Қоғам
Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестіктің практикалық кезеңі басталды 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан. – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін Қазақстан «жол картасын» әзірлеуді ұсынады.2015 жылы қол қойылған Келісімді бүгінгі таңда Еуропалық Одаққа мүше көпшілік мемлекетратификациялады, сондай-ақ Еуропалық Парламент те мақұлдады. КӘЫК жаңа буындағы құжат болып табылады, ол ынтымақтастықтың 29 бағытын қамтиды. Әріптестіктің жаңа құрылымдары - «сауда конфигурациясындағы» ынтымақтастық комитеті, кеден мәселелерімен айналысатын кіші комитет, энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитет құрылды.«КӘЫК әлеуетін толық ашу Қазақстанның мүдделеріне сәйкес келеді, өйткені бұл құжат Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты жаңғырту стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.Еуропалық Комиссияның және Еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің жоғары лауазымды өкілдері қатарынан жасақталған делегацияға қазіргі уақытта Еуропалық Одақ Кеңесінде төрағалық етіп жатқан Болгария Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева басшылық етті. Кездесу барысында делегациялар 2 ақпанда 25 жылдығы аталып өтілген Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың барлық мәселелерін қарастырды.Еуропалық Одақ елге тартылған тікелей инвестициялардың және Қазақстандық сыртқы сауданың жартысына жуығын құрайтын Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2017 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артып, шамамен 30 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстан тарапы атап өткендей, жаңа келісімді жүйелі түрде іске асыру, біріншіден, жоғары технологиялық өнімдерді сату арқылы айтарлықтай экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мен жұмыс орындарын құруға, сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Өз кезегінде, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.ҚР-ЕО Ынтымақтастық Кеңесі КӘЫК-ке сәйкес құрылған ең жоғары үйлестіруші орган болып табылады. Кеңес жылына бір рет Қазақстанның Сыртқы істер министрлері мен ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет деңгейінде кездеседі. Ол Келісімнің тұрақты түрде орындалуын, сондай-ақ, екіжақты немесе халықаралық мәселелерді қарастырады.Сол күні «Euractiv» еуропалық медиа-агенттігі Брюссельде «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары» тақырыбында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Бурианның, Еуропалық Парламенттің мүшелері, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылары, еуропалық сарапшылар қауымдастығы және баспасөз өкілдерінің қатысуымен форум ұйымдастырды. Талқылауға қатысқандар ынтымақтастықтың барлық салаларында Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және оны әрі қарай кеңейтудің маңызды перспективаларының бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, форумда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 2018 жылдың қаңтарында өткен Қазақстан төрағалығының нәтижелеріне жоғары баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27736?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде екіжақты кездесулер өткізді 14.04.2025
Брюссель, 2018 жылғы 26 ақпан - Брюссельде «Қазақстан-ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аясында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могеринимен әңгімелесу барысында тараптар қазіргі халықаралық және өңірлік мәселелер, Ауғанстандағы жағдай және Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.Еуропалық Комиссияның халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі комиссары Невен Мимицамен кездесуі Орталық Азиядағы ЕО-ныңстратегиясын жаңарту үдерісін талқылауға арналды. Қ.Әбдірахманов Қазақстанның біздің өңіріміздің барлық елдерінің мүдделерін ескере отырып, оның ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа құжат әзірлеуге белсенді түрде қатысуға дайын екендігін атап өтті. Тараптардың Ауғанстанға, оның ішінде білім беру саласына көмек көрсетудегі ынтымақтастығына ерекше көңіл бөлінді.Министрдің Еуропалық Парламенттің Орталық Азия бойынша делегациясының Ивета Григуле бастаған топ мүшелерімен сұхбаты мағыналы болды.Сыртқы саясат ведомствосы басшысы Бельгия Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Дидье Рейндерспен кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегін, Қазақстанға Бельгиядан инвестициялар мен технологияларды тарту мәселесін талқылады. Бельгияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2019-2020 жылдарға кандидат ретінде ұсынуына байланысты, Қ.Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі және Президент Н.Назарбаевтың бітімгерлік бастамалары жөніндегі іс-қимылдары туралы баяндады.Сондай-ақ, Қ.Әбдірахманов Брюссельде Мальтаның сыртқы істер министрі Кармело Абеламен және Ирландияның сыртқы істер министрі Саймон Ковенимен кездесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27735?lang=kk
МИНИСТР Қ. ҚАСЫМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРДІ 14.04.2025
Ішкі істер министрі Қ.Қасымов бастаған Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау жөніндегі республикалық ақпараттық топ Қызылорда облысында өз жұмысын бастады. Қалмұханбет Қасымов Елбасы Жолдауының негізгі міндеттері талқыланған облыс әкімі Крымбек Көшербаевтың халыққа есеп беру кездесуіне қатысты.Түсіндіру жұмыстары шеңберінде өткізілген облыс активімен кездесу барысында министр басты құжатта көрсетілген негізгі басым бағыттарға сипаттама беріп, алға қойған мақсаттарды іске асыру бағытында ел Үкіметі қабылдап жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Кездесуде Төртінші өнеркәсіптік революцияны іске асырудың маңызды бағыттарына, заманауи құқықтық және қауіпсіз қоғам құру мәселелеріне баса назар аударылды.Бұдан соң министрлік басшысы азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының нақты мәселелерімен танысты, сонымен бірге азаматтарды алаңдатқан мәселелерді жедел шешу жөнінде тапсырма берді.Сапар барысында министр ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамымен кездесті. Бұл кездесуде Қ. Қасымов Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру үшін ішкі істер органдары қабылдайтын негізгі шараларға нақтырақ тоқталып, басым бағыттарды пысықтады. «Қазіргі заман талаптарына сай болу үшін Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ішкі істер органдары қызметін жаңғыртуға және технологиялық дамуына жаңа серпін беруі тиіс»,- деп атап өтті ішкі істер министрі әріптестері алдында.Келесі кезекте Қ. Қасымов жергілікті полиция қызметінің, кезекші бөлімнің және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген көшпелі полиция бекетінің жұмысымен танысты. Министр ғимараты толық қайта құрастырудан өткен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде болды. Мұнда бұрынғы жапсырмалап салынған үй-жайдың орнына халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандарды камералар бойынша ұстауға арналған жатақханалар тұрғызылған. Сонымен бірге министр сотталғандардың кәсіптік білім алуы және өңірдің бизнес құрылымдарын тарта отырып, қосымша жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады. Министрлік басшысының назарына ІІД оқу-жаттығу орталығының, Жалағаш АІІБ және Арал ауданындағы Сексеуіл полиция бөлімі құрылыстарының жобалары ұсынылды. Сонымен қатар Қ. Қасымов өткен жылы республика бойынша ұйымдастырылған слёттің жеңімпаздары болған жол қозғалысының жас инспекторларымен кездесіп, оларға жол қауіпсіздігі ережелерін жетік игергендері үшін алғысын білдіріп, олардың осынау ұлағатты істерімен қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлестерін қосып отырғанын және бұл Президентіміз Н.Ә. Назарбаев белгілеген міндеттердің бірі болып табылатынын атап айтты. Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27733?lang=kk
ЖҮРГІЗУШІ-ПОЛИЦЕЙ БОС ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 14.04.2025
Государственное учреждение «Учреждение автотранспортного обслуживания МВД Республики Казахстан» г. Астана, пр.Тәуелсіздік 1, объявляет конкурс на замещение вакантных должностей полицейских – водителей. Телефоны: 8(7172) 722112, 273550, электронная почта: mvd00@inbox.ru, факс: 714772.Должностные обязанности: Профессионально управлять служебной автомашиной. Содержать транспортное средство в надлежащем состоянии. Знать Правила дорожного движения, основы технического обслуживания автотранспортного средства.Требования к участникам конкурса: возраст не старше 35 лет, образование не ниже среднего, прошедшие воинскую службу, иметь Сертификат Агентства по делам государственной службы о прохождении тестирования на знание законодательства Республики Казахстан, водительское удостоверение категории «В и ВС», опыт работы водителем более 3 (трех) лет. Быть готовым для сдачи установленных нормативов по физической подготовке. Прием документов 10 дней с момента опубликования объявления.Реквизиты: ГУ «Учреждение автотранспортного обслуживания МВД РК»г.Астана, пр.Тәуелсіздік, 1. ИИК: KZ92070101KSN0000000 ГУ «Комитет Казначейства Министерства финансов РК»БИК: KKMFKZ2AБИН: 020940002309Приемная: тел. 8(7172) 722056 Эл.почта: mvd00@inbox.ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27732?lang=kk
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК 14.04.2025
Ішкі істер министрлігіне екіжақты әріптестікті нығайту, жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибе алмасу, сонымен қатар, ішкі істер органдары жұмысын жетілдіруде Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы келді. Делегация құрамында қырғыз елінің ІІМ Ақпараттық технологиялар бас басқармасының бастығы Алмазбек Бообеков, бөлім бастығы Ұлан Бақтығұлов болды. Кездесу барысында екі тарап қылмыстылыққа қарсы күресу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың бас бостандықтары мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, трансұлттық сипаттағы қылмыстарға, әсіресе, телефон, көлік, мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мәселелерін талқылады.«Телефон ұрлығына қарсы күресу үшін заңға өзгерістер енгізіледі. Мысалы, осыған дейін тек телефонға салынатын симкарта ғана сатып алушының атына тіркелсе, келесі жылдың қаңтар айынан бастап телефон да сол адамның атына тіркеледі. Яғни, ұрланған телефонды адамдар өз мақсаттарына пайдалана алмайтын болады. Өйткені, телефон ЖСН-і арқылы иесінің атына тіркеледі», – деді ІІМ Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы Роза Закаргаева. Кездесу барысында мал ұрлығына қарсы күреске кеңінен тоқталды. Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан мал ұрлығына қатысты атқарылып жатқан шаралардан хабардар етті. «Біз бүгінде бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, төрт түлік малды сәйкестендіру (идентификация) жүргізіліп жатыр. Себебі, ұрланған малды сипаттама бойынша іздеу нәтиже бермей отыр. Екі елдің шекаралас аудандарында мал ұрлығы жиі орын алады, төрт түлік мал ұрланбаған күннің өзінде шекарадан өтіп кетіп жатады. Міне, осындай жағдайда Сіздерге жануардың «жеке деректерін» жіберу арқылы оны табуды жеделдетуге болады», – деді А. Назаров. Кездесу барысында көршілес елдің өкілдері республикамыздың ішкі істеро органдарында қолданылатын автоматтандырылған жүйелермен, оның жұмысын бағалау критерийлерімен және «Қауіпсіз қала» жобасын енгізу тәжірибесімен танысты.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27731?lang=kk
«КОНТРАФАКТ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 14.04.2025
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу және ашу, сонымен қатар, еркін саудаға тиым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтау мақсатында жүргізілген «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Операция барысында ішкі істер органдарымен 167 құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 115 фактісі авторлық және сабақтас құқық бұзушылық, ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу, арнайы техникалық құралдарды заңсыз қолдану, интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық. Тыйым салынған еркін айналымнан 8,6 мың бірлік өнім, оның ішінде 8 мың контрафактілік CD-DVD-дискілер мен 11 флеш-карталар, 18 порнографиялық мазмұндағы тасымалдағыштар, 14 лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету және 7 басқа ақпарат тасымалдағыштар алынды.Операция барысында Жамбыл облысында контрафактілік өнімдерді жасайтын цех анықталды.Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27730?lang=kk
Қарағанды облысында «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы іске қосылады 14.04.2025
Жоба Қарағанды облысында орналасқан АК-159/18 (Қарабас к.), АК-159/20 (Долинка к.) мекемелерінде іске асырылатын болады. Бұл Елбасының «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» Жолдауының 33-қадамын іске асыру шеңберінде атқарылып жатыр. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Қайыржан Тлеубергенов өз сөзінде, жобаны әзірлеуге мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың және Еуропалық Кеңестің «Қазақстандағы әділ сотты жетілдіру» жобасы өкілдерінің қатысқанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және оңалту тұрақты түрде жүзеге асып отырғанына қарамастан, аталған жоба маңызды жаңалық енгізгелі отыр.Біріншіден, жоба бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуына 6-12 ай қалғандар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты қолданылатын болады. Осы мақсатта «Оңалту түрмесінің» шеңберінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің толықтай кешені қарастырылған. Оқыту барысында пилоттық жобаны жүзеге асырушылардың құзыреттілігі мен дағдылары, мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Сотталғандардың қажеттіліктері мен тәуекелдеріне (ашу-ызаны басқару, тәуелдіклікті емдеу, қаржылық сауаттылық, тұрғын-үй бағдарламалары, т.б.) бағытталған оңалту бағдараламаларын әзірлеу көзделіп отыр. Сотталғанды бостандыққа даярлаудың жаңа тәсілдері оларды әлеуметке қосуда тұрақты мотивация қалыптастыру, өмір сүру салтын өзгерту, дұрыс орта қалыптастыру және осы санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, «Оңалту түрмесі» сотталғандардың әлеуметтік байланысын нығайтып, жоғалған құжаттарын қайта қалпына келтіруге бағытталады. Жоба соңында қайталама қылмыстың төмендеуі ғана емес, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау кезінде туындайтын жағымсыз салдарды барынша болдырмау жағдайлары күтілуде. Атап айтарлығы, осы жобаны іске асыру кезінде АК-159/18 және АК-159/20 мекемелерінде ҚАЖ қызметкерлеріне арналып оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Құқық қорғаушылар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін бірқатар шетелдік тәжірибелермен таныстырды. Қарағанды облысының әкімдігімен бекітілген «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасы 2018 жылдың І тоқсанында іске асырылататын болады.ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27729?lang=kk
ІІМ «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ 14.04.2025
Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп өткізілген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды. «Жолаушылар тасымалдау көлігі еліміздің бірыңғай көлік жүйесінің негізгі бөлігі және автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселелерінің бірі болып табылады- дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев. – Бұл жай емес – Қазақстанда жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 500-ден астам жол-көлік оқиғасы жасалады, нәтижесінде шамамен 60 адам қайтыс болып, 800-ден астам адам жарақаттанады».Жолаушы көліктерінің апатына жасалған талдау көрсеткендей, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі көлік тәртібінің төмен болуы, тиісті бағытталған алдын алу жұмыстарының және лауазымдық тұлғалар мен бағытқа жолаушы автокөлігін шығаруға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылау жүргізілмеуінен орын алғандығын дәлелдейді. Осындай бұзушылықтардың орны алғаны үшін сомасы 5,7 млн. теңгеден астам айыппұл салынған автобус паркінің 190 лауазымдық тұлғасы жауапкершілікке тартылды.Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында барлығы қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимі бұзылған – 166 жағдай, 245 тиісті куәліксіз жүргізу фактісі, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы бойынша – 594, жылдамдықты асыруда – 1 135 факті, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану бойынша 3,5 мыңнан астам факті, жолаушыларды заңсыз тасымалдауға байланысты 195 факті анықталды.«Өздерінің жолаушыларына ғана емес, өздеріне де жауапты автобус жүргізушілерінің көлік құралын масаң күйде жүргізуінің 14 фактісі анықталды. Сонымен қатар, есірткіге масайған күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталған фактілер де бар»- деп белгіледі министр орынбасары. -Ақтөбе облысында есірткімен масаю күйінде жолаушы көлігін басқарған жүргізуші ұсталды, қалалық бағытта қызмет көрсеткен оның автобусында жолаушылар болған».Тексерілген әрбір алтыншы көлік құралында техникалық ақауы бар бола тұра, олардың жартысынан көбінде рейс алды бақылаудан өткені туралы белгісі болған. 312 заңсыз қайта жабдықтау фактісі анықталды, сонымен қатар көптеген фактілерде отыру орындары алынып тасталған және жатын орындарға айналдырылған немесе жүк қоятын бөлікке айналдырылған. Мысалға, Қарағанды облысында полицейлер Алматыдан Екібастұзға бағытталған автобусты тоқтатқан кезде тексеру барысында барлық артыңғы секторы кереуеттермен жабдықталған, ал жүргізушіде қажетті рұқсат беру құжаттары мен лицензиясы болмаған.Сонымен қатар, жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталды, міндетті түрде техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі анықталды.Айқындалған бұзушылықтар, жүйелі емес тасымалдауды ұйымдастырудың бірыңғай талаптарының болмауы және автокөлік құралын рейс алдында тексерудің үстірт өткізілетінін көрсетеді.«Автобус» операциясының нәтижелері бойынша қауіпсіздікті және жолаушыларды автомобильдік көлікпен тасымалдау жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды, олар көлік және коммуникациялар саласында уәкілетті орган ретінде ИДМ-ға одан әрі қарай жетілдіру үшін жолданатын болады.Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27728?lang=kk
«КӨКТЕМ-2018» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ 14.04.2025
Басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының көктемгі кезеңге әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 5-6 наурызда оқу-жаттығудың басшылық штабы Өскемен қаласында, «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары мен құлақтандыру, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің көктемгі кезеңдегі ТЖ қатері төнген және туындауы кезінде мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жоғары дайындық режиміне ауыстыру мәселелерін пысықтауды жоспарлануда. Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (азаматтық қорғаудың республикалық қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары), азаматтық қорғаудың аудандық және қалалық қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінен жедел топтарды тарту жоспарланған. Ағымдағы жылғы 5 наурызда су тасқыны кезеңіндегі ТЖ қатері туындауы кезінде басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерін дайындауға шешім қабылдау және Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындауға шешім қабылдау бойынша азаматтық қорғаудың республикалық және облыстық қызметтерімен штабтық жұмыс жүргізілетін болады. Ағымдағы жылғы 6 наурызда барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында көктемгі кезеңдегі ТЖ–ға ден қою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің практикалық іс-қимылдарын пысықтау бойынша авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары бөлімшелерімен, азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерімен арнайы- тактикалық оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілетін болады. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау тікелей су басуға ұшырағыш елді мекендерде өтетін болады. Бұл шұғыл ден қою жасақтарының тікелей су басуға ұшырағыш орындарда нақты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізіп, жаттығуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу орындарындағы сапалы іс-қимылдарды пысықтау және алдын алу шараларын жүргізу бұдан әрі қарай ТЖ болдырмау және тасқын сулардан келетін нұқсанды төмендетуге мүмкіндік береді.«Көктем-2018» РКШОЖ республикалық жедел штабы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27722?lang=kk
«ҚАЗАҚША КҮРЕС» КҮРЕС БОЙЫНША АҚПАРАТ 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 16 наурызда «Алатау» СК-де Министрліктің орталық аппараты Спартакиадасы шеңберінде «Наурыз-Мейрамын» мерекелеуге арналған «Қазақша күрес» күрес бойынша сайыс өтті. Сайыста ІІМ орталық аппаратынан және оның құрылымдық бөліністерінен 12 команда қатысты. Сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық сынақта Арнайы даярлық департаментінің командасы – бірінші орынды, ҚР ІІМ «Алатау» РМК командасы – екінші орынды иеленді, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы және Жедел бөліністерінің командалары өзара үшінші орынды бөлісті. АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27717?lang=kk
ҚР ІІМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЮРИЙ ИЛЬИН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ БАСҚАН АУДАНДАРЫН ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУДА 14.04.2025
27 наурызда су тасқыны жағдайын зерделеу мақсатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Ол өңірлік штабқа жұмыс кеңесін өткізіп, сондай-ақ облыстық әкімдікте ҚР Үкіметінің отырысына қатысты.Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары ШҚО әкімімен бірге өңірдегі су басқан аумақтарды аралауда. Юрий Ильин Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы су тасқыны жғдайын бағалады. Ішкі істер министрінің орынбасары жағдай шиеленісіп тұрған – Прогресс, Глубокое, Предгорное, Шемонаиха, Верх-Уба ауылдарына ерекше назар аударды. Барлық елдімекендер құтқару бөлімшелерінің жіті назарында, авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қосымша күштер топтары жоспарланып, жұмыс істеуде, адамдарды қорғаумен қатар олардың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі таңда облыстың эвакуациялық пунктерінде шамамен 100 шақты адам бар екендігін, 900-шақтысы туыстарында екенін еске саламыз. Кейбір адамдар эвакуациядан бас тартуда. Азаматтарға азық-түлік әкеліп, орындарда психологиялық көмек өрсету жүргізілуде.ШҚО ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27716?lang=kk
Классиканың жаңа дауыстары 14.04.2025
Бұл кеште дарынды музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – скрипкашы Әсел Жақиянова мен виолончелист Ботагөз Қалиева, сонымен қатар пианист Жанна Здорнова елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынады.- Аталған концерт аясында біздің триомыздың тұсауы кесіледі, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұндай музыка ойнау біздің күнделікті ісімізден ерекшеленеді, біз үшін сонысымен де қызық. Әрбір аспаптың рөлі мен маңызы зор, сөйте тұра олар өзара үндесуі тиіс. Бірнеше айдан бері концертке дайындық жұмыстары жүргізілуде. Танымал шығармалармен қатар сирек орындалатын туындылардан тұратын бұл бағдарламаны құруға біз айтарлықтай уақыт жұмсадық, көп көңіл бөлдік. Мәселен, А.Пьяццолланың триоға арналған «Революциялық тангосы» Астанада алғаш рет шырқалмақ. Сөзсіз, толқыныс та, шығармашылық құлшыныс та бар. Тыңдарманға осы бір музыканың әсемдігін жеткізе білу, оны орындау кезіндегі сезімдеріміз әрі эмоцияларымызбен бөлісу біз үшін өте маңызды, - деді Әсел Жақиянова.Әртіс бірлесіп шығармашылық жасау туралы ойдың достық әңгіме барысында туғанын атап өтті.- Ботагөз Қалиевамен бірге «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінде жұмыс жасаймыз, ол Қазақстандағы үздік виолончелистердің бірі, бірнеше рет Италия, Германия, Испания, Жапония, Ресей т.б. елдерде өнер көрсетті. Пианист Жанна Здорнова екеуміз Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектеріміз, ал қазіргі уақытта М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында бірге оқып жатырмыз, - деп пікірімен бөлісті Әсел Жақиянова.Ауқымды концерттік бағдарламаға романтик-композиторлардың шығармалары, сондай-ақ құштарлыққа толы танго енді. Ф.Мендельсон-Бартольдидің №1 фортепианолық триосы, ре минор, оp.49, 1-бөлім, Ф.Шуберттің Скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ля мажор, оp.162, 1-бөлім, И.Брамстың №1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, оp.38, 1-бөлім, Ф.Крейслердің «Сыған каприччиосы», А.Пьяццолланың триоға арналған Revolucionario («Революциялық танго»), П.Чайковскийдің триоға арналған «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Маусым» (Баркарола), С.Рахманиновтың виолончель мен фортепианоға арналған «Вокализ», ор.34, № 14 және А.Скрябинның Поэмасы, ор. 32, № 1 және № 2 шырқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27692?lang=kk
«Президенттік кадрлық резервке» іріктеу басталады 14.04.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттілігі туралы жариялады.Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өту қажет:кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу;көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.Егер Сіз табысты бастамалардың авторы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іс жүзінде іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға және инновацияларға тез бейімделуге қабілетті болсаңыз «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдаңыз!Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.Толық ақпаратты сілтеме арқылы алуыңызға болады.«Президенттік кадрлық резервке» іріктеу Мемлекет басшысымен «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жобасы орналасқан тиісті Жарлық бекітілгеннен кейін басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27617?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген кеңесінде агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы айтты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешім қабылдауға және түрлі жағдайлар мен трендтерге тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттілігі туралы жариялады.А.ж. 15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өтті.А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегі кемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуы тиіс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуі қажет.Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғары әкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді.Іріктеу механизмі клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.Іріктеудежоғары білімі бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар да қатыса алады.Сонымен бірге, іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын талқылауға арналған МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27601?lang=kk
МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтілетіні туралы мәлімдеді 14.04.2025
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың тартымдылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қолдау тұрғысында кешенді шара қабылдау қажет.Бұл туралы МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде айтты.«Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей оңтайландырылған әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктері мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы мамандарды тарту деңгейін арттырады»,- деп атап өтті төраға.А.Жаилғанова Агенттікке тиесілі аумақтық бөлімшелердің басшыларына жергілікті орындардағы мемлекеттік қызметшілерді қанағаттандыру деңгейіне талдау жүргізіп, бір айдың көлемінде аймақтардың қажеттілігімен өтініштерін ескере отыра соңғы ұсыныстарды енгізуді тапсырды.Мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында кешенді шараларды әзірлеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27594?lang=kk
Елорда тұрғындары мен қонақтарына Турандот өз жұмбақтарын жасырады 14.04.2025
«Турандот» операсының негізінде ХІІ ғасырдағы Турандот пен Калафтың махаббаты жайлы хикая жатыр. Кезінде бұл оқиға драматург К.Гоццидың назарына ілігіп, соның негізінде ол ертегі жазады, ал жанына жақын келген осы әңгіме бойынша композитор Дж.Пуччини әлемдік опера өнерінің қазынасына енген баға жетпес туынды жасап шығарады.«Турандоттың» әлемдік премьерасы 1926 жылдың 25 сәуірінде Миланда өтті. Композитор опера бойынша жұмысын аяқтай алмай, дүниеден озған еді, бұдан кейінгі барлық көрсетілімдер автордың естеліктері негізінде Франко Альфаномен жазылған қорытынды дуэтпен және финалмен аяқталып отырды.Итальяндық комедиялардағы «бетперделі» кейіпкерлер осынау операда есепшіл қытай шенеуніктерінің бейнесінде көрініс табады, оларды Қытай ұлттық опера театрының солистері орындайды. Бұл операда Турандот (драмалық сопрано Мартина Серафин мен қазақстандық опера дивасы Жұпар Ғабдуллина) қатігездік пен қол жеткізбес сұлулық кейпінде жүзеге асады. Барлық ерлер қауымынан кек қайтару үшін ол сөз салып келген үміткерлерге сынақ ойлап табады – оның жасырған үш жұмбағына жауап бере алмаған жандар жазаға тартылады. Оған өлердей ғашық болған белгісіз ханзада Калаф қана (болгарлық тенор Камен Чанев) сынақтан сүрінбей өтеді. Өзінің ептілігі мен күш-жігерінің арқасында ол барлық үш жұмбақтың түйінін шешеді, бірақ қыз бейтаныс жігіттің есімін атаса ғана, адуынды ханшайымның жүрек отын жағуға дайын.Турандоттың жұмбақтарыЖұпар Ғабдуллина – Турандот – алдағы премьераға қызу дайындалуда. Әртіс бұл партияны баяғыдан орындап жүргенін айтты, енді мизансценаларды жаттап, Давиде Ливермордың ойындағы ниеттерін жүзеге асыру қалды.- Менің кейіпкерімнің асқан сұлулығынан ханзадалардың басы алынуда. Калафқа дейін ханшайымның жүрегін жаулауға келген 14 үміткер өмірімен қош айтысты. Осы партияны орындап жүрген басқа да көптеген спектакльдерде Турандоттың сахна төріне шығуы маңайына салғын ызғарын таратқан мұз іспеттес еді. Либретто бойынша ол бар-жоғы 14 жаста, сондықтан осы қойылымдағы оның іс-әрекетін режиссер психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Бір кездері әжесіне жат жерліктер қорлық көрсеткен, содан Турандот барлық ерлерден кек алуды бастаған. Туған кезінен бастап оған бірде-бір ер адам қол ұшын тигізген емес. Калафтың барлық жұмбаққа берген дұрыс жауаптары оған ауыр соққы болып, күйзелтеді. Ханшайым: «Мен сені жіберемін, өз жолыңмен кете бер» дейді, алайда қарсылыққа тап болады. Бас кейіпкер жігіттен шешімін таба алмайтын жұмбақ қабылдайды. Бұл шынымен де өте күрделі рөл, бейнені жасап, көрермендерге режиссердің негізгі ойын жеткізуге тырысамын. Давиде Ливермордың пайымынша, Турандот нәзік, биязы, оның барлық қозғалыстары әсем әрі көрікті, сол арқылы ерлер қауымын еліктіруде. Вокалдық тұрғыдан қарағанда да, жеңіл жұмыс емес, - деді Жұпар Ғабдуллина.Мартина Серафин де Турандот партиясын әзірлеуде. Әлемге әйгілі опера әншісі Астанадағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті.- «Астана Опера» – өте әдемі театр, мұнда бәрі керемет ұйымдастырылған. Маған, опера әншісі ретінде акустикасы маңызды болды, бұл жердің акустикасы өте тамаша. Дирижермен, қазақстандық вокалист әріптестеріммен, сонымен қатар дыбысталуы айрықша оркестрмен жұмыс жасаудан ләззат аламын, себебі олардың бәрі – өз ізінің хас шеберлері. Режиссер Давиде Ливермор осы қойылымға жанын салуда, солистермен жұмыс жасағандай әрбір хор әртісімен де қажырлы еңбек етуде. Кейіпкерлердің көңіл-күйіне ерекше басымдық береді. Турандот – менің сүйікті әрі көп орындайтын рөлім, өзімнің қызықты интерпретациямды беруге тырысамын. Барша қазақстандықтарды елордасының 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді, осынау спектакльдің айтулы мерекеге орайластырылғанын білемін, осы оқиғаның бір бөлшегі болып, үлесімді қосқаныма қуанышым шексіз, - деді Мартина Серафин.Калафқа жауапсыз ғашық күң Лиу партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы мен осынау бейнені әлемнің түрлі сахналарында сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындайды.Опера дивасы Майра Мұхамедқызы аталған партияны бірінші рет орындамақ.- Ішкі жан-дүниесі қуатқа толы қорғансыз қызға таңғалдым. Осындай құдіретті махаббатты жер бетінен сирек кездестіресіз, мұндай сезімді барша жан басынан кешіре бермейді. Лиу көрермендердің жадында өзінің батыл да батыр әрекетімен есте қалады. Мен орындайтын барлық үш ария – өте күрделі. Біріншісі нәзік, сезімтал, мұнда ол Калафқа махаббатын білдіріп, оған деген сезімі жайлы сыр шертеді. Екінші арияда мен кейіпкерімнің жан-дүниесінде толқып, асауланған сезімдерді жеткізуім керек, себебі оның ғашығы бір көргеннен Турандоттың сұлулығына тәнті болып, одан басқа жанды көргісі де, естігісі де келмейді. Лиу бұл жайтқа көне алмайды, алайда оның жүрегі тек ханзада деп соғады. Тағдырдың жазғанымен олардың бірге болуы бұйырмаған, сондықтан Лиу Калафты құтқара отырып, өзіне қол жұмсайды. Осылайша, эмоцияға толы әрі қайратты Лиу – қарама-қарсы кейіпкер, ол – салқын қанды Турандотқа кереғар бейне. Бұл партияны орындаудың күрделілігі неде? Бір мезетте драмалық ойынды жүзеге асыру әрі вокал, техникалық күрделі сәттер жайлы ұмытпау, - деп атап өтті Майра Мұхамедқызы.Қоюшы режиссер Давиде Ливермор «Астана Опера» театрында әлемге танымал «Опералия Пласидо Доминго 2017» вокалистер байқауында қазылар мүшесі ретінде жұмыс жасаған еді. Ол Дж.Пуччинидің «Турандот» операсын қою үшін театрдан шақырту алғанына риза болған.- Осы жерде болғаныма әрі қос елдің мәдени көпірмен байланысқанына зор қуаныштымын. Осындай керемет театрда тағы да жұмыс жасауға мүмкіндік бергені үшін театр басшылығына алғысым шексіз. 6 жасымда алғаш рет «Турандот» операсымен бетпе-бет келдім. Әкем операның жазбасы жазылған дискті сыйға тартқан еді, сол кезде балалар хорының орындаған бөлігіне таң қалдым. Сол үзіндіні жаттап алып, өз бөлмемде жиі айтатынмын. Сондықтан, бұл опера бала кезімнен бері менімен бірге десем болады. Операда ерекше кейіпкерлер орын алған, меніңше, жер бетіндегі әрбір адам осындай ханзада болуы мүмкін, өмірінің басқа кезеңінде Пинг, Понг, Пангтың кескін-келбетін өз бойынан табуы ықтимал. Ал қазіргі таңда маған жақыны – Калаф. Ол сияқты мен де тағдырды сынап, махаббатқа сенгім келеді, - деп бөлісті Давиде Ливермор.Керемет көрініске лайық...Қоюшы сценографтар Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов спектакльді көркемдік безендірудің қызықты тұжырымдамасын ұсынды, онда стильдерді араластыра отырып, негізгі элемент ретінде қытай символикасын қалдыру көзделген. Халық либретто авторымен суреттелгендей таңғажайып Қытайды көреді, сондықтан қоюшылар үшін қиялға қанат бітіретін сәт туындайды. Алғаш рет әртүрлі керемет әсерлер жасайтын осы заманға сай технологиялар пайдаланылмақ. Сахнаның таңғажайып трансформациясы, айдаһар мен жылқылардың пайда болуы спектакльдің бейнелілігін арттыра түседі.Сценографтардың идеяларын тәжірибелі басшы Виктор Караренің жетекшілігімен көркемдік-өндірістік кешен шеберлері іске асырды.- Алғаш рет сахнада спектакль бойы жылжытылып отыратын әрі ені 24 метр, ал биіктігі 15 метр болатын экран түріндегі алдыңғы арьер-проекцияға қосымша ретінде қызмет ететін LED-кулисалардағы бейнепроекцияны қатар қолданатын боламыз. Бірінші бөлімде көрерменді таңғалдырып, нағыз судан жаңбыр жауып өтеді. Жарық пен бейнеконтенттің керемет үйлесімі қайталанбас театрлық сиқыр тудырады. Айта кету керек, бұл қойылымда жарықтың атқаратын рөлі зор. Бұдан бөлек, жер астынан пайда болып, 3 метр биіктікке жоғарылайтын (!) бас кейіпкерді көтеруге арналған механизмдерді құрастырдық. Қалпына келтіру-ұсақ-түйек жұмыстар цехы сарайлар мен бағаналар жасау жұмыстарын аяқтауда, бутафорлар мен реквизиторлар да ауқымды жұмыс көлемін атқарды. Әр қойылым сайын біз театрдың қайталанбас тарихын жазамыз, тәжірибе жинақтаймыз, бұл бізге адам сенгісіз жобаларды ең жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның бәрі бізге келген көрерменнің ерекше әлемге тап болғандай сезімге бөленуі үшін жасалады, - деп атап өтті Виктор Караре.- «Турандот» - өте бай көркемдік материал. Ең алдымен, біз барынша пайдаланғымыз келген режиссердің көзқарасына, сахнаның техникалық жабдықталуына сүйендік. Кеңістік бірде ұлан ғайыр кең, бірде шағын болып өзгереді. «Турандоттың» қойылу тарихын зерттей келе, спектакліміздің бұған дейінгі әлемдік нұсқалардың бірде-бірін қайталамайды деп нақты айта аламын. «Астана Опера» театрының қойылымы азиялық және қытайлық стильдердің жарасымды үйлесуімен бірегей болмақ, яғни сценографияда осы екі мәдениеттің символикасы да көрініс таппақ, - деп түсінік берді қоюшы сценограф Софья Тасмағамбетова.Костюмдер мен декорациялардың түстер гаммасына айтарлықтай ұстамдылық тән, алайда мұның өзінде белгілі бір мән жатыр. Бұл «солғындық», керісінше, басты дүниеге – әрекетке айқын мән беруге жол ашады. Қара-ақ түстер ерекше көлеңкелік акцент тудырады.- Костюмдер тігу үшін біз жібек матаны, бірақ көбінесе қымбат бағалы маталардың бірі - жаккардты пайдаландық. Бұл ретте әшекейлеу екінші орында, ал жиектеме, түймелеу тіпті бұл қойылымға тән емес. Қиындық тудырған ерекше қытайлық пішу үлгісі, мұны тігін цехының шеберлері тамаша меңгерген. Бұдан бөлек, костюмнің пішінін сақтап тұратын матаның фактурасы маңызды болатын. Бас кейіпкер Турандот үнемі халықтың көз алдында болады, яғни бұл жаңа міндет жүктейді – оның киімін ауыстыру сахнаның қақ ортасында жүзеге асырылуы тиіс. Сөйтіп, негізгі киімді әртүрлі төрт жамылғы толықтыратын болады. Ханшайымның соңғы көйлегі қызыл түсті. Біз ұзын саны 247 костюм тіктік, оған 2 мың метрден астам мата жұмсалды. Хор әртістерінің киімдерін ауыстыру нәтижесінде осындай көлемді іс жасадық, бастапқыда көріністің басынан аяғына дейін олар бір киімде болады деп жоспарланды, кейін тағы бір костюм ауыстыру есебінен оларды ұлғайтуға шешім қабылданды, - деп сөзін қорытындыларды сценограф.Ұсақ-түйектер жайлы нақтырақБутафор цехының алдында маңызды міндет тұрды – көптеген ұсақ бөлшектер жасау, көзінің майын тауысып, министрлердің костюмдер жағасының қайырмаларына сән беріп тұратын ордендерді ойып жасау, ханзадаларға арналған медальдар құю. Айта кету керек, бұл ретте әскери тақырып арқау болған, оған дәлел – жендеттер мен қарауылшыларға арналған айбалталар, әскери семсерлер, металл мен ағаштан жасалған қысқа, салттық, имек қылыштар. Бутафорлар қарудың саптарын мұқият қайрайды, ал ұшын жасауға кәдімгі болаттың орнына алюминийді пайдаланады. Кейіннен барып осынау керемет дүние сәнделіп, былғарымен өңделеді. Бұған қоса, шеберлер би көріністерінде пайдаланылатын шыбықтағы қарлығаштарды әзірледі. Ұшу әсерін беру үшін, олардың қанаттары материалдан жасалды.Қолшатырлар, желпуіштер, асатаяқтарды әзірлеу технологиясы ұзақ уақытты талап етеді, олардың түстері шығыс мәдениетіне тән. Дәстүрлі қытай сабан қалпақтарын жасау да қажырлы еңбекті қажет етеді, олар папье-машеден жасалды, төбесі баумен сәнделген олардың ерекше пішіні ескерілді. Мұндай бас киімнің салмағы шамамен 400 грамды құрайды! Сауыт әзірлеу де ерекше назар аудартады, бұлардың саны 22 дана, әрбіреуіне 200 кесек былғары жұмсалады.Музыкалық әлемҚоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор шебер дыбысталуы үшін бірнеше ай бойы дайындық жүргізді. Осынау операда аса маңызды рөлге ие хорға айрықша жүк артылмақ. «Астана Операның» бас хормейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов елордалық театрдың хор әртістерінің ғана шеберлігін шыңдап қоймай, Қытай ұлттық опера театры әртістерінің де өнерін ұштады.Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы бойынша жұмыстары 1920 жылдың жазынан бастап 1924 жылға дейін, композитордың қайтыс боларына дейін жалғасқаны белгілі. Ла Скаладағы опера премьерасы кезінде қорытынды бөлімнің ортасында кенеттен музыка тоқтап қалды: Артуро Тосканини өзінің дирижерлік таяқшасын қойып, көрермен қауымға бұрылып: «Осы жерде сұм ажал композиторды өнерден мәңгілікке ажыратты» деген. Осыған дейін жиырма жыл бұрын «Воскресение» операсымен халықаралық атаққа ие болған Пуччинидің досы Франко Альфано сазгерден қалған қорытынды дуэт жазбаларын пайдаланып, «Турандотты» соңына жеткізді. Дәл осы финал нұсқасы елордалық театр сахнасынан шырқалмақ.«Турандот» операсы – «Астана Опера» театрының жиырма төртінші премьерасы, оны сөзсіз ғаламат туынды деуге болады. Қойылым тобының аса зор жұмысының арқасында, айрықша көріністі спектакль елорда тұрғындары мен қала қонақтарының көңілінен шығып, талғамына сай болары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27544?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілерді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйрету жоспарлануда 14.04.2025
Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимылының өзекті мәселесі айтылды.«Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды Мемлекеттік басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет», - деді ведомство басшысы.Академияға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.«Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында білім беру жүйесі экономиканың бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті.Әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесі үшін жұмыс жасау қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады», - деді А.Жаилғанова.Анар Жаилғанова өз сөзінде мемлекеттік органдарға жүгінген кездегі азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.«Бүгінгі таңда Агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады.Осы ретте, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделеніп, қисынды аяқталуға тиіс», - деді Агенттік Төрағасы.Анар Жаилғанова өтініштерді сапасыз қарау фактілері талданып, кінәлілерге қатысты елеулі шаралар қабылданатындығын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27516?lang=kk
МҚІА мемлекеттік органдарда қызметшілердің еңбегі бойынша жылжуын қатаң қадағалайтын болады 14.04.2025
Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігінің төмендігін көрсетеді.МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебінің бірі - адамдардың осы байқаулардағы іріктеудің әділдігіне сенімсіздігінен туындап отырғандығын атап өтті.«Жеткілікті құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмауда. Жергілікті жерлердегі ахуалға, егжей-тегжейлі талдау жасауды және аталған тәжірибені жою бойынша пәрменді қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтындығын көруі керек», - деді ол.Осы мәселені шешу ретінде «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерін «қадағалауға» және заңсыз кадрлық шешімдер қабылдауы, біліктілік талаптары, командалық жылжулармен манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік бермеуі тиіс.Анар Жаилғанова барлық жеке құрамға меритократия қағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі екендігін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27513?lang=kk
Анар Жайылғанова ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Дьерд Сабомен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады 14.04.2025
Өзінің алғы сөзінде МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі үшін тиісті басқаруды қамтамасыз ету және ашықтықты арттыру бойынша жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисімен өзара іс-қимылды нығайту маңызды екендігін атап өтті.«Тұңғыш Президент-Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнінен бастап әрқашан халықаралық ынтымақтастыққа, әсіресе ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлуде. Бұған маңызды растаманың бірі 2010 жылғы желтоқсанда елордамызда Қазақстанның төрағалық етуімен өткен ЕҚЫҰ саммиті.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейдегі кадрлық дипломат бола отырып, мемлекеттік басқару саласындағы әлемдік трендтер мен халықаралық стандарттарды үнемі мұқият қадағалап отырады. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа қазақстандық тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыруы, бұл мәселеге деген маңызды назардың болуы деген сөз», - деді ол.МҚІА төрағасы атап өткендей, Агенттіктің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылды. Олардың қатарында әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, басқарушылардың жаңа буынын іріктеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу.«Осы және басқа да тапсырмаларды жүзеге асыру озық халықаралық мен үздік шетелдік тәжірибелерді зерделеуді талап етеді.Осыған байланысты, Агенттік бастамаларына, оның ішінде Агенттік өкілдерінің ЕҚЫҰ -ның алдағы іс-шараларына қатысуына Сіздің бұдан арғы қолдауыңызға үміттенеміз», - деді А. Жайылғанова.Өз кезегінде Дьерд Сабо Агенттік басшысын МҚІА төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтай отырып, оның тағайындалуы Қазақстандағы әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екендігін және елдегі гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын көрсететіндігін атап өтті.ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесіне ерекше қызығушылық білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанда дамыған еуропалық мемлекеттермен ұқсастығы бойынша Қазақстан халқына белсенді қызмет көрсету тәжірибесінің болуын сұрады.МҚІА мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев азамат емес, мемлекет осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бастамашысы болған елде белсенді қызмет түрлерін енгізу туралы хабардар етті. Келесі жылы тағы 17 белсенді қызмет көрсетуді енгізу жоспарланып отыр.Тараптар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, И. Үйсімбаев азаматтық қоғам сарапшылары мен мемлекеттік органдар атынан қызмет көрсетушілер үшін зерттеулерді, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді құруда және сүйемелдеуде техникалық қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды. Агенттіктің ұсыныстарын қолдай отырып, Дьерд Сабо мырза нәтижелі ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыру қорытындыларын бағалауға, олардың тиімділігі мен қол жеткізілген прогреске шақырды. Оның айтуынша, Қазақстан халқының игілігі үшін өзара ынтымақтастықты бағалау үшін негізгі көрсеткіштерді енгізетін уақыт келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27512?lang=kk
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованы қабылдады 14.04.2025
Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты. Дереккөз: Akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27499?lang=kk