төрағалық етуіне байланысты, мемлекетаралық ынтымақтастықты байланыстардың барлық спектрі бойынша нығайтуға бағытталған қазақстан-оңтүстік африкалық саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Елші, өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі күш-жігерді одан әрі дамытуға басшылығымыздың мүдделілігін растап, Президент Тоқаевтың биылғы инаугурациялық рәсімі және Қазақстан халқына Жолдауы сияқты сөйлеген ең маңызды сөздерінің шеңберіндегі негізгі бағыттарын мазмұндады. Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыру, транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту және инвестицияларды тарту жөніндегі шараларын атап өтіп, сұхбаттасты саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы еліміздің даму перспективалары туралы хабардар етті. Айталық, өз лауазымына 2019 жылғы мамыр айында сайланған Президент С. Рамапозаның жаңа бастамалары мемлекет басшымыздың реформаларымен ұштасып келеді.Қ.Тумыш көпжақтылықтың, сондай-ақ соғысқа қарсы және антиядролық саясаттың берік жақтаушы деген абырой-беделін жиі дәлелдеген екі тараптың халықаралық ұйымдар шеңберінде, атап айтқанда, Қазақстанның 2017-2018 жж. және ОАР-дың 2019-2020 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезеңінде, ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударды. Ол Оңтүстік Африканы үш диалог негізінде жаңа геосаяси құбылысты құру, сондай-ақ ғаламшарымызды терроризмнен және жаппай қырып-жою қаруларынан азат ету бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын қолдауға шақырды. Сонымен қатар, еліміз насихаттайтын төзімділік, сондай-ақ әртүрлі ұлттар және діндер арасындағы татулық пен келісім идеялары туралы мәлімдеп, Елші екі елді де байытатын Қазақстан және ОАР халықтарының полиэтникалық және поликонфессиялық құрамы туралы әңгімелеп берді.Президент С.Рамапозаның мәлімдеуінше: «Сіздер сияқты достармен біз жаһандық басқарудың ережелерге негізделген көпжақты жүйесін қорғауға және нығайтуға, сондай-ақ бір-бірін байланыстыратын және нығайтатын кедейлік, теңсіздік, соғыс, терроризм және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық мәселелерді шешуге тырысамыз. Біз халықаралық сауда мен қауіпсіздік мәселелерде біржақты ұстанымды болдырмау үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Көпжақты институттарымыздың тұтастығын қорғап, олардың тиімділігін, бәрін қамтитын сипатын және шынайы бұқарашылдығын қамтамасыз ету үшін біз бірлесіп, өзара іс-қимыл жасауымыз қажет». Болмыш елдің басшысы экономикалық мәселелерге тоқталып, бір-біріне туристік сапарларды қолдауға және өзара инвестицияларды ілгерілетуге шақырды: «Осы орайда, келесі айда, 5-7 қараша кезеңінде, біз екінші Оңтүстік Африкалық инвестициялар конференциясын өткіземіз. Еліңіздің инвесторларын осы іс-шараға қатысуға және ОАР мүмкіндіктерінің әлеуетін өз көзімен көруге шақырамыз».Президент С.Рамапоза оңтүстік африкалық тараптың екі мемлекет үшін де басымдықты бағыттары бойынша елімізбен экономикалық серіктестікті, саяси сұхбат пен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетін білдірді және достас Қазақстанның басшылығына ыстық сәлемін жолдап, Елші Қ.Тумышқа әлемнің осы бөлігіндегі дипломатиялық қызметте табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33433?lang=kk
Қазақстан үндістандық ITEC бағдарламасын қолдайды 14.04.2025
2019 жылғы 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко құрметті қонақ ретінде Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы – ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) күнін атап өту іс-шарасына қатысты.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысының орынбасары ITEC шеңберінде түрлі салалар бойынша (ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі, киберқауіпсіздік, медицина және т.б.) қазақстандық мамандар үшін ұсынылып отырған курстардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, бұл бағдарламаға келешекте ҚР мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде сәттіліктер тіледі.Үндістанның Қазақстандағы Елшісі П.Кумар хабарлағандай, 1964 жылы құрылған ITEC-тің түрлі курстары арқылы 1990 жылдардан 2019 жылға дейін 1020 ҚР азаматтары білім алған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33422?lang=kk
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
БАКУ, 2019 жылғы 14 қазан - Бүгін таңертең Бакуде Қазақстан Республикасының Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке сенім грамоталарын тапсырды. Кездесу барысында Әзербайжан басшысы екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті жалғасып жатқанын да атап өтті.И. Әлиев инвестициялық, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және кеңейту туралы өз ойын білдірді. Өз кезегінде, Елші Әзербайжан Президентіне өзінің тағайындалуына келісім бергені үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы жоспарлары туралы, соның ішінде екі бауырлас мемлекет пен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін қарқындату мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті. Әзербайжан Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33419?lang=kk
Террористік актіге дайындалғаны үшін соттау туралы 14.04.2025
Алматы қ. Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж. Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті.Тексеру барысында оның Интернетте «ДАИШ» үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды.Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған.Битимбаевтың көрсетілген ойларын болдырмау үшін оны ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен ұстау жүргізілді.Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды.Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/33338?lang=kk
К. Сыроежкиннің ісі бойынша сот үкіміне қатысты 14.04.2025
2019 жылғы 7 қазанда Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен Сыроежкин Константин Львович, 1956 ж.т., ҚР ҚК 175-бабы 1-б. – «Мемлекетке опасыздық жасау» бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/33335?lang=kk
Скандинавия елдерінің тәжірибесі: мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылындағы жасанды интеллект 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова бастаған қазақстандық делегация цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы озық тәжірибені зерделеу мақсатында Стокгольм (Швеция) және Копенгаген (Дания) қалаларында болды.Анықтама: БҰҰ-ның 2018 жылғы «UNE-Government Survey» зерттеуі Дания мен Швеция БҰҰ-ға қатысушы басқа елдер арасында цифрландырудың даму деңгейі бойынша жетекші елдер болып табылатынын көрсетеді.Қазақстандық делегацияның сапары мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба аясында өткізілді.Бас директорлармен, департаменттер мен кеңселердің директорларымен, сондай-ақ Швеция мен Данияның уәкілетті органдарының жоба менеджерлерімен, кеңесшілерімен және бизнес-әзірлеушілерімен екіжақты кездесулер өткізілді.Өз қызметін таныстыру барысында швециялық органдар цифрландыруды дамыту, оның ішінде мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылында жасанды интеллектті енгізу бойынша негізгі тәсілдерді ұсынды, ол қызмет алушылардың қажеттіліктерін жоспарлауға және «болжауға» мүмкіндік береді.Өз кезегінде, даниялық тарап түрлі қызметтерді, соның ішінде банктік қызметтерді алуда электрондық ID (жеке нөмір) пайдалану әдістерін айтты. Елдің әр түрлі ақпараттық жүйелерінде тіркелу үшін бірыңғай логин мен құпиясөз пайдаланылады.Қазақстандық делегация цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту мен ұсынудың отандық моделін таныстырды.Атап айтқанда, А. Жаилғанова Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және қызмет алушылар мен мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылын болдырмауға бағытталған сандық шешімдерді пайдалану әдістері туралы айтты.Швециялық және даниялық әріптестерді «проактивті қызметтер» және «бір өтініш бойынша қызметтер» әдістерін пайдаланудың қазақстандық тәжірибесі, сондай-ақ түрлі мобильді қосымшалардың болуы қызықтырды.Швецияның кәсіпорындарды тіркеу қызметінің бас директоры Анника Стенберг: «Бір өтінішті» пайдалану-бұл бір өтінішпен қызметтер кешенін көрсетудің қызықты әдісі. Бізге де бұл туралы ойлану керек».Швецияның салық агенттігінің бас директоры Катрин Вестлинг Палм осы әдісті егжей-тегжейлі зерттеу үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.Сонымен қатар, қазақстандықтардың белсенді қолданатын «mGov» және «SmartAstana» мобильдік қосымшаларын көрнекі көрсету қорытындысы бойынша Данияның цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару агенттігінің өкілдері Нұр-сұлтан қаласына сапарын қоса отырып, өз жоспарларына енгізген түзетулерді айтты.Танысу сапарының қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін цифрландыру және автоматтандыру саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33312?lang=kk
Анар Жаилғанова Швецияның Экономикалық және өңірлік даму агенттігінің бас директорымен кездесті 14.04.2025
Бүгін Стокгольмде БҰҰДБ қолдауымен МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Швецияның экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің бас директоры Гуннила Нордлеф ханыммен кездесті.Экономикалық және өңірлік даму жөніндегі агенттігінің электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі негізгі мемлекеттік орган болып табылады.Кездесу барысында швециялық тарапынан электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласын дамытудың негізгі тәсілдері, ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстар таныстырылды.Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы швециялық әріптестерін Қазақстанда мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған сандық шешімдерді белсенді қолдануын таныстырды.Қазақстандық делегацияны мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылындағы жасанды интеллектінің дамуы айтарлықтай қызығушылық тудырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде бизнес - процестерді цифрландыру және автоматтандыру саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33311?lang=kk
Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шаралары талқыланды 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Мемлекет басшысының «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.Кеңеске Агенттіктің орталық аппаратының, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Персоналды басқару жөніндегі ұлттық орталығының, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы Агенттіктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты. Анар Жаилғанова Жолдаудан туындайтын мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған міндеттерді сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.«Мемлекет басшысымен 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау міндеті қойылды.Бұл ретте жас кадрларды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ меритократия қағидаттарын сақтау жөніндегі шараларды пысықтау қажет.Біздің алдымызда аталған тапсырманы жүзеге асыру үшін тәсілдеме жасау міндеті тұр», - деп атап өтті Төраға.Сондай-ақ Агенттік төрағасы Мемлекет басшысы атап өткен сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін этикалық бақылау призмасы арқылы қараудың қажеттілігі атап өтілді.А. Жаиғанованың айтуынша: «Мемлекеттік қызметшілер, әсіресе бақылаушы органдарда қызмет атқаратын мамандар бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынаста этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қандай да бір бұзушылығын заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру немесе біреудің мүдделерін жақтауға жасалған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін екендігін нақты түсінуі қажет».Оның айтуынша, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігі, оның ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру айтарлықтай маңызға ие. Әсіресе, бұл Мемлекет басшысының цифрлық экономиканы және Орталық Азия өңірінде инфокоммуникациялық технологияларды дамыту деңгейі бойынша көшбасшылықты күшейту, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесін жаппай енгізу жөніндегі айтқан міндеттері аясында өзекті болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33310?lang=kk
Агенттікте Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 14.04.2025
2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.Агенттік төрағасы Анар Нұралықызы Жаилғанова өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ата заң құндылығын бағалап, әр уақытта халыққа қызмет етуді басты бағдар етіп алуы тиіс екендігін атап өтті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Біз Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы жолдарды жүріп өттік» деп айтқан болатын.Сол Ұлы жолдағы белестерді бағындыруға әр азамат өзінің білімі мен қажырлы қызметін жұмсап, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқаны айқын.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету» деп заң үстемдігіне баса айтты.Осы орайда, Конституция елімізде құқықтық мемлекет қалыптасуының, заңның үстемдігі орнауының кепілі болып қала бермек.Сонымен бірге Агенттік төрағасы Агенттік қызметкерлері барша азаматтардың конституциялық құқығының сақталуы жолында абыроймен еңбек ете береді деп сөзін қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33308?lang=kk
"Президенттік жастар кадр резервіне" іріктеу адал және ашық өтеді 14.04.2025
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.Іс – шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Президенттік астар кадр езервіне іріктеу жөніндегі ақпараттық жүйені әзірлеуші компанияның өкілі Дана Жақыпова қатысты.Агенттік Төрағасы өзінің кіріспе сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Президенттік жастар кадр резервіне» қатысуға азаматтардан өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосатынын атап өтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова мәлімдеді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен Агенттік алдында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылған.Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтарда іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.Осы орайда резервтің ең маңызды мәселелеріне тоқталып өтейін.Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – бұл азаматтылығы, жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл.Креативті, дарынды жастарымыздың кейбірі шетелде тұрып жатқанын жақсы білеміз.Сондықтан, конкурсқа еліміздің жастарымен қатар, шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республиканың жас азаматтары қатыса алады.Азаматтарды толғандыратын бірқатар мәселелерді атап өтсем.Біріншіден, Президенттік жастар кадр резервіне өту – бұл міндетті түрде лауазымға тағайындалуға кепіл болмайды.Екіншіден, бұл іріктеуге Президентпен тағайындалған қазіргі саяси қызметшілер қатыса алмайды.Президенттік жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.Әр лауазымның ерекшелігі ескеріліп, келесі топтарға бөлінген:1) Салалық лауазымдар тобы, олар:Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары және мүшелері.2) Өңірлік лауазымдар тобы, олар:облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері;3) Басқарушылық лауазымдар тобы, олар:орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы;жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары.Үміткерлер өтінім беру барысында жоғарыда аталған лауазымдар санатының және «Президенттік жастар кадр резерві» сайтында ұсынылған бағытының бірін таңдауы тиіс.1 қыркүйектен бастап резервтің ресми сайты іске қосылады. Онда үміткерлер тіркеліп, өз құжаттарын тапсыра алады. Агенттіктің интернет-ресурсында және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында іріктеуге өтініш қабылдау басталғаны жөнінде хабарландыру жариялайтын боламыз.Потенциалды резервшілерді іріктеу келесі кезеңдерден тұрады:Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Құжаттарды жинаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.Өтінім беру барынша жеңілдетілген. Аталған автоматтандырылған онлайн-платформаға тиісті сілтемелері бар толық ақпаратты біздің qyzmet.gov.kz сайтынан таба аласыздар.Бүгін осы брифингке автоматтандырылған онлайн-платформаны әзірлеуші-компанияның өкілі қатысып отыр. Ол іске қосылған «Президенттік жастар кадр резерві» сайты жөнінде толық ақпарат береді.Екінші кезең, үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Аталмыш сынақ үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.Ол үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың талдап-сараптау деңгейін және логикасын анықтауға мүмкіндік береді.Үшінші кезең, кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау.Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынады.Үшінші кезеңде үміткерлердің көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық көзқарасы мен кәсіби құндылығы бағалаланады.Эссе арқылы үміткерлердің сауаттылығы, білімпаздығы мен ой-өрісінің тереңдігі, сыни ойлау деңгейі, логикасы, айғақты әрі негізделген түйін жасай алу қабілеті бағаланады.Өз кезегінде, жобалық жұмыс қатысушының таңдап алған лауазым тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттары бойынша пайымын бағалауға негізделген.Құзыретін бағалау арқылы қатысушылардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметке деген жұмыс уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзыреттілігі анықталатын болады.Эссе мен жобалық жұмыстарды тексеру онлайн жүйеде өткізіледі. Оның объективтілігі үшін процестің бейнежазбасын жүргізу жоспарланып отыр.Құзыреттерді бағалау Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында сарапшылармен топтық ассесмент құралдарын (бұл топтық бағалау жүйесі) пайдалана отырып жүзеге асыралады.Төртінші кезең, сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу. Осы кезеңдегі іріктеуге алдыңғы сынақтарда бал жиынтығы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.Президент Әкімшілігі тарапынан құрылатын Комиссия бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссия ашық дауыс беру жолымен Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды және Ұлттық комиссияның қарауына жібереді.Іріктеудің қорытынды кезеңінде – кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатуралары қаралады.Осы кезеңге Сараптамалық комиссия ұсынған ең жоғары көрсеткіші бар қатысушылар жіберіледі.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар резервіне кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданады.Ашықтықты қамтамасыз ету үшін азаматтар іріктеуге қатысушылардың ақпараттарын көре алады. Яғни, азаматтарымыз іріктеуге кім қатысқанын біледі. Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімін жариялаймыз.Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады. Олар іріктеу процестерінің ашықтықтығы мен объективтілігін қадағалай алады.Іріктеудің барлық кезеңдері резервшілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік береді.Осыны ескеріп, резервшілер лауазымға тағайындалғанға дейін арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытылады. Іріктеудің нәтижесі негізінде сарапшылардың берген ұсыныстары бойынша резервшілер үшін жеке бағдарлама әзірлену де мүмкін. Бұл оқыту бағдарламасы жоғарыда айтылған лауазымдарға қажет қосымша білім алуға, халықпен жұмыс істеуге, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және шектеулі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттерді арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33307?lang=kk
Jetіsý Invest форумы алаңында құны $859 млн. астам 13 меморандумға қол қойылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысының Талдықоған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес-форумы өткізілді. Форум қатысушылары инвестициялық келісімге қол жеткізіп, жалпы сомасы $859,7 млн. құрайтын 13 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев, сондай-ақ, әлемнің 7 елінен, дипломатиялық корпустың, ірі отандық және трансұлттық компаниялардың, шетелдік және отандық бизнесмендердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының 400-ден аса өкілдері қатысты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы инвестициялық ағынның төмендегеніне қарамастан, 2014-2016 жылдары Алматы облысындағы ішкі инвестициялар 27%-ға өсті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес өңірлер ішінде сыртқы инвестицияларды тарту бойынша бірінші орынға шықты, оның көлемі жыл сайын 2016 жылдан бастап 20%-ға өсуде.Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев елде инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығы туралы айтып берді. «Ел Үкіметі үздік әлемдік тәжірибені тартуды және енгізуді тапсыра отырып, мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Қазіргі уақытта бізде шетелдік бизнесмендерді сүйемелдеудің үш деңгейлік жүйесі қызмет етеді. Сыртқы деңгейде Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, орталық деңгейде KAZAKH INVEST және үшінші деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін өңірлердегі фронт-офистер».Сондай-ақ, өңірдегі өздерінің сәтті тәжірибелерін Leroy-Merlin, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Waste Energy KZ», «АрКазИнвест» пен басқа ірі және трансұлттық компаниялардың өкілдері баяндап берді.Сонымен қатар, форум барысында өңір ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолайлы екені айтылды. Осылайша, Қазақстандағы 74 жаңартылатын энергия көздерінің 24-і Алматы облысында жұмыс істейді. Ірі Сингапурлық инвестордың қатысуымен Universal Energy компаниясы салған қуаттылығы 100МВт болатын Қазақстанның ірі күн электростанцияларының бірі қыркүйек айында іске қосылды. Келесі жылы осы компания әрқайсысының қуаттылығы 50МВт болатын екі күн және жел электростанцияларының іске қосылуын жоспарлауда. Бұдан басқа, ЖЭК 28 жобасы іске асырылудың түрлі кезеңдерінде.Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар деп атап өтеміз. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, ал 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33219?lang=kk
Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысы бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөнінде фронт-офис өз қызметін бастады. Бұл инвесторлар үшін елімізде арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде құрылды. Аталған орталық Алматы қаласында Желтоқсан көшесі 112 мекен жайы бойынша орналасқан.«Бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған фронт-офис жұмысы инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді қолайлы алуды ғана емес, сондай-ақ, барлық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын көздейді, мемлекеттік органдармен тиімді іс-әрекет етуге ықпал етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев. Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар өкілдік ететін болады.Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 жоба бар. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орнын қамтитын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Анықтама үшін:«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33218?lang=kk
Жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде тіркеу бойынша дөңгелек үстел 14.04.2025
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылап, жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу жұмыстарын жандандыру мақсатында ү.ж 14 мамырында Атырау облысы Әділет департаментімен облыстық Нотариаттық палатасының өкілдері және қалалық 2-ші деңгейдегі банк қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Отырыс барысында нотариустар тарапынан мәміле жасаушы жақтарға электронды тіркеу форматының тиімділігін тереңірек түсіндіріп, жасалынған мәмілелерді электронды түрде өткізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ, банк қызметкерлері тарапынан электронды тіркеуден өткен құжаттардың заңға сәйкес келетіндігін және электронды тіркеудің заңдылықтарын халыққа дұрыс жеткізу керектігі түсіндірілді.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Атырау облысы Әділет департаментініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/32898?lang=kk
Fitch Ratings Алматыға кредиттік рейтингін берді 14.04.2025
Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және кредиттік бейініне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Fitch "BBB" (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (IDR) ұзақ мерзімді рейтингін және "BBB+" деңгейінде автономды несиелік бейін (SCP) берді https://www.fitchratings.com/site/pr/10088964Fitch Ratings стандарттарына сәйкес, "BBB" эмитенттің жақсы несиелік сапасы болып табылады және несиелік тәуекел бойынша төмен ағымдағы күтуді көрсетеді.Аталған несиелік рейтинг Алматының Еуропа және Орталық Азия (ECA Cities) қалаларының бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) қолдайтын қаланың мақсатты инфрақұрылымдық бағдарламасын жеке қаржыландырудың ұзақ мерзімді құралдарын анықтау жөніндегі күш-жігерін растау болып табылады.Бағдарлама қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды басқару, энергия тиімді және ақылды қалалық технологияларды қоса алғанда, экологиялық таза және орнықты муниципалдық инфрақұрылым көмегімен түйінді қызметтер көрсетуді жақсартуға бағдарланады.Қаламен ынтымақтастық аясында IFC Алматыға халықаралық несие рейтингін беруге өтінім беру үшін тиісті құжаттарды дайындау және рейтинг алу процесі барысында басшылық пен ұсыныстар берді.Халықаралық несие рейтингі инвесторларға Алматының кредиттік қабілеттілігін және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін беру үшін шешуші мәнге ие. Рейтингті беру және IFC мен Алматы арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы қадамы болып табылады, ол ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін ұзақ мерзімді тәуелсіз емес қаржыландыру нарығына "жол ашады". Бұл жұмыс қалалық инфрақұрылым бойынша өз сараптамасын әкелетін Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтастықта да жүзеге асырылады.Орталық Азия бойынша IFC аймақтық менеджері Кассандра Колберт - "Халықаралық кредит рейтингін алу қаланың өзінің өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту қабілетін күшейтудегі маңызды қадам болып табылады. IFC міндеті – заманауи инфрақұрылымға инвестиция тарту және Алматыға өз тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу", - деді.Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағалайтын әлемнің жетекші астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілетін болады.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров "Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы "BBB+" - тен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек», - деп атап өтті.IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның аясында IFC ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/32245?lang=kk
Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруі жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі 14.04.2025
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайды.2019 жылғы 14 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ТМЫК Хатшылығына Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылуы туралы құжатты жіберді.Түркі кеңесі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қазанында құрылды. Құрылтайшы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады.Түркі әлемі үшін бұл маңызды тарихи шешім Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өтумен дәл келеді. Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды. Өзбекстанның ТМЫК-ке мүшелігі түркі әлемінің интеграциясын нығайтуға және мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа белестерге шығуына ықпал етеді, әсіресе бұл Түркі кеңесі түркі елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты қадамдар жасаған кезеңде орын алуда. 2019 жылдың мамырында Қазақстанның елордасында өткен XII Астана экономикалық форумы аясында кәсіпкерлердің арасында өзара байланысты күшейтетін және мемлекеттер арасында сауда айналымының өсуіне бағытталған Түркітілдес мемлекеттердің бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32243?lang=kk
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі Арнайы өкілі Алматы қаласындағы БҰҰ жаңа ғимаратына барды 14.04.2025
Ү.ж. 17 қыркүйекте БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар барысында ол БҰҰ-ның жаңа ғимаратын аралады және бұл БҰҰ өкілінің жаңа ғимаратқа осындай дәрежедегі алғашқы келуі болып табылады. Ғимаратты аралау барысында БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстан Республикасының жаңа ғимарат негізінде БҰҰ Өңірлік хабын құру туралы бастамасымен таныстырылды және осы бастаманы ол оң қабылдады.Оның пікірінше, Қазақстан ұйымның маңызды серіктесі болып табылады және жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жаһандық серіктестікті дамытуға күш салады. Сондай-ақ, Қазақстан орнықты даму мақсаттарынның іске асыруын тек өзінің елінде ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия өңіріне де назар аударады.БҰҰ ғимаратынан кейін Ж.Тодт Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен, содан кейін №90 орта мектептің негізіндегі орта білім өкілдерімен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32240?lang=kk
Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады.Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32236?lang=kk
Мемлекет басшысы «Hikvision» компаниясының офисіне барды 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32234?lang=kk
Қазақстан мен Боливия ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік білдірді 14.04.2025
2017 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға қазақстандық-боливиялық екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті.Қазақстан мен Боливияның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшеліктерін ескере отырып, СІМ-де өткен келіссөздер күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастық мәселелері кірді. Министрлер БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардың жұмысы шеңберінде ядролық қарусыздандыру мен ядролық қарудан азат әлем құру мәселелерінде қазақстандық-боливиялық әріптестіктің ортақ мүдделерін ілгерілету мен тереңдету үшін бірлескен күш-жігерлерді үйлестіру маңыздылығын ерекше атап өтті.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомство басшылары Боливияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы нәтижесіндегі оң тәжірибесін қоса алғанда екіжақты қарым-қатынастардың келешектегі даму мәселелерін талқылады. Бұл ретте, екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі энергетикалық және тау-кен өнеркәсіп салалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесте іскерлік байланыстарды дамыту әлеуеті аталды. Сонымен қатар, тараптар ғылым, білім және спорт бағдарламаларын дамытуға өзара қызығушылық танытты.Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов пен Ф. Уанакуни Қазақстан мен Боливия арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі сімаралық саяси консультацияларды өткізуге қабылданған шешімін қоса алғанда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті перспективаларын белгілейтін Саяси декларацияға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32003?lang=kk