Қоғам
«Нұрлы жер» және «7–20–25»: Б. Сағынтаев Оралда тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты 10.04.2025
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру кезеңдерімен танысу үшін Зашаған кентінде салынып жатқан шағын ауданға барды.Сонымен қатар, Б. Сағынтаев мамандандырылған ХҚКО жұмыс залдарын аралап, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді беру процесін автоматтандыру шараларымен танысты.Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйді тексеру барысында Премьер-Министрге нысан осы жылдың шілде айында пайдалануға берілетіні айтылды. Орал қаласының әкімі М. Мұқаев Мемлекет басшысының жарияланған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары толық көлемде іске асырылып жатқанын атап өтті. 2015–2017 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 159%-ға артты. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, өткен жылы өңірде 3 828 тұрғын үй салынды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38,6% артық. 2017 жылы басталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 9 млрд теңгеге 7 тұрғын үй (1106 пәтер) пайдалануға берілді. Осы жылдың 1 шілдесінде 2 234 тұрғын үй (234,9 мың шаршы метр тұрғын үй) пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 115% тең. Биыл барлығы 415,7 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл шамамен 3,8 мың тұрғын үй.«2018 жылы құрылыс саласына 13 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 43 тұрғын үйдің (6 400 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: мемлекеттік бағдарламалар аясында — 3 200 пәтерге арналған 21 үй, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында — 1 400 пәтерге арналған 10 көпқабатты тұрғын үй, жеке инвестициялар қаражатының есебінен — 1 600 пәтерге арналған 12 көпқабатты тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 80,5 мың м²», — деді Орал қаласының әкімі М. Мұқаев.Сонымен қатар, «7–20–25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының төңірегінде жалпы ауданы 425 гектар болатын «Ақжайық» жаңа шағын ауданын игеру басталды. Мұнда 150 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.Бұдан өзге, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттарына сәйкес, бұзылған апатты және ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салынуда. Осылайша, 2017 жылы Орал қаласында 7 апатты үй құлатылып, олардың орнында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Биыл апатты деп танылған 13 үй құлатылады.Мемлекеттік бағдарламалардан өзге, Оралда жеке көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, тек соңғы үш жылдың өзінде ғана жалпы аумағы 250 мың шаршы метр болатын, 4500 пәтерден тұратын 35 көпқабатты үй салынған. Қазіргі кезде жеке инвесторлар жалпы аумағы 80,5 мың м² болатын 12 тұрғын үй (1600 пәтер) құрылысын жүргізіп жатыр.Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының аясында сонымен қатар қаладағы оқу орындарының жанынан студенттерге арналған 6 жатақхананы салу жоспарланып отыр. Осылайша, 1650 студент тұрғын жаймен қамтылмақ. Қазіргі кезде жер телімдері бөлінген, жобалау жұмыстары атқарылуда.2017 жылы Қазақстанда рекордты тұрғын үйлер саны 11 млн шаршы метр үй пайдалануға берілген. Осылайша, «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 100 мыңнан астам адам жаңа баспанаға ие болды. Биыл 12 млн шаршы метрден астам, яғни 103 мыңнан артық тұрғын үй салу міндеті тұр.Жұмыс сапарының жалғасы ретінде Премьер-Министр Б. Сағынтаев мамандандырылған жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, онда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету әдістерімен танысты. Мамандандырылған ХҚКО директоры М. Басаров айтып өткендей, жұмыс істеген 2 айдың ішінде орталық қызметкерлері 15 мың түрлі қызметтерді көрсеткен.«Қала тұрғындары қызметтерді алудың қолайлы форматына көшті. Көлікті қайта тіркеу мен жүргізуші куәліктерін ауыстыруды олар онлайн-режимде жасай алады. Бұрын аталған қызметтерді алу уақыты шамамен 6 сағат болатын, қазір орталықтың жаңа мүмкіндіктерінің арқасында көлік иелері оған шамамен 90 минут уақыттарын жұмсайды. Күн сайын мамандандырылған ХҚКО-да орта есеппен 350-370 қызмет көрсетіледі. Мамандандырылған ХҚКО-да жыл сайын 70 мыңға жуық автокөлік иелеріне қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда», — деді М. Басаров.Ақпарат көзі: https://primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/10012?lang=kk
Алматыда шағын және орта бизнес субъектілерінің салық түсімдерінің артуы байқалды 10.04.2025
«Бизнестің белсенділігі іскерлік көрсеткішпен шағын және орта бизнестен тек қана 2018 жылдың жеті айындағы қорытындысы бойынша 37 млрд. теңге сомасында бюджетке салық түсімдерінің 6% -ға артуы болып табылады. Бұл үшін жалпы көлемнен ШОБ түсімдерінің бөлігі көрсетілген мерзімде 60%, яғни 661,2 млрд. теңгені құрады», - деді Ілияс Өсеров.Оның сөзінше, жоғары бәсекелестік орта заманауи тұтынушы тарапынан бизнесті тексерудегі талапшылдыққа маңызды байланыс болмақ.«Бұл нарықтық қатынастар үшін қалыпты болып табылатын бәсекеге қабілетсіз субъектілер нарығын шығарудың негізгі факторы. Сондай-ақ, жылдар бойы жеке кәсіпкер мәртебесінде тұрған, бірақ әртүрлі себептермен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған, осы мәртебеден бас тартқан азаматтарға, жеке кәсіпкер есебінен шығару тәртібін жеңілдету және мүмкіндік беру. Жыл басынан бері 2 мың ШОБ жойылды, сондай-ақ белсенді ШОК субъектілерінің 1,3% -ға төмендеуі бизнесті жүргізудің статистикасына әсер етті», - деп атап көрсетті.Сондай-ақ, ол бүгінде ШОБ бөлігінің оң динамикасы қаланың жалпы өңірлік өнімі 34%-дан 38,5% дейін, ал ШОК өнімінің көлемі 9,8% -ға өскенін қоса айтып өтті.«Мемлекет тарапынан бизнесті жан-жақты дамыту мен қолдау мақсатында белсенді шаралар қолданады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда 6,2 млрд. теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстың арқасында 1000 жұмыс орны сақталып қалды, қосымша 500 орын құрылу жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар бүгінде шағын және орта бизнес жұмыстарының көрсеткіштерінде оң нәтиже беруде. Қазіргі уақытта 2020 жылға дейін жоспарланған шамалармен салыстырғанда жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемінің ұлғаюы бақыланып отыр. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемі 2020 жылға жоспарланған көрсеткіштен 2,5 есе асып кетеді», - деп сөзін аяқтады Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы.Бүгінгі таңда Алматы елімізде ЖІӨ-нің бесінші бөлігін құрайды. Сонымен бірге, қала экономикасы белсенді дамуда, маңызды экономикалық көрсеткіштердің оңтайлы өсімінен көрінеді. 2018 жылдың 7 айында инвестиция көлемі 21,6%-ға, бөлшек сауда 10,1%-ға, көтерме сауда 0,9%, құрылыс –2,7%, өнеркәсіп – 4,7%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/9993?lang=kk
Спорт қалашығы салынады 10.04.2025
Жоба авторларының идеясы бойынша спорт қалашығы «Құлагер» ипподромының жанында орналасады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының барлық талаптарына сай келетін манежде жеңіл атлетика спортының барлық түрлерімен айналысыуға және ірі жарыстар өткізуге болады. Жабық футбол алаңында толық көлемді алаң қарастырылған. Шағын футболға арналған алаң олимпиадалық резерв дайындау орталығының шатырында орналасады.Қазіргі кезде «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС жобаны жүзеге асыруға дайын. Алдын ала есептеу бойынша жоғарыда аталған үш нысанның құны 6,5 миллиард теңгені құрады. Әкімдік пен мердігер ұйым шарт жасасып, құрылыс компаниясының шығындары бюджет есебінен 3-4 жылдың ішінде қайтарылатын болады.– Жеңіл атлетика манежі және олимпиадалық дайындық орталығының ЖСҚ-ы желтоқсан айының ортасына қарай, ал футбол манежінің құжаттары келесі жылдың қаңтар айында сараптамаға берілетін болады, – деді «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС-ің директоры Әлімжан Ысмайылов. – Егер құрылысты 2018 жылдың наурыз айында бастайтын болсақ, үш нысанды да келесі жылыдң соңына дейін аяқтауға болады. Болат Бақауов құралысшыларды асықпауға шақырып, ең бастысы нысандардың құрылысы сапалы жүргізілуі керек екенін атап өтті.– Құрылыс жұмыстарының шынайы мерзімін сақтайық. Бұл нысандарды күннің жылы уақытында ашқан жөн деп санаймын, – деді ол. – Егер, спорт нысандары 2019 жылдың маусым айына дейін салынып бітсе, жақсы болар еді. Сонымен бірге, тұрғындардың спорт қалашығына жету мәселесін қарастыру қажет.Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткен кейін тараптар өзара келісімшарт жасайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/9982?lang=kk
Усолкада жаңа көпір ашылды 10.04.2025
Жаңа көпірдің ұзындығы 87, ені 4 метрді құрайды. Өткелден салмағы 60 тоннаға дейін жүк өткізуге болады. Төрт айдың ішінде салынып біткен көпірдің құрылысына үш бірдей компания қатысты. Олар: «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Павлодар өзен порты» АҚ және «Стальмонтаж» ЖШС. Көпірді құрылысы бюджеттен тыс қаржының есебінен жүргізілді.– Біздің компания жүргізген жұмыстың сапасына кепілдік бере аламын, – дейді «Стальмонтаж» ЖШС-ің атқарушы директоры Вячеслав Вдовыдченко. – Біз 28 бағананы өзен арнасына қадап, олардың үстінен салынған темір белдеулер мен қоршауларды бекіттік. Көпірді дұрыс пайдаланған жағдайда ол 50 жылға дейін шыдас береді.Аймақ басшысы КамАЗ көлігінің руліне отырып, көпірдің сапасын тексеріп көрді. Өткелден өткеннен кейін ол құрылысшылардың жұмысына оң баға берді. Ендігі жерде, павлодарлықтар мен қала қонақтары жаңа көпір арқылы Усолка өзенінің сол жағалауына өте алады. Болашақта бұл жерде биатлон және триатлонға арналған трасса орналасады. Сонымен бірге, өзен алабындағы 15 гектар жерде этноауыл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/9948?lang=kk
«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында пікір алмасты. 10.04.2025
2025 жылғы 18 наурызда Қызылорда облысының Әділет департаменті Әкімшілік бөлімінің басшысы Э. Абдыкаликова, Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Э. Сматова, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Р. Абдразақова, адвокат А. Жусупова, нотариус М. Қосбергеновтің қатысуымен студенттермен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында пікір алмасты. Сонымен қатар, білімді жастар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша сауалнама жүргізіліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шаралар өткізілді. Студенттерді «Сыбайлас жемқор індет, онымен күресу міндет» қағидасын ұстануға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/959725?lang=kk
Ұлттық киім күніне орай кимешекке арналған көрме өтті 10.04.2025
Бүгін Наурызнама аясында Ұлттық киім күні атап өтілді. Президент жуырда өткен Ұлттық Құрылтайдың отырысында ұлттық киім – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі екенін және оны жан-жақты дәріптеуіміз керектігін ерекше атап өтті.Бұл күнге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Киелі кимешек» атты көрме өтті. Көрмені СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ардагерлер мен жастар тамашалады.Көрмеде этнодизайнер, ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Тілек Сұлтанның туындылары таныстырылды. Шебердің ерекше жұмыстары қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бай палитрасын көрсетті. "Кимешек — бұл тек әйелдер киетін дәстүрлі бас киім ғана емес, қазақ мәдениетінің қасиетті элементі әрі ана символы. Әрбір туынды өзінде көп ғасырлық тарихты сақтап, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін жеткізеді. Көрмені ұйымдастырушыларға қазақ мәдениетін насихаттаудағы айрықша үлесі үшін алғысымды білдірдім. Бұл шығармашылық халқымыздың бай мұрасын сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізбек", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/959655
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды 10.04.2025
Бүгін Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті.Көрме Өзбекстан Республикасының мәдениет және өнерді дамыту қорының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.Экспозицияда суретшінің ерекше стилін, шығармашылық мұрасын және ұлттық кескіндеменің дамуына қосқан үлесін көрсететін 74 туынды ұсынылды.Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның жазушылары, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.Өз сөзінде Аида Балаева Орал Тансықбаевтың өнері екі елдің халқын жақындастырып, санғасырлық достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосқанын атап өтті.«Ол туған жері Өзбекстанның көркем табиғаты мен тау-тасын шынайы әрі асқан шеберлікпен бейнелеп, өнерсүйер қауымның жоғары бағасын алды. Айта кетерлігі, Орал Таңсықбаев Әбілхан Қастеевпен бір жылда дүниеге келген. Екі азамат та өз елдерінде ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасуына ықпал етіп, кейінгі толқын жастарға әсер етті. Олардың шығармашылығы – туған жеріне, халқына, табиғатына деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі», – деді Аида Балаева.Сондай-ақ министр Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени саладағы белсенді ынтымақтастығын атап өтті. Соңғы жылдары мәдениет күндері, кино күндері, театр гастрольдері мен көркемөнер көрмелері жемісті ұйымдастырылып келеді.Саида Мирзиеева өз кезегінде көрменің ұйымдастырылуына ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрме осы жылдың маусым айына дейін жалғасады.Айта кетейік, Өзбекстан Ұлттық балетінің гастрольдері мен Орал Таңсықбаев көрмесі Астанада да өтетін болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/959908
«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен Акмола облысында 15-ші спорт кешені ашылды 10.04.2025
Бүгін Қайырымдылық күнінде Ақмола облысының Қажымұқан ауылында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жаңа спорт нысаны ашылды. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары тобы атынан іске қосылған 15-ші спорт кешені.Ауа тірек құрылымындағы кешеннің жалпы ауданы 1,7 мың ш.м. Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар, теннис корты, жүгіру жолдары және қажетті құрал-жабдықтар бар. Қазіргі таңда дзюдо, қазақ күресі, бокс, волейбол, футбол бойынша секциялар ашылып, оған 188 бала тегін қатысуда.Шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин, спорт басқармасына қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар өз сөздерінде «Самұрық-Қазына» қорына спорттық инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі мен спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді.«Өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамыту – қайырымдылық қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі. Қордың қолдауымен күні бүгінге дейін 15 дене шынықтыру-сауықтыру және көпфункционалды спорт кешендері, 30-ға тарта спорт алаңдары пайдалануға беріліп отыр. Осылайша еліміз бойынша 90 мың азаматтың салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортпен айналысуына жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасатын болады», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директорының орынбасары Досбол Көшербаев.Целиноград ауданы әкімінің орынбасары мұндай жобалардың жүзеге асырылуы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа спорт кешені жас спортшылар мен белсенді демалысты ұнататындар үшін тартылыс орталығы болатынына сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/958551
15 наурыз – «Қайырымдылық күні» 10.04.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/957561
«Ата салтым – асыл қазынам»: Астанада ауқымды спорттық іс-шара өтті 10.04.2025
Елордадағы «Толқын» спорт кешенінде Наурыз мейрамына арналған «Ата салтым – асыл қазынам» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Елордада алғаш рет өткен байқауды қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің спорт мектебі қатысты.Іс-шараның ең басты ерекшелігі – алғашқы алыс сапарға шыққан салт аттының құрметіне арналған «Тоқымқағар» дәстүрінің жаңғыртылуы болды.«Наурыз мерекесін жалпыұлттық деңгейде жан-жақты және жүйелі ұйымдастыруға арналған арнайы тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі аясында бүгін мектебіміз өз үлесін қосты. Сайыс барысында арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес, асық ату сынды дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ал байқаудың ең қызықты сәті – «Тоқымқағар» дәстүрі болды. Бұл дәстүр аясында біз мектебіміздің спортшысын жарысқа шығарып салып, үлкендерден бата алдық» – деді №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің спорт мектебінің басшысы Мұхамед - Рахим Ибраев.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сайыс ұйымдар арасында ұлттық әдет-ғұрыптарды насихаттауға, сондай-ақ ұжымдардағы бірлік рухын нығайтуға ықпал етуді көздейді. Іс-шараға арнайы қонақтар да шақырылды. Олар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық ойындарды тамашалап, дәстүрлі рәсімдерге қатысты.Жалпы сайыс 19 қарашаға дейін жалғасады. Одан кейін қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, қорытынды шығарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/956775
@TazaQazBot-қа қосылыңыз! 10.04.2025
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот @TazaQazBot болды, ол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды. @TazaQazBot қалай жұмыс істейді?Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы.Өтініш беру үшін сізге: - Чат-бот арқылы кіріңіз. - Проблемалық орынның суретін түсіріңіз. - Мекен-жайын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз.Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, онда жауапты орындаушы тағайындалады. Өтінімнің орындалу мерзімі оның санатына байланысты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотоесепті тіркейді, ал азамат жұмысты бағалау мүмкіндігімен хабарлама алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін барлық өтінімдер абаттандыру мен экологияның негізгі мәселелерін қамтитын 21 санатқа бөлінген. Неліктен @TazaQazBot ыңғайлы?✔ Пайдаланудың қарапайымдылығы - өтініш беру 1 минуттан аз уақытты алады.✔️ Процестің ашықтығы– өтініш беруші өтініш мәртебесін бақылай алады. ✔ ️ Кері байланыс - жұмыстарды орындағаннан кейін Орындаушыға баға қоюға болады. ✔️ Жеделдігі– өтінімдер тікелей жауапты қызметтерге беріледі. Чатбот арқылы қандай мәселелерді шешуге болады? Өтінімдердің ең көп саны бағыттар бойынша келіп түседі: - Аумақтарды жинау - 4051 өтінім - Тұрмыстық қоқысты шығару - 1080 өтінім - Көшелерді тазалау және абаттандыру - 926 өтінім - Жол жөндеу - 656 өтінім Жұмыс нәтижелері @TazaQazBotІске қосылған сәттен бастап 14 354 өтінім келіптүсті, оның ішінде: ✅ 13 139 орындалды⏳ 159 орындауда❌ 1056 қабылданбады (критерийлерге сәйкескелмеу себебінен)Шағымды қалай беруге болады?Жұмыс сапасын бақылау үшін шағымдарды қабылдаудың қосымша желісі ашылды - tazaqaz@ecogeo.gov.kz өтінім қанағаттанарлықсыз орындалған жағдайда қайта жүгінуге болады. @TazaQazBot-бұл жай ғана қызмет емес, әркім үшін нақты мүмкіндік өз қалаңызды таза, жайлы және қауіпсіз ету! Платформаны неғұрлым белсенді азаматтар пайдаланса, Жергілікті деңгейде экологиялық мәселелер тезірек және тиімдірек шешілетін болады. Қазақстанды бірге таза етейік! @TazaQazBot-қа қосылыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/957548
«Алтын жас»: Қарағанды облысында жыл басынан бері 317 зейнеткер жұмысқа орналастырылды 10.04.2025
Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Көптеген ұйымдар зейнеткерлік жастағы қызметкерлерді жұмысқа алып жатыр. Бағдарлама оларға жұмыс табуға ғана емес, өздерін қоғамға қажетті екенін сезінуге де көмектеседі.Светлана Жармағамбетова – «Алтын жас» байқауына қатысушылардың бірі. Ол Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде 41 жыл жұмыс істеген. Еңбек жолын 18 жасында хатшы болып бастаған, содан кейін зертханашы, аға зертханашы болды. 2015 жылы зейнетке шықты. Қазір ол 68 жаста, және ол Qamqor plus-та іс жүргізуші болып жұмыс істейді.– Жұмыстың маңыздылығы – пайдалы екеніңді сезіну. Өмір бойы студенттерге көмектестім. Қазір де осыны жалғастырудамын. Бағдарламаның арқасында өзімді қоғамнан алшақ сезінбеймін. Адамдармен қарым-қатынас жасартады, – дейді Светлана Жармағамбетова.Жаныл Рысқұлова 10 жыл бұрын зейнетке шыққан. Ұзақ уақыт бойы кадрлар жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді. Қазір ол «ТАТ Logistic» ТК-не жұмысқа орналасты.– Балаларым басқа қалаларда тұрады, мен жиі жалғыз боламын. Ал бағдарлама мен үшін сүйікті жұмысыма оралудың жақсы мүмкіндігі болды. Егер денсаулық мүмкіндік берсе, неге жұмыс істемеске? Мен өз күшімді және өз әлеуетімді білемін, – дейді Жаныл Рысқұлова.Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Зейнеткерлерді қабылдайтын жұмыс берушілер қызметкердің жалақысынан 50%, бірақ ең төменгі бір жалақыдан аспайтын мөлшерде өтемақы алады (2025 жылы – 85 мың теңге). Бұл лимитке қарамастан, зейнетақының өсімі елеулі болып шығады, себебі жалақының қалған бөлігін жұмыс берушінің өзі төлейді.Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов бағдарлама аясында 317 адам жұмысқа орналастырылғанын атап өтті. Олардың арасында мұғалімдер, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер бар. Биыл 400 зейнеткерге жұмыс табу жоспарланған.«Алтын жас» бағдарламасына қатысуға облыс қалалары мен аудандарының мансап орталықтарынан өтініш беруге болады.Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының байланыс телефондары: (8-7212) 60-50-50, 8-775-644-35-80 (Call-орталық).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/956707
Батыс Қазақстан облысы су тасқыны кезеңіне дайындалуда 10.04.2025
13 наурыз, бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі Республикалық штаб отырысында БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы ықтимал су тасқынын болдырмау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, облыстағы өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден төмен болады деп болжануда. Дегенмен, өңірлік билік ахуалды бақылау үшін қосымша шаралар қабылдады. Облыстағы 22 гидробекетке қосымша 7 жаңа бақылау бекеті орнатылды. Сонымен қатар, Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде үш автоматтандырылған бақылау жүйесі іске қосылмақ, олар наурыз айының соңына дейін толық жұмыс істейді. Бұл жүйелер су деңгейін жедел қадағалап, ықтимал қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.Облыс әкімі өңірдің азаматтық қорғаныс жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілгенін атап өтті.«Ұзындығы 143 шақырым болатын 81 қорғаныс бөгеті салынды, 9 шақырым су бұру арналары, 93 шақырым арық қазылды, елді мекендерге 582 метрлік су өткізу құбырлары орнатылды, 74 шақырым магистральдық каналдар тазартылды. Облыстағы барлық су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп тұр», – деп баяндады Нариман Төреғалиұлы.Болжамды төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыста едәуір көлемде материалдық-техникалық ресурстар қоры жасақталды. Тәулік бойы 1,8 мың арнайы техника, 123 жүзу құралы, 455 мотопомпа және 4 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар, 12 мың тоннадан астам инертті материал, 413 мың қап, 423 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды. 95 мыңнан астам құм салынған қап әзірленген.Бұдан бөлек, 32 мың адамды орналастыруға есептелген 317 уақытша эвакуациялық бекеттер дайындалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз аймақтарға көшіру үшін 195 арнайы орындар белгіленді.Айта кетейік, облыстық су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын 10 наурызда бастаған. Қазіргі уақытта қыс маусымының салдарын жою және су тасқынына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 916 мың текше метр қар шығарылып, 49,3 мың текше метр еріген су сорылды, 27 шақырым су бұру арналары, 62 шақырым арықтар және 1 200-ден астам су өткізу құбырлары тазартылды. Сондай-ақ, 1,5 мың шаршы метр жер қарайтылды.Су тасқынына дайындық жұмыстары облыс әкімінің жеке бақылауында. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/955965
15-16 наурызда демалыс күндері өтетін жәрмеңке ұйымдастырылады 10.04.2025
Елордада 15-16 наурыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.Іс-шара 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/955688
106 адам заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды 10.04.2025
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру жиілеп кетті. Бұл азаматтарды күмәнді билеттерді, қызметтер мен заттарды сатып алуға мәжбүрлейді.Осыған орай ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде, 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті болмаған адамдарға лотерея өткізуге тыйым салынады. Лотерея қызметін заңсыз ұйымдастыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер рұқсатсыз лотерея ұйымдастырылса, заң бойынша 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал түскен табыс тәркіленеді.ҚР Туризм және спорт министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырмауға және оларға қатыспауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/954974
2024 жылы 33 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасты 10.04.2025
2024 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының бірі – «Жастар практикасын» жүзеге асыру аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыларға кәсіби білім мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгерді бекітеді.Жастар практикасын қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайынғы жалақы төлеу арқылы жүзеге асырады. Төлем екінші деңгейдегі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде жүргізіледі.Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 109,5 мың теңгені, Ақтөбе облысында ең жоғары көрсеткіш – 120,9 мың теңгені құрады.Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан – 8,6 мың адам, Қызылорда – 3,2 мың адам, Жамбыл облыстарында – 2,6 мың адам және Шымкент қаласында – 2,4 мың адам.Жастар практикасына қатысатын әйелдердің үлесі 64,8% немесе 21,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 19,3 мың адамды немесе 57,9%-ды құрайды.Жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастырылғандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар: мейіргер – 2 216 адам, бастауыш сынып мұғалімі – 1 498 адам, заңгер – 1 481 адам, дене шынықтыру мұғалімі – 1 323 адам, фельдшер – 1 277 адам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/954731
Өзгерістер уақыты: ШҚО-ның 9 ауданы жаңа жұмыс режиміне бейімделуде. 10.04.2025
Ағымдағы жылдың басынан бері ШҚО-ның бірнеше ауданы жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Бұл өзгерісті алғаш болып Катонқарағай ауданы сынап көрді – пилоттық жоба ретінде. Көп ұзамай бұл жүйеге тағы 8 аудан қосылды: Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Күршім, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын және Алтай.Жаңа ережеге сай, осы аудандардағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастыра береді, өйткені олардың жұмыс уақыты осындай форматта қалыптасқан.Алтай ауданында бұл өзгерістер тек мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, әлеуметтік саланы да қамтыды. Аудандық мәслихат төрайымы Лариса Гречушникова бұл жаңа жүйенің тұрғындарға өте ыңғайлы екенін атап өтті:Алтай ауданының мәслихаты жаңа жұмыс режиміне өткеніне жарты жыл болды. Қызметкерлердің кішкентай балалары болғандықтан, оларды балабақшаға сағат 8:00-де апару керек, мектепке де жеткізу қажет, ал кейбіреулер жеке үйлерде тұрып, ерте тұруға мәжбүр. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындар да сағат 8:00-де жұмысын бастайды. Сондықтан бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік қызмет және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы жұмыс кестесінде айырмашылық болмайды. Бұл өте ыңғайлы», – деді Лариса Гречушникова.Достық үйінің әдіскері Зинаида Натарова да қолдау көрсетті.- «Мен бұл шешімді қолдаймын, өйткені мен үшін жеке сектордың тұрғыны ретінде бақша учаскесіне жұмсайтын қосымша сағат өте маңызды», - деді ол.Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев та бұл жаңашылдықты қолдап, аудан тұрғындары да жұмыс уақытының өзгеруін толығымен құптағанын айтты:“Алтай ауданының барлық елді мекендерінде жұмыс кестесінің өзгеруіне қатысты кездесулер өтті. Халық жұмыс уақытын оңтайландыру бастамасын қолдады. Бұл шаралар қызметкерлердің физикалық жағдайын жақсартуға, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған”, – деді Ренат Құрмамбаев.Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты – жұмыс үдерістерін оңтайландыру және аудандар арасындағы үйлесімділікті жақсарту. Өңірдің табиғи ерекшеліктерін ескере отырып (ерте күн шығуы мен батуы), бұл шешім күндізгі жарықты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартады.Ұлан ауданында да жаңа жұмыс кестесі күшіне енді. Бұл ауданда жергілікті билік өкілдері, фермерлік шаруашылық басшылары мен білім беру мекемелерінің жетекшілерімен кездесулер өтті. Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов жаңа кестенің тұрғындар тарапынан бірауыздан қолдау тапқанын атап өтті:“Бүгіннен бастап ауданымызда жаңа жұмыс кестесі енгізілді. Ұлан ауданының 16 ауылдық округінде фермерлік шаруашылық жетекшілерімен, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция және қорғаныс бөлімдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру мекемелері өкілдерімен кездесулер өтті. Бұл кездесулерге облыстық басқармалар мен олардың орынбасарлары да қатысты. Жұмыс күнін 08:00-де бастау туралы ұсыныс енгізілді және ол бірауыздан қолдау тапты. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ірі ауылшаруашылық құрылымдары да осы кесте бойынша жұмыс істейді, бұл бюджеттік ұйымдардың жұмыс кестесін ыңғайлы етеді. Мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер бұрынғы жұмыс кестесін сақтап қалады,” – деді Арман Бекбосынов.«Жаңа жұмыс кестесі үй шаруасына және бақша күтіміне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді», - дейді Ұлан ауданының кітапханашысы Светлана Ключникова.Жаңа жұмыс кестесі халыққа да қолайлы. Жергілікті құс фабрикасының қызметкері Рүстем Әлиев айтқандай:– Отбасымызда жұмысқа және балар сабаққа баруы енді бір уақытта болуы ыңғайлы, бәріміз бір мезгілде көшеге шығып, кешке үй шаруасына, балалармен араласып, отбасына уақыт табамыз.Бұл қадам Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұйымдастыруды жақсартуға, өмір сүру сапасын арттыруға және барлық тұрғындар үшін үйлесімді жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/954976
Lasselsberger Group Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді 10.04.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс материалдарын өндіруге және минералдық шикізат өндіруге маманданған австриялық Lasselsberger Group компаниясының бас директоры Йозеф Ласселбергермен кездесті.Келіссөздер барысында Астанада керамикалық плиткалар, құрылыс қоспалары мен желім шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы талқыланды. Кәсіпорынның іске қосылуы 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға және импорттың тәуелділігін төмендете отырып, Қазақстанның ішкі нарығын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Министр Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға қызығушылық білдіріп, мемлекет осындай жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін инвесторлармен диалогқа дайын екенін атап өтті.Тараптар ынтымақтастық шарттарын толық пысықтау және Қазақстандағы Lasselsberger Group инвестициялық бастамаларын одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/954556
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері 80-нен астам тексеру жүргізді 10.04.2025
2025 жылдың екі айында әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау мақсатында 87 тексеру жүргізді, оның 62-сі жоспардан тыс, 5-еуі профилактикалық бақылау шеңберінде, 20-сы прокуратураның талабы бойынша болды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, шамамен 11,4 млн теңгеге 44 айыппұл салынды.Мемлекеттік бақылаумен: әкімдік – 1, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 15, мемлекеттік мекеме – 1, ауруханалар, емханалар – 5, балабақшалар – 4, мектептер – 9, колледждер, лицейлер – 5, ДК – 10, дүкендер – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 8, сауда үйлері – 3, полиция пункті – 1, стомалогия – 3, автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 6, кітапхана – 1 және басқалар қамтылды.Мәселен, Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жергілікті дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.Бұл ретте әлеуметтік инспекторлар барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер орын алып жатқанын айтуда. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды. «Соңғы уақытта Қарағанды қаласында, оның ішінде Әлихан Бөкейхан ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде алға жылжу байқалады. Қала біртіндеп мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді бола бастады: инфрақұрылым жақсаруда, көптеген ғимараттар пандустармен және бейімделген кіреберістермен жабдықталған. Оған мысал ретінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады, онда кіреберіс жабдықталған, лифт орнатылған, соның нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға спортпен шұғылдануға көбірек орын бөлінді. Әрине, әлі де бірқатар жұмыстар жасау қажет, бірақ оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады әрі алдағы уақытта қол жетімді орта қалыпты жағдайға айналатынына сенемін», – деп атап өтті Қарағанды қаласының тұрғыны, екінші топ мүгедектігі бар азамат Сергей Харченко.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/953866
Өңірлерде «Көктем-2025» РКШОЖ өткізілуде 10.04.2025
Оқу-жаттығулар шеңберінде Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар өткізіліп, авариялық-құтқару қызметтері және азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен практикалық іс-қимылдар пысықталуда. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Астана қаласында өткізілетін негізгі орын Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабы болып таңдалды. Бүгін авариялық-құтқару және инженерлік жұмыстарды жүргізудің, эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастырудың, зардап шеккен халықты орналастыру орындарын белгілеудің, медициналық және психологиялық көмек көрсетудің практикалық элементтері пысықталды. Ауланы аралау жаттығуларына еріктілер, сондай-ақ 5573 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің сарбаздары қапшықтарды төсеу үшін тартылды. Айта кету керек, екінші күні командалық-штабтық ойындар әр түрлі кіріспе бойынша тиісті шешімдер қабылдаумен өткізіледі. Елорда аумағындағы су тасқыны жағдайы жергілікті атқарушы органның және азаматтық қорғау қызметінің қатаң бақылауында. Ақмола облысының Атбасар қаласында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті. Осы іс-шаралар барысында су тасқынының ықтимал сценарийі кезіндегі іс-қимылдардың тұтас кешені бірден пысықталды. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша, күрт жылыну мен еріген қар суының түсуіне байланысты Жабай өзенінің деңгейі көтеріліп, 90 тұрғын үй мен екі білім беру мекемесін су басу қаупі төнді. Халықты хабардар еткеннен кейін ТЖД күштері мен жергілікті азаматтық қорғау құрылымдары жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Жоғары өтімді техника тартылып, адамдар эвакуациялық пунктке шығарылды. Сондай-ақ, суға батып бара жатқан адамдарды құтқару және жоғалған азаматтарды іздеу бойынша іс-шаралар пысықталды. Зардап шеккендердің бірін ағыс алып кетті және оны құтқару үшін жедел-құтқару жасағының күшімен жүзу құралдары қолданылды. Жоғалған адамды іздеуге кинологиялық қызмет және «Трэкол» жоғары өтімді көлігі жұмылдырылды. Бұдан әрі тұрғын үй секторын су басуды жою үшін ауданның аумақтық құрылымдарының күштері мен құралдары, Атбасар қ. 4-МӨСБ, облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының 99265 әскери бөлімі, 5510 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Қаптард инертті материалдармен толтырылып, салынған біліктердің осал жерлеріне төселді. Осыған ұқсас іс-шаралар арнайы техниканың қатысуымен Жабай өзенінің бөгені ауданында жүргізілді. Нәтижелерді бекіту үшін жарылыс жұмыстарының көмегімен Майская бөгетінің алдындағы мұз кептелістерін жою жүргізілді. Оқу-жаттығулардың тәжірибелік бөлігі Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында өтті. Аңыз бойынша, Лайлинское су қоймасындағы шлюздің ақаулығына байланысты бөгет арқылы су тасқыны болды, Самарское ауылын су басу қаупі туындады. «112» қызметіне тұрғындардан аула аумағы мен шаруашылық құрылыстарын су басу туралы қоңыраулар түсе бастады. ТЖ орнына полиция экипаждары келді, олар дауыс зорайтқыш байланыстың көмегімен тұрғындарды алдағы эвакуация туралы хабардар етті. ТЖД құтқарушылары жоғары өтімді техникамен азаматтарды қауіпсіз аймаққа тасымалдады, эвакуациялау үшін көлік қызметінің техникасы да жұмылдырылған. Азаматтарды зардап шеккен халықты қабылдау пункттеріне жеткізіп, онда медициналық қызмет көрсетілді. Тамақтану және азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. ТЖД психологтары зардап шеккен халыққа көмек көрсетті. Қоғамдық тәртіп қызметі зардап шеккендерді орналастыру орындарының күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Су басу аймағынан жануарлар қауіпсіз жерлерге айдалды. Коммуналдық қызметтер электр беру желілерін ажыратып, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, қапшықтарды төседі. Арнайы жабдық суды су қоймасынан Ешкебай су қоймасын тасымалдау каналына айдады. Оқу-жаттығудың екінші күні еліміздің басқа өңірлерінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жіберілетін инженерлік техниканы тиеу пысықталатын болады. Қарағанды облысында оқу-жаттығу шеңберінде авариялық-құтқару жұмыстары, өзен арнасын қамыстан, шөптен және бұтадан тазарту, халықты су басу аймағынан эвакуациялау, сондай-ақ Нұра өзеніндегі мұзды ұсақтау бойынша тактикалық іс-шаралар жүргізілді. Азаматтық қорғау жүйесінің 694 қызметкері, 157 бірлік техника, 62 жүзу құралдары, 307 су соратын мотопомпалар, 47 өрт сорғы станциялары және 60 жоғары өтімді машиналар тексерілді. Оқу-жаттығулар көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға тиімді ден қоюды пысықтау үшін маңызды тәжірибе болып табылады. Оқу-жаттығу барысында Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында көктемгі кезеңдегі ТЖ жою бойынша іс-шаралар пысықталды. ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, медициналық және басқа да азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлері тартылды. Іс жүзінде төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы мен дайындығы мәселелері пысықталды: Новоишимское ауылының шеткі көшелерінің үйлерін су басу, ҚӘУЗ ағып кеткен авария, автокөлікті өртеп жіберген ЖКО, электр беру желілерін бұзу. Оқу-жаттығу барысында елді мекенді Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау, жатын орындармен, тамақпен жабдықталған және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген шатырлы лагерьде халықты эвакуациялау және орналастыру, өртті сөндіру, ТЖ жою және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бойынша іс-шаралар пысықталды. Павлодар қаласында Қ.Сәтбаев ауылында жылжымалы басқару пунктін, құрама эвакуациялық пунктті орналастыру іс жүзінде пысықталды. Бұдан басқа, халықты эвакуациялау, қапшықтарды әкету, төсеу, еріген суды сору және малды қауіпсіз орындарға айдау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жалпы, облыс бойынша «Көктем-2025» аясында 39-дан астам практикалық іс-шаралар өткізілді, бұлар қарды шығару, жер үйінділерін (бөгеттерді), бөгеттерді нығайту, су өткізу құбырларын тазарту, су бұру арналарын жайластыру, эвакуациялық пункттер тексерілді және эвакуациялау маршруттары пысықталды. Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 753 мың текше метр қар шығарылды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша ауа температурасының күрт көтерілуі және жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуі нәтижесінде Абай облысының Семей қаласының аумағында күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасты. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында ТЖД, ПД, ЖАО және басқа да мемлекеттік органдар бөлімшелерінің күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған алдын алу іс-шаралары жүргізілді және төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосу арқылы ескерту және байланыс жүйелерінің дайындығы тексерілді. Оқу-жаттығулардың практикалық іс-қимылдарын пысықтау 7 наурызда жалғастырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/952611