Enbekshi QazaQ

Қоғам

Б. Сапарбаев: басты міндет – еңбек дауларына жол бермеу 11.04.2025
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Республикалық үшжақты комиссия отырысын өткізді. Оған комиссия мүшелері, қала және аудан әкімдері, «Атамекен» ҰКП, ірі компаниялардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Отырыста әлеуметтік-еңбек қатынастары, әлеуметтік әріптестік, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, Халықаралық еңбек ұйымының «Бірлестіктердің бостандығы және кәсіподақтарға бірігу құқығын қорғау туралы» №87 Конвенцияны қолдану бойынша ұсыныстары жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру қаралды.Отырысты ашу кезінде Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік әріптестіктің әрекет етуші моделі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті тең дәрежеде бөлуге негізделгендігіне ерекше назар аударды. Әлеуметтік әріптестік саласындағы негізгі міндеттердің бірі — әлеуметтік-еңбек дауларының алдын-алу. Сондықтан әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушылары өндірістік жарақаттануға, жалақының уақытылы төленбеуіне жол бермеу, өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жүргізілетін мониторингті күшейту мәселелерін және т.б. ерекше бақылауға алу қажет.«Бүгінгі басты міндет – еңбек дауларын болдырмау. Барлық әлеуметтік шиеленістер еңбек дауының нәтижесінде туындайды. Олардың себебі – жалақы бойынша берешектер, қысқартулар болып табылады. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін Республикалық жол картасы әзірленді. Өңірлерде осындай карталарды құру қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жұмысты жалғастыру керек», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.Г. Әбдіқалықова әлеуметтік әріптестіктің барлық нысандарын дамытуға, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар бойынша міндеттемелерді орындаудағы жауапкершілікті күшейтуге шақырды. Ол өңірлік деңгейде бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізілуі тиіс екендігін атап өтті.«Әлеуметтік әріптестіктің барлық қатысушыларына өңірлердегі әлеуметтік шиеленісті мониторингілеу, жалақы бойынша берешектерді болдырмау, өндірістік жарақаттануды төмендету мәселелерін ерекше бақылауға алу қажет», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.Кәсіби қатерлерді басқарудың қазіргі жүйесін енгізу мақсатында 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2231 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау стандарттарын енгізді. 184,9 мың жұмыс беруші төмен жалақы алатын 963 мың жұмыскердің еңбекақысын өсірді. Соның нәтижесінде олардың жалақысы 33%-ға көтерілді (43 мыңнан 57,5 мың теңгеге дейін). Еліміз бойынша барлығы 98,7 мың ұжымдық келісімшарт жасалған, оның ішінде 95,1% ірі және орта кәсіпорындарда ұжымдық келісімшарттар бар.Одан кейін Абай қаласының Мәдениет үйінде ҚР Вице-премьері және жұмыс тобының мүшелері көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі жандармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, жұртшылық өкілдермен кездесу өткізді.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде жаңа әлеуметтік саясаттың басымдығы халықтың аз қамтылған отбасыларының кірісін көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру және медицина қызметтерінің сапасын арттыру, аумақтарды кешенді дамыту екенін атап көрсетті. Осы ретте ол, басты міндет — адамдарды жұмыспен қамту екенін, ал әлеуметтік көмек объективті себептерге байланысты еңбек ете алмайтын адамдарға көрсетілетінін баса айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19672?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығына орай КОММЮНИКЕ 11.04.2025
2017 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді.Осы күні 1992 жылы екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы ноталармен алмасу өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың тарихындағы жаңа кезеңді ашты. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Колумбия арасындағы қарым-қатынас игі серпінді көрсетіп, жаңа мазмұнмен ұлғаюда. Елдер екіжақты өзара ықпалдастықты теңдік пен өзара құрмет негізінде дамытуда.Қазақстан мен Колумбияның бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас, БҰҰ мен басқа көпжақты құрылымдар шеңберінде тығыз байланысты сақтай отырып, екі ел бірлесіп бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеуге ұмтылуда. Қазақстан Колумбия үкіметі мен Колумбия революциялық қарулы күштері – Халық әскері (ФАРК) арасында қол жеткізілген бітім келісімінің іске асырылуын қолдайды және атысты тоқтатуға бағытталған күш-жігер мен барлық колумбиялықтардың игілігі үшін баянды бейбітшілік орнатудағы қолғабысты жоғары бағалайды. Колумбия Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласындағы үлесін жоғары бағалайды.Колумбия Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде бейбітшілік мен қауіпсіздік салаларындағы халықаралық мәселелерді шешуге қосып жатқан үлесін жоғары бағалайды. Осы ретте, Колумбия бітім келісімін ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік беретін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын қабылдау аясында көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіреді.Қазақстан мен Колумбия сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға ұмтылуда. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін елдер 2012 жылдан бері өткізіліп жүрген саяси консультациялар тетігі арқылы диалогты белсенді сипатта нығайтуға ниеттенуде.Мәдени саладағы өзара ықпалдастықтың сәтті тәлімі ретінде 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына арналған алты айлық испан тілі курсының ұйымдастырылуы болып табылады. 2013 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Колумбияға бару үшін визалық талаптардан босатылған.Қазақстан мен Колумбия халықаралық қауіпсіздік пен есірткі саудасына қарсы күрес салаларында бірге қызмет істеп келеді. Тәжірибе алмасу уағдаластығы аясында 2013 және 2015 жылдары қазақстандық әлеуетті құрылымдар өкілдері Богота қаласына сапар шеккен, ал 2014 жылы колумбиялық әріптестер Астанға келген.Қазақстан мен Колумбия кең ауқымды мәселелер топтамасы бойынша өзара ықпалдастықты одан әрі арттыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға, екі ел халықтарының игілігі үшін одан да биік табыстарға жетіп, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тығыз ынтымақтасуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/19668?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қойды 11.04.2025
2019 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Ташкент қаласында бірқатар екіжақты үкіметаралық құжаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды. Қазақстан тарапынан Келісімге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, өзбек тарапынан Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Кудбиев қол қойды.Келісімге қол қою еңбек көші-қоны процесстерін реттеу мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.Келісімдерге сәйкес, еңбекші көшіп-қонушылар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес демалу уақытына және басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы.Сонымен қатар, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне кірмейтін медициналық қызметтер ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.Еңбекші көшіп-қонушылар үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі. Сонымен бірге, қабылдаушы мемлекеттің азаматтарына қарағанда жалақы мөлшері төмен және еңбек жағдайлары кем болмауы тиіс.Сонымен қатар, еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекші көшіп-қонушылар қайтыс болған немесе жарақат алған жағдайда, жұмыс беруші қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген төлемдер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19666?lang=kk
Еңбек министрлігі: депутат Мамраевтың мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Е-Халық» жүйесінің жұмысындағы іркілістерге қатысты депутаттық сауалға түсініктеме берді.«Е-халық» жүйесі басқа мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграцияланбағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.Мекенжайлар, үйлер мен пәтерлердің нөмірі бойынша мәліметтердің болмау себебі интеграцияның болмауында емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар (сәулет және қала құрылысы басқармалары) құратын және өзектендіретін мекенжайлар тіркелімінде мәліметтердің болмауында.Отбасы құрамы туралы мәліметтер жергілікті атқарушы органдар (азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері) құратын және өзектендіретін «Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ-нің автоматты режимінде ұсынылады. Мысалы, 2007 жылдың 13 тамызына дейін туылған балалар туралы мәлімет жоғарыда көрсетілген жүйеде жоқ.Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері толық ақпаратты қамтымайтынын назарға ала отырып, Министрлік АӘК көрсету қағидаларында жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдеу, сондай-ақ өтініш берушінің құжаттарды өз бетінше ұсыну құқығы көзделген.Бүгінгі күні «Е-Халық» АЖ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған:«Мекен-жай тіркелімі» АЖ«Азаматтық хал актілерін тіркеу» АЖ;«Жеке тұлғалар» МДҚ;«ОААЖ» АІЖ (алименттер);«Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ (кәсіпкерлік қызмет туралы мәліметтер);«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ;Еңбекмині АЖ (әлеуметтік жәрдемақылар түріндегі кірістер, еңбекақы төлемдері).Ақпараттық ресурстармен интеграциялау оффлайн режимінде іске асырылады:Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы техникасы, жер учаскелері бойынша АШМ АЖ;Білім алушылар бойынша ҚР БҒМ АЖ;Әлеуметтік маңызы бар аурулар, жүкті әйелдер және емханаға бекіту бойынша ҚР ДСМ АЖ. Осылайша, депутаттық сауалда "Е-халық" АЖ жұмысында интеграциялаудың және іркілістің болмауына қатысты айтылған мысалдар мен дәлелдер дұрыс емес және дәрменсіз болып табылады.Бүгінгі күні жүйе толығымен жұмыс істейді, ол арқылы жұмыс тәртібінде өтініштерді қабылдау жүзеге асырылуда.Сонымен бірге Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында да, басқармалар мен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері арасында қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.  "111" тәулік бойы call-орталығы жұмыс істейді, ол бойынша АӘК тағайындау мәселелері бойынша консультациялар алуға болады, АӘК есептеудің онлайн-калькуляторы, әдістемелік құралдар әзірленді және таратылды, бірқатар баспасөз конференциялары мен сұхбаттары өткізілді. Барлық қажетті ақпарат халыққа БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жеткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19647?lang=kk
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ – ЖАСАМПАЗДАР МЕРЕКЕСІ 11.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов құрылыс саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Комитет төрағасы өз сөзінде құзыретті органның құрылыс саласындағы атқарған жұмыстарын, жеткен жетістіктері мен енгізілген жаңалықтарын айтты.  Құрылыс қызметін жетілдіру үшін «5 институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 4 бағыт қарастырылған.Бүгінгі таңда бұл бағыттар бойынша:  - рұқсат алу процесі оңтайландырылды: сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы 40-тан 6 жұмыс күніне дейін, эскиздік жобаны келісу 60-тан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды; - жобаларға сараптама жүргізу кезең-кезеңімен мемлекеттік монополиядан алынып, жоба сараптамасының 60%-ы бәсекелестік ортаға берілді;- құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісі енгізілді;- ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орынына Еурокод жүйесі енгізілуде.Мархабат Жайымбетов атап өткендей, «Бұл енгізіліп жатқан жаңалықтар оң нәтиже беруде. Бұған соңғы 3 жылда еліміздің позициясы 130 орынға жақсарғанын көрсететін Дүниежүзілік Банктің қорытынды рейтингі дәлел бола алады. Сонымен қатар, еліміз «құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша Doing Business рейтингінде 22 орынға ие болды. (жалпы рейтингте 35 орын)».Мемлекет соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге 1,3 трлн. теңге бөлді. 2012 жылдан бері 40,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, 348,8 мың отбасы баспаналы болды.Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, 6,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 53,0 мың отбасы баспаналы болды.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты ардагерлер мен құрылыс саласының үздік қызметкерлері  «Еңбек ардагері» медалімен,  «Құрметті құрылысшы»,  «Құрметті сәулетші»,  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгілерімен,  министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19636?lang=kk
Еңбек министрлігінде депутаттарға МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері көрсетілді 11.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісі жұмыс тобының отырысы өткізілді.Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің, «Ауыл» ХДП, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығының, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ), Еңбек ресурстарын дамыту орталығының және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттарына заң жобалары бойынша ұсынылған түзетулер қаралды және осы заң жобалары бойынша енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері таныстырылды.Заң жобаларын қабылдаудың мақсаты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту; халықтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын ынталандыру болып табылады.Заң жобаларын қабылдау нәтижесінде МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлемдер кемінде 30% - ғы өседі. Бұл азаматтардың ресми жұмыспен қамтылуға мүдделілігін арттырады, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттырады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуды ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19628?lang=kk
Әлеуметтік әріптестік: Г. Әбдіқалықова Шымкент қаласының активімен, бизнес және кәсіподақтардың өкілдерімен кеңес өткізді 11.04.2025
Вице-премьер бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралау аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттермен кездесу өткізді, онда мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары, сондай-ақ Жастар жылы аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.Г. Әбдіқалықова «Оңтүстік» АЭА-да жаңа технологиялар негізінде шұлық-ұйық, кілем бұйымдарын және аяқ-киім шығаратын «Әлем БТ» ЖШС, «LuxShoes» БК, «Бал текстиль» өндірістік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.1 сәуірдегі жағдай бойынша АЭА аумағында жалпы сомасы 29,5 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылып, 1396 жұмыс орны ашылды, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін — 1227.Вице-премьер «Қайнар» бизнес орталығында аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың және кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Іс-шарада Г. Әбдіқалықова Елбасының сөзінен еліміздің әлеуметтік-бағдарлы мемлекет ретінде дамуы басымдыққа ие екенін атап өтті. Әлеуметтік масылдыққа жол беруге болмайды. Ол бизнес-қоғамдастықтарды аз қамтылған жұмысшыларға белсенді көмек көрсетуге, жергілікті жерде олардың өзекті мәселелерін шешуге шақырды.Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Мұнда қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін, олардың әлеуметтенуін, қоршаған ортаға бейімделуін ескере отырып, рухани-танымдық, емдеу-түзету жұмыстарын жүргізу арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Жыл сайын 300 адам оңалту қызметін алады.Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова «Самғау сенім» орталығында болды, онда қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда, бұл жерден 227 адам арнайы әлеуметтік қызмет алды.Вице-премьер қалалық Жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексерді. Жыл басынан мекеме 5810 азаматқа қызмет көрсеткен. 2437 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Бүгінде 5430 бос жұмыс орны бар.Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары аз қамтамасыз етілген отбасыға барып, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, оларды қызықтыратын әлеуметтік сипаттағы сұрақтарға жауап берді.Жұмыс сапары азаматтарды жеке қабылдау мен аяқталды. Онда 5 кішкентай баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Ә. Маманазарованың тұрғын үй мәселесі шешілді. Мамыр айында ол көптен күткен пәтерге ие болады.Жұмыс сапары Жамбыл облысында жалғасады.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19620?lang=kk
Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігінің басшысы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 11.04.2025
Сейсенбі, 2 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитныймен кездесті.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың келешегін талқылады және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Халықаралық ұйым басшысын қарсы алғаннан кейін Бердібек Сапарбаев ЮНИСЕФ-тің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.«Біз Министрліктің балалы отбасыларға мемлекеттік көмек көрсету шараларын күшейту жөніндегі қызметін қолдаймыз, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті жаңғырту жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Бұл біздің ортақ басымдылығымыз», - деді Ю. Оксамитный.ЮНИСЕФ өкілі балаларға әлеуметтік қолдау жүйесін кешенді дамытуды көздейтін стратегиялық бағдарламалық құжат әзірлеуді ұсынды.«Біздің тарапымыздан, әсіресе стратегиялық құжатты әзірлеуге қатысты қолдау көрсетілетін болады. Біз қазақстандықтардың, оның ішінде балалар мен көп балалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша Елбасының тапсырмасы аясында өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді Б. Сапарбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19544?lang=kk
АККРИДЕТТЕУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 11.04.2025
Аккридеттеу – орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзырын ресми танитын рәсім. Бәріміз білетіндей, бұл халықтық өнімді қолданғанда қауіпсіз болуы қажет, жеңіл өнім не электрожабдық тауарлары болсада. Өнімнің қауіпсіздігі негізгі техникалық уақыт тәртібімен межеленеді. Егер өнім дұрыс болмаса сатуға жол берілмейді. Егер өнім сәйкестігін бағалау рәсімінен өтпесе, онда өнімнің сәйкестігін  тану аккридеттеу туралы органның шешімімен бекітіледі.«Сәйкестікті бағалау аясындағы аккридеттеу туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, заңды тұлғаларға талаптардың орындалуын сәйкестікті растайтын органдар қадағалайды.  Бақылау өлшемдерін сақтау мақсатында аккридеттеу жөніндегі орган, инспекциялық тексеру, бақылау қызметіне қатысты аккридеттеу өткізеді. Егер жоғарғы дәрежеде болса, бағалау критерилеріне сәйкес шағым болған жағдайда аккридеттеу субъектісіне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізіледі.Акридеттеу субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылау – Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттерімен жүргізіледі.Тексеріс парағына сәйкес  акридеттеу субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылауда, аттестациялық  тексеріс, берілген сертификаттың сәйкестігі туралы мәліметтер, нормативті құжаттың жабдықталуы тексеріледі, техникалық регламент қауіпсіздік көрсеткішінің орнатылғандығы тексерледі. Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккридеттелген күннен кейін жүргізіледі.Бұзушылықтар орын алған жағдайдасәйкестікті растау органдары және сарапшы-аудиторлар міндетті сәйкестікті растау ережелерін бұзғаны үшін және заңсыз берілген сәйкстік сертификаттары мен сәйкестік декларациялары үшін аккредиттеу аттестатын алты айға тоқтата отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады..Аккредиттеу субъектісінің заңсыз қызметі туралы ақпарат бар болған жағдайда техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментіне хабарласу қажет. Департамен өз кезегінде өтінішіңізді егжей –тегжей қарап, жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесін хабарлайтын болады.Мұқыжанов Ғалым Ғабдуллаұлы - техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы. Баспосөз бөлімі87172 750507Email: ktrmmir@mail.ruwww.memst.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19542?lang=kk
Жаңа жылға дайынбыз 11.04.2025
Тыңдарман қауымға мерекелік кештің қызықты да мәнерлі бағдарламасын вокалистер – «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Елена Ганжа, Татьяна Вицинская, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, Ерұлан Кәмел, Нұрлан Шауаханов, Мағжан Аманжолов, Гүлсара Жазитова, Нұрсұлтан Шатырханұлы, Жанна Тышқанова, сонымен қатар аспапшы музыканттар – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова (скрипка), халықаралық байқаулардың лауреаттары Балжан Сапарова (флейта), Асқар Мұқанов (виолончель), Раушан Бескемпірова, Жанар Ахметова, Данияр Есімханов (фортепиано) ұсынады.Тыңдаушы назарына түрлі стильдер мен бағыттардағы композиторлардың танымал вокалдық әрі аспаптық туындылары ұсынылады. Й.Гайднның фортепианолық триосы до мажор және Дж.Энескудің флейта мен фортепианоға арналған «Cantabile et presto» аспаптық шығармалары алғаш рет орындалатын болады. Бұдан бөлек, Э.Гранадос – Г. Кассадоның Интермеццо, К.Сен-Санстың «Аққу», Ф.Крейслердің «Махаббат азабы», «Керемет розмарин», Ф.Шопеннің № 2 скерцо си-бемоль минор туындысы шырқалады.В.Беллинидің «Сомнамбула» операсынан граф Родольфоның ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариясы және Ж.Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильоның ариясы, Ш.Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның вальсі, Ф.Легардың «Веселая вдова» опереттасынан Ганна мен Данилоның дуэті, «Страна улыбок» опереттасынан ханзада Су-Чонгтың ариясы, К.Дебюссидің «Чудесный вечер», И.Штраустың «Весенние голоса», Л.Ардитидің «Поцелуй», Д.Обердің «Взрыв смеха» және т.б. вокалдық музыка жауһарлары кештің көркін аша түспек.Концертті жүргізуші – Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/19525?lang=kk
«КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ» 11.04.2025
2017 жылдың 21 тамызында Қызылорда қаласында 061 бюджеттік бағдарламасы аясында, «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбындағы Аймақтық оқыту семинары өтті.Семинар ұйымдастырушылары: «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» ММ және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.Аймақтық (салалық) семинардың мақсаты: 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шара жоспары, Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарын жүзеге асыру болып табылады.Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік басқару өкілдерінің арасында менеджмент жүйесіндегі мемлекеттік саясатты насихаттау, техникалық реттеу және менеджмент жүйесі салалары мамандарының білім дәрежесін арттыру.Кіріспе сөзбен семинарды «Техникалық реттеу және метрология Комитеті»  Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы  Кеулімжаев Ерқанат Бозқұланұлы, Қызылорда облысы бойынша Кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы Танатова Гульдана Яхиевна және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының құзіреттілікті көтеру бағдарламалары бойынша бас менеджері Қожаниязова Анар ашты.Семинардың баяндамашысы: «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры, менеджмент жүйелері бойынша эксперт-аудитор Бейсеев Сәкен Ануарбекович.Семинарда төмендегі сұрақтар қаралды:-  ISO 31000 «Тәуекелдік менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулары». Тәуекелдікті басқару үрдісі және құрылымы. Тәуекелдікті басқару инфраструктурасы. Тәуекелдікті басқару бойынша саясатты бекіту. Мониторинг және бақылау;- ISO/TR 31004:2013 «Тәуекелдік менеджменті. ISO 31000 енгізу бойынша нұсқаулық». Құрылымдық тәсіл. ISO 31000 базалық концепциялары. ISO 31000 принциптері бойынша қосымша нұсқаулық. Тәуекелдікті бақылау негіздері; - ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулық». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін дайындау және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. Бақылау құралдарын бағалау критерийлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесіне қызмет көрсету және оны жақсарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды басқару жүйесін дайындау және енгізу. Ұйымның контекстін анықтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат.Семинарға мекемелер өкілдері, аккредиттелген СРБ мамандары, СО/СЗ өкілдері, кәсіпкерлер/өндірушілер өкілдері – сапа жөніндегі мамандар, орта буын және жоғары буын басшылары, аудиторлар және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.Осы өткізілген іс-шараны жариялау, сонымен қатар отандық кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізуді насихаттау мақсатында қоғамдық-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Аймақтық (салалық) семинар өткізудің қорытынды мақсаты - Менеджмент жүйесін енгізген және халықаралық стандарттарға сәйкес сертификатталған мекемелер, отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындар санын арттыру болып табылады. Менеджмент жүйесін енгізіп онымен жұмыс жасау арқылы, мекемелер, отандық ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындары, бірыңғай Экономикалық кеңістікте, Қазақстандық бизнес ортасында өзіндік орнын табуға мүмкіндік береді.Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19503?lang=kk
Аудан әкімі жастармен кездесті 11.04.2025
Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Жастар – барлық өзгерістің бастауы» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Кездесу барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек, сөз алып, ауданымызда жастарды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен өткен жылы «Руханият» орталығы бой көтеріп, аудандық Жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұл – облыс әкімінің жастарға деген қолдауының айқын көрінісі. Жастардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарында дене-шынықтыру кешендері мен заманауи 5 спорт алаңы салынып, соңғы үш жылда 17 алаң пайдалануға берілді. 2025 жылы Жосалы, Төретам, ІІІ Интернационал ауылдарында 4 жаңа алаң салу жоспарлануда. 2024 жылы аудан спортшылары Қазақстан мен әлем чемпионаттарында 23 алтын, 14 күміс, 26 қола медаль жеңіп алды. Білім беру саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. 2023-2024 оқу жылында 15 218 оқушы білім алып, 686 түлектің 94,6%-ы ҰБТ-ға қатысып, ауданымыз облыста үздік нәтиже көрсетті. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 237 адам жоспарланып, 218 жас маман 101 мекемеде жұмыс істеді, 17 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 55 маманға 20,3 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, 62 маманға тұрғын үй алуға көмек берілді. 2024 жылы өңірлік кадрлық резервке 25 үміткер қабылданып, жерлесіміз Серікболсын Маденов Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды. «Білім берудегі өзгеріс – 1000 көшбасшы» бағдарламасы аясында 6 жас маман алынып, 4-еуі басшылық лауазымдарға тағайындалды, –деді аудан әкімі. Шара барысында «Білім берудегі өзгеріс: 1000 көшбасшы» кадрлық резерві аясында №186 мектеп директоры қызметіне тағайындалған Ғалымжан Бауыржанұлы Кәрібаев сөз алып, білім саласындағы реформалар мен жаңа бастамалар жөнінде ой бөлісті.Сонымен қатар, ауданның мәдени өміріне белсене атсалысып жүрген Жыраулар үйінің үйірме жетекшісі, белгілі жырау Бүркітбай Ақсұңқар ұлттық өнердің маңызы туралы сөз сөйледі. Білім мен ғылым жолында жетістіктерге жетіп жүрген Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің президенті, белсенді жас, үздік оқушы Орынбасар Ердәулет жаңа шығармашылық туындысының алғашқы басылымын аудан әкіміне табыстады.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай белсенді жас, №108 мектептің химия пәнінің мұғалімі Гүлнәр Мұратқызы Искендирова мерейтойдың маңызы мен ел бірлігіне қосқан үлесі жайында ой өрбітті. Кездесу соңында аудан әкімі белсенді жастарды марапаттап, оларға жаңа бастамаларында сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/969297?lang=kk
Ақмола облысында 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу мәселесі қаралды 11.04.2025
2019 жылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласында аудан әкімдерінің және әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасарларының, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында қаралды.Бүгін, 28 наурызда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г. Н. Әбдіқалықованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саланың бірінші басшылары құрамындағы жұмыс тобының сапары шеңберінде Ақмола облысының Көкшетау қаласында "Nur Otan"партиясының XVIII съезінде айтылған жаңа әлеуметтік шараларды орындау мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтқанда, жұмыс тобының бағдарламасына көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалына бару, "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы кеңес, Халықты жұмыспен қамту орталығына бару, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша кеңес, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, әлеуметтік әріптестікті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелері бойынша өңір активімен кездесу қамтылды.Бұл ретте жұмыс сапарының маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырыс болды, онда табысы төмен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыру, табысы төмен азаматтарға қатысты ең өзекті мәселелерді шешу және бірінші кезекте қаралуды талап ететін мәселелер талқыланды.«Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде азаматтарға лайықты өмір сүру деңгейін және әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету басты басымдық екенін атап өтті. Осыған байланысты біздің басты күш-жігеріміз бірінші бағыт бойынша жаңа әлеуметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған - табыстарды арттыру және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау», - деді Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының және ауылдық округ әкімдерінің алдында сөйлеген сөзінде.Сондай-ақ сол күні Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады, оның барысында Ақмола облысы тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19448?lang=kk
2019 жылғы 1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 10 сұрақ 11.04.2025
Атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Төменде біз жиі қойылатын 10 сұрақ пен олардың жауаптарын келтірдік.1) Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады? Қай жерге жүгіну қажет?Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.Егер отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.2) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет?Өтініш беру  және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес.3) Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе?Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз. 4) АӘК алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша прописка болу қажет пе?Ия, қажет. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша прописка болу қажет.5) Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қаралады ма?Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады.Алайда, Министрлік  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізуде.Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар,ата,әже, немерелер есепке алынады.6) Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс? Және жәрдемақының мөлшері қандай?Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы20 789  теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық.Ай сайынғы табысы:1) Әкесінің жалақысы – 150 000 тг. құрайды;2) Көп балалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 10 504 тг;3) «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы – 16 160 тг.Отбасының ай сайынғы табысы – 176 664 теңге.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы алып тасталды. Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі: 150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг. Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді.Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг.Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. – 18 750 тг. =2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг.АӘК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг.Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 тг. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 тг. болады.7) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алынады ма?Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда  ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан  түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.8) 1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:1. 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы;3. баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы;4. студенттердің стипендиясы;5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.9) Көп балалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар? Олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан ала алады? «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар:- көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын;- тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.Бұдан басқа, Министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.10) Қандай жастағы балалар АӘК ала алады?Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19441?lang=kk
Еңбекминінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін талқылады 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табыстарды арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі салалық жұмыс тобының отырысында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын салу мәселелері талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов, мүдделі мемлекеттік органдардың және ҮЕҰ басшылары, сарапшылар мен қоғам белсенділерінен құралған бастамашыл топтардың өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан шараларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін аз қамтылған санаттағы азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу тәртібіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ "Алтын алқа" иегерлері үшін тұрғын үйге жеке кезек құру қажеттігін талқылады.Ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев бастамашыл топ айтқан барлық ұсыныстарды мемлекеттік органдар заңда белгіленген тәртіппен қарастыратынын атап өтті.«Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұқият зерттейтін болады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша біз сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз», - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметі жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі республикалық жұмыс тобының, соның ішінде көп балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс органы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19422?lang=kk
«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында әлеуметтік мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады 11.04.2025
18 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім министрлері, денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ Астана қаласының әкімі көпбалалы отбасылармен кездесті.Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30% -ға дейін ұлғайтылатынын хабарлады.«Бұл тікелей денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам мемлекеттік қызметшілерге тікелей әсер етеді. Олар – бірден сегізге дейінгі разрядтағы қосалқы қызметкерлер (техникалық), әкімшілік және негізгі кадрлардағы жұмысшылар», - деді Бердібек Сапарбаев.Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының аз қамтылған отбасыларға, табысы төмен көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді кеңейту туралы тапсырмасының орындалуы туралы әңгімеледі. «Біз атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін жетілдіріп жатырмыз. Атап айтқанда, жәрдемақыны беру критерийі адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50% -дан 70% -ға дейін, яғни ағымдағы жылы 14 849-дан 20 789 теңгеге дейін артады. Бұдан басқа, табысы төмен отбасының әр баласы үшін ай сайын күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 70% (20 789 теңге) мөлшерінде кепілді көмек төленеді. Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК мөлшері бұрынғыдай есептеледі», - деп қорытындылады министр Бердібек Сапарбаев.Ведомство басшысы ана мен төрт баланы қамтитын, жұмысынан табыс таппаған нақты отбасының үлгісіндегі өзгерістерді түсіндіріп, көп балалы отбасыларға 10 504 теңге (1.01.2018 дейін тағайындалса) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатынын айтты. «Бұл отбасы үшін жаңа критерийлерді ескере отырып, тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек 103 945 теңгені құрайды немесе 63% -ға артып, қазіргі жүйе бойынша салыстырғанда - 63 741 теңге», - деп түсіндірді министр.Кездесуге келген көпбалалы аналар тұрғын үй алу, сондай-ақ АӘК-ті алуға тіркеуге тұру мәселелері  бойынша қызығушылық танытты.Еңбекминінің басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналарға арналған мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекке қою мәселесін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Екінші сұраққа қатысты, ҚР Ішкі істер министрлігі оны шешу үшін қажетті шараларды қабылдайтыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19415?lang=kk
Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 63-сессиясына қатысты 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 11-22 наурыз аралығында Нью-Йорк қаласында  Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссияның 63-сессиясы өтіп жатыр, оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваның жетекшілігіндегі қазақстандық делегациясы қатысты.БҰҰ-ның Бас хатшысы, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан 63-сессия «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін әлеуметтік қорғау жүйесі, мемлекет көрсететін қызметтерге қолжетімділік және тұрақты инфрақұрылым» тақырыбына арналған. Cессия алаңында спикерлер мен қатысушылар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және  әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар мен интерактивті диалогтар өткізуге мүмкіндігіне ие.Ағымдағы жылғы 15 наурызда 63-сессиясы шеңберінде бірінші рет Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтері Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік офисімен бірлесіп «Ешкім ұмытылмауға тиіс: Орталық Азияда елдеріндегі әлеуметтік қорғау» тақырыбында сайд-ивент (қосымша іс-шара) ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Орталық Азия өңіріндегі елдерде гендерлік теңдікті дамытуда және әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде өзекті және маңызды болып табылады. Сайд-ивенттің модераторы, Қазақстан өкілі Еңбек министрлігінің Жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиева болды.А.Д. Құрманғалиева сөз сөйлеуінде қатысушылар мен қонақтарды Қазақстанның гендерлік теңдікке жету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, мемлекет көрсететін қызметтерге қолжетімділік саласында жетістіктерімен таныстырды. Қазақстанның негізгі халықаралық құжаттарды:  БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (CEDAW), Бейжің декларациясын және іс-әрекеттер платформасын ратификациялағаны және Тұрақты даму мақсаттарына қосылғаны, сондай-ақ елімізде берік институционалдық негіз қаланғаны және қазақстандық әйелдердің саяси, экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейіп келетіні атап өтілді. Қазақстан 2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік рейтингінде әлемнің 144 елінің арасында 52 орынға ие, «Әйелдердің жұмыс күшіне қатысуы» индикаторы бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 30 көшбасшы елдің қатарына  кіреді.Өз кезегінде Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Омурбекова, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Т.К.Нарбаева, БҰҰ жанындағы Тәжікстанның және Түрікменстанның Тұрақты өкілдіктерінің өкілдері өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.Сайд-ивент барысында қатысушылар қазіргі әлемдегі әйелдердің рөлі мен маңызы туралы конструктивті диалог жүргізді, сондай-ақ өңірдегі әйелдер мен қыздардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін басым мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде концептуалды көзқарастар мен ұсынымдар берді.63-сессияның қорытындысы бойынша Келісілген қорытындылар қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19405?lang=kk
Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылау үшін кездесті 11.04.2025
Кездесуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсiпкерлiк субъектiлер қауымдастығы, Республикалық нотариаттық палата, Республикалық адвокаттар алқасы, заңгерлерінің одағы, Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық, салық төлеушілер қауымдастығы және де басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар аталған заң жобасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізді. Заң жобасын қазіргі уақытта Әділет министрлігі Жоғары Сотпен бірлесіп әзірлеуде.Аталған заң жобасы әкімшілік орган мен азамат арасында туындайтын мемлекеттік басқару саласындағы жариялы-құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/19334?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдар да болашақ мамандыққа оқыта алады 11.04.2025
19 жасар Әмір Сүлейменов – ISIT ақпараттық технологиялар халықаралық мектебінің негізін қалаушы. Жоба авторы жол-көлік апатынан соң, төсекке таңылып жатпай, өз ісін ашып, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға көмектесуге бел буды.  Ол бағдарламалау мамандығын таңдады. Себебі бұл жұмыс әлемнің кез-келген жерінде отырып қашықтықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Мен мүгедектігі бар адамдардың күйзеліске түсетініне  куә болдым. Өзім де осы кезеңнен өттім. Себебі, кезінде жоғары білім алып, жұмыс тәжірибесі болған адам, кейін тағдырдың тәлкегіне түсіп, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Емделу, ота жасату, қайта аяқтан тұру көп уақытты алады», - деді ол, қаңтардың 26 күні ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен өткен кездесуде. 2018 жылы  XXI ғасырдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті. Басты мақсат мүгедектігі бар адамдарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту болды. Оқыту 15 сабақтан тұратын  SMM  арқылы жүргізілді. Осы орайда білім алған мектеп түлектері ендігі өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр.  «Ағымдағы жылдағы басты міндет - мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту. Науқасына, біліміне қарай мақсатты санаттағы қолдаулар шарасын тіркеу қажет. Біреулер интеллектуалды мамандықта, енді біреуі   hand made өнімдері яғни қолдан өнім жасаумен айналыса алады »-деп, атап өтті министр.Ақпараттық технологиялар мектебінде SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу  мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бұл мамандықтарға әлемнің кез-келген жерінде қашықтықта отырып-ақ оқуға болады. Статистика бойынша, SMM- маркетингі мамандығы Америкада 10 жылдан бері, Еуропада 7 жылдан бері бар. АҚШ-та мұндай мамандар орташа алғанда 3 мың доллар көлемінде, Еуропада 1500 еуро, Ресейде 150 мың рубль айлық алады.  «Біз интернет-дүкендер құра аламыз, әлеуметтік желілерде клиент табу, google-ң бірінші парақшаларында болуға оқытамыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске көмектесе аламыз, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға клиент табуға, цифрландыруға көмектесеміз. Бізде бизнес ашуға қолдау жасайтын «Бастау» бағдарламасы бар, мүгедектігі бар адамдар бизнес ашқысы келмейді, олар біреуге көмектескісі келеді. Себебі, олар өзіне әлі сенімді емес »-деді, Әмір Сүлейменов.2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен  БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі  арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі  жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісім шартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту  жоспары бар. Статистика бойынша, оқытылған 10 адамның 8-і өз бетінше ақша табуды бастады немесе жұмысқа тұрды.Жобаға қатысушылардың оқу оқуы және одан әрі жұмысқа тұруы үшін бар болғаны смартфондары болуы керек.«Бізде Жамбыл облысының ауылынан бір әйел оқып жатыр. Оның ауылында бар-жоғы үш үй ғана қалған. Ол нысаналы жарнаманы оқыды. Қазір сондай бақытты, фейсбукті, инстаграммды өзіне бағындырып алды, қазір Мәскеуде бірге оқығандарды іздеп жатыр. Тоқымамен айналысатын зейнеткер бәскелестерге қалай зерттеу жүргізуді, инстаграмм немесе фейсбуктегі жазбаларында жарнама бергенде негізгі сөзді таңдауды, клиент базасын құруды және өз өнімін сатуды үйреніп алды.  Қазір ол өзіне көмекші жалдап алған. Тағы бір зейнеткер кәмпиттерден гүл шоқтарын жасайды», -деп жалғастырды сөзін Әмір Сүлейменов.  Кездесу соңында министр ISIT интернет технологиялар мектебінің негізін қалаушы Әмір Сүлейменовке атқарған жұмысына  ризашылығын білдіріп, бұл жобаның еліміздің барлық аймағында жүзеге асуы маңызды екенін айтты. ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі  – ТМД елдері ішінде ашылып отырған алғашқы әлеуметтік мектеп болып табылады. Ол халықтың осал топтарын қамтитын мектеп. Бүгінгі күні мектепте Қазақстанның әр аймағынан 50 адам оқып жатыр. Оның ішінде ауылдар мен шағын қалалардың да тұрғындары бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19255?lang=kk
2019 жылы балалы отбасыларын қолдауға 365 млрд теңге қарастырылған 11.04.2025
Қазақстанда балалы отбасыларын қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар. Бүгінгі күні әлеуметтік көмек отбасылардың 5 санаты бойынша беріледі:1. 1 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасыларға;  2. көпбалалы отбасыларға;3.мүгедек баласы бар отбасыларға;4.аз қамтылған отбасыларға;5.асыраушысынан айырылған және бала асырап алған немесе қамқорына алған отбасыларға.Қазақстандық жүйе азаматтың өмірінің барлық кезеңінде қолдау көрсетуді қарастырған. Жүйе әртүрлі әлеуметтік дәрежені және өмірлік жағдайда нақты қамтыған. Барлық әлеуметтік төлемдер жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді. Бала туған кезде бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Оның көлемі бала туу санына қарай бекітілген. 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші баланы туғанда берілетін жәрдемақы көлемі – 95 мың 950 теңгені құрайды, ал төртінші және одан көп бала туғанда – 159 мың 75 теңге беріледі. Соңғы үш жылда жәрдемақының көлемі 38 пайызға өсті. 2018 жылдың қортындысы бойынша, осы санаттағы отбасыларын қолдауға берілетін жәрдемақыға 40,7 млрд теңге бөлінді. Осы жәрдемақыны барлығы 395 мың адам алды.Онымен қоса, біздің елде 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік қолдау қарастырылған. Мұндай қолдауға жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де аналар ие.Егер баланың анасы жұмыс істемейтін болса, бала туғаннан кейін оған 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі. Ол бір жыл бойы ай сайын беріледі. Ай сайын алатын жәрдемақы көлемі 14 544 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жетеді.2018 жылы бұл жәрдемақыны 125 мыңға жуық адам алды. Жалпы сомасы 30 млрд теңге.  Соңғы 3 жылда аталған жәрдемақының көлемі 19 пайызға артты. Егер баланың анасы жұмыс істеген болса, оған да әлеуметтік төлемдер беріліп тұрады. Оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы беріледі.Біріншіден, жүктілік және бала туу кезінде берілетін төлем. Оның көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына қарай белгіленеді. Өткен жылдың қортындысы бойынша осындай төлемнің орташа көлемі  391 170 теңгені құрады;Екіншіден, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды. 2018 жылы аталған жәрдемақының орташа көлемі  32  мың 361 теңгені құрады.2018 жылы барлығы 400 мың ата-ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 165 млрд. Теңге болатын жәрдемақы алды. Одан бөлек, мемлекет жүкті әйелдердің декреттік демалысында орташа айлық табысынан 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялайды.  Бұл бала күтімімен демалыста отырған әйелдердің зейнетақы жинағы тоқтап қалмау үшін жасалып отыр. Жұмыс істейтін әйелдердің құқығы мен кепілі еңбек заңнамасымен қорғалған. Мысалы, экономикалық себептермен штатты қысқарту негізінде, жұмыс көлемін төмендетуде еңбек келісім-шарты бұзылмайды:- жүктілігі туралы анықтамасы бар жүкті әйелдермен;- 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен;- 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған (18 жас дейінгі мүгедек-баласы бар) жалғыз басты аналармен.Өз кәсібін ашықысы келетін әйелдер үшін, біздің елде әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын әртүрлі  бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.  2018 жылы  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша   3033 әйел микрокредит және  1243 әйел жаңа бизнес идеяларын дамытуға 100 АЕК көлемінде грант алды.Мемлекет көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөледі,онда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.Әрбір көпбалалы анаға,  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алғандарға немесе бұрын «Батыр Ана», 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталғандарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі.  Бұл жәрдемақы өмірбақи беріледі және ана зейнеткерлікке шыққан күнде де тоқтатылмайды, сондай-ақ ол оның табысынан тыс беріледі.Жәрдемақының көлемі 16 160 теңгені (6,4 АЕК)  құрайды және жыл сайын инфляция деңгейінде белгіленеді.  Бұл жәрдемақы құрметті  атаққа ие болған аналарға беріледі. Сондықтан ол төменгі күн көріс деңгейіне байланыстырылмайды. Бүгінде Қазақстанда мұндай құрметті  атақ 237 мың анаға берілді. Жыл сайын осы төлемге бюджеттен 45 млрд теңге бөлінеді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атағын алған көпбалалы аналар жекелеген салық түрлерінен және мемлекеттік баждан босатылған:-көлік құрадары салығынан және жер салығынан;-тұрғылықты жерін тіркеу барысында, төлқұжат және жеке куәлік алуда нотариалдық және заңгерлік маңызы бар  қызмет түрлері үшін мемлекеттік баждан;4 және одан көп кәмелет жасқа толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Өткен жылы 271 мың отбасы осындай жәрдемақы алды. Жалпы сомасы 32,8 млрд теңгені құрайды. Зейнетақымен қамтамасыз ету  мәселесінде 5 және одан да көп бала туған аналар 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы.Табысы төмен отбасыларын мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары қарастырылған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Оны тағайындау үшін кедейлік шегінің мөлшері күн көріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Осылайша 2017 жылмен салыстырғанда Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік туды. АӘК жаңа форматта  беріліп жатыр  және тек ақшалай төлеммен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылуда. Соның ішінде жұмысқа тұруға қолдау көрсету, оқыту, микрокредит беру және т.б.Сондай-ақ, біздің елде мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларын, асыраушысынан айырылған отбасыларын  және тағы басқаларды қолдау үшін  жекелеген әлеуметтік шаралар  қарастырылған.16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға берілетін ай сайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 41 578 теңгені құрайды. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге мүгедектік тобына қарай беріледі: бірінші топтағы мүгедек балаға – 57 021 теңге, екінші топтағыға- 47 220 теңге, үшінші топтағы балаға – 35 638 теңге.Осы төлемге қоса, кәмелет жасқа толғанға дейінгі мүгедек-бала тәрбиелеп отырған тұлғаларға жәрдемақы беріледі. 2018 жылдың қортындысы бойынша 80,6 мың адам осындай жәрдемақы алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрап отыр.2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша,  18 жастан асқан бала күнінен бірінші топтағы мүгедек жанға күтімі бойынша жәрдемақы беру енгізілді. Өткен жылы оны 11,5 мың адам алды. 2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады.  Сондай-ақ, техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді қажет ететін балалар (жасанды–ортопедиялық көмек, сурдо, тифло-құрал), жүріп-тұруы үшін қажетті құралмен (арба), шипажайда емделу және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.Асыраушысынан айырылған отбасыларына, бюджеттен 25 541 теңге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған,бұл  асырауындағы бір бала үшін, ал асырауында  алты және одан да көп бала  болса 62 663 теңге беріледі.Халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамту мақсатында, өткен жылдан бері қызметтің 4 түрі бойынша проактивті режим енгізілді. Бұл дегеніміз – азаматтар мемлекеттік органдарға барып жатпай-ақ, қызмет түрін ала алады. Жаңа туған баланы тіркеу,  балабақшаға кезекке қою, бала туғанда берілетін жәрдемақыны және 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін төлемді рәсімдеу бір проактивті режимде беріледі.                                                                          ***Жалпы ана мен баланы қорғау аясында қабылданған шаралар оң нәтижесін көрсетіп,  демографиялық ахуалды жақсартты. Соңғы 10 жылда бала туу  10 пайызға артты (2008 жылы 356,6 бала туса,  2018 жылы – 391 мың бала өмірге келді).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19222?lang=kk