Enbekshi QazaQ

Қоғам

Классиканың жаңа дауыстары 14.04.2025
Бұл кеште дарынды музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің әртістері – скрипкашы Әсел Жақиянова мен виолончелист Ботагөз Қалиева, сонымен қатар пианист Жанна Здорнова елорда тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынады.- Аталған концерт аясында біздің триомыздың тұсауы кесіледі, бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Мұндай музыка ойнау біздің күнделікті ісімізден ерекшеленеді, біз үшін сонысымен де қызық. Әрбір аспаптың рөлі мен маңызы зор, сөйте тұра олар өзара үндесуі тиіс. Бірнеше айдан бері концертке дайындық жұмыстары жүргізілуде. Танымал шығармалармен қатар сирек орындалатын туындылардан тұратын бұл бағдарламаны құруға біз айтарлықтай уақыт жұмсадық, көп көңіл бөлдік. Мәселен, А.Пьяццолланың триоға арналған «Революциялық тангосы» Астанада алғаш рет шырқалмақ. Сөзсіз, толқыныс та, шығармашылық құлшыныс та бар. Тыңдарманға осы бір музыканың әсемдігін жеткізе білу, оны орындау кезіндегі сезімдеріміз әрі эмоцияларымызбен бөлісу біз үшін өте маңызды, - деді Әсел Жақиянова.Әртіс бірлесіп шығармашылық жасау туралы ойдың достық әңгіме барысында туғанын атап өтті.- Ботагөз Қалиевамен бірге «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрінде жұмыс жасаймыз, ол Қазақстандағы үздік виолончелистердің бірі, бірнеше рет Италия, Германия, Испания, Жапония, Ресей т.б. елдерде өнер көрсетті. Пианист Жанна Здорнова екеуміз Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектеріміз, ал қазіргі уақытта М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында бірге оқып жатырмыз, - деп пікірімен бөлісті Әсел Жақиянова.Ауқымды концерттік бағдарламаға романтик-композиторлардың шығармалары, сондай-ақ құштарлыққа толы танго енді. Ф.Мендельсон-Бартольдидің №1 фортепианолық триосы, ре минор, оp.49, 1-бөлім, Ф.Шуберттің Скрипка мен фортепианоға арналған сонатасы, ля мажор, оp.162, 1-бөлім, И.Брамстың №1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасы, ми минор, оp.38, 1-бөлім, Ф.Крейслердің «Сыған каприччиосы», А.Пьяццолланың триоға арналған Revolucionario («Революциялық танго»), П.Чайковскийдің триоға арналған «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Маусым» (Баркарола), С.Рахманиновтың виолончель мен фортепианоға арналған «Вокализ», ор.34, № 14 және А.Скрябинның Поэмасы, ор. 32, № 1 және № 2 шырқалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27692?lang=kk
«Президенттік кадрлық резервке» іріктеу басталады 14.04.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттілігі туралы жариялады.Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өту қажет:кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу;көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.Егер Сіз табысты бастамалардың авторы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іс жүзінде іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға және инновацияларға тез бейімделуге қабілетті болсаңыз «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдаңыз!Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.Толық ақпаратты сілтеме арқылы алуыңызға болады.«Президенттік кадрлық резервке» іріктеу Мемлекет басшысымен «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жобасы орналасқан тиісті Жарлық бекітілгеннен кейін басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27617?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген  кеңесінде агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы  айтты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешім қабылдауға және түрлі  жағдайлар мен трендтерге тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттілігі туралы жариялады.А.ж. 15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өтті.А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегі  кемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуы  тиіс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуі  қажет.Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғары  әкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен  компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді.Іріктеу механизмі клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.Іріктеудежоғары білімі бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар да қатыса алады.Сонымен бірге, іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын талқылауға арналған МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27601?lang=kk
МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік пакеті күшейтілетіні туралы мәлімдеді 14.04.2025
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың тартымдылығы мен кәсібилігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қолдау тұрғысында кешенді шара қабылдау қажет.Бұл туралы МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген  кеңесінде айтты.«Дамыған елдердің тәжірибесі  көрсеткендей оңтайландырылған   әлеуметтік жеңілдік пакеттері мен кепілдіктері мемлекеттік қызметке жоғары санаттағы  мамандарды тарту деңгейін арттырады»,- деп атап өтті төраға.А.Жаилғанова Агенттікке тиесілі  аумақтық бөлімшелердің басшыларына жергілікті орындардағы мемлекеттік қызметшілерді қанағаттандыру деңгейіне талдау жүргізіп, бір айдың көлемінде аймақтардың  қажеттілігімен  өтініштерін ескере  отыра соңғы ұсыныстарды енгізуді тапсырды.Мемлекеттік қызметшілерді қолдау мақсатында кешенді шараларды әзірлеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік.Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясында қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27594?lang=kk
Елорда тұрғындары мен қонақтарына Турандот өз жұмбақтарын жасырады 14.04.2025
«Турандот» операсының негізінде ХІІ ғасырдағы Турандот пен Калафтың махаббаты жайлы хикая жатыр. Кезінде бұл оқиға драматург К.Гоццидың назарына ілігіп, соның негізінде ол ертегі жазады, ал жанына жақын келген осы әңгіме бойынша композитор Дж.Пуччини әлемдік опера өнерінің қазынасына енген баға жетпес туынды жасап шығарады.«Турандоттың» әлемдік премьерасы 1926 жылдың 25 сәуірінде Миланда өтті. Композитор опера бойынша жұмысын аяқтай алмай, дүниеден озған еді, бұдан кейінгі барлық көрсетілімдер автордың естеліктері негізінде Франко Альфаномен жазылған қорытынды дуэтпен және финалмен аяқталып отырды.Итальяндық комедиялардағы «бетперделі» кейіпкерлер осынау операда есепшіл қытай шенеуніктерінің бейнесінде көрініс табады, оларды Қытай ұлттық опера театрының солистері орындайды. Бұл операда Турандот (драмалық сопрано Мартина Серафин мен қазақстандық опера дивасы Жұпар Ғабдуллина) қатігездік пен қол жеткізбес сұлулық кейпінде жүзеге асады. Барлық ерлер қауымынан кек қайтару үшін ол сөз салып келген үміткерлерге сынақ ойлап табады – оның жасырған үш жұмбағына жауап бере алмаған жандар жазаға тартылады. Оған өлердей ғашық болған белгісіз ханзада Калаф қана (болгарлық тенор Камен Чанев) сынақтан сүрінбей өтеді. Өзінің ептілігі мен күш-жігерінің арқасында ол барлық үш жұмбақтың түйінін шешеді, бірақ қыз бейтаныс жігіттің есімін атаса ғана, адуынды ханшайымның жүрек отын жағуға дайын.Турандоттың жұмбақтарыЖұпар Ғабдуллина – Турандот – алдағы премьераға қызу дайындалуда. Әртіс бұл партияны баяғыдан орындап жүргенін айтты, енді мизансценаларды жаттап, Давиде Ливермордың ойындағы ниеттерін жүзеге асыру қалды.- Менің кейіпкерімнің асқан сұлулығынан ханзадалардың басы алынуда. Калафқа дейін ханшайымның жүрегін жаулауға келген 14 үміткер өмірімен қош айтысты. Осы партияны орындап жүрген басқа да көптеген спектакльдерде Турандоттың сахна төріне шығуы маңайына салғын ызғарын таратқан мұз іспеттес еді. Либретто бойынша ол бар-жоғы 14 жаста, сондықтан осы қойылымдағы оның іс-әрекетін режиссер психологиялық тұрғыдан түсіндіреді. Бір кездері әжесіне жат жерліктер қорлық көрсеткен, содан Турандот барлық ерлерден кек алуды бастаған. Туған кезінен бастап оған бірде-бір ер адам қол ұшын тигізген емес. Калафтың барлық жұмбаққа берген дұрыс жауаптары оған ауыр соққы болып, күйзелтеді. Ханшайым: «Мен сені жіберемін, өз жолыңмен кете бер» дейді, алайда қарсылыққа тап болады. Бас кейіпкер жігіттен шешімін таба алмайтын жұмбақ қабылдайды. Бұл шынымен де өте күрделі рөл, бейнені жасап, көрермендерге режиссердің негізгі ойын жеткізуге тырысамын. Давиде Ливермордың пайымынша, Турандот нәзік, биязы, оның барлық қозғалыстары әсем әрі көрікті, сол арқылы ерлер қауымын еліктіруде. Вокалдық тұрғыдан қарағанда да, жеңіл жұмыс емес, - деді Жұпар Ғабдуллина.Мартина Серафин де Турандот партиясын әзірлеуде. Әлемге әйгілі опера әншісі Астанадағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті.- «Астана Опера» – өте әдемі театр, мұнда бәрі керемет ұйымдастырылған. Маған, опера әншісі ретінде акустикасы маңызды болды, бұл жердің акустикасы өте тамаша. Дирижермен, қазақстандық вокалист әріптестеріммен, сонымен қатар дыбысталуы айрықша оркестрмен жұмыс жасаудан ләззат аламын, себебі олардың бәрі – өз ізінің хас шеберлері. Режиссер Давиде Ливермор осы қойылымға жанын салуда, солистермен жұмыс жасағандай әрбір хор әртісімен де қажырлы еңбек етуде. Кейіпкерлердің көңіл-күйіне ерекше басымдық береді. Турандот – менің сүйікті әрі көп орындайтын рөлім, өзімнің қызықты интерпретациямды беруге тырысамын. Барша қазақстандықтарды елордасының 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді, осынау спектакльдің айтулы мерекеге орайластырылғанын білемін, осы оқиғаның бір бөлшегі болып, үлесімді қосқаныма қуанышым шексіз, - деді Мартина Серафин.Калафқа жауапсыз ғашық күң Лиу партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы мен осынау бейнені әлемнің түрлі сахналарында сомдап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындайды.Опера дивасы Майра Мұхамедқызы аталған партияны бірінші рет орындамақ.- Ішкі жан-дүниесі қуатқа толы қорғансыз қызға таңғалдым. Осындай құдіретті махаббатты жер бетінен сирек кездестіресіз, мұндай сезімді барша жан басынан кешіре бермейді.  Лиу көрермендердің жадында өзінің батыл да батыр әрекетімен есте қалады. Мен орындайтын барлық үш ария – өте күрделі. Біріншісі нәзік, сезімтал, мұнда ол Калафқа махаббатын білдіріп, оған деген сезімі жайлы сыр шертеді. Екінші арияда мен кейіпкерімнің жан-дүниесінде толқып, асауланған сезімдерді жеткізуім керек, себебі оның ғашығы бір көргеннен Турандоттың сұлулығына тәнті болып, одан басқа жанды көргісі де, естігісі де келмейді. Лиу бұл жайтқа көне алмайды, алайда оның жүрегі тек ханзада деп соғады. Тағдырдың жазғанымен олардың бірге болуы бұйырмаған, сондықтан Лиу Калафты құтқара отырып, өзіне қол жұмсайды. Осылайша, эмоцияға толы әрі қайратты Лиу – қарама-қарсы кейіпкер, ол – салқын қанды Турандотқа кереғар бейне. Бұл партияны орындаудың күрделілігі неде? Бір мезетте драмалық ойынды жүзеге асыру әрі вокал, техникалық күрделі сәттер жайлы ұмытпау, - деп атап өтті Майра Мұхамедқызы.Қоюшы режиссер Давиде Ливермор «Астана Опера» театрында әлемге танымал «Опералия Пласидо Доминго 2017» вокалистер байқауында қазылар мүшесі ретінде жұмыс жасаған еді. Ол Дж.Пуччинидің «Турандот» операсын қою үшін театрдан шақырту алғанына риза болған.- Осы жерде болғаныма әрі қос елдің мәдени көпірмен байланысқанына зор қуаныштымын. Осындай керемет театрда тағы да жұмыс жасауға мүмкіндік бергені үшін театр басшылығына алғысым шексіз. 6 жасымда алғаш рет «Турандот» операсымен бетпе-бет келдім. Әкем операның жазбасы жазылған дискті сыйға тартқан еді, сол кезде балалар хорының орындаған бөлігіне таң қалдым. Сол үзіндіні жаттап алып, өз бөлмемде жиі айтатынмын. Сондықтан, бұл опера бала кезімнен бері менімен бірге десем болады. Операда ерекше кейіпкерлер орын алған, меніңше, жер бетіндегі әрбір адам осындай ханзада болуы мүмкін, өмірінің басқа кезеңінде Пинг, Понг, Пангтың кескін-келбетін өз бойынан табуы ықтимал. Ал қазіргі таңда маған жақыны – Калаф. Ол сияқты мен де тағдырды сынап, махаббатқа сенгім келеді, - деп бөлісті Давиде Ливермор.Керемет көрініске лайық...Қоюшы сценографтар Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов спектакльді көркемдік безендірудің қызықты тұжырымдамасын ұсынды, онда стильдерді араластыра отырып, негізгі элемент ретінде қытай символикасын қалдыру көзделген. Халық либретто авторымен суреттелгендей таңғажайып Қытайды көреді, сондықтан қоюшылар үшін қиялға қанат бітіретін сәт туындайды. Алғаш рет әртүрлі керемет әсерлер жасайтын осы заманға сай технологиялар пайдаланылмақ. Сахнаның таңғажайып трансформациясы, айдаһар мен жылқылардың пайда болуы спектакльдің бейнелілігін арттыра түседі.Сценографтардың идеяларын тәжірибелі басшы Виктор Караренің жетекшілігімен көркемдік-өндірістік кешен шеберлері іске асырды.- Алғаш рет сахнада спектакль бойы жылжытылып отыратын әрі ені  24 метр, ал биіктігі 15 метр болатын экран түріндегі алдыңғы арьер-проекцияға қосымша ретінде қызмет ететін LED-кулисалардағы бейнепроекцияны қатар қолданатын боламыз. Бірінші бөлімде көрерменді таңғалдырып, нағыз судан жаңбыр жауып өтеді. Жарық пен бейнеконтенттің керемет үйлесімі қайталанбас театрлық сиқыр тудырады. Айта кету керек, бұл қойылымда жарықтың атқаратын рөлі зор. Бұдан бөлек, жер астынан пайда болып, 3 метр биіктікке жоғарылайтын (!) бас кейіпкерді көтеруге арналған механизмдерді құрастырдық. Қалпына келтіру-ұсақ-түйек жұмыстар цехы сарайлар мен бағаналар жасау жұмыстарын аяқтауда, бутафорлар мен реквизиторлар да ауқымды жұмыс көлемін атқарды. Әр қойылым сайын біз театрдың қайталанбас тарихын жазамыз, тәжірибе жинақтаймыз, бұл бізге адам сенгісіз жобаларды ең жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұның бәрі бізге келген көрерменнің ерекше әлемге тап болғандай сезімге бөленуі үшін жасалады, - деп атап өтті Виктор Караре.- «Турандот» - өте бай көркемдік материал. Ең алдымен, біз барынша пайдаланғымыз келген режиссердің көзқарасына, сахнаның техникалық жабдықталуына сүйендік. Кеңістік бірде ұлан ғайыр кең, бірде шағын болып өзгереді. «Турандоттың» қойылу тарихын зерттей келе, спектакліміздің бұған дейінгі әлемдік нұсқалардың бірде-бірін қайталамайды деп нақты айта аламын. «Астана Опера» театрының қойылымы азиялық және қытайлық стильдердің жарасымды үйлесуімен бірегей болмақ, яғни сценографияда  осы екі мәдениеттің символикасы да көрініс таппақ, - деп түсінік берді қоюшы сценограф Софья Тасмағамбетова.Костюмдер мен декорациялардың түстер гаммасына айтарлықтай ұстамдылық тән, алайда мұның өзінде белгілі бір мән жатыр. Бұл «солғындық», керісінше, басты дүниеге – әрекетке айқын мән беруге жол ашады. Қара-ақ түстер ерекше көлеңкелік акцент тудырады.- Костюмдер тігу үшін біз жібек матаны, бірақ көбінесе қымбат бағалы маталардың бірі - жаккардты пайдаландық. Бұл ретте әшекейлеу екінші орында, ал жиектеме, түймелеу тіпті бұл қойылымға тән емес. Қиындық тудырған ерекше қытайлық пішу үлгісі, мұны тігін цехының шеберлері тамаша меңгерген. Бұдан бөлек, костюмнің пішінін сақтап тұратын матаның фактурасы маңызды болатын. Бас кейіпкер Турандот үнемі халықтың көз алдында болады, яғни бұл жаңа міндет жүктейді – оның киімін ауыстыру сахнаның қақ ортасында жүзеге асырылуы тиіс. Сөйтіп, негізгі киімді әртүрлі төрт жамылғы толықтыратын болады. Ханшайымның соңғы көйлегі қызыл түсті. Біз ұзын саны 247 костюм тіктік, оған 2 мың метрден астам мата жұмсалды. Хор әртістерінің киімдерін ауыстыру нәтижесінде осындай көлемді іс жасадық, бастапқыда көріністің басынан аяғына дейін олар бір киімде болады деп жоспарланды, кейін тағы бір костюм ауыстыру есебінен оларды ұлғайтуға шешім қабылданды, - деп сөзін қорытындыларды сценограф.Ұсақ-түйектер жайлы нақтырақБутафор цехының алдында маңызды міндет тұрды – көптеген ұсақ бөлшектер жасау, көзінің майын тауысып, министрлердің костюмдер жағасының қайырмаларына сән беріп тұратын ордендерді ойып жасау, ханзадаларға арналған медальдар құю. Айта кету керек, бұл ретте әскери тақырып арқау болған, оған дәлел – жендеттер мен қарауылшыларға арналған айбалталар, әскери семсерлер, металл мен ағаштан жасалған қысқа, салттық, имек қылыштар. Бутафорлар қарудың саптарын мұқият қайрайды, ал ұшын жасауға кәдімгі болаттың орнына алюминийді пайдаланады. Кейіннен барып осынау керемет дүние сәнделіп, былғарымен өңделеді. Бұған қоса, шеберлер би көріністерінде пайдаланылатын шыбықтағы қарлығаштарды әзірледі. Ұшу әсерін беру үшін, олардың қанаттары материалдан жасалды.Қолшатырлар, желпуіштер, асатаяқтарды әзірлеу технологиясы ұзақ уақытты талап етеді, олардың түстері шығыс мәдениетіне тән. Дәстүрлі қытай сабан қалпақтарын жасау да қажырлы еңбекті қажет етеді, олар папье-машеден жасалды, төбесі баумен сәнделген олардың ерекше пішіні ескерілді. Мұндай бас киімнің салмағы шамамен 400 грамды құрайды! Сауыт әзірлеу де ерекше назар аудартады, бұлардың саны 22 дана, әрбіреуіне 200 кесек былғары жұмсалады.Музыкалық әлемҚоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хор шебер дыбысталуы үшін бірнеше ай бойы дайындық жүргізді. Осынау операда аса маңызды рөлге ие хорға айрықша жүк артылмақ. «Астана Операның» бас хормейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов елордалық театрдың хор әртістерінің ғана шеберлігін шыңдап қоймай, Қытай ұлттық опера театры әртістерінің де өнерін ұштады.Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы бойынша жұмыстары 1920 жылдың жазынан бастап 1924 жылға дейін, композитордың қайтыс боларына дейін жалғасқаны белгілі. Ла Скаладағы опера премьерасы кезінде қорытынды бөлімнің ортасында кенеттен музыка тоқтап қалды: Артуро Тосканини өзінің дирижерлік таяқшасын қойып, көрермен қауымға бұрылып: «Осы жерде сұм ажал композиторды өнерден мәңгілікке ажыратты» деген. Осыған дейін жиырма жыл бұрын «Воскресение» операсымен халықаралық атаққа ие болған Пуччинидің досы Франко Альфано сазгерден қалған қорытынды дуэт жазбаларын пайдаланып, «Турандотты» соңына жеткізді. Дәл осы финал нұсқасы елордалық театр сахнасынан шырқалмақ.«Турандот» операсы – «Астана Опера» театрының жиырма төртінші премьерасы, оны сөзсіз ғаламат туынды деуге болады. Қойылым тобының аса зор жұмысының арқасында, айрықша көріністі спектакль елорда тұрғындары мен қала қонақтарының көңілінен шығып, талғамына сай болары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27544?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілерді БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйрету жоспарлануда 14.04.2025
Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимылының өзекті мәселесі айтылды.«Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды Мемлекеттік басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет», - деді ведомство басшысы.Академияға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.«Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында білім беру жүйесі экономиканың бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті.Әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесі үшін жұмыс жасау қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болады», - деді А.Жаилғанова.Анар Жаилғанова өз сөзінде мемлекеттік органдарға жүгінген кездегі азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.«Бүгінгі таңда Агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады.Осы ретте, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделеніп, қисынды аяқталуға тиіс», - деді Агенттік Төрағасы.Анар Жаилғанова өтініштерді сапасыз қарау фактілері талданып, кінәлілерге қатысты елеулі шаралар қабылданатындығын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27516?lang=kk
МҚІА мемлекеттік органдарда қызметшілердің еңбегі бойынша жылжуын қатаң қадағалайтын болады 14.04.2025
Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігінің төмендігін көрсетеді.МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебінің бірі - адамдардың осы байқаулардағы іріктеудің әділдігіне сенімсіздігінен туындап отырғандығын атап өтті.«Жеткілікті құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмауда. Жергілікті жерлердегі ахуалға, егжей-тегжейлі талдау жасауды және аталған тәжірибені жою бойынша пәрменді қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтындығын көруі керек», - деді ол.Осы мәселені шешу ретінде «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерін «қадағалауға» және заңсыз кадрлық шешімдер қабылдауы, біліктілік талаптары, командалық жылжулармен манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік бермеуі тиіс.Анар Жаилғанова барлық жеке құрамға меритократия қағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі екендігін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27513?lang=kk
Анар Жайылғанова ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Дьерд Сабомен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады 14.04.2025
Өзінің алғы сөзінде МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі үшін тиісті басқаруды қамтамасыз ету және ашықтықты арттыру бойынша жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисімен өзара іс-қимылды нығайту маңызды екендігін атап өтті.«Тұңғыш Президент-Елбасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнінен бастап әрқашан халықаралық ынтымақтастыққа, әсіресе ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлуде. Бұған маңызды растаманың бірі 2010 жылғы желтоқсанда елордамызда Қазақстанның төрағалық етуімен өткен ЕҚЫҰ саммиті.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейдегі кадрлық дипломат бола отырып, мемлекеттік басқару саласындағы әлемдік трендтер мен халықаралық стандарттарды үнемі мұқият қадағалап отырады. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа қазақстандық тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыруы, бұл мәселеге деген маңызды назардың болуы деген сөз», - деді ол.МҚІА төрағасы атап өткендей, Агенттіктің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойылды. Олардың қатарында әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, басқарушылардың жаңа буынын іріктеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу.«Осы және басқа да тапсырмаларды жүзеге асыру озық халықаралық мен үздік шетелдік тәжірибелерді зерделеуді талап етеді.Осыған байланысты, Агенттік бастамаларына, оның ішінде Агенттік өкілдерінің ЕҚЫҰ -ның алдағы іс-шараларына қатысуына Сіздің бұдан арғы қолдауыңызға үміттенеміз», - деді А. Жайылғанова.Өз кезегінде Дьерд Сабо Агенттік басшысын МҚІА төрағасы қызметіне тағайындалуымен құттықтай отырып, оның тағайындалуы Қазақстандағы әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екендігін және елдегі гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын көрсететіндігін атап өтті.ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің басшысы мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесіне ерекше қызығушылық білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанда дамыған еуропалық мемлекеттермен ұқсастығы бойынша Қазақстан халқына белсенді қызмет көрсету тәжірибесінің болуын сұрады.МҚІА мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев азамат емес, мемлекет осы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бастамашысы болған елде белсенді қызмет түрлерін енгізу туралы хабардар етті. Келесі жылы тағы 17 белсенді қызмет көрсетуді енгізу жоспарланып отыр.Тараптар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, И. Үйсімбаев азаматтық қоғам сарапшылары мен мемлекеттік органдар атынан қызмет көрсетушілер үшін зерттеулерді, тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді құруда және сүйемелдеуде техникалық қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды. Агенттіктің ұсыныстарын қолдай отырып, Дьерд Сабо мырза нәтижелі ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыру қорытындыларын бағалауға, олардың тиімділігі мен қол жеткізілген прогреске шақырды. Оның айтуынша, Қазақстан халқының игілігі үшін өзара ынтымақтастықты бағалау үшін негізгі көрсеткіштерді енгізетін уақыт келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27512?lang=kk
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованы қабылдады 14.04.2025
Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты. Дереккөз: Akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27499?lang=kk
Cынға сындарлы қарау: қазіргі мемлекеттік қызметшінің жұмысында қандай дағдылар қажет 14.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомствоның аумақтық департаменттері мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері қызметкерлерінің қатысуымен вебинар өткізілді. Онда азаматтардың шағымдарымен жұмыс істеу қағидалары талқыланды.Клиентке бағытталған мемлекеттік аппарат, жақсы коммуникативтік дағдылары бар және оларды халықпен жұмыс жасауда қолдануға қабілетті мемлекеттік қызметшілер - Агенттік пен этика жөніндегі уәкілдердің қолданыстағы институтының қызметіндегі басым бағыт.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушы азаматтармен күнделікті қарым-қатынасқа түсетін мемлекеттік қызметшілерге арналған практикалық құрал - танымал шетелдік авторлар Джанелл Барлоу және Клаус Меллердың «Шағым сыйлық ретінде» кітабы болып табылады.Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Байғаскина мемлекеттік қызмет жүйесінде азаматтардың шағымдарына жаңа көзқарасты қалыптастыру кері байланыстың тиімді тәсілі болып табылатындығын, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын жақсартуға және азаматтар тарапынан сенімнің өсуіне ықпал ететіндігін атап өтті.«Біз бір азаматтың шағымында осындай, бірақ айтылмай қалған 26 шағым тұрғанын ескеруіміз керек. Шағым көбінесе наразылықтың себептерін талдау және болашақта жол бермеу үшін жақсы негіз болады», - деп атап өтті Агенттіктің бас консультанты Шыңғыс Ағжанбаев.Онлайн-кездесуге қатысушылар кітап авторларының пайдалы кеңестерін талқылады, атап айтқанда, шағымды тыңдай отырып, өзіңді сыйлық алып жатқандай ұстау; наразы азаматтармен қарым-қатынас жасау қағидаларын қалай қолдану; жазбаша шағымдарға қалай жауап беру, өз және ұйымның игілігі үшін сынға сындарлы қарау. Бұл дағдылар мемлекеттік қызметшілердің жұмысында аса қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27458?lang=kk
Эцқ-дан бас тарту, смс-парольдер, анықтамаларды алып тастау: МҚІА төрағасы халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру туралы 12.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі талдау жүргізді, оның барысында қолданыстағы стандарттар, регламенттер мен салалық ережелер бір-бірін 60% - ға қайталайтындығы және аталған құқықтық актілер арасында 180-нен астам сәйкессіздік анықталды. Агенттіктің ұсынысы бойынша 145 сәйкессіздік жойылды.Агенттік стандарттарды, регламенттер мен салалық ережелерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін регламенттейтін бірыңғай құжатқа біріктіруді ұсынады, бұл қызмет көрсету тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді және қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуын азайтады.Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында МҚІА төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.Бұл ұсыныстар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға түзетулер енгізу бойынша заңнамада көзделген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірінші оқылымда мақұлданды.Анар Жайылғанованың айтуынша, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 72,5% электрондық форматқа ауыстырылды.Ведомствоаралық жұмыс қорытындысы бойынша 588 қызмет бойынша автоматтандыру және оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 81% электрондық форматта қолжетімді болады.«Агенттік халық арасында «электрондық үкімет» порталы арқылы да, түрлі сервистер арқылы да электрондық қызметтерді алуды белсенді түрде ілгерілетуде.Электрондық-цифрлық қолтаңбадан бас тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Ұлыбритания,Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты алдыңғы қатарлы елдерде қолданылатын бір реттік смс-парольдерді аутентификациялау әдістері немесе бірыңғай сәйкестендіру нөмірі әдісі ретінде пайдалану есебінен электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдету ұсынылады.Қазақстанда смс-парольдер тек қана 64 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қолданылады», - деді ол.Бұдан басқа, азаматтардың жайлылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам алу үшін біз мемлекеттік қызметтер тізілімінен бір реттік анықтамаларды алып тастауды жоспарлап отырмыз.«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тізілімнен басқа инстанцияларға растаушы мәліметтер ретінде ұсыну үшін қажетті әртүрлі анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың 62 түрін алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл тізімде сотталмағандығы туралы, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы, жылжымайтын мүліктің бар - жоғы туралы, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру және т.б. талап етілетін анықтамалар бар», - деп атап өтті А. Жайылғанова.Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұйымдар азаматтардың оларды жинау уақытын жоғалтпай, ақпараттық жүйелерден дербес алатын болады.Аталған шаралар кешені мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ халық үшін қол жетімділікті арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27444?lang=kk
Сирия бойынша Астана процесі кепілгер елдерінің министрлік кездесуі туралы 12.04.2025
Сирия бойынша Астана процесінің кепілгер елдерінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркия Республикасының сыртқы істер министрлері 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстанның елордасында кездеспек.Келіссөздер барысында қатысушылар Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеуге ниетті.Кездесу қарсаңында, яғни ү.ж. 15 наурызда, аға лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ Бірлескен жұмыс тобы мен Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кездесулерін өткізу жоспарлануда.Астанадағы министрлік кездесу байқаушыларсыз және сириялық тарапсыз өткізілуі жоспарланып отыр. Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, кездесуге БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура шақырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27429?lang=kk
МҚІА меритократия қағидатын сақтау тұрғысынан кадрлық ауысуларға мониторинг жүргізеді 12.04.2025
Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі жанындағы баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.Оның айтуынша, меритократия қағидатын сақтау Агенттіктің басым міндеті болып табылады.«2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің «мансаптық» моделі және қызметкердің мансаптық өсуі төмен тұрған лауазымдардан басталады. Бүгінде меритократия қағидатын қамтамасыз ету бойынша барлық жағдай жасалған.Біз кадрлық өсу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, үздік қызметкерлерді ілгерілету бойынша тәжірибені жалғастырамыз», - деді Агенттік басшысы.2018 жылы конкурстарға қатысу арқылы сайыстылық қағидаттарында 7 мыңға жуық жас қызметші көтерілді.Агенттік мемлекеттік қызметшілердің уәждемесін қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің мансаптық перспективасын олардың қызметін бағалау нәтижелеріне тікелей байланыстыруды ұсынады.Қолданыстағы жүйеде тікелей өзара байланыс жоқ, себебі бағалау жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтті.Қазіргі таңда қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері үшін бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, қызметінен төмендету немесе босатылу бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.Бұл ретте, олар лауазымды жоғарылату үшін негіз болып табылмайды.Қызметшілерді бағалау жүйесі пилоттық мемлекеттік органдарда өзінің тиімділігін көрсеткендіктен, енді оның нәтижелерін бірінші кезекте жоғары тұрған позицияларға тағайындау кезінде конкурстық комиссиялар ескеретін болады.А. Жайылғанова Агенттік мемлекеттік қызмет саласындағы меритократия қағидаттарының сақталуына бақылауды күшейту мәселесін пысықтағанын атап өтті.Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің өтініштері бойынша олардың өтініште баяндалған дәлелдерін тексеруден басқа, ескертуге негізделген қосымша бақылау шараларын, атап айтқанда, кадрлық ауысуларға мониторинг жүргізу арқылы қосымша бақылау шараларын қарастыру ұсынылады.«Мемлекеттік органдарда барлық кадрлық процестерді сүйемелдейтін «e-kyzmet» автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі бойынша барлық қажетті мәліметтерді қадағалауға болады.Біз әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тағайындау бойынша заңнама талаптарын сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізе аламыз. Меритократия мәселелері бойынша мониторинг кезінде алынған барлық мәліметтер мұқият тексеріліп, зерделенеді.Агенттік құрылымында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті жұмыс істейді. Ол анықталған бұзушылықтарға уақытылы әрекет етеді», - деді спикер.Бұл шаралар кадрлық өсу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын одан әрі сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27421?lang=kk
Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде: Осы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өтеді 12.04.2025
Нью-Йорк, 2018 жыл 8 наурыз. Ауғанстан бойынша арнайы өкіл, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Станислав Василенко бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан мәселелері туралы отырысына қатысты.Іс-шара барысында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ауғанстандағы жағдайға берген бағаны қамтыған және осы елге көмек бойынша БҰҰ өкілдігінің мандатын тағы бір жылға ұзартқан 2405 қарарын қабылдады. Бұл іс-шара БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының ережелерін іске асыру қажеттілігіне байланысты, елдегі саяси оқиғаларды талқылау үшін тоқсан сайын өткізіледі. Бұл кездесуде бейбіт жолмен реттеу үдерісіне әйелдердің қатысу маңыздылығы басты назарда болды.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2018 жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Қазақстан төрағалығымен Ауғанстанға жасаған сапарын жоғары бағалады. Бұл сапар елдегі жағдайды тереңірек түсінуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, ү.ж 19 қаңтарда БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның жетекшілігімен ұйымдастырылған «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік серіктестікті құру» деп аталатын Ауғанстан жөніндегі пікірталастардың маңыздылығы мен тиімділігі аталып өтті.С. Василенко өз сөзінде Ауғанстан тап болған саяси және экономикалық проблемалар, сондай-ақ қауіпсіздікке төнген қауіп-қатер өңірдегі елдердің, халықаралық қауымдастықтың және Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты көмегін талап етеді деп мәлімдеді. Елдегі қақтығыстарды шешудің барлық кезеңдерінде әйелдер жастармен бірге маңызды рөл ойнайтыны айтылды.Осыған қатысты, 2018 жылы күзде Астанада «Ауғанстан әйелдері үшін мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференциясын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Біздің еліміз Еуропалық одақ пен өзге әріптестердің ортақ қаржыландыруымен ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру бастамасын көтерді. Жалпы құны 50 миллион доллар болатын білім беру бағдарламасының аясында 2010-2021 жылдары аралығында Қазақстан Жоғарғы оқу орындарында Ауғанстанның мыңға жуық азаматтары білім алатын болады», - деді С. Василенко.Қазіргі уақытта Еуропалық одақ БҰҰ «UN Women» ұйымымен бірлесе жүзеге асыратын, елімізде ауған қыздарын оқытуға бағытталған ортақ жобаның алғашқы кезеңін қаржыландыруға кірісті.С.Василенко БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға жасаған сапары барысында ауған үкіметі мен елдегі қоғамдық-саяси топтардың, соның ішінде бірінші ханым Рула Гани бастаған әйелдер ұйымдарының негізгі өкілдерімен кездесулер өткенін атап өтті.Қазақстан делегациясы жанжалдардан шығудың үш бірлікті стратегиясының маңыздылығына баса назар аударды. Ол, ең алдымен, қауіпсіздік пен даму мәселелерінің өзара байланысын қамтиды. Онда елдегі тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін тұрақты даму бағдарламаларын қоса іске асыру қажет. Екіншіден, трансшекаралық проблемалар мен қауіп-қатерлерді еңсеру үшін өңірдегі елдердің тығыз ынтымақтастығын қажет ететін өңірлік көзқарас, өйткені қазіргі уақытта әртүрлі қауіп-қатерлер мен проблемаларды бір мемлекеттің шегінде ғана шешуге болмайды. Үшіншіден, «Бірлескен БҰҰ» қағидаты, оның мәні БҰҰ жұмысының үйлестігі мен тиімділігін орталықта және аймақтарда арттыру болып табылады.Жанжалдарды реттеуде әйелдер рөлінің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан өкілі өз сөзін қазақтың мынадай мақалымен аяқтады: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27399?lang=kk
Агенттік төрағасының орынбасары тағайындалды 12.04.2025
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.Сілтеме: @akorda.kz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27394?lang=kk
Жас мемлекеттік қызметшілердің форумы 12.04.2025
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова форумның жұмысын аша отырып, «Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы биылғы жылды - Жастар жылы деп атады.Бүгінгі таңда елімізде жастарға қолдау көрсетуге және олардың әлеуетін жүзеге асыруға көп көңіл бөлінуде.Бұл тренд 22 мың жас азаматтар қызмет ететін мемлекеттік қызметте де іске асырылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жас басқарушылар қатарынан мемлекеттік қызметтің барлық кезеңдеріне конкурстан тыс өткізуге арналған кадрлық резерв қалыптастыру мәселесі шешілуде. Бұл терең білімге және жұмыс тәжірибесіне ие, дамушы әрі жасампаз, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартудың маңызды қадамы" - деп атап өтті.Форумға қатысушыларды құттықтай отыра, Анар Жайылғанова Мағжан Жұмабаевтың "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!" деген сөзін еске ала отырып, біздің жастарға айрықша үміт артылатынын атап өтті.Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Ақмола облысының табиғаты көркем жерлерінің бірі – Бурабай курорттық аймағында Жас мемлекеттік қызметшілердің республикалық форумы өтуде. Форумды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшыларының салалық кәсіби одағы» ҚБ бірлесіп ұйымдастырғалы отыр.Форум шеңберінде «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі – 2019 жыл» республикалық байқауының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Ағымдағы жылы конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 400 астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.Жеңімпаздарды марапаттай отырып, Анар Жайылғанова «Осындай конкурстың ұйымдастырылуы жастарды қойылған міндеттерді креативті шешуге ынталандырады. Конкурсқа қатысушылар әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік субсидиялау, экологияны жақсарту және өзге де өзекті тақырыптар бойынша жобаларды таныстырды.Ұсынылған жобалар әрі қарай жүзеге асырылатын болады» деп атап өтті.Форумға министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, Кәсіподақ федерациясы өкілдері және өзге шақырылған қонақтар қатысуда.Форумның бағдарламасы қызықты әрі танымдық тұрғыда өте пайдалы: форумға қатысушылар үшін ТМД елдерінен келген танымал бизнес-бапкерлердің, өзгерістер бойынша менеджерлердің, азаматтардың азаматтық және еңбек құқықтарын қорғау, өзгерістерді басқару тетіктері мен үздіксіз дамыту саласындағы PhD докторлардың қатысуымен тренингтер және дәрістер өткізіледі.Сонымен қатар салауатты ұлтты қалыптастыру мақсатында спорттық тимбилдинг ұйымдастырылады.Мемлекеттік қызметшілер сакральды жерлерді, ашық аспан астындағы «Ботай – Бурабай» этнокешенін аралап, түрлі мәдени ескерткіштермен, тарихи және мәдени әсем жерлермен, музейлермен және заманауи нысандармен танысу мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27338?lang=kk
Қазақстан сыртқы істер министрі мен Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 12.04.2025
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанадағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеаны Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды 2018 жылғы 26 ақпанда Брюссельде өткен Қазақстан - Еуропалық Одақ Ынтымақтастық кеңесінің 16-шы отырысында қол жеткізілген уағдаластықтар тұрғысында одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Тараптар 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін бірлескен қадамдарды көрсететін жол картасын әзірлеу жұмыстарын бастау қажеттігі туралы келісті. (Қазіргі кезде КӘЫК-ті ЕО-ға мүше барлық 28 мемлекет ратификациялауға дейін уақытша қолдану режимінде қолданып келеді: бұл ретте, ЕО-ға мүше 23 мемлекет және Еуропалық Парламент оны бекітті).Сонымен қатар, Қ.Әбдірахманов және Т.Христеа Еуразия құрлығындағы өзара байланыс және көліктік-логистикалық қатынастардың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы оң үрдістерін қарастырды. Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы әзірленіп жатқан Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Еуропалық Одақтың стратегиясын осы жылдың қазан айында өтетін «Азия-Еуропа» Форумы Саммитіне (АСЕМ) дейін бекіту күтіліп отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, өңір елдері, оның ішінде Қазақстан белсенді қатысып отырған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын әзірлеу процесі жалғасуда. ЕО-ның жаңа стратегиясы 2019 жылдың екінші жартысында қабылданады деп болжануда.Ауғанстандағы тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерінде ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. ЕО Елшісінің айтуынша, қазақстандық тараптың тиісті бастамасына жауап ретінде Еуропалық Комиссия 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстанның Ауғанстан үшін білім беру бағдарламасын дамыту шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдерін оқыту жобасын қаржыландырудың бірінші кезеңін дайындауға кірісті.Кездесу барысында еуропалық дипломат қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы құқық үстемдігі мен заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстанның институционалды реформаларын іске асыру барысы туралы хабардар болды.Қ. Әбдірахманов экономикалық даму үшін жаңа ынталандыру шараларын, орта тапты нығайту және елдің адами әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен егжей-тегжейлі таныстырды.Осы орайда, тараптар аталған бастамаларды іске асыруда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың өзара ықпалдасу жолдарын талқылай отырып, осылар ҚР мен ЕО ынтымақтастығының негізгі бағыттарына, оған мүше мемлекеттердің және қаржы институттарының, атап айтқанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізгі бағыттарына толық сәйкес келетіндігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27273?lang=kk
Қ. Әбдірахманов Астана процесінің кепіл мемлекеттер министерлерінің отырысын ашты 12.04.2025
Астана қаласы, 2018 жылғы 16 наурыз – Астанада Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу қатысуларымен Сирия бойынша Астана процесінің кепіл мемлекеттерінің министрлік отырысы өтті.Отырысты ашу барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада 2017 жылғы қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басталған Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесі бейбіт өмірді қалпына келтіру үшін зор мүмкіндіктер ашып, зорлық-зомбылық деңгейін және қарулы қақтығыстар ауқымын едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.«Қиындықтарға қарамастан, Астана процесі жанжалдың барлық тараптарына өз пікірлерін білдіруге, ең бастысы, нақты қадамдар туралы келісуге мүмкіндік беретін тұғырнама ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Белгіленген төрт деэскалация аймағы мен атысты тоқтату режимін бақылау механизмі нәтижесінде елдегі зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге және Сирияның азаматтық тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік туды», - деді Қ.Әбдірахманов.Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Астана процесінің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар қағаз түрінде қалмауы керек және барлық мүдделі тараптарды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2401 қарарын және мәнсіз қантөгіске жол бермеу үшін атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды. Өкінішке орай, мұндай жағдай Шығыс Гутада орын алды. «Тараптар арасында тікелей және инклюзивті диалог арқылы ғана Сириядағы дағдарыстың түпкілікті шешілуіне қол жеткізуге болады», - деді министр.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бір жыл бұрын Ресей, Иран және Түркия құрған Астана форматының өзектілігі дәлелденгендігін мәлімдеді. «Астана процесінің басталуымен Астана халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі – Сириядағы жағдайды реттеу туралы шешімдер қабылданатын маңызды тұғырнамаға айналды. Баспасөзде Қазақстан астанасының атауы аталған жағдайда, миллиондаған сириялықтар Астанаға үміт артады», - деді Сергей Лавров.Кездесу барысында Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомство басшылары Астана процесі басталған сәттен бері қол жеткізілген нәтижелер туралы пікір алмасты және Сириядағы жағдайды реттеу бойынша алдағы қадамдарды белгіледі. Кездесу қорытындысы бойынша министрлер бірлескен мәлімдеме қабылдады. Жуырда Астанада келіссөздердің сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша бекітілген тұтқындалғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерімен алмасу, хабарсыз кеткендерді ісдестіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.Отырыс аясында Қ.Әбдірахманов Иран және Түркия Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді, олардың барысында қазақ-иран және қазақ-түрік қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран, Ресей және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшыларын қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27264?lang=kk
Nomad Way 2018 халықаралық көшпенділер мəдениетің фестивалі Астанада өтеді 12.04.2025
Көшпелі халықтардың мəдени мұрасын сақтап, кеңінен таратуды мақсат еткен Nomad Way 2018 көшпенді мəдениеттің халықаралық фестивалі елордада маусымның 22 мен 24 аралығында Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда өтеді.  Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырып отыр.Nomad Way көшпенді мəдениеттің халықаралық музыкалық фестивалі бүгінде еліміздегі ең жарқын мəдени мерекелердің біріне айналды. Шараны 2017 жылы The Spirit of Tengri жобасы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Жыл сайын Қазақстан Ұлы Дала жеріндегі бауырлас халықтардың музыкалық мəдениетінің өкілдерін қарсы алады.Биыл Nomad Way фестивалі көрермен назарына ethno-world жанрының ең танымал орындаушылары қатысатын 3 күндік шоу ұсынбақ.Бұл фестивальдың басты ерекшелігі - əлемнің 20 мемлекетінен келетін əртістер негізгі бағдарламаларынан бөлек, қазақтың халық əндері мен шығармаларын да орындайды.Фестиваль қонақтары мен көрермендері тек қана жанды дауыс, керемет жарық шоуы, дəстүрлі аспаптардың үніне толы, келушілерге ерекше энергия сыйлайтын 3 күндік музыка мерекесіне куə болады. Фестиваль көшпенді халықтардың мəдени мұрасын сақтап, танымал етуді мақсат тұтады.Nomad Way фестивалінің қатысушылары өз елдерінің музыкалық мəдениетінің ең атақты өкілдері.Биыл Астананың 20-жылдығына орайластырылып отырған Nomad Way 2018 фестивалінің сахнасына  Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен келген 19 өзгеше музыкалық ұжым шығады. Қатысушылар құрамы (19 ұжым):Aldaspan (Қазақстан)Tilla Török's Band (Мажарстан)Арғымақ (Башқұртстан)Gulzada (Қырғызстан)Abbos (Өзбекстан)Namgar (Бурятия)Radik Tyulyush & Chalama Project (Тува)Ислам Сатыров (Ставрополь аймағы)Khoomei Beat (Тува)Zaman (Башқұртстан)Shono (Бурятия)Baba Zula (Түркия)Болот Байрышев & Белуха Jam (Алтай)Avesto (Тəжікстан)Группа «Айархаан» / Чылтыс Таннагашева / DJ Nariman Issenov (Якутия / Таулы Шория / Қазақстан)Svjata Vatra (Украина / Эстония)Yedil & Satzhan project (Қазақстан)Huun Huur Tu & DJ Carmen Rizzo (Тува / АҚШ) Nomad Way 2018 көшпенді мәдениеттің музыка фестивалін қазақстандық «Алдаспан» этно-рок тобы ашады. Бұл – электр домбыраларда ойнайтын бірегей ұжым. Топтың атауы айтып тұрғандай, өнер ұжымы әндерінің басым бөлігі ер-азаматтардың намысын оятып, рух беруге бағытталған. Топ репертуары батырлардың ерлігін жырлайтын, күш-жігерге толы көне түркі әскери эпостар мен жыр-дастандардан тұрады. AVESTO – өз елінің ең танымал этно-джаз ұжымдарының бірі. AVESTO музыкасы стилі жағынан әр алуан: онда дәстүрлі әуендер де, заманауи свинг те, "джаз-рок", модальды джаз, "би-бо", "фри-джаз" да бар. Топ өз шығармашылығында заманауи джаз музыкасын шығыстың этникалық әуендерімен әдемі үйлестіреді. «Арғымақ» этно-рок тобы - Башқұртстанның заманауи этникалық музыкасындағы көшбасшы ұжым. Өз шығармашылығында башқұрттың курай, думбыра, кубыз, кыл-кубыз секілді дәстүрлі аспаптарын, көмеймен ән айту шеберлігін гитара, бас, ұрмалы аспаптармен және әлемнің түрлі елдерінен жиналған этникалық аспаптармен қатар қолданады.Nomad Way фестивалінде қырғыздың музыкалық мәдениетін осымен әнші Гүлзада ұсынбақ. Гүлзада Рысқұлова өз шығармашылығында қырғыздың дәстүрлі музыкасын түрлі жанрлармен үйлестіре отырып, орындайды. Халық әндерін рок, джаз, электроникамен әрлеп, шебер шырқайды.Abbos ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фестивалінде өзбектің музыкалық мұрасын паш етеді. Abbos тобының шет мемлекеттерде танымал болуына бірден-бір себепкер – оның негізін қалаушы, дойра мен өзге де халық аспаптарының майталманы Аббос Касимов. Ұжым мүшелері карнай, сурнай, рубоб пен танбур сияқты аспаптарды да қолданады.Биыл Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыкалық фстивалінде буряттардың музыкалық мәдениетін тағы да Namgar жобасы ұсынады. Топтың атауы ұжым вокалисі Намгар Лхасаранованың есімімен байланысты қойылған. Ол – керемет әнші ғана емес, буряттың үні ерекше ұлттық аспабы – ятагада ойнайтын майталман музыкант.Nomad Way фестивалінің екінші күнінің шымылдығын әйгілі тувалық музыкант, көмеймен ән айтудың хас шебері Радик Тюлюш пен оның Chalamа атты жобасы ашады. Тувалық жұлдызды бас-гитарист Сергей Калачев пен үнді дауылпаздары-таблада ойнайтын музыкант Геннадий Лаврентьев сүйемелдейді.  Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалінде алғаш рет Ислам Сатыров өнер көрсетеді. Музыкант өз бастауын Алтын Орда дәуірінен алатын, тарихы терең түркітілді көне тайпа – ноғай этносының мәдениетін паш етпек. Ислам Сатыровтың шығармашылығы – этника мен заманауи музыкалық стильдердің синтезі. Музыкант шығармаларының басты тақырыбы – тарихи-патриоттық композициялар мен махаббат лирикасы.Тувалық музыканттардың жаңа буын өкілдері - Khoomei Beat ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестивалі сахнасына алғаш рет шығады. Музыканттар экспрессивті рок пен жеңіл поп-музыканы микстеу шеберлері.ZAMAN этно-жобасы - World Music жанрында өнер көрсететін және көбіне тек башқұрт тілінде ән шырқайтын топ. Топ репертуары авторлық композициялар мен башқұрттың заманауи өңдеуден өткен халық әндерінен тұрады.Бурятиядан келген Shono тобы Nomad Way көшпенді мәдениеттің музыка фестиваліне екінші рет қатысқалы отыр.Топтың негізін қалаушы – әнші, әрі көмеймен ән айту өнерінің майталманыАлександр Архинчеев. Оған қоса, Александр ішекті этникалық аспаптар: морин-хур, сух-хур және үрмелі аспап лимбэде ойнайды.Қазақстандық көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп үлгерген Түркияның әйгілі BaBa ZuLa ұжымы Nomad Way көшпенді мәдениет фестивалінде тағы да өнер көрсетеді. Топтың әр өнер көрсетуі – ерекше рәсім. Ол – музыка, би мен поэзияның үндестік табуы. Түрік ұжымы венециялық биеналле, Дания, Чикаго, Берлин мен Амстердамда өткен «Roskilde» фестивальдары сияқты әлемдік шараларға қатысқан.Болот Байрышев – Алтай Республикасы мен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі. Алтайдың «кай» атты көмеймен ән айту техникасын және барлық ұлттық аспаптарды меңгерген. БЕЛУХА JAM — дәстүрлі Алтай музыкасын заманауи рок-өңдеуде орындайтын Таулы Алтайдан шыққан музыкалық ұжым.Музыканттар Алтай халқының ұлттық эпостарын, «алкыш» деп аталатын шығармаларын және орыс, алтай тілдеріндегі авторлық әндерді орындайды.Мажардың халық музыкасында классикалық скрипкамен қатар, мажарша «кобоз» деп аталатын лютня аспабының орны ерекше. Топ солисі Tilla скрипканы да, лютняны да тамаша меңгерген.Tilla Török  мажардың халық музыкасы, көшпелі халықтардың әуендерін заманауи өңдеуден өткізіп, тыңдарманға ұсынады.«Айархаан» тобы – көптеген халықаралық конкурстардың, этникалық фестивальдардың лауреаты. Тек қана дауыс пен хомус аспабының арқасында музыканттар жан-жануарлардың, құстардың, табиғаттың дауысын шығара алады.Чылтыс Таннагашева – Таулы Шорияда көмеймен ән айту техникасын меңгерген алғашқы  әйел адам. Музыкант – бірқатар байқаудың жүлдегері: 2008 жылы "Устуу-Хурээ" атты жанды дауыстағы халықаралық фестиваль 2008 – Тыва р.; Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс халықтарының "Икенипке" фестивалі 2009 – Мәскеу; "Риду риду" Халықаралық фестивалі 2014 - Норвегия.The Spirit Of Tengri және Nomad Way фестивальдарында түрлі этно-музыканттармен бірге өнер көрсетіп, көрермендерді ерекше туындылармен тәнті еткен қазақстандық DJ Nariman Issenov биыл да көшпенді мәдениеттің фестиваліне атсалысады. Үшінші концерттік күні ол сахнаға якутиялық «Айархаан» триосымен және Таулы Шориядан келген өте талантты орындаушы Чылтыс Таннагашевамен бірге шығады.«Svjata Vatra» – эстон-украиндық “fire-folk” тобы. Украина мен Эстония музыканттары қосылған ұжым халық музыкасын, Балтық мелодияларын ойнайды.Эстониядағы концерттерінен бөлек, Svjata Vatra Франция, Ресей, Украина, Швеция, Финляндия, Латвия, Германия, Чехия, Румыния, Нидерланд сахналарында өнер көрсеткен.Қазақстандық көмеймен ән айту шебері, әрі қазақтың көне музыкалық аспаптарын меңгерген майталман музыкант Еділ Құсайынов Nomad Way музыкалық фестивалінің сахнасына тағы да шығады. Еділ Құсайыновтың шығармашылығы – көне мен жаңаның үндестігі, ерекше синтезі."Хуун-Хуур-Ту" тобына ғана тән әуендерді бүкіл әлемдегі музыка сүйер қауым біледі. Музыканттар тувалық дәстүрлі әндерді тыңдарманға ерекше әсер ете отырып орындайды. "Хуун-Хуур-Ту" шығармашылығының басты ерекшелігі – тувалық көмеймен ән айту өнері. Осыдан бірер жыл бұрын "Хуун-Хуур-Ту" АҚШ-та аса танымал  диджей Carmen Rizzo-мен бірге жұмыс жасай бастады. Carmen Rizzo "Грэмми" жүлдесіне екі мәрте номинант болған. "Хуун-Хуур-Ту" тобымен бірге жоба жасауды диджейжің өзі ұсыныпты.  The Spirit of Tengri фестиваліне қатысты мəліметThe Spirit of  Tengri  -  заманауи этникалық музыка жанрындағы  ең ірі əлемдік жобалардың бірі, ұлттық ауқымдағы мəдени бренд мəртебесіне ие болған мульти-мəдени жоба.Оның мақсаты – Ұлы Дала жəне күллі əлем халықтарының мəдени мұрасымен таныстыру, Қазақстан жерінде заманауи этникалық музыка өнері жұлдыздарының басын қосу.Жобаның негізін 2012 жылы Tengri FM ұлттық радиостанциясы қалады. Қазіргі уақытта фестивальға қатысушылар қатарында əлемнің 70-тен астам мемлекетінен шыққан музыкалық ұжымдар бар. Фестиваль өткізілген уақыт аралығында шараны 100 мыңнан астам адам тамашалады.The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер – ақпараттық-көркем материалдармен, видео-контентпен əрленетін музыкалық шоу. Яғни, концерттердің ойын-сауықтық қана емес, танымдық маңызы бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/27244?lang=kk
Қазақстан Ташкентте Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты 12.04.2025
Ташкент, 2018 жыл 27 наурыз. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайды және мүдделі тараптарды бейбіт келіссөздерді тез арада бастауға шақырады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан Үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылған Ташкенттегі «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық» атты жоғары деңгейдегі конференция барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.Конференцияны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани ашты.Конференцияның басты мақсаты Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеудің негізгі қағидаттарын үйлестіру, Ауғанстан үкіметі мен қарулы оппозиция арасындағы келіссөздерді бастау тетігін әзірлеу, сондай-ақ осы үдерісті қолдау үшін әлемдік қоғамдастықтың бірлескен әрекеттерін үйлестіру болды.Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, ынтымақтастықтың және дамудың өңірлік аймағының үлгісін Орталық Азияда қалыптастыру, соның ішінде Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік дамуда көпжақты көмек көрсету, бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы тұру, сондай-ақ оның әлеуетін нығайту Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.Тұрақты дамудың осы және басқа мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары бағытталған.19 қаңтарда қазақстандық делегация БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстанда және Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру» тақырыбында министрлік пікірталастарын өткізді, оның қорытындылары бойынша біздің өңірімізде БҰҰ құрылымдары, агенттіктері қызметінің және бағдарламаларының тиімділігін арттыруға және үйлестіруге бағытталған Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының бәтуаластық мәлімдемесі қабылданды», – деп қосты министр.Ташкент конференциясының қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осы кездесуді шақырудағы бастамасы үшін шын жүректен алғысын білдірді.«Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың негізі елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, білім беру деңгейін және басқа да адами стандарттарды жақсартуға бағытталған реформалар болуы тиіс деп санаймыз», - деді министр.Қазақстанның Еуропалық Одақ пен басқа да серіктестерінің бірлесіп қаржыландыру көмегімен Ауғанстан азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру туралы бастамасын ұсынғаны белгілі. 2010 жылдан бастап Қазақстан өзінің оқу орындарында жалпы құны шамамен 50 миллион долларды құрайтын ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Осы бағдарламаның аясында 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезең аралығында 1000-ға жуық ауған азаматтары Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында алуда.«2018 жылдың күзінде Астанада Қазақстан «Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру» туралы халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр («EmpoweringWomeninAfghanistan»). Оның басты мақсаттарының бірі – Ауғанстанның бейбіт дамуындағы әйелдердің рөлі мен үлесін, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларында олардың мемлекеттік және жеке секторларға қатысуын арттыру арқылы кеңейту мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу», - деді Қ.Әдірахманов.Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын мыңдаған тонна гуманитарлық жүк, оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және әртүрлі жабдықтар жеткізе отырып, екі жақты келісімдер мен көпжақты нысандағы келісімдердің аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратыны ерекше аталып өтті.Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұжымдық көмек көрсетудің жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Президентінің төрағалық етуімен 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы (консультациялық) кездесуінің сәтті нәтижелеріне жол береді.Өзбекстанның астанасында өткен конференцияға Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО және басқа елдердің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қатысты.Конференцияның қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы қабылданды, онда Ауғанстандағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеудің одан арғы қадамдары көрсетіліп, саяси реттеу үдерісіндегі ауған тарапының негізгі және үйлестіруші рөлі бекітілді.Халықаралық конференцияның аясында К.Әбдірахманов АҚШ пен Иран делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Ауғанстанды тұрақтандыру және экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға дайын екендіктерін растады. Американдық тарап Қазақстанның Ауғанстанның бейбіт дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар тараптар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчимен кездесу барысында Қазақстан-Иран ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде АӨСШК, ШЫҰ, сондай-ақ, Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі Астаналық үдерістің аясында өзара әрекеттесу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/27198?lang=kk