Қоғам
Елордада Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының қатысуымен «Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті 14.04.2025
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А. Дарбаевтың, комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінің басшылығының, «Астана-Энергия» АҚ басшылығының, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жылу энергиясын өндіру саласындағы табиғи монополияның базалық субъектісі«Астана-Энергия» АҚ-ның объектілері жөнінде баспасөз-тур өтті.«Астана-Энергия» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары А. Никифоров 2018-2019 жылдар үшін Қоғамның Инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы баяндады.Одан кейін «Астана-Энергия» АҚ-ның инженер маманы баспасөз-тур қатысушыларына қауыпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық өткізді, 2-ЖЭО-ның турбиналық цехын, 2500 м.куб/сағ. шығынымен жүйелік сорғыларын, 2-ЖЭО-ның алаңында С-1 мен С-2 жылу жүйелерінің құбыр жолдарының телімдерін, 2-ЖЭО-ның қазан цехын және отын-көліктік цехын көрсетіп, 2-ЖЭО-ның жалпы жұмысымен таныстырды.Комитеттің Төрағасы Асан Дарбаев сондай-ақ БАҚ-ы өкілдерінің кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаларын орындау қатысты қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті және Астана қаласының Энергетика басқармасы 2018-2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2018 жылға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламасын 963 699 мың теңге сомаға бекіткенін атап көрсету қажет. Инвестициялық салымдардың басым бағыттары: - жылу энергиясын өндірудің сенімділігін қамтамасыз ету; - экологиялық шараларды орындау; - тозған жабдықты ауыстыру; - жабдық жұмысының пайдалы әсер ету коэффициентін (ПӘК) арттыру; - жылу энергиясын өндіруді ұлғайту болып табылады.2018 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес:- 1-ЖЭО бойынша – 10 іс-шара;- 2-ЖЭО бойынша-17 іс-шара;- аудандық қазандықтар бойынша-4 іс-шара жоспарланған.2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 891 993 мың теңгеге 25 іс-шара орындалды, бұл 92% құрайды.73 093 мың теңге сомаға қалған 6 іс-шара бойынша шарттар жасалды, алайда 2018 жылғы 31 желтоқсанға өнім берушілер өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамады.«2018 – 2022 жылдарға арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 01 наурыздағы №14-ОД бұйрығына сәйкес 73 093 мың теңге сомаға іс-шараларды 2019 жылға көшіру арқылы 2018-2019 жылдардағы инвестициялық бағдарламаларды түзету орындалды.2019 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес: 1-ЖЭО бойынша 17 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 13 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 8 іс-шара жоспарланған. Түзетуді ескере отырып, жалпы сома 1 052 млн. теңгені құрады.2020 жылға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламасына сәйкес 976 млн. теңге сомаға: 1-ЖЭО бойынша 10 іс-шара, 2-ЖЭО бойынша 26 іс-шара және аудандық қазандықтар бойынша 5 іс-шара жоспарланған.2018-2019 жылдардағы жылу энергиясын өндіру бойынша инвестициялық бағдарламалар шеңберінде мынадай негізгі іс-шаралар орындалды:1-ЖЭО бойынша:Жылу энергиясын өндірудің сенімділігін арттыру үшін 2018 жылы «Ағынды аппаратты колонкаға ауыстыра отырып, вакуумдық деаэраторды қайта құру жобасын әзірлеу» орындалды. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. «Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО №1 қоймасына көмір жеткізудің 6-ТК телескопиялық түсіргіштер мен түсіру тораптарында аспирация және шаңбасу жүйелерін жаңарту» жобасы жүзеге асырылды. Жаңартылған жабдықтың жалпы саны – төрт түсіргіш.Шаң басу жүйесі ЖЭО-1 аумағында және станцияның санитарлық-қорғау аймағында экологиялық жағдайды жақсартты. Жабдықтарға жедел қызмет көрсету және жөндеу үшін 2 дана (шассидегі) тіркеме дәнекерлеу агрегаты сатып алынды. Биіктігі 100 метр №1 түтін құбырының ұңғысына күрделі жөндеу жүргізілді.2-ЖЭО бойынша: Түтін газдарын тазарту дәрежесін арттыру үшін №6 ст. қазан агрегаты эмульгаторларының төрт жаңа құйындағыштары сатып алынды және орнатылды; энергия тиімділігін арттыру үшін 2-ЖЭО багерлік сорғыларының жиіліктік-реттелетін жетегінің (ЖРЖ) құрылғысы орындалды;азот тотықтарын төмендету үшін 2-ЖЭО СҚЦ №№1, 2 су жылыту қазанагрегаттарында үшінші үрлеуіш жүйесінің монтажы орындалды;2 дана көлемінде шығыны 2500 м3 құрайтын жаңа желілік сорғылар орнатылды;СҚЦ-ның аккумуляторлық батареясы ауыстырылды;ДЗ-59 бульдозеріне күрделі жөндеу жүргізілді;күштік және бақылау кабельдерінің өртке қарсы материалдарымен жабу орындалды.Аудандық қазандықтар бойынша:Жүк көтергіштігі 15 тонна жүк автомобилі сатып алынды (1 дана);КВр-1,45 – 4 су жылыту қазандары сатып алынды және ауыстырылды;Нұр-Сұлтан қаласы УПТК қазандығында жаңа өрт хабарлағышының монтажы орындалды;«Промышленный кенті мен Железнодорожный кентінде қазандықтардың ескі түтін құбырларын бөлшектеу және жаңаларын салу» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді;УПТК кентіндегі қазандықтың түтін құбырына күрделі жөндеу жүргізілді.2019 жылғарналған мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілді және мынадай іс-шаралар бойынша шарттар жасалды:багерлік сорғы сатып алу. Шарт бойынша жеткізу 2019 жылғы 20 қазан. 2-ЖЭО алаңындағы С-1 және С-2 жылу желісі құбырларының учаскелерін қайта жаңарту және ішінара ауыстыру. Орындалуы 95%. Жұмыстардың аяқталуы 2019 жылғы 30 қазан.Іс-шара қаланы жылу энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.«1-ЖЭО қазандарын қайта жаңарту және 2-ЖЭО су жылыту-қазандық цехының қазандарын газға көшіру арқылы қайта жаңарту» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу».Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында, атап айтқанда «Елді одан әрі газдандыру» атты бесінші бастамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33726?lang=kk
Қостанайда Орнықты даму мақсаттары бойынша іскерлік ойын өтті 14.04.2025
А.ж. 4 қазанда Қостанай қаласында Қазақстандағы Орнықты Даму Мақсаттарын іске асыру барысы туралы халыққа ақпарат беру бойынша жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жеке сектор, академиялық орта мен жастар үшін іскерлік ойын түрінде семинар өткізілді. Семинарды БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Қазақстандағы Азиялық даму банкі өкілдігі және ҚР Ұлттық экономиа министрлігі ұйымдастырды.«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Қамбар іс-шараны аша келіп, барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын біріктірудің, сондай-ақ халықтың барлық тобының, атап айтқанда, әлеуметтік әлсіз топтарды қамтудың маңыздылығын атап көрсетті.Іскерлік ойын 50-ден аса адамды бір үстел басына жинады. Қатысушылар неғұрлым перспективалық міндеттер мен оларды шешу жолдарын атап өте келіп, өңірдегі өзекті проблемаларды талқылады. Сапалы медициналық қызметке қол жеткізудің қажеттілігі, толықтай жұмыс және барлығына арналған лайықты еңбекті қамтамасыз ету, сапалы және сенімді инфрақұрылымды дамыту, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік жүйесі, әлеуметтік кедергілерді жою, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды игеру мен тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлық пен пара алушылықтың барлық түрлерінің ауқымын азайту – өңірдегі басты мәселе.Ойын Қостанайдағы әртүрлі қызмет саласындағы тұрғындардың өзара пікір алмасып, әрқайсысының өз проблемасын айтуына, өзара өңірді орнықты дамытудың одан арғы іс-қимылы туралы келісулеріне мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33725?lang=kk
Қазақстан ДЭФ ЖБИ 2019 жылғы рейтингінде 55-орынға ие болды 14.04.2025
Рейтинг 103 индикатордан (55 статистикалық және 48 сауалнамалық) тұратын 12 фактор бойынша бағаланады.12 фактордың ішінен Қазақстан 5 фактор бойынша позицияларын жақсартты, 4 фактор бойынша нашарлау байқалды және 3 фактор бойынша позициялар өзгермеді. Қазақстанның ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі позициялары №Фактордың атауы2018 жылғыорны2019 жылғыорныҚарқын Жалпы рейтинг 1Институттар 6164▼32Инфрақұрылым 6967▲23АКТ енгізу 4444-4Макроэкономикалықтұрақтылық6260▲25Денсаулық 9795▲26Дағдылар 5757-7Тауарлар нарығы 5762▼58Еңбек нарығы 3025▲59Қаржы жүйесі 100104▼410Нарық көлемі4545-11Бизнестің қарқындылығы 3735▲212Инновациялық әлеует 8795▼8 Қазақстанның бәсекелес артықшылықтары келесідей факторлар болып табылады: «Еңбек нарығы» – 25-орын (5 позицияға жақсару) және «Бизнестің қарқындылығы» – 35-орын (2 позицияға жақсару),.Мынадай факторлар орташа деңгейде бағаланды: «АКТ енгізу» – 44-орын (өзгеріссіз), «Нарық көлемі» – 45-орын (өзгеріссіз) «Институттар» – 64-орын (3 позицияға нашарлау), «Инфрақұрылым» – 67-орын (2 позицияға жақсару), «Макроэкономикалық тұрақтылық» – 60-орын (2 позицияға жақсару), «Дағдылар» – 57-орын (өзгеріссіз) және «Тауарлар нарығы» – 62-орын (5 позицияға нашарлау).Келесідей факторлар бойынша Қазақстанның әлсіз позициялары анықталды: «Денсаулық» – 95-орын (2 позицияға жақсару), «Қаржы жүйесі» – 104-орын (4 позицияға нашарлау) және «Инновациялық әлеует» – 95-орын (8 позицияға нашарлау).Қазақстан келесідей индикаторлар бойынша 1-орынға ие:корпоративтік басқару саласындағы акционерлердің құқықтары;қаржы жүйесінің тұрақтылығы саласындағы кредиттік алшақтық;бизнестің дәрменсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік база.Сондай-ақ, электрмен жабдықтау дәрежесі бойынша Қазақстан 2-орынды, бизнесті ашу құны бойынша 7-орынды иеленді.2019 жылғы 4.0 ЖБИ рейтингіне 141 ел қатысты. Аталған рейтингте көшбасшы елдердің бестігіне Сингапур (1), АҚШ (2), Гонконг (3), Нидерланды (4) және Швейцария (5) кірді.Қазақстан Колумбия (57), Грекия (59), Түркия (61), Үндістан (68) және Аргентина (83) сияқты елдерден озып тұр.ТМД елдері арасында Ресей көшбасшы болып отыр (43-орын), одан кейін Қазақстан (55), Әзербайжан (58), Армения (69), Грузия (74), Украина (85), Молдова (86), Қырғызстан (96), Тәжікстан (104) орналасқан.Рейтингтің нәтижелерімен Дүниежүзілік экономикалық форумның https://www.weforum.org/reports/the-global-competitveness-report. ресми сайтынан нақтырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33724?lang=kk
Автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарықтарындағы проблемалық мәселелер 14.04.2025
Монополияға қарсы орган алаңында өткізілген жұмыс тобының отырысында автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері қаралды.Қаралып отырған тауар нарықтарында сарапшылар мынадай мәселелерді анықтады: әлеуетті қатысушылар үшін қосымша талаптар, бұл конкурсты ашық өткізбеу үшін қауіп туғызады, биржада бағаның ашық қалыптаспауы, ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі, босату бағасына делдалдар әсерінің жоғары деңгейі.Операторды сатып алу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан бойынша жыл сайын бас мердігерлердің тар шеңбері жеңімпаз деп танылады. Бұл ретте, іс жүзінде жұмыс көлемінің 70%-ына дейін мердігерлік ұйымдар, оның ішінде төмен құнмен орындайды.Мәселелерді шешу үшін жұмыс тобының сарапшылары бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар берді: сатып алуды ұйымдастыру кезінде лицензиялауда көзделген талаптардың қайталануын жою, әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлікке беретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемін 30%-ға дейін төмендету, бір көзден сатып алуды өткізу үшін негіздерді қысқарту, бағаны қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ететін биржалық сауда-саттық тетігін жетілдіру, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауы учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, битумды биржалық тауарлардың тізбесіне енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/33721?lang=kk
Қайырымдылық іс-шарасы жалғасын тапты 14.04.2025
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында бастау алған қайырымдылық іс-шара өз жалғасын тапты. Күні кеше, Қоғалы ауылдық округінің "Ақмарал" ЖШҚ басшысы Бураханов Болат, осы ауылдын тұрғыны, көп балалы ана Қыстаубаева Айнұрға 4 бөлмелі үй сыйлады. Ал Көксу ауылдық округіндегі "Абыхан" ЖШҚ басшысы Абықанов Серік Қадыралович, көп балалы ана Доланбекова Меруертке 4 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33652?lang=kk
"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының аясында, Ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық жарыс ұйымдастырылды 14.04.2025
2019 жылдың 14 сәуір күні Елбасы Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының аясында, алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Президент сайлауына арналған Ұлттық ат спорты түрлерінен аудандық ашық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жарыс бағдарламасында Аламан бәйге, Құнан бәйге, Тай бәйге, Жорға бәйге, Көкпар, Қол күресі, Қошқар көтеру спорт түрлері қамтылды. Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаев жарысқа қатысушыларды бәйге маусымының ашылуымен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Жалпы тай бәйгеге 15 қатысушы, Құнан бәйгеге 22 тұлпар, Жорға бәйгеге 5 тұлпар, Аламан бәйгеге 20 сәйгілік қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атбегілер ақшалай және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогтерімен Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33651?lang=kk
«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өткізілді 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында, аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өткізілді. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы М. Бигелдиев бастап, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде партия төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның кезекті ХVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Конференция барысында партиялық жобалардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, аталған партиялық жобалар халықпен тығыз байланысты ұйымдастыра отырып, көп балалы, табысы аз азаматтарды қолдау, халыққа қолайлы орта қалыптастыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге негізделгені айтылды. Кербұлақ ауданы тарапынан Алматы облыстық филиалының конференциясына 6 делегат сайланды. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Бигелдиев қорытындылап, аудан көлемінде партиялық жобаларды нақты іске асыру бойынша тапсырмалар беріп, алда келе жатқан саяси науқанға белсене қатысып, ұйымшылдықпен өткізуге, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33650?lang=kk
Жер қатынастары мәселеріне қатысты семинар өтті 14.04.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Базарбек Бақытжан Жұмабекұлымен жер қатынастары мәселеріне қатысты семинар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Серікбай Бәкенұлы Қожахетов семинарға төрағалық етті. Семинарға аудан тұрғындары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Талап Сайлаубайұлы Шаухаров, аудан прокурорының орынбасары, аудандық жер қатынастары, ауыл шаруашылық, саулет және қала құрылысы, жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімдерінің басшылары мен мамандары, аудандағы шаруа қожалықтары, серіктестіктер, коопреатив басшылары мен мүшелері қатысты. Семинарда Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы жер мәселелеріне қатысты баяндамасын айтып өтті. Сонымен қатар,болашақта жүзеге аса бастайтын жаңашылдықтар турасында, оның ішінде өз уақыттарын үнемді пайдалануға мүмкіндіктер беретін электронды үкімет, оның қарапайым жандарға беретін артықшылықтары жайында өз ойын білдірді. Семинар соңында сұрақ-жауап форматына кезек беріліп, семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып,сауалдарына жауаптарын алып Бақытжан Жұмабекұлына алғыстарын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33647?lang=kk
1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аталып өтті 14.04.2025
Аудан орталығы Сарыөзек ауылында, 1мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған "Ынтымақ, бірлік, келісім- ең басты байлық ел үшін " атты салтанатты шара өтті. Аудан әкімі М. Бигелдиев тұрғындарды мерекемен құттықтады.Жиналған қауым әр-түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен өнерін тамашалады. Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33644?lang=kk
Алматы облысында Халықаралық отбасы күніне орай көп балалы отбасыға баспана берілді 14.04.2025
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді. «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлы 5 баланың анасы Бейсенбаева Раиса Өмірбекқызына 4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды. Қуанышы қойнына сыймаған Раиса Өмірбекқызы «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлына шексіз алғысын жеткізді. «Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдік. Жұбайыммен және 5 баламен пәтер жалдап күн кештік. Бір балам студент, үшеуі оқушы, ал кішісі 6 жаста. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Талғат Нұрлыжанұлына рахмет. Көп балалы ана деп ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс етіп отырғанына», -деді батыр ана. «Міне бүгін осындай көп балалы отбасына, ауылымыздың мейірімді жандарының бірі, баспана кілтін табыстап отыр. Жәрдемдесуге мүмкіндік болса, неге көмектеспеске?! »-, дейді ауыл ақсақалыСонымен қатар бұл отбасыға Кербұлақ ауданының «Зекет» қоры атынан ақшалай көмек көрсетілді. Айта кетсек Кербұлақ ауданында наурыз айында бастау алған қайырымдылық іс-шара әліде жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33643?lang=kk
Алматы облысында Отбасы күніне арналған «Әкем, анам және мен » атты спорттық ойындар өткізілді 14.04.2025
Кербұлақ ауданында Халықаралық отбасы мерекесіне орай, аудандық спорт кешенінде «Әкем, анам және мен» атты аудандық спорттық жарыс ұйымдастырылып өтті.Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттін рухани құндылықтарының қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1993 жылғы қыркүйек айының 20-ші жұлдызында өз революциясымен мамыр айының 15-сін Халықаралық отбасы күні ретінде анықтады. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. «Отан- Отбасынан басталады» деген нақыл сөз бекер емес. Халықаралық отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған осындай іс-шараға ауданымыздан 9 команда қатысты, атап айтсақ 49 орта мектебі, Сарыөзек орта мектебі және Көксу, Талдыбұлақ, Қоғалы, Қаспан, Алтынемел, Шанханай, Сарыбастау ауылдық округтерінің кұрама командалары қатысты. Тартысты жарыста 1 орынды Сарыөзек орта мектебінің «Барыс» командасы иеленсе, 2 орынды 49 орта мектебінің « Арыстан» командасы және 3 орынды Көксу округінің «Қыран» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылып, дипломдармен марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаев қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33641?lang=kk
Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады 14.04.2025
Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге боладыКезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тізілімінде бар/жоғын тексергені абзал.Мұны азаматтар бірнеше тәсіл арқылы тексере алады. Солардың бірі – Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметін таңдағаннан кейін пайдаланушы «Борышкерлер тізілімі және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисіне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Борышкерлер тізілімінде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берілген ЖСН бойынша ешқандай деректердің табылмағаны жөнінде хабарлама жібереді. Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады. Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі.Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерді. Бот қызметін пайдалану үшін қазақстандықтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі шарт. Бүгінде ол базаға 6,8 млн адам өз мәліметтерін енгізген. Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелері egov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы айыппұлдардың барын тексеріп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады. Естеріңізге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектері барларға қойылуы мүмкін. Мобильді азаматтар базасына жыл басынан бері1 млн адам тіркелді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр. Мобильді азаматтар базасына тіркеу ерікті түрде жүргізіледі, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефон нөмірі байланыстырылып, базаға енгізіледі. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәліметтері бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бірнеше мемлекеттік қызмет пен сервисті онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тіркелгендер egov.kz порталының құпиясөзін ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бірретік құпиясөзге сұрау жібере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлі қызметін қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туылған шақта жіберілген смске жауап беру арқылы туу куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады. Сонымен қатар базаға тіркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегімен 25 қызметті емін-еркін қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердің есебінде тұрмау туралы, жылжымайтын мүліктің болу/болмауы сияқты бірқатар анықтаманы алып, дәрігер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегін онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Аталмыш бот 2018 жылы іске қосылды. Осы уақытқа дейін оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгерді.Қазақстандықтар мобильді азаматтар базасының тізімінде тіркелген/тіркелмегенін egov.kz порталы арқылы тексере алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33640?lang=kk
Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары 14.04.2025
Сіз цифрлық әлемнің барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келе ме? Онда Сізді цифрлық сауаттылықты арттыру курсына шақырамыз. Ол жерде Сіз:- интернет және мобильдік гаджеттердің мүмкіндіктері туралы;-деректерді сақтау, беру тәсілдері және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы біле аласыз.Сонымен қатар:- онлайн режимде тауарларды сатып алу, сату және қызметтер көрсетуді;- мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуды;- мемлекеттік органдардың ашық деректерін тауып, оларды өз жұмысыңызда қолдануды үйренесіз.Курс 2019 жылдың 01-31 шілде аралығында, Кербұлақ ауданы бойынша мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Оқыту орнын білу үшін 8 (7282) 40-11-60, 8 (72842) 96-0-01 нөміріне хабарласуды сұраймыз.Цифрлық Қазақстан – жаңа мүмкіндіктерге ұмтыл! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33639?lang=kk
Үкімет жаңа туған нәрестелерге жаңа проактивті қызмет енгізді 14.04.2025
Үкімет азаматтарға жаңа үкімет енгіздіжаңа туған нәрестелерге арналған проактивті қызмет Енді Қазақстанда SMS арқылы баланың туу туралы куәлігін, бала туу бойынша жәрдемақыны және бала бақшаға кезекті ресімдеуге ғана емес, сондай-ақ баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеуге де болады. Жаңа туған нәрестені тіркеу қызметі жыл басынан бастап жұмыс істейді және мобильдік азаматтар базасында тіркелген ата-аналарға қолжетімді.Естеріңізге сала кетейік, туу бойынша белсенді қызмет көрсету 2017 жылдың соңында іске қосылды. Қазақстан ТМД аумағындағы алғашқы мемлекет болды, ол мемлекеттік қызметтерді ұсынудың белсенді форматын енгізді. Бұл ретте жас аналарға құжаттарды ресімдеу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тартылады, ал жетпейтіндер - жаңа туған нәрестелердің ата-аналарынан SMS-хабарлама арқылы сұралады.Баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұсынысы бар SMS туу туралы куәлік ресімделгеннен кейін, яғни бала туғаннан кейін 2 апта ішінде келеді.Егер ата-аналардың бірі тұрғын үйдің иесі болып табылса, онда оған мекенжайдың тіркеу кодын (РКА-код) енгізу жеткілікті. Егер ата-анасы баспанасы болмаса немесе баланы басқа мекенжай бойынша тіркеуге ниет білдірген жағдайда, тұрғын үй иесінің РКА-кодын және ЖСН енгізу қажет. Содан кейін меншік иесіне порталдың жеке кабинетіне egov.kz немесе SMS арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеуге келісім алуға сұраныс келеді. Иесі өзінің растауын берген кезде ата-аналарға баланың көрсетілген мекен-жай бойынша тіркелгені туралы хабарлама келеді.1,5 жыл ішінде 70 мыңнан астам жаңа туған бала проактивті әдіспен туу туралы куәлікті алды. Бала тууына байланысты жәрдемақы алуға 13 мыңнан астам өтініш SMS арқылы ресімделіп, 13 мыңнан астам бала балабақшаға кезекке белсенді қойылды. Баспасөз қызметі Коммерциялық емесакционерлік қоғамның"Азаматтарға арналған үкімет»Тел: 8 7172 95 51 54 (ішкі.109)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33635?lang=kk
Ақтөбеде еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 14.04.2025
Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен оларды шешу бойынша қабылданған шаралар қаралды.Семинарға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Атамекен ҰКП, «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және жоғарыда аталған 5 облыстың әкімдіктерінің өкілдері қатысты.«Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – бұл Еңбек министрлігінің маңызды басымдықтарының бірі. Ағымдағы жылы «Қауіпсіз еңбек» ақпараттық компаниясы аясында әлеуметтік әріптестері («Атамекен» АЭС, Кәсіподақтар федерациясы) және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңірлерде 4 өңірлік семинар өткізуді жоспарлануда. Біздің қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған бірлескен күш-жігеріміз ғана кәсіби тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.Семинарда сөз алған Төлеген Оспанқұлов зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарының санын қысқартудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстанда 497 мың жұмысшы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер қызметкердің табысының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.«Статистика жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері бойынша, 2018 жылы еңбек жағдайлары бойынша тексерілген 1,6 млн қызметкердің 373 мыңы немесе әрбір төртінші (22,3%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. Өткен жылы 676 мың жұмысшы зиянды еңбек жағдайындағы жұмысы үшін әр түрлі өтемақы алды. Осы мақсатта жұмыс берушілерге 116,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8% -ға көп», – деді Оспанқұлов.Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Осыған байланысты республикада осы тақырыпқа арналған бірнеше іс-шаралар өтеді. Аталған семинар солардың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерлерін біріктіру.Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов іс-шараға қатысушыларға қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыру бойынша нақты тиісті ұсынымдар берді.Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мүлдем жарақаттану жоқ кәсіпорын – «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе филиалында болды, онда жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыруға айтарлықтай қаражат бөледі. Бұл кәсіпорын «KIOSH 2019» еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша IX Халықаралық конференциялар мен көрмелердің, сонымен қатар «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік конкурсының қатысушысы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/33612?lang=kk
Құрметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар! 14.04.2025
Сіздерге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 459 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұрығына сәйкес мемлекеттік атаулы көмекті төлеу мерзімінің өзгергенін хабарлаймыз.Ережеге сәйкес алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.Төлем айына төлеу ведомосын қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айда енгізілуге жатады.Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.Осыған орай 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кейінгі айдың 10 – ші күніне қарай төленеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33597?lang=kk
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды 14.04.2025
2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесі туралы білімдерін жетілдіріп, сертификаттар алды«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық міндеттерінің бірі – халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететін қызметтері, зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкілдері, журналистика факультеттерінің студенттері және блогерлер үшін Қаржы журналистикасы мектебі үлгісінде дәрістер жүргізіп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». Мектепті өткізудегі мақсат – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша журналистердің, блогерлердің және журналистика факультеті студенттерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкілдерінің олармен кәсіби тұрғыда бірлесе әрекет жасауына мүмкіндік беру.Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады: зейнетақы жүйесінің модельдері, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшін Қор сайты және басқа да ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеу керектігі туралы кеңестер беріледі.Аталмыш шара осымен төртінші жыл өткізіліп жатыр. Бұған дейін ол негізінен Алматы қаласында өткізіліп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33594?lang=kk
Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
ПРЕТОРИЯ, 2019 жылғы 15 қазан – Африка ұлттық конгресінің екінші төрағасы Сефако Макгато атындағы президенттік қонақтарды қабылдау үйінде Қазақстанның Елшісі Қанат Тумыштың Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапозаға сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.Оның аясында Елші Қ. Тумыш ОАР басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі және жылы лебіздерін жеткізіп, әсіресе осы елдің бұл айдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сәтті төрағалық етуіне байланысты, мемлекетаралық ынтымақтастықты байланыстардың барлық спектрі бойынша нығайтуға бағытталған қазақстан-оңтүстік африкалық саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Елші, өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі күш-жігерді одан әрі дамытуға басшылығымыздың мүдделілігін растап, Президент Тоқаевтың биылғы инаугурациялық рәсімі және Қазақстан халқына Жолдауы сияқты сөйлеген ең маңызды сөздерінің шеңберіндегі негізгі бағыттарын мазмұндады. Қазақстанның өз экономикасын әртараптандыру, транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту және инвестицияларды тарту жөніндегі шараларын атап өтіп, сұхбаттасты саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы еліміздің даму перспективалары туралы хабардар етті. Айталық, өз лауазымына 2019 жылғы мамыр айында сайланған Президент С. Рамапозаның жаңа бастамалары мемлекет басшымыздың реформаларымен ұштасып келеді.Қ.Тумыш көпжақтылықтың, сондай-ақ соғысқа қарсы және антиядролық саясаттың берік жақтаушы деген абырой-беделін жиі дәлелдеген екі тараптың халықаралық ұйымдар шеңберінде, атап айтқанда, Қазақстанның 2017-2018 жж. және ОАР-дың 2019-2020 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезеңінде, ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударды. Ол Оңтүстік Африканы үш диалог негізінде жаңа геосаяси құбылысты құру, сондай-ақ ғаламшарымызды терроризмнен және жаппай қырып-жою қаруларынан азат ету бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын қолдауға шақырды. Сонымен қатар, еліміз насихаттайтын төзімділік, сондай-ақ әртүрлі ұлттар және діндер арасындағы татулық пен келісім идеялары туралы мәлімдеп, Елші екі елді де байытатын Қазақстан және ОАР халықтарының полиэтникалық және поликонфессиялық құрамы туралы әңгімелеп берді.Президент С.Рамапозаның мәлімдеуінше: «Сіздер сияқты достармен біз жаһандық басқарудың ережелерге негізделген көпжақты жүйесін қорғауға және нығайтуға, сондай-ақ бір-бірін байланыстыратын және нығайтатын кедейлік, теңсіздік, соғыс, терроризм және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық мәселелерді шешуге тырысамыз. Біз халықаралық сауда мен қауіпсіздік мәселелерде біржақты ұстанымды болдырмау үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Көпжақты институттарымыздың тұтастығын қорғап, олардың тиімділігін, бәрін қамтитын сипатын және шынайы бұқарашылдығын қамтамасыз ету үшін біз бірлесіп, өзара іс-қимыл жасауымыз қажет». Болмыш елдің басшысы экономикалық мәселелерге тоқталып, бір-біріне туристік сапарларды қолдауға және өзара инвестицияларды ілгерілетуге шақырды: «Осы орайда, келесі айда, 5-7 қараша кезеңінде, біз екінші Оңтүстік Африкалық инвестициялар конференциясын өткіземіз. Еліңіздің инвесторларын осы іс-шараға қатысуға және ОАР мүмкіндіктерінің әлеуетін өз көзімен көруге шақырамыз».Президент С.Рамапоза оңтүстік африкалық тараптың екі мемлекет үшін де басымдықты бағыттары бойынша елімізбен экономикалық серіктестікті, саяси сұхбат пен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ниетін білдірді және достас Қазақстанның басшылығына ыстық сәлемін жолдап, Елші Қ.Тумышқа әлемнің осы бөлігіндегі дипломатиялық қызметте табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33433?lang=kk
Қазақстан үндістандық ITEC бағдарламасын қолдайды 14.04.2025
2019 жылғы 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко құрметті қонақ ретінде Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы – ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation) күнін атап өту іс-шарасына қатысты.Өз сөзінде ҚР СІМ басшысының орынбасары ITEC шеңберінде түрлі салалар бойынша (ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі, киберқауіпсіздік, медицина және т.б.) қазақстандық мамандар үшін ұсынылып отырған курстардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, бұл бағдарламаға келешекте ҚР мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде сәттіліктер тіледі.Үндістанның Қазақстандағы Елшісі П.Кумар хабарлағандай, 1964 жылы құрылған ITEC-тің түрлі курстары арқылы 1990 жылдардан 2019 жылға дейін 1020 ҚР азаматтары білім алған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33422?lang=kk
Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 14.04.2025
БАКУ, 2019 жылғы 14 қазан - Бүгін таңертең Бакуде Қазақстан Республикасының Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке сенім грамоталарын тапсырды. Кездесу барысында Әзербайжан басшысы екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті жалғасып жатқанын да атап өтті.И. Әлиев инвестициялық, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және кеңейту туралы өз ойын білдірді. Өз кезегінде, Елші Әзербайжан Президентіне өзінің тағайындалуына келісім бергені үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы жоспарлары туралы, соның ішінде екі бауырлас мемлекет пен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін қарқындату мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті. Әзербайжан Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/33419?lang=kk