Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық қызмет тарифін төмендету мәселесі жөнінде кезекті кеңес өткізді 10.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері басшыларымен кезекті кеңес өткізілді.Бұл кеңес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ағымдағы жылғы 13 қарашадағы Үкімет отырысында берген Ұлттық экономика министрлігінің Энергетика, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен, облыс, Астана, Алматы мен Шымкент қалалары әкімдіктерімен су-, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет және ПИК қызметінің тарифін төмендету бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.Вице-министр Комитет пен оның аумақтық бөлімше басшыларының табиғи монополия субъектілерінің тариф төмендету бойынша қабылдаған және жүргізіп жатқан шаралары туралы есебін тыңдады.       Жалпы елімізде 74 Қоғамдық қабылдау өткізіліп, оған 2 334 адам қатысқан .Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің заңнаманы сақтауын анықтау бойынша 48 жоспардан тыс тексеру өткізуге бастамашы болды.Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады.Вице-министр Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің коммуналдық қызметтің тарифін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындаудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16584?lang=kk
«E-ТРМК» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БИЗНЕСІН ЖҮРГІЗУДІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ 10.04.2025
Бүгін ҚР ИДМ медиа-орталығы алаңында ҚР ИДМ Технологиялық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов баспасөз мәслихатына жиналған журналистерге кәсіпкерлер үшін «Е-ТРМК» электрондық жүйесі бизнесін жүргізуді қалай жеңілдетуге болатынын айтты.Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі блок жүйелерін бір платформаға біріктіретін - техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау «Е-ТРМК» бірыңғай электрондық жүйесіндегі дерекқорларды цифрлық форматқа өзгерту қажет. «Стандарттау туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші оқылымына дайындалуда. Осыдан кейін кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына беріледі. Заңға сәйкес Ұлттық органға 11 қызмет жүктеледі. Жаңа Заңда процестерді автоматтандыру заңнамалық негізде қарастырылған.Биыл I кезеңде екі процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Олар: «стандарттау жоспарын құру мен ««Е-ТК» порталы». Стандарттау жоспарын құру тек қана электрондық форматта жүргізіледі. Бұл арыз берушінің Жоспарды құру кезеңінде арызды қадағалауына және түзетуіне мүмкіндік береді.Көпшіліктің пікірін қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамтау және жүйе қатысушыларын тарту мақсатында әлемнің кез-келген нүктесінен интернетке қол жеткізе алатын стандарт жобаларын талқылау ашықтығын қамтамасыз ететін е-ТК порталын құру арқылы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысын автоматтандыру жоспарлануда. Нәтижесінде, қазақстандықтар өз смартфонының көмегімен стандарттарға еркін қол жеткізе алады.Ғалымжан Дұғалов айтқандай, өнім қауіпсіздігі техникалық реттеу объектілері мен субъектілердің мемлекеттік бақылау мониторингі арқылы қамтамасыз етілетін болады. E-ТРМК әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін қажет екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап іске асыруға/пайдалануға беруге дейін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мониторинг жөніндегі ақпарат E-ТРМК-да, оның ішінде кері қайтарылған және алынған өнім бойынша орналастырылады. Тұтынушылар үшін тауарды теңестіре алатын мобильді қосымшаны енгізу көзделуде.Сонымен қатар, сәйкестікті растау бойынша аудитор-сарапшыға сертификат беру, ҚР мемлекеттік рәміздерін шығаруға лицензия беру, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификат беру, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру, сондай-ақ шет елдердің халықаралық, өңірлік стандарттарын 8 күннен 4 күнге дейін тіркеуге қою сияқты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін қысқартылды және автоматтандырылды. Рұқсат құжаттарын беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде арыз беруден бастап соңғы нәтижеге қол жеткізуге дейін арыздарды қадағалауды енгізе отырып, толық автоматтандыруға көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.«Процестерді цифрландыру және автоматтандыру аясында «Салыстырап тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электронды есепке алу»Ақпараттық жүйесін әзірлеу қарастырылуда.Бұл жүйенің негізгі артықшылығы – процестің барлық қатысушыларын бірыңғай платформаға біріктіру, мемлекеттік бақылау кезінде деректер базасын қолдану және салыстырып тексеру клеймдеріне онлайн режимінде тапсырыс беру, автоматтандырылған өңдеу (арыз берушінің жеке кабинеті арқылы), QR-сode оқып алу арқылы онлайн сертификаттарды қалыптастыру және түпнұсқалылығын тексеру, Call – орталықтарымен ақпараттық қолдау.«Жаңа жүйе бизнес үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болады. Бүгінгі күні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтардың 101 бірлігімен қамтамасыз етілген», - деді Ғ.Дұғалов.Осылайша, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыру 2 кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде сол жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімінің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.Екінші кезеңде электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қатысушылар үшін Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануды. Бұл арыз берушінің (жеке куәлік, тіркеу куәлігі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі және т.б. сияқты) керексіз құжаттарын/деректерін ұсынуды азайтады.Сонымен қатар, штрих-кодты, радиожиілікті сәйкестендіруді, қауіпсіздік маркерін есепке ала отырып, мобильдік қосымшалар түріндегі Оnline-сервис әзірленуде.Мұның бәрі техникалық реттеу жүйесінің негізгі мақсатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – бұл жаңартылған жүйе арқылы субъектілер мен техникалық реттеу объектілерін мониторингілеу арқылы өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Осылайша, техникалық реттеу жүйесінің процестерін автоматтандыру бизнесті жүргізу мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жүйені тұтастай «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16538?lang=kk
Қарабатандағы «Газ турбиналы электрстансасы» құрылыс алаңындағы болған апат жағдайын түсіндіру жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда 10.04.2025
2018 жылы 2 наурызда «PSI Stroy Industriya»ЖШС жұмысшылары тұратын контейнерлік жатақханада болған қайғылы оқиғаны тексерген арнайы үкіметтік комиссияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Алтаев басқарды. Аталған комиссия құрамында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет өкілдері, Атырау обылысы әкімдігінің қызметкерлері және «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің жұмысшылары мен жұмыс берушілері де болды.Еске сала кетейік, алапат өрт салдарынан Атырау қаласының ауруханасына түрлі дене жарақатын алған 4 жұмысшы жеткізіліп, оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Бұдан бөлек тағы бір жұмысшы алған ауыр жарақатынан 3 наурыз күні көз жұмды.  Оқиға орнына келген комиссия мүшелері өрт шыққан жатаханадан бөлек жұмысшылар тұратын тағы 6 жатақхананы тексерді. Нәтижесінде оларда санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаны анықталды. Үкіметтік комиссия оқиғаның себеп-салдары анықталғанға дейін, жатақхана жұмысын тоқтатуға шешім қабылдады.Айта кету керек, газ турбиналы электр станса құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған болатын. Бұл құрылыс нысанында 850 адам бар, олар екі ауысым кестесімен жұмыс істейді. Жұмысшылардың барлығы 7 жатаханамен қамтылған.Тергеудің алдын-ала қорытындылары бойынша алғашқы өрт шыққан аумақ кептіру бөлмесі болуы ықтимал екендігі анықталды, себебі онда конвекторлы электр жылытқышы орнатылған. Өрттің техникалық себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан жақын маңдағы тұрмыстық заттар жануы мүмкін. Алдын-ала тергеудің қорытындысы бойынша, осы топтағы жазатайым оқиғалар ҚР Еңбек кодексінің 186-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарына байланысты болып отыр. Жұмыс беруші әрбір жәбірленушіге және қайтыс болған адамға жазатайым оқиғаға қатысты H1 түрінде акт толдырды.  «PSI Stroy Industriya» ЖШС-нің басшылығы өрттен зардап шеккендер мен қаза болған жұмысшылардың отбасына жан-жақты көмек көрсетті. Компания оқиғадан қаза болған азаматтардың денесін жеке ұшақпен тұрғылықты жеріне жеткізу, жерлеу рәсіміне кеткен шығындарды толық өтеп, марқұмдардың туыстарына депозиттер ашып берді. Қазіргі кезде жұмыс беруші комапния материалдық көмекке 50 млн. теңге бөліп, бұл қаражат осы шоттар арқылы берілді.Компанияның барлық қызметкерлері жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Осылайша, қайтыс болған адамдардың асырауындағы жандар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру төлемдерін алатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16517?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды 10.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек министрі жұмыс сапарымен барған бірінші өңір болды.Ведомства басшысы аймақтағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы мен жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмектің қалай жүзеге асып жатқанымен танысып, Петропавл қаласы мен аудан әкімдерімен жиын өткізді. Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшілері қатысып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша жол картасын жүзеге асыру жағдайы сөз болды. Министр Мәдина Әбілқасымованың өңірге жасаған жұмыс сапарының маңызы да осында.    Еске сала кетейік, өткен жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық шарасы кезінде тұрғындардың мәртебесі деректер базасында тексерілген болатын. Нәтижесінде, 13,2 млн адамның әлеуметтік мәртебесі анықталды. Үй-үйді аралау кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 млн. адам рәсімделді, оның 130 мыңдайы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.    Министр осы мәселенің өзектілігін айта келе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екі санатқа бөлу керектігіне назар аударды.«Бірінші топ – бейресми жұмыспен қамтылғандар, яғни ешқандай еңбек келісім шартынсыз тіркелмеген жеке кәсіпкерлер және жалдамалы жұмысшылар. Бұл облыста олардың қатары 39 мың адамнан асып шығылады.Егер осы санат бойынша оларды рәсімдеу орталық деңгейде жүргізілсе - жеңілдетілген салық пен тіркеу, шағын несие беру тетіктерін кеңейту қамтамасыз етіледі. Содан кейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған екінші топ үшін жергілікті деңгейде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге нақты шаралар қабылдау қажет. Бұлардың саны СҚО 36 мың адамнан асады» - деді  министрі Мәдина Әбілқасымова.Осы ретте ведомства жетекшісі облыс басшылығына биыл 27,5 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүргендерді нәтижелі жұмысқа тартуды қадап тапсырды.Облыс әкімінің орынбасары Асхат Сәкіпкереев алға қойылған міндеттерді орындауда қабылданған шаралар туралы баяндады.«Бүгінде облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу бойынша Жол картасы және оларды жұмысқа орналастырудың жоспары бекітілді. Бұл 13,3 мыңнан астам жұмыссыз және 14 мың нәтижесіз жұмыс істеп жүргендерді өнімді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.», -деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.Жиын барысында сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы жылдың қорытындысы жарияланды.Нәтижесінде, республика бойынша жарты млн-нан астам тұрғын жұмыспен қамту шараларына қатысты. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 300 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жалпы құны 34 млрд. теңгеден асатын 7300 шағын насие берілді. Соның арқасында 4200 адам жеке кәсіп ашты.Өңірде жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына министр оң баға берді. Бұл бағытта жұмыспен қамту (4,3 мың жұмыссыз), оқыту (2,8 мың адам) және микрокредит (432) бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жетті.Бұдан бөлек Мәдина Әбілқасымова халық тығыз орналасқан, жұмыс күші көп аймақтардан азаматтарды көшіруде жергілікті атқарушы органдар істейтін жұмысын жандандыру қажеттігін айтты.«Аймақта оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарды жұмысқа орналастыру жеткіліксіз деңгейде. 2017 жылы еңбекке қабілеті бар адамдардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылды», - деп қорытындылады министр. Ол аймақтағы демографиялық тепе-теңдіктің жоқтығын да айтты, яғни 1000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші өңірде 13,6 адам болып отыр.Осыған байланысты облыс пен барлық аудан, ауыл әкімдеріне көшіп келген халықты жұмыспен қамту және еңбек ағындарын реттеуді барынша тиісті деңгейде жүргізу міндеті қойылды.Сондай-ақ кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, атап айтқанда еңбекақыны уақтылы төлеу мәселелері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16493?lang=kk
2018 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына 87 млрд. теңге қарастырылып отыр 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады. Ведомства басшысы аталған бағдарламаны жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл үшін аймақтарда жұмыспен қамтуға кемектесу үшін кешенді жоспарлар қабылданды.«Биыл жұмыспен қамту шараларымен 570 мыңнан астам адам қамтылады, оның ішінде 37 мың адам оқуға жіберіледі. Тиімді жұмыс атқару үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қайта форматтаймыз.»- деді ведомства басшысы.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында тұрған міндеттің тағы бірі әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру екендігін Мәдина Әбілқасымова айтып өтті.  Осы жылы жұмыс берушілермен бірігіп еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесін қосу жоспарлануда. Осыған сәйкес пилотты жоба ретінде «e-HR» жүйесі іске асады. (электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру, электрондық еңбек кітапшаларын ендіру).Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтің электронды порталын медициналық-әлеуметтік қызметті модернизациялаумен қатар дамыту көзделіп отыр.Мәдина Әбілқасымова Министрлік қызметінің басты бағыттарының бірі – әлеуметтік қамсыздандыру екендігін де атап өтті.  Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы қайта қаралды. Бұл 3 млн. адамның әлеуметтік төлемін ортша есеппен 16%-ға арттыруға мүмкіндік берді.Ал, жаңа жылдан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмекті 350 мың адам алады деп жоспарлануда. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы басқаша есептеледі. Еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тікелей байланысты болады. Бұл 2,1 млн. зейнеткерді қамтымақ.  Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай бала кезден кәмелетке толған І топтағы мүгедектерді асырап отырған ата-аналарға ай сайын төленетін жәрдемақы енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16463?lang=kk
VIII Азаматтық форум алаңында тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселесі жөніндегі міндеттер талқыланды 10.04.2025
2018 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі VIII Азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес сала өкілдерімен салалық кездесу өткізді.Министрлік тарапынан  Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев,  Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары  Асқарбек Ертаев сөз сөйледі.Кездесуге «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ, «Тұтынушылар құқықтарын қорғау Ассоциациясы», «Қазақстанның Азаматтық альянсы» т.б. қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.Әңгімелесу барысында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Асан Дарбаев мемлекеттік саланың азаматтық институттармен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.МЕҰ өкілдері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жақсарту мен кеңейту, үкіметтік емес саланы дамыту, сондай-ақ өзара ынтымақтастық мүмкін болатын салалар туралы өз ұсыныстарын  жеткізді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолдағы бар заңнамадағы құқықтық нормалар тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Бұл жерде біз қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін барынша іске қосу үшін айтарлықтай күш саламыз» - Дарбаев атап өтті.Дарбаевтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарды институционалдық күшейту, ҮЕҰ-лардың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігінің сараптамасын жасау жақын болашақтағы жұмыстың басты бағытына айналады.Министрлік өкілдері мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығын құру шеңберіндегі табысты ынтымақтастығына сенім білдірді. Ол тұтынушылардың құқығының сақталуын мониторингілеу (бақылау), олардың құқықтарын сотқа дейінгі және сот тәртібінде тікелей қорғауға қатысу, тұтынушылық нарықтағы түрлі сараланым мен жосықсыз мінез-құлық тәжірибесінің барлық түріне қатысты жүргізілген тәуелсіз сараптамалар мен бағалаулардың нәтижелерін жариялау, азаматтардың құқықтық сана-сезімін өсіруге ықпал ететін болады.Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесіндегі жүргізілген реформалардың негізгі аспектілері туралы баяндады.«Біздің тарапымыздан жүргізілген жұмыс тұтастай алғанда, бақылау-қадағалау қызметінің жағдайын талдаудан басталды. Бұл талдаудың нәтижелері біздің тарапымыздан жүйелі негізде жүргізілген реформалардың арқасында бүгінде құқықтық статистика деректері бойынша тексерістердің жалпы саны 2010 жылдан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 4 есе қысқартылды», - деді Жақыпов.Бүгінде бизнес жүктемелерінің едәуірі тексеріс жүргізу мерзімі болып отыр. Себебі бүгінде тексеруші тексеру жүргізу кезінде кәсіпкердің қасында көп уақыт өткізеді. Сондықтан заң арқылы айрықша тәртіп бойынша тексеріс жүргізу мерзімі 30-дан 15 жұмыс күніне, ал жоспардан тыс тексеріс 30-дан 10 жұмыс күніне қысқартылды.Спикердің пікірінше, енгізілген профилактикалық бақылау институты бизнес субъектілерімен өзара әріптестік қатынас құруғаа мүмкіндік береді және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қалыптасқан жүйесі кезіндегі тексерушілердің болмысы мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертеді.Кездесуге қатысушылар мемлекеттік орган қабылдаған шаралар кәсіпкерлердің табиғи монополия мен квазимемлекеттік сала субъектілерінің өзара әрекеттестігі кезіндегі құқығы мен мүдделерін қорғауды, сондай-ақ бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу мен олардың мүддесін қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелі ортаға және өзін өзі реттейтін ұйымдарға беру жөніндегі жүйелі жұмыстар туралы Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқарбек Ертаев баяндады.«2000-2016 жылдар аралығында бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы берілді. Мәселен, ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызмет, тұқымдық мал шаруашылығы мәртебесін беру, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын өндіруге квота бөлу, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, техникалық тексеруді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тағайындау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурстық көрмесін және басқаларды өткізу».Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру жұмыстарының тиімділігін артыру үшін тиісті заң  жобасы әзірленді.«Заң жобасын құру кезінде біздің тарапымыздан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесі зерттелді. Мәселен, АҚШ-та Федералдық билік органдарының функцияларын инвентарлау туралы заң әрекет етеді. Ол атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын табиғаты жағынан бірмағыналы мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар арқылы іске берілетін функцияларды белгілейді»,-деді Ертаев.Ертаевтың айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға жүйелі түрде беру, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, оның ішінде өзін өзі реттеуді дамыту арқылы; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ билік пен бизнестің ынтымақтастығын қоғам алдындағы міндеттемелерін сапалы орындауға жауапкершілік алуға дайын болуы секілді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҮЕҰ-мен барынша тығыз ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өзара әрекеттестіктің жаңа тетіктерінің пайда болуының қажеттігін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/16436?lang=kk
2017 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерге 106,5 млрд. теңге бөлінді 10.04.2025
Жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтіндерге – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны орташа есеппен 145,7 мың адам алды. Бұл ретте, жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай сараланып, 13 070 теңгеден  (бірінші балаға, 15 452 т. – екінші балаға,  17 812 т. – үшінші балаға) 20 195 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) беріледі.2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай 13 853 теңгеден (бірінші балаға, 16 379 т. – екінші балаға,  18 880 т. – үшінші балаға)  21 405 теңгеге дейін (төртінші және одан көп балаға) тағайындалады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2017 жылы жұмыс істейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 14,1 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер берді.Осы әлеуметтік төлемді алушылардың бір жылдағы орташа саны 230,9 мың адамды құрады. Бұл ретте, төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 %-ын құрады.Сондай-ақ, 2014 жылдың басынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста жүргенде, міндетті зейнетақы жарналары субсидияланады, бұл жинақталған зейнетақы қаражатының ұлғаюына ықпал етеді. Осы аралықта (2014-2017 жылдары) республикалық бюджеттен зейнетақы жарналарын субсидиялауға жалпы 16,5 млрд. теңге жұмсалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16428?lang=kk
ОКҚ-де еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті 10.04.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен «Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «еңбек нарығының тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 35-ші орынға ие болды. Бұл жаңартылған еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік серіктестермен бірге қабылданатын жүйелік шаралардың көрсетер нәтижесі.  «Өткен жылы үшжақты комиссия еңбекақы бойынша қарызы бар 305 кәсіпорынды анықтады. 2017 жылдың қорытындысында жұмыс берушілер тарапынан 22,1 мың жұмысшыға 3,1 млрд теңге берешек өндірілді. » Жұмысшыларды қысқартуды жоспарлаған 75 кәсіпорында 3,7 мың қызметкерді жұмыстан босатпауға бағытталған шаралар қабылданды, ал, 185 мыңнан астам жұмысшысы бар 422 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын кәсіпорындар ретінде тәуекелге жиі ұшырайтындар қатарында» - деді бас еңбек инспекторы.Өткен жылы жеке еңбек келісімшарттарының саны 60 мыңға артты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлерді қысқартудың алдын алуға бағытталған 115 мың меморандум жасалды.  Нәтижесінде 2,8 млн жұмыс орны сақталып қалды.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, 2017 жылы азаматтардың өтініштері бойынша 9 920 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.«Олардың басым бөлігі жалдамалы жұмысшылар және жұмыстан босатлығандар. Олардың шағымы бойынша 14,9 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесінде 467 млн. теңге айыппұл салу туралы санкциялар берілді.» -деді комитет төрағасы.Ақмәди Сарбасовтың пікірінше, еңбек қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде оң өзгерістер байқалады. Соңғы 3 жылда өндіріс орындарында зардап шеккендер қатары 16%-ға азайды.Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шегетін жұмысшылар тау-кен металлургиялық кешендерінде -16,0% және құрылыс индустриясында 15,2% болып тіркелген.Қорыта айтқанда жаңа Еңбек кодексі қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін өндірістік кеңестерді құруды қарастырады. Бүгінде мұндай 12 мыңнан астам кеңес құрылған кәсіпорын арасында 140 жұмыс берушіге «Сенім сертификаты» табысталды.Еске салай кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді.Жаңа еңбек заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында сарапшылар тобы жұмысты жалғастырып жатыр. Аталған тобқа бүгінге дейін жұмыс берушілерден, қызметкерлерден, азаматтардан 200-ге жуық ұсыныстар келіп түсті.Сарапшы тоб түсіп жатқан ұсыныстарды ескеріп, заңдағы өзгерістерді қарау үшін биыл Парламент қарауына жіберуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16427?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА «ДЖИ ТИ АЙ КАЗАХСТАН» ЖШС КЕЗДЕСУ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамызында № 874 бекіткен Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында және 2017 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облыстық департаменті «Джи Ти Ай Казахстан» ЖШС кездесу өткізді. Аралау барысында Қазақстандағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО), кәсіпкерлікті дамыту және қолдауымен техникалық реттеу сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жургізілді.«Джи Ти Ай Казахстан» ЖШС мамандары «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламенті» (КО ТР 035/2014) танысты.А также вопросы внедрения системы энергетического менеджмента в соответствии с требованиями международного стандарта серии ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, энергетикалық менджмент енгзізу сұрақтары, және кәсіпорында енгізілген ИСО 9001 немесе ИСО 14001 менеджмент жүйелерімен жұмысы ойынша сұрақтар толық түсіндірілді.Кедендік одақтың «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес барлық кәсіпорындарға таңбалау бөлігі туралы ақпарат жеткізілді.Презентация кезінде техникалық реттеу және метрология Комитеті - www.memst.kz сайтына, Еуразиялық экономикалық комиссия -www.eurasiancommission.org сайты бойынша ақпараттар ұсынылды.Кездесу барысында сұрақтарға жауап берілді, сонымен қатар техникалық регламенттер талабына сай шығарылатын өнімдердің сәйкестігін растау, таңбалау ЕЭО өтпелі ереженің қолданылуы бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16417?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Whats App мессенджерін іске қосты 10.04.2025
Енді, ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады», -деп атап өтті баспасөз хатшысы.  Айта кетейік, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды:жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу:базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау;кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу;өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу;әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау;мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау;саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі  +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16412?lang=kk
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шамамен 105 мыңнан астам келісімшарт жасалды 10.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.  Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда, жыл басынан бері жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырыла бастады.Еңбек министрінің айтуынша, соңғы үш жылда осыған даярлық жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда жаңа сипаттағы АӘК-тің прототипі болып табылатын «Өрлеу» жобасы іске асырылды. «Осының аясында, барлық қажетті құқықтық және нормативтік база әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды, АӘК тағайындаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.Бір мезетте жаппай өтініш білдірудің алдын алу үшін 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап АӘК алушылармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды», - деді Тамара Дүйсенова.Нәтижесінде бүгінгі күні 105 мың әлеуметтік келісімшарт жасалды, оның ішінде 88 мың отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ақшалай көмек пен мемлекеттік қолдау шараларын алады.Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сай, қаңтар айында аталған көмек 48,9 мың отбасына көрсетіледі. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жаңа сипаттағы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың істейтін жұмыстарына да тікелей байланысты болмақ.«Осы ретте, облыс әкімдері АӘК -ті алатын отбасыларды белгіленген кестеге сәйкес қамтуды, әсіресе жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, несиелер беруді және оқыту бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттардың орындалуын қатаң түрде қадағалауы қажет деп білемін», - деді сөз арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16384?lang=kk
ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ «ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ» ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Ғалымжан Дұғаловтың төрағалық етуімен «Қазақстан метрология институты» РМК («ҚазМетрИн») басшылығының 2017 жылғы және 2018 жылдың 1 тоқсандағы жұмыстарының қорытындысы туралы жыл сайынғы тыңдалымы өтті.Кездесуде Институттың қызметі таныстырылды және шетел метрологиялық институттарының ұлттық эталондарымен халықаралық салыстыруларға қатысу нәтижелері, Еуразиялық экономикалық кеңес (ЕЭК) аясында ынтымақтастық, Мемлекеттік стандарттық үлгілерді өндіру, зертханааралық салыстырулар және т.б қаралды.«ҚазМетрИн» РМК бас директоры Тоқтабек Тоқанов Институттың жетістіктерін, эталондарды салыстыруға қатысу нәтижелері бойынша Халықаралық өлшем және салмақ бюросының деректер базасында 65 калибрлеу және өлшеу мүмкiндiктерiнің (СМС жолдар) жарияланғанын атап өтті.Бұл республикада жүргізілетін өлшеулердің халықаралық деңгейде мойындалуы, сынақ және өлшеу зертханаларының, сәйкестікті растау органдарының қызметіне қатысты сенімділікке, ғылыми зерттеулерде серіктестік тәжірибесін кеңейтуге алдын ала жағдай жасайды.Сондай-ақ мемлекет үшін де, бизнес үшін де қажетті мемлекеттік эталондарды жаңғырту және қызмет көрсету мәселелері қаралды.Халықаралық ынтымақтастық аясында өлшем бірлігін қамтамсыз ету саласындағы жұмыстардың  нәтижелерін тану мақсатында ЕАЭО аумағында өзара жеткізілетін өнімдерге қатысты бірыңғай талаптар әзірленуде.Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем құралдарын, стандарттық үлгілерге, салыстырып тексеруге, өлшеулерді орындау әдістемелеріне, зертханааралық салыстыруларға, шама бірліктеріне, метрологиялық сараптамаға және т.б. сынауға қойылатын талаптарды белгілейтін 10 құқықтық акті қолданысқа енгізілді.Бұдан бөлек, жеке кабинет арқылы электрондық форматта өтінімдерді жіберуге және нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, көрсетілетін метрологиялық қызметтерді автоматтандыруға көшу жөніндегі мәселелер қаралды.Институт цифрландыру жүргізу мақсатында электрондық құжат айналымын енгізді, метрология саласындағы нормативтік құжаттарды іске асыру жөніндегі мамандандырылған Интернет-магазин іске қосылды.Биыл Институт алтын-күміс қоспасының МСҮ әзірлеуге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Білім беру мекемелерімен жұмыс аясында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ университтерімен үш жақты ынтымақтастық жүзеге асырылуда, Эталон орталығының базасында метрология жөніндегі оқулар жүргізіледі.Комитет төрағасы кеңес қорытындысы бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізуге байланысты жұмыстардың ұйымдастырылуын, Институттың жалпы жетістіктерін атап өтті және метрология, ғылыми–зерттеу жұмыстары мен Қазақстан Республикасының эталондық базасын дамыту саласындағы жұмыстарды жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/16370?lang=kk
2018 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі: бағдарламаның қалыптасу кезеңдері 10.04.2025
Биыл Астанада 19-22 маусым аралығында 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі өтеді. Әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда емес, тіпті ТМД аумағында алғаш рет өткелі отыр. Мерейтойлық ДТК өткізуге Қазақстанның таңдалуы кездейсоқ емес. Мемлекет ресурстары бай минералдық-шикізаттық базадан құрылған: жер қойнауында кезеңдік кестенің 99 элементі табылған, 5000 жұмыс істейтін кен орны, 60-тан астам элемент өндірісте пайдаланылады.ТМК нарығы көрсеткіштері бойынша 2017 жыл Қазақстан үшін табысты аяқталғанын айта кету қажет. Былтырғы жылдың қорытындыларына сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,1%-ға өскен. Түсті металл кенін өндіру көлемі 8,2%-ға көбейіп, темір кенін өндіру көлемі 6,9%-ға өскен. Металлургия секторындағы көрсеткіштер жоғары серпінді көрсетеді. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты: қара металлургияда көлем 6,6%-ға өскен, ал түсті металлургияда өндіріс 5,5% құрған.2017 жылдың 27 желтоқсанында қол қойылған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс енгізілімі ең таңдамалы әлем тәжірибесіне сай: халықаралық есептілік стандарттары жүйесін енгізу тұрғысынан заң шығаруды жетілдіру жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау рәсімін жеңілдетіп, жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға септеседі.Қазақстандағы Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессі «Инновациялық басымдық – әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді. Конгресс шеңберінде саланың инновациялық шешімдеріне, тау-кен өндірісіндегі жетекші әлем компаниялары саласына инвестицияларды тартуға арналған бірнеше тақырыптық сессиялар өтеді. Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы, Польшадағы Ғылым және техника Университетінің геомеханика факультетінің (AGH) деканы, 55-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы Марек Цала сөз сөйлейді. Марек Цала – тау жынысы Механикасы (ISRM) халықаралық қоғамының, сондай-ақ Жер қыртысы және Геотехника (ISSMGE) халықаралық қоғамының мүшесі.Тау-кен саласының әлем сарапшылары «Тау-кен өндірісіндегі технологиялық инновациялар және озық тәжірибе – болашақ бүгін басталады» атты пленарлық отырысқа қатысады. Модераторы – Вирджиния көмір және энергетика саласындағы зерттеулер орталығының директоры Микаэль Кармис. Шақырылған спикерлер арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бакытжан Сагинтаев, ERG S.a.r.l  менеджерлер кеңесінің Төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), Rio Tinto бас орындаушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American бас орындаушы директоры Марк Катифани (Ұлыбритания), Торонто қор биржасының жетекшісі. Сессияға қатысуын растағандар -  Роберт Барнс – London Stock Exchange жаһандық басшысы, Кайрат Келимбетов – «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының Басқарушысы, Скот Фостер – БҰҰ(Швейцария) Еуропалық экономикалық комиссия директоры, Майкл Хитч – жаңа оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) профессоры, Хуа Гуо – 2021 Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің Төрағасы (Австралия) бар.ДТК бағдарламасында тау-кен металлургия кәсіпорындарының әлем көшбасшылары саланың маңызды мәселелерін талқылап, жеке тәжірибелерін ұсынады және тыңдаушыларды өнеркәсіптегі жетекші әлем компанияларының тәжірибесімен таныстыратын тақырыптық пікірталастар болады. Атап айтқанда, PwC Ресей директоры Максим Баранов тау-кен металлургия кешенінің жетекші көшбасшыларымен бірлесе ТМК-де заманауи тәсілдемелерді қолдану саласындағы басты аспекттерді ашады. Пікірталас тараулары өнімге сұранысты қалыптастыруға, тау-кен руда компанияларының технологияларды әзірлеуші-компаниялармен өзара әрекеттестігіне, инновациялардың ТМК дамуына және ел экономикасына әсеріне қатысты сұрақтарды қамтиды. «Инновацияларға инвестициялар» атты бөлімнің соңғы бөлігі сұрақ-жауап үлгісінде өтпек.   Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессін салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті, Польша Республикасы Президенті, Қытай Халық Республикасы Төраға орынбасары, Ресей Федерациясының Үкімет басшысы, Австралияның Генерал-губернаторы қатысады, деп күтілуде.Қазіргі кезеңде 35 мемлекеттен 200-ден астам баяндама қабылданды. Сонымен қатар, 48 мемлекеттен 265 ассоциация шақырылды, 37 мемлекеттен 132-ден астам ассоциация мен халықаралық ұйым өзінің ДТК-не қатысатынын растады.Дүниежүзілік Тау-кен Конгрессінің демеушілері: Гауһар Серіктесі – «Еуразиялық Топ» ЖШС, Алтын Серіктестері - «Kazzinc Holdings» ЖШС, KAZ Minerals тобы, Polymetal International PLC, күміс серіктесі - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, сол сияқты қола Серіктестері - «Leica Geosystems Kazakhstan» ЖШС, «AAEngineering Group» ЖШС жоба-құрылыс тобы және "КАІ" компаниялар тобы.Фото ашық ақпарат көзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/16249?lang=kk
Қазақстан делегациясы Дубайдағы инвестфорумға қатысады 10.04.2025
Қазақстанның бизнес қоғамдастығының өкілдері ағымдағы жылы сәуірде Дубай қ. өтетін Annual Investment Meeting инвестициялық форумына қатысады. Бұл туралы «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердің Астанадағы кездесуі барысында белгілі болды.Дубай қ. сәуір айындағы форум кезінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы жасалып, ҚР-ға инвестиция салуға мүдделі әмірлік компаниялармен бірнеше екі жақты кездесулер өтеді.  Өз кезегінде, бүгін Астанада «Kazakh Invest» тарапынан алдын ала Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.Сондай-ақ тараптар кездесуде елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы нақты қадамдарды белгіледі, логистика, туристік кластер, АӨК және басқа саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.«Біз АӨК жобаларына, атап айтқанда органикалық өндіріске, сондай-ақ Қазақстанның логистикалық жобаларына инвестиция салуға  дайынбыз», - деп ерекше атап өтті, ҚР-дағы БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер. «Al Khaleej Sugar»  компаниясы  Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара уданында ірі қант зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдіруде. Алдын ала есеп бойынша зауыттың құрылысына 375 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарлануда.Кездесу қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер  үкіметаралық деңгейде инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін айтты.Сонымен қатар, қысқа мерзімде бірлескен Жол инвестициялық картасын әзірлеу және тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, келесі бірлескен іс-шараны өткізу ақпанның соңына жоспарланды.Анықтама: Қазақстанда БАӘ-мен шамамен 200 бірлескен кәсіпорындар әрекет етеді. Әмірлік компанияларының жұмыс жасайтын негізгі салалары агроөнеркәсіп кешені, мұнай қайта өңдеу және мұнай-газ секторын дамыту, химиялық өнеркәсіп және құрылыс болып табылады.  Біріккен Араб Әмірліктері инвестицияларды тарту үшін басым елдер тізіміне кіреді. БАӘ  ҚР-дағы ел (ТШИ) активтері бойынша 13-ші орынды, ҚР-да капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша 23-ші орынды және тауарайналымы бойынша 25-ші орынды алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/16232?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Импульс» әлеуметтік жарнамалық байқауының жеңімпазы атанды 10.04.2025
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс»  мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауының жеңімпаздары жарияланды.Салтанатты жиында мына аталымдар бойынша лауреаттар анықталды: «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі».2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау Қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты.      Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.Конкурсқа 2017 жылғы 1 - қазаннан 2017 жылғы 18 - қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы - қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16219?lang=kk
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті 10.04.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау» тақырыбында практикалық оқу - семинарларын өткізді.Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының,  сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты.  Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады. Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша  автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16205?lang=kk
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады 10.04.2025
Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16190?lang=kk
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЙЖІҢ 10.04.2025
Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ басқарды.Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті. «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі: kazinformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25833?lang=kk
073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады 10.04.2025
Бұл анықтама пайдаланушының көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды. Қызметке өтінім берген соң анықтама жеке кабинетте PDF форматында 1 жыл бойы жарамды боладыҚызмет туралы толық ақпаратпен карусельден танысыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/965964?lang=kk
Астанада ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды 10.04.2025
Бүгін Rixos President Astana қонақүйінде «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде,  мұндай  келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ  еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16090?lang=kk