Enbekshi QazaQ

Қоғам

Еңбекминінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелері талқыланды 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.Жұмыс тобының қатысушылары көпбалалы отбасылармен, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтары көтерген бірқатар проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды қарастырды.Мемлекеттік органдардың басшылары аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, бастамашылық ұсыныстар айтылды, оларға қосымша қаралғаннан кейін жауаптар мен түсініктемелер берілетін болады.Табысты арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20292?lang=kk
Қазақстанда үш түрлі әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр 11.04.2025
Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.Бұл заң жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тапсырмасы бойынша өңделіп, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi еңбек өтiлi мен жеңiлдiктердiң мөлшерi арасындағы қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.Атап айтқанда, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу мөлшерлемесін қайта қарау жоспарланып отыр, бұл әлеуметтік жәрдемақылардың үш түрінің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бар азаматтар үшін аталған коэффициенттің максималды мәні - 1,0. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2%-ға арттыру ұсынылады.Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде белгіленген жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу деңгейіне (30%-дан 100%-ға дейін) сәйкес анықтау ұсынылады.Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санына сәйкес қолданылатын коэффициентті арттыру ұсынылады.Сонымен қатар, заң жобасында жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін табысты алмастыру коэффициентін 30% - дан 40% - ға арттыру, сондай-ақ жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімін жүйеге қатысу өтіліне байланысты 4-тен 6 айға дейін ұзарту көзделген.Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарына жаңадан келетін және қазіргі төлем алушылар арасында шиеленісті болдырмау мақсатында асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді алып жүрген азаматтар үшін жаңа өзгерістерді қолдана отырып, бір реттік қайта есептеу жүргізуді жүзеге асыру ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20277?lang=kk
ҚР ИДМ: КӨЛІК КОМИТЕТІ ЕСКЕ САЛАДЫ 11.04.2025
Жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, бұл автомобиль жолдарының тозуына соқтырады.Осыған орай, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығымен жыл сайын Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына әр білікке түсетін салмақтары бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.Бұл ретте, ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылдың 1-маусымынан 31-тамызына дейінгі мерзім аралығында аталған іс-шара шеңберінде ауыр салмақты автокөліктерді бақылауды әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салады.Анықтама: Аталған шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС жоғары болған жағдайда сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін, ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 25оС болған жағдайда сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін әрекет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20263?lang=kk
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ СҚО-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ТАНЫСТЫ 11.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.Серіктестік директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялар мен шығарылатын өнімдердің түрлері туралы баяндады.Ауыл шаруашылығы құрылымының жалпы егіндік алқабы- 26,6 мың га-ға жуық. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдар, картоп және мал азығы дақылдары егіледі. Бұдан өзге, мұнда мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндірумен де айналысады.Серіктестікте өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіпорынның өнімділігін ұлғайту шаралары жүзеге асырылған. Өндірістік үдерістер автоматтандырылған, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде, қажетті минералды тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолданылады.Ауыл халқы үшін, соның ішінде шаруашылықта еңбек ететіндер үшін «Зенченко және К» ТС спорттың әр түрімен айналысуға қажетті жабдықтары бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашқан.Ақпарат көзі: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20208?lang=kk
Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.Еңбек министрі Юрий Оксамитныйге бірлескен тиімді жұмыс үшін алғысын білдірді, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасы Үкіметімен ұзақ мерзімді табысты тарихын атап өтті және оны «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасының әлеуметтік саясаты қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Посткеңестік кеңістігіндегі елдерде үлкен жұмыс тәжірибесі бар, Сіз осы бөлігінде елеулі қолдау көрсетесіз. Әсіресе, біздің әлеуметтік қызметкерлерді аз қамтылған азаматтармен тиімді жұмыс жүйесінде оқытудағы табысты жұмысты атап өткім келеді», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.Өз кезегінде, Юрий Оксамитный тараптардың одан әрі сындарлы ынтымақтастығын қажет ететін бірқатар бағыттарды атап өтті. Бұл ретте ол әлеуметтік саладағы жұмысты ерекше қиын деп атады.«Бұл үлкен еңбек. Алайда, бүгінгі күні осы бағыттағы біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Орталық Азияның басқа елдерінде үлкен қызығушылық тудырады», - деп атап өтті ол.Жаңа өкіл Артур ван Дизенді қарсы ала отырып, ведомство басшысы әлеуметтік көмек саясатын дамыту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер, көші-қон үдерістері және т. б. саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын атап өтті.Өз кезегінде Артур ван Дизен алдағы уақытта қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және алға қойылған міндеттерді шешуде одан әрі алға жылжу үшін күш-жігер жұмсайтынына сенім білдірді.Айта кетейік, Артур ван Дизен ағымдағы жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметіне тағайындалды. Бұрын ол Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы әлеуметтік саясат жөніндегі өңірлік кеңесшісі болған (2015-2019 жж.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20206?lang=kk
«Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесуі 11.04.2025
2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесуде Ислам Даму Банкімен және Halal индустриясын дамыту жөніндегі малайзиялық органдармен «кері байланыс» жобасының шеңберінде ынтымақтастық және «Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу» GIZ бағдарламасының презентациясымен танысты.Кездесу барысында Б.Арын қатысушыларды «Институционалдық бес реформаны іске асырудағы 100  нақты қадам Ұлт жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 56.2 «3-4 экспорттық қазақстандық брендті құру және іске асыру» қадамын орындау мақсатында «Халал» зонттық брендінің Жол картасы бекітілгенін мәлімдеді.Сондай-ақ, «Халал» сөзі тікелей діни ұғымға қатысты болғандықтан, халал өнімді стандарттау және сертификаттаумен ҚМДБ-ның ғана айналысуын, сондай-ақ халал индустриясы ет-сүт және тағы басқа да қажетті тағам өнімдерімен шектелудің орынды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/20203?lang=kk
БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ӘУЕ КӨЛІГІМЕН ТАСЫМАЛДАУ 18,7%-ҒА ӨСТІ 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 6 айында жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 18,7%-ға өскен немесе бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 500 мың адамға артқан. 2017 жылғы жарты жылдықта барлығы 3,2 млн. адам әуе компания қызметтерін пайдаланды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар ағынының өсімі 46%-ды (2016 ж. – 113514 жолаушы, 2017 ж. – 165435 жолаушы) және ішкі рейстерде 24%-ды (2016 ж. – 190979 жолаушы, 2017 ж. – 237309 жолаушы) құрады. 2016 жылы әуежай 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2017 жылғы жарты жылдықта – 1,8 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері шетелдік және қазақстандық әуе компаниялар 9 жаңа халықаралық бағытты ашты. «Ашық аспан» шеңберінде Астана – Хельсинкі, Астана – Варшава, Астана – Будапешт, Астана – Бейжің, Астана – Киев, Астана – Батуми, Астана – Нью-Дели, Астана – Ереван, Астана – Минеральные воды рейстері ашылды. Қазақстанға польшалық LOT, венгриялық лоукостер Wizz Air, финдық Finnair, қытайлық Air China сияқты жаңа әуе тасымалдаушылары келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20198?lang=kk
«ОЗЫҚ» ЖШС-НЕ БАРУ ТУРАЛЫ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері, «КазСтИн» РМК Қызылорда өкілдігімен  2017 жылдың 25-ші шілдесінде  «Озық»  ЖШС-не нормативтік құжаттардың талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады. «Озық» ЖШС тігін фабрикасы 1993 жылдың 1-қарашасыннан бастап өз қызметін атқарып келеді.Негізгі қызметі арнайы киім (спецодежды) фирмалық киім-кешек тігу болып табылады. Тігін фабрикасында  жұмыс атқратындардың саны -200 адам. Өнеркәсіпте тері-тігін өндірісін өндіру мамандар және білікті қызметкер жұмыс жасайды. Өнеркәсіпте 4 тігін цехы, 2 киім пішу, 1сынақ цехы және тон шығарушы цехтары бар. 2006 жылы жоғары компьютермен басқарып  тігетін машиналы тігін цехы ашылды. Қолданыстағы технология көпфункционалды қиын тігіндерді, суреттер, оюлар, кез-келген компанияның сәнін келтіретін фирмалық үлгілердегі логотиптерді тігуде мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда 150 атаулы бұйымдарды  ұсынады. Жаңа модельді киім шығару алдында жаңа заманауи үлгілермен, тұтынушының ойы мен тілегін ескереді. Компания тек отандық және ресейлік өндрішілердің сапалы материалдарын қолданады. Арнайы киім тігу үшін аралас мата ұрпаққа беріледі, сіңдіру әдісімен өңделеді. «Озық» ЖШС 2005 жылы ИСО 9001-2001 сапа жүйесін енгізді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі Мемлекеттік реестрде тіркелген. 2010 жылы бастап СТ РК ИСО 9001-2009 менеджмент жүйесінің сапасы бойынша жұмыс жасайды. «Озық» ЖШС-і облыстық және республикалық көрмелердің тұрақты қатысушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20152?lang=kk
ЕСКІ АВТОКӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 11.04.2025
2017 жылғы 26 шілдедеі Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында істен шыққан ескі автокөліктерді қайта өңдейтін «RecyclingCompany» ЖШС зауыты құрылысының бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл жоба 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.Салтанатты шараға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Инвестиция және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев, ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков және отандық автоөндірушілер мен экологиялық ұйым өкілдері қатысты.А.Айдарбаев өз сөзінде жобаның маңыздылығына тоқталып, ИИДМБ екінші бесжылдығының негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру мен өңделген тауар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілетілігін ынталандыруға баса назар аудару керектігін еске салды.Оның айтуынша, мемлекет тарапынан қолдаудың көптеген түрлері мен тәсілдері ұсынылады (нақты жобалардың инфрақұрылымы, ұзақ мерзімді лизинг пен несиелеу, жобалау компанияларының жарғылық капиталына кіру және т.б.).Істен шыққан көліктерді өңдейтін зауыттың Орталық Азияда теңдесі жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның қайта өңдеу саласындағы ірі жобалардың бірі болып саналады. Жобаны іске асыруға жергілікті билік жан-жақты қолдау білдірді. Өндіріс «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында құрылып отыр.Бұл жоба халықтың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтардың кері әсер етуін қысқарту мен алдын алуға бағытталған.Жаңа зауыт Индустрия 4.0 және цифрландыру талаптарына жауап беретін заманауи италиялық қондырғылармен жабдықталған.Кешеннің барлық жұмысын компьютерлік жүйе бақылайды. Интернеттің көмегімен Ing. BONFIGLIOLI (Италия) компаниясының диспетчерлік қызметіне жүгінсеңіз, орын алған келеңсіз жағдайларды ретке келтіру жөнінде кеңес береді.Италияның «Bonfiglioli» өндірушісі шығарған шредерлік құрылғы тозығы жеткен көлікті жойып, метал ретінде қайта өңдейді. Шредерлік кешеннің өндірістік қуаты жылына 50 мың ескі көлікті жоюға жетеді. Құрылғы бір сағатта 25 автокөлікті металға айналдыра алатын мүмкіндігі бар. Дәл осындай заманауи құрылғыны бүгінгі таңда АҚШ, Италия және еуропаның басқада да елдерінде кеңінен қолданады.Қазақстанда ескі автокөліктерді өңдейтін алғашқы зауыт құрылысын толық аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Екінші кезең аясында пирролиздеу құрылғыларын орнатып, өңдеу мүмкіндігін 98%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.Қалдықтан алынған түсті және қара металл қорытпасы аймақтағы мыс қорыту кәсіпорнына жеткізіледі. Осылайша, экономиканың өзара байланысты салалары арасында мультипликативті ықпалы арта түседі.Жобаның жалпы құны шамамен 3,4 млрд. теңге (1, 2 кезең). 70-тен астам жұмыс орны ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20124?lang=kk
ШҚО мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім бөлімдері әдіскерлерінің жұмыс отырысы 11.04.2025
2025 жылғы 4 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім бөлімдері әдіскерлерінің жұмыс отырысы өткізіліп, облыстың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының ағымдағы мәселелері қаралып, 2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы жасалып, ағымдағы жылдың мақсаты мен міндеттері айқындалды.   Шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы өзгерістер туралы ақпараттар беріліп, әдістемелік орталық жанынан құрылған Мобильді топ пен озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізуге арналған облыстағы 17 Құзыреттілік орталықтарының жұмысы туралы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында тірек балабақшалардың, тірек консультациялық пункттердің және тірек мектептердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға жасалған қадамдық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы сөз қозғалды.Отырыс соңында Мектепке дейінгі тәрбиенің алдында тұрған өзекті мәселелерін талқылай отыра, қатысушыларға нақтылы хаттамалық тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/969921?lang=kk
«Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобасы 11.04.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың беделін арттыру мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететінін үнемі атап өтуде.2025 жылдың 03-04 сәуір күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі Қазақстанда алғаш рет «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобасын ұйымдастырды. Бұл жобада республика бойынша таңдалған 100 қазақ тілі мен әдебиеті және 100 математика пәнінің мұғалімі өзара бақ сынасты. Шығыс Қазақстан облысынан 5 қазақ тілі мен әдебиеті, 5 математика пәні мұғалімі қатысты.Сайыс екі кезеңнен тұрды: алғашқысы – жұптық, екіншісі – командалық. Жұптық сайыс нәтижелері бойынша Самар ауданының «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ математика пәні мұғалімі Ильясов Акниет Дарханович пен «Амангелді орта мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бибосинова Гаухар Толеугалиевна, сондай-ақ Ұлан ауданының «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Қасымжанова Айдана Болатбекқызы мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тулебаева Зарина Муратовна ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Сайыс мұғалімдердің әлеуетін арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және дәл есептеуді меңгеруге бағытталған, сондай-ақ алғаш рет елімізде үлкен аренада жарыс формасында өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/969908?lang=kk
Еңбек министрлігі ең сұранысқа ие 100 сервистік және өндірістік мамандықты атады 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірледі.Мамандықтар тізбесі Елбасының «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді, оның ішінде 10 жаңа мамандық енгізілген. Олардың ішінде өзекті: IT-мамандар, 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды» қала құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнерлер мамандықтары бар.Кәсіптерді іріктеу үш параметрді қолдануға негізделген.Бірінші параметр бойынша Қазақстан Республикасында іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі басымдықтары ескерілді. Оның ішінде 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы Жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және басқалар.Екінші параметр аясында ҚР еңбек нарығында ұсынылған 1300 мамандық, ұлттық кәсіптер жіктелуіне сәйкес үш жүзден астам индустриялық және сервистік мамандықтар анықталды.Үшінші параметрдің негізіне Еңбек министрлігінің 2025 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Атамекен" ҰКП мен оқу орындарының бірлескен күшімен сұратылған жұмыс берушілердің 700-ге жуық сауалнамасын талдау нәтижелері алынды.Сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесі «Жас маман» бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200 оқу орнын жаңғыртуға негіз болады.1. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету инженерлері және электроника инженерлері2. 3D модельдеу және қосымша шындық инженерлері3. Өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлері4. Машинааралық оқыту жүйесі бойынша инженерлер5. Бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшілері және жүйелік талдаушылар6. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, Web және мультимедиалық қосымшаларды әзірлеушілер мен Тестілеушілер7. Деректер қорының әкімшілері және талдаушылары8. Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлер әкімшілері9. Телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер10. Өндірістік инженер-технологтар және олардың көмекшілері11. Инженер-механиктер және олардың көмекшілері12. Инженер-химиктер және олардың көмекшілері13. Инженер-электриктер және инженер-энергетиктер14. Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инженерлер15. Геологтар16. Тау-кен инженерлері, Металлургтер, инженер-мұнайшылар және олардың көмекшілері17. Инженер-құрылысшылар және олардың көмекшілері18. Геодезистер мен картографтар, кадастр және жерге орналастыру жөніндегі инженерлер19. Өнеркәсіптік және құрылыс инспекторлары20. Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері21. Киім, тұтыну тауарлары және өнеркәсіп өнімдері дизайнерлері22. Жобалаушылар-қала жоспарлаушылар23. Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер24. Сәулетшілер және «ақылды» қала құрылысы инфрақұрылымын жобалаушылар25. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлер26. Логистика бойынша кәсіпқой мамандар27. Кедендік рәсімдеуге арналған агенттер және жүктер мен жүктерді сүйемелдеу28. Экологтар, өндіріс және қоршаған ортаны қорғау инженерлері және олардың көмекшілері29. Құрылысшылардың үстінен қадағалаушылар (бригадирлер)30. Бетон өңдеушілер, тегістегіштер, Опалубщиктер, Цементаторлар және өзге де бетоншылар31. Құрылыс Бояулары32. Сылақ33. Ағаш ұсталары мен ағаш ұсталары34. Тас қалаушы35. Тас және тас өңдеушілер36. Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және қасбеттерді тазалау жөніндегі жұмысшылар37. Химиялық шикізатты қайта өңдеу және химиялық өнімді өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары38. Арматуршылар мен қаптаушылар39. Шатыршылар40. Еден төсеушілер және плитка жапсырушылар41. Құрылысшы-монтажшылар42. Сантехниктер және құбыржолшылар43.Монтаждаушылар, құрастырушылар және металл конструкцияларын дайындаушылар44. Крандардың, көтергіштердің, тиегіштердің және басқа көтергіш құрылғылардың операторлары45. Бетон сорғыларының операторлары, бетон араластырғыштар және цемент, тас және басқа да минералды материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруге арналған жабдықтар46. Пішіндер мен ядролар47. Кабинеттер мен жиһаз жасаушылар48. Интерьер дизайнерлері және декораторлар49.  «Ақылды үй» инфрақұрылымының операторлары, слесарі және жөндеушілері50. Ауыл шаруашылығы жабдықтарының слесарлері51. Өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлері52. Тракторшылар, комбайндар мен өзге де ауыл шаруашылығы жабдықтарының операторлары53. Авто (мотоцикл) слесарлері және жөндеу жұмыстары54. Ет және балықты жартылай фабрикаттар, азық-түлік және ұнтақтар өндірушілер55. Тігіншілер мен өңдеушілер56. Лекало дайындаушылар және пішушілер57. Наубайшылар мен кондитерлер58. Май өндірушілер, ірімшік өндірушілер және басқа да сүт өнімдерін дайындаушылар59. Бас аспазшы және аспазшы60. Ауыл және балық шаруашылығы шикізатынан тамақ өнімдерін дайындайтын жұмысшылардың үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер) 61. Фармацевтикалық және гигиеналық өнімдерді өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары62. Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру жабдықтарының операторлары63. Электромонтерлер64. Электромеханиктер65. Өндірістік стационарлық жабдық операторларының үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)66. Бұрғылау қондырғыларының машинистері (бұрғылаушылар)67. Бойлерлер, бу машиналары мен қазандық қондырғыларының операторлары68. Мұнай, газ тазарту және қайта өңдеу қондырғыларының операторлары69. Телерадио хабарларын тарату жөніндегі техниктер70. Аудио-бейне операторлар және Монтажерлер71. Кір жуу машиналарының, химиялық тазалау және тоқыма, Үлбір және былғары өнімдерін өндіру жөніндегі жабдықтардың операторлары72. Телекоммуникация бойынша монтаждаушылар мен жөндеушілер73. Электрондық жабдықтарды құрастырушылар74. Машинааралық өзара іс-қимыл жүйелерінің операторлары, Слесарлары және жөндеушілері75. Аддитивті өндіріс инфрақұрылымының операторлары, слесарлері және жөндеушілері76. Құрал-саймандарды жылтыратушылар, Тегістеушілер және Қайраушылар77. Кондиционерлер мен тоңазытқыш қондырғыларының механиктері мен Монтажшылары78. Металл өңдеу жөніндегі жұмысшылардың, слесарлер мен жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі жөндеушілердің үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)79. Жылжымалы құрамның слесарлері мен жөндеушілері80. Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің операторлары, слесарлері және жөндеушілері81. Дәнекерлеушілер және газбен кесушілер82. Ұшу аппараттарының слесарлері мен жөндеушілері83. Кен жұмысшылары, Шахтерлер84. Тау-кен машиналарының операторлары85. Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар бойынша жұмысшылар86. Сорғы қондырғыларының операторлары87. Бульдозерлер, жер қазатын, траншеялық және тау-кен ұңғылау машиналарының операторлары88. Электриктер89. Электрмонтажниктері90. Техник-электриктер91. Жаңартылатын энергия көздерінің жүйелері мен желілерінің операторлары, слесарлері және жөндеушілері92. Кенді және тау жыныстарын өңдеу және байыту жөніндегі жабдықтардың операторлары93. Металды күйдіру, балқыту және құю жөніндегі жабдықтардың операторлары94. Электрондық жабдықтарды монтаждаушылар, монтерлер, слесарлер және жөндеушілер95. Механикалық, электр және электрондық бұйымдарды құрастырушылар мен сынаушылардың үстіндегі супервайзерлер (бригадирлер)96. Металл бұйымдарын өңдеу жөніндегі жабдықтардың операторлары97. Механиктер-техниктер98. Компьютерлік аппаратты қамтамасыз ету жөніндегі техниктер99. Компьютерлер бойынша техника мамандары100. Киім, халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп өнімдерін, қолөнерді жобалаушыларАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20048?lang=kk
Еңбек министрлігінде АӘК тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеу мәселелері талқыланды 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша кеңес өтті.Оған Жоғарғы Сот, Әділет, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.«Ел Президенті Қ.К. Тоқаев Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды. Біздің міндетіміз - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде толық заңдылықты сақтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қысқа мерзімде ұйымдастыру», - деп атап өтті Сапарбаев.Кеңеске қатысушылар аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш берушілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу сынды өзекті мәселелерін талқылады.Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.Сонымен қатар, Министр орынбасарларының басшылығымен Еңбек министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлердегі барлық рәсімдердің заңдылығының сақталуын бақылау үшін өңірлерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20042?lang=kk
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 11.04.2025
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру туралы бiрегей меморандум қабылдады. Құжатқа Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қол қойды.Меморандум аясында тұрмысы нашар, көпбалалы немесе қиын жағдайға душар болған жанұяларға, қарттарға, мүгедектерге, ардагерлерге, кәмілетке толмаған балалар мен жастарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бірлесіп жұмыс атқарылады.Атап айтқанда, тараптар Қазақстанда емделмейтін ауруларға душар болған кемінде 100 баланы шетелге жібереді, аутизм диагнозы бар кемінде 100 балаға медикаментсіз ем жасалуын қамтамасыз етеді, сал ауруына шалдыққан 1500 балаға медициналық реабилитация, және шалғайдағы елді мекендерде тұратын тағы 60 000 адамға медициналық көмек көрсетеді.Бұған қоса, балалардың денсаулығын күшейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен кемінде 1500 баланы қамтитын аула клубтарын жетілдіру жалғастырылады, шалғай елді мекендерде тұратын 600 балаға Қазақстан бойынша экскурсия өткізіледі,  Ұлы отан соғысының 1400 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіліп, Қазақстан мен ТМД елдерінде темір жолмен тегін жүру ұсынылады, кем дегенде 40 әмбебап спорт және ойын алаңдары салынады.Сонымен қатар, жасы 18-ге толмаған кемінде 30 бала мен жасөспірімнің интеллектуалдық, шығармашылық немесе спорт сайыстарына баруы үшін жол шығындарын көтеріп алу жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарының 30 дарынды түлегін іріктеп алып дамыту, кемінде 60 түлекті өндіріс салаларын цифрландыру жобаларында тәлімгерлік бағдарламаға қабылдау және жұмысқа орналастыру қарастырылған.Меморандум кем дегенде 50 коммерциялық емес ұйымның бастамаларына қаржылық және басқа да көмек көрсету арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер ұйымдарын қолдау мақсатымен олар өндірген тауарларды ереже шеңберінде сатып алу мәселелелерін қамтиды.«Бұл келісімге Елбасының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты белсенді әлеуметтік саясатты қолдау және дамытуға арналған бағдарламасының шеңберінде қол қойылды. Меморандум әлеуметтік саланы дамыту, кей санаттағы азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру және әлеуметтік бастамаларды іске асыру мақсатымен күш-жігерімізді біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев бұл бағыттағы бірлескен жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ашатынын айтты.«Халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалары, әсіресе, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бүгінгі күні мемлекет пен бизнестің бірлескен іс-қимылын талап ететін қоғамның аса өткір проблемаларының бірі болып отыр. Осыған байланысты ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы шеңберінде Министрлік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Тек өткен жылы жалпы сомасы 90 млрд.теңгеге 700-ден астам меморандум жасалды. Бүгінгі меморандум Қазақстанның басқа компаниялары мен кәсіпорындары үшін жақсы үлгі болады деп есептейміз», - деп түйіндеді Еңбек министрі.«Самұрық-Қазына» холдингіне кіретін барлық компаниялардың атынан қайырымдылық қызметті атқаратын -  "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.  2019 жылы аталған қор жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19962?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші-мигранттардың құқығын қорғау бойынша "Жол картасына" қол қойды 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ХІІ Астана экономикалық форумы аясында өткен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орайластырылған халықаралық конференцияда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Мәселен, Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Құдбиевпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына ("жол картасы") қол қойылды.Бұл үкіметаралық келісімге ведомство басшылары 2019 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.Жол картасына қол қою елдер арасындағы еңбек көші-қоны процесін реттеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.Үкіметаралық келісім шеңберінде еңбекші-мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие. Еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ведомстволар арасында орнатылған іскерлік және достық байланыстарды жоғары бағалайтынын және қол қойылған халықаралық құжат аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19873?lang=kk
Анонс «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы» 11.04.2025
Ағымдағы  жылғы 18 мамырда сағат 10.00-де Әділет вице-министрі Н.Панның басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.Отырыста:1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – Әділетмині);2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ЕжХӘҚМ);3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының      2018 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкіметтің қаулы жобасын қарастыру («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын Парламентке енгізу мерзімін маусымнан тамызға ауыстыру туралы) (әзірлеуші - Қаржымині) көзделген.Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.Журналистерді тіркеу 2018 жылғы 17 мамыр сағат 18.00-ге дейін pressgov@mail.ru поштасы арқылы жүргізіледі.    ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Тел: 74-06-01,  74-06-02pressgov@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19863?lang=kk
Алматы адвокаттары азаматтарды заң көмегін алу құқығынан айырды 11.04.2025
Заңгерлік көмегіне ақы төлеу туралы қаулыларға жүргізілген мониторинг аясында, адвокаттардың нақты жұмыс істеген уақытының сәйкессіздігі фактілері анықталды.2016-2017жж. Алматы қаласы әділет департаменті адвокаттар алқасына 28 млн. теңгеден  астам сомаға қаулыларды кері қайтарды.Сондай-ақ, Алматы қаласының адвокаттар алқасының үш адвокаты өз қорғауындағыларға іс жүзінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған кезде құқықтық көмек көрсеткендігі фактілері анықталды.Әділет министрлігінің екі адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының  қолданылуын тоқтату туралы талаптарын  соттар қанағаттандырды.Нәтижесінде, Алматы қаласының адвокаттары өздерінің кәсіби міндеттерін толықтай атқармауына байланысты, азаматтар тиісті деңгейде  заң көмегін алу құқығынан айырылды.Алматы қаласы адвокаттар алқасының төрағасы Кенжегали Карчегенов, жұмыстағы орын алған  кемшіліктерге қарамастан,  жаңа мерзімге қайта сайланған.Әділет министрлігі Республикалық адвокаттар алқасының атына оның аумақтық адвокаттар алқасымен бірлесіп, бұзушылықтарды жою және шаралар қабылдау үшін тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі туралы, сондай-ақ адвокаттардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауы туралы бірнеше рет хаттар жолдаған болатын.  Бүгінгі күнде,  Республикалық адвокаттар алқасы ешқандай шара қолданған жоқ.Жоғарыда айтылған фактілер,  аумақтық адвокаттар алқасының да, Республикалық алқаның да жұмысты нашар ұйымдастырғандығын  куәландырады. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Тел: 74-06-01,  74-06-02pressgov@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19817?lang=kk
Бердібек Сапарбаев қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесті 11.04.2025
Дүйсенбі, 6 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.Кездесу 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеу аясында, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде ерекше өзектілігі бар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында ұйымдастырылды.Оған Ақтөбе облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Күлшат Масалимова, Алматы қаласының Менеджмент университетінің Әлеуметтік Кәсіпкерлік орталығының директоры (AlmaU) Нұржан Әлжанова, "GreenTAL" әлеуметтік шеберханасының жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.) Эмин Аскеров, сондай-ақ Ақтөбе облысының әлеуметтік-жауапты кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Кездесуді ашқан ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясындағы осындай кездесулердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті және Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы елеулі үлесін атап өтті.Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысындағы Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумының нәтижелерімен бөлісті, оған 1200-ден астам қатысушылар мен 12-ден астам халықаралық сарапшылар қатысты; «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Анам-кәсіпкер» жобасымен танысты, онда ауылдық әйелдер, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оқыды; олар Израиль мемлекетінің әлеуметтік кәсіпкерлік тәжірибесі туралы әңгімелеп берді, онда қол қойылған меморандумдар аясында халықаралық форумның қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер тобы тәжірибеден өтті.«Бүгін біз 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеп отырмыз, мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар ұсынатын барлық ұсыныстар мен табысты жобалар бүкіл ел бойынша кейінгі масштабтау үшін жүйелендірілуге тиіс», - деді Сапарбаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19813?lang=kk
Адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел өткізілді 11.04.2025
23.05.2018 жылы Алматы облысы Әділет департаментімен, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру және мемлекеттік кепілдік көрсетілген заң көмегі бойынша туындаған мәселелерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.Аталған іс-шараға сот, құқық қорғау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Алматы облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.Іс-шара барысында адвокаттар алқасының өтінімдерінің жолдау мерзімі, сондай-ақ сот, құқық қорғау органдарының қаулыларындағы кемшіліктер талқыланды. Алматы облысыӘділет департаментініңбаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19812?lang=kk
Қазақстандық сот сарапшылар Лондонда қылмыстық іс бойынша зерттеу жүргізуде табысқа жетті 11.04.2025
Сараптама жүргізу жөніндегі әлемдегі жетекші мекемелердің бірі, халықаралық аккредитациядан өткен - Лондон Королдық колледжі (King’s College London) Қазақстандық сот сарапшыларын қылмыстық іс бойынша бірлесіп зерттеулер жүргізуге шақырды.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының молекулярлы-генетикалық сараптама саласындағы сот сарапшылары Іңкәр Тәжіғұлова мен Дәурен Дубербаев King’s College London сарапшыларымен бірлесіп тұлғаны тану, балауыз қалыпқа салынған өлі дене мен тірі тұлғаның тіндерін зерттеу бойынша сараптамалар жүргізді. Мұндай объектілер осы зерттеу түрі үшін өте күрделі екендігін айта кету керек.Қазақстандық сарапшылар зерттеу жүргізу кезінде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, Қазақстанда осы сараптама саласында қолданылатын өз тәжірибелерімен, зерттеу тәсілдерімен бөлісті. Британдық қызметтестер Қазақстандық сарапшылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады. Қазақстан үшін осындай халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі біздің сарапшылардың жоғары біліктілігінің көрсеткіші болып табылады.Қазіргі уақытта Әділет министрлігі сот-сараптамалық қызметті реформалау үстінде. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Бүкіләлемдік банк арасындағы Әділ сот секторын институционалдық нығайту жобасы туралы келісім қазақстандық сот сарапшыларына жақын және алыс шетелдердің жетекші сараптама орталықтарында білім алу және өз біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді.80 сарапшы Ұлыбритания, Түркия, Литва және Беларусь Республикасында біліктілігін көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19809?lang=kk