Қоғам
ҚР ИДМ ЖӘНЕ ҚР СІМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭКСПОРТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек және ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов қазақстандық өнім экспортын шетелдік нарықтарға ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимылды күшейту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.Жоспар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің 2017 жылы 3 ақпанда өткен кеңейтілген мәжілісінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.Экспорттық және инвестициялық бағыттарды тығыз байланыстыру қажеттілігі жоспардың тұғырнамасына негізделген. Бұл тәсіл Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ұлттық экспорттық және инвестициялық стратегиялар үшін қарастырылған.Жоспарды іске асыру әрбір тауардың айқындалған орнына қажеттілік дәрежесін және өтімділіктің әлеуетті нарықтарын тереңінен талдауға негізделетін болады. Бұл ретте, жоғары құн қосылған өнімдерге ерекше назар аударылады.Ж.Қасымбек пен Қ.Әбдірахманов жоспардағы іс-шаралар екі министрліктің бүкіл әлеуетін іске қосуға мүмкіндік туғызады деп сенеді. Осы жұмысқа Қазақстанның шетелдегі мекемелері, сондай-ақ, келешекте құрылатын «Kazakh Export» экспортты ілгерілету жөніндегі ұлттық оператор белсенді түрде тартылатын болады. Оның негізгі міндеті қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға шығаруда отандық өндірушілерге кешенді көмек көрсету.Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен жұмыс жоспарының қабылданғанын хабарлады. Бұл құжат еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін инвестициялық және экспорттық бағыттарда дамыту үшін министрліктердің күш-жігерін біріктіріп, үйлестіруге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17064?lang=kk
МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ өкілдері Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен тартылған жол қауіпсіздігі бойынша халықаралық сарапшылармен бірге автомобиль жолдарында5ы қауіпсіздік және ЖКӨ санын азайту бойынша оқу және тәжірибе алмасу мақсатында Молдова Республикасына (Кишинев қ.) барды.Семинарға қатысушылар автомобиль жолдарының жағдайы, ЖКО саны, тәуекел себептері және жапа шегушілердің санын қысқарту әдісі бойынша ақпаратпен бөлісті.Семинар шеңберінде МР ІІМ ақпараттық технологиялық департаменті және Ұлттық күзету инспекторында таныстыру кездесуі өткізіліп Кишинев қаласының жол қозғалысын мониторингілеу қызметі бойынша презентация жасалды. Сонымен қатар ақталған «Сэрэтень-Сорока» М2 ұлттық трассасына жүру жүзеге асты. Жүру қозғалысының қорытындысы бойынша автомобиль жолын күтіп ұстау және қайта жаңартудағы технология мәселесі талқыланды. Халықаралық сарапшылармен бірігіп жол қозғалыс аумағында автожол учаскесінде ең апатты жерлерге сараптама жасалды. Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық және жол қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру, автомобиль жолдарындағы апаттарды және өлім-жітімді азайту туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25987?lang=kk
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ СТАНДАРТТАУ 10.04.2025
2017 жылы 23 ақпанда Алматы қаласында «Көрсетілетін қызметтерді стандарттау» тақырыбы бойынша дөнгелек үстел өтті.Ұйымдастырушы - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК (ҚазСтИн http://www.kazinst.kz/).Елбасы Қазақстан халқына жолдауында жаңа технологияларды еңгізіу барысында дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарының босайтынын белгіледі. Сонымен бірге, жаңа индустрияны дамыту жұмыспен қамтудың және азаматтардың нақты табысын өсірудің қосымша мүмкіндігі болуы тиіс.Соңғы уақытта, көрсетілетін қызметтер саласы дамыған және дамушы мемлекеттердің экономикалық серпініне маңызды әсер етеді. Экономикалық өсуіне көрсетілетін қызметтер аясының үлесі нақты сектордың үлесінен артық.Бұдан басқа, Казақстанда көрсетілетін қызметтер аясы сауда аясынан анағұрлым көп жалпы ішкі өнімнің 56 % алады және жұмыс істейтін халқының арасында 58 % алады. Бүгінгі таңда, көрсетілетін қызмет индустриясы халықты еңбек ресурстарымен қамтамасыз етудің ең тиімді және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің басым бағыттарының бірі болып табылады.Дөнгелек үстелдің жұмысында ТашИИТ, ЖА «КазГор», аккредиттеу субъектілердің, Алматы қаласының Әкімдігінің, аудандық Әкімдіктердің, басқармалардың, ұйымдардың, туристік, қонақ үй және мейрамханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ), сұлулық индустриясы, ақпараттық технологиялар қоғамдық бірлестікдердің және көрсетілетін қызмет аясындағы басқа ұйымдар қатысты.«ҚазСтИн» РМК-ның Бас директордың Бірінші орынбасары Әмірханова Еркежан «Көрсетілетін қызметтер саласындағы қазіргі жағдай және болашақтағы дамуы» тақырыбында баяндама шеңберінде көрсетілетін қызметтерді стандарттауды дамытудын халықаралық тәжірибесі және Институт қызмет көрсету саласындағы нормативтік қорды талдау нәтижелері және осыған қатысты жоспарланған әрекеттер мен бағыттар көрсетілді.Қонақ үй және ресторан аясындағы Қазақстандық бірлестіктін вице-президенті Наталья Сергеенкова 2016 жылғы саяхатшыларды орналастыруға бағытталған қызметтерге арналған әзірленген стандарттарды көрсетті. Наталья Сергеенкова қызмет көрсетушіге көрсетілетін сенімді бекіту құралы ретінде туристік қызметтердің аталған стандарттарға сәйкестікті сертификаттаудың маңыздылығын айрықша атап өтті.Сондай-ақ Алматы қаласындағы ТКШ ассоциациясының төрағасы Шамиль Мендыгалиев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол ТКШ қызметтері саласын дамыту үшін нормативтік-құқықтық талаптарды қайта қараудан бастау қажеттігін атап өтті және ТКШ саласындағы әрекеттегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарымен таныстырды.ТКШ саласындағы қызметтерді стандарттаудың дамуы және жалпы пайдалануға осы стандарттарды енгізу механизмы жайында «КазСтИн» РМК Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау бас маманы Болат Абайулы сөз сөйледі. Сонымен қатар 2016 жылы әзірленген стандарттар таныстырылды: Үй маңы аумақтарын күтіп-ұстау, тұрмыстық қалдықтарды жинау жəне шығару қызметтері; Көп пәтерлі тұрғын үйлердің үй ішіндегі жылумен жабдықтау және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін күтіп ұстау қызметтері; Көппəтерлі үйлердің жалпы мүлкін ағымдағы жөндеу қызметтері.ТашИИТ ғылыми жұмыс және ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры Бейбіт Ыбраев өзінің презентациясында көлік және коммуникация секторында пайдаланатын ақпараттық технологиялар қызметтері саласындағы әзірленген және әзірленіп жатқан стандарттар жөнінде қысқаша есеп берді.Дөнгелек үстел отырысы барысында туристік қызметтерге үлкен қызығушылық көрсетілді және ТКШ қызметтерін дамыту сұрақтары талқыланды, атап айтқанда ресейлік тәжірибені пайдалану орындылығы.Қатысушылар қызметтер саласындағы стандарттауды дамытудың маңыздылығы мен көкейкестілігін атап өтті және қызметтердін әр түрі бойынша тақырыбтық жиналыстар өткізуді ұсынды.Өткізілген дөнгелек үстелдің отырысының нәтижесіне қатысушылардың барлық ұсыныстары ұсымынына келесі жұмысты атқаруға енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17061?lang=kk
СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугаловтың төрағалық етуімен Стандарттау жөніндегі Техникалық Комитеттердің қызметі туралы жыл сайынғы жұмыс кеңесі өтті.Бүгінде экономиканың басым салаларында Қазақстан Республикасының техникалық комитеттерін дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың өзінде басым бағыттар бойынша 4 техникалық комитет құрылды. Бұл «Органикалық өнімдер» Халал өндірісі, «Өндіріс қалдықтары және тұтыну» және «Жылыжайлық газдарды басқару».Сондай-ақ, қызметке жүргізілген талдауы негізінде және қолданыстағы техникалық комитеттердің бастамасы бойынша 4 белсенді емес техникалық комитет жойылды. Бұл шаралар басым бағыттарды толықтай жетілдіруге және реттеуге қабылданды.Бұдан бөлек, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің тиімді жұмыс істеуі үшін олардың рейтингі белгіленді. Бұл әдіс техникалық комитеттер қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылу мониторингін мынадай өлшем шарттар бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді: техникалық комитеттер қызметінің ұйымдастырылуы мен ашықтығы; ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттау бойынша жұмыстар.Мәжіліс барысында 2017 жылдың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ ISO стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның техникалық комитеттеріне қатысуы, сондай-ақ ИТК-МТК-ның мемлекетаралық техникалық комитеттерінің жұмысына қатысуы да талқылады.«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес қазіргі таңда Парламенттің қарауында жатқан, техникалық комитеттер жұмысының жаңа үлгісіне көшу егжей-тегжейлі талқыланды. Заң қазақстандық стандарттау үлгісін халықаралық үлгіге жақындатуға бағытталған.Осы заң жобасында техникалық комитеттер стандарттар әзірлеу процесінде ерекше рөл атқарады, олар барлық мүдделі тараптардың пікірлері негізінде стандарттарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.«Бүгінде Техникалық Комитеттер алдына міндеттер қойылды. Ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша автоматтандырылған үдеріске көшетіндіктен барлық ұлттық техникалық комитеттер өз жұмысын күшейтіп, қызметінің құрамы мен форматын қайта қарауы керек », - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17055?lang=kk
ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМ СТАНДАРТЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРДІ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлері «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнына жұмыс барысымен барды.Өткізілген іс-шара «Doing Business» рейтингінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позицияларын жақсарту және отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды.Кездесуде Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне өлшем құралдарын енгізу, ұйым стандарттарын әзірлеу, авиациялық техникалық қызмет көрсету және жөндеу стандарттарын әзірлеу, Қазақстан Республикасы аумағында EN Еуропалық стандарттарды қолданылу мәселелері талқыланды.«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС 2012 жылы 24 маусымда құрылған болатын. «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС қызметі, авиациялық техникаларды сату, техникалық қызмет көрсету, құрастыру және жөндеуге бағытталған. Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын, оның ішінде ұйым стандарттарын әзірлеу жолдарын түсіндірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17048?lang=kk
ҚР ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН ШҚО БОЙЫНША ТРЖМКД ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті мамандары «Орталық» базарының әкімшілігімен, олардың жалға алушыларына және сатушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасын «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Кәсіпкерлік кодексіне, сауда базарларының ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы (2003 ж. 5 ақпандағы № 131 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) түсіндіру мақсатында, сондай-ақ мәселелерді талқылау және оларды шешу мақсатында жұмыстық кездесу өткізді.Жұмыстық кездесу барысында сатып алушылардың өлшеу жағынан алданып қалмауы мақсатында, салмақ өлшейтін аспаптардың кезеңді тексеріліп тұруы, келушілерге бақылау таразыларының орналасуын және оларды ақпараттандыру жайында сұрақтар қойылды. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17047?lang=kk
БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ҰЙЫМЫ (ISO) КЕҢЕСІНІҢ 105-ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР 10.04.2025
2018 жылғы 28 ақпаннан 1 наурыз аралығында Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) кеңесінің кезекті 105-отырысы өтуде. Іс-шараға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы Ғалымжан Дұғалов қатысып жатыр. Қазақстан 1994 жылдан бері осы ұйымның толыққанды мүшесі және 161 елдің ұлттық стандарттау орган өкілдері кіретін ISO жұмысына қатысады.2017 жылдың қыркүйек айында Германияда өткен Бас Ассамблеяда Қазақстан балама негізде 2018-2020 жылдары Ұйым қызметінің саяси, әкімшілік және қаржы мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ISO кеңесіне мүше 20 елдің қатарына қосылды.Алдағы отырыста халықаралық ұйымның әрі қарай дамуының түйінді мәселелері қарастырылатын болады:1) 2018 жылға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру;2) ИСО қызметіне өңірлік қатысудың жетекші қағидаттарын бекіту;3) Басқа ұйымдармен техникалық ынтымақтастық қағидаттары;4) ISO IT 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы.Сондай-ақ, ТРМК Төрағасы ISO басшыларымен және шетелдік Ұлттық стандарттау органдары өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді.Қазақстанның ISO Кеңесінде қатысып, халықаралық стандарттауды қалыптастыру кезіндегіт негізгі міндет ұлттық мүдделердің ұпайын түгендеу, ISO техникалық комитеттер жұмысына қазақстандық сарапшылардың қатысуын белсендіру және халықаралық стандарттау қағидаттарына мамандарды оқыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17037?lang=kk
АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 10.04.2025
2018 жылғы 28 ақпанда Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыптарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.Шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты мамандардың білімін арттырып, жаңа заңнама талаптары мен оларды іс жүзінде қолдануды үйреті болып табылады. Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, мемлекеттік қызметке кіру ережелері жаңа заңның негізгі айырмашылықтары, енгізілген өзгерістердің мақсаты түсіндіріліп, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірушілерді қабылдаудың жаңа жүйесі туралы, сонымен қоса мемлекеттік орган ішінде мемлекеттік қызметкердің басқа лауазымға ауысу рәсімі туралы сұрақтар көтерілді.Отырыс қорытындысы бойынша ашық диалогтар орын алып, қызу пікір алмасу орын алды. Қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17028?lang=kk
ҚР ИДМ ТРМК БҚО «ОРАЛ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ» ЖШС-ДЕ ҚЫЗМЕТТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 6 наурызда ҚР ИДМ ТРМК БҚО бойынша департаментінің басшысы және «ҚазСтИн» РМК БҚФ маманы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-не барып қайтты. Зауыт 2014 жылғы желтоқсанда өткен телекөпір кезінде іске қосылған.Жобаның мақсаты жылына 12000 дана күштік трансформаторларды (кернеу класы 6-10 кВ, қуаттылығы TMГ 25-2 500 кВА үшфазалы қуатты майлы трансформаторлар) өндіруді ұйымдастыру болып табылады.Зауыт өндіру барысында жетекші батыс еуропалық компаниялардың жоғары технологиялық жабдықтарын пайдаланады.Жұмыс сапары барысында кәсіпорынның жоғары вольтты жабдықтарды экспорттау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар департамент басшысы Салават Вахитов Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі, «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторы туралы ақпарат берді.Кездесу соңында компания қызметкерлері берілген ақпарат үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17019?lang=kk
ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ КЕЗІНДЕ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті әкімшілік тәжірибеде өлшем құралдарын қолдану тәртібін түсіндіру бойынша семинар-жиналыс өткізді.Іс-шараның басты мақсаты халықтың Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасы саласындағы құқықтық сауаттылығы арттыру, сонымен қоса өлшем нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағадайда өз құқықтарын сақтау үшін қандай іс-шаралар қолдану керектігі болып табылады.Ең алдымен, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылатынын білу қажет.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 802 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау себептерінің бірі ол арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарының көрсеткiштерi, оның ішінде автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы, көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi.Осыған орай өлшем құралдар көлік құралдың жүру жылдамдығын анықтау үшін, ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерін анықтау үшін, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйделікті анықтау үшін және т.б. жағдайларда қолданылады.Аталмыш өлшем құралдар мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын басқа да өлшем құралдары сияқты Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының талаптарына сәйкес, түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.Оған қоса, уәкілетті органдармен салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдар қолданған жағдайда, сол өлшем құралдардың негізінде анықталған бұзушылықтар жоққа шығарылады, сонымен қоса салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарды қолданғаны үшін уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 419 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.Іс-шара қорытындысы бойынша, өлшем құралдардың өлшем нәтижелерінің негізінде әкімшілік тәртіпке тартылған жағдайда, сол өлшем құралдың салыстырып тексеру туралы сертификатын талап ету, сол сертификаттың мерзіміне назар аудару, сертификатта көрсетілген өлшем құралдының типі мен зауыт нөмерін өлшем құралда көрсетілген тип пен зауыт нөмерімен салыстыру ұсынылды, сонымен қоса салыстырып тексеру сертификаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе сертификаттың мүлдем жоқ болу жағдайларында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттеріне хабарласу ұсынылды.Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 11 үй, «Эталон орталығы» ғимараты, телефондар: 750541, 750542, 750543, электронды мекенжайgosnadzor_astana@mail.ru.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/17011?lang=kk
Алматыда Универсиада -2017 салтанатты түрде ашылды 10.04.2025
– Бұл стадионда жер шарындағы жетекші жоғары оқу орындарының жүздеген өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, өзінің мансабын келешекте экономикамен, саясатпен, бизнеспен байланыстыратындар да жоқ емес, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.– Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.– Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Универсиада өтіп жатқан орынның бірегейлігіне назар аударды.– Алматы – 1000 жылдық тарихы бар қала, Қазақстанның жаңа дәуірі бастау алған алтын бесік. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи қала, іскерлік орталығы және ел экономикасының қозғаушы күші. Жастар қаласы. Студенттер қаласы. Қазақстанның жоғары оқу орындарының үштен бірі осында орналасқан, оларда 137 мың студент білім алуда. Аты аңызға айналған және бәріміз жақсы көретін «Медеу» мұз айдыны бұрынғы даңқын қайта жаңғыртып, қайтадан ауқымды жарыстардың атмосферасын сезіндіретін болады. Іле Алатауы бөктерінде «Шымбұлақ» алмастай жарқырап тұрады. Универсиада саламатты өмір салтының рәмізіне айналады. Оның нәтижесін ұлтымыздың денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен салыстыруға болады, – деді Қазақстан Президенті.Нұрсұлтан Назарбаев жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін осы жаһандық мерекені әзірлеуге атсалысқандардың бәріне, соның ішінде үш мың волонтерге, Халықаралық студенттік спорт федерациясына және оның президенті О.Матыцинге алғыс білдірді.akorda.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16869?lang=kk
ШҚО-ДА ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫ ҮШІН МАҚСАТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер жөніндегі кеңесіне қатысты.Ғылыми қызметкерлермен және өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кездесу Шығыс Қазақстан облысының Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетінде өтті.Онда жоғары оқу орнының ректоры Жасұлан Шаймарданов министрді индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін маман дайындау жобаларымен және Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп, 2017-2019 жылдарға арналған мақсатты ғылыми-технологиялық бағдарламаға дайындықтарымен таныстырды.Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндіру аясындағы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Өскемен қаласына жасаған бүгінгі сапарының аясында барған соңғы шара осы болды.Министр бұл сапарында облыс әкімі Даниял Ахметовтың халыққа есеп беру кездесуіне қатысты және аймақтағы бірқатар жетекші индустриялдық кәсіпорындардың жұмысымен танысты.Осы аптада ҚР Инвестициялар және даму министрі бастаған ақпараттық-насихаттық топ Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарындағы тұрғындармен кездесу өткізетінін атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16828?lang=kk
Пәтер кезегінде тұрғандар Атлеттер ауылынан кілттерді алды 10.04.2025
Пәтер алу кезегінде тұрған 2 мыңнан астам алматылық отбасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған болашағы зор жаңа ықшам аудан тұрғындарына айналды, олардың арасында 1 және 2 топ мүгедектері, жетімдер, ата – ана қарауынсыз қалған балалар, соғыс және еңбек ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер, және басқалары бар. Сатып алынатын арендалық пәтердің бір шаршы метрінің құны 1036 дан 1126 теңгені құрайды, жалға беру мерзімі 20 жыл.«Өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қорғалған 3 мыңнан астам отбасы жаңа пәтер алды. 2017 жылы 3200 – ден астам алматылық жаңа қонысқа ие болады, солардың 1700 – ден астамы бүгін пәтер кілттерін алды. Бүкіл дүниежүзілік Универсиада чемпиондарына есік ашқан жерге жаңа қоныстанушылар келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Универсиада мұрасы» аясында 140 мыңнан астам оргтехника, атлеттер ауылындағы арнайы қондырғылар 500 әлеуметтік мекемелерге таратылды. 700 мыңнан астам арнайы спорттық және кәсіби қондырғылар қаланың спорт мектептері мен әлеуметтік нысандарына берілді», - деді Б.Байбек.Атлеттер ауылының аумағы 23 гектардан астам, мұнда 14 үй салынған. Видео бақылау, өрт қауіпсіздігі қарастырылған. Бұл кешенде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта бөлімшелері мен полицияның тірек пункті жумыс істейді. Құрылыс кезінде тек отандық материалдар пайдаланылды.Атап өтерлік жайт, соңғы 8 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға жергілікті бюджеттен 300 млрд. теңге бөлінді, толық инфрақұрылым, әкімшілік орталық пайда болды. Бала бақшалар, емханалар салынды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиалық орталығы, «Алматы арена» мұз сарайы, қолөнершілер орталығы ашылып, тұрғындардың мәдени және рухани танымы артты. Жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды мектеп, күніне 500 және 200 адам қатынайтын емхана құрылыстары аяқталып қалды, 32 көшенің жол жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/16598?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық қызмет тарифін төмендету мәселесі жөнінде кезекті кеңес өткізді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері басшыларымен кезекті кеңес өткізілді.Бұл кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы Үкімет отырысында берген Ұлттық экономика министрлігінің Энергетика, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен, облыс, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерімен су-, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет және ПИК қызметінің тарифін төмендету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.Вице-министр Комитет пен оның аумақтық бөлімше басшыларының табиғи монополия субъектілерінің тариф төмендету бойынша қабылдаған және жүргізіп жатқан шаралары туралы есебін тыңдады. Жалпы елімізде 74 Қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 2 334 адам қатысқан .Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің заңнаманы сақтауын анықтау бойынша 48 жоспардан тыс тексеру өткізуге бастамашы болды.Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.Вице-министр Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуналдық қызметтің тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16584?lang=kk
«E-ТРМК» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУДІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ 10.04.2025
Бүгін ҚР ИДМ медиа-орталығы алаңында ҚР ИДМ Технологиялық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов баспасөз мәслихатына жиналған журналистерге кәсіпкерлер үшін «Е-ТРМК» электрондық жүйесі бизнесін жүргізуді қалай жеңілдетуге болатынын айтты.Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі блок жүйелерін бір платформаға біріктіретін - техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау «Е-ТРМК» бірыңғай электрондық жүйесіндегі дерекқорларды цифрлық форматқа өзгерту қажет. «Стандарттау туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші оқылымына дайындалуда. Осыдан кейін кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына беріледі. Заңға сәйкес Ұлттық органға 11 қызмет жүктеледі. Жаңа Заңда процестерді автоматтандыру заңнамалық негізде қарастырылған.Биыл I кезеңде екі процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Олар: «стандарттау жоспарын құру мен ««Е-ТК» порталы». Стандарттау жоспарын құру тек қана электрондық форматта жүргізіледі. Бұл арыз берушінің Жоспарды құру кезеңінде арызды қадағалауына және түзетуіне мүмкіндік береді.Көпшіліктің пікірін қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамтау және жүйе қатысушыларын тарту мақсатында әлемнің кез-келген нүктесінен интернетке қол жеткізе алатын стандарт жобаларын талқылау ашықтығын қамтамасыз ететін е-ТК порталын құру арқылы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысын автоматтандыру жоспарлануда. Нәтижесінде, қазақстандықтар өз смартфонының көмегімен стандарттарға еркін қол жеткізе алады.Ғалымжан Дұғалов айтқандай, өнім қауіпсіздігі техникалық реттеу объектілері мен субъектілердің мемлекеттік бақылау мониторингі арқылы қамтамасыз етілетін болады. E-ТРМК әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін қажет екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап іске асыруға/пайдалануға беруге дейін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мониторинг жөніндегі ақпарат E-ТРМК-да, оның ішінде кері қайтарылған және алынған өнім бойынша орналастырылады. Тұтынушылар үшін тауарды теңестіре алатын мобильді қосымшаны енгізу көзделуде.Сонымен қатар, сәйкестікті растау бойынша аудитор-сарапшыға сертификат беру, ҚР мемлекеттік рәміздерін шығаруға лицензия беру, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификат беру, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру, сондай-ақ шет елдердің халықаралық, өңірлік стандарттарын 8 күннен 4 күнге дейін тіркеуге қою сияқты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін қысқартылды және автоматтандырылды. Рұқсат құжаттарын беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде арыз беруден бастап соңғы нәтижеге қол жеткізуге дейін арыздарды қадағалауды енгізе отырып, толық автоматтандыруға көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.«Процестерді цифрландыру және автоматтандыру аясында «Салыстырап тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электронды есепке алу»Ақпараттық жүйесін әзірлеу қарастырылуда.Бұл жүйенің негізгі артықшылығы – процестің барлық қатысушыларын бірыңғай платформаға біріктіру, мемлекеттік бақылау кезінде деректер базасын қолдану және салыстырып тексеру клеймдеріне онлайн режимінде тапсырыс беру, автоматтандырылған өңдеу (арыз берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-сode оқып алу арқылы онлайн сертификаттарды қалыптастыру және түпнұсқалылығын тексеру, Call – орталықтарымен ақпараттық қолдау.«Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады. Бүгінгі күні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтардың 101 бірлігімен қамтамасыз етілген», - деді Ғ.Дұғалов.Осылайша, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыру 2 кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде сол жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімінің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.Екінші кезеңде электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қатысушылар үшін Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануды. Бұл арыз берушінің (жеке куәлік, тіркеу куәлігі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі және т.б. сияқты) керексіз құжаттарын/деректерін ұсынуды азайтады.Сонымен қатар, штрих-кодты, радиожиілікті сәйкестендіруді, қауіпсіздік маркерін есепке ала отырып, мобильдік қосымшалар түріндегі Оnline-сервис әзірленуде.Мұның бәрі техникалық реттеу жүйесінің негізгі мақсатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – бұл жаңартылған жүйе арқылы субъектілер мен техникалық реттеу объектілерін мониторингілеу арқылы өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Осылайша, техникалық реттеу жүйесінің процестерін автоматтандыру бизнесті жүргізу мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жүйені тұтастай «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16538?lang=kk
Қарабатандағы «Газ турбиналы электрстансасы» құрылыс алаңындағы болған апат жағдайын түсіндіру жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда 10.04.2025
2018 жылы 2 наурызда «PSI Stroy Industriya»ЖШС жұмысшылары тұратын контейнерлік жатақханада болған қайғылы оқиғаны тексерген арнайы үкіметтік комиссияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев басқарды. Аталған комиссия құрамында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері, Атырау обылысы әкімдігінің қызметкерлері және «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің жұмысшылары мен жұмыс берушілері де болды.Еске сала кетейік, алапат өрт салдарынан Атырау қаласының ауруханасына түрлі дене жарақатын алған 4 жұмысшы жеткізіліп, оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Бұдан бөлек тағы бір жұмысшы алған ауыр жарақатынан 3 наурыз күні көз жұмды. Оқиға орнына келген комиссия мүшелері өрт шыққан жатаханадан бөлек жұмысшылар тұратын тағы 6 жатақхананы тексерді. Нәтижесінде оларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталды. Үкіметтік комиссия оқиғаның себеп-салдары анықталғанға дейін, жатақхана жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.Айта кету керек, газ турбиналы электр станса құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған болатын. Бұл құрылыс нысанында 850 адам бар, олар екі ауысым кестесімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы 7 жатаханамен қамтылған.Тергеудің алдын-ала қорытындылары бойынша алғашқы өрт шыққан аумақ кептіру бөлмесі болуы ықтимал екендігі анықталды, себебі онда конвекторлы электр жылытқышы орнатылған. Өрттің техникалық себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан жақын маңдағы тұрмыстық заттар жануы мүмкін. Алдын-ала тергеудің қорытындысы бойынша, осы топтағы жазатайым оқиғалар ҚР Еңбек кодексінің 186-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты болып отыр. Жұмыс беруші әрбір жәбірленушіге және қайтыс болған адамға жазатайым оқиғаға қатысты H1 түрінде акт толдырды. «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің басшылығы өрттен зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетті. Компания оқиғадан қаза болған азаматтардың денесін жеке ұшақпен тұрғылықты жеріне жеткізу, жерлеу рәсіміне кеткен шығындарды толық өтеп, марқұмдардың туыстарына депозиттер ашып берді. Қазіргі кезде жұмыс беруші комапния материалдық көмекке 50 млн. теңге бөліп, бұл қаражат осы шоттар арқылы берілді.Компанияның барлық қызметкерлері жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Осылайша, қайтыс болған адамдардың асырауындағы жандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдерін алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16517?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды 10.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек министрі жұмыс сапарымен барған бірінші өңір болды.Ведомства басшысы аймақтағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы мен жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмектің қалай жүзеге асып жатқанымен танысып, Петропавл қаласы мен аудан әкімдерімен жиын өткізді. Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілері қатысып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша жол картасын жүзеге асыру жағдайы сөз болды. Министр Мәдина Әбілқасымованың өңірге жасаған жұмыс сапарының маңызы да осында. Еске сала кетейік, өткен жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шарасы кезінде тұрғындардың мәртебесі деректер базасында тексерілген болатын. Нәтижесінде, 13,2 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды. Үй-үйді аралау кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 млн. адам рәсімделді, оның 130 мыңдайы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Министр осы мәселенің өзектілігін айта келе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екі санатқа бөлу керектігіне назар аударды.«Бірінші топ – бейресми жұмыспен қамтылғандар, яғни ешқандай еңбек келісім шартынсыз тіркелмеген жеке кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар. Бұл облыста олардың қатары 39 мың адамнан асып шығылады.Егер осы санат бойынша оларды рәсімдеу орталық деңгейде жүргізілсе - жеңілдетілген салық пен тіркеу, шағын несие беру тетіктерін кеңейту қамтамасыз етіледі. Содан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған екінші топ үшін жергілікті деңгейде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге нақты шаралар қабылдау қажет. Бұлардың саны СҚО 36 мың адамнан асады» - деді министрі Мәдина Әбілқасымова.Осы ретте ведомства жетекшісі облыс басшылығына биыл 27,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүргендерді нәтижелі жұмысқа тартуды қадап тапсырды.Облыс әкімінің орынбасары Асхат Сәкіпкереев алға қойылған міндеттерді орындауда қабылданған шаралар туралы баяндады.«Бүгінде облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша Жол картасы және оларды жұмысқа орналастырудың жоспары бекітілді. Бұл 13,3 мыңнан астам жұмыссыз және 14 мың нәтижесіз жұмыс істеп жүргендерді өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.», -деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.Жиын барысында сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.Нәтижесінде, республика бойынша жарты млн-нан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы құны 34 млрд. теңгеден асатын 7300 шағын насие берілді. Соның арқасында 4200 адам жеке кәсіп ашты.Өңірде жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына министр оң баға берді. Бұл бағытта жұмыспен қамту (4,3 мың жұмыссыз), оқыту (2,8 мың адам) және микрокредит (432) бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жетті.Бұдан бөлек Мәдина Әбілқасымова халық тығыз орналасқан, жұмыс күші көп аймақтардан азаматтарды көшіруде жергілікті атқарушы органдар істейтін жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.«Аймақта оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыру жеткіліксіз деңгейде. 2017 жылы еңбекке қабілеті бар адамдардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылды», - деп қорытындылады министр. Ол аймақтағы демографиялық тепе-теңдіктің жоқтығын да айтты, яғни 1000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші өңірде 13,6 адам болып отыр.Осыған байланысты облыс пен барлық аудан, ауыл әкімдеріне көшіп келген халықты жұмыспен қамту және еңбек ағындарын реттеуді барынша тиісті деңгейде жүргізу міндеті қойылды.Сондай-ақ кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, атап айтқанда еңбекақыны уақтылы төлеу мәселелері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16493?lang=kk
2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 87 млрд. теңге қарастырылып отыр 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады. Ведомства басшысы аталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл үшін аймақтарда жұмыспен қамтуға кемектесу үшін кешенді жоспарлар қабылданды.«Биыл жұмыспен қамту шараларымен 570 мыңнан астам адам қамтылады, оның ішінде 37 мың адам оқуға жіберіледі. Тиімді жұмыс атқару үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта форматтаймыз.»- деді ведомства басшысы.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында тұрған міндеттің тағы бірі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру екендігін Мәдина Әбілқасымова айтып өтті. Осы жылы жұмыс берушілермен бірігіп еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесін қосу жоспарлануда. Осыған сәйкес пилотты жоба ретінде «e-HR» жүйесі іске асады. (электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, электрондық еңбек кітапшаларын ендіру).Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтің электронды порталын медициналық-әлеуметтік қызметті модернизациялаумен қатар дамыту көзделіп отыр.Мәдина Әбілқасымова Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру екендігін де атап өтті. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды. Бұл 3 млн. адамның әлеуметтік төлемін ортша есеппен 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді.Ал, жаңа жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмекті 350 мың адам алады деп жоспарлануда. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы басқаша есептеледі. Еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады. Бұл 2,1 млн. зейнеткерді қамтымақ. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай бала кезден кәмелетке толған І топтағы мүгедектерді асырап отырған ата-аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16463?lang=kk
VIII Азаматтық форум алаңында тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселесі жөніндегі міндеттер талқыланды 10.04.2025
2018 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі VIII Азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес сала өкілдерімен салалық кездесу өткізді.Министрлік тарапынан Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев, Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев сөз сөйледі.Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ, «Тұтынушылар құқықтарын қорғау Ассоциациясы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы» т.б. қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.Әңгімелесу барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев мемлекеттік саланың азаматтық институттармен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.МЕҰ өкілдері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жақсарту мен кеңейту, үкіметтік емес саланы дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастық мүмкін болатын салалар туралы өз ұсыныстарын жеткізді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолдағы бар заңнамадағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Бұл жерде біз қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін барынша іске қосу үшін айтарлықтай күш саламыз» - Дарбаев атап өтті.Дарбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды институционалдық күшейту, ҮЕҰ-лардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сараптамасын жасау жақын болашақтағы жұмыстың басты бағытына айналады.Министрлік өкілдері мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығын құру шеңберіндегі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол тұтынушылардың құқығының сақталуын мониторингілеу (бақылау), олардың құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде тікелей қорғауға қатысу, тұтынушылық нарықтағы түрлі сараланым мен жосықсыз мінез-құлық тәжірибесінің барлық түріне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптамалар мен бағалаулардың нәтижелерін жариялау, азаматтардың құқықтық сана-сезімін өсіруге ықпал ететін болады.Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіндегі жүргізілген реформалардың негізгі аспектілері туралы баяндады.«Біздің тарапымыздан жүргізілген жұмыс тұтастай алғанда, бақылау-қадағалау қызметінің жағдайын талдаудан басталды. Бұл талдаудың нәтижелері біздің тарапымыздан жүйелі негізде жүргізілген реформалардың арқасында бүгінде құқықтық статистика деректері бойынша тексерістердің жалпы саны 2010 жылдан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 4 есе қысқартылды», - деді Жақыпов.Бүгінде бизнес жүктемелерінің едәуірі тексеріс жүргізу мерзімі болып отыр. Себебі бүгінде тексеруші тексеру жүргізу кезінде кәсіпкердің қасында көп уақыт өткізеді. Сондықтан заң арқылы айрықша тәртіп бойынша тексеріс жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, ал жоспардан тыс тексеріс 30-дан 10 жұмыс күніне қысқартылды.Спикердің пікірінше, енгізілген профилактикалық бақылау институты бизнес субъектілерімен өзара әріптестік қатынас құруғаа мүмкіндік береді және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қалыптасқан жүйесі кезіндегі тексерушілердің болмысы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертеді.Кездесуге қатысушылар мемлекеттік орган қабылдаған шаралар кәсіпкерлердің табиғи монополия мен квазимемлекеттік сала субъектілерінің өзара әрекеттестігі кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу мен олардың мүддесін қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға және өзін өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқарбек Ертаев баяндады.«2000-2016 жылдар аралығында бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы берілді. Мәселен, ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызмет, тұқымдық мал шаруашылығы мәртебесін беру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өндіруге квота бөлу, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстық көрмесін және басқаларды өткізу».Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру жұмыстарының тиімділігін артыру үшін тиісті заң жобасы әзірленді.«Заң жобасын құру кезінде біздің тарапымыздан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесі зерттелді. Мәселен, АҚШ-та Федералдық билік органдарының функцияларын инвентарлау туралы заң әрекет етеді. Ол атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын табиғаты жағынан бірмағыналы мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар арқылы іске берілетін функцияларды белгілейді»,-деді Ертаев.Ертаевтың айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға жүйелі түрде беру, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, оның ішінде өзін өзі реттеуді дамыту арқылы; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ билік пен бизнестің ынтымақтастығын қоғам алдындағы міндеттемелерін сапалы орындауға жауапкершілік алуға дайын болуы секілді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҮЕҰ-мен барынша тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің жаңа тетіктерінің пайда болуының қажеттігін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16436?lang=kk
2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд. теңге бөлінді 10.04.2025
Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға, 17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға, 18 880 т. – үшінші балаға) 21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16428?lang=kk