Enbekshi QazaQ

Қоғам

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды 18.03.2026
2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа[1] (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енгеніне алты жыл болды. Бұл Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарын реттейді.Еске сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлеріне зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және іске асыру үшін олар жұмыс істейтін мемлекеттің азаматтарымен тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету. Тарихы2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Келісімге қол қойды.Келісім ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде ратификацияланғаннан кейін, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың басқа ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, сақтап және жүзеге асыра алады. Енді ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін өз заңнамасына сәйкес зейнетақы төлейді. Егер еңбеккердің бір мемлекет аумағында жинаған еңбек өтілі зейнетақы тағайындауға жеткіліксіз болса (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда), онда басқа ЕАЭО елдерінде, соның ішінде Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған еңбек өтілі де ескеріледі. Бұл ретте бір мезгілде сәйкес келетін еңбек өтілі есепке алынбайды. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмыс істейтін мемлекеттерінде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын міндетті түрде ресми рәсімдеуі тиіс, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасауы қажет. Қазақстанда Келісімді іске асыруҚазақстанда Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы жарналарын төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына жеткенде немесе I және II топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға қатысты құқықтық қатынастарға қолданылады.Мысалы, егер Қазақстан азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше елдердің бірінде  еңбек өтілін (мысалы, 3–5 жыл) жинаса, онда зейнетке шығу құқығы туындаған кезде (зейнет жасына жету, қажетті еңбек өтілінің болуы) мигранттың өз елінің аумағында жұмыс істеген кезеңі үшін сол елдің зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Қазақстан азаматы зейнетақыны тағайындау және төлеу туралы өтінішті тиісті ЕАЭО мүше мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға бере алады.     Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеуге қажетті құжаттар тізбесі әрбір ЕАЭО мүше  мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Құзыретті органдарҚазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар – «БЖЗҚ» АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті, олардың аумақтық бөлімшелері.БЖЗҚ 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі жөніндегі деректер негізінде ұсынады.Сонымен қатар БЖЗҚ-ға мына мәселелер бойынша жүгінуге болады:мәліметтер мен құжаттарды қабылдау және өңдеу;зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жеткізу.Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жүгіну қажет. Келісімнің статистикалық көрсеткіштеріКелісімді іске асыру аясында Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:Қазақстан аумағында жұмыс берушілермен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.Бұл ретте Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер БЖЗҚ-да зейнетақы жарналары есепке алынатын шоттар ашылмаған болса, алғашқы жарна түскен кезде мұндай шоттар автоматты түрде, яғни өтінішсіз тәртіпте ашылады.БЖЗҚ ЕАЭО елдерінің 291 азаматының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерін қабылдап, орындады. Оның ішінде:266 еңбеккерге Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;25 мұрагерге еңбеккерлердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретті органдары:Қырғызстан мен Ресей Федерациясының аумағында еңбек шарты негізінде жұмыс істеп, олардың зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударған Қазақстанның 26 азаматына жасына байланысты / қарттық бойынша / мүгедектік бойынша өмір бойғы зейнетақылар тағайындады;Қазақстанның 2 азаматының қайтыс болуына байланысты 4 азаматқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындады.Статистика көрсетіп отырғандай, Келісімнің қолданылу мерзімі салыстырмалы түрде қысқа болғанына қарамастан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Одақ елдерінде өздерінің зейнетақы құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Бұл қабылданған құжаттың негізгі мақсатына қол жеткізілгенін білдіреді. [1]Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан мүше болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1188738?lang=kk
Қазақстан делегациясы Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ғаламдық саммитке қатысты 18.03.2026
2026 жылғы 16-17 наурыз, Вена - Қазақстан делегациясы Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі ғаламдық алғашқы саммитке қатысты.Саммит БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Интерполмен ұйымдастырып, оған 1300 қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттерден келген делегаттарды, халықаралық ұйымдарды, технологиялық компаниялардың 400-ден астам өкілдерін, қаржы институттарын, жеке сектор мен академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірді.Іс-шара трансұлттық қауіптердің ең қарқынды өсіп келе жатқан түрлерінің бірі, соның ішінде киберкеңістікте жасалатын нысандарын қоса алғанда - алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың үйлестірілген халықаралық тәсілдерін әзірлеуге арналды.Қазақстан делегациясының құрамына Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді.Саммит аясында Қазақстан делегациясы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және киберқауіпсіздік пен қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар киберқылмысқа қарсы күресте заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді кеңейту және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Саммит барысында ұйымдастырушылар Алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылға шақыруды және Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға арналған жаһандық негіздемелік стратегияны ұсынды, оларға мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және жеке сектор қосыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1183585?lang=kk
«Apex-Brasil»-мен сауда-инвестициялық ынтымақтастық талқыланды 18.03.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 17 наурыз – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігінің (Apex-Brasil) атқарушы директоры Ана Паула Репезамен кездесті.ҚРЕлшісі «Apex-Brasil» басшылығына Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция аясында елдегі саяси реформалар және 2021 ж. құрылған «Қазақстан-Бразилия» іскерлік кеңесінің қызметі жөніндебаяндады.Тараптар,кездесу барысында Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, әсіресе өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында оны кеңейтуге қызығушылық танытты. «Apex-Brasil» компаниясының алдағы сапарлар мен іс-шаралар аясында қазақстандық әріптестерімен («Kazakh Invest», «Kaztrade» және т.б.) өзара іс-қимылын жандандыруға баса назар аударылды.Өз кезегінде, сұхбатшы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын жоғары бағалады және бірлескен экономикалық іс-шараларды қоса алғанда, барынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.Анықтамалық: «ApexBrasil» (Бразилияның сауда және инвестицияларды ілгерілету агенттігі) 2003 жылы құрылып, бразилиялық өнімдер мен қызметтерді шетелде ілгерілету және стратегиялық салаларға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қызмет істейді. Агенттік компанияларға халықаралық нарықтарға шығуға қолдау көрсетеп, сауда миссияларын ұйымдастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1183615?lang=kk
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 17.03.2026
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді2026 жылғы 18 наурыз сағ.11:30Көкшетау қ., Назарбаев даңғылы 2/5, Қазақстан халқы АссамблеясыКездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіре алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1183538?lang=kk
Қазақстан Ұлттық референдумда жаңа Конституцияны 87,15% қолдаумен мақұлдады 17.03.2026
Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша, 15 наурызда өткен Ұлттық референдумда дауыс берген сайлаушылардың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдады.Жалпы 12 482 613 азамат дауыс беруге құқылы болды, 9 127 192 адам дауыс беріп, 73,12% белсенділік көрсетті.Дауыс бергендердің ішінде 7 954 667 адам ұсынысты қолдады, 898 099 адам қарсы дауыс берді. Тағы 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылды.Комиссия дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысқандықтан, референдум заңды деп танылды.Аумақтық референдум комиссиялары ұсынған хаттамаларға сәйкес, жаңа Конституция өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінен астамында сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауын алғандықтан қабылданған болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1183541?lang=kk
Шетелдік бақылаушылар Қазақстандағы референдумда сайлаушылардың белсенділігі жоғары және дауыс берудің ақаусыз өткенін атап өтті 17.03.2026
Халықаралық бақылаушылар наурыздың 15-інде өткен Қазақстандағы конституциялық референдумның нәтижесіне әсер етуі мүмкін ірі бұзушылықтар тіркелмегенін және сайлаушылардың қатысуы салыстырмалы түрде жоғары болғанын хабарлады.Орталық сайлау комиссиясы 11 халықаралық ұйым мен 38 шетелден 359 бақылаушыны аккредиттеді. Бірнеше бақылау миссиясының өкілдері ел бойынша дауыс беру учаскелерін аралағаннан кейін өз бағалауларын бөлісті.Шанхай ынтымақтастық ұйымы (SCO)SCO-ның бас хатшысының орынбасары Олег Копыловтың айтуынша, дауыс беру жақсы ұйымдастырылып, сайлау учаскелері толықтай дайын болған.«Біз Астана мен Ақмола облысындағы бірнеше сайлау учаскесін араладық. Үдеріс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, азаматтардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар мен шалғай аудандар тұрғындарының дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдай жасалған», – деді ол.Копылов дауыс беру пункттеріндегі жағымды атмосфера мен сайлаушылардың белсенді қатысуын атап өтті.«Біз адамдардың отбасыларымен, балаларымен бірге дауыс беруге келетінін көрдік; азаматтар процеске зор қызығушылық танытты. Біздің ойымызша, бұл Қазақстанда демократиялық қағидалар мен заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен бірге референдумның заңдылығын халықаралық бақылаушылар емес, ел азаматтары ғана анықтайды», - деді ол.Бақылаушылар дауыс беру үдерісін бақылап, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар мен ресми тұлғалармен сөйлесу мүмкіндігіне ие болды.Ресей Мемлекеттік думасының халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Алексей Чепа сайлаушылардың үдеріске белсенді қатысып жатқанын айтты.«Бүгін – Қазақстан тарихындағы маңызды белес, және адамдар оны анық түсінеді. Біз сайлаушылармен сөйлестік, және көпшілігі референдумды елдің дамуына бағытталған жаңа қадам деп есептейтінін айтты», – деді ол.Түрік тілінде сөйлейтін елдердің Парламенттік Ассамблеясы (TURKPA)TURKPA бас хатшысы Рамил Хасан ұйым Астана, Алматы және Түркістан қалаларында жұмыс істеген 23 бақылаушыны орналастырғанын атап өтті.«Осы үш қалада біз 45 сайлау учаскесін араладық. Біз халықаралық стандарттардың немесе Қазақстанның сайлау заңнамасының бұзылуын байқаған жоқпыз. Азаматтар белсенді түрде қатысып, өз еркін білдірді», – деді Хасан.Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімді нығайту шаралары жөніндегі конференция (CICA)CICA сарапшысы, елші Мутаз Фалех Салех референдумның тәртіпті әрі ашық түрде өткізілгенін атап өтті.«Менің бақылауым бойынша, дауыс беру процесі заңдық шеңберге сәйкес ұйымдастырылды. Рәсімдер сақталды, ал азаматтар өз еркін еркін білдіре алды», - деді ол.Тағы бір CICA мүшесі, елші Исмат Джахан әріптесінің пікірін қолдап, сайлау учаскелеріндегі тыныш әрі жақсы ұйымдастырылған ортаға назар аударды.«Мен үш сайлау учаскесіндегі үдерісті бақыладым. Барлығы жақсы ұйымдастырылған, дауыс беру бейбіт атмосферада өтті. Отбасылардың бірге келуі, соның ішінде үлкендерге ілескен балалардың болуы әсерлі болды, бұл адамдардың саяси құқықтарын жүзеге асыруға үлкен мән беретінін көрсетеді», – деді ол.Жахан дауыс беру пункттері мүгедектер арбасын пайдаланатындарды қоса алғанда, баршаға қолжетімді болғанын атап өтті.«Мүгедектерге, соның ішінде арбамен жүретіндерге арналған арнайы кабиналар қарастырылғанын көрдім. Бұл әркімнің дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін күш салынғанын көрсетеді», – деді ол.Сонымен қатар ол дауыс беру процесін дайындау және ұйымдастыру үшін референдум комиссиясын мақтады.Түрік мемлекеттері ұйымы (OTS)Түрік мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Омер Кочаман референдум алдында жүргізілген жан-жақты дайындықты атап өтіп, ұсынылған конституциялық өзгерістер туралы ақпарат алдын ала берілгенін және жалпы үдерістің айқын болғанын айтты.«Қазақстан – түрік әлеміндегі ең мықты мемлекеттердің бірі және өңірде маңызды рөл атқарады. Жаңа конституция дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз бұл үдерістің куәгері болғанымызға қуаныштымыз», – деді Кочаман.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1183542?lang=kk
Наурыз Қостанайда жүректерді біріктірді 17.03.2026
Қостанайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ауқымды қайырымдылық Наурыз мерекесі өтті. Іс-шараны «Әлем жүрегімде» қоғамдық қоры ALEM, FENIX, BABY ACADEMY және «Академия Знаний» орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырды. Мерекеге 300-ден астам қонақ қатысты.Бағдарламада ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы, наурыз-көже мен палауы бар мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Шараның шарықтау сәті балаларға 200 сыйлықтың табысталуы болды.Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, бірлік пен жылулық атмосферасын қалыптастырды.Іс-шараға Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Байгабулов О. К. да шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1183449?lang=kk
Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыланды 17.03.2026
Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында жоғары білімнің жаңа басымдықтары талқыландыБүгін, 17 наурыз күні, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және жоғары оқу орын өкілдерінің қатысуымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Стратегиялық серіктестер кеңесінің IV отырысы өтті. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Стратегиялық серіктестер кеңесінің атқарушы құрамының мүшелері, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік университет филиалдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан негізгі шешімдер мен бастамаларға шолу ұсынылды. Вице-министр ведомство жоғары білім беру жүйесін тұрақтылығын және халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі трансформацияны кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Басым бағыттардың қатарында Қазақстанды халықаралық білім беру орталығы ретінде қалыптастыру бар. Бұл шетелдік серіктестіктер мен филиалдар желісін кеңейтуді, жаңа ілгерілету құралдарын енгізуді, жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығын нығайтуды және саланы қаржыландырудың жаңартылған моделін әзірлеуді қамтиды.Күн тәртібі аясында жоғары білім беру жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстандағы қабылдау жүйесінің болашағын қалыптастыру» атты баяндамада ETS ұйымындағы NAEP бағдарламасының атқарушы директоры Терран Браун әзірленіп жатқан Admissions Insight Test (AIT) заманауи әрі халықаралық деңгейде салыстырмалы қабылдау жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жүйе тек білімді тексерумен шектелмей, XXI ғасырдың негізгі құзыреттерін, соның ішінде сыни ойлау, коммуникациялық және аналитикалық дағдыларды бағалауға бағытталады.Өз кезегінде «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының бірінші орынбасары Нұрсейіт Байжанов жобаны 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асыруға назар аударды. Бұл үдеріс жаңа модельді әзірлеуді, пилоттық сынақтан өткізуді және кейіннен енгізуді қамтиды, сондай-ақ оның бүкіл білім беру жүйесін трансформациялаудағы стратегиялық маңызы атап өтілді.Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Стратегиялық серіктестер кеңесінің жұмыс жоспарлары қарастырылып, оларды хатшылық басшысы Олгун Чичек таныстырды.Сонымен қатар Қазақстанды Орталық Азиядағы CIMEA өңірлік кеңсесін орналастыру үшін стратегиялық орталық ретінде позициялау мәселесіне ерекше назар аударылды. CIMEA ұйымының бас директоры Лука Лантеро еліміздің өңірлік білім беру орталығы ретіндегі жоғары әлеуетін, шетелдік студенттер санының артуын және шетелдік университеттермен ынтымақтастықтың қарқынды дамуын ерекше атап өтті.Отырыс тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды қалыптастыру және халықаралық серіктестікті одан әрі нығайту үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1183442?lang=kk
«Жарқын болашақ» 17.03.2026
Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. «Жас қаламгер» байқауы, қазақ тобы  II орын – Мұхит Мөлдір«Семияр орта мектебі» КММ  «Әнші – бұлбұлдар» байқауы, қазақ тобы  III орын – Айсана Асылхан«М-Владимировка орта мектебі» КММЖүлделі орын иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!  Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183428?lang=kk
Қазақстандық «FlyArystan» лоукестер әуе компаниясы Алматы мен Самарқанд арасындағы тікелей рейстерді қайта бастады. 17.03.2026
2026 жылғы 17 наурызда Самарқанд қаласының халықаралық әуежайында «FlyArystan» лоукостер әуе компаниясының «Алматы – Самарқанд – Алматы» бағыты бойынша тікелей халықаралық рейсінің ашылуына арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шараға Самарқанд облысы хокимінің орынбасары Рустам Кобилов, Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов, сондай-ақ «FlyArystan» және «Air Marakanda» (әуежайларды басқару жөніндегі оператор компания) компанияларының басшылығы, ресми қонақтар, серіктестер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Бас консул құттықтау сөз сөйлеп, екі елдің ірі қалалары арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді дамытуға, туристік, ғылыми-академиялық және білім беру алмасуларын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге зор маңызға ие екенін атап өтті.Самарқанд – Алматы рейсіне алғаш болып тіркелген жолаушы «FlyArystan» әуе компаниясынан тегін әуе билетін алу сертификатына ие болды, ал «Air Marakanda» компаниясы CIP-залға тегін қолжетімділік ұсынды.«Алматы – Самарқанд – Алматы» бағыты бойынша тікелей рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуе билеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы және flyarystan.com сайтында сатып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1183399?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты 17.03.2026
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183402?lang=kk
Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы 17.03.2026
Ұлы ақын Ілияс Жансүгіров шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңіне Бесқарағай ауданынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар:«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар номинациясы ІІІ орын – Амина Бакенова,«Башкөл негізгі мектебі» КММ📖 «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысына талдау ІІІ орын – Сайлауғазы Гүлвира,«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММЖеңімпаздарды облыстық жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!Жас дарындарға шығармашылық табыс, білім мен өнер жолында жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183422?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы мектеп директорларымен онлайн жиналыс өткізді 17.03.2026
Жиналалыста келесі мәселелер қаралды1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізгенде кәсіпкерлердің құқықтарын шектемеу. Дезинфекция, дезинсекция, дератизацияға заң талаптарын сақтай отырып келісім-шарт жасасу мәселелері;2. ⁠Аудандағы барлық мектептер цифрлық ресурстармен қамтылу туралы;3. ⁠Бюджеттің игерілуіжәне т.б. ағымдағы сұрақтар қаралды.Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы аяз күндері ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста болып, қауіпсіздік шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183366?lang=kk
Білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков онлайн жиналыс өткізді. 17.03.2026
Бүгін білім бөлімінің басшысы М.Кәдірбеков мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен онлайн жиналыс өткізді.Жиналалыста келесі мәселелер қаралды:1. Педагогтердің білімін бағалау тестілеуі бойынша - Нургожанова Куралай Серикжановна, білім бөлімінің методикалық кабинетінің меңгерушісі;2. ⁠Тәрбие мәселесі - Масалимова Жибек Кайратовна, білім бөлімінің бас мамамы;3. ⁠Азаматтардың арыз-шағымдары, Е-өтініш базасымен жұмыс туралы;Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы сабақтын тыс демалыс күндері ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста болып, қауіпсіздік шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1183383?lang=kk
Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды 17.03.2026
Токио, 2026 жылғы 17 наурыз - ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Хиротака Ишихарамен кездесу өткізіп, оны еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның нәтижелерімен таныстырды.Тараптар сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі бірлескен шараларға назар аудара отырып, орнықты даму және экологиялық сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Елші жапондық саясаткерді Қазақстанның БҰҰ шеңберінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етіп, оны елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарына бейімделу тәсілдерімен таныстырды.Е.Баударбек-Қожатаев Министрге 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін және бизнес пен сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен климаттың өзгеруі және орнықты даму мәселелерін талқылау және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін Орталық Азияның негізгі платформасы болатын Өңірлік экологиялық саммиттің бағдарламасын ұсынды.Өз кезегінде Х.Ишихара жапон тарапының саяси деңгейде Өңірлік экологиялық саммитке қатысуын растай отырып, Токионың жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымын мәлімдеді. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қол қойылған екі елдің тиісті мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның маңыздылығын атап өтіп, экологиялық таза технологияларды енгізуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған Бірлескен кредиттік тетік (JCM) шеңберінде жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1183395?lang=kk
Ақмола облысында танымдық туризмге арналған ерекше орын бар 17.03.2026
Бұл жерде әрбір адам өткеннің атмосферасына еніп, еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерін жақынырақ тани алады.Мультимедиялық интерактивті кешен — тек көріп шығатын орын емес, нағыз әсер алатын кеңістік. Мұнда жаңа білім алып қана қоймай, уақытты пайдалы әрі қызықты өткізуге болады: экскурсияға келіңіз, отбасыңызбен демалыңыз немесе балалармен бірге танымдық сапар ұйымдастырыңыз.Кешен екі қабаттан тұрады және 9 тақырыптық аймақты қамтиды. Заманауи технологиялар — LED-экрандар, голограммалар, сенсорлық панельдер мен интерактивті платформалар арқылы қазақ халқының тарихы жаңа форматта ұсынылған.Ақмола облысы — тек табиғат емес, терең тарих пен мәдениетті сезінетін өңір.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1183323?lang=kk
Қосылған құн салығының артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі 17.03.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруде бірқатар маңызды өзгерістерді көздейтін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Маңызды жаңашылдықтардың бірі қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану аясын кеңейту болды.Қазақстан Республикасында ҚҚС артық сомасын қайтару салықтық тексерулер жүргізумен қатар жүретін. Бұл көбінесе уақыттың шығындалуына және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктеменің артуына әкелетін. Осыған байланысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бағыттарының бірі ретінде ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу және оның қолданылу аясын кеңейту қарастырылды.2026 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің қабылдануы салық жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі болып табылады және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға және елдің экспорттық әлеуетін қолдауға бағытталған.Ағымдағы жылы жүргізілген салық реформасы аясында Қазақстанда ҚҚС артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару тетігі айтарлықтай кеңейтілді. Бұрын бұл тәртіп арнайы тізімдерге енгізілген және қатаң талаптарға сәйкес келетін шектеулі салық төлеушілер тобына ғана қолданылатын.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 127-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін келесі салық төлеушілер қолдана алады:1.салықтықмониторингтетұрғанжәнекүнтізбелікжылішінденөлдікмөлшерлемебойыншасалықсалынатынөткізуайналымдарынжүзегеасырғанда;2.салық кезеңі ішінде жалпы салық салынатын өткізу айналымының кемінде 50 пайызы нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылған өткізу айналымынан тұратын салық төлеушілер.Салықтың артық сомасы келесі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда қайтарылады:1.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгеорындалмағанхабарламаныңболмауы;2.қайтарутуралыталапұсынылғанкүнгедейінгіонекіайішіндежүргізілгенсалықтықтексерунәтижелерібойыншақайтаруғарасталғансалықтыңартықсомасыныңболуы.Салық төлеушіге артық сомасын жеңілдетілген тәртіппен қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Осылайша, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер салық төлеушілердің ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қолдану мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Бұл шаралар экономиканың экспорттық секторын дамытуға оң әсерін тигізіп, Қазақстан Республикасының салық жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадамдардың бірі болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1183295?lang=kk
Варшавада Қазақстан күні: білім және мәдени ынтымақтастықты нығайту 17.03.2026
Варшава, 2026 жылғы 16 наурыз — Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Варшава политехникалық университетінде Қазақстан күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шараға студенттер мен академиялық қауымдастық өкілдерін қоса алғанда, 100-ден астам адам қатысты.Іс-шараны аша отырып, ұйымдастырушылар Қазақстан мен Польша арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтудағы университеттік ортаның рөлін атап өтті.Ресми рәсім барысында Варшава технологиялық университетінің басшылығы халықаралық білім беру бастамаларының, академиялық мобильділіктің және қазақстандық студенттердің поляк университеттерінің білім беру ортасына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.Варшавадағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері Наурыз мейрамы кезеңінде іс-шараның өткізілуінің символдық мәніне тоқталып, бұл көктем мен жаңарудың, достық пен өзара түсіністіктің, мәдени әртүрліліктің құндылықтарын айшықтайтын ежелгі мереке екенін атап өтті.Осы тұрғыда демократиялық институттарды нығайтуға және заманауи, ашық қоғам құруға бағытталған елдің конституциялық негіздерін одан әрі дамыту жөніндегі Қазақстанда өткізілген референдумға назар аударылды.Іс-шара барысында Қазақстан мен Польшаны өзара құрметке, тарихи жадыға және белсенді мемлекетаралық диалогқа негізделген берік серіктестік байланыстар біріктіретіні айтылды. Сонымен қатар білім беру, ғылым және жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы атап өтілді.Қатысушылар Қазақстанның заманауи дамуы, оның ғылыми-технологиялық әлеуеті және түрлі салалардағы жетістіктері туралы ақпарат алды. Мәдени бағдарлама аясында қатысушыларға дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылып, Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлерімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берілді.Іс-шара екі ел арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтып, қатысушыларға Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін, сондай-ақ оның қазіргі жетістіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1183262?lang=kk
Тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешімдер туралы 17.03.2026
       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес Тауарларды сыныптау жөніндегі алдын ала шешімдер алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.     Тауарды жіктеу жөніндегі алдын ала шешім - бұл сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауардың кодын кедендік аумаққа нақты әкелгенге дейін растайтын ресми құжат.     Алдын ала шешім алу СЭҚ қатысушыларына бірқатар маңызды артықшылықтар береді:   - тауарларды кедендік ресімдеу рәсімін оңайлату және жеделдету;   - кедендік құнды түзету тәуекелдерін және жіктеу дауларын азайту;   - әкімшілік жауапкершілікке тарту ықтималдығын азайту;   - сыртқы экономикалық операциялардың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру;   - кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшерін, сондай-ақ тауарларды әкелуге шектеулер мен рұқсаттарды алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді;   - кедендік рәсімдерден өту кезінде қаржылық және уақытша шығындарды қысқарту.      Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы құралды өз мүдделерін қорғаудың және кедендік әкімшілендіру сапасын арттырудың тиімді тетігі ретінде белсенді пайдалануды ұсынады.      Алдын ала шешім алуға өтініш тауарды біржақты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қажетті техникалық және коммерциялық құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген тәртіппен «Кеден» АЖ (https://keden.kgd.gov.kz) арқылы ғана беріледі.      Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы сауданы дамыту, кедендік рәсімдерді оңайлату және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы сенім деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1183228?lang=kk
Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді 17.03.2026
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат туристік саланы дамытуға қолайлы жағдай жасауға және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған.Жаңа заң аясында туризм заңнамасындағы негізгі ұғымдар нақтыланды. Атап айтқанда, гид, экскурсовод, туризм ресурстары және нысандары түсініктері айқындалды. Сонымен қатар гидтер мен экскурсоводтарды міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу талабы алынып тасталды. Бұл мамандарға ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан еркін қызмет етуге мүмкіндік береді.Заңда визит-орталықтардың қызметі алғаш рет құқықтық тұрғыдан реттелді. Олардың құқықтық мәртебесі, негізгі функциялары, орналасу тәртібі айқындалып, туризм нысандарының қатарына енгізілді. Мұндай орталықтар туристерге маршруттар, қызметтер мен инфрақұрылым туралы ақпарат беретін негізгі орындарға айналып, отандық және шетелдік қонақтарға қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.Құжатта туристік инфрақұрылымды мемлекеттік қолдау шаралары да нақтыланды. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің визит-орталықтар, жол бойындағы сервис нысандары, орналастыру орындарын салу және қайта жаңғыртуға жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Сонымен қатар тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен туризм көлігін сатып алу шығындарын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.Туроператорларды қолдаудың қосымша тетіктері де енгізілді. Олардың шығындарын субсидиялау қарастырылып, туристік автобустардың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінен өту рәсімін жеделдету көзделген. Сондай-ақ балалар үшін ұлттық парктерге кіру тегін болады.Заңда мемлекеттік қолдау алған туризм нысандарының қаражатын мақсатты пайдалануын бес жыл бойы мониторингтеу нормасы енгізілді. Бұдан бөлек, туристік ресурстар аумағындағы санитарлық-гигиеналық тораптардың жағдайына бақылау күшейтіледі.Жалпы енгізілген өзгерістер ішкі және келу туризмін дамытуға берік негіз қалыптастыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білікті мамандарды тартуға бағытталған. Сонымен қатар заң мемлекеттік органдардың басым туризм аумақтарын айқындау және ақпараттық орталықтардың саланы қолдауға арналған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау құзыретін бекітеді.Қабылданған шаралар туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және Қазақстанның қауіпсіз әрі тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1183182?lang=kk