Enbekshi QazaQ

Қоғам

ҚАЗАҚСТАН МЕН ШВЕЙЦАРИЯ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ 11.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Швейцария Ұлттық банкінің президенті Томас Йордан мырзамен кездесті.Кездесу барысында  «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында екіжақты іс-қимыл мәселелері, сауда-экономикалық серіктестік, сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Кездесуде айтылғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3%-ға артты). Екі жақ тарап та алдағы уақытта өзара экспортты ілгерілету мен тікелей бизнес өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету арқылы тауар айналымды арттыруға мүдделі.Анықтама.2005 - 2016 жылдары Швейцариядан Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16 млрд. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялықтардың қатысуымен 443 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 325-і жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20577?lang=kk
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРС-КӨРМЕСІНЕ 25 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ 11.04.2025
Қызылорда облысы әкімі  Қ.Е. Көшербаевтың  төрағалығымен «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік өңірлік конкурс көрмесі  өтті. «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурстық көрмеге жыл сайын қатысушылар саны өсуде, кәсіпорындар шығарған өнімнің сапасымен жетістіктерін көрсетті. Биылғы жылы облыстық «Қазақстанның Үздік тауары 2017» конкурстық көрмеге 25 облыс кәсіпорындары қатысты, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлыңы байқауына 3 кәсіпкер ниет білдірді.Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін сараптау тобына департаментің бас маманы А.Абдукаримова сараптау комиссиясына мүше ретінде шақырылған болатын.Конкурстық көрменің қортындысы бойынша «Қазақстанның Үздік тауары 2017»:«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:1. «Аралтұз» АҚ;2. «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС;3. ЖК «Ермаханов». «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:1. «DALATEX» ЖШС;2. «Кызылорда соқырлар қоғамы» ЖШС;3.  ЖК«ПромКоммерцКА».«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы:1. «ЭлектроТехнология» ЖШС;2.  «Полимер Продукт» ЖШС;3. «МИР 2001» ЖШС.«Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурс жеңімпаздары  енді Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өздерінің жергілікті өнімдерін халық алдына ұсынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20565?lang=kk
Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 11.04.2025
Бейсенбі, 26 маусым күні Қазақстан Респубикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Ведомство басшысының қабылдауына 8 адам жазылды.Министрге өз сұрақтарын қоюға - Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындары келді.Аталған азаматтар өз өтініштерінде медициналық–әлеуметтік сараптама, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселелері, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу тәртібі, мүгедектігі бар азаматтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.Министр қабылдауға келген азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20546?lang=kk
Еңбек министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.Бұл құжатта төлеушінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ мен « «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» » АҚ-нан әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылы болуы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпараттары көрсетілген.Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20543?lang=kk
Классикамен сұхбат 11.04.2025
Керемет дыбысталуы, әлемдік классика жауһарларын әсерлі түрде жеткізуі, сахнадағы ерекше дарындылығы  шығармашылық ұжымды туған елінде ғана емес, шетелде де танымал етті. Ішекті аспаптар құрамында көпшілікке белгілі музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), сонымен қатар ұжымның көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель) бар. Бір концерттің аясында әртістер классицизм, романтизм және XX ғасыр музыкасы сынды түрлі жанрлар мен дәуірлердегі туындылардың тамаша түсіндірмесін ұсынатын болады.Осы кеште В.А.Моцарттың Ішекті аспаптар квартеті №15 ре минор шығармасы орындалады. В.А.Моцарттың камералық ансамбльдерге арнап жазған көптеген  туындыларының ішінде ішекті аспаптар квартеті ерекше танымалдылыққа ие. Айрықша драматизмімен, бейнелілігімен өзгешеленетін Ішекті аспаптар квартеті №15 ре минор –көрнекті композитор әрі автордың досы Й.Гайднге арналған алты квартеттің ішіндегі екінші (және ең танымал) туынды. Бұл опустар австриялық классиктің ең атақты шығармалар қатарына жатады. Олар өз жанрының негізін қалаушылар ретінде танымалдылыққа ие болып, концерттерде, радиобағдарламалар мен жазбаларда жиі орындалады.Музыканттар Х.Вольфтың «Итальяндық серенада» W17/2 шығармасын орындайды. Бұл романтик-композитордың өзіндік стилінің тамаша үлгісі және оның сан қырлы дарынының куәсі. Аспаптық миниатюра бағдарламалық драмалық көрініс ретінде түсіндіріледі, мұнда қос кейіпкер – адуынды ер адам мен назды әйел адам арасындағы махаббат сезімін жеткізу баяндалады. Шығарма жалын атқан би тақырыптарының молдығымен, жеке орындалатын виолончельдің мәнерлі аспаптық речитативтерімен, сондай-ақ шынайы нәзіктік, оғаштық пен ерсіліктен тұратын бейнелердің сахналық көрнекілігімен, қаһармандарының мінез-құлқымен, қарқынды көрсетілген психологиялық жағдайымен тыңдармандарды баурап алады.Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Д.Шостаковичтің Ішекті аспаптар квартеті №5 cи-бемоль мажор, op. 92 туындысы ұсынылады. XX ғасырдағы әйгілі композитордың барлық жанрлар мен музыкалық формаларды қамтыған ауқымды мұрасында ішекті аспаптар квартеті маңызды орынға ие. №5 ішекті аспаптар квартеті өзінің трагедиялық мәнерімен, көңіл-күй қарбалысымен ерекшеленеді. Музыканың үдемелі құштарлығы нәзік лирикалық әуенмен алмасады, содан кейін бақытты финалмен аяқталатын шиеленіс пен драматизмнің күшеюі орын алады. Д.Шостакович өз шығармаларында жеке сипаттағы сұрақтарды тұспалдап жеткізеді. Бәлкім, квартеттің бірінші бөлігіндегі әсерлі контрапунктте көрсетілген күшті толғаныс дәл осылайша түсіндірілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/20539?lang=kk
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРСТЫҚ КӨРМЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ӨТТІ ,КӨРМЕГЕ ОТЫЗ АЛТЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ. 11.04.2025
«Қазақстанның Үздік тауары 2017» конкурстық көрменің қортындысы бойынша:«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші орынды «Иркиналинова З.Е.» ЖК, екінші орын «Агрофирма» ЖСШ және үшінші орынды «Айбек» ЖСШ иемденді.«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы: бойынша бірінші орынды «Стартайм» ЖШС, екінші орын «TALAN Technology» ЖСШ және үшінші орынды «Актюбинская мебельная Компания»ЖСШ берілді.«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы: бойынша бірінші орынды «Светаком» ЖШС, екінші орын «MIAL KZ» ЖСШ және үшінші орынды «Сталлит»ЖСШ берілді. «Қазақстанның Үздік тауары 2017» аймақтық конкурс женімпаздары, Астана қаласында өтетін «Қазақстанның Үздік тауары 2017» республикалық конкурсқа қатысуға жолдама алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20524?lang=kk
ЕҰУ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРЫ БІТІРІП ШЫҚТЫ 11.04.2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте көлік-энергетикалық факультетінің бітірушілеріне дипломдарды салтанатты түрде тапсыру іс-шарасы өтті. Оқу-әкімшілік корпусының Бірінші Президент аудиториясында диплом тапсыруға оқу ісі жөніндегі проректор, жұмыс берушілер, депутаттар, көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша үздік бітірушілерге «ҚазСтИн» РМК басшылығының өкілі тапсырды.Осы оқу жылында 61 студент «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша білім алды. 21 бітіруші үздік диплом алды.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет – біздің елімізде ғана емес, шетелдерде де жетекші оқу мекемесі. ЕҰУ-не өткен жылы 20 жыл толды. Кеше ғана құрылғанына қарамастан, университеттің алдыңғы қатарлы құзыретті, әлеуметтік капиталды, инновациялық қалып тәжірибесі бар бітірушілерді дайындауда әлеуеті жоғары.«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасын бітірушілер жақсы теориялық білім мен қолданбалы дағдыларға ие. Кафедраның бітірушілерінің көпшілігі еліміздің әр жерінде техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс істеуде.Техникалық реттеу және метрология комитеті университетпен тығыз ынтымақтасады. ТРМК және «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының ынтымақтастық аспектілері көп қырлы. Бұл – «ҚазМетрИн» РМК зертханалары базасында және «ҚазСтИн» РМК қабырғасында іс-тәжірибеден өту, диплом жұмыстары мен магистр диссертацияларына рецензия беру, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және басқалар. «ҚазМетрИн» РМК және «ҚазСтИн» РМК базасында кафедраның филиалдары ұйымдастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20518?lang=kk
«Skills for geeks» - 2025 облыстық IT-чемпионатының қорытындысы 11.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 4 сәуірде 10+ және 14+жас санаттарында «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» құзыреттіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы облыстық «Skills for geeks» чемпионаты өткізілді.Чемпионат оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ оларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Іріктеу турлары 13-28 ақпан аралығында облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізілді. Оларға 1000-нан астам оқушы, 185 команда қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға 18 командадан 244 оқушы шықты, олар модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника дағдыларын меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Конкурстық жұмыстарды бағалауды кәсіби тәуелсіз сарапшылар – білім беру ұйымдарының өкілдері жүргізді.Чемпионат жеңімпаздары:«3D-модельдеу» номинациясы, 10+ жас санаты1-орын – Золоторева Ксения, Черников Давид, Өскемен қаласы командасы;2-орын – Ерболат Ислам. Мұстафа Мансұр, Тарбағатай ауданы командасы;3-орын – Надырова Николь, Кандауров Артем, Алтай ауданы командасы.14+ жас санаты1-орын – Аленов Алишер, Айдарұлы Досым, Зайсан ауданы командасы;2-орын – Комаревский Захар, Калошин Егор Риддер қаласы командасы;3-орын – Гладкова Дарья, Штефан Ринат, Шемонаиха ауданы командасы.«Бағдарламалау» номинациясы, 10+ жас санаты1-орын – Паньшин Артём, Шабаль Матвей, Риддер қаласы командасы;2-орын – Байкен Асыларман, Муратканов Ислам, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ командасы;3-орын – Лисицин Дмитрий, Грислит Даниил, Алтай ауданы командасы.14+ жас санаты1-орын – Амангелді Алдияр, Ринатұлы Әліби, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ командасы;2-орын – Подкорытов Кирилл, Петров Илья, Глубокий ауданы командасы;3-орын – Зиновьев Виктор, Игнатушкина Варвара, Риддер қаласы командасы.«Спорттық робототехника» номинациясы, «Сызық бойымен жарыс» құзыреттілігі, 10+ жас санаты1-орын – Нұрланұлы Хасан, Өскемен қаласы командасы;2-орын – Асқар Алтай, Ұлан ауданы командасы;3-орын – Тимофеев Владимир, Риддер қаласы командасы.«Кегельринг» құзыреттілігі, 10+ жас санаты1-орын – Қайырғазин Жігер, Өскемен қаласы командасы;2-орын – Талғатұлы Айсұлтан, Үлкен-Нарын командасы;3-орын – Хуанышбай Асылбек, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ командасы.«Кегельринг квадро» құзыреттілігі, 14+ жас санаты1-орын – Жансолтан Ержан, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, командасы;2-орын – Батталбек Бекжан Ұлан ауданы командасы;3-орын –Вельц Даниил, Алтай ауданы командасы.«Сумо» құзыреттілігі, 10+ жас санаты1-орын – Жұмабек Ерасыл, Катон-Карағай ауданы командасы;2-орын – Жәнібекұлы Қаратай, Өскемен қаласы командасы;3-орын –Құсайнов Ерали, Ұлан ауданы командасы.«Робосумо. Адымдаушы роботтар» құзыреттілігі, 14+ жас санаты1-орын –Мұратұлы Азамат, Марқакөл ауданы командасы;2-орын –Мамыркан Руфат, Риддер қаласы командасы;3-орын –Сейтқалиев Санжар, Зайсан ауданы командасы.«Танк биатлоны» құзыреттілігі, 14+ жас санаты1-орын – Кикбаев Айбар, Өскемен қаласы командасы;2-орын – Талдау Ернар, Марқакөл ауданы командасы;3-орын –Қайратбеков Мансұр, Катон-Карағай ауданы командасы.Жалпыкомандалық есептегі орындар бойынша марапаттау рәсімі 2025 жылдың мамыр айында 12-ші жыл сайынғы облыстық «New Generation» IT-фестивалі аясында өтеді. Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады, ал чемпионаттың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болады.Чемпионат «Skills for Geeks» мемлекеттік әнұранның орындалуымен аяқталды, оның авторлары – жарысқа қатысушылардың өздері. Гимн жолдары «Кім, егер мен емес, кім, егер сен емес, өз елі үшін алғашқы қадам жасайды» – бұл дәстүрге айналған жарыстың ұранына айналды. Алдағы уақытта бұл чемпионат облыс деңгейінен асып, кең ауқымда өткізілуі мүмкін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/970313?lang=kk
2018 жылы жарты миллион қазақстандық "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты 11.04.2025
Дүйсенбі, 24 маусым күні Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатын нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы баяндады.«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету азаматтардың табысына және жұмыссыздардар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл жұмысты күшейту аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, жұмысқа орналасқан соң жеке басы мен отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл үшін біз «Еңбек» Мемелекеттік бағдарламысын іске асырып отырмыз», - деп Еңбек министрлігінің басшысы халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті.Оның мәліметінше, өткен жылы бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды, оның ішінде 497 мыңы жұмысқа орналастырылып, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына тұрды. 14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды, оның ішінде 10 мыңға жуық жұмыссыз азамат алғаш рет өз кәсіптерін ашты.Микрокредиттеудің тағы бір қосымша әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Микрокредит алушылар 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.Ағымдағы жылы Елбасы тапсырмасымен бағдарлама «Жастар - Ел Тірегі» жалпыұлттық жоспарымен толықтырылды, оның шеңберінде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылуда.Осылайша, үш жыл ішінде 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында  ең көп сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша тағы да 10 мың адамды жіберетін боламыз, бұл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде жастардың кемінде 60 мың өкілі «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады», - деді министр.Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кеңеюде. Енді ауылдық көп балалы отбасыларға 505 мың теңге көлемінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады.Мәселен, көп балалы отбасы алған қаражатын тігін машинасы мен қажетті материалдарды сатып алуға пайдаланып, үйде төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды тігуді ұйымдастыра алады.Сондай-ақ, көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдігі жеңілдетілген микрокредит беру квотасы қарастырылған. Нәтижесінде биылғы жылы 15 мың көп балалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.Сонымен қатар, осы санаттағы азаматтарды қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту және үйден істейтін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20415?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ӨЗАРА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
Астанада ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаировтың Польша Республикасының вице-министрі Я.Эмилевич  ханыммен кездесуі өтті.Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік мәселелері талқылады.Я.Эмилевич Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңейтілгенін және қазіргі таңда а.ж. 6 қыркүйекте  Астанада  өткізілуі жоспарланған Қазақстан-поляк бизнес-форумына дайындық жұмыстары жүргізіліп отырғаны жайлы хабардар етті. Сонымен қатар, Я.Эмилевич ҚР Президентінінің 2016 жылы Польша Республикасына іс-сапарының табысты болғанын атап өтті.  Е.Хаиров «Атамекен» ҰКП бірлесіп Қазақстан-поляк бизнес-форумын өткізуде қолдау көрсетуге дайын екендігін  хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20411?lang=kk
ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ЭКСПОРТТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ 11.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында Техникалық реттеу және метрология  комитетіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры Мақсұт Өмірханов аккредитацияның отандық өнімдерді экспорттауға қалай ықпал ететін айтып,  Қазақстан Республикасындағы аккредиттеу жүйесін түсіндірді.Ол аккредитация – қызметтер мен өнімдерді, сәйкестікті бағалау органдарының біліктілігіне қоғамдық сенімді ұялататын тетік екенін атап өтті. Бұдан бөлек, аккредитация саудадағы техникалық кедергілерді азайтуға ықпал етіп, отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін артырады.Отандық өнімдерді экспорттауға ықпал ететін тағы бір тетік – ол Ұлттық аккредиттеу орталығының халықаралық аккредиттеу ұйымының мүшесі болуы.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің жемісті жұмысының нәтижесінде Қазақстан  2010 жылы ILAC-ң толық құқықты мүшесі және ILAC MRA-ң қол қоюшысы болды. Ал, 2013 жылы IAF-ң толық құқықты мүшесі және IAF MLA келісімінің қол қоюшысы болды.Бұл ұзақ жұмыстың нәтижесі ретінде ҚР заңды тұлғаларына ILAC MRA белгісімен берілген 570 114 сынақ хаттамасын айтуға болады. Олардың ішіндегі 10 492 сынақ хаттамасы – ҚР шегінен тыс, сонымен қатар, IAF MLA белгісі қойылған 10 335 сәйкестік сертификаты бар.Брифингте Мақсұт Өмірханов сынақ хаттамасы негізінен балыққа және балық өнімдеріне, ет пен ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, сүт пен сүт өнімдеріне, ара балына, астық өнімдері (жемдік арпа, жемдік бидай, бидай кебегі), жүгері, күнбағыс, ұн, күнбағыс жомы, соя жомы, рапс жомы, қой жүні, былғары шикізаты, ІҚМ терісі сияқты өнімдерге берілгенін хабарлады.IAF MLA аралас белгісіне сәйкес сертификатқа келер болсақ, ондай сертификаттар негізінен  Финляндия, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы сияқты елдеге жіберілетін көмірге, лак және бояу өнімдеріне, рапс жомына, соя жомына, балық консервісіне берілген.Орталықтың бас директоры аккредиттеудің жаңа бағыттарын игеру мен Ұлттық аккредитация орталығын халықаралық аренаға таныту үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.Сонымен қатар спикер орталықтың 2017-2019 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілгенін айтты. Онда жұмыс пен қызмет көрсету саласындағы сапаны жақсартуға, саудадағы техникалық кедергілерді азайтуға, отандық өнім экспортын арттыруға мүмкіндік беретін нақты міндеттер белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20341?lang=kk
Еңбек министрлігінің бірінші вице-министрі СҚО-да «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты 11.04.2025
13-14 маусым күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, Петропавл қаласы мен Ақжар, Тайынша, Аққайың, Ақжар және М. Жұмабаев атындағы аудандарын аралады.Атап айтқанда, ведомство басшысының бірінші орынбасары 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына пилоттық жоба шеңберінде енгізілген еңбек күші мол өңірлерден келетін қоныс аударушыларға арналған 52 үй құрылысының барысымен танысты.Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев «Бастау-Бизнес» курсын аяқтап, жеке кәсібін дамыту үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алған жеке кәсіпкерлермен кездесті.Жұмыспен қамту орталықтарына аралау барысында бірінші вице-министр мемлекеттік қолдау шараларын сапалы және уақытылы көрсету мәселелеріне ерекше назар аударып, көпбалалы аналармен, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен және жұмыс күші мол аймақтардан қоныс аударушылармен кездесті.Е. Жылқыбаев Петропавл қаласындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналып салынған жатақханаға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстардың қатысушылары жұмыс істейтін тігін фабрикасына, «Радуга» ЖШС өндірістік объектілеріне барды.Халықпен кездесу барысында Министрдің бірінші орынбасары солтүстікқазақстандықтарды жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды арттыру, сондай-ақ аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау саласында Министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20332?lang=kk
Еңбекминінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.Жұмыс тобының қатысушылары көпбалалы отбасылармен, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтары көтерген бірқатар проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарастырды.Мемлекеттік органдардың басшылары аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, бастамашылық ұсыныстар айтылды, оларға қосымша қаралғаннан кейін жауаптар мен түсініктемелер берілетін болады.Табысты арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20292?lang=kk
Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.Бұл заң жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тапсырмасы бойынша өңделіп, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi еңбек өтiлi мен жеңiлдiктердiң мөлшерi арасындағы қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Атап айтқанда, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу мөлшерлемесін қайта қарау жоспарланып отыр, бұл әлеуметтік жәрдемақылардың үш түрінің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бар азаматтар үшін аталған коэффициенттің максималды мәні - 1,0. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2%-ға арттыру ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейіне (30%-дан 100%-ға дейін) сәйкес анықтау ұсынылады.Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санына сәйкес қолданылатын коэффициентті арттыру ұсынылады.Сонымен қатар, заң жобасында жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін табысты алмастыру коэффициентін 30% - дан 40% - ға арттыру, сондай-ақ жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімін жүйеге қатысу өтіліне байланысты 4-тен 6 айға дейін ұзарту көзделген.Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарына жаңадан келетін және қазіргі төлем алушылар арасында шиеленісті болдырмау мақсатында асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алып жүрген азаматтар үшін жаңа өзгерістерді қолдана отырып, бір реттік қайта есептеу жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20277?lang=kk
ҚР ИДМ: КӨЛІК КОМИТЕТІ ЕСКЕ САЛАДЫ 11.04.2025
Жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, бұл автомобиль жолдарының тозуына соқтырады.Осыған орай, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығымен жыл сайын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына әр білікке түсетін салмақтары бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.Бұл ретте, ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылдың 1-маусымынан 31-тамызына дейінгі мерзім аралығында аталған іс-шара шеңберінде ауыр салмақты автокөліктерді бақылауды әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салады.Анықтама: Аталған шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС жоғары болған жағдайда сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін, ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС болған жағдайда сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20263?lang=kk
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ СҚО-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫ 11.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.Серіктестік директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялар мен шығарылатын өнімдердің түрлері туралы баяндады.Ауыл шаруашылығы құрылымының жалпы егіндік алқабы- 26,6 мың га-ға жуық. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдар, картоп және мал азығы дақылдары егіледі. Бұдан өзге, мұнда мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндірумен де айналысады.Серіктестікте өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіпорынның өнімділігін ұлғайту шаралары жүзеге асырылған. Өндірістік үдерістер автоматтандырылған, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде, қажетті минералды тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолданылады.Ауыл халқы үшін, соның ішінде шаруашылықта еңбек ететіндер үшін «Зенченко және К» ТС спорттың әр түрімен айналысуға қажетті жабдықтары бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашқан.Ақпарат көзі: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20208?lang=kk
Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.Еңбек министрі Юрий Оксамитныйге бірлескен тиімді жұмыс үшін алғысын білдірді, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасы Үкіметімен ұзақ мерзімді табысты тарихын атап өтті және оны «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасының әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Посткеңестік кеңістігіндегі елдерде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, Сіз осы бөлігінде елеулі қолдау көрсетесіз. Әсіресе, біздің әлеуметтік қызметкерлерді аз қамтылған азаматтармен тиімді жұмыс жүйесінде оқытудағы табысты жұмысты атап өткім келеді», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.Өз кезегінде, Юрий Оксамитный тараптардың одан әрі сындарлы ынтымақтастығын қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Бұл ретте ол әлеуметтік саладағы жұмысты ерекше қиын деп атады.«Бұл үлкен еңбек. Алайда, бүгінгі күні осы бағыттағы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азияның басқа елдерінде үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.Жаңа өкіл Артур ван Дизенді қарсы ала отырып, ведомство басшысы әлеуметтік көмек саясатын дамыту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, көші-қон үдерістері және т. б. саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын атап өтті.Өз кезегінде Артур ван Дизен алдағы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және алға қойылған міндеттерді шешуде одан әрі алға жылжу үшін күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.Айта кетейік, Артур ван Дизен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметіне тағайындалды. Бұрын ол Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесшісі болған (2015-2019 жж.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20206?lang=kk
«Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесуі 11.04.2025
2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесуде Ислам Даму Банкімен және Halal индустриясын дамыту жөніндегі малайзиялық органдармен «кері байланыс» жобасының шеңберінде ынтымақтастық және «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының презентациясымен танысты.Кездесу барысында Б.Арын қатысушыларды «Институционалдық бес реформаны іске асырудағы 100  нақты қадам Ұлт жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 56.2 «3-4 экспорттық қазақстандық брендті құру және іске асыру» қадамын орындау мақсатында «Халал» зонттық брендінің Жол картасы бекітілгенін мәлімдеді.Сондай-ақ, «Халал» сөзі тікелей діни ұғымға қатысты болғандықтан, халал өнімді стандарттау және сертификаттаумен ҚМДБ-ның ғана айналысуын, сондай-ақ халал индустриясы ет-сүт және тағы басқа да қажетті тағам өнімдерімен шектелудің орынды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/20203?lang=kk
БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ӘУЕ КӨЛІГІМЕН ТАСЫМАЛДАУ 18,7%-ҒА ӨСТІ 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 6 айында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өскен немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға артқан. 2017 жылғы жарты жылдықта барлығы 3,2 млн. адам әуе компания қызметтерін пайдаланды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 46%-ды (2016 ж. – 113514 жолаушы, 2017 ж. – 165435 жолаушы) және ішкі рейстерде 24%-ды (2016 ж. – 190979 жолаушы, 2017 ж. – 237309 жолаушы) құрады. 2016 жылы әуежай 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2017 жылғы жарты жылдықта – 1,8 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар 9 жаңа халықаралық бағытты ашты. «Ашық аспан» шеңберінде Астана – Хельсинкі, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Бейжің, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды рейстері ашылды. Қазақстанға польшалық LOT, венгриялық лоукостер Wizz Air, финдық Finnair, қытайлық Air China сияқты жаңа әуе тасымалдаушылары келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20198?lang=kk
«ОЗЫҚ» ЖШС-НЕ БАРУ ТУРАЛЫ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері, «КазСтИн» РМК Қызылорда өкілдігімен  2017 жылдың 25-ші шілдесінде  «Озық»  ЖШС-не нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады. «Озық» ЖШС тігін фабрикасы 1993 жылдың 1-қарашасыннан бастап өз қызметін атқарып келеді.Негізгі қызметі арнайы киім (спецодежды) фирмалық киім-кешек тігу болып табылады. Тігін фабрикасында  жұмыс атқратындардың саны -200 адам. Өнеркәсіпте тері-тігін өндірісін өндіру мамандар және білікті қызметкер жұмыс жасайды. Өнеркәсіпте 4 тігін цехы, 2 киім пішу, 1сынақ цехы және тон шығарушы цехтары бар. 2006 жылы жоғары компьютермен басқарып  тігетін машиналы тігін цехы ашылды. Қолданыстағы технология көпфункционалды қиын тігіндерді, суреттер, оюлар, кез-келген компанияның сәнін келтіретін фирмалық үлгілердегі логотиптерді тігуде мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда 150 атаулы бұйымдарды  ұсынады. Жаңа модельді киім шығару алдында жаңа заманауи үлгілермен, тұтынушының ойы мен тілегін ескереді. Компания тек отандық және ресейлік өндрішілердің сапалы материалдарын қолданады. Арнайы киім тігу үшін аралас мата ұрпаққа беріледі, сіңдіру әдісімен өңделеді. «Озық» ЖШС 2005 жылы ИСО 9001-2001 сапа жүйесін енгізді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі Мемлекеттік реестрде тіркелген. 2010 жылы бастап СТ РК ИСО 9001-2009 менеджмент жүйесінің сапасы бойынша жұмыс жасайды. «Озық» ЖШС-і облыстық және республикалық көрмелердің тұрақты қатысушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20152?lang=kk