Қоғам
Офицерлердің жаңа буынын дайындау: Ұлттық ұланда халықаралық конференция өтті 11.04.2025
Ұлттық ұлан академиясында "Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында әскери білім беруді дамыту" тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Академия бастығы полковник Артур Тоқышев құттықтау сөзінде:— Қазіргі заманғы қиындықтар офицерлерден жоғары жауынгерлік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар құқықтық сауаттылықты, көшбасшылық қасиеттерді және стратегиялық ойлауды талап етеді, - деді.Конференцияға жетекші ғалымдар, әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ докторанттар, аспиранттар мен магистранттар қатысты. Бейне байланыс режиміндегі талқылауға Ресей, Түркия және Өзбекстан сарапшылары қосылды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов:— Біздің міндетіміз — бөлімшелерді тиімді басқаруға және күрделі жағдайларда жедел жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті офицерлердің жаңа буынын дайындау. Бүгінгі таңда әскери білім тек тактика мен стратегияны оқыту ғана емес, сонымен қатар офицерді жан-жақты дамыға тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.Сонымен қатар, офицерлердің құқықтық мәдениетіне, әскери кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіруге және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Конференция қорытындысы бойынша әскери білім беру жүйесін жаңғырту, озық әдістемелерді енгізу және елдің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірленді.Айта кету керек, Ұлттық ұлан академиясы болашақ командирлерді даярлаудың жоғары стандартын белгілеуді жалғастыруда! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/972416?lang=kk
МЕТРОЛОГТАР КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ӨЛШЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ 11.04.2025
Бүгін Астанада Дүниежүзілік метрология күніне орай «Көлікке арналған өлшеулер» тақырыбына арналған халықаралық семинар өтті.Семинарды «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қазақстан метрология институты» РМК ұйымдастырды.Семинарға мемлекеттік органдардың, Халықаралық және өңірлік метрологиялық ұйымдардың: Халықаралық заңнамалық метрология бюросының, Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының, Еуразия, Африка және Американың өңірлік метрологиялық ұйымдарының өкілдері қатысты.Жыл сайын Метрология жөніндегі халықаралық ұйымдар Дүниежүзілік метрология күнін мерекелеудің тақырыбы мен ұранын жариялайды. Ағымдағы жылы басты назарда – көлік саласын дамытудағы өлшеулердің рөлі болып табылады.Ұлттық метрологиялық мекемелердің өкілдері қатысушыларды экономика салаларының кез келген деңгейдегі және күрделі қажеттіліктері, атап айтқанда сутек отынына арналған бактар, электромобильдер немесе жаңа буынды жылу үнемдеуші жолаушы ұшақтары сияқты инновациялар үшін жаңа өлшеу технологияларын жасау және сенімділікті растау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.Көлікке арналған ең қажетті өлшеулердің қатарына теңіз жүк көлігінде тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүк контейнерлерінің жылдам өлшеулері кірді. Сондай-ақ қазіргі таңда қоршаған ортаны ластау деңгейін бақылауды іске асыру кезінде қолданылатын пайдаланылған газдардың химиялық құрамын сенімді өлшеу өте маңызды болып табылады.Аталған семинар қоғамның кең ауқымының экономика салаларын дамытуда метрологияның маңызды рөліне назар аударуға және метрологиялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ саланың жетекші метрологтарын кәсіби жетістіктері үшін ынталандыруға мүмкіндік берді.Семинар аясында «2017 жылдың Үздік өлшеу құралы» қазақстандық байқаудың қорытындылары жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25380?lang=kk
Конституциялық Сот қорғаушыны шеттету туралы норманы қайта тексеруден бас тартты 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің 94-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті.Өтініш субъектісі сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны шеттету туралы мәселені тергеу судьясы емес, прокурор шешеді деп санайды. Оның пікірінше, бұл айыптау мен қорғау тараптарының тең құқықтылығы принципін бұзады.Конституциялық Сот дауланып отырған норманың бұрын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тексерілгенін атап өтті (2024 жылғы 9 қазандағы № 53-НҚ нормативтік қаулысы). Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды шешіммен мына жерден танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/732532?lang=kkСонымен қатар, Конституциялық Сот өтініш берушінің Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен прокурордың қаулысына қарсылық білдіріп, сот арқылы қорғалу құқығын пайдаланғанын атап өтті. Конституциялық Сот жоғарыда айтылғандардың негізінде өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/972383?lang=kk
АСТАНА-БЕЙЖІҢ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ 11.04.2025
EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан шығатын халықаралық рейстерді ашу жалғасуда.Бүгін қытайдың Air China әуе компаниясы Астана-Бейжің (Қытай) халықаралық жаңа әуе рейсі бойынша ұшуды бастады. Әуе рейстер Эйрбас-320 типіндегі әуе кемесімен аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.Аталмыш рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қытай Халық Республикасының авиация билігі бірлескен жұмыстар атқарды.Еске сала кетейік, осы аптада Астана әуежайы Варшавамен (Польша), Ереванмен (Армения) және Киевпен (Украина) тікелей әуе қатынасын орнатқан болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22534?lang=kk
Сот төрелігі академиясы референдиат курсының екінші кезеңін бастайды 11.04.2025
Сот төрелігі академиясы референдиат курсының екінші кезеңін бастайды.2025 жылғы 4 наурыз бен 2 сәуір аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында пилоттық режимде «Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында референдиаттың онлайн-курсы өткізілген болатын.Оқуда еліміздің 12 өңірінен 34 маман: адвокаттар, заңгерлер, заң консультанттары, нотариустар, полиция, прокуратура, сот жүйесі және сот сараптамасы институтының қызметкерлері қатысты.Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылар курстың мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары бағалап,әрі қарай оқуға қызығушылық танытты.Жобаның жоғары сұранысы мен тиімділігін ескере отырып, 2025 жылғы 23-30 сәуір аралығында курстың «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» атты келесі кезеңі басталады.Курс «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судья лауазымына орналасу үшін кандидаттарға белгіленген талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.Курстың мақсаты-тыңдаушыларды қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі нормативтік ережелерімен таныстыру.Курстың ұзақтығы - 18 сағат (аптасына екі рет, 14:30-дан 18:00-ге дейін).Оқу форматы – онлайн.Өтініш беру мерзімі - 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін.Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі.Қатысу үшін тыңдаушының өтініші мен сауалнамасын жіберу қажет.Курс бағдарламасымен Сот төрелігі академиясының https://sta.edu.kz сайтында танысуға болады.Толығырақ мына телефондар бойынша:+7 (7172) 71-08-49, +7-701-700-88-68 (жұмыс уақытында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/972360?lang=kk
Абай облысының автокөлік иелері үшін маңызды ақпарат 11.04.2025
Абай облысының автокөлік иелері үшін маңызды ақпарат Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталғанын еске салады.2 сәуірден бастап мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақсатн Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Бұл дегеніміз, төлем неғұрлым ұзақ кешіктірілсе, соғұрлым қарыз сомасы артады.Салықты уақтылы төлемеген жағдайда салық органдары қарызды 30 жұмыс күні ішінде өтеуді талап ететін хабарлама жібереді. Егер 30 күн өткеннен кейін салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Әйтпесе, іс жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі. Олар мүлікті тыйым салу және алып қою, шоттарды бұғаттау, ал 40 АЕК - тен жоғары берешек кезінде елден шығуға тыйым салу сияқты өндіріп алу шараларын қолдана алады.Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, ЖСО қызметтері үшін берешек сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша өндіріп алады.Бүгінгі таңда Абай облысының 22 192 тұрғынында көлік салығы бойынша борышкер болып саналады жәнеолардың берешегінің жалпы сомасы 851,7 млн.теңгені құрайды.Салықты уақтылы төлеу-бұл міндет қана емес, сонымен қатар ауыр зардаптардан аулақ болу тәсілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/972354?lang=kk
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері және құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғалар үшін өзгерістер 11.04.2025
«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:2025 жылғы 14 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 11 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/972350?lang=kk
Мажарстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде 11.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 7 сәуір – 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу жөніндегі «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шаралар жоспарының аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанды фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 80 жылдығына орай соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Будапешттің «Szabadság» (Азат) алаңында Кеңес әскерлерінің құрметіне орналасқан мемориалда өткен іс-шараға Мажарстанда аккредиттелген Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Елшілері мен өкілдері қатысып, фашистік басқыншылыққа қарсы күресте ерлікпен қаза тапқан Кеңес жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.Іс-шара жалғасы ретінде Ресей мәдени орталығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени министрліктерінің архивтік материалдарынан жинақталған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме аясында Әскери-мемориалдық мәселелер бойынша Елшіліктер арасында өзара іс-қимыл меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум Мажарстанда қаза тапқан жауынгерлерінің бейіттерін сақтау, қорғау және белгісіз жауынгерлерді іздестіру сынды өзара ортақ іс-шараларды көздейді.Сонымен қатар, елшілер мәдени орталығының 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мұрагерлеріне арналған «Жеңістің 80 жылдығы» еске алу кітабында жазба қалдырды.Айта кетері, Мажарстандағы ұзақ қанды шайқастарда Кеңес Армиясы айтарлықтай шығынға ұшырады. Мажарстанды азат етілуі 195 күн мен түнге созылып, 140 мыңнан астам адам қайтыс болды.Мажарстанның аумағында нақтыланған мәліметтер бойынша: 826 кеңестік әскери қабір, 10 ескерткіш, 3 ескерткіш орын және 3 мемориалдық тақта орнатылатын орын - барлығы 842 нысан бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/972296?lang=kk
Қазақстан – Мысыр ынтымақтастығы мен жоспарланған бірлескен іс-шаралары талқыланды 11.04.2025
Каир, 2025 жылғы 6 сәуір – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Жоспарлау, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастық министрі Рания әл-Машатпен кездесті.Кездесу барысында Елші 2025 жылғы мамырда өтетін Астана халықаралық форумға қатысу туралы шақыру хатын табыс етті. Р. әл-Машат шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Форумға қатысуын растады.Кездесудің басты тақырыбы ретінде Министр әл-Машат аталған мысырлық тараптан тең-төрағалық ететін Қазақстан – Мысыр Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысын биыл Астанада өткізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, Министрдің құзыретіне кіретін экономикалық даму, шетелдік қаржыландыру, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдармен ынтымақтастық, орнықты даму мақсаттарына жету, серіктестік жобалары, жасыл экономикаға көшу, жеке секторда, инновациялар мен кәсіпкерлікте әйелдер мен жастардың қатысуын арттыру бағыттары төңірегінде пікір алмасып, өзара серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды.Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Мысыр арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен алдағы іс-шараларды дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға ниеттілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/972322?lang=kk
«ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ 11.04.2025
2019 жылдың 19 шілдесінде Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Психикалық сауықтандыру орталығы» ШЖҚ МКК, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында жұмыстық кездесу өткізді.Кездесу барысында департаменттің мамандары мекеме қызметкерлеріне «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндірді. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты мен нысандары жайлы айтты. «Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ белгіленген тәртіппен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады» - деді.Сонымен қатар, ол техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп, «ҚР Кәсіпкерлік кодексіне» енгізілген өзгерістер туралы айтты.Бұдан басқа, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22489?lang=kk
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесе отырып, «Analytical Complex International Laboratory» сынақ зертханасы «Орталық Азия (Алматы) экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС барды.Кездесу барысында техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы сынақ орталығының жұмысымен танысты,сондай-ақ метрологиялық қамтамасыз ету, аккредиттеу, Техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды оқыту, сондай-ақ Бірыңғай мемлекеттік қордың жұмысына қатысты, стандарттау бойынша құжаттарды жыл сайын өзектендіру туралы, стандарттарды әзірлеу туралы ҚР заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Осы кездесудің қорытындысы бойынша, Департамент өкілдерімен өнімдердің сәйкестігін растау рәсімдері, техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22488?lang=kk
КО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТҮСІНДІРІЛДІ 11.04.2025
МИИД Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының өкілдері бірлесе отырып, Петропавл қ., ЖК Омурзакова Динарамен техникалық реттеу саласындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.,ЖК 2017 жылдан бастап жұмыс жасайды, «Dancing Clothes» көркем гимнастикаға арналған балалар спорттық купальниктер тігумен айналысады. Кәсіпорында 4 адам жұмыс жасайды, жеке тапсырыстар бойынша эскиздерді және тапсырыс берушінің талаптарын пайдалана отырып, жұмыс істейді.ЖК үнемі байқаулар мен көрмелерге қатысады. Ағымдағы жылы ЖК Омурзакова Динара өзінің өнімін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» байқауында ұсынды.Түсіндіру жұмысы ЖК өтінішімен КО ТР 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентін түсіндіру мақсатымен ұйымдастырылады. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22487?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДАДА АТТРАКЦИОНДАР ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТТАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Funky Town» ойын-сауықсаябағында түсіндіру жұмыстарын өткізді.Департамент қызметкерлері және «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облыстық филиалының өкілдері «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ негізгі талаптары айтып берді. Атап айтқанда, жергілікті әкімдікте аттракционды тіркеу, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру.Әкімдікте аттракциондарды тіркеу сәтінен бастап белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді.Параметрлері пайдалану құжаттамасында белгіленген мәндерден асатын ауа райы нашар болған жағдайда аттракциондарды пайдалану тоқтатылады.Бұдан басқа, мамандар ҚР СТ талаптарына сәйкес аттракциондар қауіпсіздігінің жай-күйіне аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін меншік нысанына қарамастан пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы жауапты екендігін түсіндірді. Олар қауіпсіздік бойынша қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүргізуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22486?lang=kk
АЛМАТЫДА ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Mon Amie» және «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкендердің алаңында Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.Кездесу барысында дүкендердің қызметкерлеріне Кеден одағының «Парфюмерлі-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 009/2011) техникалық регламентінің талаптарын түсіндірді, ол КО мүше-мемлекеттердің аумағында айналымға шығарылатын тұтыну ыдысындағы парфюмерлік-косметикалық өнімге таралады.Парфюмерлік-косметикалық өнім осы техникалық регламентке сәйкес келген кезде нарыққа шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуі тиіс.Осы КО техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен парфюмерлік-косметикалық өнімдер КО мүше-мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.Кездесудің соңында ашық диалог өтті және тұщымды пікір алмасу болды, дөңгелек үстел қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22485?lang=kk
БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы сессиясы ашылды 11.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 7 сәуір — Нью-Йорктегі БҰҰ Штаб-пәтерінде Қарусыздану жөніндегі БҰҰ комиссиясының жыл сайынғы сессиясы өз жұмысын бастады. Халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған әмбебап алаң ретіндегі бұл сессияға биыл Парагвай төрағалық етуде. Күн тәртібінің басты бағыттары — ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ жаңа технологияларға байланысты туындайтын сын-қатерлер. Сессия 25 сәуірге дейін жалғасады.Сессияны аша отырып, БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу ядролық қару қолдану қаупі қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бергі ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық тежеу және бақылау тетіктері әлсіреп келеді. Сондай-ақ, ол жасанды интеллект сияқты жылдам дамып келе жатқан технологияларды реттеу бойынша жаһандық нормалар әзірлеудің шұғыл қажеттігін атап өтті, өйткені бұл технологиялар болашақтағы қарулы жанжалдардың сипатына елеулі ықпал етуі мүмкін.Қазақстан атынан сөз сөйлеген БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл Қайрат Омаров еліміздің ядролық қарусыздануға қатысты ұстанымы тарихи тәжірибеге негізделетінін атап өтті. Бұл саясат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған жауапты және жүйелі сыртқы саяси бағыттың бір бөлігі болып табылады және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған көпжақты күш-жігерге белсенді қатысуды көздейді. Атап айтқанда, Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТСШ) қатысушы мемлекеттердің үшінші кездесуіне төрағалық етті және Орталық Азиядағы ядросыз аймақты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.Қазақстан 2026 жылы күшін жоятын Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы шарттың тоқтауына алаңдаушылық білдіріп, оның орнына өміршең әрі уақтылы жаңа келісім бойынша келіссөздерді жедел бастауға шақырды. Сонымен қатар, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) VI бабын толық орындаудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бап барлық қатысушы мемлекеттерге ядролық қару жарысын тоқтату, қарусыздану және жалпыға бірдей әрі толық қарусыздану туралы шарт жасасу жөніндегі тиімді шаралар бойынша адал келіссөздер жүргізу міндетін жүктейді. Қазақстан сондай-ақ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуін жеделдетуге шақырды, өйткені ол жаһандық таратпау режимінің негізгі тіректерінің бірі болып табылады.Сонымен қатар, мәлімдемеде ядролық қаруға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне теріс әсер ету қаупін болдырмау мақсатында автономды жүйелер мен жасанды интеллект саласында халықаралық стандарттар әзірлеу қажеттігі атап өтілді.Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Комиссиясы — БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы ретінде қарусыздану мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуге және халықаралық қауіпсіздік саласында мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға арналған әмбебап алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/972311?lang=kk
Конституциялық Сот Төрағасы Брюссельде конституциялық сот төрелігі және адам құқықтары мәселесін талқылады 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Брюссель, 2025 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова жұмыс сапарымен Брюссельге барды.Төраға Э.Азимова іссапар шеңберінде Жоғары Сот органдарының өкілдерімен және Еуропалық Парламенттің депутаттарымен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Бельгия Конституциялық сотының төрағасы Люк Лаврейсенмен, Бельгияның өкілдер палатасының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Эльс Ван Хофпен, сондай – ақ Еуропалық Парламенттің профильді комитеттері - Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитеттің, Құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің және Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегацияның төрағаларымен келіссөздер жүргізді.Кездесулер барысында Конституцияның үстемдігін нығайтудың, конституциялық бақылау институтын дамытудың өзекті мәселелері және сот билігінің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі талқыланды. Оның ішінде, құқық қорғау күн тәртібіне, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа және демократиялық құндылықтарды ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Еуропалық парламенттің өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалды реформаларды жоғары бағалады және Конституциялық Сотпен одан әрі кеңінен байланыс орнатуға қолдау білдірді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында құқықтық мемлекеттілік пен демократиялық институттарды дамытуға бағытталған ашық және кәсіби пікір алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Еуропалық Парламенттің профильді құрылымдары арасында тәжірибе алмасу мен сараптамалық өзара іс-қимылды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделі екендіктерін растады. Ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайту Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге зор үлес қосатыны атап өтілді.Жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Euronews халықаралық телеарнасына сұқбат берді. Ол сұқбат барысында Конституциялық Соттың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі, азаматтардың тікелей өтінішпен жүгіну тетігінің тиімділігі, сот шешімдерінің заңнамаға әсері, конституциялық жүйенің халықаралық стандарттарға сәйкестігі және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтты.Жалпы, сапар конституциялық сот төрелігі мәселелері бойынша халықаралық диалогты нығайтуға ықпал етті, сенімнің дамуына үлес болды және Қазақстанның құқық үстемдігі мен адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына бейілділігін атап өтті. https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/972310?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/972539?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті 11.04.2025
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған соғысы тақырыбын қозғадыКолледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін бұл кездесу тек тарихи мәліметтермен танысу ғана емес, сондай-ақ ерлік пен патриотизмді дәріптейтін маңызды сабақ болды. Бұл кездесулер жастарға өткенімізді ұмытпай, оны қадірлеу және ата-бабалардың ерліктерімен мақтану қажеттігін терең ұғындырды.Іс-шара барысында оқу залында «Ұлы Жеңіс — ұрпақтарға үндеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «Отты жылдардың жаңғырығы» атты тарихи-білім беру викторинасы өткізілді. Викторина жеңімпаздарына құнды кітаптар сыйға берілді.«Ұлы Отан соғысы — тарихымыздағы ең қайғылы әрі қаһармандық кезеңдердің бірі, бұл соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, үлкен сынақ болды. Майданда және тылда жасалған ерліктер Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікті, қайсарлықты білдіреді. Ұлы Жеңіс — бұл тек қана дата емес, ол азаттық пен тәуелсіздіктің символы болып табылады, ол үшін орасан зор құрбандықтар төленді. Біздің басты мақсатымыз — тарихи жадыны сақтап, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті және өткенге құрметпен қарауды тәрбиелеу» , — деп атап өтті Алматы қаласының №4 филиал кітапханасының меңгерушісі Әлия Іңкәрбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/972308?lang=kk
АТЫРАУДА «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» КОДЕКС ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
Атырау қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Атырау қаласындағы көшпелі отырысы барысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы талқыланды.Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамедов, Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов пен аймақтың шикізат өңдеу компаниясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.Ісшараның негізгі мақсаты - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын, соның ішінде көмірсутегі шикізатын даярлау және пайдалану мәселелерін талқылау. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский атап өткендей, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын дайындауға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің алтыншы шақырылымы бірінші сессиясының ашылуы барысында және 2017 жылғы халыққа жолдауында айтылған тапсырмалары және де «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 74 және 75-қадамдарды жүзеге асыру негіз болды.Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында өндіруші саланы ұлттық экономиканың негізгі бөлшегі ретінде реформалауды, сонымен қоса, Қазақстанның геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу қажеттігін, ол үшін шикізатты пайдалану туралы заңды жеңілдету арқылы инвестициялар тарту қажеттілігіне баса назар аударған болатын.Жер қойнауын пайдалану секторы еліміздің экономикасын айқындаушы болып табылады. Бүгінгі таңда республикадағы тау-кен және мұнай-газ секторлары бюджетті толықтырып отыр. Мәселен, бюджеттің 2/3 бөлігі тау-кен компанияларының табыстары есебінен құралады.Кездесу барысында жерқойнауын пайдаланушылардың атынан жұмыс тобының шеңберінде заңнамалық реттеуді талап ететін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасының кейбір мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.Еске сала кетейік, Кодекс жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарымен қарастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22474?lang=kk
МАЙ-ТОҢМАЙ ӨНІМДЕРІ 11.04.2025
Май-тоңмай өнімі – өсімдік майы және суды, тамақ қоспаларын және басқа ингредиенттерді қосу арқылы немесе қоспай-ақ өсімдік немесе өсімдік және жануар (балық және теңіз сүт қоректілер майын қосқанда) майларының негізінде дайындалған өнім.Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында шығарылатын май-тоңмай өніміне, оған қойылатын талаптарды КО ТР 024/2011 «Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес белгіленеді. Осы техникалық регламент Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанындағы № 883 шешімімен 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.Кеден одағына қатысушы елдердің аумағында айналымға шығарылатын май-тоңмай өнімі, тағамдық май-тоңмай өнімінің жарамдылық мерзімі және тағамдық емес май-тоңмай өнімдерін сақтау мерзімі ішінде мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өміріне және денсаулығына қауіп төндірмеуге тиіс.Техникалық регламенттің қолданысы келесілерге таралмайды:өсімдік майынан басқа, өнеркәсіптік емес өндіріс процесінде алынған май-тоңмай өніміне;табиғи шикі глицериннен және кір сабынынан басқа, тағамдық емес май-тоңмай өніміне.Осы техникалық регламент техникалық талаптарын тек қана май және тоңмай өнімдеріне ғана емес, өнімнің қаптамасына, таңбалауына, сақталуына тасмалдауына және өндірілуіне қойылады. Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламенті Кеден одағының аумағында айналымға шығарылады және қолданылады.Май-тоңмай өнімінің тұтынушылық орауышын таңбалау түсінікті, жеңіл оқылатын, анық болуға тиіс және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелмеуге тиіс, бұл ретте жазбалар, белгілер, символдар таңбалау орналасқан фонға қарама-қарсы болуға тиіс. Маргариндердің және спредтердің атауларында «май» сөзі олармен түбірлес сөздерге, сондай-ақ құрамында «май» сөзі бар сөз тіркестеріне жол берілмейді.Май-тоңмай өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттері нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау оған таралатын Кеден одағының барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы куәландырады.Техникалық регламентпен толық Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org танысуға болады.Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сабирова Асем ХолмирзоевнаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22468?lang=kk
«ПАМИР» ГАЗДАЛМАҒАН БӨТЕЛКЕДЕГІ АУЫЗ СУЫ САУДА МАРКАСЫНДАҒЫ «СОЛОДОВНИКОВА Д.Д.» ЖК-НЕ БАРУ 11.04.2025
2017 жылғы 19 қазанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау жәен сертификаттау институты» РМК Атырау филалымен бірлесіп «ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына барды.Аталған кәсіпорын 6 жылдан бері 19 литр көлемдегі бөтелкедегі суды жеткізумен айналысады. Мекеменің негізгі және басты бағыты таза бөтелкедегі суды бөліп құю мен жеткізу болып табылады. Судың құрамындағы барлық ауру тудыратын бактериялар мен микроорганизмдерді жоюға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы италиялық құрылғыда суды тазалаудың жаңа көп сатылы технологиясы қолданылады, кері осмос технологиясын қолдана отырып: 0,0007 мм тесіктен қысыммен өтетін көп сатылы мембранаға су құйылады. Тесіктің мұндай диаметрі тек судың молекулаларын өткізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде су озондалады.«Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына бару кезінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Асыл Имангалиева техникалық реттеу және метрология саласы бойынша заңнама талаптарын түсіндірді. «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының жетекші маманы Жанал Акмалиева «Интернет-дүкен» АЖ, «Онлайн қол жетімділік» қызметі, нормативтік құжаттарды актуалдандыру, ҚР-да каталогтау жүйесін енгізу, 2018-2019жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жүйесін құрастыру тәртібі, үкіметтік емес стандарттарды құрастыру және қолдану туралы түсіндірді.Шара соңында кәсіпорын өкілдері техникалық реттеу және метрология саласы туралы ұсынылған ақпаратқа алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22467?lang=kk