Қоғам
Саябақтар мен аулалар 10.04.2025
Ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмцыстары жүргізілмеген Ленин саябағында тас жолдар төселіп, ойын және спорт алаңдары құрылды және архитектуралық формалар орнатылды. Бұл жұмыстардың құны 52 миллион теңге құрайды. Саябақты аралап жүрген қала тұрғындары саябақтың күн санап көркейіп келе жатқанын атап өтті. Ак. Шөкин жне Роза Люксембург көшелерінің арасында орналасқан Студенттер тынымбағы да жаңарып, көркейе түскен. Көп уақыт бойы жөндеу көрмеген саябақта ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, жаңа көшеттер отырғызылды. Сонымен бірге, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, спорт тренажерлері орнатылды. Аккадемик Шөкин көшесіндегі 98 үйдің ауласында облыс әкімі ауладағы өтпе жолға жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Болат Бақауовтың айтуынша бұл жұмыстар да бірінші қарашаға дейін аяқталуы тиіс.– Синоптиктердің болжамына сәйкес қазанның соңына дейін ауа райы қолайлы болады, – деді облыс әкімі. – Қарашаның басында күн суи бастайды. Сондықтан да, жөндеу жұмыстарын қарашаның суығына қалдырмай аяқтау керек.Қазіргі кезде облыс орталығында 131 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 100 ауланың ішіндегі асфальт жолдардағы шұңқырлар тегістелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10350?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА АТЫРАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ДАЯРЛАУДАН ӨТТІ 10.04.2025
2018 жылдың 26-28 қыркүйек аралығында Атырау қаласында ТРМК Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлері үшін техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды даярлау жөніндегі өңірлік семинар өтті. 3-күндік семинар барысында тыңдаушыларға техникалық реттеу саласы бойынша ЕАЭО-ң шеңберінде жаңа заңнамалар, жаңа шешімдері және техникалық реттеу саласындағы ЕЭК өкімдері, мемлекеттік метрологиялық бақылау және нарықты қадағалау тақырыптары түсіндірілді. Сондай-ақ, тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жаңалықтарымен таныстырылды және ҚР «Бағалы металдар мен асыл тастар» Заңының ережелері түсіндірілді. Семинар барысында Атыраудың мемлекеттік инспекторлары қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.Семинар қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10325?lang=kk
«ДОСТЫҚ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы «Достық» кеден бекетінің қызметкерлерімен ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету бойынша жұмыс кездесуін өткізді.Ұлттық заңнаманы,өнімді әкелу тәртібін түсіндіру және халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін растау рәсімін өткізу мақсатында іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары, кеден бекетінің басшылары, кедендік брокерлер мен СЭҚ қатысушылары шақырылды.Департамент мамандары 2018 жылғы 12 шілдеде қол қойылған «Техникалық реттеу және метрология саласында әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы» меморандум шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімдерді әкелу тәртібі және сәйкестік туралы декларациялар туралы жалған сертификаттарды анықтау әдістері туралы әңгімеледі.Сәйкестік сертификатын немесе тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген, оған аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар береді.Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі күшіне енгеннен кейін қазақстандық импорттаушылар кедендік Декларациямен қатар әкелінетін тауардың ЕЭО міндетті талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды кеден органдарына ұсынуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10316?lang=kk
Жаңа жоба жүзеге асырылады 10.04.2025
Облыстық әкімдікте өткен кездесуде «Росс» ҒӨҚ ЖШҚ-ің өкілдері жобаға 3 миллиард теңге бөлуге әзір екендіктерін айтты. Қазіргі кезде облыс орталығында ресейлік-қазақстандық біріккен «RossDorCom KZ» ЖШС-і жұмыс істейді. — Біз жол, өнеркәсіп және азаматтық құрылыс жұмыстарына қажетті металл құрылымдарын жасап шығарамыз. Сондай-ақ, Қазақстандағы мұнай-газ саласы да біздің металл құрылымдарын делдалдар арқылы сатып алады, – деді «Росс» ҒӨҚ ЖШҚ-ің бас директорының орынбасары Надежда Ростоцкая. – Астана қаласының ақылы жолдар басқармасының басшылары бізге хабарласып, Қазақстанда сапалы цинктеумен айналысатын кәсіпорын жоқ екендігін айтқан еді. Біздің металл қоршаулардың сапасының кепілдік мерзімі 50 жылдан асады.Жоспар бойынша 2018 жылдың маусым айында кәсіпорынның өндірістік үй-жайларын салуды аяқтап, тамыз-қыркүйек айларында ол жаңа өнім шығарады деп күтілуде. 2019 жылы зауыт өндірістің толық қуаттылық деңгейіне шығады. Жаңа өндірісте 120 жұмыс орны құрылады. Павлодар облысының әкімі инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, жаңа кәсіпорынның инфрақұрылымын бюджет есебінен тарту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.— Заңнама бізге осындай қолдау көрсетуге мүмкіндік беріп отыр, ол үшін сіздердің дайын жобаларыңыз болуы қажет, – деді Болат Бақауов. — Сіздердің жобаларыңызға сәйкес біз келесі жылдың бюджетіне осы мақсатқа қаржы жоспарлайтын боламыз. Кәсіпорын жазда ашылсын десек, біз келесі жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларында жұмыс істеуіміз керек. Ал, бұл кезде ауа райы онша қолайлы емес. Біз бұл жұмыстарды жедел әрі сапалы жүргізе аламыз деп ойлаймын.Жақын арада қос тарап қайта кездесіп, өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қоятын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10282?lang=kk
ГАЗ ТӘРІЗДІ ОТЫНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АППАРАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы талқыланды.Газ - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарды қолдану адам өміріне аса қауіпті. Осыған орай газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 875 шешімімен Техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленіп, КО ТР 016/2011 «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бекітілді.Осы Техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын газ пайдалану жабдығының еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттарға (бұдан әрі – газ пайдалану жабдығы) қолдану және орындау үшін міндетті бірыңғай талаптарды белгілейді.Техникалық регламенттің күші кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын газ пайдалану жабдығына қолданылады.Аталған техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, оның арналуы қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға әкеп соғатын іс-әрекетті болдырмау мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділікті және ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында газды пайдаланатын жабдықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.Газ пайдаланушы жабдықтың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сипатта болады және сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.Бұдан басқа, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісімен таңбалануы тиіс. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/10255?lang=kk
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттердің Ассамблеясының 58-ші сессиясы 10.04.2025
2018 жылғы 24 қыркүйек - 2018 жылғы 2 қазан аралығында Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) атқарылған жұмыстарды қортындылайтын және алдағы жылға арналған жоспарларды қабылдайтын Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше-мемлекеттердің Ассамблеясының 58-ші сессиясы өтті.Іс-шараның жұмысына Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Пан Н.В. басшылығымен Әділет министрлігінің делегациясы қатысты.ДЗМҰ Ассамблеясының 58-сессиясының барысында авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі, патенттік құқық туралы, тауар таңбалары, өнеркәсіптік үлгілер және географиялық көрсеткіштер туралы заңнамалар, даму және зияткерлік меншіктің тұрақты комитеттердің баяндамалары және т.б. тыңдалды.24-25 қыркүйек аралығында қазақстандық делегацияның ДЗМҰ-ның Бас Директоры Ф. Гарри, ДЗМҰ Бас Директорының орынбасары С.Форбен, Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С.Я. Тлевлесова. және зияткерлік меншік бойынша Федералдық қызметтің жетекшісі (Роспатент) Г.П.Ивлиеваен кездесулер өтті.Осы кездесулер барысында Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы жетістіктері таныстырылды және ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланып, келісімдерге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10162?lang=kk
Сүтке қарық боламыз 10.04.2025
Павлодар ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы Луганск және Розовка ауылдарында салынып жатқан екі СТФ-да болды. Құны 250 миллион теңгені құрайтын «Луганск» кооперативінің фермасындағы жұмыстар 80 пайызға, ал жалпы инвестициялар көлемі 816 миллион теңге болатын «Киров» ЖШС-ің жобасындағы жұмыстар 90% аяқталған. Жылдың соңына қарай фермалардың екеуі де жұмыс істей бастайды.– Жалпы облыс бойынша жылдың соңына дейін жаңа технология бойынша салынып, жем-шөп базасымен қамтамасз етілген 6 сүт-тауарлы ферманы іске қосатын боламыз, – деді Болат Бақауов. – Қазіргі кезде өңірдегі сүт зауыттары өзінің өндірістік қуатының 80 пайызы бойынша ғана жұмыс істеп тұр. Жаңа фермалар жұмысын бастағаннан кейін оларға қажетті сүт көлемі тапсырылатын болады. Қазір облыстық деңгейде сүт өндірушілерді қолдау бойынша жаңа бағдарлама құрастырылып жатыр. Біз сүт-тауарлы фермаларының құрылысы үшін алынған несиелердің 10%-ын субсидиялауға дайынбыз. Біздің мамандар аграрлық комиссиямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10140?lang=kk
Алматы көшелері қайта жасалуда: Бірнеше мердігерлерге айыппұл салынды 10.04.2025
Қала әкімідігінің комиссиясы тарихи орталықтағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі көшелерді абаттандырумен айналысатын мердігерлер атына бірқатар сын айтты.«Жаяу жүргіншілер мен автокөлік үшін қауіпсіз қоғалысты қамтамасыз еткен жөн. Сіздердің барлықтарыңыз жұмысқа байланысты ашық конкурсқа қатыстыңыздар, барлықтарыңыз тәжірибелі компаниясыздар, сіздер сапа үшін жауап берумен қатар қалалықтарға қажетті жағдайды жасауға тиіссіздер», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.«Базис-А» компаниясының басшысы Павел Белович өзінің сөзінде немкетті жұмыс жасағандарға шара қолданылғаны туралы айтты. Мысалы, құрылыс жұмыстарының ережесін сақтамағаны және техника қауіпсіздігін бұзғаны, жұмысты талапқа сай ұйымдастырмағаны үшін «БАЗИС-А» АҚ-ның басқарушы директоры Салем Тоқмұрзаев қызметінен босатылды, басқарушы директор Өтеген Бұзғұловтың лауазымы төмендетілді, вице-президент Марат Көпешевке қатаң ескерту жарияланды, бұлардың барлығы Назарбаев даңғылындағы жөндеу жұмыстарына жауапты болатын.Бұлардан өзге, осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қосалқы мердігерлік ұйымдар «Керім Жол» ЖШС пен «МВ Алонс» ЖШС инертті материалдарды жинақтағаны және құрылыс қоқыстарын ретсіз қалдыдрғандары үшін әрқайсысына 20 есептік айлық көрсеткіш көлемінде 48 100 теңгеден айыппұл салынды.Әкімнің орынбасары С.Мәкежанов құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеру барысында Абылай хан даңғылы,Абай даңғылынан Алматы-2 теміржол вокзалына дейінгі аймақтарда бірқатар кемшіліктердің орын алғандығын баяндады. «Новая генерация» ЖШС бас мердігері тиісті ескерту жасамастан жұмысты бастаған. Оның үстіне, бұл учаскеде технология мен өндіріс нормасы өрескел бұзылған: құрылыс қоқыстары дер кезінде тасымалданбайды, құрылыс материалдарын жинау өндірісті ұйымдастыруға сай емес, электр желісін тарту технологиясы сақталмайды, құрылыс қоқысының шашылуына жол берілген,ішкі операциялық бақылау жоқ. Жіберілген осы кемшіліктерге орай бас мердігерлерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, оның жалпы сомасы 1 142 375 теңге. Қосалқы мердігерлік ұйымдар: ТОО «Элитстрой» ЖШС 1 142 375 теңге, «Дарбол» ЖШС - 577 200 теңге айыппұл салынды.Ал Абылай хан даңғылы бойындағы жасыл желекке нұсқан келтіргені үшін «Новая Генерация» ЖШС учаске басшысына 30 АЕК – 72 150 теңге айыпұл салынды. Ағаштардың тамырына зақым келтіргені, инертті материалдар мен құрылыс қоқыстарын ретсіз қаттағаны үшін қосалқы мердігер «Строй Гарант Инвест» ЖШС 40 АЕКП – 96 200 теңге айыппұл төлейді. Абай даңғылы бойындағы жасыл желекті зақымдағаны үшін қосалқы мердігер «УМР-3» ЖШС 40 АЕК – 96200 теңгеге айппұл хаттамасы толтырылды.Алматы әкімі көшпелі кеңес барысында қысқа мерзімде жұмысты барынша сапалы атқаруға және қала тұрғындарына жағдай жасауға айрықша назар аударды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әр учаскеде жұмысты барынша тыңғылықты атқару және мердігерлерден норманы сақтауды қатаң талап ету тапсырылды. Барлық мердігерлерге кемшіліктерді жою үшін нақтылы мерзім берілді.Еске салсақ, биылғы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150-ден астам көше жөнделуде. Өтпелі жолдардың барлығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында аббаттандыру жүзеге асуда. Егер өткен жылы 500 алматылық аула жөнделсе, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында тағы 600-ден аса аула жаңарады.Мегаполисте соңғы жылдары 800 км инженерлік желі, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км кәріз желісі, 150 км электр желісі және 32,3 км жылу жүйесі салынды және жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10129?lang=kk
Шымкент қалалық Адвокаттар алқасының құрамы жасақталды 10.04.2025
5 қазанда Оңтүстік Қазақстан облыстық Адвокаттар алқасында Шымкент қаласының Әділет Департаментінің басшысы Тастанов Орынбасар Зайдинович және Түркістан облысының Әділет департаментінің орынбасары М.Исабековтың қатысуымен ОҚО Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде төралқа құрамын сайлау,төрағасын сайлау, Тексеру комиссия мүшелерін (ревизия) және төрағасын сайлау, Әдебі комиссия мүшелерін (этика) және төрағасын сайлау,Тәртіптік комиссия мүшелерін және төрағасын сайлау мәселелері қаралды.Нәтижесінде, Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының төрағасы болып Баймуратов Серик Ширяздинович сайланды. Сондай-ақ, басқа да комиссия мүшелері жасақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10127?lang=kk
Алматыда мегаполистің қалалық инфрақұрылымын жаңарту жалғасуда 10.04.2025
Былтырғы жылдан жалғасып келе жатқан қаланың тарихи орталығын қайта жасау аясында жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев және «Астана» алаңымен қоса Алматының бірқатар даңғылдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.Биылғы жылы Абай, Абылай хан, Назарбаев, Достық, Желтоқсан даңғылдары, Абай алаңы мен «Алматы-2» теміржол вокзалының алды қайта жасалуда. Қазіргі кезде мұнда жүргінші аймақтарын кеңейту, реконструкциялау және жаңа фонтандар салу, кіші пішінді сәулет формалары мен көшенің заманауи жиһаздарын орнату, көлеңкелі кеңістіктерге жапырақты ағаштар отырғызу, бұрынғы жасыл желекті сақтап қалу жұмыстары жүруде.Бұлардан өзге, аталған учаскелерде инженерлік желілер толық ауыстырулда, кеспе тастар төселіп, арықтар, суару жүйелері жаңалануда, нысандардың сыртқы келбеттері өзгеруде. «Қауіпсіз қала» аясында бұрынғы ескі жарықтардың орнына заманауи иодты шырақтар орнатылуда.Реконструкцияланған көшелерге заманауи бағдаршам кешендері қойылады және көше бұрылыстарындағы барлық ескі металл конструкциялар жойылады. Мердігерлік ұйымдар жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын қолданылмайтын конструкцияларды, көптеген діңгектерді, қоршаулар мен заңсыз салынған құрылыстарды алып тастауда.Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында фонтандар мен электр жарықтарын монтаждау басталады. Бұдан өзге, оған жақын орналасқан «Арман» кинотеатрының фасады жаңарып, «Қазақстан» қонақ үйіне түнгі жарық орнатылады. Ал «Алматы-2» теміржол вокзалының маңында қауіпсіздікті ұйымдастыру мақсатында көлік логистикасы түгел қайта қаралып, жасыл желек ұлғаяды.Жалпы, қала көшелерін жөндеу барысында аулаға баратындай етіп жаңа тротуарлар салынады, ал бұл жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін күшейтеді.Дәл осы күні Бауыржан Байбек Алматының тығыз орналасқан аудандарын қамтитын Тимирязев көшесі бойындағы жүрдек автобус дәлізі құрылысының барысын тексерді.Көшелерді реконструкциялаумен қатар мұнда тротуарларды, арықтарды, веложолдарды жөндеу, инженерлік желілерді қайта орналастыру, заңсыз құрылыстар мен қоршауларды алып тастау қатар жүруде. Қозғалыс бөлігіндегі жол-құрылыс жұмыстарын биылғы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Сонымен қатар BRT дәлізінде автомобильдерді болдырмау шаралары жасалуда. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында 160 көшені жөндеу аяқталып қалды, кіші айналма жолда көлік өткізу қабілетін арттыру үшін жаңа үш жол айрығы салынуда, қозғалыс аумағын кеңейту үшін тармвай жолдары алынуда, қаланың сегіз ауданында біржақты қозғалыс ұйымдастырылуда.Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі үңгілеу жұмысымен танысты, ал бұл Сейфуллин даңғылында « Солүстік- Оңтүстік» бғытындағы көлік жүктемесін азайтады.Қазіргі кезде мұнда барлық діңгектерді (бағандар, қабырғалар және басқалары) орнату жұмыстары толық аяқталған, сатылы іргетас қондырғысы жасалуда. Сонымен қатар эстакаданың металл жақтауын, қоршауларды, су құбырларын қайта жасау, қорғаныс қабырғасын салу жұмыстары жүруде.Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150–ден астам көше жаңарды, барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандары абаттандырылуда. Егер өткен жылы 500 аула жөнделсе, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жаңарады.Соңғы жылдары мегаполисте 800 км инженерлік желі, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км канализация, 150 км электер және 32,3 км жылу желілері қайта жасалды, жөнделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10126?lang=kk
Алматының жер асты өтпелі жолдары қалай өзгерді 10.04.2025
Жаңарған жер асты өтпелі жолдарға диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған. Өтпелі жолдардың төбелері арнайы жанбайтын материалдардан жасалған, қабырғалары ашық әдемі суреттермен безендірілген.Мысалы, Абай мен Абылайханның бұрылысындағы жер асты өтпелі жолдың қабырғаларына қазақ ақыны және ағартушы Абай Құнанбаевтың нақылдары жазылған. Республика Сарайына қарсы орналасқан жер асты өтпелі жолдың қабырғасында «Жеті қазына» атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан.«Қауіпсізі қала» бағыты аясында жер асты өтпелі жолға жаңа сипаттағы бірнеше видеокамералар орнатылған. Оларда жүздерді анықтайтын мүмкіндіктер бар әрі аудандық ішкі істер басқармаларының бақылау жүйелеріне қосылған.«Биылғы жылы 160-тан астам көше жөндеуден өтті және 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизациялануда. Тек соңғы жылы ғана 800 километр инженерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстарының қала тұрғындарына жайсыздық тудыруы мүмкін. Мен олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтінемін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталады. Кейін осы құрылыс компаниялары «құрылыс мәдениетін» игеріп, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына білдірмей жүргізетін болады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10037?lang=kk
Жолдарды айырбастады 10.04.2025
Павлодар облысының әкімдігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті автомобиль жолдарымен алмасу туралы меморандум жасасты. Құжатқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек пен Автожолдар комитетінің төрағасы Мереке Пішенбаев қол қойды. Шартта көрсетілгендей, Ленин кентінен Орыс алаңы на дейінгі ұзындығы 272 км жол облыстық коммуналдық меншіктен республикалық меншікке ауыстырылды.– Бұл жол екі елдің арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді, шекарада «Амангелді» өткізу бекеті бар, – деді аймақ басшысы Болат Бақауов. – Бұл трассаны республикалық меншікке аудару өңірдің жол саласын анағұрлым дамытуға және жолдың жабындысын халықаралық стандарттарға сай етуге мүмкіндік береді. Качир мен Михайловка арқылы Ресейге апаратын тас жолды республикалық меншіктен облыстық меншікке аудару өңірдің жол желісін ары қарай дамытуға мүмкіндік береді. Бұрын бұл жол арқылы Новосібір облысына өтуге болатын. Қазір бұл бағытта көлік қатынасы соншалықты тығыз емес.– Соңғы 10 жыл ішінде облыстық меншіктен республикалық меншікке қабылдаған жолдың алғашқысы «Ленин кенті – Үлкен Ақжар – Курчатов» тас жолы еді, – деді Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшысы Мереке Пішенбаев. – Облыстық коммуналдық меншікте болғанда бұл жолдың жағдайы өте нашар еді. Соңғы 5-7 жылдың ішінде біз бұл жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жыл сайын бұл жұмыстарға 2-3 миллиард теңге қаржы жұмсалды.Автомобиль жолдары комитетіндегілер Ленин кентінен Орыс алаңына дейінгі жолды келесі жылдан бастап жөндей бастайтынын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10023?lang=kk
Балалардың қуанышы 10.04.2025
Бұрын Жаяу Мұса көшесі, 4 үй мекенжайы бойынша орналасқан облыстық балалардың психоневрологиялық орталығы Толстой көшесі 143/1 үйде орналасқан кең ғимаратқа көшірілді. Бұған дейін балабақша ғимаратының бір бөлігінде қысылып келген медициналық-әлеуметтік мекеме ендігі жерде аумағы 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын кең әрі жарық ғимаратта жұмыс істейді. Психикалық ауытқулары бар балаларға түрлі қызмет көрсететін орталық 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Алайда, тек 15 жылдан кейін ғана 50-ден астам бала емделетін мекеме бұған дейін бос тұрған кең ғимаратқа көшірілді.Ғимараттың ішінде күндізгі бөлімше, асхана және кір жуу орны қарастырылған. Балаларға үшін арнайы физио және массаж кабинеттері ашылған, – дейді орталық директоры Айман Қосдәулетова. – Сонымен бірге, орталықта тігін, әдіскер, дефектолог және логопед кабинеттері, сенсорлық бөлім, еңбек терапиясы кабинеті мен емдеу-дене шынықтыру мәдениеті залы бар. Біздің мекеме қажет құралдармен толық жабдықталған.Павлодар облысының әкімі орталықтың ұжымын қоныс тойымен құттықтап, мекемеге қажетті қолдау көрсетіледі деп уәде берді. – Орталыққа әкелетін жолды жөндеу керек, – деді ол мекемені аралау кезінде. – Екіншіден, орталықты су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуникацияларды реттеу қажет.Сонымен бірге, аймақ басшысы өнеркәсіптік аймақта орналасқан орталыққа жету мәселесі тез арада шешу керек деді. Қалалық әкімдіктің өкілдері қалалық автобус маршрутына өзгеріс енгізіп, оны орталыққа дейін келетіндей қылу керек деп ұсыныс тастады. Алайда, облыс әкімі анағұрлым ыңғайлы шешім қабылдап, орталыққа жеке автобус бөлу керек екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10019?lang=kk
Алматы әкімшілігі биылғы жылы қоғамдық көліктерді 80% дейін жаңартуды жоспарлауда 10.04.2025
Бүгінде қаланың автобус паркі 1560 автобусты есепке алды. Жыл аяғына дейін Алматы әкімшілігімен жаңа қоғамдық көліктердің үлесін 80% дейін жеткізуді жоспарлап отыр.Еске салсақ, егер өткен жылы 479 автобус шыққан болса, оның 80% жергілікті бюджеттен сатып алынды, ал биылғы жылы 569 автобусты жеткізу жоспарланса, оның 65% - жеке компаниялардан.Жеке тасымалдаушы «Думан Транс» ЖШС-мен №17 бағыт бойынша ISUZU маркасындағы 15 автобус шығарылса, «Олжас ЛТД» ЖШС-мен №62 бағытта қызмет көрсету үшін осыған ұқсас маркалы автобустар сатып алынды. «Талап Т» ЖШС-мен №57 бағытты күшейту үшін Yutong маркалы бес жаңа автобус алынды.Сондай-ақ, тасымалдаушы қатар жағының қызмет көрсету сапасын сөгу жалғасуда, соның ішінде «Green Bus» компаниясына. Жүргізушілер жол жүру бағасын қолма қол алады, сөгеді және қызмет көрсету мәдениеті жоқ. Қала басшысының сөзінше, егер тасымалдаушылар жағынан тәртіпке келтірмейтін болса, онда қала жағынан қолдауды қысқартатын болады.«Біз үшін ең бастысы – сервис. Біз қалалықтардың ықыласын толығымен бағдарлаймыз. Бұл салық төлеушілердің ақшасы, біз әрбір теңгені санауымыз керек. Жақсы сервис жасалынды: адамдар разы, жаңа әрі таза автобустар, жүргізушілер мәдениетті, демек біз субсидия бөліп отырамыз. Қандай да бір белгі орындалмаса – ақшаны алып қоямыз.Үш жыл бұрын жеке компаниялармен жеке қаражатын сенімді инвестициялауға мүмкіндік беретін көлік реформасын бастадық және ашық жүйе құрдық. Біз басында тасымалдаушыларға – заңдастырыңдар, кіріс және шығыстарыңды көрсетіңдер деп айтқан болатынбыз. Міне қазір, мысалға «Думан Транс» компаниясы электрондық билеттендіру жүйесінің арқасында өз қаражаттарын салып, банктен 50% алып отыр. Банк ешқашан анық емес бизнестің дамуына ақша бермес еді», - деп көрсетті Бауыржан Байбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10017?lang=kk
«Нұрлы жер» және «7–20–25»: Б. Сағынтаев Оралда тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты 10.04.2025
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру кезеңдерімен танысу үшін Зашаған кентінде салынып жатқан шағын ауданға барды.Сонымен қатар, Б. Сағынтаев мамандандырылған ХҚКО жұмыс залдарын аралап, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді беру процесін автоматтандыру шараларымен танысты.Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйді тексеру барысында Премьер-Министрге нысан осы жылдың шілде айында пайдалануға берілетіні айтылды. Орал қаласының әкімі М. Мұқаев Мемлекет басшысының жарияланған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары толық көлемде іске асырылып жатқанын атап өтті. 2015–2017 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 159%-ға артты. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, өткен жылы өңірде 3 828 тұрғын үй салынды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38,6% артық. 2017 жылы басталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 9 млрд теңгеге 7 тұрғын үй (1106 пәтер) пайдалануға берілді. Осы жылдың 1 шілдесінде 2 234 тұрғын үй (234,9 мың шаршы метр тұрғын үй) пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 115% тең. Биыл барлығы 415,7 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл шамамен 3,8 мың тұрғын үй.«2018 жылы құрылыс саласына 13 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 43 тұрғын үйдің (6 400 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: мемлекеттік бағдарламалар аясында — 3 200 пәтерге арналған 21 үй, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында — 1 400 пәтерге арналған 10 көпқабатты тұрғын үй, жеке инвестициялар қаражатының есебінен — 1 600 пәтерге арналған 12 көпқабатты тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 80,5 мың м²», — деді Орал қаласының әкімі М. Мұқаев.Сонымен қатар, «7–20–25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының төңірегінде жалпы ауданы 425 гектар болатын «Ақжайық» жаңа шағын ауданын игеру басталды. Мұнда 150 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.Бұдан өзге, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттарына сәйкес, бұзылған апатты және ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салынуда. Осылайша, 2017 жылы Орал қаласында 7 апатты үй құлатылып, олардың орнында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Биыл апатты деп танылған 13 үй құлатылады.Мемлекеттік бағдарламалардан өзге, Оралда жеке көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, тек соңғы үш жылдың өзінде ғана жалпы аумағы 250 мың шаршы метр болатын, 4500 пәтерден тұратын 35 көпқабатты үй салынған. Қазіргі кезде жеке инвесторлар жалпы аумағы 80,5 мың м² болатын 12 тұрғын үй (1600 пәтер) құрылысын жүргізіп жатыр.Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының аясында сонымен қатар қаладағы оқу орындарының жанынан студенттерге арналған 6 жатақхананы салу жоспарланып отыр. Осылайша, 1650 студент тұрғын жаймен қамтылмақ. Қазіргі кезде жер телімдері бөлінген, жобалау жұмыстары атқарылуда.2017 жылы Қазақстанда рекордты тұрғын үйлер саны 11 млн шаршы метр үй пайдалануға берілген. Осылайша, «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 100 мыңнан астам адам жаңа баспанаға ие болды. Биыл 12 млн шаршы метрден астам, яғни 103 мыңнан артық тұрғын үй салу міндеті тұр.Жұмыс сапарының жалғасы ретінде Премьер-Министр Б. Сағынтаев мамандандырылған жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, онда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету әдістерімен танысты. Мамандандырылған ХҚКО директоры М. Басаров айтып өткендей, жұмыс істеген 2 айдың ішінде орталық қызметкерлері 15 мың түрлі қызметтерді көрсеткен.«Қала тұрғындары қызметтерді алудың қолайлы форматына көшті. Көлікті қайта тіркеу мен жүргізуші куәліктерін ауыстыруды олар онлайн-режимде жасай алады. Бұрын аталған қызметтерді алу уақыты шамамен 6 сағат болатын, қазір орталықтың жаңа мүмкіндіктерінің арқасында көлік иелері оған шамамен 90 минут уақыттарын жұмсайды. Күн сайын мамандандырылған ХҚКО-да орта есеппен 350-370 қызмет көрсетіледі. Мамандандырылған ХҚКО-да жыл сайын 70 мыңға жуық автокөлік иелеріне қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда», — деді М. Басаров.Ақпарат көзі: https://primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/10012?lang=kk
Алматыда шағын және орта бизнес субъектілерінің салық түсімдерінің артуы байқалды 10.04.2025
«Бизнестің белсенділігі іскерлік көрсеткішпен шағын және орта бизнестен тек қана 2018 жылдың жеті айындағы қорытындысы бойынша 37 млрд. теңге сомасында бюджетке салық түсімдерінің 6% -ға артуы болып табылады. Бұл үшін жалпы көлемнен ШОБ түсімдерінің бөлігі көрсетілген мерзімде 60%, яғни 661,2 млрд. теңгені құрады», - деді Ілияс Өсеров.Оның сөзінше, жоғары бәсекелестік орта заманауи тұтынушы тарапынан бизнесті тексерудегі талапшылдыққа маңызды байланыс болмақ.«Бұл нарықтық қатынастар үшін қалыпты болып табылатын бәсекеге қабілетсіз субъектілер нарығын шығарудың негізгі факторы. Сондай-ақ, жылдар бойы жеке кәсіпкер мәртебесінде тұрған, бірақ әртүрлі себептермен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған, осы мәртебеден бас тартқан азаматтарға, жеке кәсіпкер есебінен шығару тәртібін жеңілдету және мүмкіндік беру. Жыл басынан бері 2 мың ШОБ жойылды, сондай-ақ белсенді ШОК субъектілерінің 1,3% -ға төмендеуі бизнесті жүргізудің статистикасына әсер етті», - деп атап көрсетті.Сондай-ақ, ол бүгінде ШОБ бөлігінің оң динамикасы қаланың жалпы өңірлік өнімі 34%-дан 38,5% дейін, ал ШОК өнімінің көлемі 9,8% -ға өскенін қоса айтып өтті.«Мемлекет тарапынан бизнесті жан-жақты дамыту мен қолдау мақсатында белсенді шаралар қолданады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда 6,2 млрд. теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстың арқасында 1000 жұмыс орны сақталып қалды, қосымша 500 орын құрылу жоспарлануда. Атқарылған жұмыстар бүгінде шағын және орта бизнес жұмыстарының көрсеткіштерінде оң нәтиже беруде. Қазіргі уақытта 2020 жылға дейін жоспарланған шамалармен салыстырғанда жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемінің ұлғаюы бақыланып отыр. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімді шығарудың көлемі 2020 жылға жоспарланған көрсеткіштен 2,5 есе асып кетеді», - деп сөзін аяқтады Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы.Бүгінгі таңда Алматы елімізде ЖІӨ-нің бесінші бөлігін құрайды. Сонымен бірге, қала экономикасы белсенді дамуда, маңызды экономикалық көрсеткіштердің оңтайлы өсімінен көрінеді. 2018 жылдың 7 айында инвестиция көлемі 21,6%-ға, бөлшек сауда 10,1%-ға, көтерме сауда 0,9%, құрылыс –2,7%, өнеркәсіп – 4,7%-ға өсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/9993?lang=kk
Спорт қалашығы салынады 10.04.2025
Жоба авторларының идеясы бойынша спорт қалашығы «Құлагер» ипподромының жанында орналасады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының барлық талаптарына сай келетін манежде жеңіл атлетика спортының барлық түрлерімен айналысыуға және ірі жарыстар өткізуге болады. Жабық футбол алаңында толық көлемді алаң қарастырылған. Шағын футболға арналған алаң олимпиадалық резерв дайындау орталығының шатырында орналасады.Қазіргі кезде «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС жобаны жүзеге асыруға дайын. Алдын ала есептеу бойынша жоғарыда аталған үш нысанның құны 6,5 миллиард теңгені құрады. Әкімдік пен мердігер ұйым шарт жасасып, құрылыс компаниясының шығындары бюджет есебінен 3-4 жылдың ішінде қайтарылатын болады.– Жеңіл атлетика манежі және олимпиадалық дайындық орталығының ЖСҚ-ы желтоқсан айының ортасына қарай, ал футбол манежінің құжаттары келесі жылдың қаңтар айында сараптамаға берілетін болады, – деді «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС-ің директоры Әлімжан Ысмайылов. – Егер құрылысты 2018 жылдың наурыз айында бастайтын болсақ, үш нысанды да келесі жылыдң соңына дейін аяқтауға болады. Болат Бақауов құралысшыларды асықпауға шақырып, ең бастысы нысандардың құрылысы сапалы жүргізілуі керек екенін атап өтті.– Құрылыс жұмыстарының шынайы мерзімін сақтайық. Бұл нысандарды күннің жылы уақытында ашқан жөн деп санаймын, – деді ол. – Егер, спорт нысандары 2019 жылдың маусым айына дейін салынып бітсе, жақсы болар еді. Сонымен бірге, тұрғындардың спорт қалашығына жету мәселесін қарастыру қажет.Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткен кейін тараптар өзара келісімшарт жасайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/9982?lang=kk
Усолкада жаңа көпір ашылды 10.04.2025
Жаңа көпірдің ұзындығы 87, ені 4 метрді құрайды. Өткелден салмағы 60 тоннаға дейін жүк өткізуге болады. Төрт айдың ішінде салынып біткен көпірдің құрылысына үш бірдей компания қатысты. Олар: «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Павлодар өзен порты» АҚ және «Стальмонтаж» ЖШС. Көпірді құрылысы бюджеттен тыс қаржының есебінен жүргізілді.– Біздің компания жүргізген жұмыстың сапасына кепілдік бере аламын, – дейді «Стальмонтаж» ЖШС-ің атқарушы директоры Вячеслав Вдовыдченко. – Біз 28 бағананы өзен арнасына қадап, олардың үстінен салынған темір белдеулер мен қоршауларды бекіттік. Көпірді дұрыс пайдаланған жағдайда ол 50 жылға дейін шыдас береді.Аймақ басшысы КамАЗ көлігінің руліне отырып, көпірдің сапасын тексеріп көрді. Өткелден өткеннен кейін ол құрылысшылардың жұмысына оң баға берді. Ендігі жерде, павлодарлықтар мен қала қонақтары жаңа көпір арқылы Усолка өзенінің сол жағалауына өте алады. Болашақта бұл жерде биатлон және триатлонға арналған трасса орналасады. Сонымен бірге, өзен алабындағы 15 гектар жерде этноауыл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/9948?lang=kk
«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында пікір алмасты. 10.04.2025
2025 жылғы 18 наурызда Қызылорда облысының Әділет департаменті Әкімшілік бөлімінің басшысы Э. Абдыкаликова, Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Э. Сматова, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Р. Абдразақова, адвокат А. Жусупова, нотариус М. Қосбергеновтің қатысуымен студенттермен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында пікір алмасты. Сонымен қатар, білімді жастар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша сауалнама жүргізіліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды шаралар өткізілді. Студенттерді «Сыбайлас жемқор індет, онымен күресу міндет» қағидасын ұстануға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/959725?lang=kk
Ұлттық киім күніне орай кимешекке арналған көрме өтті 10.04.2025
Бүгін Наурызнама аясында Ұлттық киім күні атап өтілді. Президент жуырда өткен Ұлттық Құрылтайдың отырысында ұлттық киім – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі екенін және оны жан-жақты дәріптеуіміз керектігін ерекше атап өтті.Бұл күнге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Киелі кимешек» атты көрме өтті. Көрмені СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ардагерлер мен жастар тамашалады.Көрмеде этнодизайнер, ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Тілек Сұлтанның туындылары таныстырылды. Шебердің ерекше жұмыстары қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бай палитрасын көрсетті. "Кимешек — бұл тек әйелдер киетін дәстүрлі бас киім ғана емес, қазақ мәдениетінің қасиетті элементі әрі ана символы. Әрбір туынды өзінде көп ғасырлық тарихты сақтап, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін жеткізеді. Көрмені ұйымдастырушыларға қазақ мәдениетін насихаттаудағы айрықша үлесі үшін алғысымды білдірдім. Бұл шығармашылық халқымыздың бай мұрасын сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізбек", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/959655