Қоғам
Jetіsý Invest форумы алаңында құны $859 млн. астам 13 меморандумға қол қойылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысының Талдықоған қаласында Jetisy Invest-2019 халықаралық бизнес-форумы өткізілді. Форум қатысушылары инвестициялық келісімге қол жеткізіп, жалпы сомасы $859,7 млн. құрайтын 13 жоба бойынша коммерциялық келісімдерге қол қойды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев, сондай-ақ, әлемнің 7 елінен, дипломатиялық корпустың, ірі отандық және трансұлттық компаниялардың, шетелдік және отандық бизнесмендердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының 400-ден аса өкілдері қатысты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов атап өткендей, әлемдік экономикалық дағдарыс пен жалпы инвестициялық ағынның төмендегеніне қарамастан, 2014-2016 жылдары Алматы облысындағы ішкі инвестициялар 27%-ға өсті, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы шикізаттық емес өңірлер ішінде сыртқы инвестицияларды тарту бойынша бірінші орынға шықты, оның көлемі жыл сайын 2016 жылдан бастап 20%-ға өсуде.Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев елде инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау маңыздылығы туралы айтып берді. «Ел Үкіметі үздік әлемдік тәжірибені тартуды және енгізуді тапсыра отырып, мемлекеттегі инвестициялық климатты жақсарту үшін бірқатар реформалар жүргізді. Қазіргі уақытта бізде шетелдік бизнесмендерді сүйемелдеудің үш деңгейлік жүйесі қызмет етеді. Сыртқы деңгейде Қазақстанның шетелдік өкілдіктері, орталық деңгейде KAZAKH INVEST және үшінші деңгейде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететін өңірлердегі фронт-офистер».Сондай-ақ, өңірдегі өздерінің сәтті тәжірибелерін Leroy-Merlin, «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Waste Energy KZ», «АрКазИнвест» пен басқа ірі және трансұлттық компаниялардың өкілдері баяндап берді.Сонымен қатар, форум барысында өңір ЖЭК жобаларын іске асыру үшін қолайлы екені айтылды. Осылайша, Қазақстандағы 74 жаңартылатын энергия көздерінің 24-і Алматы облысында жұмыс істейді. Ірі Сингапурлық инвестордың қатысуымен Universal Energy компаниясы салған қуаттылығы 100МВт болатын Қазақстанның ірі күн электростанцияларының бірі қыркүйек айында іске қосылды. Келесі жылы осы компания әрқайсысының қуаттылығы 50МВт болатын екі күн және жел электростанцияларының іске қосылуын жоспарлауда. Бұдан басқа, ЖЭК 28 жобасы іске асырылудың түрлі кезеңдерінде.Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар деп атап өтеміз. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттама әзірленуде, ал 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33219?lang=kk
Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды 14.04.2025
Алматы облысы, 2019 жылғы 4 қазан - Алматы облысы бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөнінде фронт-офис өз қызметін бастады. Бұл инвесторлар үшін елімізде арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде құрылды. Аталған орталық Алматы қаласында Желтоқсан көшесі 112 мекен жайы бойынша орналасқан.«Бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған фронт-офис жұмысы инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді қолайлы алуды ғана емес, сондай-ақ, барлық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын көздейді, мемлекеттік органдармен тиімді іс-әрекет етуге ықпал етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев. Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар өкілдік ететін болады.Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 жоба бар. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орнын қамтитын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Анықтама үшін:«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33218?lang=kk
Жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде тіркеу бойынша дөңгелек үстел 14.04.2025
ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылап, жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу жұмыстарын жандандыру мақсатында ү.ж 14 мамырында Атырау облысы Әділет департаментімен облыстық Нотариаттық палатасының өкілдері және қалалық 2-ші деңгейдегі банк қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Отырыс барысында нотариустар тарапынан мәміле жасаушы жақтарға электронды тіркеу форматының тиімділігін тереңірек түсіндіріп, жасалынған мәмілелерді электронды түрде өткізу мәселелері айтылды. Сондай-ақ, банк қызметкерлері тарапынан электронды тіркеуден өткен құжаттардың заңға сәйкес келетіндігін және электронды тіркеудің заңдылықтарын халыққа дұрыс жеткізу керектігі түсіндірілді.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді. Атырау облысы Әділет департаментініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/32898?lang=kk
Fitch Ratings Алматыға кредиттік рейтингін берді 14.04.2025
Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және кредиттік бейініне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Fitch "BBB" (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (IDR) ұзақ мерзімді рейтингін және "BBB+" деңгейінде автономды несиелік бейін (SCP) берді https://www.fitchratings.com/site/pr/10088964Fitch Ratings стандарттарына сәйкес, "BBB" эмитенттің жақсы несиелік сапасы болып табылады және несиелік тәуекел бойынша төмен ағымдағы күтуді көрсетеді.Аталған несиелік рейтинг Алматының Еуропа және Орталық Азия (ECA Cities) қалаларының бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) қолдайтын қаланың мақсатты инфрақұрылымдық бағдарламасын жеке қаржыландырудың ұзақ мерзімді құралдарын анықтау жөніндегі күш-жігерін растау болып табылады.Бағдарлама қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды басқару, энергия тиімді және ақылды қалалық технологияларды қоса алғанда, экологиялық таза және орнықты муниципалдық инфрақұрылым көмегімен түйінді қызметтер көрсетуді жақсартуға бағдарланады.Қаламен ынтымақтастық аясында IFC Алматыға халықаралық несие рейтингін беруге өтінім беру үшін тиісті құжаттарды дайындау және рейтинг алу процесі барысында басшылық пен ұсыныстар берді.Халықаралық несие рейтингі инвесторларға Алматының кредиттік қабілеттілігін және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін беру үшін шешуші мәнге ие. Рейтингті беру және IFC мен Алматы арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы қадамы болып табылады, ол ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін ұзақ мерзімді тәуелсіз емес қаржыландыру нарығына "жол ашады". Бұл жұмыс қалалық инфрақұрылым бойынша өз сараптамасын әкелетін Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтастықта да жүзеге асырылады.Орталық Азия бойынша IFC аймақтық менеджері Кассандра Колберт - "Халықаралық кредит рейтингін алу қаланың өзінің өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту қабілетін күшейтудегі маңызды қадам болып табылады. IFC міндеті – заманауи инфрақұрылымға инвестиция тарту және Алматыға өз тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу", - деді.Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағалайтын әлемнің жетекші астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілетін болады.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров "Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы "BBB+" - тен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек», - деп атап өтті.IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның аясында IFC ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/32245?lang=kk
Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруі жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі 14.04.2025
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайды.2019 жылғы 14 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі ТМЫК Хатшылығына Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылуы туралы құжатты жіберді.Түркі кеңесі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қазанында құрылды. Құрылтайшы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия болып табылады.Түркі әлемі үшін бұл маңызды тарихи шешім Нахчыван келісімінің 10 жылдығын атап өтумен дәл келеді. Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды. Өзбекстанның ТМЫК-ке мүшелігі түркі әлемінің интеграциясын нығайтуға және мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа белестерге шығуына ықпал етеді, әсіресе бұл Түркі кеңесі түркі елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты қадамдар жасаған кезеңде орын алуда. 2019 жылдың мамырында Қазақстанның елордасында өткен XII Астана экономикалық форумы аясында кәсіпкерлердің арасында өзара байланысты күшейтетін және мемлекеттер арасында сауда айналымының өсуіне бағытталған Түркітілдес мемлекеттердің бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32243?lang=kk
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі Арнайы өкілі Алматы қаласындағы БҰҰ жаңа ғимаратына барды 14.04.2025
Ү.ж. 17 қыркүйекте БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы өкілі Жан Тодтың Алматы қаласына сапары өтті. Сапар барысында ол БҰҰ-ның жаңа ғимаратын аралады және бұл БҰҰ өкілінің жаңа ғимаратқа осындай дәрежедегі алғашқы келуі болып табылады. Ғимаратты аралау барысында БҰҰ-ның арнайы өкілі Қазақстан Республикасының жаңа ғимарат негізінде БҰҰ Өңірлік хабын құру туралы бастамасымен таныстырылды және осы бастаманы ол оң қабылдады.Оның пікірінше, Қазақстан ұйымның маңызды серіктесі болып табылады және жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында жаһандық серіктестікті дамытуға күш салады. Сондай-ақ, Қазақстан орнықты даму мақсаттарынның іске асыруын тек өзінің елінде ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия өңіріне де назар аударады.БҰҰ ғимаратынан кейін Ж.Тодт Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен, содан кейін №90 орта мектептің негізіндегі орта білім өкілдерімен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32240?lang=kk
Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Ханчжоу қаласындағы Қытай Ұлттық шай музейін аралады.Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшелірктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32236?lang=kk
Мемлекет басшысы «Hikvision» компаниясының офисіне барды 14.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32234?lang=kk
Қазақстан мен Боливия ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік білдірді 14.04.2025
2017 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға қазақстандық-боливиялық екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті.Қазақстан мен Боливияның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшеліктерін ескере отырып, СІМ-де өткен келіссөздер күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастық мәселелері кірді. Министрлер БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардың жұмысы шеңберінде ядролық қарусыздандыру мен ядролық қарудан азат әлем құру мәселелерінде қазақстандық-боливиялық әріптестіктің ортақ мүдделерін ілгерілету мен тереңдету үшін бірлескен күш-жігерлерді үйлестіру маңыздылығын ерекше атап өтті.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомство басшылары Боливияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы нәтижесіндегі оң тәжірибесін қоса алғанда екіжақты қарым-қатынастардың келешектегі даму мәселелерін талқылады. Бұл ретте, екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі энергетикалық және тау-кен өнеркәсіп салалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесте іскерлік байланыстарды дамыту әлеуеті аталды. Сонымен қатар, тараптар ғылым, білім және спорт бағдарламаларын дамытуға өзара қызығушылық танытты.Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов пен Ф. Уанакуни Қазақстан мен Боливия арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі сімаралық саяси консультацияларды өткізуге қабылданған шешімін қоса алғанда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті перспективаларын белгілейтін Саяси декларацияға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32003?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПОРТУГАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНАТЫЛҒАНЫНА 25 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2017 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толады. Астана мен Лиссабон арасында ширек ғасыр ішінде достық пен өзара түсіністікте дамыған ынтымақтастық өзара тиімді және үдемелі сипатқа ие болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы Португалияға және Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары П.Порташтың 2014 жылғы Қазақстанға сапарлары екіжақты қарым-қатынастардың маңызды кезеңдері болды. Екі елдің сыртқы саяси және салалық ведомстволары арасындағы байланыстар нығаюда. 2012 жылы сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы консультациялар өтті. 2015 жылы Астанада Португалия Елшілігінің ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін берді. Экономикалық байланыстар дәйекті дамуда. Екі ел іскер топтарының Астанада және Лиссабонда тұрақта негізіндегі кездесулері өзара тиімді әріптестік үшін жаңа тауашаларды біртіндеп ашуда. Энергетика (баламалы энергетиканы қоса алғанда), электроника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика, инфрақұрылымдық құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салалары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып табылады. Қазақстан мен Португалия халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұқсас немесе бірдей ұстанымдарды ұстанатын БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл да ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Қазақстан Португалиямен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және жан- жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32001?lang=kk
Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды 14.04.2025
Мемлекет басшысы Академия профессорлары мен сарапшыларының және қазақстандық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдардың кез келген мемлекеттің даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.Президент Қазақстан мен Қытай тарихында ортақ дүниелер көп екенін айтты. Оның сөзінше, екі халықты өркендеу рухы мен алға қарай ұмтылыс жақындата түседі.Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дипломатиялық қызметін дәл осы Бейжіңде бастағанын айтып, сол кезде ұлы мемлекет қайраткері Дэн Сяопиннің ашықтық пен реформалар саясатына куә болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Президент барлық қатысушыларды Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл тарихи датаның орта деңгейдегі «сяокан» қытай қоғамын құру жолындағы маңызды белес екеніне тоқталды.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның жедел жаңғыртулардың арқасында тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылғанына назар аударып, еліміздің даму қарқынын тоқтатпай, тек алға қарай жүре беретінін және 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыратынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігін, оның экономикалық әлеуеті мен адами капиталды одан әрі нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды мақсат екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, алдымызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған мемлекетті жаңғырту бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы халықаралық аренада көршілес мемлекеттермен қатар, ізгі ниетін қолдайтын басқа да елдермен достық қарым-қатынастарды кеңейтуге, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға мүдделі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/31590?lang=kk
Қазақстанның және Гондурастың сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады 14.04.2025
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов екіжақты қарым-қатынастардың тарихында Астанаға алғашқы рет келген Гондурас Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мария Долорес Агуэромен кездесу өткізді.Достық жағдайда өткен сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Гондурастың СІМ-дері арасындағы саяси диалогты орнатуға қызығушылығын білдірді. Сауда және туризм салаларын қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынастардың аса келешекті бағыттарын анықтау қажеттілігі белгіленді.Халықаралық қатынастардың және аймақтық қауіпсіздік тақырыптарына сұхбаттастар пікір алмасты. Халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша екі мемлекеттің ұстанымдардың ұқсастығы белгіленіп, Гондурас Қауіпсіздік Кеңесіне 2022-2023 жылдар кезеңіне өз кандидатурасын қойған БҰҰ шеңберіндегі өзара жемісті іс-қимылдың жалғастыру қажеттілігі баса айтылды.Қ. Әбдірахманов Қазақстанның Америкалық мемлекеттер ұйымы, Кариб мемлекеттерінің ассоциациясы, Қарибтік қоғамдастығы сияқты аймақтық ынтымақтастық платформалармен өзара іс-қимылы туралы хабарлады. Оларға қоса басты мақсаты жалпы нарықты қалыптастырып, еркін сауда аумағын құру болып табылатын, Орталық Америка интеграциялық жүйесінің қызметі назар аударар жайт.Гондурастың сыртқы саяси ведомствосының басшысы жоғары деңгейлі делегациямен қоса осы Орталық Америка мемлекетінің Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде Ұлттық күнін мерекелеу рәсіміні қатысты. Көрмеде Гондурас павильоны бар және осы күнін өнерпаздарының көркем ойындармен мерекеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31375?lang=kk
ИЫҰ бірінші ғылым және технологиялар жөніндегі Саммиті Астана декларациясын қабылдады 14.04.2025
АСТАНА, 10 қыркүйек, 2017 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитін ашты.Делегациялардың басшылары Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі 1-ші Саммитінің «Ғылым, технология, инновация және ислам әлемінің жаңғыруы» атты Астана декларациясын қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31267?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25-жылдығына қатысты КОММЮНИКЕ 14.04.2025
2017 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан мен Нидерланд айтулы оқиға – дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтпекші.Ширек ғасыр бойы қазақстандық-нидерландтық қарым-қатынастар дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, Астана мен Гаага арасында қарқынды және сенімді саяси диалог сақталуда, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстар белсенді кеңеюде.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 ж. наурыздағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммитіне қатысу шеңберінде Гаага қаласына ресми сапары, сонымен қатар Нидерланд Премьер-министрі М.Рюттенің 2015 ж. желтоқсандағы Астанаға ресми сапары көпжақты диалогтың кеңеюіне елеулі серпін берді.Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға парламенттік дипломатия өз үлесін қосуда. 2012 жылғы қыркүйекте Нидерланд Парламенті Сенатының Президенті Р. ван дер Линденнің Қазақстанға сапары, 2015 жылғы мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.Жақыповтың Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары өтті.2018 жылы Қазақстан мен Нидерланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша тығыз өзара бірлесіп іс-қимыл жасасу, сондай-ақ екі елдің халықаралық бастамаларын алға жылжытуда өзара қолдау көрсетуге ниеттенуде.Сауда-экономикалық ынтымақтастық Нидерланд Корольдігімен екіжақты қарым-қатынастар кешенінің негізі болып табылады. Нидерланд – Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция көлемі бойынша әлемдегі «нөмірі бірінші» инвестор және сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша Еуропалық Одақтағы Қазақстанның екінші әріптесі болып табылады.Қазақстан экономикасында голландиялықтардың қатысуымен 900-ден астам компания бар, олардың көпшілігі мұнай және газ, геологиялық барлау, аэроғарыштық, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жеткізу, фармацевтика мен медицина, халық тұтынатын тауарлар өндірісі саласында белсенді жұмыс істеуде.Тараптар «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай қызығушылық танытып отыр, бұл Нидерландтың «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуымен айқын көрінеді.Қазақстан мен Нидерланд өзара тиімді стратегиялық әріптестікке бағытталған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31257?lang=kk
Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің алтыншы кезеңіне аккредиттеу туралы 14.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 14-15 қыркүйекте орын алады.Сіздерді 15 қыркүйекте «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 13 қыркүйекке сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін «Syrian talks» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31252?lang=kk
Қазақстанның СІМ-де БҰҰ қарусыздану саласы бағдарламасының стипендиаттарын қарсы алды 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 21 қыркүйек -Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, сыртқы саяси ведомствоны қолдауымен ұйымдастырылған үш күндік сапар аясында Қазақстанға келген, БҰҰ-ның қарусыздану саласындағы бағдарламасы стипендиаттарымен кездесу өткізді. Делегация құрамына әлемнің 27 елі атынан, 35 жасқа дейінгі дипломаттар енген.Кездесу барысында Р. Василенко қатысушыларды, 2017 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен ғаламдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы, сондай-ақ өзге де халықаралық іс-шаралар барысындағы бастамалары туралы жан-жақты хабарландырды. Қазақстандық дипломат бейбіт атомды дамытуға және ядролық таратпау режимін нығайтуға мүмкіндік жасауға шақырған, АЭХА-ның тұңғыш Төмен байытылған уран банкін еліміз аумағында ашылуының тарихи маңызын атап өтті. Отандық дипломат сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының Кеңес мүшелеріне 2017 жылғы 10 қаңтардағы саяси мәлімдемесінде айтылған, Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарын түсіндіруге айрықша назар аударды.Стипендиаттар сондай-ақ, ядролық қаруды сынаудың қатері мен зардаптары туралы әлемдік қауымдастықтың хабардар болуын арттыру үшін, 2012 жылы Қазақстан Президенті бастамашы болған, АТОМ жобасы туралы хабарды қызығушылықпен қабылдады. Р. Василенко стипендиаттарды ядролық қарудан бас тарту туралы әлем көшбасшыларына арналған Жобаның онлайн-петициясына қол қоюға шақырды, сондай-ақ олардың көптеген сұрақтарына жауаптар қайтарды.Қарусыздану жөніндегі стипендия бағдарламасын Бас Ассамблея 1978 жылы дүниеге әкелді және алдына мүше-мемлекеттердің лауазымды тұлғалары, олардың алдағы кезеңде ядролық қарусыздану мәселелері бойынша халықаралық пікірталастарға және келіссөздік форумдарға пәрменді қатысу әлеуетін әзірлеуді және дамытуды қамтамасыз ету мақсатын қояды.Стипендиаттардың Қазақстанды аралау бағдарламасына, сондай-ақ, Курчатов қаласында, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында, Ұлттық ядролық орталықта болу кіреді. Стипендиаттар сондай-ақ, Семей қаласында болып жәдігерлермен танысады және Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31100?lang=kk
Швецияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі еліміздің мемлекеттік наградасымен марапатталды 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жыл 6 қазан–Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллге оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыстады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тиісті Жарлығында Х.Камилл Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы табысты ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасы беріліп отырғаны атап өтіледі.Р.Василенко Елші Х.Камиллдің екі ел арасындағы саяси диалог, экономикалық өзара іс-қимыл және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған тиімді қызметін баса айтты.Елші Х.Камилл жұмыс атқарған жылдары Риксдаг (швед парламенті) спикері У.Алин және Швеция Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі С.Бухтың Қазақстанға ресми сапарлары өткізілді. Екі елдің сыртқы істер министрлері Қ.Әбдірахманов және М.Вальстрём үстіміздегі жылы халықаралық форумдар аясында үш рет кездесті. 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бірлескен жұмысын бастады және бүгінгі күні ұйымның күн тәртібі бойынша қаруды таратпау және қарусыздандыру мәселелері бойынша тығыз ынтымақтасуда.Business Sweden – Швед сауда және инвестициялық кеңесінің қолдауымен өзінің жоғары технологиялық және инновациялық әзірлемелерімен танымал ірі швед компанияларының сапары өтті.Қазақстандықтар швед суретшісі Т.Крабоның ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру тақырыбы бойынша Астана, Алматы, Курчатов қалаларында қойылған көрмелеріне айрықша қызығушылық білдірді. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының оркестрі және Швеция Корольдігі камералық оркестрінің негізгі дирижерлерінің бірі М.Лильефорстің жетекшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған концерт табысты өтті.Х.Камилл екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Республикасының басшылығына және бірқатар ортақ іс-шараларды өткізуге ықпал етіп, Швеция Корольдігінің Елшілігімен нәтижелі өзара іс-қимылы үшін сыртқы саяси ведомствоға алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30934?lang=kk
Жылу беру маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр — Энергетика министрлігі 14.04.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 15 шілдесінде өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша міндеттерді алға қойды. Әлеуметтік жағдайды жақсартуда тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның тиімді жұмысына маңызды рөл аударылады. 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық туралы PrimeMinister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерболұлы Ертаев айтып берді.— Жылыту кәсіпорындарының алдағы жылу маусымына жалпы дайындығы қандай?— Жылыту кезеңіне жалпы дайындық штаттық режимде өтуде. Энергетика министрлігі Үкіметтің тапсырмасы бойынша әр ай сайын энергетикалық кәсіпорындардың басшыларымен және облыстық әкімдіктермен бірлесіп селекторлық салалық кеңес өткізеді. Бұл кеңесте әр өңірдің жылу маусымына дайындығы және проблемалық мәселелері қарастырылады.Атап айтсақ, бүгінгі таңда 2019 жылға арналған кесте бойынша 11 энергоблоктан 5 энергоблокты, 63 қазаннан 34 қазанды 46 турбинадан 20 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Әр түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 30 қазандықта, 17 турбинада жұмыс жүргізілуде.Электр желілері бойынша қазіргі таңда 15 мың шақырым электр желілері жөнделіп, 836 қосалқы станцияда жұмыстар аяқталды. — Жылыту кәсіпорындарында жылу маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары уақытылы аяқтала ма?— Бұл мәселе бойынша Энергетика министрлігі кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары барысына үнемі мониторинг жүргізеді және жөндеу жұмыстарының кестеге сәйкес орындалуын тұрақты түрде бақылайды.Жалпы, еліміздің барлық өңірлерінде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар кейбір өңірлерде артта қалушылықтар бар. Бірақ мұның жылу кезеңінің басталуына еш кедергі болмай, уақытылы аяқталатынына сенімдіміз. — Жылу маусымының басталуына орай жылыту кәсіпорындары отынмен қамтамасыз етілген бе?— Жалпы, энергия көздерінің қоймаларында қазіргі таңда 3,7 млн тонна көмір қоры жинақталған. Бұл көмір қоры өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. 103 мың тонна мазут қоры бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Бүгінгі күнгі жинақталған отын қоры жылу кезеңін бастау үшін жеткілікті.Энергетикалық кәсіпорындар отынды келісімшарт бойынша бекітілген кестеге сәйкес сатып алады. Сондықтан отын қоры жеткілікті деп есептейміз. — Жылыту кәсіпорындарының қарызы қаншалық және Энергетика министрлігі тарапынан қарызды азайту үшін қандай шаралар қабылдануда? — Жалпы алғанда, бүгінгі күні жеткізілген газ үшін «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдында энергия жеткізуші кәсіпорындардың берешегі 7,9 млрд теңгені құрайды.Сондай-ақ, «Богатырь Көмір» АҚ алдында жеткізілген көмір үшін «Көкшетау Жылу» мен «Севказэнерго»-ның жалпы 527 млн теңге көлемінде берешегі бар. Осы берешекті өтеу үшін екіжақты келісімшарт жасалып, осы келісімшартта бекітілген кестеге сәйкес төлемдер жүргізіледі.Салалық селекторлық кеңесте Энергетика министрі кәсіпорындардың басшыларына және облыс әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде осы берешекті уақытылы, бекітілген кестеге сәйкес өтеуді тапсырды. Бұл мәселе Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауына алынған. — Министрлікте әлеуметтік өндіріс нысандарына әлеуметтік мазутты жеткізу бойынша жағдай қандай?— Әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету бойынша. Бүгінгі таңда министрлікте 277 мың тонна көлеміндегі мазутпен әлеуметтік өндіріс нысандарын қамтамасыз ету бойынша кесте әзірленген.Алдын-ала бағалау бойынша әлеуметтік мазуттың бағасы қосымша құн салығымен қоса есептегенде 100 мың теңгені құрайтын болады. Қазіргі уақытта бұл кесте келісу, бекітілу сатысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/30903?lang=kk
Халықаралық қоғамдастық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күніне бірауыздан қолдау танытты 14.04.2025
2017 жылғы 27 қазан, Нью-Йорк қ. - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Бірінші Комитеті Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін құрған БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарарын жаңартуға бірауыздан қолдау танытты.Жаңа қарар жобасы Бас Ассамблеяның Президентінен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін атап өту және ілгерілету мақсатында жыл сайынғы жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс ұйымдастыруды сұрайды.29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2009 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының бастамасымен бекітілген болатын. 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тиісті Жарлығымен әлемдегі екінші ядролық сынақ алаңы саналған Семей полигонын жапты.2010 жылдан бастап, осы күн әлемдік деңгейде кеңінен аталып, ал БҰҰ қабырғасында жыл сайын Бас Ассамблея Президентінің төрағалығымен тиісті бейресми отырыс өткізіліп отырды. Мұндай жыл сайынғы шолулар Ассамблея Президентімен оларды ұйымдастыруға қажетті мандатсыз жүргізіліп келді.Сол себепті Қазақстан тиісті мандатты қосу үшін осы жолы қарарға арнайы тармақ қосу туралы бастама көтеріп, онда Бас Ассамблея «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін атап өту және ілгерілету мақсатында Ассамблея Президентінен жыл сайынғы жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс ұйымдастырып отыруды сұрайды».БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тиісті тармақты қосуға бірауыздан қолдау көрсетіп, осылайша ядролық сынақтарға толық тыйым салу үшін Халықаралық күннің өзектілігі туралы ұстанымдарының ортақтығын танытты. Осы әрекетімен дүниежүзілік қауымдастық бұл күннің ядролық сынақтар құрбандарына тағзым ету және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп отырған орасан қауіп туралы адамзаттың есіне салу тұрғысынан маңыздылығын айшықтап өтті.Бірінші комитет алдында сөз сөйлеген БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров 29 тамыздың Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері мен ядролық сынақтардан жапа шеккен миллиондаған адамдар үшін тарихи маңызы бар күн екенін атап өтті. Ол әлемді ядролық сынақтарға толық тыйым салу жолындағы күресті бірауыздан және тегеурінді сеніммен жалғастыруға шақырды.«Біздің тағдырымыз ортақ, сондықтан, Тұрақты даму мақсаттарының терминологиясымен айтқанда, «еш нәрсе де ұмыт қалмауы тиіс», ал қарусыздану тілімен сөйлесек, «бір-бірімізге қамқорлық танытуымыз қажет». Солай ғана адамзат пен қастерлі планетамызды құтқара аламыз және адамзаттың қамы үшін бірінші кезекте ядролық қаруды сынауды түбегейлі доғару талап етіледі» - дей отырып, қазақстандық дипломат Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін атап өту дәстүрін жалғастыруға қолдау танытуды сұрады.Сөз соңында Қ.Омаров жаңартылған жобаны әзірлеу бойынша бейресми консультацияларға белсенді қатысқан барлық мемлекеттерге, сондай-ақ оның 42 демеушілеріне ерекше алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30863?lang=kk
АҚШ делегациясымен кездесу туралы 14.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 30 қазан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға Астана процесіне бақылаушы ретінде қатысуға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісі Дэвид Саттерфилдті қабылдады.Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық әріптестіктің ілгері дамуын атап өтті. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары ағымдағы жылғы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың телефон арқылы байланыс нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.Тараптар Сириядағы дағдарысты шешу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. АҚШ өкілдері Сириядағы шиеленісті төмендету және қантөгісті тоқтатуда Астана процесінің рөлін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30860?lang=kk