Әлем
Құрметті аудан тұрғындары! 14.04.2025
Сіздерді барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын, халқымыздың бірлігі мен татулығын, еліміздің тұрақтылығы мен қарқынды дамуын айшықтайтын айтулы мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!Астана – еліміздің әкімшілік және саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар ауқымды реформалар мен оң өзгерістердің, тұрақты дамудың және жасампаз еңбектің жарқын көрінісі. Бас қаланың жетістіктері – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және әрбір адамның өмір сүруі мен өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.Биылғы мерекенің маңызын 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуі одан әрі айқындай түседі. Жаңартылған Ата Заң құқық үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, жауапкершілік және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын нығайтып, мемлекеттің одан әрі дамуының жаңа бағдарын белгілейді. Бұл – қоғамдық келісім мен орнықты дамуға негізделген қуатты әрі заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.Бүгінде еліміз бен ауданымыздың одан әрі өркендеуі әрқайсымыздың адал еңбегімізге, азаматтық жауапкершілігімізге, заңға деген құрметімізге және қоғам өміріне белсенді қатысуымызға тікелей байланысты. Бұл ретте жастарға үлкен үміт артылады. Өйткені елдің ертеңі – білімді, бастамашыл әрі отаншыл жас ұрпақтың қолында.Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел бірлігі мен тұрақтылық тілеймін. Астана күні жаңа жетістіктерге жетелеп, туған еліміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған игі істерге шабыт бере берсін! Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1253816?lang=ru
Кербұлақ ауданының тұрғындарының назарына! 14.04.2025
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 79-тармағын (тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру) орындау үшін, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 3-13 желтоқсанына дейін уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35802?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы 14.04.2025
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына сәйкес, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы №10 мекен-жайында орналасқан Кербұлақ ауданының маслихатының ғимаратында, ағымдағы жылдың 11 қарашасында сағат 16:00 де, Қербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі.Қоғамдық кеңес хатшысы Д. ҚастеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/35006?lang=kk
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 14.04.2025
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысан бойынша Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант алу үшін өтінім (веб-бөлікте орналастырылған: www.industry.gov.kz);2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;3) өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;4) басшының қолымен және өтініш берушінің мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;5) бизнес-жоба;6) көрсетілетін қызметті алушының Бағдарлама және (немесе) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқудан өткендігін растайтын құжаттың ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын көшірмесі;7) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;8) көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адамның паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға растаған).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34998?lang=kk
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі 14.04.2025
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіОрналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Электрондық пошта мекенжайы: upiir@industry.gov.kz;Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558;Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.Конкурс нысаны: ашық конкурс.Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. "5" тамыздан бастап 2019 ж. "16" тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "5" тамыз сағат 9.00 (жергілікті уақытпен)Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "16" тамыз сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.industry.gov.kz сайтында танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34997?lang=kk
Кербұлақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 14.04.2025
24 маусым 2019 жылы Кербұлақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз азаматтарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 198 бос жұмыс орны ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34995?lang=kk
Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 14.04.2025
Хабарландыру!Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (әрі қарай - Басқарма) Кербұлақ ауданы бойынша МКБ басшысының 30.04.2019 ж. №П-20 бұйрығына сәйкес, Басқармада 8/72840/ 31145 нөмірі бойынша сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлайды.Сенім телефоны бойынша азаматтардан келіп түскен заң бұзушылық, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жол берген қылмыстарды жасыру туралы хабарлар қабылданады.Сенім телефонына азаматтардан келіп түсетін хабарларды қабылдау жұмыс уақытында сағат 09-00-ден 18-30 мин. дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34994?lang=kk
Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы 14.04.2025
2019 жылдың 14 ақпаны күні Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.Аламан бәйгеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы сөз алып, шешен-бидің өнегелі өмірі мен тағылымды ой-пікірін көпке үлгі етіп, қатысушы ақындарға шабыт тіледі.Жыр додасына республикаға танымал Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Сыр елінен Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар қатысып, бақ сынады.Аламан бәйгені екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың өнерін бағалау үшін, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы және айтыскер ақын Кенжебай Жүсіповтер қазылық етті.Қазылар алқасының шешімімен аламан айтыстың Бас жүлдесін жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншілесе, I орын – Алматы қаласынан Рүстем Қайыртайұлы, II орын – Шымкент қаласынан Біржан Байтуов, III орын – Тараз қаласынан Аруна Керімбек және Павлодар қаласынан Аспанбек Шұғатаевтарға бұйырды. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар жүлдесі» номинациясымен Орал қаласынан келген жас ақын Райымбек Өтепов марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34966?lang=kk
Жылды қорытындылау және алдағы мақсаттар 14.04.2025
Үстіміздегі жылдың 8 ақпаны күні Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Е.Абдрахмановтың қатысуымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында басқарманың 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2019 жылғы міндеттері талқыланды. Алқа мүшелерімен басқарманың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, бекітуге ұсынылды. Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, алқа төрағасы М.Әбуова, облыстағы музейлер мен архивтердің жұмысы және оларды қосу жолымен оңтайландыру барысы туралы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б.Бекмамбет мен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Н.Қуанышева және Сырдария, Қармақшы аудандарындағы мәдениет саласы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2019 жылға міндеттері туралы тиісті аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары баяндама жасады. Алқа отырысында сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті:- Қазақстан Композиторлар және Журналистер Одағының мүшесі, күйші-композитор, өнер зерттеуші Нұржанов Балтабай Сәрсенбайұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен; - Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Ыханова Құттықыз Шайыққызы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен; - Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары Цой Татьяна Дмитриевна мен Салиева Оразкүл Иярқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен;Сондай-ақ, Сыр өңірінің рухани-мәдени саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін саланың 15 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, 27 қызметкер облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және 31 қызметкер Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34965?lang=kk
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні 14.04.2025
2019 жылдың 21 қарашасында Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» халыққа жақынырақ болу идеясын қолдау мақсатында, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні аясында қала әкімі Қ.Ахметов азаматтарды қабылдады. Барлығы 107 адам жазылды, олардың 95 келді. Жазылған адамдардың көптігіне байланысты, халыққа теледидардан түрлі әлеуметтік роликтерді көріп отыратын ыңғайлы күту залын, сол ғимараттың екінші қабатындағы асханада бауырсақпен ыстық шай мен кофені ұйымдастырдық.Қабылдау барысында түрлі мәселелер қаралды, онда барлық қалалық қызметтердің бірінші басшылары қатысып отырды. Азаматтарға түсіндірулер, заңгерлік кеңестер берілді. Шешімі үшін қосымша уақыт қажет болатын мәселелер бойынша тиісті қызметтерге тапсырма берілді. Азаматтар дені жер, көше жарығы, жол құрылысы, жолаушылар тасымалы, тұрғын үй мәселесін көтерді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34958?lang=kk
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министріне қандай сұрақтар қойылды? 14.04.2025
Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "еститін мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде ұйымдастырылған Азаматтарды бірыңғай ұлттық қабылдау күнінде экология, қоршаған ортаны қорғау мəселесі толғандыратын қазақстандықтарды қабылдады.Азаматтар қойған сауалдардың ішінде мұнай тұнбаларын жою, су қоймаларын тазалау, қорықшылық қызмет жəне басқа да мəселелер бар."Барлық сұрақтарға түсіндірулер беріліп, кейбіреулері бойынша салалық комитеттерге неғұрлым кеңірек жұмыс істеуді тапсырдым. Өңірлердегі қабылдауларды экологиялық департаменттер басшылары жүргізді. Азаматтарды қабылдау тəжірибесі біздің ведомство үшін дəстүрге айналып, еститін мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі болмақ",-деп жазды М. Мырзағалиев твиттерде азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша.Мəселен, Балтабеков Арманды Қазақстанның су қоймаларын биологиялық тазарту бойынша министрліктің қандай іс-шаралар жүргізіп жатқаны қызықтырады. Министр су қоймаларын тазарту қызметі ағымдағы жылы Су ресурстары комитетіне берілгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта су қоймаларындағы төменгі шөгінділерді тазалау іс-шаралары жоспарын құру жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің өңірлеріндегі қабылдауларды экология департаменттерінің басшылары өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/34954?lang=kk
Қызылордада кәсіпкерлер саны артып келеді 14.04.2025
Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси мәлімдеді. «Биыл аймақта жастарды қолдау мақсатында мемлекеттен гранттар беру конкурсын өткізу үшін жиырма бір миллион теңге қаржыландыруға берілді. Конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субьектілері өтінім түсіп, оның 84-і қаржылай қолдау тапты. Соның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлерге тиесілі»,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.Сондай-ақ, бүгін «Байқоңыр Star-UP 3» бизнес-идеялар конкурсы өтеді. Шарада аймақ жастары өз бизнес жоспарларын ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34879?lang=kk
Қызылордада «Fly Arystan» әуе компаниясының тұрақты рейсі ашылды 14.04.2025
«Fly Arystan» әуе компаниясы 2020 жылдан бастап «Алматы–Қызылорда-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытында тұрақты рейсін енгізді. Билет құны 5 999 теңгеден басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. «Қызылорда қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, келер 2020 жылдың наурыз айынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясының рейстері ашылады», – делінген хабарламада. Айта кетейік, рейс жиелігі аптасына 7 рет. Билеттер қаңтар айынан бастап сатылымда болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34878?lang=kk
Шекарашылар қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жолын кесті 14.04.2025
Кеше Петропавл шекара жасағының «Жаңа жол» өткізу пунктінің шекара наряды РФ-дан ҚР-ға «Тойота LC-200» автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылған қару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар «Remington 870 express» қаруы - 1 дана, 366 калибрлі «TG-2» қаруы - 1 дана, 12 калибрдің оқ-дәрілері – 49 дана, 366 калибрдің оқ-дәрілері – 62 дана, магазин – 2 дана, 10х22 калибрлі «Grandpayer Т-10» травматикалық тапаншасы – 1дана, тапаншаның оқ-дәрілері – 18 дана, магазин – 2 дана. Ұсталған азамат табылған заттарымен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды.Қостанай шекара жасағының «Қайрақ» өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға «Ауди» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болды. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.Қорғас шекаралық бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы туған екі ҚР азамат ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін «MONT» маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкеріне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34852?lang=kk
Шекарашылар Бекіре балық аулағандарды құрықтады 14.04.2025
Кеше Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау пунктінде ҚР-дан РФ-ға «Лада» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1964 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында Бекіре балық алып бара жатқанын анықтады.Ұсталған азамат Бөрілі аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.Кеше Жағалау күзеті Ақтау теңіз әскери бөлімінің шекаралық корабльдері Каспий теңізінен «Байда» типтес екі шағын жүзу құралын анықтап, қолға түсірді. Ұсталған жүзу құралдарынан жалпы салмағы 564 кг құрайтын 116 дана тірі Бекіре балығы, 13 000 дана балық аулайтын қармағы бар ұзындығы 26 м калада тәркіленді. Ұсталған тірі бекірелер теңізге жіберілді. Сөйтіп теңіз шекарашылары 142 410 000 теңге сомасындағы шығынның алдын алды.Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34851?lang=kk
Шекарашылар тағы да ірі көлемдегі киік мүйізін шекара арқылы алып өтудің жолын кесті 14.04.2025
2019 жылғы 13 қарашада Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау пунктінде ҚР-дан РФ-ға «Рено» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жалпы салмағы 29 кг жаңа кесілген 128 дана Киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 242 400 000 теңгені құрайды.Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34850?lang=kk
Шекарашылар киіктің мүйізін, қалта телефондар мен копютер тюнерлерін алып өтпек болғандарды құрықтады 14.04.2025
219 жылғы 10 қарашада Орал шекара жасағының «Сырым автомобильдік» шекаралық бақылау пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша ҚР-дан РФ-ға «Крайслер» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1972 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг-ға ажуық жаңа кесілген 348 дана Киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгены құрайды.Қорғас шекара жасағында «ШЫХО» шекаралық бақылау пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу 20 дана компютердің тюнерін алып өтпек болған 1993 жылғы туған және 148 дана ұялы телефон алып өтпек болған 1991 жылғы туған ҚР азаматтары ұсталды. «Алтынкөл» кедендік бекетінің бас маманына тапсырылды.ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34847?lang=kk
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы А. Ашуев Мәскеуде Қазақстанның бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдірудегі жетістіктерін таныстырды 14.04.2025
Ресей Федерациясының астанасында 2019 жылғы 23-25 қазан аралығында PEMPAL Қазынашылық қауымдастығының көшбасшылық тобының, PEMPAL Хатшылығының және Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Орта Азия және Орталық және Шығыс Еуропа 9 елінің, оның ішінде Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Черногория өкілдерінің қатысуымен "мемлекеттік сектордағы Бухгалтерлік есеп және есептілік" тақырыбында халықаралық семинар өтті. Аталған іс-шарада делегацияның жалпы саны 70-тен астам адамды құрады.Мәскеу қаласындағы мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі КС тақырыптық тобының кездесуінің негізгі мақсаты Ресей Федерациясының тәжірибесі негізінде қатысушылардың мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептілік реформаларын іске асыруға байланысты қиындықтарды түсінуі болып табылады. Кездесу сондай-ақ қатысушыларға қатысушы елдердегі мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп пен есептіліктің соңғы реформаларын талқылауға және шоттар жоспарын құруға қатысты білім өнімімен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы А. Ашуев және Комитеттің республикалық бюджет бойынша есептілік басқармасының басшысы Г. Садуақасова қатысты.Семинар барысында қазақстандық делегация Ресей Қаржы министрлігі мен Федералды қазынашылық министрлігінің Мемлекеттік басқару секторындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріндегі соңғы жетістіктерін, сондай-ақ бюджеттік есепті жүргізудің жаңа моделінің құралы ретінде "электрондық бюджет" ақпараттық жүйесін пайдалануды зерделеді.Семинарға қатысушылар "е-Қаржымині" ақпараттық жүйесі негізінде республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік секторда есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті енгізу саласындағы Қазақстанның жоғары жетістіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/34845?lang=kk
Шекарашылар 40 тонна ірі қара малдың терісін, 60 кг Елік етін және 40-тан астам оқ-дәрілерді шекара асырмақ болғандарды құрықтады 14.04.2025
Шекарашылар өткен тәулікте қазақстан-ресей шекарасындағы:- Ақтөбе шекара жасағының «Жайсан» өткізу пунктінде жалпы салмағы 39,5 тонна ірі қара малдың терісін (бағалау құны 3 млн теңге шамасында) заңсыз өткізбек болған екі оқиғаның жолын кесті. Ұсталғандар 1990 және 1971 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтары. Ақтөбе облыстық МКД тапсырылды.- Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» және Павлодар шекара жасағының «Қосақ» өткізу пункттеріндегі тексеру барысында аң аулауға арналған 12 калибрдің жалпы саны 41 оқ-дәрісін алып өтпек болғандар ұсталды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.- Петропавл шекара жасағының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге «УАЗ» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1969 жылы туған РФ азаматы ұсталды. Автокөлігін тексеру кезінде жүксалғыштан 60 кг жуық еліктің еті табылды. Акті жасалып аудандық полиция бөліміне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34844?lang=kk
«Саура» демалыс орнындағы туристік шатырлы лагерь 14.04.2025
Орталық 17-18 маусым күндері аралығында «Саура» демалыс орынына, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының оқушыларына 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды.Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, 2 күндік туристік шатырлы лагерьдің ашылуын өткізіп және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен бірге әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафета» танымдық ойындарына қатысып, теңіз жағасында ұлу қабыршақтарынан естелікке қол таңба қалдырды. Шаттығы мол шуақты күн аясындағы шатырлы лагерімізге барлығы 60 адам қамтылды. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы тазалықты,өмір қауіпсіздігін сақтауды және біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын, осындай шаралардың жиі болуын және жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34843?lang=kk