Enbekshi QazaQ

Қоғам

Бердібек Сапарбаев қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесті 11.04.2025
Дүйсенбі, 6 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.Кездесу 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеу аясында, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде ерекше өзектілігі бар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында ұйымдастырылды.Оған Ақтөбе облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Күлшат Масалимова, Алматы қаласының Менеджмент университетінің Әлеуметтік Кәсіпкерлік орталығының директоры (AlmaU) Нұржан Әлжанова, "GreenTAL" әлеуметтік шеберханасының жетекшісі (Нұр-Сұлтан қ.) Эмин Аскеров, сондай-ақ Ақтөбе облысының әлеуметтік-жауапты кәсіпорындарының өкілдері қатысты.Кездесуді ашқан ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев азаматтардың әл-ауқат деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясындағы осындай кездесулердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті және Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы елеулі үлесін атап өтті.Кездесуге қатысушылар Ақтөбе облысындағы Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлік форумының нәтижелерімен бөлісті, оған 1200-ден астам қатысушылар мен 12-ден астам халықаралық сарапшылар қатысты; «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған «Анам-кәсіпкер» жобасымен танысты, онда ауылдық әйелдер, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары оқыды; олар Израиль мемлекетінің әлеуметтік кәсіпкерлік тәжірибесі туралы әңгімелеп берді, онда қол қойылған меморандумдар аясында халықаралық форумның қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер тобы тәжірибеден өтті.«Бүгін біз 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Ұлттық жоспар әзірлеп отырмыз, мүгедектерді қолдау бойынша қосымша шаралар ұсынатын барлық ұсыныстар мен табысты жобалар бүкіл ел бойынша кейінгі масштабтау үшін жүйелендірілуге тиіс», - деді Сапарбаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19813?lang=kk
Адвокаттық қызмет бойынша дөңгелек үстел өткізілді 11.04.2025
23.05.2018 жылы Алматы облысы Әділет департаментімен, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру және мемлекеттік кепілдік көрсетілген заң көмегі бойынша туындаған мәселелерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.Аталған іс-шараға сот, құқық қорғау органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының және Алматы облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.Іс-шара барысында адвокаттар алқасының өтінімдерінің жолдау мерзімі, сондай-ақ сот, құқық қорғау органдарының қаулыларындағы кемшіліктер талқыланды. Алматы облысыӘділет департаментініңбаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19812?lang=kk
Қазақстандық сот сарапшылар Лондонда қылмыстық іс бойынша зерттеу жүргізуде табысқа жетті 11.04.2025
Сараптама жүргізу жөніндегі әлемдегі жетекші мекемелердің бірі, халықаралық аккредитациядан өткен - Лондон Королдық колледжі (King’s College London) Қазақстандық сот сарапшыларын қылмыстық іс бойынша бірлесіп зерттеулер жүргізуге шақырды.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының молекулярлы-генетикалық сараптама саласындағы сот сарапшылары Іңкәр Тәжіғұлова мен Дәурен Дубербаев King’s College London сарапшыларымен бірлесіп тұлғаны тану, балауыз қалыпқа салынған өлі дене мен тірі тұлғаның тіндерін зерттеу бойынша сараптамалар жүргізді. Мұндай объектілер осы зерттеу түрі үшін өте күрделі екендігін айта кету керек.Қазақстандық сарапшылар зерттеу жүргізу кезінде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, Қазақстанда осы сараптама саласында қолданылатын өз тәжірибелерімен, зерттеу тәсілдерімен бөлісті. Британдық қызметтестер Қазақстандық сарапшылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады. Қазақстан үшін осындай халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі біздің сарапшылардың жоғары біліктілігінің көрсеткіші болып табылады.Қазіргі уақытта Әділет министрлігі сот-сараптамалық қызметті реформалау үстінде. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Бүкіләлемдік банк арасындағы Әділ сот секторын институционалдық нығайту жобасы туралы келісім қазақстандық сот сарапшыларына жақын және алыс шетелдердің жетекші сараптама орталықтарында білім алу және өз біліктілігін көтеруге мүмкіндік берді.80 сарапшы Ұлыбритания, Түркия, Литва және Беларусь Республикасында біліктілігін көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19809?lang=kk
2019 жылдың мамыр айында көпбалалы отбасыларға 1300-ден астам пәтер беріледі 11.04.2025
Бейсенбі, 2 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасыларымен кездесті.Кездесуге сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева, ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов қатысты.Еңбек министрлігінің басшысы Тұңғыш Президент - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1,1 миллион мемлекеттік қызметкердің жалақысы 30 пайызға дейін өсетінін еске салды. 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өседі.1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар қабылдау жүргізілуде, биыл 830 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы ауданында АӘК алушылар саны 2028-ден 2954 адамға дейін өседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жаңартылған АӘК алушылар шамамен 7 мың адам болады.АӘК тағайындау рәсімі сұратылған құжаттарды оңтайландыру арқылы жеңілдетілді. Сонымен, барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы алынады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтарының немесе ауылдық әкімдіктердің мамандары тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды ресімдейді.Атап айтқанда, 1 мамырдағы жағдай бойынша "Е-Халық" жүйесінде Алматы ауданы тұрғындарынан АӘК-ке 847 өтініш қабылданды, 467 отбасы әлеуметтік көмек алды, сонымен қатар 112 отбасыға ақшалай төлемді автоматты түрде қайта есептеу жүргізілді.Сондай-ақ өңірлерде электрондық әлеуметтік карталарды қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Олар әрбір отбасының қажеттіліктерін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын бағалауды қарастыратын болады.Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Сонымен, жұмыспен қамтамасыз ету және табысын арттыру үшін көп балалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңге мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ауылдағы көп балалы аналар мен мүгедек адамдар арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың шағын несие беріледі.Сонымен қатар, көп балалы аз қамтылған ауылдық отбасылар үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады. Жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақыны субсидиялаумен үйде әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын болады.Сондай-ақ, Министрлік әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетте жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызметтердің 11 шарасы қамтылған.Б. Сапарбаев көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті. Қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларынан басқа, Қазақстанда бизнесті әлеуметтік жобаларға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде."Осы айда пәтер беру басталды. Біздің мақсатымыз тек қана бюджеттен мамыр айында көп балалы отбасыларға кемінде 1316 пәтер беру, қазірдің өзінде 249 пәтер берілді. Қазір бұл жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сондай - ақ кәсіпкерлермен, кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіледі", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.Кездесуге қатысушылар елорда тұрғындарының барлық сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19802?lang=kk
Тазалық жұмыстары жүргізілді Дәулет ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Бекітілген кестеге сәйкес қоқыстар күнделікті алынуда. 11.04.2025
Тазалық жұмыстары жүргізілдіДәулет ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Бекітілген кестеге сәйкес қоқыстар кунделікті алынуда.Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратынын баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/969640?lang=kk
Азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту: Г. Әбдіқалықова Алматыда жаңа әлеуметтік саясаттың орындалу сапасын тексерді 11.04.2025
Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен Үкіметтік делегация Алматы қаласында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.Түске дейін Вице-Премьер Г. Әбдіқалықова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, қала әкімі Б. Байбек «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» жол карталарының іске асырылуы жөнінде кеңес өткізді.ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жаңа әлеуметтік саясат іске асырылып жатыр. Басты міндет — азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру.Бүгінде қалада көп балалы аналар мен қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» жол карталары жүзеге асырылып жатыр. 13 шара қарастырылған Жол картасы бекітілді. Жұмысы «бір терезе» қағидасы бойынша жүргізілетін «Бақытты отбасы» орталығы ашылуда. Онда заңгерлер, психологтар, жаттықтырушылар және т.б. жұмыс істейтін болады. «Бақытты отбасы» қайырымдылық қоры құрылып, меценаттар мен жұртшылықтың арқасында 131 млн теңгеден астам қаражат жинап үлгерді. 1 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек көрсетілді.Алматы елімізде алғаш болып «Бақытты отбасы» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Мамыр айында 30 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазіргі әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті. Атап айтқанда, өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек 10 айлық есептік көрсеткіштен (25 250 теңге) 20 айлық есептік көрсеткішке дейін (50 500 теңге) көбейді. Бұл шарамен 10 мыңнан астам отбасы қамтылатын болады.Содан кейін Г. Әбдіқалықова және Б. Сапарбаев аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдар мен кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізіп, онда әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады.2015 жылдан бастап бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 25,7 млрд теңгеге 40-тан астам жоба іске асырылып келеді. Бүгінде 21,6 млрд теңге сомасына 32 жоба іске асырылды. 7 балабақша, 1 емхана, фельдшерлік-акушерлік пункт және т.б. салынды.Вице-Премьер көп балалы аналармен кездесуде мемлекет азаматтардың аз қамтылған санаттарына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін артып, 20 789 теңгені құрады, мамыр айынан бастап жалға берілетін тұрғын үй бөліне бастайды, ал 1 маусымнан бастап бюджет саласының жалақысы төмен қызметкерлерінің еңбекақысы көбейеді. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері жаңа әлеуметтік саясат аясында іске асырылып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат берді.С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің жатақханасын аралау барысында Премьер-Министрдің орынбасары «Елбасының бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасының орындалу барысымен танысты.Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарының соңында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді. Кездесуде студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөніндегі үшінші бастаманың іске асырылуы туралы ақпарат тыңдалды, жоғары білім берудегі өзекті мәселелер талқыланды.Жоғарыда аталған бастаманы орындау үшін қалада студенттер жатақханаларын салу жұмысы жалғасуда. 39 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 149 мың адам білім алады, оның 92 мыңнан астамы басқа қалалардан келген студенттер. Барлығы 95 жатақханада 30 мың (33%) студент тұрады. 2018 жылы жоғары оқу орындарының өз қаражатының есебінен 1200 орынға арналған 3 жатақхана пайдалануға берілді. 2019 жылы да өз қаражаттары есебінен 2 340 орынға арналған 5 жатақхананы аяқтау жоспарда бар.Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова жатақханаларды уақытылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету, студенттерге қолайлы жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар қабылдау жөнінде жоғары оқу орындарының ректорларына, мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19791?lang=kk
ПОЛИПРОПИЛЕН МАТАДАН ЖАСАЛҒАН ЖҰМСАҚ КОНТЕЙНЕРЛЕР ЖАСАУМЕН АЙНАЛАСАТЫН ӨНДІРІСТІК КОМПАНИЯ «BIGBAGASTANA» БАРУ 11.04.2025
2017 жылы 27 шілдеде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесе отырып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін ұнтақ жүктерге арналған полипропилен матадан жасалған жұмсақ контейнерлер жасаумен айналасатын өндірістік компания «BigBagAstana» барды. Полипропилен матадан жасалған жұмсақ контейнерлер жасаумен айналасатын өндірістік компания «BigBagAstana» ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания жүк көтергіштігі 500 кг – нан 2 тоннаға дейінгі жұмсақ контейнерлер шығарады. Өнім өндірісінде отандық және шет ел шикізаты қолданылады. Өткізілген іс-шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және   жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды. Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі, дайын өнімді заттаңбалау бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды оқыту бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19790?lang=kk
Б.Сапарбаев Алматы облысындағы «әлеуметтік қалашықтың» жұмысымен танысты 11.04.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қаскелең қаласындағы «Мұңайма» қайырымдылық қорының «әлеуметтік қалашығына» барды.«Мұңайма» қоры 2007 жылы Алматы облысында жұмысын бастады. Қордың табысты жобаларының бірі «әлеуметтік қалашықтың» ашылуы болды, онда аз қамтылған азаматтар қоныстана алады, жаңа мамандықтарды оқып, өндірісте жұмыс істей алады және өз ісін ашуға көмек ала алады.«Мұңайма» қорының үйлестірушісі Мерхан Әбілов міндетті шарт мамандық бойынша оқыту, кейін жұмысқа орналастыру болып табылады деп атап өтті. Жобаға қатысу бір жыл бойына жалғасады - алғашқы 6 айда оқыту және «әлеуметтік қалашықта» жұмыс жасайды, ал кейінгі кезеңде бизнесті бастау үшін бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі. Бизнес-идеяны іске асыру үшін Қор алғашқы жарты жыл ішінде қатысушы тапқан капиталды екі есе көбейтеді.Б. Сапарбаев жобаға қатысушылар жұмыс істейтін өндіріспен, олардың өмір сүру жағдайымен танысты және қалашық аумағында орналасқан балабақшаға барды.Министр қордың жұмысына оң баға берді. Жеке бизнестің осындай әлеуметтік жобаларын бүкіл Қазақстан бойынша тарату қажет екенін атап өтті.2016 жылдан бастап 500-ге жуық отбасы жобаға қатысты. Қазіргі уақытта «әлеуметтік қалашықта» 120 адам тұрады. Қалашықтың 350 адамға дейін орналастыру мүмкіндігі бар. Осындай жобаны Елорда әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19789?lang=kk
ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ КАНАЛЫНЫҢ ТҮБІН ТЕРЕҢДЕТУ ЖЫЛЫНА 100-120 МЫҢ ТОННА ЖҮК ТАСЫМАЛДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ 11.04.2025
Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс атқаратын компанияларды тұрақты көліктік қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында Жайық бассейніндегі кәсіпорындармен 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде Жайық-Каспий каналының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр.Экологиялық кодекс талаптарын ескере отырып, жұмыстарды шілде айының үшінші онкүндігінен бастап қазан айының аяғына дейін жүргізу жоспарланған.  Жайық-Каспий каналының өзен бөлігінде түбін тереңдету жұмыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» РМҚК техникалық флот кемелерімен жүргізілуде. Жұмыс жүргізуге «ПК-1» жүзу краны және «Батыр» сүйрегіші жұмылдырылған. Ағымдағы жылғы 27 шілде бойынша орындалған жұмыстар көлемі 4 152 м3  құрайды. Каналдағы жұмыстарды аяқтауға дейін 500 000 м3 көлемінде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу – канал арқылы жылына 100-120 мың тонна жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19777?lang=kk
ИКАО-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 11.04.2025
Бүгін ИКАО Бас хатшысы доктор Фан Лю Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаевпен екіжақты кездесу өткізді.Кездесу барысында әуе көлігінің ғаламдық байланысының маңыздылығына ерекше мән берілді. Доктор Фан Лю ИКАО стандарттары мен саясатын тиімді енгізу ісіндегі ИКАО-ның оған мүше мемлекеттердің әлеуетін үйлестіруге және арттыруға көмек көрсетуге әзір екенін атап айтты. Елімізде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейі осының дәлелі.Сонымен қатар, ИКАО Бас хатшысының қатысуымен өткен Азаматтық авиация саласы өкілдерінің кездесуінде ИКАО қызметінің қазіргі кезеңдегі негізгі басымдықтары талқыланды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына белсенді қатысушы екенін назарға ала отырып, доктор Фан Лю өзінің баяндамасының бір бөлігін азаматтық авиация саласындағы лаңкестікпен күрес мәселелеріне арнады (БҰҰ 2309 қарарын енгізу).Сонымен қатар, кездесуде ұшу қауіпсіздігі мәселелері, сондай-ақ ИКАО-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты мен тәжірибесі талқыланды (жалпы ережелер, авиациялық шуыл және жергілікті жердегі ауаның сапасы, климаттың өзгеруі, нарықтық шаралардың ғаламдық жүйесі және т.б.).Анықтама үшін:ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны  (Чикаго конвенциясы) әкімшілік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету үшін  1944 жылы мемлекеттер құрған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі болып табылады.ИКАО азаматтық авиация секторын экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, тиімді, экономикалық тұрақты және жауапты дамыту үшін халықаралық азаматтық авиация саласындағы Стандарттар, Ұсынымды практика (SARPS) және тәжірибеге қатысты консенсусқа қол жеткізу үшін 191 Конвенцияға мүше мемлекеттер және салалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19756?lang=kk
«ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ 11.04.2025
Бүгін 3 тамызда ҚР ИДМ медиа-орталығының алаңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан метрология институтының бас директорының орынбасары Дәурен Шәріпов «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң жобасында ұсынылатын жаңалықтары туралы айтты.Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласы бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2015 жылы Тұжырымдама және 2016 жылы «ҚР өлшем бірліктерін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалды.Келесі тұжырымдамалық өзгерістер енгізілуде:- мемлекеттік салалық органдарға мемлекеттік реттеуге қатысты өлшемдердің тізімін бекіту функциясы беріледі;- уәкілетті органның құзыреті өлшемдердің дәлдігіне метрологиялық талаптарды қою функциясымен толықтырылады;- эталондарды калибрлеу.РМК «КазМетрИн» өкілдерінің мәлімдеуінше, заңнаманың жаңа моделі өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеуді тиімді нәтижеге әкеледі және калибрлеуді дамыту арқылы метрология аясында кәсіпкерлікті жетілдіруге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде халықаралық нарықта отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға және өлшемдердің нәтижелерін мойындауға қол жеткізеді.Қорытындылай келе, қазіргі уақытта аяқталған заң жобасы депутаттардың ұсынған түзетулерін ескере отырып Премьер-министрдің Канцеляриясында қарастырылуда және Үкімет мақұлдағаннан кейін ҚР Парламент Мәжілісіне одан әрі қарастыру үшін жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19740?lang=kk
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ 11.04.2025
Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. «Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі жемқорлықты жеңу  болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы атап айтқанда қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет аталып өткен. Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көзіміз жетіп отыр. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.Стратегиямен  белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:- мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;- қоғамдық бақылау институттарын енгізу;- мемлекеттік және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;- құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.    Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары  бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді.«Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресу  әрбір азаматтың борышы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19715?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҒЫНДА АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ 11.04.2025
АККРЕДИТТЕУ (лат.”accredo” – сену)– жалпы айтқанда, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасының тиісті талаптарға сәйкестігін ресми растауға қол жеткізетін процесс. Аккредиттеу, әдетте, тұтынушының жеткілікті құзіреттілігі жоқ кәсіби қызмет көрсету саласындағы сапаны бағалау үшін кең таралған.СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ - аккредиттеу жөніндегі орган (сәйкестікті бағалау бойынша органнның) өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім.Зертхананы, сертификаттау жөніндегі орган немесе инспекция органын аккредиттеу дегеніміз техникалық қызметкерлердің қандай да бір қызмет түрін атқаруға біліктілігін тексеру,осы қызметті басқару жүйесін бағалау, сонымен қатар қажетті құрылғылар және әдістермен қамтамасыз етілуін жеткілікті деңгейде қатаң тексеруді білдіреді. Аккредиттеудің сертификаттаудан айырмашылығы қандай? Аккредиттеу – органдардың талапқа сәйкес бағалауда сапа менеджмент жүйесі бар және аккредиттеу аймағындағы талаптарға сәйкес жұмыс жасай алатыны туралы  құзыретті органдарымен расталған жүйе болып табылса, сертификаттау - өнімдер, басқару жүйесі мен кадр бөлімінің белгілі бір талаптарға сай екенін жазбаша түрде, үшінші жақ тарапынан расталуы.Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының аймағында аккредиттеумен Ұлттық аккредиттеу орталығы айналысады (ҰАО) -  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сәйкестікті бағалау саласындағы бірыңғай ұлттық аккредиттеу органы (2008 жылдың 27 тамыздан «Аккредиттеуден органдарын  анықтау туралы» ҚР Үкіметінің №773 қаулысы). ҰАО өз қызметін төмендегіге сәйкес жүзеге асырады:2008 жылдың 5 шілдеден «Бағалау сәйкестік аясында  аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасы«Сәйкестікті бағалау органдарының растау және аккредиттеу жүргізу органдары. Негізгі талаптары» 17011-2006 ИСО/МЭК стандарттарыҚазақстан Республикасының аккредиттеу және сәйкестікті бағалау талаптары мен халықаралық аккредитациялық ұйымдардың саласындағы нормативтік құқықтық актілер.ҰАО негізгі миссиясы қоршаған орта мен адам денсаулығы мен өмір процестеріне қажет өнімдерді қауіпсіз түрде жеткізу талап бағаларына сәйкес органдарының техникалық құзыреттілігін растау.Әлемдік нарықтарында  Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, халықаралық процестерді, сауда қатынастарын кеңейту және дамыту, сапа және  бағалау сәйкестікті, техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу рөлін белсендіру қажет. Бұл қадамдар қазақстандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шетелде қайта сынаудан өткізу құнын азайтуға мүмкіндік береді.Бүкіл әлем бойынша, ұқсас қызметтер бар елдерде жыл сайын «Аккредиттеу күні» 9 маусым күні  атап өтіледі.ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторыСейдалин Нурлан АбаевичАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19673?lang=kk
Б. Сапарбаев: басты міндет – еңбек дауларына жол бермеу 11.04.2025
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Республикалық үшжақты комиссия отырысын өткізді. Оған комиссия мүшелері, қала және аудан әкімдері, «Атамекен» ҰКП, ірі компаниялардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Отырыста әлеуметтік-еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, Халықаралық еңбек ұйымының «Бірлестіктердің бостандығы және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы» №87 Конвенцияны қолдану бойынша ұсыныстары жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру қаралды.Отырысты ашу кезінде Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік әріптестіктің әрекет етуші моделі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті тең дәрежеде бөлуге негізделгендігіне ерекше назар аударды. Әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттердің бірі — әлеуметтік-еңбек дауларының алдын-алу. Сондықтан әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушылары өндірістік жарақаттануға, жалақының уақытылы төленбеуіне жол бермеу, өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жүргізілетін мониторингті күшейту мәселелерін және т.б. ерекше бақылауға алу қажет.«Бүгінгі басты міндет – еңбек дауларын болдырмау. Барлық әлеуметтік шиеленістер еңбек дауының нәтижесінде туындайды. Олардың себебі – жалақы бойынша берешектер, қысқартулар болып табылады. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін Республикалық жол картасы әзірленді. Өңірлерде осындай карталарды құру қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жұмысты жалғастыру керек», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.Г. Әбдіқалықова әлеуметтік әріптестіктің барлық нысандарын дамытуға, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындаудағы жауапкершілікті күшейтуге шақырды. Ол өңірлік деңгейде бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуі тиіс екендігін атап өтті.«Әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушыларына өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті мониторингілеу, жалақы бойынша берешектерді болдырмау, өндірістік жарақаттануды төмендету мәселелерін ерекше бақылауға алу қажет», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.Кәсіби қатерлерді басқарудың қазіргі жүйесін енгізу мақсатында 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2231 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау стандарттарын енгізді. 184,9 мың жұмыс беруші төмен жалақы алатын 963 мың жұмыскердің еңбекақысын өсірді. Соның нәтижесінде олардың жалақысы 33%-ға көтерілді (43 мыңнан 57,5 мың теңгеге дейін). Еліміз бойынша барлығы 98,7 мың ұжымдық келісімшарт жасалған, оның ішінде 95,1% ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық келісімшарттар бар.Одан кейін Абай қаласының Мәдениет үйінде ҚР Вице-премьері және жұмыс тобының мүшелері көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі жандармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, жұртшылық өкілдермен кездесу өткізді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде жаңа әлеуметтік саясаттың басымдығы халықтың аз қамтылған отбасыларының кірісін көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру және медицина қызметтерінің сапасын арттыру, аумақтарды кешенді дамыту екенін атап көрсетті. Осы ретте ол, басты міндет — адамдарды жұмыспен қамту екенін, ал әлеуметтік көмек объективті себептерге байланысты еңбек ете алмайтын адамдарға көрсетілетінін баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19672?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай КОММЮНИКЕ 11.04.2025
2017 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.Осы күні 1992 жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы ноталармен алмасу өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың тарихындағы жаңа кезеңді ашты. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Колумбия арасындағы қарым-қатынас игі серпінді көрсетіп, жаңа мазмұнмен ұлғаюда. Елдер екіжақты өзара ықпалдастықты теңдік пен өзара құрмет негізінде дамытуда.Қазақстан мен Колумбияның бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас, БҰҰ мен басқа көпжақты құрылымдар шеңберінде тығыз байланысты сақтай отырып, екі ел бірлесіп бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеуге ұмтылуда. Қазақстан Колумбия үкіметі мен Колумбия революциялық қарулы күштері – Халық әскері (ФАРК) арасында қол жеткізілген бітім келісімінің іске асырылуын қолдайды және атысты тоқтатуға бағытталған күш-жігер мен барлық колумбиялықтардың игілігі үшін баянды бейбітшілік орнатудағы қолғабысты жоғары бағалайды. Колумбия Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласындағы үлесін жоғары бағалайды.Колумбия Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде бейбітшілік мен қауіпсіздік салаларындағы халықаралық мәселелерді шешуге қосып жатқан үлесін жоғары бағалайды. Осы ретте, Колумбия бітім келісімін ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік беретін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын қабылдау аясында көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіреді.Қазақстан мен Колумбия сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға ұмтылуда. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін елдер 2012 жылдан бері өткізіліп жүрген саяси консультациялар тетігі арқылы диалогты белсенді сипатта нығайтуға ниеттенуде.Мәдени саладағы өзара ықпалдастықтың сәтті тәлімі ретінде 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына арналған алты айлық испан тілі курсының ұйымдастырылуы болып табылады. 2013 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Колумбияға бару үшін визалық талаптардан босатылған.Қазақстан мен Колумбия халықаралық қауіпсіздік пен есірткі саудасына қарсы күрес салаларында бірге қызмет істеп келеді. Тәжірибе алмасу уағдаластығы аясында 2013 және 2015 жылдары қазақстандық әлеуетті құрылымдар өкілдері Богота қаласына сапар шеккен, ал 2014 жылы колумбиялық әріптестер Астанға келген.Қазақстан мен Колумбия кең ауқымды мәселелер топтамасы бойынша өзара ықпалдастықты одан әрі арттыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға, екі ел халықтарының игілігі үшін одан да биік табыстарға жетіп, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тығыз ынтымақтасуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/19668?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қойды 11.04.2025
2019 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Ташкент қаласында бірқатар екіжақты үкіметаралық құжаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды. Қазақстан тарапынан Келісімге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, өзбек тарапынан Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев қол қойды.Келісімге қол қою еңбек көші-қоны процесстерін реттеу мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.Келісімдерге сәйкес, еңбекші көшіп-қонушылар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес демалу уақытына және басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.Сонымен қатар, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне кірмейтін медициналық қызметтер ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.Еңбекші көшіп-қонушылар үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі. Сонымен бірге, қабылдаушы мемлекеттің азаматтарына қарағанда жалақы мөлшері төмен және еңбек жағдайлары кем болмауы тиіс.Сонымен қатар, еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекші көшіп-қонушылар қайтыс болған немесе жарақат алған жағдайда, жұмыс беруші қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген төлемдер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19666?lang=kk
Еңбек министрлігі: депутат Мамраевтың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Е-Халық» жүйесінің жұмысындағы іркілістерге қатысты депутаттық сауалға түсініктеме берді.«Е-халық» жүйесі басқа мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграцияланбағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.Мекенжайлар, үйлер мен пәтерлердің нөмірі бойынша мәліметтердің болмау себебі интеграцияның болмауында емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар (сәулет және қала құрылысы басқармалары) құратын және өзектендіретін мекенжайлар тіркелімінде мәліметтердің болмауында.Отбасы құрамы туралы мәліметтер жергілікті атқарушы органдар (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері) құратын және өзектендіретін «Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ-нің автоматты режимінде ұсынылады. Мысалы, 2007 жылдың 13 тамызына дейін туылған балалар туралы мәлімет жоғарыда көрсетілген жүйеде жоқ.Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері толық ақпаратты қамтымайтынын назарға ала отырып, Министрлік АӘК көрсету қағидаларында жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдеу, сондай-ақ өтініш берушінің құжаттарды өз бетінше ұсыну құқығы көзделген.Бүгінгі күні «Е-Халық» АЖ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған:«Мекен-жай тіркелімі» АЖ«Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ;«Жеке тұлғалар» МДҚ;«ОААЖ» АІЖ (алименттер);«Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ (кәсіпкерлік қызмет туралы мәліметтер);«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ;Еңбекмині АЖ (әлеуметтік жәрдемақылар түріндегі кірістер, еңбекақы төлемдері).Ақпараттық ресурстармен интеграциялау оффлайн режимінде іске асырылады:Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы, жер учаскелері бойынша АШМ АЖ;Білім алушылар бойынша ҚР БҒМ АЖ;Әлеуметтік маңызы бар аурулар, жүкті әйелдер және емханаға бекіту бойынша ҚР ДСМ АЖ. Осылайша, депутаттық сауалда "Е-халық" АЖ жұмысында интеграциялаудың және іркілістің болмауына қатысты айтылған мысалдар мен дәлелдер дұрыс емес және дәрменсіз болып табылады.Бүгінгі күні жүйе толығымен жұмыс істейді, ол арқылы жұмыс тәртібінде өтініштерді қабылдау жүзеге асырылуда.Сонымен бірге Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында да, басқармалар мен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері арасында қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.  "111" тәулік бойы call-орталығы жұмыс істейді, ол бойынша АӘК тағайындау мәселелері бойынша консультациялар алуға болады, АӘК есептеудің онлайн-калькуляторы, әдістемелік құралдар әзірленді және таратылды, бірқатар баспасөз конференциялары мен сұхбаттары өткізілді. Барлық қажетті ақпарат халыққа БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жеткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19647?lang=kk
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ – ЖАСАМПАЗДАР МЕРЕКЕСІ 11.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов құрылыс саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Комитет төрағасы өз сөзінде құзыретті органның құрылыс саласындағы атқарған жұмыстарын, жеткен жетістіктері мен енгізілген жаңалықтарын айтты.  Құрылыс қызметін жетілдіру үшін «5 институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 4 бағыт қарастырылған.Бүгінгі таңда бұл бағыттар бойынша:  - рұқсат алу процесі оңтайландырылды: сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы 40-тан 6 жұмыс күніне дейін, эскиздік жобаны келісу 60-тан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды; - жобаларға сараптама жүргізу кезең-кезеңімен мемлекеттік монополиядан алынып, жоба сараптамасының 60%-ы бәсекелестік ортаға берілді;- құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісі енгізілді;- ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орынына Еурокод жүйесі енгізілуде.Мархабат Жайымбетов атап өткендей, «Бұл енгізіліп жатқан жаңалықтар оң нәтиже беруде. Бұған соңғы 3 жылда еліміздің позициясы 130 орынға жақсарғанын көрсететін Дүниежүзілік Банктің қорытынды рейтингі дәлел бола алады. Сонымен қатар, еліміз «құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша Doing Business рейтингінде 22 орынға ие болды. (жалпы рейтингте 35 орын)».Мемлекет соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге 1,3 трлн. теңге бөлді. 2012 жылдан бері 40,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, 348,8 мың отбасы баспаналы болды.Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, 6,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 53,0 мың отбасы баспаналы болды.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты ардагерлер мен құрылыс саласының үздік қызметкерлері  «Еңбек ардагері» медалімен,  «Құрметті құрылысшы»,  «Құрметті сәулетші»,  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгілерімен,  министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19636?lang=kk
Еңбек министрлігінде депутаттарға МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері көрсетілді 11.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісі жұмыс тобының отырысы өткізілді.Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің, «Ауыл» ХДП, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығының, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ), Еңбек ресурстарын дамыту орталығының және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттарына заң жобалары бойынша ұсынылған түзетулер қаралды және осы заң жобалары бойынша енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері таныстырылды.Заң жобаларын қабылдаудың мақсаты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту; халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыру болып табылады.Заң жобаларын қабылдау нәтижесінде МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер кемінде 30% - ғы өседі. Бұл азаматтардың ресми жұмыспен қамтылуға мүдделілігін арттырады, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттырады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуды ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19628?lang=kk
Әлеуметтік әріптестік: Г. Әбдіқалықова Шымкент қаласының активімен, бизнес және кәсіподақтардың өкілдерімен кеңес өткізді 11.04.2025
Вице-премьер бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралау аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттермен кездесу өткізді, онда мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары, сондай-ақ Жастар жылы аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Г. Әбдіқалықова «Оңтүстік» АЭА-да жаңа технологиялар негізінде шұлық-ұйық, кілем бұйымдарын және аяқ-киім шығаратын «Әлем БТ» ЖШС, «LuxShoes» БК, «Бал текстиль» өндірістік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.1 сәуірдегі жағдай бойынша АЭА аумағында жалпы сомасы 29,5 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылып, 1396 жұмыс орны ашылды, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін — 1227.Вице-премьер «Қайнар» бизнес орталығында аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Іс-шарада Г. Әбдіқалықова Елбасының сөзінен еліміздің әлеуметтік-бағдарлы мемлекет ретінде дамуы басымдыққа ие екенін атап өтті. Әлеуметтік масылдыққа жол беруге болмайды. Ол бизнес-қоғамдастықтарды аз қамтылған жұмысшыларға белсенді көмек көрсетуге, жергілікті жерде олардың өзекті мәселелерін шешуге шақырды.Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін, олардың әлеуметтенуін, қоршаған ортаға бейімделуін ескере отырып, рухани-танымдық, емдеу-түзету жұмыстарын жүргізу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жыл сайын 300 адам оңалту қызметін алады.Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова «Самғау сенім» орталығында болды, онда қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда, бұл жерден 227 адам арнайы әлеуметтік қызмет алды.Вице-премьер қалалық Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. Жыл басынан мекеме 5810 азаматқа қызмет көрсеткен. 2437 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бүгінде 5430 бос жұмыс орны бар.Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары аз қамтамасыз етілген отбасыға барып, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, оларды қызықтыратын әлеуметтік сипаттағы сұрақтарға жауап берді.Жұмыс сапары азаматтарды жеке қабылдау мен аяқталды. Онда 5 кішкентай баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Ә. Маманазарованың тұрғын үй мәселесі шешілді. Мамыр айында ол көптен күткен пәтерге ие болады.Жұмыс сапары Жамбыл облысында жалғасады.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19620?lang=kk